Мақсаты: Оқушы шығармашылығын дамытуда оқушыны жеке тұлға ретінде қалыптастырып, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
Міндеті:Оқушы қабілеті мен әрекетін дамыту, шығармашылықпен жұмыс істеуге үйрету, шығармашылық жұмыстар жүргізе отырып, ізденімпаздықпен іскерлігін жетілдіру. Шығармашылыққа арналған тапсырмалар арқылы балалардың қызығушылығын, тапқырлық, ұстамдылық әрекеттерін, ойын ұштай келе, қиялын дамытып, баланы өз бетімен жұмыс істеуге икемдеу.
Жұмысты жүргізу әдістері:
Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін қалыптастырудың дидактикалық әдістері:
Стрела әдісі:Әртүрлі тапсырмалар беру, диолог, шағын әңгіме құрастыру оқушының танымдық білімін толықтыру.
Бумеранг әдісі: Рольдік ойындар құрастыру, іскерлік ойындар ұйымдастыру, оқушының зейін- зердесін танымдық мәнге аудару.
Лоскутная:Жоғарғы сынып оқушылармен әр түрлі тақырыпта жарнамалық роликтер ұйымдастыру.
Бейне диктант:Оқушы орфографиялық, грамматикалық қатесіз жазуға өз бетімен жеке жұмыс істеуге талпындыру.
Ынталандыру және әсерлендіру әдісі:Сөз қолданыстағы жауапкершілікті сезіну. Аудиовизуалдық танымды меңгеріп, оны тұтына білуге жаттығу, сөздіктерді пайдалана білу.
Оқытудағы практикалық әдістер:Мәтінді рөлдерге бөліп оқу, диолог. мәтін бойынша пікірлесу. Өзіндік таным түсінігін айтып беруге жаттығу. Сөздіктерді пайдалана білу.
Сыныптан тыс -жұмыстарды өткізу әдістері:Үйірмелер, кездесулер, конкурстар, конференция, олимпиадаларды ұйымдастыру.
Оқытудағы индуктивтік және дедуктивтік әдістері:Дараны жалпыға, жалпыны дараға келтіріп талдауды оқушының қызығушылығына үйлесімді болуына мән бере отырып жүргізу.
Проблеманы оқушыға шешкізу, оларды өздігінен ізденуге бағдарлау:Оқушыны өздігінен ізденіп, өздігінен ойлантып пайымдау жасату, зерттеушілік тұрғыдағы ой тұжырымдамасын жасай білуге бейімдеу.
Оқытудағы белсенділік және интенсивтік әдістер:Техникалық пайдалану, түрлі ойындар мен шығармашылыққа бейімдеу, интенсивтендіруде суггестиялық жолды жүзеге асыру.
Егеменді еліміздің ең басты мақсаты өркениетті елдер қатарына көтерілу болса, ол өркениетке жетуде жан-жақты дамыған, рухани бай тұлғаның алатын орны ерекше. Қазіргі білім берудің басты мақсаты да сол жан-жақты дамыған, рухани бай жеке тұлға қалыптастыру болып отыр. Жеке тұлғаны дамытып қалыптастыру үшін олардың өзгермелі әрекеттерін айналадағы нақты құбылыстар мен таныс объектілерді зерттеумен байланыстырудың маңызы зор.
Зерттеу–ғылыми әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, белгілі бір объект жөнінде жаңа білім қалыптастырумен аяқталатын жүйелі және арнайы мақсатқа көзделген объектімен танысу. Танымдық әрекет оқушы үшін еске түсіру мен өзгерту бағытында болуы мүмкін. Оқушылардың өзгерту таным әрекеті «зерттеу» деп аталатын тәсіл арқылы жүзеге асырылады. Интеллектуалдық және шығармашылық қабілеті жоғары дамыған балалардың өз бетімен білім алу мүмкіндігі болуы тиіс. Яғни мұндай оқытуды бала өзі басқарады, өзі анықтайды, өзі жүзеге асырады. Оқушының өзіндік зерттеу әрекеті оның өзіндік талабын қанағаттандыруға ықпал етеді. Оқушылар қоршаған ортамен таныса отырып, өзіндік зерттеу әрекетінің көмегімен жаңа білімді дайын күйінде емес, өзі ашады. Баланың жүріс-тұрысындағы әрекеттер процесінде оның тұлғалық қасиеттері қалыптасады. Тұлғаның қасиеті, жүріс-тұрысы қоғамдық қатынастармен, жалпы адамзаттың құндылықтарымен бірге қарастырылады. Сонымен қатар әрбір адам ортасына деген көзқарасы мен әрекетіне қарай бір-бірінен өзгешеленеді.Адамның айналасын танып білуде жануардан айырмашылығы ортаға бейімделуінде емес,оған шығармашылықпен қарауында. Шығармашылық-зерттеу тәртібінің маңызды сиппаттамасы. Шығармашылық зерттеушілік ізденіс адам үшін екі түрлі көзқараспен маңызды: бір жағынан, жаңа өмірге қол жеткізуінде,екінші жағынан ізденіс процесінің мәнділігінде.Адам шығармашылық нәтижесінде ғана қанағаттанып қоймай, шығармашылық пен зерттеу ізденушілігінің өзінен де ләззәт алуға қабілетті.
Зерттеу мен дағдысы ғылыммен ғана айналысатын адамдарға ғана емес, сондай‑ақ әр адамның түрлі саладағы қызметіне қажет. Шығармашылық ізденушілік кез келген кәсіппен тікелей байланысты. Зерттеу ісі қазіргі кезде аясы тар мамандандырылған қызмет емес, сондай-ақ бүгінгі заман адамының өмір сүру тәсіліне енген, кәсіби шеберлігін танытуда өзіндік көзқарасына сәйкес қызмет болып табылады. Бұл пікірді Абайдың жетінші қара сөзіндегі:«Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады: біріншісі-ішсем, жесем, ұйықтасам» деп туады. Екіншісі-көрсем, білсем деп, ержетіңкірегенде ит үрсе де, мал шуласа да, ол неге үйтеді,бұл неге бүйтеді деп, көзі көрген, құлағы естігеннің бәрін, тыныштық көрмейді,- деген ой-тұжырымды растайды.
Шығамаршылық‑зерттеу тәртібінің маңызды сипаттамасы.Шығармашылық зерттеушілік ізденіс адам үшін екі түрлі көзқараспен маңызды: бір жағынан, жаңа өнімге қол жеткізуінде,екінші жағынан,ізденіс процесінің мәнділігінде. Адам шығармашылық нәтижесінде ғана қанағаттанып қоймай, шығармашылық пен зерттеу ізденушілігінің өзінен де ләззәт алуға қабілетті. Елімізде шығармашылықтың дамуы туралы арнайы зерттеп жұмыстарын жазған психолог-ғалымдар Т.Тәжібаев, Ж.Аймауытов, Қ.Рахымбаева, С.Бердібаева, Б.Тұрғынбаева еңбектерін атап өтуге болады.
Л.Выготский «Шығармашылық деп жаңалық ойлап табатын іс- әрекетті атаған». Ал шығармашылық мәселесін терең зерттеген Я.Понамеров оны даму ұғымымен қатар қояды.Шығармашылық сөзінің түп төркініне орыс ғалым М.Поташник былай анықтама береді:
жаңа өнім жасау немесе бұрынғы өнімді жаңалап жетілдіру;
іс-әрекеттегі қайталанбайтын, өзгеде жоқ, нәтижелі өнім.
Шығармашылық – бүкіл болмыстың, қозғалыстың дамудың, бір сөзбен айтқанда, тіршілік көзі.Қазіргі педагогика ғылымында оқушы шығармашылығына бағыт-бағдар беру мәселесі кеңінен көтерілуде.Оқушы шығармашылығын дамытудың қажеттілігі қоғам талабынан туындайды.
Адам баласының сөйлей бастаған кезінен бастап, бүгінгі күнге дейін жеткен жетістіктері шығармашылықтың нәтижесі.Бұған бүкіл халықтық және жеке адамның шығармашылығы арқылы жеттік.Әр жаңа ұрпақ өзіне дейінгі ұрпақтың қол жеткізген жетістіктерін меңгеріп қана қоймай, өз іс-әрекетінде сол жетістіктерді жаңа жағдайға бейімдей, жетілдіре отырып, барлық салада таңғажайып табыстарға ие болады. Баланың шығармашылық қабілеттерін дамытудың жолдарын, құралдарын анықтау психология мен педагогика ғылымдарында да зеріттеліп келеді. Шығармашылық педагогикасының мақсаты-бүгінгі күн талаптарынан туындаған, озық қоғамға лайықты жаңа сана, рухани сапа қалыптастыру және дамытуда тың жолдармен жаңа шешімдер іздестіру болып табылады. Баланың шығармашылық қабілетін дамыту мәселесін таңдау ең алдымен «қабілет»ұғымының мәнін терең түсініп алуды қажет етеді. Қабілеттің екі түрі бар:
Репродуктивті-іс- әрекетті, білім берілген үлгі бойынша қабылдай алу деңгейі.
Шығармашылық- жаңалық ойлап табуға бағытталған қабілеттер деңгейі. «Шығармашылық» сөзінің төркіні «шығару», «ойлап табу»дегенді білдіреді.демек, жаңа нәрсе ойлап табу, сол арқылы жетістікке қол жеткізу деп түсіну керек.Ол үшін мұғалімнің өзі де шығармашылықпен тұрақты айналысып, дәуір көшінің өзгерістеріне ілесе алатын болуы тиіс десек, мұғалім – бақылаушы емес, бағалаушыда емес, танымдық іс- әрекетін ұйымдастыратын шығармашылық істердің ұйытқысы.
Тілдерді меңгеруде оқушылар сөздерді, сөз тіркестерін ауызша, жазбаша дұрыс қолданып, ерекше дыбыстарды меңгермейінше ағылшын тілінде дұрыс сөйлеу, салауатты жазу мүмкін емес. Сондықтан жазба жұмысын барлық сыныптарда үнемі өткізіп отырған тиімді.
Жалпы білім беретін мектептерде5 сыныптан бастап диктант түрлерін, жазба жұмыстарын өткізуге болады.
Әріп диктанты 5 сыныптарда өткізіледі. Мақсаты-ағылшын тілінің дыбыстары мен әріптерін дұрыс меңгеріп, олардың бір-бірінен айырмашылықтарын, ұқсастықтарын білдіру. Бұл диктант түрі оқушылардың сауатын ашумен қатар олардың есте сақтау қабілетін дамытады әрі оқушы каллиграфиясының қалыптасуына әсерін тигізеді.
Мұғалім басқа оқушылар өлең жаттау керек болса, ол оны есіне сақтап жазады немесе сурет қылып салып береді,дыбыстарды көрсетіп, карточкалар жасайды, ұнатқан суретін салады да, сол бойынша әңгіме құрастырады, өзі сөзжұмбақ жасайды, берген сөзжұмбақты шешеді, бөлек дайындалған карточкалармен жұмыс істейді.
Орта буынға келгенде, қабілетті дарынды оқушылар сабақтағы жұмыстарға қанағаттанбайды. Осы кезден бастап қосымша сабақтар өткіземін, баланың қабілетін танытуға мүмкіндік туады. 45 минутта қалай үлгеремін демей, жеке өзімен аптасына қосымша сабақ жүргіземін, әр уақытқа оқушыдан бөлемін, себебі екеуіне сөйлесуге мүмкіндік туады, бірінің қатесін бірі тауып, толықтырып, түсіндіріп отырады, бір-бірімен жарысып, бір деңгейде болуға тырысады. Бұл жастағы балалар өз мүмкіндіктеріне қарай шығармашылық жұмыстармен айналыса бастайды. Мен көбіне-көп оқушылардың өздеріне орындауға мүмкіндік беремін,келесі сабақта қатесін тауып,қосымша ойлармен толықтырып, әңгімелеп береді, шағын мазмұндамалар жаздырамын. Осындай қосымша сабаққа қатысатын оқушылар мектептегі жарыстарға, апталықтарға белсене араласып ұйытқы бола алады. Оқушы алдына оқу мақсаттарын қоюда ешқандай дайын үлгі берілмейді. Мақсатты шешу іштей талқылау, сосын жинақтау арқылы жүзеге асады. Мұғалім сабақ процесін ұйымдастырушы, бағыттаушы адам ролінде. Шешім табылған кезде әркім оның дұрыстығын өзінше дәлелдей білуге үйретіледі.Әр оқушыға өз ойын, пікірін айтуға мүмкіндік беріледі, жауаптар тыңдалады. Әрине, жауаптар барлық жағдайда дұрыс бола бермес. Дегенмен әр бала жасаған еңбегінің нәтижесімен бөлісіп дәлелдеуге талпыныс жасайды, жеке тәжрибесін қорытындылауға үйренеді. Қойылатын сұрақтар проблемалы ойлауды, пайымдауды қажет ететіндей етіп беріледі, оқушы да ондай сұраққа өз ойын, өз пікірін білдіре жауап беруге дағдыланады. Бұл сабақтарда жаңа материалды талдауға зор көңіл бөлінеді. Өйткені талданбаған шығарма бала жүрегіне жетпейді деп есептеледі. Талдау – бірлескен ізденіс. Ізденіс барысында әр баланың көңіл күйін бақылауға, ой-пікірін байқауға мүмкіндік алады, интеллект деңгейін анықтай алады. Әсіресе оқу сабақтарындағы материалды талдау арқылы шығарманың айтар ойы, идеясы бала жүрегіне жетіп, талдаулар арқылы ар, ұят, қайырымдылық, әдептілік т.б. сияқты тамаша адамгершілік қасиеттер бойына жұғысты болады. Сабақтың әрекет теориясына сәйкес ұйымдастырылуы-баланың жеке басын дамытудың басты кепілі. Ол үшін мұғалім мына қағидаларды есінде ұстауы қажет:
баланың бойындағы құмарлығын, қызығушылығын жойып алмай, оның үнемі алға жылжуға деген талап-тілектерін сұраныс пен мұқтаждарын ескеру, шығармашылығын жетілдіру;
білімді өз бетінше іздену арқылы алуға қолайлы жағдай жасау;
Шығармашылық жұмыс жасау жеке тұлғаны қалыптастыруда зор үлес атқарады. Себебі, оқушы қарапайым нәрседен ой тұтатып, қиял әлеміне шомылып, кез-келген нәрсені еркін айтып, ойын жаза да, айта да біледі. Шығармашылық жұмыс өткізудегі күтілетін нәтиже:
Тіл байлығы, сөздік қоры молайып, сөйлеу мәдениеті қалыптасады;
Жеке тұлға өз жұмісінің нәтижесін көре алады;
Танымдық ізденістерін тиімді ұйымдастыруға жол ашады;
Ой-өрісі дамиды;
Шығармашылық жұмыспен шұғылдануға машықтанады.
Қорыта келгенде, шығармашылық тұлға басқалардан өз ісіне деген сенімділігін, әдемілікті сезіне білуімен, өзгеше шабытымен ерекшеленеді. Шығармашылық қабілеттерін дамыту ісін неғұрлым ерте қолға алып, әр оқушының қол жеткен нәтижелері мен даму дәрежесіне үнемі қарайлап отырсақ, шығармашылыққа өз үлестерін қосары сөзсіз. Оқушылардың шығармашылығын, ізденушілігін дамытып, әрқайсысына жеке тұлға ретінде қарап, олардың өздеріне деген сенімін, білімге деген ынтасын арттырамын. Эксперимент-зерттеудің алғашқы кезеңінде жоғары деңгейде болса, зерттеуден кейін бақылау топтарында айтарлықтай өзгерістер, оқушылардың логикалық ойлауға машықтануы, шығармашылық жұмыстармен айналысуы, пәнге деген қызығушылығы, берілген тапсырманың мақсаты мен мәнін анықтай білуі, өз бетімен жұмыс жасауға ынтасы осындай жұмыстардың нәтижесінде көтеріліп отырды.
«Болашақтың баласында, данасында, ғалымында ұстаз өсіреді» деген Б.Момышұлының қанатты сөзімен аяқтағым келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |