Литература
1. Лингвистический энциклопедический словарь /Гл. ред. В.Н.Ярцева, М., Советская энциклопедия, 1990, 685с.
2. Уфимцева А.А. Знаковая природа языка // Общее языкознание, М., 1970.
3. Арутюнова Н.Д. Специфика языкознания в связи с закономерностями развития языка // Общее языкознание, М., 1970.
КӨКПАР
Тулежанов Қ. Ә. (Қызылорда)
Біздің ұлттық ойындарымыздың мың жылдық тарихы бар. Аламан бәйге, тоқ бәйге, жорға жарыс, құнан бәйге, көкпар, қызқуу, ат үстіндегі сайыс(аударыспақ ойыны), теңге алу, жамбы ату, қамшыгерлік, саясаткерлік, түйе жары- желмая, қазақша күрес, жекпе-жек, тоғызқұмалақ және тағы басқа спорт түрлері сонау заманнан бері туған халқымызбен бірге жасап келеді.
Ата- бабаларымыз, әсіресе «Аударыспақ», «Теңге ілу», «Көкпар», «Бәйге» сияқты ойындарды ерекше құрметтеген. Солардың ішінде, әрине, көкпардың орны бөлек. «Көкпар» ойынның атауы «көк бөрте» (лақ) сөзінен шыққан.
Көкпар – Орталық Азия халықтары арасында кең тараған ойын түрі. Бұл – шетсіз-шексіз сары далада мал бағып, көшіп-қонып жүрген көшпелілердің нағыз халықтық думаны. Осы ретте этнограф ғалым, марқұм Ақселеу Сейдімбектің : «Көкпар – бұл қазақтың ұлттық ойыны, төл мұрасы, ойынның ең мықтысы. Бұған жүректі жігіттер ғана қатысқан. Көкпар –ата-бабаларымыздың асыл-аманаты. Ол біз барда бізбен бірге мәңгі жасасып, бірге дамып отырады. Әлем спортында футбол, баскетбол, волейбол дегендер бар ғой. Сол сияқты, көкпар деп ат қойып, айдар таққан біздің бабаларымыз», деген сөздері ойға оралады.
Жалпы, көкпар жаппай тарту, дода тарту деген екі түрге бөлінеді. Жаппай тартуда жеке адамдардың қол қайратын, тақым күшін, батылдығын, ептілігін толық көрсетуіне мүмкіндігі бар. Ойынға қатысушылардың жасына шектеу қойылмайды, жаппай тарту деп аталуы да сондықтан. Мұнда әркім лақты өзі иемденуге тырысады.
Көкпар ойынының екі мыңжылдық тарихын төрт кезеңге бөлу дұрыс. Бірінші кезең дәуіріміздің ҮІ-ХҮІІІ ғасырлары аралығын қамтиды. Түрік қағанаты, Дешті қыпшақ, Алтын Орда, Қазақ хандығының даму тұсы ХІІІ ғасырға созылған көшпенділер спортының қалыптасу кезеңі. Екінші кезеңі – Ресей империясының қарамағында бодан болған тұсымыздағы көкпардың дамуы. Толық ХҮІІІ-ХІХ ғасырлар мен ХХ ғасырдың басына дейінгі 217 жыл. Байтал түгіл бас қайғы болған заман. Үшініші кезең –Қазан төңкерісі болған 1917 жылдан Кеңес Одағы тараған 1991 жылға дейінгі аралық. Бұл екі кезеңде көкпардың аты сақталған мен, айтарлықтай дамыды деп айта алмаймыз. Ең соңғы, төртінші кезең- бұл Қазақстан тәуелсіздік алған 1991 жылдың 16 желтоқсанынан бүгінгі күнге дейінгі аралық. Ұлттық ойынымыздың жұлдызы жанып, айы оңынан туа бастаған кезеңі.
1996 жылы алғаш рет Венгрияда ұйымдастырылған әлем шабандоздарының бірінші фестивалі өтті. Міне, осы додада 23 мемлекеттің арасында дара шығып, бас жүлдені қанжығамызға байладық.
Қазір елімізде 12 жылқы зауыты, 19 асыл тұқымды шаруашылық жұмыстары жұмыс істейді. Біздің барлық ойындарымыз, оның ішінде көкпар төрт түліктің төресі-жылқы жануарымен байланысты. Сондықтан да, жылқыға деген көзқарасты түбегейлі өзгерту керек. Қазақстанда жылқы шаруашылығын дамытуға арналған арнаулы бағдарлама қабылданғаны жөн. Бұл жерде, ең бастысы, Қазанатты түлету керек. Өйткені, қазанат- қазақтың қазынасы, халқымыздың қорғаны, айбыны, заманында ел қорғаған батырларымыздың сенімді серігі, қолғанаты болған. Біз Қазанатты түлетсек , бүкіл әлемді өзімізге қаратар едік.
Әдебиеттер
1. Интерент желісі
2. «Егемен Қазақстан»
3. Қазақтың ұлттық ойындары
Достарыңызбен бөлісу: |