ОҚытудың педагогикалық технологиялары: ТӘжірибе, инновациялар, енгізу



Pdf көрінісі
бет4/28
Дата29.01.2017
өлшемі2,84 Mb.
#2946
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28
 
Рефлексия.  Сабақтан  алған  әсерлерін,  өз  ойларын  стикерлерге  жазып 
тақтаға іледі.  
Жарқайың  ауданы,  Далабай  ауылы,  Омырлық  орта  мектебінің  химия 
пәнінің  мұғалімі  Құрмашева  Айгүл  Жаңабергенқызы  сын  тұрғысынан  ойлау 
технологиясын  сабақтарында  оқушылардың  таным  белсенділіктері  мен  ойлау 
қабілеттерін  дамыту  мақсатында  жиі  қолданады.  Сын  тұрғысынан  ойлау 
технологиясының мақсаты: білімге құштар, ой-өрісі еркін дамыған ашық қоғам 
азаматтарын  тәрбиелеу.  Бұрынғы  әдетке  айналған  оқу  үрдісінде  мұғалімге 
басымдылық  рөл  берілсе,  казірде  оқушы  белсенділік  көрсетуі  тиіс.  Мұғалім 
оқушыны  оқытпайды,  ол  өздігінен  оқып  білім  алуы  қажет  деп  есептейді.  Сол 
арқылы  оқушы  өз  қажеттігін  біліп,  өз  жолын  таңдап,  жетістікке  жетуге 
мүмкіндік  алуда.  Ал,  мұғалім  әр  оқушының  жеке  қызығушылығын  және 
қабілеттерін ашуға көмектеседі.  
Оқушының  өз  бетінше  еркін  ойлауын,  ой  өрісін  дамытуда  төмендегідей 
қағидаларды ұстанады: 1. Оқушы мен мұғалім арасындағы тепе-теңдік жағдай 
болу  қажет,  екі  тұлға  да  –  үйренушілер,  үйретушілер.  2.  Оқушыны  өз  пікірін 
білдіруге  жетелеу  және  оның  пікірін  құрметтеу.  3.  Оқушының  ойлау,  талдау, 
іздену қабілеттерін арттыру. 4. Сабақта шешуші рөл атқаратын оқытушы емес, 
керісінше, оқушы екені туралы пікір қалыптастыру. 5. Әрбір оқушының білім 
дәрежесін  басқа  оқушымен  салыстыру  емес,  оқушының  кешегі  нәтижесін 
бүгінгі  және  ертеңгі  нәтижелерімен  салыстыру  арқылы  даму  динамикасына 
мониторинг құру.  
29 
 

Сын  тұрғысынан  ойлау  технологиясының  ережесі:  1.  Тыныштық.  2. 
Жылдамдық. 3. Белсенділік. 4. Ұйымшылдық. 5. Толық қатысым. 6. Уақытпен 
санасу. Оқушылардан осы ереженің орындалуын талап етіледі.  
Сабақ  кезеңдерінде  қолданылатын  стратегия:  Мұғалім  оқушылардың 
таным-белсенділігін «іске қосып», одан туындаған ойды шешуге бағыттау үшін 
сол  ойдың  белгілі  жақтары  болуы  керек  және  шығармашылық  іздестіруге, 
ойлануға  итермелейтін  бастапқы  мәліметтері  болуы  тиіс  деп  есептейді. 
«Кубизм»  стратегиясымен  сабақ  өткізу  үшін  оқушылар  6-топқа  бөліп 
отырғызылады.  Мысалы  осы  стратегияны  қолдана  отырып  9-сыныптың 
«Майлар»  тақырыбында  өткізілген  химия  сабағында  мағлұматтар  кубиктің 
алты қырындағы тапсырмаларға сәйкестестендіріліп қарастырылды.  
Әр  топ  кубикті  лақтыру  арқылы  оқушылар  тапсырмаларды  анықтады. 
1. 
Ассоциация:  «Майлар»  сөзін  естігенде  көз  алдыңа  не  елестейді? 
(қызығушылық  ояту)  2.  Суреттеу:  Майлардың  физикалық  қасиеттері 
суреттеледі.  3.  Талдау:  Майлардың  химиялық  қасиеттері  талданып,  реакция 
теңдеулері  жазылады.  4.  Дәлелдеу:  Майдың  шығу  тарихы.  Майдың  құрамын 
анықтап,  дәлелдеген,  синтездеген  ғалымдар  (М.  Шеврель,  М.  Бертло)  туралы 
айтылады.  5.  Ұсыныс:  Майлардың  не  үшін  қолданылатыны  айтылды. 
6. 
Салыстыру:  Венн  диаграммасы  қолданылды,  екі  затты  алып  өзара 
салыстырылды.  
Мысалы:  Карбон  қышқылы  мен  майды  салыстыру.  Эссе  стратегиясы 
арқылы  да  оқушылардың  ойлау  біліктігін  арттыруға  болады.  Эссе  жазу  – 
берілген тақырыптың ішкі сырын терең түсініп, өз пікірін, ойын дұрыс жеткізу, 
сабақта  берілген  дәлелдемелермен  бекітіп,  оқылған  тақырыптың  негізгісін 
көркемдеп  жазу  және  сол  арқылы  өмір,  болмыс  сырын  қалай  түсінетіндігі 
жайында ойын ашық білдіру. Мұғалім «Майлар» тақырыбын бекіту мақсатында 
оқушыларға  эссе  жазуды  мысал  ретінде  ұсынады.  «Майлар»  тақырыбына 
жазған оқушының эссесінде оқиға былай өрбиді. Ертеде химия елді мекенінде 
органикалық  зат  ұлтынан  шыққан  Май  деген  бір  толық  қыз  болыпты.  Оның 
анасының аты Глицерин, әкесінің аты Карбон екен. Майдың сыныптастары көп 
болғанымен,  тұйық  мінезі  май  Сумен  ойнағанды  ұнатады.  Су  екеуі  гидролиз 
ойынын  ойнауға  еш  жалықпайды  екен.  Майдың  көршілері  –  органикалық 
еріткіштер.  Май  олармен  ойнамаған  соң,  олар  кей  кездері  дөрекілік  танытып, 
ренжітіп кетеді. Достары Майдың үйіне қонаққа барғанды ұнатады, себебі Май 
оларды  тамаққа  тойғызып  үйлеріне  қайтарда  маргарин  мен  майонез  беріп 
жібереді,  кей  кездері  сабын,  олифа,  бояу,  лак  сияқты  сыйлықтарды  да  беріп 
отырады  екен.  Бұл  эссені  оқушылар  өз  қиялдарына  ерік  беріп,  майлардың 
химиялық қасиеттеріне сүйене отырып, әрі қарай жалғастыруларына болады.  
Ал «Білемін, білгім келеді, үйрендім» әдісі мынадай қадамдардан тұрады: 
1.  Оқушы  тақырып  бойынша  білетін  білімдерін  жинайды.  2.  Нені  білгісі 
келетінін  жазады,  сұрақ  қояды,  «білгім  келеді»  бағанын  толықтырады.  3. 
Қойылған  сұрақтарға,  мәтінді  оқи  отырып  жауап  береді,  «үйрендім»  бағанын 
толтырады.  4.  Ой-толғаныс  (эссе,  баяндама  немесе  тәжірибе  жасау).  Мұғалім 
оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру мақсатында сахналық қойылым 
30 
 

стратегиясын қолданып отырады.  
Мысалы:  «Судың  қасиеттері»  тақырыбын  өткенде,  су  туралы  ертегі 
қойылымы  көрсетіліп,  оқушының  тақырыпқа  деген  қызығушылығы  арта 
түскен. Су туралы ертегінің мәтіні мынадай: Менделеев деген жерінде, Химия 
деген елінде 109 элемент өмір сүріпті. Ішінде ай десе аузы бар, күн десе көзі 
бар  Оттегі  деген  сұлу  өмір  сүріпті.  Бір  күні  Оттегі  өзінің  оққағары  Темірмен 
серуенге шығады. Сол мезет бұлардың жанынан атымен Аш Сутекұлы шауып 
өтеді.  Сұлуды  көріп  ол  табан  астында  ғашық  болады.  Ұзақ  уақыт  олардың 
соңынан  андып  жүреді.  Бірде  Темір  Феррумұлының  бір  сәтке  кетіп  қалғанын 
пайдаланып,  сұлуға  өзінің  жүрекжарды  сөзін  айтады.  Сезім  билеп  тасимын, 
Тасығанда  тотығам,  Ғашығым  саған  асығам.  Сені  ойлап  тыным  болмай, 
Жүрегім аттай тулайды, суда жүзіп екеуміз, теңіз болып шалқиық. Өзіне солай 
ант етем, Қосылып мәнгі бірге өтем. Сол кезде Темір Феррумұлы қайтып келіп 
қанды  шайқас  басталып  кетеді.  Ғашықтың  сөзіне  еліткен  сұлу  шайқастың 
артын тағатсыз тосады. Міне, қылышымен бір сілтеп, темір Сутектің бір қолын 
кесіп түсірді. Кесілген қолды қапшыққа салып алып, қансыраған жауын тастап, 
масайрап  шаба  жөнелді.  Содан  бері  Сутек  І  валентті  де,  Темір  ІІ  және  ІІІ 
валентті.  Шайқастың  жеңілісіне  қарамай,  Оттегі  Сутегіні  қалады.  Екеуі 
қосылып, Н
2
О суға айналады (кестеден көрсету). Осылайша ертегіні әр топ өз 
қалауынша  әрі  қарай  өрбітуіне  болады.  Әр  түрлі  әдіс-тәсілдерді  пайдалану, 
мәселелік жағдайға енгізу, жалпы талқылау, топпен бірлесе жұмыс істеу және 
өз  мүмкіндігін  ортаға  салу,  өзін  және  өзгені  бағалай  білу  дағдыларын 
қалыптастыра отырып, оқушыларды белсенді іс-әрекетке тәрбиелеуге болады.  
Мұғалім сабақ беру үрдісінде мынандай негізгі факторларды басшылыққа 
алады:  оқушылардың  өз  бетінше  жұмыс  істеу  тиімділігін  арттыру;  жекелей, 
жұппен,  топпен  жұмыс  жүргізу;  ойлау  қабілетін  дамытатын  есептер  беру; 
қабілетіне  қарай  деңгейлік  тапсырмалар  беру;  оқушылардың  теориялық-
практикалық  сауаттылығын  арттыру.  Сонымен  қатар,  жекелей  жұмыстар, 
жұптық,  топтық  жұмыстар  арқылы  өз  ойын  ашық  айта  білу,  пікір  айтуға 
үйрену,  пікір  таластыру,  ойланып  жауап  беру,  жолдастарының  ойын  тыңдау, 
жауаптарын бағалай білу, білім деңгейінің жоғарылауына әсерін тигізеді.  
Технологияны  қолданудың  нәтижелілігі:  Жаңа  технология  элементтерін 
химия  сабағында  тиімді  пайдалана  отырып,  мынадай  жетістіктерге  қол 
жеткізілді:  
1
. Оқушының ойлау, елестете алу қабілеттерін қалыптасты.  
2. Өз ойын жеткізе білуді, тақырыпты талдай білуді үйренді.  
3. Дүниетанымы тереңдей түсті.  
4. Өмірмен өзіндік ойының байланысын нығайды.  
5. 
Шығармашылық ізденіске жол ашылды.  
6. Топтағы білім сапасын арттыруға қол жеткізілді.  
7. 
Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтары едәуір артты.  
2013-
2014  оқу  жылында  білім  сапасы  28-50%  болса,  2014-2015  оқу 
жылында  48-60%  көтерілді.  Оқушылардың  әр  түрлі  интеллектуалды 
байқауларының  сапалы  көрсеткіштері:  2014-2015  оқу  жылы  Химия  пәні 
31 
 

бойынша халықаралық қашықтықтағы олимпиада байқауынан жүлделі орындар 
мен сертификаттарды иеленді. Аудандық ғылыми жобалар сайысында жүлделі 
орын алған оқушысы облыстық ғылыми жобалар сайысына жолдама алды.  
Ақтөбе  облысы  Әйтеке  би  ауданы  Ақтасты  селосының  Абай  атындағы 
орта  мектебінің  бастауыш  сынып  мұғалімі  Ибрагимова  Майра  Жеңісқызы 
сабақты  осы  технологияны  кеңінен  қолданады.  Оның  айтуынша,  бұл 
педагогикалық  жаңа  технологиялар  бастауыш  сынып  мұғалімдеріне  мынадай 
қағидаларды  ұстанады:  оқуға  шығармашылықтың  енуі,  мұғалім  мен  оқушы 
арасында  ынтымақтастық,  өзара  әрекеттестік  сипатындағы  жаңа  әлеуметтік 
қатынастың пайда болуы, жеке тұлғаның дамуына жағдай жасалуы, яғни жеке 
тұлғаға  бағдарланған  оқу,  тұлға  дамуының  сыртқы  әсермен  бірге  оқушының 
ішкі  түрткілері  негізінде  жүргізілуі.  Жаңа  технологиялардың  негізгі 
қағидалары:  балаға  ізгілік  тұрғысынан  қарау;  оқу  мен  тәрбиенің  бірлігі; 
баланың  танымдық  және  шығармашылық  икемділігін  дамыту;  баланың 
танымдық күшін қалыптастыру және дамыту; әр оқушының, оның қабілетімен 
мүмкіндік  деңгейіне  қарай  оқыту;  барлық  оқушының  дамуы  үшін  жүйелі 
жұмыс  істеу.  Жаңа  технологияларды  меңгерту  мұғалімнің  интелектуалдық, 
кәсіптік,  адамгершілік,  рухани,  азаматтық  және  де  басқа  да  көптеген  адами 
келбетінің  қалыптасуына  игі  әсерін  тигізеді.  Сонымен  қатар  СТО  сабақтары 
оқушылардың өз бетімен жұмыс жүргізулеріне мүмкіндік береді, олар күрделі 
процестерді талдап, оларға дұрыс баға береді. Оқушылар мен мұғалім арасында 
өте жақсы ынтымақтастық орнайды.  
Мәртүк  қаласы  Родниковская  орта  мектебінің  бастауыш  сынып  мұғалімі 
Есжанова  Сабила  Мыңбайқызы:  «Сын  тұрғысынан  ойлау»  технологиясының 
ұстаздарды  қызықтырғаны  –  баланың  өзі  ізденіп  дәлелдеуі.  Ол  бұрын  тек 
тыңдаушы болса, енді ізденуші, ойланушы, өз ойын дәлелдеуші, ал мұғалім осы 
әрекетке  бағыттаушы,  ұйымдастырушы.  Оның  дәлелі  ретінде  мектептегі  4-
сыныптың  «Отбасы-шағын  қоғам»  тарауы  бойынша  өткізілген  тәжірибелік 
сабағы: «Отбасы», «Туған-туысқандар», «Баланың ата-ана алдындағы парызы», 
«Атаңа не істесең алдыңа сол келер» тақырыптары бойынша жоспар құрылды. 
Тізбектелген сабақты жоспарлаудағы мұғалімнің жалпы мақсаты -жеті модуль 
идеяларын ықпалдастыра отырып отбасы, туған-туысқандар туралы білімдерін 
кеңейту, ата-ана алдындағы парызын білу керектігі жөнінде білім беру. Туған-
туысқандар  атауларын  ажырата  білу,  ата-ана  алдындағы  перзенттік  парызды 
өтеу  туралы  сын  тұрғысынан  ойлауын  дамыту.  Балаларды  ұйымшылдыққа, 
АКТ  пайдалануға,  жұпта,  топта  жұмыс  жасауға,  талдауға,  ауызша  баяндай 
білуге  тәрбиелеу  екендігін  айтады.  Сыни  тұрғыдан  ойлауға  үйрету  модулі 
бойынша  жоспарлы  түрде  сабақтарын  өткізген  ұстаз,  тізбектелген  сабақтар 
тақырыбы  «Отбасы»  болғандықтан  әр  сабағында  «менің  жанұям»,  «менің 
туысқандарым»  деп  топқа  бөліну  арқылы  өз  отбасын,  туысқандарын  қалай 
жақсы  көрсе  бөлінген  топтарын  да  сондай  сезіну  керектігін  түсіндірген. 
Топтардың алдарына берілген ноутбуктен киіз үйді көрсетіп: Суреттен не көріп 
тұрмыз?  Бұны  кімдер  пайдаланған?  Не  үшін  пайдаланған?  деген  сыни 
сұрақтарға  жауап  алып  барып  сабақты  бастағаны  туралы.  Сабақты  «Киіз  үй 
32 
 

жабдықтары»  арқылы  ынтымақтастықпен  бастап,  топтарға  бөлінуде  де  осы 
тәсілді қолданады. Бұл технологияда оқушы өз топшылауын, өз пайымын еркін 
білдіреді,  өзіндік  дәлелдер  келтіреді,  басқалардың  ой  түйіндерін  сынайды,  өз 
пікірін, өз тоқтамын жасайды.  
Ақтөбе қаласындағы № 2 мектеп-гимназияның бастауыш сынып мұғалімі 
Искакова  Шынар  Смаилқызы  осы  технология  негізіндегі  сабақ  процесінде 
мұғалімнің жүйелі  тапсырма  беруге  ұмтылуы,  оқушыны  басқа  жақтарынан 
тануы,  өзін  жетекші  бағыттаушы  ретінде  тануы,  өзі  білмейтін  ақпараттарды 
меңгеруі,  оқушының  жұмысын  бағалауы  сынды  нәтижелерін  көрсеткен.  Сын 
тұрғысынан  ойлау  жобасы  арқылы  стратегияларды  пайдалану  оқушылардың 
ізденушілік,  зерттеушілік  әрекетін  ұйымдастыруға  мүмкіндік  береді. 
Сондықтан сабақтарында «кубизм», «топтастыру», «бес жолды өлең», «түртіп 
алу  жүйесі»,  «венн  диаграммасы»  стратегияларын  жиі  пайдаланатынын 
сөз етеді.  
Әйтеке  би  ауданы  Басқұдық  орта  мектебінің  бастауыш  сынып  мұғалімі 
Түрежанова  Гүлбану  Кеңшілікқызы,  өз  сабақтарында  қолданып  жүрген 
технология  туралы  нағыз  сабақ  –  ол  әрқашан  диалог,  ізденіс,  дайындалу, 
үйрену, шәкірттер болашағын ойлай жасалған еңбек пен тәжірибенің бірлігі деп 
түйіндейді. Тәжірибеде сын тұрғысынан ойлауға жетелеу негізінен үш бөліктен 
тұрады:  біріншіден,  өзіндік  және  жеке  ойлау.  Екіншіден,  оқыту  жаттанды 
қағидаларды  дәлелдеп  айта  беру  емес,  оқушы  оқып,  оны  еске  сақтап  айту 
қабілеті  жоқ,  керісінше  терең  ойлау  арқылы  ескіге  жаңаша  көзқарас 
қалыптастыруы мүмкін, тың идеялар ойлап табуы мүмкін. Үшіншіден, сұрақтар 
қойып,  шешімін  табуды  қажет  ететін  мәселені  анықтаудан  басталатындығын 
айтады.  Нәтижесінде  сын  тұрғысынан  оқу  мен  жазу  бағдарламасы  құрылымы 
бойынша 
ұйымдастырылған 
баланың 
ізденімпаздық, 
зерттеушілік, 
дәлелдеушілік, шығармашылық қабілеттерін дамытатына көз жеткізген.  
Әйтеке  би  ауданы,  Ақтасты  ауылының  Абай  атындағы  орта  мектептің 
бастауыш  сынып  мұғалімі  Қожағұлова  Ардақ  Мергенбайқызының  айтуынша 
педагогикалық  жаңа  технологиялар:  оқуға  шығармашылықтың  енуі,  мұғалім 
мен  оқушы  арасында  ынтымақтастық,  өзара  әрекеттестік  сипатындағы  жаңа 
әлеуметтік  қатынастың  пайда  болуы,  жеке  тұлғаның  дамуына  жағдайдың 
туғызылуы,  яғни  жеке  тұлғаға  бағдарланған  оқу,  тұлға  дамуының  сыртқы 
әсермен  бірге  оқушының  ішкі  түрткілері  негізінде  жүргізілуі.  Соның 
нәтижесінде  СТО  сабақтары  оқушылардың  өз  бетімен  жұмыс  жүргізулеріне 
мүмкіндік  береді,  олар  күрделі  процестерді  талдап,  оларға  дұрыс  баға  береді. 
Оқушылар мен мұғалім арасында өте жақсы ынтымақтастық орнайды.  
Сабақ өту барысында сыныппен жеке, жұптық, топтық, ұжымдық жұмыс 
жасай отырып жеке тұлғаны әлеуметтендіру және даму бағытын зерттеуді өзіне 
басты  қағида  етіп  алған  Ақтөбе  қаласы  №30  қазақ  орта  мектебінің  бастауыш 
сынып  мұғалімі  Бибитова  Нұргүл  Теміржанқызы  СТО  жобасын  пән 
ерекшелігіне  қарай  қолдана  білім  беру  білім  сапасын  арттырудың,  оқыту 
мақсатында  жетудің  бірден-бір  жолы.  Бұл  технология  негізінде  оқушылар 
топпен  жұмыс  істеу  арқылы  өзара  пікірлесіп,  ұтымды  жауаптарды  айтуға 
33 
 

үйренетінін айтады.  
Ақтөбе қаласы № 19 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Қожанова 
Ұлболсын  Садуовна  осы  технологияның  көптеген  әдіс-тәсілдерін:  тақырыпты 
мазмұнына  қарай  жинақтау,  арнаулы  бір  тақырыпқа  пікірталас  тудыру  /ой 
қозғау, «инсерт» кестесі/; берілген тапсырманы түрлендіру бағыттағы жұмыс / 
эссе,  шығарма,  сауаттылықты  ашатын  хаттар  т.б  стратегиялар/;  әңгіменің 
ұқсастығын  салыстыру,  бөліктерге  бөлу,  ат  қойғызу,  мәтіндегі  ұқсастық  пен 
айырмашылықты  табуға  /Венн  диаграммасы,  аялдамамен  оқу  стратегиясы/; 
қиялдау арқылы сурет салғызу /сурет салу стратегиясы/; кейіпкерге мінездеме 
беру өз ойын жазғызу / авторға, кейіпкерге хат жазу стратегиясы; шығармада 
екі кейіпкердің қарама-қарсы элементтерін сипаттау /қарама-қайшы элементтер 
стратегиясы/;  Өлең  шумақтарын  құрастыру  /5  жолды  өлең/  сабағында 
қолданатынын  айтады.  Осы  тәсілдер  бойынша  өткізілетін  сабақтарының  алғы 
шарттары:  сабақты  белсенді  өткізіп,  әр  баладан  еркін  жауап  алуға  жағдай 
жасау; сенімділікке тәрбиелеу үшін баланың жауабын санмен бағалау; қиялын 
дамыту үшін «Менің ойымша» деген жауапқа дағдыландыру; әр түрлі жауапқа 
бірдей  қарау,  жақсысын  мадақтап,  жаманын  сынамау;  тіл  байлығын  дамыту 
үшін  қалайда  жауабын  соңына  дейін  тыңдау;  жауап  беруге  тілек  білдірмеген 
баланың  өз  еркінсіз,  қинап  сұрамау;  жеке  тұлға  ретінде  «Мен»  деген  рөлін 
көтеру,  өз  пікірін  қалыптастыру.  Нәтижесінде  қазіргі  оқушының:  сабаққа 
қызығушылығы  артады;  нақты  өз  деңгейінде  бағаланады;  жеке  қабілеті 
айқындалады;  өз  бетімен  жұмыс  істеуге  үйренеді;  даму  мониторингі 
айқын көрінеді.  
Осы технологияны өз сабағында қолданатын Ақтөбе қаласының №45 орта 
мектебінің  жоғары  санатты  бастауыш  сынып  мұғалімі  Байдрахманова 
Нұржамал  Сайлауқызы  технологияның  әдіс-тәсілдері  заман  талабына 
бағытталған  нақты  мақсаттарды  негізге  ала  отырып  оқытуды  талап  етеді. 
Жалпы  ойлау  мен  талқылаудың  нәтижесінде  алынған  ақпаратты  қолдануға, 
талдауға,  жинақтауға  және  бағалауға  бағытталғанын  айтады.  Оның  нәтижесі 
ретінде  оқушылар  еркін  ойлауды  сезінгенде  ғана  түрлі  идеялар  мен 
көзқарастардың пайда болатыны анықталған. Сонымен қатар оқушы өздігінен 
оқу  материалын  талдап,  салыстырып,  қорыта  білуге  үйрету,  алған  білімінің 
өмірге  қажет  екенің  түсіну,  өмірде  болып  жатқан  үдерістерге  өзіндік  ой-пікір 
қалыптастыруы  айтылады.  Ұсынылған  әдіс-тәсілдерді  тәрбие  жұмыстарында 
қолдану сабақтың негізгі мақсатына жетуге үлкен септігін тигізетінін айтады.  
Сыни  түрғыдан  ойлау  –  ойлау  мен  талқылаудың  нәтижесінде  алынған 
ақпаратты  қолдануға,  талдауға,  жинақтауға  және  бағалауға  бағытталған  деп 
атап  көрсеткен  Ақтөбе  қаласының  №45  орта  мектепттің  бастауыш  сынып 
мұғалімі  Тажиева  Шынар  Серікқызы  сыни  түрғысынан  ойлау  техналогиясын 
негізінен ауызша сабақтарда қолданатынын. Сауат ашу пәнінен балалар суретті 
көре отырып сол зат бойынша өз ойын айтады, өзі тек сол зат бойынша жаңа 
затты  толықтырып  отыратынын  айтады.  Оқушылар  сабақта  еркін  ойлауды 
сезініп,  түрлі  идеялар  туындап,  жаңа  көзқарастар  пайда  болады.  Сауат  ашу 
пәнінен  балалар  тірек  сөздер  арқылы  өлеңдер  шығарып,  оны  газет  беттеріне 
34 
 

жариялап  жүргені  де  СТО  қолданудың  нәтижесі  деп  біледі.  Сондықтан  сыни 
түрғысынан  ойлау  техналогиясының  тиімділігі  оқушы  білімді  терең  түсініп, 
өзіндік  ой  қорытып,  соны  өмірде  қолдана  алатын  мүмкіндікке  ие  болуында 
деп түсіндіреді.  
Осы  технологияны  сабағында  қолданып  жүрген  Ақтөбе  қаласының  №4 
жалпы  білім  беретін  мектебінің  бастауыш  сынып  мұғалімі  Наурызова  Аягөз 
Кәдірбекқызы  «Фишбон»  немесе  «Балық  қаңқасы»  әдісі  бастауыш  сынып 
оқушыларымен  жұмыс  жасауға  тиімді  екенін,  нәтижесінде  оқушылар 
ақпаратты  терең  меңгереді,  талдайды,  қорытады,  бағалайды,  сонымен  қатар 
сабаққа деген қызығушылығының артатынын атап көрсеткен.  
Осы  технологияны  сабағында  тиімді  қолданған  Ақтөбе  қаласының  №45 
ора  мектебінің  бастауыш  сынып  мұғалімі  Махамбет  Шамшырақ  Томатқызы 
сыни  ойлаудың  қалыптасу  тарихы  сыни  философия  техникасының  ажырамас 
бөлшегі  ретінде  көне  диалог  тәжірибесінде  айтылған.  2000  жыл  бұрын 
қалыптасқан  сыни  техниканы  әуелі  Аристотель  «орган»  (мүше)  деп  атаған, 
кейін  мәдениет  тарихында  «логика»  (қисын)  атауымен  бекітілген  ойлаудың 
негізі болды. Формальды логиканың нәтижесінде ХХ ғ. екінші жартысында осы 
сыни техника сыни ойлаудың негізі болған. Сыни ойлау әрекетінің жүйелілігі, 
қабылдаушы  фактілерге,  нормаларға  немесе  құндылықтарға  бағытталған 
сөйлеген  сөздерді  немесе  айтылып  жатқан  әңгімелердің  жүйелерін  анықтау 
мақсатында  тексереді  деп  пайымдайды.  Сабақта  оқушыдан  өз  пікірін  ашық 
білдіруді  талап  ету  қажет.  Тек  сонда  ғана  олар:  –  Мен  осы  мәселе  туралы  не 
ойлаймын?  –  Осы  мазмұннан  алған  ақпарат  менің  бұрынғы  білетініме  сәйкес 
пе? – Маған бұл жаңа ойлар қаншалықты әсер етті, - деген сауалдар төңірегінде 
ойлауға үйренеді. Сын тұрғысынан ойлау жобасының көптеген әдіс- тәсілдерін: 
тақырыпты  мазмұнына  қарай  жинақтау,  арнаулы  бір  тақырыпқа  пікірталас 
тудыру  (ой  қозғау,  «инсерт»  кестесі);  берілген  тапсырманы  түрлендіру 
бағыттағы  жұмыс  (эссе,  шығарма,  сауаттылықты  ашатын  хаттар  т.б. 
стратегиялар);  әңгіменің  ұқсастығын  салыстыру,  бөліктерге  бөлу,  ат  қойғызу, 
мәтіндегі  ұқсастық  пен  айырмашылықты  табуға  (Венн  диаграммасы, 
аялдамамен  оқу  стратегиясы);  қиялдау  арқылы  сурет  салғызу  (сурет  салу 
стратегиясы); кейіпкерге мінездеме беру өз ойын жазғызу (авторға, кейіпкерге 
хат  жазу  стратегиясы;  шығармада  екі  кейіпкердің  қарама-қарсы  элементтерін 
сипаттау) қарама-қайшы элементтер стратегиясы; өлең шумақтарын құрастыру 
(5 жолды өлең) қолданады. Сын тұрғысынан ойлау технологияларын пайдалану 
нәтижесінде  қазіргі  оқушының:  сабаққа  қызығушылығы  артады;  нақты  өз 
деңгейінде  бағаланады; жеке  қабілеті  айқындалады; өз бетімен  жұмыс істеуге 
үйренеді; даму мониторингі айқын көрінеді деп атап көрсеткен.  
Оқу  мен  жазу  арқылы  сын  тұрғысынан  ойлау  технологиясының 
стратегияларын  2007  жылдан  бастап  қолданатын  Хромтау  қаласының  №5 
гимназиясының  бастауыш  сынып  мұғалімі  Есмурзина  Лена  Сериковна  бұл 
бағдарламаның  мақсаты  –  барлық  жастағы,  соның  ішіндегі  бастауыш  сынып 
оқушыларының  кез  келген  мазмұн  түсінікке  сыни  тұрғыдан  қарап,  ең  керекті 
пікір,  шешім  қабылдауға  үйрету.  Оқушылардың  білім  деңгейін  көтеруге, 
35 
 

шығармашылыққа  баулуға,  ойларын  еркін  айтуға  жетелеу  нәтижесінде 
оқушылардың  өз  ойларын  еркін  айтып,  көргендерін,  бақылағандарын  ортаға 
салып  өз  пікірлерін  қорғай  алатындықтарына  көз  жеткізген.  Сонымен  қатар 
егер бұрын нашар оқитын оқушылар үндемесе, сыртта, тасада қала берсе, қазір 
олар  үнемі  үлкен  тілекпен,  қызығушылықпен  сабаққа  кірісетін  болғанын 
байқаған.  Жақсы  дайындалуға  тырысты,  қосымша  әдебиеттер  оқиды,  жұппен, 
топпен  жұмыстарға  қызығып  араласады.  Оқушылардың  өздері  сыныптың 
жақсы  жұмыс  жасайтынын,  сабақтың  қызықты  өтетінін,  сыныпта  терең  білім 
берілетінін,  ал  мұғалім  сыныпта  жылы  атмосфера  орнатып,  бірде-бір  баланы 
жұмыссыз  қалдырмайтынын  атап  айтты.  Бұл  технологияны  қолдануда 
оқытудың  да  тиімділігі  көтеріледі,  мұғалімдердің  әріптестері  арасындағы 
беделі өсіп, ол туралы ата-аналардың пікірі де жақсы болатынын айта отырып, 
әріптестеріне  осы  технология  стратегияларын  сабақта  үнемі  қолдануға 
кеңес береді.  
Ақтөбе  қаласының  №29  орта  мектебінің  бейнелеу  пәнінің  5-11  сынып 
мұғалімі Күзенов Бердібек Лұқманұлы сыни ойлауды дамыту технологиясының 
дәстүрлі  оқытудан  басты  айырмашылығы  білімнің  дайын  күйінде  берілмеуі. 
Жеке,  топтық  жұмыстар  әзірлеу,  эссе,  бақылау  жұмыстары,  әртүрлі  кесте, 
модельдер  жасап  қорғау,  дискуссия,  пікір  алмасулар  сияқты  танымдық- 
рефлексиялық  әрекеттер  арқылы  оқушылар  өздері  үшін  маңызды  болған 
мәселелерді  туындайды.  Сыни  тұрғыдан  ойлау  –  бұл  біздің  дамуымызға 
мүмкіндік  беретін  ерекше  қабілет  екендігін  және  әлеуметтік  ойлау  болып 
табылатынын айтады. Сабақ сын тұрғысынан ойлау принциптеріне негізделген 
болса,  әркім  өз  ойлары  мен  пікірлерін  және  бағалауларын  тәуелсіз  құратын 
болады.  Біз  үшін  басқа  біреу  сыни  ойлай  алмайды,  біз  барлығын  өзіміз  үшін 
жасаймыз деген пікірін білдіреді. Барлық ойлар ортаға салынғанда тексеріліп, 
өткірлене түседі немесе философ Хана Арендттің жазуынша «тек кімде кімнің 
қатысы  болғанда  ғана  кемелге  жетуге  болады».  Басқалар  таласып  оқығанда, 
талқылап,  қарсы  пікір  айтқанда  немесе  ой  бөліскенде  біз  көзқарасымызды 
дәлелдеп, оған терең бойлай түседі. Сыни тұрғыдан ойлау анықтымасының бес 
пунктінің барлығы оқу әрекетінің кез келген түрінде орын алуы мүмкін деген 
ұсынысын білдірген.  
Ақтөбе  қаласының  №51  гимназиясының  8-11  сыныптардағы  тарих  пәні 
мұғалімі  Хайруллина  Индира  Закариевна  өз  сабағында  2009  жылдар 
аралығында  сын  тұрғысынан  ойлау  және  ақпараттық  коммуникациялық 
технологияларды кенінен қолданады. Сын тұрғысынан ойлау технологиясының 
көп стратегияларын барлық пәндерге, әсіресе тарих сабақтарында қолданудың 
тиімді  тұстары  көрсетілген.  Мәселен, үш  бөлімде қолданатын  стратегияларды 
таңдап алып, уақытқа бөліп қолдану ерекше маңызға ие. Топпен жұмыс жасау 
арқылы  қызығушылығының  артатынына  көз  жеткізген.  Сонымен  қатар 
интерактивті  тақта,  жеке  ноутбуктерді  қолдану  сабақтардың  сапасын 
арттыратындығы  айтылады.  Бұл  технологияны  қолдану  бойынша  мұғалімнің 
ұсынысы  СТО  стратегияларын  пайдаланғанда  бағалау  критерийлерінің  нақты 
көрсетілуін сұрайды.  
36 
 

Ақтөбе  қаласының  №  45  орта  мектебінің  бейнелеу  өнерінің  1-7 
сыныптардағы  мұғалімі  Кулданова  Ильмира  Сисенбиевна  сыни  тұрғыдан 
ойлауды  дамыту  технологиясына  үш  кезеңнен  тұратын  сабақ  түрі  жатады. 
Бейнелеу  өнері  сабағына  көбінесе  үш  кезеңді  қолданатынын.  Яғни 
қызығушылықты ояту, мағынаны ашу, ой толғаныс. Психологтардың пікірінше, 
сабақтың мұндай түрі оқушының тез қабылдауына жақсы әсер ететінін айтады. 
Жаңа  технологияларды  меңгерту  мұғалімнің  интелектуалдық,  кәсіптік, 
адамгершілік,  рухани,  азаматтық  және  де  басқа  да  көптеген  адами  келбетінің 
қалыптасуына  игі  әсерін  тигізеді.  Жаңа  педагогикалық  технологияларды 
күнделікті  сабақ  үрдісінде  пайдалану  үшін,  әр  мұғалім  алдында  отырған 
оқушылардың  жас  ерекшеліктерін  ескере  отырып,  педагогтік  мақсатына, 
мүддесіне сай, өзінің шеберлігіне орай таңдап алады. Бұл жаңа технологиялар-
оқушылардың  шығармашылық  қабілеттерін,  терең  ойлай  білуін,  теориялық 
негіздерін,  эстетикалық  көзқарастарын  пайымдауын,  баға  беруін,  танымдық 
белсенділігін дамытуға бағытталған.  
Сын  тұрғысынан  ойлау  технологиясын  сабағында  тиімді  қолданатын 
Ақтөбе қаласының №8 орта мектебінің шет тілі пәні мұғалімі Серікова Айдана 
Бағданбекқызы  сабақтағы  өзекті  мәселе  оқушылардың  грамматикалық 
білімдерін  арттыра  отырып,  ағылшын  тілінде  ауызша  сауатты  да  еркін  ойын 
жеткізе білуге үйрету, қазіргі заман талабына сай ағылшын тілін еркін түсініп, 
сөйлей  білу  қабілетін  дамыту.  Осы  мақсатқа  жетудің  ең  алғашқы  жолы 
оқушылардың  пәнге  деген  қызығушылықтары  мен  ағылшын  тіліне  деген 
құштарлықтарын  ояту  деп  есептейді.  2014  жылдан  бастап  сын  тұрғысынан 
ойлау технологиясын қолданады. Кембридж бағдарламасының Джиксо, Инсерт, 
ЗУХ,  5  минуттық  эссе,  кластер  сияқты  әдіс-тәсілдерін  үйреніп,  сабақтаорына 
қолдана бастаған. Топтық жұмыстар, жеке жұмыстар жүргізеді. 2014-2015 оқу 
жылында  СТО  технологиясын  қолдана  отырып  5-сыныпта  «Sightseeng in 
London
»  тақырыбындағы  ашық  сабағына  сын  тұрғысынан  ойлау 
технологиясын,  Кембридж  әдіс  тәсілдерін  қолданғанын  айтады.  Сабақтың 
мақсаты:  оқушылар  Лондонның  көрнекі  жерлері  туралы  мәлімет  беру,  өз 
ойларын ағылшын тілінде жеткізе білу. Сабақ саяхат сабақ ретінде өтті, топтық 
жұмыс, жеке тапсырмалар болды.Үй тапсырмасы мен жаңа сабақ ЗУХ арқылы 
тексеріліп,  балалар  топқа  бөлініп  өздеріне  берілген  мәтіндерді  оқып  түсініп, 
Джиксо  әдісі  арқылы  бір-бірімен  ой  алмасты.  Диалог  құрастырды.  СТО 
технологиясын  қолдану  арқылы  6-сыныпта  өткен  ашық  сабақтың  негізгі 
мақсаты  оқушылардың  мәселеге  сыни  көзқарасын  қалыптастырып,  оларды 
ашық, еркін сөйлеуге баулу, шығармашылық қабілеттерін дамытып, топ болып 
жұмыс  жасауға  дағдыландыру,  өз  ойларын  толық  бөлісуге,  толық  жеткізуіне 
мүмкіндік туғызу, сабақтағы белсенділіктерін арттыру. Топ болып жұмыс істеу 
барысында бір-бірінің ойын еркін, толық айтуға/тыңдауға, сыйласуға және топ 
болып жұмыс жасаудың ережелерін ұғындыру деп атап көрсетті, сонымен қатар 
өзінің  де  басқаның  да  жауабына  сын  тұрғысынан  баға  бере  отырып,  құрмет 
көрсетуге  бағыт  беретінін  айтады.  Соның  нәтижесінде  оқушылардың  сабаққа 
деген  қызығушылығы  артып,  олардың  бір-бірімен  пікір  таластырып,  ашық 
37 
 

сөйлеу, еркін сөйлеу дағдылары қалыптаса бастады. Өздеріне сенімсіз, бұйығы 
отыратын оқушылар өз ойларын аз да болса жүйелеп, еркін айта бастады. Сын 
тұрғысынан  ойлау  стратегияларын,  әдіс-тәсілдерін  пайдалана  отырып,  сабақ 
барысында ең басты тұлға оқушы екенін түсінген. Тәжірибелі мұғалімдері СТО 
технологияларын  қолдана  отырып,  жас  мамандарға  көбірек  семинар  сабақтар 
өткізсе деген ұсынысын білдірді.  
Осы технологияны сабағында тиімді қолданып жүрген Ақтөбе қаласының 
№37  орта  мектебінің  шет  тілінің  мұғалімі  Құлдыбаева  Клара  Сейдағұлқызы: 
Сын тұрғысынан ойлау-сынау емес, шыңдалған ойлау. Бұл деңгейдегі ойлау тек 
ересек адамдарға, жоғарғы сынып оқушыларына ғана тән деп ойлау аса дұрыс 
емес. Жас балалардың да бұл жұмысты дұрыс ұйымдастырған жағдайда өз даму 
деңгейіне сәйкес ойы шыңдалып, белгілі бір жетістіктерге жетері сөзсіз. Оған 
осы  жобамен  жұмыс  жасау  барысында  көз  жеткізгенін  айтады.  Осы 
бағдарламаның  ішкі  құрылымында  ерекшелік  бар.  Бұл  құрылым  3  деңгейден 
тұратын  оқыту  мен  үйретудің  моделі.  Білімнің  болашақта  пайдаға  асуы, 
қажетке  жарауын  қалыптастырады.  Көп  ақпаратты  талдай,  жинақтай  отырып, 
ішінен қажеттісін алуға үйретеді. Оқыту мен оқу үдерісінде «сын тұрғысынан 
ойлауды  дамыту»  жобасында  жұмыс  жасауды  бастаған  мұғалімдер  бұл 
сабақтар  баланың  танымдық  белсенділігін  арттыруға,  өз  бетінше  білім  алуға, 
шығармашылығын  қалыптастыруға  ықпал  ететіндігін  атап  өтсе,  оқушылар 
сабақтардың  қызықты,  жеңіл  өтетіндігін,  ұжымда  бірлесіп  жұмыс  жасауға 
үйрететіндігін, білімнің тереңдігі, әрі тиянақтылығы артатындығын баяндайды. 
Нәтижесінде  мектептегі  оқу  үрдісінің  жетілуіне,  өскелең  ұрпаққа  өнегелі 
тәрбие,  жаңа  мазмұндағы  білім  беру  жолында  ұстанған  бағыты  «Сын 
тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясы. Себебі бұл модуль оқушылардың 
да,  мұғалімдердің де  сын  тұрғысынан ойлауды дамытуды  саналы  және оймен 
қабылдауын  көздейді.  Мұғалімдер  бағдарламаның  негізгі  ұстанымдарымен 
хабардар,  сондай-ақ  бірінші  деңгей  бағдарламасында  мектеп  базасында 
кеңейтілген зерттеу жүргізу арқылы мектепті дамытуды жоспарлау мен желілік 
қоғамдастық аясында ынтымақтастық орнату мәселелеріне бағытталғанын айта 
отырып, сонымен қатар өзінің мектепті дамыту жоспарының жобасын, бағытын 
анықтап,  әріптестеріммен  кеңесудің  жоспарын  құрғанын  айтады.  Осыған 
байланысты  әріптестеріне  оқыту  мен  оқудың  тиімді  тәсілдерін  ұсына  отырып 
тізбектелген  сабақтар  топтамасын  жоспарлауда  осы  әдіс-тәсілдерді  енгізуді 
және  оны  сабақ  барысында  қолдану  арқылы  жүзеге  асыруды  ұсынады.  Сын 
тұрғысынан  оқыту  бағдарламасы  стратегиялардан  тұратындықтан,  оның 
бағдарламада  қолдануға  болатын  стратегиялары  өте  көп.  Бұл  стратегияларды 
мектептегі тәжірибе кезінде әріптестерінің тәжірибесінде өте аз екенін, дәстүрлі 
сабақ  қағидаттарын  ұстанатынын  анықтай  отырып,  бағдарлама  аясында 
қамтылған  жеті  модульді  сабақ  жоспарында  ықпалдастыруды,  құзыретті 
оқытудың  маңызды  факторын  ұсынатынын  айтқан.  Осыған  байланысты 
әріптестеріне оқыту мен оқудың тиімді тәсілдерін ұсына отырып тізбектелген 
сабақтар топтамасын жоспарлауда осы әдіс- тәсілдерді енгізуді және оны сабақ 
барысында қолдану арқылы жүзеге асыруды айтады.  
38 
 

Әйтеке  би  ауданы  Қарашатау  орта  мектебінің  шет  тілі  пәнінің  мұғалімі 
Әбішова Майра Елубайқызы «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды 
дамыту»  технологиясымен  жұмыс  жасау  кезінде  бұл  сабақтар  баланың 
танымдық белсенділігін арттыруға, өз бетінше білім алуға, шығармашылығын 
қалыптастыруға  ықпал  ететіндігін,  оқушылар  -  оқудың  қызықты,  ұжымды 
бірлесіп  жұмыс  жасауға  үйрететіндігін,  білімнің  тереңдігі  әрі  тиянақтылығын 
артатындығы  байқалады.  Бұл  стратегияларды  қолданудағы  міндеті  –  баланың 
өзіне  деген  шығармашылық  қабілетін  дамыту,  өзін  тұлға  ретінде  сезінетіндей 
мүмкіндік ашу. Өзін тұлға ретінде сезінген бала әрқашан өмірде өз жолын таба 
алады.  Осы  технология  мен  дәстүрлі  сабақтан  шығатын  нәтижені  мына  кесте 
арқылы  салыстыруға  болады:  Дәстүрлі  сабақтар  Мұғалімнің  әдістері 
Оқушының  іс-әрекеті  Тақырыпты  түсіндіреді.  Мазмұнын  айтып  береді. 
Кейіпкерлер  туралы  айтып  береді.  Кейіпкерге  мінездеме  береді.  Мәтіннің 
идеясын  анықтайды.  Оқулық  бойынша  мұғалімнің  түсіндіргенімен 
байланыстырып  айтады.  Мәтіннің  көркемдік  ерекшелігін  мысалдар  арқылы 
түсіндіреді.  Мәтіндегі  негізгі  сөздерді  тауып,  айтып  береді,  дәптерлеріне 
жазады.  Тақырыпқа  шығарма  жазуды  тапсырады.  Шығарма  жазады.  Сабақты 
қорыту  сұрақтары  жалпы  қойылады.  Жауап  береді.  RWCT  сабақтары 
Мұғалімнің  әдістері.  Оқушының  іс-әрекеті.  Топқа  бөліп,  ой  қозғайды. 
Ұжыммен  жұмыс  жасайды.  Тақырыпқа  қызықтырып  бағыттайды.  Мәтінмен 
өздері  танысады.  Мәтіндегі  ең  құнды  нәрсені  анықтауды  ұсынады.  Әр  түрлі 
әдістер  арқылы  мәтінді  зерттейді.  Кейіпкердің  ерекшеліктерін  тануға 
бағыттайды.  Жеке  кейіпкерлерді  талдайды,  өздерін  олардың  орнына  қойып, 
қарайды,  салыстырады.  Мәтіннің  тілдік  ерекшелігі  туралы  сұрақ  қояды.  Әр 
түрлі  әдістер  арқылы  шығарманың  негізгі  мазмұнын  анықтайды.  Өз  ойларын 
жазуды  ұсынады.  Ойларын  қорытып,  оны  қағаз  бетіне  түсіреді.  Ойларын 
қорытуға  бағыттайды.  Өз  тұжырымдамасын  жасайды.  Міне  осындай  жаңа 
технологияларды оқу-тәрбие үрдісінде пайдаланудың арқасында оқушылардың 
белсенділігі  артып,  жан-жақты  дамиды,  пәнге  деген  қызығушылықтары  арта 
түседі. Осындай жұмыстардың нәтижесінде бүгінгі күн талабына сай сауатты, 
білімді  де,  білікті  оқушыларды  тәрбиелеуге  болады.  Ол  үшін  ең  бастысы 
мұғалім үнемі ізденіс үстінде болуы керек.  
Әйтеке би  ауданыныдағы  Т.  Жүргенов  атындағы  орта мектептің  шет  тілі 
пәнінің мұғалімі Жұрамбаева Гүлжанат Хабибуллақызы сыни тұрғыдан ойлау - 
бақылаудың,  тәжірибенің,  ойлау  мен  талқылаудың  нәтижесінде  алынған 
ақпаратты  ойлауға,  бағалауға,  талдауға  және  синтездеуге  бағыттылған  пәндік 
шешім.сыни тұрғыдан ойлау көбінесе қарсы пікір айтуға, баламалы шешімдерді 
қабылдауға, ойлау және іс-әрекетімізге жаңа немесе түрлендірілген тәсілдерді 
енгізуге  дайын  болуға,  ұйымдастырылған  қоғамдық  әрекеттерге  және 
басқаларды  сыни  тұрғыдан  ойлауға  баулуды  білдіреді  деп  сипаттайды. 
Сабақтың  тақырыбы  бойынша  оқушылардың  пікірін  білу,  сыни  көзқарасын 
дамыту  мақсатында  «Миға  шабуыл»  әдісі,  «Екі  түрлі  түсініктеме  күнделігі» 
стратегиясы,  «Ассоциация»  әдісі,  «Кластер»,  Insert,  Блум  таксономиясын  өз 
сабағында  жиі  қолданады.  Сын  тұрғысынан  ойлауды  сабағына  енгізгенде 
39 
 

оқушыларында  біршама  өзгерістер  болғанын  анықтаған:  Ағылшын  тілінен 
сөздік қорларын молайтты; Ойларын еркін жеткізуге тырысты; Топпен бірлесе 
жұмыс жасауға үйренді; Сыни көзқарастары өзгерді.  
Ақтөбе  қаласының  №47  орта  мектебінің  шет  тілі  пәнінің  мұғалімі 
Жұбатова  Заура  Жайлаубайқызы  СТО  технологиясын  білім  жүйесінің  барлық 
салаларында  тиімді  қолдана  отырып  өмірде  пайдалана  алу.  Оқушылардың 
өзбетінше  іздене  отырып  білім  алуына  дағдыландыратыны  айтады.  Мақсаты: 
білімді  жүйелеу  арқылы  оқушының  сыни  тұрғыдан  ойлау  қабілетін  дамыта 
отыра  өзіндік  көз  қарасын  пайымдауын  қалыптастырады.  Тиімділігі:  сапалы 
білім  алудың  және  оны  өмірде  қолдана  білудің  басты  құралы.  Оқушылардың 
алған білімдерін одан әрі дамыта отырып, шығармашылық , ізденгіштік қасиет 
қалыптастыру,  көшбасшылыққа,  өз  ойын  ашық  айта  алатын  жеке  тұлға 
дайындалады.  Оқушының  сыни  тұрғыдан  тұрғыдан  ойлауын  қалыптастыра 
отырып өмірге бейімділігін аттырады.  
Темір  ауданының Шұбарқұдық орта мектебінің  шет  тілі  пәнінің мұғалімі 
Тлепина  Жанат  Нурадиновна  «Сыни  тұрғыдан  ойлауға  үйрету»  модулін 
басшылыққа  ала  отырып  сабағын  ЖИГСО  әдісі  бойынша  өткізгенін. 
Оқушыларға үш бөлімнен тұратын жаңа тақырып бойынша мәтін беріледі. Ең 
алдымен оқушылар берілген тақырыпты өз бетінше меңгеріп, кейін басқа топ 
ішінде түсінбеген жерлерін толықтырып, талқылайды. Осы ретте оқушылардың 
өз  бетінше  тақырыпты  толық  меңгергендігі  байқалды.  Содан  кейін  алған 
білімдерін  ассоциация  әдісі  бойынша  постерге  түсіріп  топ  ішінен  екі  оқушы 
шығып  қорғады.  Топқа  бөліп  тапсырмаларды  оқушыларға  өз  бетінше  игеруге 
берген  мақсаты  –  оқушылардың  бойындағы  дарындылық  мен  талантын  ашу 
болып  табылады.  Сонымен  қатар  осы  сабақта  оқушылар  деңгейлік 
тапсырмаларды  орындауда  бірінші  және  екінші  деңгейдегі  тапсырмаларды 
орындаған.  Бұл  тапсырмаларды  орындауда  оқушылардың  деңгейі  анықталып, 
дарынды  және  талантты  балалар  анықталады.  Сабақта  АКТ  қолдану,  түрлі 
тапсырмаларды  слайдтар  арқылы  беру  оқушылардың  сабаққа  деген 
қызығушылығы артады, компьютермен жұмыс жасауды үйренеді. Нәтижесінде 
осы  жобамен  жұмыс  жасау  барысында  мұғалім  оқушының  өзін  ізденуге 
жетелейді,  ойлауға  үйретеді.  Педагогикалық  технология  оқушылардың  жеке 
басын  дамыту  мен  білім  беру  мақсатына  жету  жолындағы  педагогикалық 
қызметінің,  іс-әрекетінің  жүйелі  дамып,  отыратын  жобасы  ретінде  оқушы 
белсенділігін  арттыруды  көздейді.  Ал,  оқушы  белcенділігінің  артуы  оны 
шығармашылыққа жетелейді. Шығармашылық қабілет әр баланың табиғатында 
болуы  мүмкін.  Мұғалімнің  міндеті  –  оқушыға  оның  бойында  жасырынып 
жатқан мүмкіндіктерін ашып көрсету екендігін айтады.  
Шалқар  қаласының  №4  орта  мектебінің  шет  тілі  пәнінің  мұғалімі 
Жиенбаева  Ләззат  Абдрахманқызы  оқушылардың  сын  тұрғысынан  ойлауын 
дамытуға,  проблемаларды  зерделеу,  шешімдерін  жекелей  және  топтарда 
қабылдауға бағытталған заманауи білім беру бағдарламасы Эдвард Глейзердің 
сын  тұрғысынан  ойлау  қабілеттілігі  жөніндегі  үш  элементке  сүйенеді.  Олар: 
Проблемаларды шешу кезінде өзінің тәжірибесін қалыптастыру өрісіне кіретін 
40 
 

ойлау үдерісін жүзеге асыру; логикалық зерттеу мен ой жүгірту әдістерін білу; 
Осы  әдістерді  қолданудағы  тәжірибелік  дағдылар.  Сыни  ойлауды  дамыту 
технологиясында  мұғалімге  ең  бастысы-  оқу  үдерісін  басқару.  Оқушы  бұрын 
ақпарат  алушы  болса,  ол  енді  серіктеске,  яғни  белсенді  ізденушіге  айналды. 
Сабақ  үрдісінде  сыни  ойлауды  дамыту  педагогикалық  технологиясы  - 
оқушының  өз  бетімен  оқу,  өзін-өзі  тәрбиелеу,  өздігінен  дамуын  қамтамасыз 
етеді. Бұл технология проблеманы шешу жолын табатын, басқалармен қарым-
қатынас  жасай  алатын,  басқаларды  тыңдай  білетін  еліміздің  саналы 
азаматтарын  даярлауға  көмектесетінін  айтады.  Үш  кезеңнен  тұратын 
сабақтарды  өткізуде  оқушылармен  серіктес  бола  отырып,  жеті  модуль 
идеяларын  қолдану  арқылы,  бастапқы  идеядан  өзге  идеяны  өрістете 
байланыстыратын  және  сол  идеяларды  өздері  құрастырып,  жандандыра 
алатындай  етіп  жинақтап,  толықтырып,  тереңдете  алатын  оқушыларды 
даярлаған. Оқу мен оқыту үрдісінде сыни тұрғыдан ойлау технологиясын соңғы 
үш  жылда  жүйелі  түрде  колдану  нәтижесінде  жақсы  көрсеткіштерге  қол 
жеткізді.  Біріншіден,  оқушылармен  арада  сенім  мен  ынтымақтастық  қарым-
қатынас қалыптасты. Білім сапасы 76% -79% - 81% өсті. Оқушылары облыстық 
ғылыми  жоба  сайысына,  «Инфоурок»  сайтында  ағылшын  тілінде  өткен 
Халықаралық, Аудандық пәндік олимпиадаларға қатысып жүлделі орындарды 
иеленді.  Сонымен  қатар  осы  технология  нәтижесінде  өзі  де  облыстық 
«Инновация-2015»  сайысында  Бас  жүлде,  ағылшын  тіліндегі  «Шекспир 
шығармашылығы-ағылшын  әдебиетінің  биік  шыңы»  эсселер  сайысында  III 
орын алған. Сонымен қатар шығармашылық жұмыстарын жинақтап, «We learn 
English
» электрондық ортасын облыстық ғылыми-тәжірибелік орталық арқылы 
таратқанын айтады.  
Шалқар  қаласы  №2  мектеп-гимназиясының  шет  тілі  пәнінің  мұғалімі 
Тұралина  Салтанат  Әлімқұлқызы  оқушылардың  шығармашылық  қабілеттерін 
дамытып,  алған  білімдерін  сыни  тұрғыдан  сараптап,  өмірлік  азық  ете 
білуге,пайдалана  білуге  үйрететінін.  Нәтижесінде  сын  тұрғысынан  ойлау 
технологиясымен  жұмыс  істеу  кезінде  оқушылар  басынан  бастап,  қызықты 
танымдық  әрекеттерге  араласа  алады.  Жаңа  сабақ  барысында  қосымша 
қызықты материалдарды ұсынуға, көлемді қиын тақырыптарды тірек-сызбалар 
арқылы  жеткізуге,  өзінің  жаңа  идеяларын  әсерлі,  тартымды  етіп  көрсетуге 
талпынады. Топпен, жекелей жұмыс жасауға зор ықпалын тигізетінін байқаған. 
Бұл  технологияны  қолдану  кезінде  әр  мұғалім  әрдайым  өз  бетінше  дамып, 
нәтижеге  қол  жеткізетіндей  жұмыс  жасауы  керек,  ол  үшін  ізденіп,  өзара 
тәжірибе алмасып, әдістемелік көмек алып тұруы қажет екенін айтады.  
Ақтөбе  қаласының  №  39  жалпы  білім  беретін  қазақ  орта  мектебінің  шет 
тілі  пәнінің  мұғалімі  Кулганатова  Эленора  Маратқызының  пайымдауынша, 
сыни  ойлауды  дамыту  технологиясының  дәстүрлі  оқытудан  басты 
айырмашылығы  –  білімнің  дайын  күйінде  берілмеуі.  Жеке,  топтық  жұмыстар 
әзірлеу,  эссе,  бақылау  жұмыстары,  әртүрлі  кесте,  модельдер  жасап  қорғау, 
дискуссия, пікір алмасулар сияқты танымдық-рефлексиялық әрекеттер арқылы 
оқушылар  өздері  үшін  маңызды  болған  мәселелерден  туындайды.  Сыни 
41 
 

тұрғыдан  ойлау  –  бұл  біздің  ғасырда  дамуымызға  мүмкіндік  беретін  ерекше 
қабілет. Екіншіден, ақпарат сыни тұрғыдан ойлаудың соңғы емес, жіберілетін 
пункті болып табылады. Білім адамның сыни ойлауы онсыз мүмкін болмайтын 
дәлелдемелерді  туғызады.  Терең  ойлау  үшін  фактілер  мен  идеялар,  мәтіндер 
мен теориялар, мәліметтер мен концепциялар секілді көптеген «шикізаттарды» 
ақпараттарды өңдеу керек болады. Үшіншіден, сыни тұрғыдан ойлау сұрақтар 
қойып,  шешімін  табуды  қажет  ететін  мәселені  анықтаудан  басталады. 
Төртіншіден, сыни тұрғыдан ойлау көңілге қонымды дәлелге ұмтылады. Сыни 
тұрғыдан  ойлайтын  адам  мәселені  шешудің  жолын  өзі  іздеп  табады  да,  сол 
шешімдерді негізі бар, саналы дәлелдермен нақтылай түседі, Сонымен қатар ол 
сол мәселені шешудің басқа да жолдарының бар екендігін мойындайды да, өзі 
таңдап  алған  жолдың  басқаларға  қарағанда  ақылға  қонымды  екендігін 
дәлелдеуге  тырысады.  Бесіншіден,  сыни  тұрғыдан  ойлау  әлеуметтік  ойлау 
болып табылады. Барлық ойлар ортаға салынғанда тексеріліп, өткірлене түседі 
деп  сипаттайды.  Бесіншіден,  сыни  тұрғыдан  ойлау  әлеуметтік  ойлау  болып 
табылады.  
Басқалармен таласып оқығанда, талқылап, қарсы пікір айтқанда немесе ой 
бөліскенде біз өз көзқарасымызды дәлелдеп, оған терең бойлай түсеміз. Сонда 
ғана  алған  ақпаратымыз  сыни  тұрғыдан  ой  елегінен  өткен  дәлелді,  ойға 
қонымды  болып  табылады.  Сыни  тұрғыдан  ойлау  технологиясын  қолдану 
оқушылардың  ақпараттылық  құзыреттілігін  дамытуда  басты  құрал  болып 
табылады.  Ақпараттық  құзыреттілік  Сыни  тұрғыдан  ұсынылған  ақпараттар 
негізінде саналы шешім қабылдауға; Ақпараттарды өз бетімен табуға, талдауға, 
іріктеу жасауға, қайта құруға, сақтауға, түрлендіруге және тасымалдауға, соның 
ішінде  қазіргі  заманғы  ақпараттық  –  коммуникациялық  технологиялардың 
көмегімен  аталған  жұмыстарды  жүзеге  асыруға;  Логикалық  операцияларды 
(талдау,  жинақтау,  жалпылау,  құрылымдау,  тікелей  және  жанама  дәлелдеу, 
аналогия  бойынша  дәлелдеу,  моделдеу,  ойша  эксперименттеу,  материалдарды 
жүйелеу)  қолдана  отырып,  ақпараттарды  өңдеуге;  Өзінің  оқу  қызметін 
жоспарлау және жүзеге асыру үшін ақпараттарды қолдануға мүмкіндік береді.  
Ақтөбе  қаласының  №45  орта  мектебінің  шет  тілі  пәнінің  мұғалімі 
Табанова  Мөлдір  Ерболатқызы  сындарлы  оқыту  теориясын-дәстүрлі  оқыту 
теориясымен салыстырмалы түрде қарайтын болсақ, дәстүрлі оқытуда мұғалім 
білімді дайын күйінде беретін болса, сындарлы оқытуда оқушы өзінің белсенді 
әрекеттерімен  өз  бетінше  алады  деп  пайымдайды.  Нәтижесінде  оқушылардың 
да бұл жұмысты дұрыс ұйымдастырған жағдайда өз даму деңгейіне сәйкес ойы 
шындалып, білімі артып, белгілі бір жетістіктерге жетері анық. Көп ақпаратты 
талдай,  талқылай,  жинақтай  отырып  ішінен  қажеттісін  алуға  үйренеді.  Бұл 
технологиямен жұмысқа дейінгі және кейінгі кезеңін салыстыру оқушылардың 
оқуға  деген  ынтасының  артқандығын,  адамгершілік  қасиеттерінің 
қалыптасқандығын  атап  кетуге  болады.  Оқушыларды  сыни  тұрғыдан  ойлауға 
үйрету  үшін  сабақтар  барысында  түрлі  тәсілдерді  қолдануды  көздеді.  Жаңа 
сабақ  тақырыбын  аша  алады  және  жаңа  сабақтың  мақсатын  айқындай  алады. 
Топтық  жұмыс  кезінде  жұмыс  үрдісіне  байланысты  міндеті:  оқушылар  өз 
42 
 

ойларын  ортаға  сала  отырып,  бір-бірімен  пікірлеседі,  ортақ  қорытынды 
шығарады,  бірлесе  отырып  тақырыптың  түсініксіз  жерлерін  айқындайды,  топ 
мүшелерінің  сұрақтарына  жауап  береді,  қорытынды  шығарып  өз  пікірін 
дәлелдейді. Топтық жұмыстың тәрбиелік мәні өте көп: өзара құрмет тудырады, 
басқаның пікірін сыйлауға, сөзін бөлмеуге дағдыланады, өздері бірлесіп құрған 
ережеге  бағынуға  қалыптасады.  Әрбір  әдіс  оқушылардың  ойлауына  және 
қиялына  негізделіп  келеді.  Баланың  ойын  дамытып,  оларды  еркін  сөйлеуге, 
пікірін  дәлелдеуге,  жұмысын  қорғауға  үйретеді.  Оқушыларға  өзінің  оқуын 
жақсарту  үшін  кері  байланыс  арқылы  алынған  ақпаратқа  сәйкес  жұмыс  істеу 
қажет. Бұл олардан түсінушілікпен, қызығушылықпен және ықыласпен әрекет 
етуді қажет етеді.  
Осы  мектептің  шет  тілі пәнінің  мұғалімі  Баймұқанова  Ләззат  Маратқызы 
Күнделікті сабақ барысында мұғалім оқушыларды сыни ойландыратын жаңаша 
әдіс түрлерін қолдана білуі сыныпта оқушылардың танымдық шығармашылық 
қарым-қатынас құзіреттілігін және пәнге деген қызығушылығын арттыруға жол 
ашады деп сипаттайды. Сонымен қатар оқушылардың білім деңгейін көтеруде, 
балаларды  шығармашылыққа  баулуда,  ойларын  еркін,  тез  арада  дұрыс 
шешімдер  табуға,  жағдаяттан  шыға  білуге,  өмірлік  көзқарастарын 
қалыптастыруға  атсалысатын  бірден-бір  тиімді  бағдарлама.  Оқушылардың  да 
бұл  жұмысты  дұрыс  ұйымдастырған  жағдайда  өз  даму  деңгейіне  сәйкес  ойы 
шындалып, білімі артып, белгілі бір жетістіктерге жетері анық. Көп ақпаратты 
талдай,  талқылай,  жинақтай  отырып  ішінен  қажеттісін  алуға  үйренеді.  Бұл 
жобамен жұмысқа дейінгі және кейінгі кезеңін салыстыру оқушылардың оқуға 
деген ынтасының артқандығын, адамгершілік қасиеттерінің қалыптасқандығын 
байқаған.  Оқушыларды  сыни  тұрғыдан  ойлауға  үйрету  үшін  сабақтар 
барысында  түрлі  тәсілдерді  қолданған.  Нәтижесінде  оқушы  жаңа  сабақ 
тақырыбын аша алады және жаңа сабақтың мақсатын айқындай алады. Топтық 
жұмыс  кезінде  жұмыс  үрдісіне  байланысты  міндеті:  оқушылар  өз  ойларын 
ортаға  сала  отырып,  бір-бірімен  пікірлеседі,  ортақ  қорытынды  шығарады, 
бірлесе отырып тақырыптың түсініксіз жерлерін айқындайды, топ мүшелерінің 
сұрақтарына жауап береді, қорытынды шығарып өз пікірін дәлелдейді. Топтық 
жұмыстың  тәрбиелік  мәні  өте  көп:  өзара  құрмет  тудырады,  басқаның  пікірін 
сыйлауға,  сөзін  бөлмеуге  дағдыланады,  өздері  бірлесіп  құрған  ережеге 
бағынуға  қалыптасады.  Әрбір  әдіс  оқушылардың  ойлауына  және  қиялына 
негізделіп  келеді.  Баланың  ойын  дамытып,  оларды  еркін  сөйлеуге,  пікірін 
дәлелдеуге,  жұмысын  қорғауға  үйретеді.  Жалпы  сыни  тұрғыдан  ойлайтын 
оқушылар белсенді болады, олар сұрақ қойып, дәлелдерді талдайды, мағынаны 
анықтау  үшін  саналы  түрде  стратегиялар  қолданады;  олар  ауызша,  жазбаша, 
көзбен  шолу  дәлелдеріне  сенімсіздікпен  қарай  отырып,  ештеңеге  сенбейді, 
мұндай  адамдар  жаңашыл  идеялар  мен  келешекке  ашық  болатынын  айтады. 
Сабақ үдерісінде бағаны мен ғана емес оқушылардың да өз жұмысын бағалап 
отырса  білім  алуға  деген  ынтасы,  талпынысы,  қызығушылығы  артатын.  Білім 
алушылар  өз  білімін  арттыруы  үшін,  бағалауды  үйренуі  қажет.  Сондықтан 
оқушыларға  өзінің  оқуын  жақсарту  үшін  кері  байланыс  арқылы  алынған 
43 
 

ақпаратқа  сәйкес  жұмыс  істеу  қажет.  Бұл  олардан  түсінушілікті, 
қызығушылықты  және  ықыласпен  әрекет  етуді  қажет  етеді  деген 
ұсынысын білдірген.  
Шалқар қаласының №2 мектеп- гимназиясының шет тілі пәнінің мұғалімі 
бұл технологияны оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытып, алған 
білімдерін  сыни  тұрғыдан  сараптап,  өмірлік  азық  ете  білуге,пайдалана  білуге 
үйретеді  деп  сипаттайды.  Нәтижесінде  сын  тұрғысынан  ойлау 
технологиясымен  жұмыс  істеу  кезінде  оқушылар  басынан  бастап,  қызықты 
танымдық  әрекеттерге  араласа  алады.  Жаңа  сабақ  барысында  қосымша 
қызықты материалдарды ұсынуға, көлемді қиын тақырыптарды тірек-сызбалар 
арқылы  жеткізуге,  өзінің  жаңа  идеяларын  әсерлі,  тартымды  етіп  көрсетуге 
талпынады.  Топпен,  жекелей  жұмыс  жасауға  зор  ықпалын  тигізеді.  Сын 
тұрғысынан  ойлау  технологиясын  қолдану  кезінде  әр  мұғалім  әрдайым  өз 
бетінше  дамып,  нәтижеге  қол  жеткізетіндей  жұмыс  жасауы  керек,  ол  үшін 
ізденіп,  өзара  тәжірибе  алмасып,  әдістемелік  көмек  алып  тұруы  қажет  деген 
ұсынысын білдіреді.  
Алға  ауданының  Бестамақ  орта  мектебінің  тарих  пәні  мұғалімі  Исенова 
Сұлушаш  Ихсанқызы,  Аққалиева  Жеңісгүл  Маратқызы  сыни  ойлау 
технологиясы  сыни  ойлаудың  дамуын  қамтамасыз  етуші  өлшемдер  ретінде 
когнитивті  дағдылар  және  стратегиялар  қолдану  қалаған  нәтижені  алу 
ықтималдығын күшейтетінің анықтайды. Бұл әдіс білім мазмұнын алмастыруға 
өз  үлесін  қосуға  шақырады  деп  пайымдайды.  Технологияның  мәні 
қабылданатын  ақпараттың  көлемін  ой  тарқатуға  бұруда  және  өзіндік  сынау 
тұрғысындағы  өзіндік  рефлексивті  ойлауды  дамытуда  және  жай  ғана  дайын 
білімді  қолдануды  емес,  тапсырмаларды  шешуді  үйрету  арқылы  ақпаратпен 
жұмыс  жасау  қабілеттерін  саналылықпен,  жаңа  әдістермен  әр  түрлі 
талаптармен  шындауға  үйрету.  Аталған  технологияны  болашақта 
оқушылардың  ой-өрісін  дамытуға,  алған  білімін  өмірмен  байланыстыруға 
септігін тигізетіндігін айтады.  
Ақтөбе  қаласының

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет