Интерактивті тақта арқылы жұмыс жасау қазіргі заман талабы. Бағдарламалық – техникалық кешеннің құрамына кіретін интерактивтік тақтаны оқытушыға сабақты қызықты және динамикалық түрде мультимедиялық құралдар көмегімен оқушылардың қызығушылықтарын тудыратындай оқуға мүмкіндік береді. Интерактивті тақтаның үш режимінде дежұмыс жасауға болады:
1-режим ең қарапайым ақ тақта режимі. Ақ тақта режимін қолданғанда оны ақ бет қағазбен жұмыс жасағандай және тақырыпқа қажетті жерін белгілеулермен, негізгі ұғымдарын ерекшелеу үшін түрлі түсті қаламды қолдануға болады. Ақ беттің артына фон ретінде мазмұнды суретті пайдалануға болады және сабақ барысында қажет болса белгі салуға, жазуға мүмкіншілік бар.
2- режим Office режимі. Бұл режим сабаққа қажетті дайындық жұмыстарын, яғни материалдар даярлауға ыңғайлы. Сабаққа дайындық жұмыстары Word мәтіндік редакторының, Excel электрондық кестесінің құжаттары, Power Point – презентациясы болуы мүмкін. Мысалы , Microsoft Word құралдарымен төрт түрлі мәтіндік тапсырмаларды қамтитын құжат әзірлеуге болады. Осы құжатта тапсырмаларды қайталап, жауаптарының дұрыс нұсқаларын немесе амалдардың дұрыс тізбегін көрсетуге болады.Қайталанған тапсырмаларды сурет салу панелінің «төртбұрыш» объектілерімен жасырамыз. Сабақта қажет кезде бұл құжатты интерактивті тақтаның Office режимінде ашуға болады. Бұл режим Microsoft Office – нің барлық мүмкіншілігін ұсынады.
3- режим тақтаның интерактивті режимдегі жұмысы.Сабақтарды жүргізуде өткен материалды қайталау қажет, сондай жағдайда интерактивті тақтаның сілтеме жасауға арналған компонентін қолдануға болады. Бұл компонент арқылы Microsoft Office құралдары арқылы құрылған құжаттарға, графиктік редакторлардың немесе программалау ортасының көмегімен құрылған файлдарға, интернет беттеріне сілтемелерді ұйымдастыруға мүмкіншілік береді.
Интерактивті тақтада түрлі – түсті ұқыпты кескінмен әр түрлі қосымшалары бар жұмысты көрсетуге болады. Слайдтарда, флипчартта қателер жіберілсе, тез арада түзетуге болады. Сабақта ACTIVote тестілеу жүйесі арқылы тест алу мүмкіндігін қолдануға болады. Ақпаратты түрлі мультимедиалық ресурстар көмегі арқылы таныстыруға мүмкіндігі зор. Оқушылар материалды барынша жетік түсініп оқи алады және веб-сайттар мен кез-келген қосымшалардан да жазу жаза алады, оларды әрдайым есте сақтай алады.
Интерактивті тақтаның тиімділігі сондай, әр түрлі бағытта оқытуды және сабақ беруді өзгертеді. Интерактивті тақта сабақтан тыс уақытты жоспарлауға, сондай-ақ сабаққа дайындалуға, оқушылардың зейінін аударуға және ынталандыруға, ақпараттарды көрсетуге, уақытты тиімді пайдалануға өте қолайлы. Қиын ақпараттарды жеңіл түсіндіріп, схемаларды, тірек сызбаларды беруде өте ыңғайлы. Оқушылардың білім деңгейіне оң әсер етіп, пәнге қызығушылығын арттырады. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті-ұлттық құндылықтар, жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық желілерге шығу» делінген. Сонымен интерактивті тақтаны пайдалану сабақты өткізуге жеңілдік береді, жаңа сабақты түсіндіру,өткен материалды қайталау не бекіту кезінде пайдалану әрбір сабақтың әсерлігін және мазмұнын арттырып, оқушыға қызықты, жалықтырмай игеруге және сабақтың қарқыны мен барысын жақсартуға көмектеседі.
Достарыңызбен бөлісу: |