ОҚытудың педагогикалық технологиялары: ТӘжірибе, инновациялар, енгізу



Pdf көрінісі
бет5/28
Дата29.01.2017
өлшемі2,84 Mb.
#2946
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28
  №10  жалпы  білім  беретін  орта  мектебінің  тарих  пәні 
мұғалімі  Айбасова  Айгерім  Ерқосаевна:  1)  ең  төменгі  деңгей  –  бұл 
білімдеңгейі.  Оқыту  –  есте  сақтауға,  жаттауға,  тануға,  еске  түсіруге 
бағытталады; 2) одан кейінгі деңгей түсіну, таным мақсаты – мазмұнын айту, 
ақпаратты бір күйден екінші күйге аудару, өз сөзімен жеткізіп айту; 3) қолдану 
деңгейінде мәселені шешу, нәтиже алу үшін ақпаратты қолдану мақсаты болып 
табылады; 4) талдау деңгейінде – бөліктерге бөлу арқылы тұтас нәрсені көру, 
қатысымдықтың  ішкі  құрылымын  табу,  себептерін  анықтау;  5)  синтез 
деңгейінде – ауызша немесе нақты пән ретінде өзіндік, ерекше туынды жасау; 
6)  ең  жоғарғы  деңгей  бағалау  деңгейінде  –  бағалау  шешімдері  қабылданады, 
қарама-қайшы  немесе  әртүрлі  көзқарастар  шешіледі.  Талабына  сай  баланың 
психологиялық  ерекшеліктері  мен  табиғи  қабілеттерін  ескере  отырып,  жаңа 
технологиялық  әдіс-тәсілдерді  тиімді  қолдана  отырып,  балалардың  сабаққа 
ынта-ықыласын  арттыру,  ой-өрісін,  логикалық  ойлау  дәрежесін  кеңейту 
арқылы  шығармашылық  қабілетін  арттыру,  экономикалық,  экологиялық, 
44 
 

эстетикалық,  халықтық  педагогикалық  тәрбие  беру.  Осы  жұмыстарды 
ұйымдастыру  барысында  мұғалім  үшін  ең  бастысы  сабаққа  лайықты  әдіс-
тәсілдерді дұрыс таңдау екенін айтады.  
Ақтөбе  қаласының  №55  жалпы  орта  білім  беретін  мектептің  химия  пәні 
мұғалімі Ырғызбаева Сәндігүл Пірәліқызының жаңа, әрі пайдалы ізденістерінің 
бірі  –  химия  сабағында  қолданылып  жүрген  «Сыни  тұрғысынан  ойлау» 
технологиясы.  Технология  18  елдің  тәжірибесіне  енгізілген.  Бұл  технология 
оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттырады, ойлау белсенділігін, 
тапқырлығын,  өзіне  деген  сенімділігін,  іскерлік  дағдысын  қалыптастырады. 
Сыни  тұрғысынан  ойлау  технологиясы  бойынша  сабақ  құрылымы 
қызығушылықты ояту, мағынаны ажырату, ой толғаныс кезеңдерінен тұрып, әр 
кезеңдегі  тәрбиелік  және  оқу  мақсаттары  әр  түрлі  стратегияларды  қолдана 
отырып,  алға  мақсат  қою,  мәселені  зерттеу,  жауап  іздеу,  оқушылардың  өз 
ойларын  ашық  айта  білуге  тәрбиелейді.  Сабақта  қолданылатын  СТО 
стратегиялары  туралы:  Миға  шабуыл  стратегиясы  –  бұл  ұжымдық  талқылау, 
мәселенің  шешімін  іздеуде  қолданылатын  тиімді  әдіс.  Қандайда  бір 
проблеманы  әр  мүшенің  пікірін  еркін  тыңдау  арқылы  шешу.  Бұл  әдіс  жеке 
тұлғаны  қалыптастырудағы  маңызды  әдістердің  бірі.  Миға  шабуыл 
стратегиясының  өзіндік  ережесін  сақтап,  дұрыс  пайдаланса  оқушының 
стандарты  емес  шығармашыл  ойлауын  жақсы  дамытады.  Миға  шабуыл 
стратегиясының  қағидасы  қиын  емес.  Мұғалім  топ  құрады  да,  қандай  да  бір 
проблеманың  шешімін  табуды  өтінесіз  (айтасыз).  Барлық  оқушылар  өз 
пікірлерін  айта  бастағанда,  ешкім  оның  ойын  бөліп,  өз  пікірін  айта  алмайды 
және бағаланбайды. Іс-тәжірибеден байқағанда бірнеше минут ішінде көптеген 
пікірлер яғни шешімдер табуға болады. Бұл жерде пікірдің көптігі мақсат емес, 
ол тек нақты саналы шешім қабылдауға негіз болады.  
Қағидалары: Ұсынылған пікір бағаланбайды, сыналмайды; Жұмыс пікірдің 
сапасына емес санына бағытталған (неғұрлым пікір көп болса, соғұрлым нақты 
шешім қабылдауға таңдау болады); Барлық пікірлер «бір ауыз сөзбен» жазылып 
отырғаны  жақсы;  Белгіленген  уақыт  сақталуы  тиіс.  ДЖИКСО  стратегиясы  – 
ұжымдық оқыту әдісі. Мақсаты: жалпы мәселені алдымен жұпта сосын ұжымда 
талқылау. Қолданылуы: Алдымен сынып 4 топқа бөлініп отырады, бұл жұмыс 
немесе бастапқы топтар деп аталады. Мәтін немесе тапсырма 4 бөлікке бөлініп 
дайындалады. Бірдей мәтін бөлігін алған оқушылар енді эксперт немесе жанұя 
топтарын  құрады,  яғни  эксперт  топтар  басқа  топ  құрады,  мәтіннің  бірдей 
бөліктерін  талдайды.  Төрт  логикалық  бөлікке  бөлінген  мәтіннің  1-ші  бөлігін 
бірінші,  2-ші  бөлігін  екінші,  3-ші  бөлігін  үшінші,  4,  5-  бөліктерін  -  төртінші 
және  бесінші  топқа  бөлінетін  оқушылар  алады.  Бастамас  бұрын  бастапқы 
топтардағы  мәтінді  мұқият  меңгеру  қажет,  себебі  жанұя  топтарға  түсіндіруге 
жауапты  екенін  түсіну  керек.  Келесі  кезекте  бастапқы  топтар  қайта  табысып, 
үйреніп  келген  бөліктерінің  мазмұнын  ортаға  салады.  Осылайша  ұжым 
мүшелері  бірін-бірі  оқытуға,  сол  арқылы  ойлануға  үйренеді.  ДЖИКСО 
стратегиясының тақырыптың мазмұнын жақсы меңгеру, оқығанды есте сақтау 
үшін  тиімді  әдіс.  Оны  мынадай  кескін  бойынша  түсінуге  болады.  İNSERT 
45 
 

немесе  түртіп  алу  стратегиясы  -  түртіп  алу  әдісі.  Қолдарына  қарындаш  алып, 
«v»- 
білемін, «+» - білмеймін, «-» - мен үшін жаңа білім (ақпарат), «?» – мені 
таң  қалдырды  -  деген  белгілерді  қойып  отырып  мәтіннің  мазмұнын  түсінеді. 
Бұл  әдіс  –  оқығанын  саналы  түсінуге,  өз  ойын  басшылыққа  алуға,  ойын 
білдіруге  үйрететін  ұтымды  әдіс.Оқушылар  білгендерін  анықтап, 
білмейтіндерін  сұрауға  әзірленеді.  Бұл  әрекет  арқылы  жаңаны  түсіну  үшін, 
бұрынғы  білетіндерімен  жаңа  материалды  байланыстыруға  дағдыланады. 
Арнайы кесте толтырылады.  
Куббизм  стратегиясы  –  ойын  арқылы  оқыту.  Кубиктің  алты  жағына 
жазылған  сөздер  бойынша  жұмыс  жасайды.  Қандай  да  бір  затты  жан-жақты 
талдайды, талқылайды, сол арқылы білімдерін қайталайды, жаңа білім қосады. 
Мысалы: Сипатта (түрі, түсі, көлемі). Салыстыр (ұқсастығы, айырмашылығы). 
Ұсын (қалай, қай жерде пайдаланылады?). Дәлелде (қарсы және қарсы емеспін). 
Талда  (қалай  жасалған,  неден  тұрады?).  Ой  толғау  (бұл  неден  жасалған?). 
Кубикпен жұпта немесе топта жұмыс жасайды. Sinkuein немесе бес жолды өлең 
стратегиясы  –  оқушы  берілген  тапсырма  бойынша  өлең  құрастырады.  Бес 
жолды  өлеңді  құрудың  ережесі  мынадай:  бірінші  жолда  1  зат  есім,  екінші 
жолда  2  сын  есім,  үшінші  жолда  3  етістік,  төртінші  жолда  4  сөзден  тұратын 
сөйлем яғни ойды түйіндеу, бесінші жолда тақырыпқа байланысты 1 синоним 
сөз  жазылады.  Мысалы:  Не?  –  Темір.  Қандай?  –  Жылтыр,  сұр.  Не  істеді?  – 
Таттанады, магниттеледі. Түйін – Шаруашылықта көп қолданылады. Синоним 
– 
Металл. Келесі Венн диаграммасы стратегиясы. Бұл стратегияның мақсаты – 
салыстыру,  пайымдау.  Екі  зат  немесе  мезгілдің  (объектінің)  айырмашылығы 
мен  ұқсастығы  жазылады.  Бір  біріне  айқасқан  екі  немесе  үш  шеңбер  (тек 
шеңбер  ғана  болу  керек  деген  қате  түсінік)  сызылады.  Екі  жағына 
салыстырылады, ал айқасқан жеріне ортақ қасиеті жазылады. Мысалы: металл 
мен  бейметалл,  оттегі  мен  озон,  алкан  мен  алкенді  және  т.б.  заттарды 
салыстыруға  болады.  Оқушылардың  ойлары  аршылып,  салыстыру  сияқты 
күрделі операция жүзеге асады.  
Блум таксаномиясы, сұрақтар стратегиясы. Блум сұрақтарды екіге бөледі. 
Олар жалпақ және жіңішке сұрақтар. Сұрақтар тізімі алдын ала жасалуы тиіс. 
Алдымен жіңішке сұрақтар, сосын жалпақ сұрақтар кетеді. Жіңішке сұрақтар – 
еске түсіруге арналған сұрақтар, жауабы нақты цифрмен немесе ия, жоқ деген 
жауап  алынатын  сұрақтар.  Мысалы:  судың  қатты  күйі  (мұз),  (ия);  -озонның 
формуласы  –О
3

(ия).  Жалпақ  сұрақтар  –  сұрақтың  жауабына  толық  әрі 
түсіндіре  отырып  жауап  беріледі.  Жалпақ  сұрақтарды  екінші  деңгейдегі 
сұрақтар дейді. Сұрақтың бұл түріне сөзбен ғана емес, басқа формаларда жауап 
беруге  болады.  Мысалы:  Химиялық  реакция  теңдеуі  арқылы  немесе 
тәжірибелер  арқылы  жауап  беруге  болады.  Неліктен  алкендерге  қосылу 
реакциялары  тән  болатынын  түсіндіріңдер?  Құрамындағы  еселі  байланысы 
болғандықтан, реакцияға түскіш. Алкендердің қос байланысын бромды су мен 
перманганат ерітіндісінің түссізденуі арқылы анықтауға болады.  
Т-кестесі  стратегиясы:  мақсаты:  қарама-қарсы  нәрселерді,  сөздерді  тере 
білу.  Бұл  жұмыста  салыстыру,  салыстыра  отырып  топтастыру  сияқты 
46 
 

процестер  жүзеге  асады.  Оқушылардың  ойлау  қабілетін,  есте  сақтау 
қабілеттерін  дамытады.  Т  кестесін  тақырыпты  ашарда  пайдаланылса,  жаңа 
материалды  түсінуге  дайындық  болады.  Бұл  стратегия  жұпта,  топта,  жеке  де 
орындала береді. Іс – тәжірибеде үй тапсырмасына да беріліп жүр. Топтастыру 
немесе  кластер  стратегиясы  –  ойды  жинақтау,  ми  қыртысында  сәулеленген 
ойларды  топтастыру,  ассосациялау.  Бұл  стратегия  топпен  де  жұппен  де 
орындала  береді.  Сабақтың  әр  кезеңіне  де  қолайлы.  БББ  немесе  маркировка 
кестесі  стратегиясы  –  «БББ»  -  білемін,  білдім,  білгім  келеді  деген  сөздерден 
алынған.  Бұл  кестеде  үш  бөлік  бар.  Әр  бөлікті  мәтінді,  не  тақырыпты  оқып 
отырып,  толтыра  отырады.  Негізгі  қойылатын  талап  –  оқушылардағы  ойлар, 
тезистер, фактілер дәл сол күйінде көшірілмейді, өз ойымен жазылады. Бұл әдіс 
мұғалімге  әр  оқушыны  бақылауға,  оған  сабақ  соңында  баға  қоюға  мүмкіндік 
береді.  Мүмкін  болса  кесте  сабақ  үстінде  толтырылады.  Ал,  үлгермеген 
жағдайда әр бөлікке бір, екі ой жазылу керек. Толықтыруға үйге беруге болады. 
Білемін. Білдім. Білгім келеді.  
ЭССЕ  немесе  ой  толғаныс  стратегиясы  –  тақырыпқа  сай  оқушы  өз  ойын 
қорыта және жинақтай отырып, ой-толғанысын жазады. Оқушы өз бетімен жеке 
жұмыс  жүргізеді.  Эссені  5-10  минут  ішінде  тоқтамай  жазады.  Мұғалім  де 
отырып жазуына болады. Бұл әдісте оқушы бала өз ойын еркін жеткізе білетін 
болады.  Шығармашылықпен  жұмыс  істеп,  сөздік  қоры  дамиды.  Іс-тәжірибе 
көрсеткендей  СТО  –  технологиясын  қолданып  жүрген  сыныптың 
оқушыларының даму деңгейі жоғары болады, өзін ортада еркін ұстайды, жеке 
тұлға  ретінде  сезінеді.  Өзіндік  «Мені»  дамиды.  Оқушының  ойлау  қабілеті 
дамыған  сайын,  оқушы  бойында  төрт  параметр  көрсеткіші  өседі:  Жекеден 
жалпыға;  Дифференциалдықтан  сенімділікке;  Интуициядан  логикаға;  Бір 
перспективадан көп перспективаға қарай дамиды.  
Әйтеке би ауданы Северная орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Шолакова 
Раиса  Бабайқызы  сыни  ойлауды  дамыту  технологиясы  танымдық  қажеттілікті 
қанағаттандырып  қана  қоймайды,  өзін-өзі  тануды  да  үйретеді.  Оқушылар 
өздерінің білімдеріне сенімді болған кезде шығармашылықпен жұмыс жасайды. 
Нәтижесінде  сыни  ойлауды  дамытатын  технологияны  сабақтарды  қолдану 
оқушыларды тиімді оқытуға мүмкіндік береді. Оқушылар оқу процесінде нақты 
және шынайы мақсаттан оқу процесін өздері құрастырады, өзінің даму бағытын 
өзі  бақылайды.  Ойлауға  икемді  болады,  жаңа  ақпаратты  қабылдауға  қабілетті 
болады,  жаңа  білімді  бұрыңғы  біліммен  сәтті  байланыстыра  алады.  Сабақ 
оқыту процесі ғана болып қоймайды, оқушылардың өздерінің таным процесін 
зерттеуіне  мазмұнды  өздері  оқып  түсінуге  мүмкіндік  береді.  Бұл  технология 
білім алуға, өмір сүруге үйретеді және ХХІ ғасырда білім берудің мақсаттары 
мен  міндеттеріне  сай  келеді.  Оқу  мен  жазу  арқылы  сыни  тұрғыдан  ойлауды 
дамыту технологиясын қолдану үшін түрлі әдістемелік әдіс-тәсілдерді сабақты 
жүргізу  барысында  қолдануға  болады.  Мысалы,  «Үш  түрлі  күнделік»  әдісі, 
оқушылар  бұл  әдісті  қолдану  кезінде  ақпаратты  терең  меңгереді,  сараптайды, 
жинақтайды,  бағалайды,  ақпаратпен  ынталы  жұмыс  жасайды,  ақпаратты 
түсініп,  өз  көзқарасы  тұрғысынан  рефлексия  жасай  біледі.  Ұсынар  ақпарат 
47 
 

туралы  өзгелердің  пікірін  біледі.  Мәтінді  белгілеп  алу,  тұжырымдайды, 
сұрақтар қояды. Өз жұмысын кластастарымен талқылайды, өз білімін, түсінігін 
кеңейтеді,  таным  процесінде  қарым-қатынасқа  үйретеді.  Қандай  әдіс-тәсіл 
қолданылса  да  тиімді  оқушыға  білімді  өзі  игеруіне  мүмкіндік  береді.  «Түртіп 
алу»  әдісі,  «Бағытталған  оқу»,  «Блум  таксономиясы»,  «Ойлаудың  6  қалпағы» 
әдістерін тарих сабағында пайдалану өте тиімді екенін айтады.  
Милы  орта  мектебінің  тарих  пәнінің  мұғалімі  Қитарова  Айгүл 
Орынбасарқызы:  сын  тұрғысынан  ойлау  дегеніміз  –  ой  қозғай  отырып, 
оқушының  өз  ойымен  өзгелердің  ойына  сыни  қарап,  естіген,  білгенін  талдап, 
салыстырып,  реттеп,  сұрыптап  жүйелеп,  білмегенін  өзі  зерттеп,  дәлелдеп, 
тұжырым  жасауға  бағыттау  өз  бетімен  және  бірігіп  шығармашылық  жұмыс 
жасау  деп  сипаттайды.  Нәтижесінде  оқушыларды  шығармашылық  жұмысқа 
баулып,  олардың  белсенділіктерін,  қызығушылықтарын  арттыра  түсу  үшін 
шығармашылық  қабілеттерін  дамытуда  әртүрлі  әдіс-тәсілдерді  қолдандым. 
Шығармашылық  жұмыстар  оқушыларды  ойлауға  жетелеп,  қызығушылығын 
оятып,  шығармашылық  қабілеттерін  арттырып,  белсенділікке  ынталандырды. 
Оқушылардың білім сапасын көтерді.  
Ақтөбе  қаласының  №47  орта  мектебінің  тарих  пәні  мұғалімі  Баракатова 
Айжан  Сейтқұлқызы  сындарлы  оқытуды  жүзеге  асыруда  бағдарламада 
қамтылған  жеті  модульді  сабақтарда  ықпалдастырудың  маңызды  екенін 
айтады.  Деңгейлі  оқыту  бағдарламасын  қолдану  нәтижелілігі  –  топтық 
жұмыстармен  оқу  үрдісінде  кездесетін  нақты  мәселелерді  шешу,  оның  әдіс-
тәсілдері  арқылы  өмірде  қолдана  білу.  Деңгейлі  оқыту  бағдарламасы  оқушы 
тұлғасының  қалыптасуымен  оның  әрі  қарай  дамуына  септігін  тигізеді. 
Бағдарлама  негізінде  шетелдік  ғалымдардың  үздік  зерттеу  нәтижелелерін  оқу 
процесінде  қолдану  болып  табылады.  7  модуль  бойынша  сабақтарды 
қызғылықты етіп өткізу үшін үнемі оқушылардың сабақтан жақсы әсер алуына 
байланысты инновациялық технологияны қолдану қажет.  
Бағдарлама оқушыларға қалай оқу керектігін үйретіп, соның нәтижесінде 
еркін,  өзіндік  ой-пікірін  жеткізе  білетін  ынталы  сенімді  болуды 
қалыптастырады.  Күнделікті  сабақтарда  сыныпта  ынтымақтастық  ахуал 
қалыпастыру  білімге  құштарлықтарын,  көңіл-күйлерін  жақсартуына  оң  әсерін 
береді.  Ынтымақтаса  жұмыс  істей  отырып,  олар  бір  нәтижеге  жету  үшін  топ 
ережелерін  сақтауды  үйренеді.  Өз-өздерін  реттеулері  мен  көшбасшылыққа 
ұмтылулары,  дарындылары  айқындала  бастады.  Оқыту  мен  оқытудағы  жаңа 
тәсілдердің  ішінде  диалогтық  оқыту  тәсілі  де  тиімділігін  көрсетеді.  Ол 
ұжымдық  және  өзара  білім  алмасуға  жағдай  туғызады.  Бұл  тәсілмен  оқыту 
топпен әңгімелесу, сұхбаттасу, «миға шабуыл» логикалық сұрақ-жауап әдістері 
арқылы  жүзеге  асады.  Білім  беру  жүйесіне  жаңа  инновациялық 
технологияларды енгізу арқылы оқыту үрдісін жетілдіру, оқушының танымдық 
қабілетін  дамыту,  саналы  деңгейге  көтеру  –  бүгінгі  күнгі  күрделі  мәселе. 
Кембридж  бағдарламасының  әдіс-тәсілдерін  меңгеруде  «Желілік  жүйесі» 
форумына  шығып,  өзара  байланысты  үзбеуге  болады.  Сонымен  қатар 
оқушылармен  төмендегідей  бағыттарда  жұмыстар  жүргізуге  болады:  Оқушы 
48 
 

тұлғасын қалыптастыру (жүрек, ақыл, қайрат); Оқушы «Менін» қалыптастыру; 

Оқыту  үрдісінде  бағалау  технологияларының  қолдану;  Жақын  арада  даму 
аймағы  әдісімен  күрделі  мәселелерді  үлкендердің  көмегімен  шешу;  Бандура 
тәсілімен нақты ойды айқындау; Мессердің 3 әңгімесімен зерттеу жұмыстарын 
жүргізу;  Мұғалімнің  шығармашылықпен  жұмыс  жасауының  артуын  көтереді; 
БЛюм,  Лессон-стади  әдістерін  кеңінен  қолдану  болып  табылады;  Ақпараттық 
коммуникациялық  технологияларды  қолдану  арқылы  желілік  қайымдастықты 
орнату;  Нәтижесінде  оқушы-мұғалім-ата-ана  үштік  одағын  қалыптастыру, 
оқушы алынған білімдерін өмірде қолдана білуге үйрету болып табылады.  
Ақтөбе  қаласындағы  №39  қазақ  орта  жалпы  білім  беру  мектебінің  тарих 
пәнінің  мұғалімі  Диханова  Бағила  Женісқызы:  Сын  тұрғысынан  ойлау  – 
сабақтың  тақырыбын  ашатын,  оқушының  ой-пікірін  қалыптастыратын,  түрлі 
әдістерді қолдана алатын технология. СТО тарих пәндерін өткізуде тиімді әдіс 
деп  пайымдайды.  СТО  технологиясы  оқушының  тақырыпты  ашуға,  талдауға, 
қорытындылауға  және  өз  ойын  еркін  жеткізе  алуға  жеткізеді.  Берілген 
тақырыпқа қосымша деректер жинақтауға, өзінің балама ұсыныстарын енгізуге 
жетелейді. Мұғалім үнемі ізденісте, дамуда болуы қажет екенін айтады.  
Ақтөбе қаласы №32 мектептің тарих пәнінің мұғалімі Темірова Бақытгүл 
Акимадинқызының  айтуынша,  сын  тұрғысынан  ойлау  технологиясы 
оқушылардың  ой-санасының  жетілуіне  септігін  тигізеді,  нәтижесі  жақсы, 
оқушылар  оз  ойларын  еркін  айта  алады.  Нәтижесінде  ҰБТ-де  100  пайыздық 
нәтиже  берген.  Сонымен  қатар,  сын  тұрғысынан  ойлау  технологиясын  саяси 
өмірге көзқарасын қалыптастыруда берері зор екендігін айтады.  
Ақтөбе қаласындағы №45 орта мектептің тарих пәні мұғалімі Жолдасбаева 
Динара  Мырзатайқызы:  Бұл  технология  әр  түрлі  пәндер  саласында 
қолданылатын  түбегейлі  жоспарлар  мен  әдістемелік  тәсілдер  жүйесі  болып 
табылады.  Көбіне  Қазақстан  тарихы  пәнін  беруде  осы  технологияны  көп 
қолданады. Сыни ойлауды дамыту технологиясы үш кезеңнен тұрады. 1 кезең – 
қызығушылықты ояту; 2 кезең – мағынаны ашу; 3 кезең – ой толғаныс.  
Қызығушылықты  ояту  кезеңінде  келесі  қызметтер  жүзеге  асады,  олар: 
дәлелдеме, ақпараттық, сындарлы қарым-қатынас, мақсат қою. Мағынаны ашу 
кезеңінде  жаңа  ақпаратпен  танысып,  пайда  болған  сұрақтарға  жауап  іздей 
отыра,  естіген,  оқыған  мәліметтерді  талдайды.  Ой  толғаныс  ойды  мұқият 
таразылауға,  бағалауға  көмектеседі.  Нәтижесінде  бұл  технология  оқушылар 
тарапынан  білім  саласында  жаңаша  ақпараттармен  жұмыс  жасай  білуге,  өз 
ойларын  жеткізе  білуге,  проблемаларды  шешуге,  қорытынды  жасауға, 
болжамдауға  үйретеді,  оқушының  топтық  жұмыста  жаңа  қырынан  ашылуына 
жол  береді.  Бұл  технологияны  қолданарда  мұғалім  ең  алдымен  оның  алуан 
әдістерімен  таныс  болу  керек,  және  бұл  әдістерді  сабақтың  тақырыбына 
сәйкестендіре отырып, нәтижелі жұмыстың шығуына еңбектенуі қажет екенін 
айтады.  
Осы  мектептің  тарих  пәні  мұғалімі  Байсеитова  Гүлнар  Жаппарқызының 
пікірінше,  қазіргі  уақытта  Қазақстан  Республикасының  білім  жүйесінің 
стратегиялық  мақсаты  –  берген  білімді,  дағдыларды  меңгеретін,  бәсекелестік 
49 
 

қабілеті  мол,  шығармашылық  бағытта  жұмыс  істей  алатын,  тың  жаңалықтар 
ашатын,  ойлау  қабілетімен  ерекшеленетін  жеке  тұлға  қалыптастыру  үшін 
қолайлы  жағдайлар  жасау  болып  табылады.  Жалпы  алғанда,  оқушылардың 
шығармашылық  қабілетін  дамытуда  түрлендірілген  сабақтың  берері  мол. 
Оқушының  белсенділігін  арттыру,  олардың  іс-әрекетін  басқару  арқылы 
іздестіру,  зерттеу,  ой  таласын  туғызумен  қатар,  сабақты  өмірмен  ұштастыру, 
оқу материалының мазмұнын қоршаған ортаның өзгерістерімен, қозғалысымен, 
шындығымен үнемі байланыстыру - оқыту үрдісінің ең негізгі мақсаты. Қазіргі 
жаңа  технологияны  жүзеге  асыруда  мұғалім  белсенділігі,  шығармашылық 
ізденіс,  өз  мамандығына  деген  сүйіспеншілігі,  шәкірттердің  бағалауы  ерекше 
орын  алады.  Сондықтан  таңдап  алған  проблемалық  тақырыбы  «Сын 
тұрғысынан  ойлауды  дамыту  технологиясы  арқылы  оқушылардың 
шығармашылық 
қабілеттерін 
дамыту». 
Мақсаты: 
өз 
бетімен 
шығармашылықпен жұмыс істей алатын жан – жақты жеке тұлғаны тәрбиелеу. 
Міндеті:  жеке  тұлғаның  ойлау  қабілетін  жетілдіру,  интеллектуалды 
шығармашылық  жұмысын  қалыптастыру.  Тарих  сабағында  оқушылардың 
қызығушылын арттыру мақсатында сабақты түрлендіре отырып, оқушылардың 
өз қабілетін таныта, дамыта, шыңдай түсу бағытында сабақта сын тұрғысынан 
ойлауды  дамыту  технологиясын  қолданамын.  Сын  тұрғысынан  ойлауды 
дамыту  технологиясы  –  сабақ  барысында  оқушылардың  бұрынғы  білетінін 
жаңа  біліммен  ұштастыра  отырып,  белгілі  бір  идеяны  қабылдап,  оның  неге 
қатысты  екенін  зерттеп,  оларды  салыстыра  отырып,  сол  идеяларға  қарсы 
көзқарастармен  тепе-теңдікте  зерттеуге  бағытталған  оқыту  технологиясы. 
Сонымен  қатар,  оқушының  шығармашылық  қабілетін  дамыту  мақсатында 
сабақта  әрқилы  әдістерді  тиімді  қолдануға  болады.  Зерттеу.  Деректермен 
жұмыс. Ауызша журнал. Семинар. Сынақ. Баспасөз. Сайыс.  
Сын  тұрғысынан  ойлауды  дамыту  технологиясы  қолданылған  сабақтың 
нәтижесін төмендегі сызбадан көруге болады. Мұғалімнің мақсаты: 1. Оқушыға 
жаңа  сабақты  өз  бетінше  меңгерту.  2.  Топпен  жұмыс  жасауға  үйрету.  3.  Бір- 
бірін шынайы бағалауға тәрбиелеу. 4. Сабақтың тәрбиелік әсерін жеткізу. 5. Өз 
көзқарасын қалыптастыру. Сабақтың нәтижелілігі: 1. Қосымша әдебиеттермен 
жұмыс жасау. 2. Қарым- қатынас жасауды үйренуі. 3. Басқаларды тыңдай білуі. 
4. Белсенділігінің артуы. 5. Өз ойын тұжырымдай білуі.  
Сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясының философиясын терең 
түсініп,  әдістерін  тиімді  пайдаланған  кезде  мынадай  жетістіктерге  жетуге 
болады:  Оқушылар  мәселенің  ең  негізгі  түйінін  табуға  дағдыланады;  Өз 
бетінше  ізденуге  үйренеді;  Сұрақ  қойып,  сұрақтарға  жауап  беруге  үйренеді; 
Сын  тұрғысынан  ойлай  отырып,  өзіндік  белсенділіктің  болуы  да  білімге 
құлшынысты,  жаңалықты  ашуға,  ізденуге,  қиындыққа  төзуге  үйретеді.  Сын 
тұрғысынан  ойлауды  дамыту  технологиясы  жұмыс  жасағанда  оқушылар  өз 
алдына  қойған  сұрақтарға  жауап  іздеп,  жан-  жақты  пікірлесіп,  талдау  жасап 
отырады.  Яғни,  оқушы  санасын  сол  тақырыпқа байланысты  ояту,  ой  шақыру, 
ойын  тұжырымдау,  қасындағы оқушымен пікірлесу  топтасу.  Сын  тұрғысынан 
ойлау мәселесіне байланысты оқушылар өз пікірін еркін сөйлеу арқылы айтуға, 
50 
 

ойын жеткізуге, оны дәлелдей алуға, сонымен қатар қасындағы оқушы пікірін 
де  тыңдауға,  сол  пікірлерді  салыстыруға,  басқалармен  жұмыс  істеуге, 
қасындағы  досына құрметпен  қарауға,  зер  салып  тыңдауға,  мәдениетті, батыл 
сөйлеуге,  топпен  ортақтасып  бір  тұжырымға  келуге  мүмкіндік  алады.  Сын 
тұрғысынан  ойлау  оқушыларды  қауымдастырып,  жұмыс  істеуге  жетелейді, 
оқушылардың  қызығушылығын  оятады,  барлық  ескі  ақпаратты  басшылыққа 
ала отырып, мол ақпараттар ағынынан өзіне қажеттісін таңдап алады.  
Осы  мектептің  тарих  пәнінің  мұғалімі  Данешова  Жанна  Райымбекқызы: 
«Сын  тұрғысынан  ойлауды»  дамыту  технологиясымен  жұмыс  істегенде, 
баланың  танымдық  белсенділігі,  шығармашылығы  артады.  Жаңа  технология 
ретінде ең озық әдістерді дер кезінде игеру, іздену арқылы бала бойына дарыту, 
одан  өнімді  нәтиже  шығара  білу  –  әрбір  ұстаздың  басты  міндеті.  Сабақта 
оқушыға білім дайын күйінде беріле салмау керек. Мұғалім шеберлігі арқылы 
баланың білімді игеруге қызығушылығын ояту қажет. Ал ол сұрақ әр түрлі әдіс-
тәсілдер арқылы баланың алдына жан-жақты мақсат қойып, іске асыруына жол 
көрсетеді.  
Ақтөбе қаласының №56 орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Байсеитова 
Алма  Бақытбергенқызы:  Жаңа  технологияның  арқасында  оқушының 
белсенділігі  артып,  жан-жақты  талдауға,  ойын  ашық  айтуға,  оқу  мен  жазу 
арқылы сын тұрғысынан ойлауға үйренеді. Осындай жұмыстардың нәтижесінде 
бүгінгі  күн  талабына  сай  сауатты,  білімді  оқушылар  тәрбиелеуге  болады. 
Педагогикалық  жаңа  технологиялардың  барлығы  жеке  тұлғаның  өзін-өзі 
дамытуына,  өздігінен  шығармашылықпен  жұмыс  істей  білу  қабілетін  және 
біліктері  мен  дағдыларын  қалыптастыруға  бағытталған  алға  қойған  мақсатқа 
жетудің  тиімділігін,  нәтижелілігін  қамтамасыз  етуді  көздейтін,  берілген 
материалды жедел, әрі сапалы меңгертуге бағытталғанын айтады.  
Ақтөбе  қаласы  №8  орта  мектептің  тарих  пәнінің  мұғалімі  Шамғонов 
Мейрамбек  Қыдырұлы:  Сын  тұрғысынан  ойлау  әдісі,  оқытуда  дамыған 
технологияға  жатады.  Бұл  иллюстративті-түсіндірмелі,  ішінара  іздену, 
проблемалық,  пікір  -  сайыс,  ойын,  шығармашылық,  өзін-өзі  дамыта  оқыту 
әдістерінің  жиынтығы.  СТО  жобасы  мұғалім  мен  оқушының  белсенділігін 
арттыруда қолдануға болатын бірден-бір әдіс деп сипаттайды. Жоба 60-қа жуық 
стратегиялардан  тұрады.  Солардың  ішінде  Джиксо  –  ұжымдық  оқыту  әдісін 
қолданатынын  айтады.  Мақсаты  –  жалпы  мәселені  алдымен  жұпта,  сосын 
ұжымда талқылау. ДЖИКСО стратегиясы мазмұнды жоғары табыспен меңгеру, 
оқығанды есте сақтау үшін өте тиімді. Оқушының оқуға деген қызығушылығы 
артады,  ұжымда  жақсы  қарым-қатынас  қалыптасады,  саналы  тәртіп  орнайды. 
Сондай-ақ,  мұғалімді,  мектеп  қызметкерлерін  түсіну,  оларға  деген  дұрыс 
көзқарасқа  үйренеді.Сын  тұрғысынан  ойлау  әдісі  мұғалім  қызметінде 
ұйымдастыра  оқыту,  оқушылардың  жеке  топпен  жұмыс  жасау  негізінде  білім 
алуымен  ұштасады.  Бұл  стратегия  оқушының  жекелеген  мүмкіндіктері  мен 
қабілеттерін  ашуға  бағытталады.  Бұл  әдістің  ерекшелігі  оқу  әдісінде 
қолданылады.  Яғни  оқушылардың  ауызша  және  жазбаша  тілін,  ойлау,  есте 
сақтау  қабілетін,  әрбір  ақпаратқа,  сонымен  бірге  өзінің  және  басқаның 
51 
 

шығармашылығына  сыни  қарауына,  шығармашылық  қабілетін  дамытуға 
бағытталады.  
Ақтөбе ауданының №40 орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Сұлтанова 
Замзагүл Аманжолқызы СТО технологиясы оқушыларды тақырыпты өз бетімен 
оқуға,  ізденуге,  тарихи  оқиғаларға  сыни  көзқараспен  қарап,  өз  ой-пікірлерін 
қалыптастыруға  көп  көмегін  тигізеді.  Осы  технологияның  арқасында 
оқушылардың пәнге деген қызығушылықтары артты, тарихи оқиғаларды сыни 
талдауды  үйреніп  келеді,  балалардың  өзіндік  ой-пікірлері  қалыптасқанын 
айтады.  
Т.  Жүргенов  атындағы  орта  мектептің  тарих  пәнінің  мұғалімі  Аязбаева 
Нүрия  Қайырбекқызы  СТО  қолдануда  оқушылар  әр  мәселеге  сыни  тұрғыдан 
қарайды, еркін ойлайды, жан-жақты ізденеді, тіл байлығы дамиды, кез келген 
тарихи  оқиғаны  белсенді  түрде  талдай  алады,  бірін-бірі  тыңдап,  өзекті 
мәселелерді тиянақтай білетінін айтады. СТО технологиясында сабақта белгілі 
қағидалар  сақталынуы  қажет.  Ол  үшін  тақырып  бойынша  оқытушы  – 
оқушыларға  тапсырманы  орындауға  уақыт  белгілеуі,  сенім  көрсетуі,  қолдауы 
және бағыт беріп көмектесуі қажет екенін айтады.  
Ақтөбе  қаласының  №8  орта  мектебінің  тарих  пәні  мұғалімі  Бишенова 
Айжан  Әуелбайқызы:  оқушылардың  сыни  ойлау  дағдыларын  қалыптастыруда 
топтық жұмыс арқылы сыныптағы барлық оқушының ынтымақтастықта болуы, 
үлгерімі жақсы оқушылардың дайындық деңгейі төмен оқушыларға көмектесіп, 
өз қатарластарымен білімді бірге игеруге мүмкіншілік жасалады. Әсіресе, ұяң, 
өз пікірін топ алдында баяндай алмайтын оқушыларды қатарға қосудың тиімді 
жолдарының  бірі  топтық  жұмыстар.  Сондай-ақ  оқушылар  бір-бірінің  пікірін 
тыңдауға және олардың пікірін құрметтеуге, айтылған өз пікірін еш кедергісіз 
шешуге  топтық  жұмыстардың  берері  көп.  Мұғалім  тек  ұйымдастырушы 
бағыттаушы  сараптаушы  ретінде  бар  жауапкершілікті  оқушылардың  өздеріне 
беріп  олардың  өздерін  жеке  тұлға  ретінде  сезінуіне  мүмкіндік  жасайтынын 
айтады Топтық жұмыстар арқылы сын тұрғысынан ойлауды жүзеге асырғанда 
нәтижесінде  оқушылардың  іс-әрекетінде  көптеген  өзгерістер  байқалады. 
Сабақтар барысында оқушылар топтық жұмыстардың түрлеріне машықтанады. 
Мысалы, 8-сыныпта өткізілген «Орыс демократиялық мәдениеті және қазақтың 
ұлы  ғалымы  Ш.Уәлиханов»  тақырыбындағы  сабағында  оқушыларды 
жануарлар,  өсімдіктер,  бұйымдар  бойынша  топқа  бөлуден  бастады.  Сабақ 
басталғаннан  топтағы  белсенді  оқушылар  топтастарын  сабақа  қатысуға, 
тапсырманы  бірлесіп  орындауға  итермелеп  отырды.  Топтық  жұмыстарды 
жүзеге  асыруда  оқушылардың  тақырыпты  өз  бетімен  меңгеруіне  бағыт  беру 
үшін сабақтарына постер жасауды жолға қойған. Бұл ретте оқушылар бірлесе 
мәтінді  талқылап,  сол  мәтін  ішіндегі  басты  идеяларды  постерге  түсіруді 
меңгерді.  Сондай-ақ  сыныптағы  белсенділігі  төмен  оқушылардың  жасалып 
жатқан  жұмысқа  өзіндік  үлесін  қосуға  тырысқаны  байқалды.  Бұл  оқушының 
ортаға  тартылып,  топтық  жұмысқа  араласа  бастағанын  аңғартады.  Оқушылар 
сыни  ойлау  арқылы  тақырыптың  негізгі  түйінін  ашуға  оны  келесі  топтарға 
түсіндіруге  мүмкіндік  алғанын  байқайды.  Дәстүрлі  сабақтармен  сын 
52 
 

тұрғысынан  ойлауды  үйретуде  топтық  жұмыстар  енгізілген  сабақтарда 
оқушылардың  іс-әрекетінде  байқалған  өзгерістер:  сыныпта  топтық  тапсырма 
бойынша  барлық  оқушы  сабаққа  қатысты.  Сабақта  сын  тұрғысынан  ойлау  ға 
жетелейтін  ашық  сұрақтар  қойылды  және  оқушылар  берілген  сұрақтарға 
өзіндік  пікірін  білдіре  алады.  Сабақтардың  сапалық  деңгейі  салыстырмалы 
түрде жоғарылай түседі.  
Хромтау  қаласының

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет