Оқытудағы инновациялық технология – білім берудің жаңа сапасымен қамтамасыз етудің кепілі



бет393/668
Дата24.04.2022
өлшемі5,4 Mb.
#32069
1   ...   389   390   391   392   393   394   395   396   ...   668
Байланысты:
0af59d8244807d5f4ebcfd2f93068a1d

Әдебиеттер

  1. Иманбаева А. – Оқу-тәрбие үрдісін ақпараттандыру ділгірлігі. Қазақстан мектебі №2 2000 ж.

  2. Мұхамеджанова С.Т., Жартынова Ж.Ә. -Интерактивті жабдықтармен жұмыс жасаудың әдіс-тәсілдері. Алматы 2008ж.

  3. Рысбаева Г.Қ., Ерназарова З.Ш., Есеналиева Ж.Ж. – Қазақ тілі пәні бойынша электрондық оқулық. Алматы 2001ж.

  4. Рысбаева Г.Қ. – Электрондық оқулықтардың тиімділігі. Алматы 2004 ж.



ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ САБАҒЫНДА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ
Байжанова М. С. (Қызылорда)
«Білім біліктілікке жеткізер баспалдақ, ол біліктік

сол білімді іске асыру дағдысы»

(Ахмет Байтұрсынов)
Жас ұрпаққа саналы білім беру үшін мұғалімдер қауымдастығының қосатын үлесі зор. Ал білім мен тәрбие негізі тіл арқылы беріледі. Елбасы Н. Ә. Назарбаев атап көрсеткендей, Қазақстанның болашағы қазақ тілінің дамуына, тағдырына тікелей байланысты. Сондықтан да мемлекеттік тілдің оқытылу жағдайына көп көңіл бөлініп отыр.

Жаңа нәтижеге бағытталған білім – инновациялық білім.Инновациялық білім беру – іскерліктің жаңа түрі. Инновациялық қызмет оқу ісін дамытуға, пәндердің мәнін тереңдетуге, оқытушының кәсіптік шеберлігін арттыруға басқа жаңа технологияларды енгізуге, пайдалануға және шығармашылық жұмыстар жүргізуге бағытталған. Мұндай технологияларды қолдану – біріншіден, оқытушы ұтады, яғни ол сабақты тиімді ұйымдастыруға көмектеседі, оқушының пәнге деген қызығушылығы артады, екіншіден, оқушы ұтады, себебі оның тақырып бойынша танымы кеңейеді. Осылайша білім берудің қалыптасқан әдістемесіне оқытудың жаңа технологиясы тұрғысынан өзгерістер енгізілсе, білім сапасы да арта түспек.Яғни орыс педагогі К. Д. Ушинский айтқандай, қазіргі заман талабына сай, әр мұғалім өз білімін жетілдіріп, ескі бірсарынды сабақтардан гөрі, жаңа талапқа сай инновациялық технологияларды өз сабақтарында күнделікті пайдаланса, сабақ тартымды да, мәнді, қонымды болары сөзсіз деген пікірмен толықтай келісуге болады.

Бүгінгі күні Қазақстанда білім берудің өзіндік ұлттық үлгісі қалыптасуда. Педагогика ғылымында баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын шығаруға ұмтылыс көбеюде.[1] Инновациялық үрдістің негізі - жаңалықтарды қалыптастыру, қолдану, жүзеге асырудың тұтастық қызметі. Кез келген жаңа әдіс жекелік, сондай-ақ уақытша жоспарға жатады. Бұл яғни, бір мұғалім үшін табылған жаңа әдіс, жаңалық басқа мұғалім үшін өтілген материал тәрізді. Инновация білім деңгейінің көтерілуіне жағдай туғызады. Кейінгі кезеңде ғалымдар өз зерттеулерінде оқу-тәрбие ісіне жаңалықтарды енгізіп, тарату мәселесін қарастырады. [2]

Мемлекеттік білім стаңдарты деңгейінде оқыту үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияны ендіруді міндеттейді. Ал жаңа педагогикалық технологияның түрі, қолдану ерекшелігі, одан туындайтын ділгір мәселелер бүгінгі таңда әлі нақтыланып белгілі бір жүйеге түспеген дүние.Жаңа педагогикалық технологиялар оқушының шығармашылық қабілеттерін арттыруға өз үлесін қосады.

Жаңа технологияны қолдану оқып үйрену, меңгеру, өмірге ендіру, дамыту кезеңдері арқылы іске асады.Жаңа технологиялардың педагогикалық негізгі қағидалары: балаға ізгілік тұрғысынан қарау; оқыту мен тәрбиенің бірлігі; баланың танымдық күшін қалыптастыру және дамыту; баланың өз бетімен әрекеттену әдістерін меңгерту; баланың танымдылық және шығармашылық икемділігін дамыту; әр оқушыны оның қабілеті мен мүмкіндік деңгейіне орай оқыту; барлық оқушылардың дамуы үшін жүйелі жұмыс істеу; оқу үрдісін оқушының сезінуі.[3]

Инновациялық оқыту білімді тереңдетумен қатар оқушының оқу әрекетіне жетелеп, олардың оқуға деген ынтасын оятады. Казіргі кезде педагогикалық технология ұғымы педагогикалық лексиконымызға берік еніп келеді. Технология – бұл қандай да болсын істегі, шеберліктегі, өнердегі амалдардың жиынтығы деген ұғымды білдіреді.Әдістемелік ізденіс-жаңалыққа жол ашу. Мұғалімдер әдістемелік ізденістерді басшылыққа ала отырып, еңбекті сабақ үрдісінде білулері керек.

Оқушылардың танымдық ой белсенділігін қалыптастыруда ойын сабақтарын өткізу оқушыларды өз бетінше ізденуге, ойлау кабілетін арттыруға, тапқырлыққа баулиды. Сондықтан оқушылар сұрақтар мен сөзжұмбақтарды шешу үшін өтілген материалды үнемі кайталап отыруды әдетке айналдырады. Оқушылардың сабаққа деген ынтасы артып, олардың шығармашылык ой-өрістерін, түсінік-танымдарын еселеп, арттыра түседі.Ойын сабақ оқушылардың логикалық ой-өрісін, сана-сезімін дамытуда, олардың әр түрлі шамалар мен бірліктердің, терминдер мен заңдылықтардың, құбылыстар мен өзгерістердің атын есте сақтауға көмектеседі.Сабаққа дайындық барысында оқушылар әр түрлі газет-журналдарды, көмекші құралдар мен анықтама кітаптарды пайдаланады, яғни бір сөзбен айтқанда оқушылардың өз бетінше шығармашылық ізденіспен жұмыс жасау қабілетін арттырады. [4]

Ең бастысы ойындар оқушылардың көңілін өз бетінше ізденушілікке аударып, қабілетін арттырады. Ойынның әлеуметтік бейнесін зерттеуші белгілі психолог Д.Б.Элькониннің сөзімен айтсақ: "Ойын - ол адамдардың арасындағы әлеуметтік ара-қатынас, практикалық білімдері және қызметі".

Жаңа технология жүйесінде проблемалық, іскерлік ойын арқылы оқытудың маңызы зор. Оқушылар әр түрлі проблемаларды талдайды, оның шешу жолдарын іздестіреді. Мұндай сабақтар оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытады, пәнге деген қызығушылығын арттырады, өмірде кездесетін түрлі қиындықтарды жеңуге тәрбиелейді. Оқушылар әрбір сабақтан мол білімділік, тәрбиелік, дамушылық алу керек. Сондықтан пәнаралық байланыс арқылы сабақтың біліми, ғылыми сипатымен қатар оның тәрбиелік танымдық, адамгершілік мазмұнда ұйымдастырылуын ойластырған абзал. Оқыту үрдісі кезінде сабақтағы басты тұлға білім беретін мұғалім емес, осы білімді қызыға қабылдауға дайын оқушының болуы.

Білім беру саласындағы қазіргі оңды өзгерістер әрбір мұғалімнен өз ісіне мұқияттылықты талап етеді. Нағыз өз ісінің шебері ғана жоғары жетістіктерге ие бола алады. Ал білікті маман болу үшін көп ізденіс керек екені даусыз.Мен де өз әріптестеріммен қатар оқушы оқыту мен тәрбиелеу ісіне өз үлесімді қосып келемін. Оқушының ойлау қабілетін артыру,сол қабілетін белсенді ету - басты мақсатым.

Әсіресе, мен баланың білімге деген қызығуын арттыратын жүйелі іс-әрекеттер ұйымдастыруға талпынамын. Ол жүйе мына төмендегідей:


  1. Шығармашылықпен жұмыс істеуге арналған тапсырмалар.

  2. Әр түрлі анықтамалықтармен жұмыс істеуге дағдыландыру.

  3. Ғылыми әдебиеттердің оқуға баулу.

  4. Жарыстар, сайыстар, әр түрлі танымдық ойындар ұйымдастыру.

  5. Интернет, телеарна мен мерзімді баспасөздерде берілген соңғы жаңалықтарымен таныстырып отыру.

  6. Мұғалімнің айшықты, өмірден алынған дәйектерді сабақта қолдану.

Осы әдістерді сабақта қолдана отырып оқушының ойлау тәсілдерін бақылауға болады. Берілген материалдан оқушы ең маңыздысын, ең бастысын бөліп алады, басқа нәрселермен салыстырады, оны жүйелеп, қорытындылайды, нақтылайды, анықтайды және ұғымға түсінік береді, оны дәлелдейді немесе жоққа шығарады, модельдейді. Жаңағы тәсілдерді қолданғанын оқушының сөзінен, тұжырымынан байқауға болады.

Өз тәжірибемдегі оқушының ойлау қабілетін арттыру үшін қолайлы деп санайтын әдістерім: ойын, жарыс, сайыс, оқушының қиялын, бақылауын қолдану, танымдық ойын және шығармашылықпен орындауға арналған тапсырма. Ұстаздық тәжірибемде оқытудың пәрменді әдіс –тәсілдерін қолданудан сабақтың тиімділігі арта түсетініне көз жеткіздім.

Жеке тұлғаның танымдық қабілетін, танымдылық үдерістерді (есту, көру, жазу) дамытуға бағытталған, нақты жүйелілігі бар технология – М.Жанпейісованың «Модульдік оқыту технологиясы». Бұл технология баланы өзін танытуға ұмтылатын дамушы тұлға ретінде қарайды, оқушы ғылыми көздерді, оқулықты пайдаланады.

Интерактивті оқыту формаларын пайдалану арқылы оқушыны өз бетімен жұмыс істеуге, қаралып отырған мәселеге өзіндік көзқарасын, пікірін айтуға, оны дәлелдеуге ұмтылдырады, шығармашылықпен жұмыс істеуге жетелейді.

Бұл технологияны өз тәжірибемде үшінші жыл қолданамын. 7–сыныпта әдебиет пәніне берілген 68 сағатты 9 модульге бөлдім. Бұл сыныптың жоғары сыныптарға қарағанда ерекшелігі – тақырыптардан ұсақтылығы. Ең ұзақ тақырыпқа 4 сағат берілген. Әр модульді бастар алдында оқушыларды сол модульге салынған тақырыптармен, оқыта үйрету ойындарымен, модульдің 3 бөлімімен, тірек сызбалармен интерактивті тақта арқылы таныстырып өтемін. Енді 8–модульдің өтілу барысымен таныстырамын.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   389   390   391   392   393   394   395   396   ...   668




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет