Оқытуды ұйымдастыру түрлері мен жұмыс тәртібі



бет5/9
Дата04.11.2022
өлшемі32,9 Kb.
#47550
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Сөздікті дамыту
Балалар тұрмыстық сөздікті, табиғат пен тұрмыстық заттардың атауларын, олардың қасиеттері мен сапаларын, құрылымын, материалы мен оның ерекшеліктерін білдіретін сөздерді дұрыс және нақты қолдануды белсенді меңгерулері тиіс. Нысанның пішіні, өлшемі мен басқа да белгілерін білдіретін сөздерді меңгеруді жалғастыруы керек.
Ересектер тобында (5-6 жас) балалар материалдардың неден жасалынғаны, олардың қасиеттері туралы көбірек білулері тиіс. Кейбір заттар мен бұйымдардың дайындалу үдерісін білу (пісіру, жасау, тігу, үтіктеу және т.б.). Алты жаста балалардың сөздігі заттардың материалы, қасиеті мен күйін жалпылайтын сөздермен толықтырылады.
Балалар өзіне таныс заттардың қасиеті мен сапасын анықтауға қажетті зерттеу әрекеттерін дербес қолданып, оларды атаулары тиіс (сипау, үрлеу, умаждау, қолында өлшеу, иіскеу және т.б.).
Ересек топтағы сөздік жұмыстардың жетекші мазмұны жалпылаудың тегі мен түрлерін, жалпылауды білдіретін сөздерді түсініп қолдану болып табылады.
Бұл жаста балалар заттарды салыстыруды, басты белгілерін табу, осылардың негізінде заттарды топтарға бөлу іскерліктерін меңгереді. Заттарды өздеріне тән белгілері бойынша біріктіру қабілеттерін меңгереді. Ыдыс-аяқ, жиһаз, киім, аяқ киім, көкөністер, жемістер, көлік және т.б. түсініктерді біледі.
Сөздердің ұғымдық мазмұнын меңгеру балаларға сөздердің ауыспалы. басқаша айтылған мағынадағы сөздерді түсініп, қолданудағы жаңа деңгейге өтуге мүмкіндік береді.
5-6 жастағы балалардың сөздігін толықтыру әлеуметтік өмірдің құбылыстары мен оқиғаларына, адамның ішкі дүниесі мен сыртқы қылықтарына қызығушылығының артуымен байланысты. Түрлі мамандықтағы адамдардың еңбегімен таныстыру барысында олардың сөздігі заттар мен еңбек құралдарының, жұмысқа қажетті техниканың, еңбек іс-әрекеттері және олардың орындалу сапасының атауларымен толықтырылады.
Сөйлеудің грамматикалық дұрыстығы
Мектепке дейінгі ересек жастағы балалар тілдің барлық негізгі грамматикалық түрлерін қолданулары тиіс. Балалар құрбыларының тіліндегі грамматикалық қателерді анықтауға және оларды жөндеуге, грамматикалық формаларды дербес қолдануға үйренеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет