Оқытудағы инновациялық технология – білім берудің жаңа сапасымен қамтамасыз етудің кепілі



бет355/668
Дата24.04.2022
өлшемі5,4 Mb.
#32069
1   ...   351   352   353   354   355   356   357   358   ...   668
Әдебиеттер

1. Қазақстан мектебі-3-2010ж.

2. Қазақстан мектебі-6-2010ж.

3. Қазақстан мектебі-7-2010ж.

4. Қазақстан мектебі-7-2013ж.

ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫҢ ИНТЕЛЕКТУАЛДЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ӘЛЕУЕТІ-ФИЗИКА ПӘНІҢ ТЕРЕҢДЕТІП ОҚЫТУДА,САПАЛЫҚ ЕСЕПТЕРДІ ШЫҒАРУ АРҚЫЛЫ, ДАРЫНДЫЛЫҚТЫ ДАМЫТУДЫҢ НЕГІЗГІ ӨЗЕГІ
Тлесова Б.Н .
Жаңа адамды,болашақ қоғам адамын рухани,интелектуалдық жағынан дамыта тәрбиелеу ісі бүгінгі уақыттың күн тәртібіне айрықша қойылған мәселе. Н.Назарбаевтың «Ғасырлар тоғысында» атты ғылыми теориялық еңбегінде жаңа қоғамды құрушылар қандай болу керек, қандай азаматты тәрбиелеу керек деген мәселеге зор көңіл бөліп ,оған ғылыми дәйекті жауап іздестірілген.

Мектептегі білім беру жүйесіндегі тәрбиенің мақсаты –оқушы-жастарды бәсекелестікке бейім, экономикалық ойлау қабілеті жетілген, жан-жақты мәдениетті, адамзат баласы жасаған құндылық атаулыны білім, білік дағдыларымен меңгере алатын, әр түрлі мамандықты игеруге бейім, икемделген тұлғаны тәрбиелеу және ақыл-ойды және адамилық қасиеттерді қалыптастыру.Ақыл-ойдың қалыптасуы – адамның интелектуалды дамуы. Адамдық қасиеттердің қалыптасуы тәрбиеге байланысты.Осы мақсатқа жету жолында тер төгіп жүрген әрбір педагог білім мен тәрбие беруді бір-бірінен бөліп қарау мүмкін емес екенін жақсы біледі. Біздің ұлы бабамыз - Әбу Насыр әл-Фараби тәрбиелей оқытудың негізін қалаған. Ол тәрбие мен білім «Жас ұрпақтың қос қанаты» деп атады.

Мұғалімдер балаларға білімдер жиынтығын беріп қана қоймай, олрды өмір бойы үйренуге үйрету керек. Бүгінгі Қазақстанға қалыптан тыс ойлай алатын, шұғыл шешім қабылдай білетін, белсенді, шығармашыл адамдар қажет. Сондықтан білімдік мақсаттарды шешіп қоймай балалардың жеке қасиеттерін,қабілеттерін дамытудың жолдарын қарастырған жөн.Ол үшін сабақтарда ойын-есептер, тапсырмалар,сапалы эксперименттік есептер, логикалық жаттығулар пайдаланудың мәні зор. Осы жұмыстар негізінде оқушының жеке ерекшелігі айқындалады.Оқушы бойынан мына көрсеткіштерді байқауға болады:

- Қоршаған ортадағы құбылыстармен обьектілерге және іс-әрекет сипатына қарай таңдамалы қатынас.

- Білім алуға және меңгеруге тырысу.

- Таным үрдісі мен танымдық іс-әрекеттің эмоционалдық көрінуі.

- Бос уақытын пайдалана білу сипаты.

-Танымдық белсенділіктің жалпы сипаты.

Осы көрсеткіштерден кейін оқушыға психологиялық зерттеу жүргізіледі.Пән мұғалімі психолог мамандармен бірлесе отырып оқушы дарындылығы айқындалады.

Оқытудың жаңа әдіс – тәсілдерін пайдалану, үйлесімді тәжірибе ғана мұғалімді табысқа жетелеп, теориялық білімін шыңдай түседі. Ең қиыны оқытудың бүкіл әдіс-тәсілдерін белгілі ізге салу. Адамгершілігі жетерлік сауатты, білімді мұғалім өзінің әрбір сөзіне, сөйлеміне,сырт көрінісіне талғаммен қарап,шәкірттерге де талап қойып, үйретуден жалықпай, түсінбей қалса, оларды кінәламай, сабырлылықпен сөйлеп, оқытумен бірге тәрбие беріп отыру негізінде мақсатқа жете алады.

Оқуту әдістерінің сабақ түрлерінің молдығы,оқушылардың оқу процесінің элементтеріне ретімен, жүйелі аралысып отыруы ,оларды шебер пайдалану әрбір пәнді оқыту процесінің тиімді болуының аса маңызды шарттарының бірі. Сабақтың алдында мынадай міндеттер тұрады:

-оқушыларға терең білім беру, іскерліктері мен дағдыларын жетілдіріп, қалыптастыру.

-өз бетінше оқуға үйрету, шығармашылық қабілетін дамыту, оқуына талдау жасау, алған білімді практикада қолдана білуге баулу, ойын дамыту, оқуға, білімге деген көзқарасын қалыптастыру, жүйелі оқудың қажеттілігін ұғындыру.Ең басты мақсат –оқушының сабақта үндемей отырмауын қадағалап, сабақты баяу қабылдайтын, түсінбейтін балалардан жиі сұрап,көбірек қозғап отыру керек.

Мұғалім қандай әдіс-тәсілдер қолданса да, оқушыларды түгел қамтуға, бей-жай күйде отыруға мүмкіндік бермеуге тиіс.Қазір әрбір сабақты өткізу кезінде оқушыларға шығармашылықпен білім беру жолға қойылып отыр. Сондықтан да қай материалды болса да оқып-үйренген кезде, осы материалға байланысты оның техникада,ауыл шаруашылығында, транспорта, күнделікті өмірде практикалық қолданылуын көрсетуге тырысу керек. Осыған орай өзім сабақ беретін сыныптарда физика пәні бойынша сабақтың жаңа әдіс-тәсілдерін сыныптың ерекшелігіне, білім деңгейіне байланысты жиі пайдалануды қолға алып, теориялық білімді практикамен ұштастыруды іс жүзіне асырып жүрмін.

Физикадағы сапалық есептерді шешуде, мәселе физикалық құбылыстардың сапалық жағына байланысты қойылады. Есеп физикалық заңдылықтарға негізделінетін ой қорыту,графиктік немесе эксперименттік жолымен шешіледі. Сапалық есепте сұраққа жауап беру үшін оқушы физикадан алған білімдерін және есептің мазмұның талдай отырып жауап береді.Есепті шығаруда математикалық әдістер қолданылмайды. Сапалық есептерді шығару кезінде есептеулердің болмауы оқушылардың назарын физикалық мәніне аударуға мүмкіндік береді.

Сапалық есептерді шешуде физикалық құбылыстың,заңдылықтың болмысына талдау жасалынады. Егерде оқушы сапалық есепті дұрыс шешсе,онда оның материалды дұрыс дұрыс түсінгендігін көрсетеді.

Сапалық есептерді шығару сабақтың сапасын арттыруға алған теориялық білімдерін, табиғат құбылыстары мен күнделікті тұрмыста қолдана білуге үйретеді,оқушылардың техникалық ой-өрісін кеңітіп практикалық қызметке дайындайды.

Қарапайым сапалық есептер-ойды, зейінді қызықтырып әкететін тартымды есептер. Әсіресе 7-8 сыныптарда физиканы жаңа бастағанда сапалық есептерді көбірек шығартса, оқушылардың пәнге деген қызығушылығы артады. Сапалақ есептер оқушыларды әртүрлі ой әрекетіне: салыстыруға, жалпылауға, талдауға, синтездеуге үйретеді.

Мысалы:

№1

Ұшақпен ұшқанда, кемемен жүзгенде, таксимен және пойызбен жүргенде жол ақысын не үшін төлейміз: жүрілген жол әлде орын ауыстырғанымыз үшін бе?



№2

Әткеншек тебуші балалар қозғалысының траекториясының формасы қандай?

№3

Неліктен металды пісіру үшін өте жоғары температура керек болады?



№4

Шөмеледегі пішенді тюк жасап пірестегенде оның массасы өзгерді ме?

№5

Аяқты қағып, бәтеңкеден қарды немесе батпақты түсіре алатынымыз неліктен?



№6

Неліктен жаңбыр тамшылары киімді сілкігенде ұшып түседі?

№7

Теңіз кемесінің асханасында стол бетіндегі крахмалданған дастарқанды кеме шайқалған кезде әдейі дымқылдаған. Неліктен бұлай жасаған?



№8

Автомашиналардың доңғалақтарын неліктен бедерлі етіп жасайды?

№9

Қолмен тіккен кезде неліктен бармаққа оймақ киеді?



№10

Жүзгіш судан басын шығарған кезде шашы жабысып қалады. Неліктен?

№11

Қайықтардың түбіне, темір жол шпалдарына неліктен шайыр (смола) жағады?



№12

Неліктен сорпаның майы бетінде орналасады?

№13

Ең қарапайым тәсілмен кілегейді сүттен қалай айыруға болады? Қайсысы ауыр: бір стақан сүт пе немесе бір стақан кілегей ме?



№14

Бір бөлмедегі тасты еден ағаш еденге қарағанда неге суық?

№15

Үтіктің ішкі жағынан сыртқы бетіне жылу қалай беріледі?



№16

Терезенің тазалаған әйнегі күн сәулесінің әсерінен неліктен қызбайды ,ал кір, күйе әйнек неге жылынады?

№17 Үкен ыдыспен погребке қойылған су жемістерді үсуден сақтайды,неліктен?

№18


Шөл далаға қарағанда, саз батпақты жерде ыстыққа шыдау неге қиын?

№19


Тамақты немесе тісті емдегенде, дәрігер емделушінің аузына айна салып қарайды .Осы айна алдын ала неге қыздырылады? Оны шамамен қандай температураға дейін қыздырады?

№20


Бензовоздың кабинасында мынадай жазу бар: «жанармайды құю және ағызу кезінде міндетті түрде жерлестіріңдер» неге бұл ережені сақтау керек?

№21


Жанып жатқан керосинді неге сумен құйып сөндіруге болмайды?

Жауабы: Денелердің жүзу шарты бойынша егер дененің тығыздығы сұйықтың тығыздығынан аз болса, онда дене бетіне қалқып шығады.Керосиннің тығыздығы аз болғандықтан су бетіне қалқып шығып жана береді.

№22

Ай жарық көзі бола ма? Неліктен?



№23

Құлақ ,мұрын,тамақ емдейтін дәрігерлердің маңдайында қандай айна болады және ол не үшін керек ? Неліктен бұл айнаның ортасында тесік бар?

№24

Күннің шығуы мен батуы кезінде оның дискісінің сопақтану себебі неде?



№25

Неліктен батып бара жатқан Күн қызыл болып көрінеді?

№26

Бір көзбен қарап ,инеге жіп сабақтау қиын. Неліктен?



№27

Су бетіндегі аспанның,жағалаудың бейнелері неліктен әрқашан нақты түрінен күңгірттеу болып көрінеді?

№28

Неліктен суға батырылған саусақтар қысқа болып көрінеді?



№29

Жақсы тазаланған аяқ киімнің жылтырауын немен түсіндіресіңдер?

№30

Аңшылар аңды көздеп атарда неліктен бір көзін жұмады?





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   351   352   353   354   355   356   357   358   ...   668




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет