ОҚытудың педагогикалық технологиялары: ТӘжірибе, инновациялар, енгізу



Pdf көрінісі
бет8/28
Дата29.01.2017
өлшемі2,84 Mb.
#2946
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   28
  Оқушылар  жұмыс  жасау  барысында  бір-біріне 
көмектесіп,  ойларын  ортаға  салады,  ынталарына  күш-қуат  бере  отырып, 
өздерінің  білім  алуын  көтермелейді,  оқуға,  жазуға,  тыңдауға,  сөйлеуге  кең 
мүмкіндіктер  беретін  ортада  оқушы  өз  пікірлерін  еркін  жеткізуіне  жағдайлар 
жасайды.  Топ  мүшелері  өз  ойларын  ортаға  салып  және  сол  ойларды  кесте 
арқылы  көрсетеді.  Шамалары  келгенше  қорғап  шығуға  тырысады.  «Сын 
тұрғысынан  ойлау  үшін  оқу  мен  жазу»  бағдарламасының  қай  әдісін  алсақ  та 
оқушының  белсенділігін,  ойлау  қабілетін,  шығармашылығын  жан-жақты 
дамытатынын байқадым. Сондықтан, мұғалімнің мақсаты – информатика пәнін 
оқыту барысында «Сын тұрғысынан ойлау үшін оқу мен жазу» бағдарламасын 
тиімді қолдануды жалғастыру.  
Осы  технологияны  сабақта  қолданып  жүрген  Маңғыстыу  облысы 
Мұнайлы ауданы, Басқұдық ауылының № 9 орта мектебінің бастауыш сынып 
мұғалімі Басенова Ақмарал Камалқызы бұл технология білім беруде мынадай 
нәтижелерге  қол  жеткізуге  мүмкіндік  береді:  білім  саласында  жаңалықтар 
ағымымен жұмыс жасай білу; өз ойларын ауызша, жазбаша жеткізе білу; түрлі 
тәжірибелерге, идеяларға өз көзқарастарын білдіру; проблемаларды шеше білу; 
өз  бетінше  білім  алу,  топта  бірлесіп  жұмыс  жасауға  қабілеттілік.  Мұғалімнің 
әрекеті  оқушының  сабақ  үстіндегі  әрекетін  ұйымдастыру,  нәтижесін  бақылау 
болғандықтан,  бұл  стратегияларды  пайдалану  оқушыларды  бір  нәрсеге  түрлі 
көзқараспен  қарауға,  бір  сұраққа  түрлі  жауап  табуға,  өмірде  болып  жатқан 
құбылыстарға сыни көзқараспен қарауға үйретеді. Осы технологияны қолдану 
нәтижесінде  оқушылардың  тақырыпқа  байланысты  шағын  мәтін  құрай  алуы, 
берілген  сөздермен  бес  жолды  өлең  құрай  алуы,  ұқсас  екі  тақырыпты 
83 
 

салыстыра  алатыны  байқалады.  Тақырыпқа  байланысты  қосымша  іздеуді, 
берілген  сұраққа  өз  пікірін  айтуды  үйренді.  Балаларды  шығармашылыққа 
баулуға,  ойларын  еркін  айтуға,  тез  арада  дұрыс  шешім  қабылдауға 
көмектесетініне  көзі  жеткенін  айтады.  Әдебиеттік  оқу  пәнін  өткен  кезде, 
«Ұзынсары»  тақырыбын  ашу  үшін  ребус  шешкізіп.  жұмбақтар  шешуге, 
тақырыпқа  сай  мақал-мәтелдер  айтқызуға  болады.  Мұндай  тапсырмалар 
оқушылардың ойлауын дамытуға өз үлесін тигізеді. Мағынаны тану кезеңінде 
оқушыларға «Өзара оқыту», «Рөлдік ойындар», «Ассоциация» стратегияларын 
қолдануға болады. Топтық тапсырмалар да беріліп отырған.  
Ақтау  қаласындағы  дарынды  балаларға  арналған  облыстық  мектеп-
интернаттың  шет  тілі  пәнінің  мұғалімі  Жолдасова  Ғалия  Махмұтқызы 
сабағында сыни тұрғыдан ойлау технологиясының стратегияларын қолданады. 
Соның ішіндегі Жигсо ұжымдық әдісі арқылы оқушылар топпен жұмыс жасап, 
ұжымда  жақсы  қарым-қатынас  қалыптастырып,  саналы  тәртіп  орнады,  дұрыс 
көзқарас  қалыптастырды.  Ал,  INSERT  оқығанын  түсінуге,  өз  ойын  басшылық 
етуге,  ойын  білдіруге  үйреткенін  айтады.  Сонымен  қатар  сыни  тұрғысына 
ойлау технологиясы бойынша сабақ құрлымы қызығушылықты ояту, мағынаны 
ажырату,  ой  толғаныс  кезеңдерінен  тұрып,  әр  кезеңде  тәрбиелік  және  оқу 
мақсаттары  әр  түрлі  стратегияларды  қолдана  отырып,  алдыға  мақсат  қою, 
мәселені зерттеу, жауап іздеу, жоғары ойлау үрдісі негізінде мәселені талқылап, 
ой 
қорытындылауға 
оқушыларды 
өз 
ойларын 
ашық 
жеткізуге 
тәрбиелейтіндігін байқаған.  
Ақтау  қаласының  №21  орта  мектебінің  тарих  пәні  мұғалімі  Қалаубаева 
Зейнеп Бекмолдақызы бұл технология стратегиялары білім беруді оңайлатады, 
қызықты  ете  түседі.  Ойлануға,  жаңа  шешімдер  қабылдауға,  мәселені  басқа 
жақтарынан  бағалауға,  болжауға  үйретеді.  «Бұрыш», «Әдебиет  үйірмесі», 
«
Автор  орындығы», «РАФТ», «Венн  диаграммасы»  т.б.  стратегиялары  тарих 
сабақтарында  қолдануға  өте  тиімді  екендігін  айтады.  Нәтижесінде  дәстүрлі 
оқыту  жүйесі  кезіндегі  біржақтылық,  оқулық  аясынан  шықпау,  бағалау 
кезіндегі  біртектілік,  мұғалімнің  әдіс-тәсілдері  өзгереді.  Оқушыға  еркіндік 
беріледі,  кейбір  стратегиялар  бойынша  үйге  тапсырма  бірнеше  күн  немесе  ай 
бұрын беріледі. Оқушы қызығушылығы артады. Жаңа нәрселерді білуге деген 
талпынысы күшейеді.  
Ақтау  қаласының  С.Қондыбай  атындағы  №22  орта  мектебінің  тарих 
пәнінің мұғалімі Тілекбаева Айнұр Амангелдіқызы сыни тұрғыдан ойлау – бұл 
да қазіргі таңда қызықты технологиялардың бірі. СТО технологиясының түрлі 
стратегиялары сабақтың түрленіп қызықты өтуіне көп септігін тигізеді. Әсіресе, 
қызығушылық  туғызатын  әдіс-тәсілдері  оқушылардың  сабаққа  белсене 
араласуына  көмегін  тигізеді.  Және  қазіргі  деңгейлік  бағдарламаның  әдіс-
тәсілдерімен  тікелей  байланысты  деп  сипаттайды.  Нәтижесінде  сабақтың 
әдістемелік  деңгейін  молайтады.  Мұғалімнің  кәсіби  шеберлігін  арттыруға 
көмектеседі.  СТО  технологиясын  меңгерген  мұғалімнің  сабағы  қызықты 
жүргізіледі.  Оқушылардың  өзі  осы  технологияны  пайдаланып  өткізген  сабақ 
арқылы сыни тұрғыдан ойлауын жетілдіреді. т.б артықшылықтары молшылық. 
84 
 

СТО  технологиясын  меңгерген  мұғалімдердің  ашық  сабақтарын  бақылағанда 
дәстүрлі  жүйемен  өткізетін  сабақтардан  мүлдем  өзгеше  жүргізіледі.  Қызықты 
және  оқушылардың  сөздік  қорын  молайтуға  көмектеседі.  Оқушылар  өзінің 
ойын емін-еркін жеткізіп талдай алады.  
Ақтау  қаласының  №13  гимназиясының  қазақ  әдебиеті  пәнінің  мұғалімі 
Тұрбекова  Мейрамгүл  Бахытқызы.  Бұл  технологияның  мұғалім  мен  оқушыға 
берері көп, өз тәжірибесінде оқушыларға алдымен сөз мағынасын, оның шығу 
этимологиясын  таныстыруды  жөн  санайтынын.  Мәселен,  Махамбеттің 
«Еңселігі екі елі, Егіз қоян шекелі» деген өлең жолдарындағы «еңселік» деген 
сөздердің мағынасын түсіндіру үшін, алдымен «елі» деген саусақпен өлшенетін 
ұзындық  өлшемін  түсіндіруден  бастаған.  «Елі  –  саусақтың  көлденең 
қалыңдығы, ені» дей отырып, бір саусақ бір елі, ал екі саусақты қатар қою екі 
елі екенін оқушылармен бірлікте көз жеткізеді. «Адамның бет-пішінінде саусақ 
арқылы өлшегенде екі елі болатын қай жері?»-деген сұрақ қойылады. Сол кезде 
оқушылар  екі  саусақты  біріктірген  күйі  бет-пішіндерінің  әр  жерін  мұрын  мен 
ерін аралығын, көз бен қас аралығын т.б. өлшеп, мәз болады. Содан кейін екі 
қастың  арасын  өлшеп  көрулерін  сұрағанда,  «еңселік-екі  қастың  арасы»  деп 
түсіндіреді. Халқымызда «Өтірік пен шындықтың арасы төрт елі» деген нақыл 
сөз бар. Оқушыларға саусақ арқылы көрсете отырып, нақыл сөздің мағынасын 
түсіндіру тапсырылады. Еліні түсінген оқушылар төрт саусақты біріктірген күйі 
төрт  еліні  бірден  көрсетеді.  Ал  шындық  пен  өтірік  туралы  ой  қозғау  үшін 
мынадай  сұрақ  қойылады:  «Көзбен  көрген  жағдай  шындыққа  жақын  ба,  әлде 
құлақпен естіген жақын ба?». Сол сәтте оқушылар көз бен құлақ арасын өлшеп, 
оның төрт елі екенін анықтайды да, нақыл мағынасына «көрген адам тек көрген 
жағдайды  айтады,  ал  естіген  адам  қосып  айтуы  мүмкін»  деген  түсінік  берді. 
Сонымен  қатар  «Бір  елі  ауызға  екі  елі  қақпақ»,  «Өтіріктің  құйрығы  бір-ақ 
тұтам»  сияқты  мақалдарды  да  талдатады.  Бұл  тәсілдің  ерекшелігі  оқушының 
өзіне еркіндік бере отырып, белгілі бір сұраққа жауапты оның өзіне ойландыра 
отырып, көзін жеткізу деп сипаттайды. Нәтижесінде оқушылары қазақ тілі мен 
әдебиетінен қалалық, Бітібаева атындағы облыстық пәндік Халықаралық, қазақ 
тілі пәнінен қашықтық жеке пәндік, 5-7 сыныптар арасындағы қалалық пәндік 
олимпиадалардан  жүлделі  орындарға  ие  болған.  Дистанциондық  «Наурыз» 
жарысында  да  жетістікке  қол  жеткізген.  Сыни  тұрғыдан  ойлау  технологиясы: 
тиісті  ақпаратты  жинақтау  мен  сұрыптауға;  нақты  және  түсінікті  сипаттама 
беруге;  белгіленбеген  жорамал  мен  құндылықтарды  мойындауға;  шешім 
қабылдап,  дәлелдемелерді  бағалау  үшін  нәтижелерді  өз  бетінше  түсіндіруге; 
шынайы  қорытындылар  мен  жалпылаулар  жасауға;  қол  жеткізілген 
тұжырымдар  мен  жалпылауларды  қуаттауға;  алынған  тәжірибенің  негізінде 
ұстаным модельдерін түзетуге мүмкіндік беретіндін айтады.  
Ақтау қаласының түрлі пәндерді тереңдетіп оқытатын дарынды балаларға 
арналған  облыстық  мамандандырылған  мектеп-интернатының  қазақ  тілі 
пәнінің  мұғалімі  Сансызбаева  Айтолқын  Аңшыбайқызы  бұл  бағдарлама  жаңа 
буын  оқулықтарының  талаптарын  жүзеге  асыруда,  оқушылардың  білім 
деңгейін  көтеруде,  балаларды  шығармашылыққа  баулуға,  ойларын  еркін 
85 
 

айтуға,  тез  арада  дұрыс  шешім  қабылдауға  көмектесетін  бірден  –  бір  тиімді 
технология.  СТО  технологиясын  пайдаланатын  әр  ұстаз  өз  педагогикалық 
қызметінде,  оқушы  мен  мұғалім  арасындағы  қарым-қатынасқа  дегенде 
көзқарасының  мүлдем  өзгергенін  байқайды.  Бұл  бағдарлама  басқа 
технологиялардан  өзінің  құрылымы  мен  ерекшеленеді.  Сабақ  жоспарының 
құрылымы  үш  кезеңнен  тұрады.  Әр  кезеңнің  өзінің  қызметі  бар.  Жалпы 
стратегияларының саны 100-ден аса деп атап көрсеткен. Сабақта қолданылатын 
осы  технологиялардың  ұтымды  өткізілуі  мынадай  нәтиже  берген:  оқушылар 
сыныпта да, мектепте де басқалармен қарым-қатынас жасай біледі; басқаларды 
тыңдауды,  кез  келген  жауапқа  сыйластық,  түсіністікпен  қарауды  үйренеді; 
ойын топ алдында ашық айта алуға, қорғай білуге дағдыланады; оқушының оқу 
мотивациясы өзгереді, сөйтіп өз бетінше ізденуге үйренеді; ең бастысы, сабаққа 
қызығушылығы мен балалардың белсенділігі артады. Оқушы тек дайын білімді 
қабылдаушы,  есте  сақтаушы  ғана  емес,  ол  -  өз  бетінше  ізденуші  жеке  тұлға, 
тапқан  білімін  өмірде  қолданушы.  Қазақ  тілі  мен  әдебиет  сабақтарында  жаңа 
тақырыпты, мәтінді өткен кезде СТО технологиясының «Бес жолды өлең», «Ой 
қозғау»,  «Бағытталған  оқу»,  «Джигсо»,  «ББҮ»,  «Инсерт»  әдістері  арқылы 
оқушы  ойлана  отырып,  мәтінге  назар  аудара  отырып  меңгереді.  Кейіпкерлер 
бейнесін  талдауда  «Топтастыру»,  «Венн  диаграммасы»,  «Ішке-сыртқа», 
әдістерін қолдану өте тиімді. Оқушылардың ойлануына, сөйлеуіне, талдауына 
жол  ашады.  «Болжау»,  «Ортада  қаламсап»,  «Кубизм»,  «Автор  орындығы», 
«Соңғы сөзді мен айтайын» әдістерін қолданғанда сөйлеу арқылы сөз байлығы, 
сөйлеу  қабілеті,  «Көрнекілік»,  «Кластер»,  «Галерея»,  «Газет  шығару», 
«Жариялау»  әдістері  арқылы  дүниетанымы  артады.  Сабақтарымда  жеті 
модульді  де  жүзеге  асыруға  ұмтыламын.  Сабағында  көбіне  оқытудағы  жаңа 
тәсілдер,  сыни  тұрғыдан  ойлау,  дарынды  және  қабілетті  балаларды  оқыту 
модульдері  жүзеге  асып  жатады.  Шығармашылық  тақырыбы  бойынша 
атқарылған  жұмыстарым  арқылы оқушыларды  шығармашылық ойлауға,  еркін 
сөйлеуге  баулып  келемін.  СТО  -  дамыту  сабақтарының  мақсаты  біреу  (нақты 
сабаққа байланысты) Міндеттері үш түрлі болады. Олар: мазмұнға байланысты, 
СТО ды дамытуға байланысты, топпен жұмысқа байланысты. Сабақ құрылымы 
үш кезеңнен тұрғанымен, ондағы қолданылатын стратегиялар ауыса береді. Ал, 
кейбір  стратегиялар  кезеңге  нақты  арналған.  Сол  себептен,  орынымен 
пайдаланған  ұтымдырақ  болады.  Жоғарғы  оқу  орнында  студенттерге  қазіргі 
технологиялырды  методика  сабағында  оқытып,  үйретсе.  Сонда  жас  маманға 
сабақ беру қиынға түспес еді.  
Ақтау  қаласының  С.  Қондыбай  атындағы  №22  орта  мектебінің  қазақ  тілі 
пәнінің мұғалімі Қобланов Жеңісбай Таубайұлы: сыни ойлау – бұл қоғамдағы 
жеке  тұлғаның  кез  келген  жағдайдағы  мәселені  ойлап,  зерттеп,  қорытып,  өз 
пайым түсінігі арқылы ешкіммен санаспайтын жеке пікірі, қоғамдағы тұлғаның 
жеке пікірі. Сыни тұрғыдан ойлау, іздеу, шешімін табуды қажет ететін мәселені 
анықтау,  әр  мәселеге  байланысты  кездескен  кедергілерге  өз  бетінше  пікір 
білдіру,  оны  дәлелдей  алу,  сонымен  қатар  басқалардың  пікірлерін  дәлірек 
қарастыруды және сол іздене, дайындала, үйрене, шәкірттер болашағын ойлай 
86 
 

жасалған  еңбек  пен  тәжірибенің  бірлігі.  Сын  тұрғысынан  ойлау  үш  бөліктен 
тұрады.  Әрбір  мұғалім  технологияның  үш  фазасында  оқушының  тақырыпты 
терең  түсінуіне  ыңғайластыра  қарастыруы  керек.  Әйтпесе,  бала  тақырыптан 
ауытқып,  түсінбей  қалуы  ықтимал.  Сабақ  барысында,  сабақты  жоспарлау 
барысында  сын  тұрғысынан  ойлау  бағдарламасының  қызығушылықты  ояту, 
мағынаны  ашу,  ой  толғаныс  кезеңдерінен  дұрыс  пайдалану  қажет  деп 
сипаттайды. Бұл технология «жеке тұлғаны» тәрбиелеуде өзінің құнды жемісін 
беріп  жүр.  Оқушылары  қалалық,  облыстық  «Зерде»  ғылыми  жобалар 
сайысының,  қалалық,  облыстық  пәндік  олимпиадалардың  жүлдегерлері.  Бұл 
технология баланың өзіне деген сенімін арттыруымен қатар, бала белсенділігін 
шыңдайды.  Балаға  бірден-бір  өзіндік  пікір  қалыптастыратын,  еркін  сөйлеуге 
ықпал  ететін,  жеке  тұлға  ретінде  баланың  мінезін  қалыптастыратын 
технология.  
Ақтау  қаласы  түрлі  пәндерді  тереңдетіп  оқытатын  дарынды  балаларға 
арналған  облыстық  мамандандырылған  мектеп-интернатының  қазақ  тілі 
пәнінің  мұғалімі  Әбдіқалық  Валентина  Жұмабайқызы  сыни  тұрғыдан  ойлау 
жазу  мен  ойлауды,  талқылау  мен  қорытындылауды  зерттеу  мен  бақылау 
нәтижесінде  жүргізуге  мүмкіндік  беретін,  мәтінді  оқып,  жан-жақты  талдау 
жасауға  бірден-бір  тиімді  тәсіл  екендігін  анықтаған.  Оқушыларды  алынған 
тақырып бойынша қарсы пікір айтуға, пікірсайысқа қатысуға, баламалар тауып, 
дәлелдей білуге әрі сол арқылы еркін, шешен сөйлеуге дағдыланғанын; тіл және 
әдебиет  сабақтарында  жаттығуларды  талдауда,  тіл  ұстарту  сабақтарында 
шығармашылық  жұмыстарды  орындау  үшін  аса  тиімді  тәсіл  екенін;  сабаққа 
енжар  оқушы  енді  өзіне  берілген  сынау,  зерттеу,  болжау  әрекеттерінде 
белсенділік көрсететінін; оқушы өз ойын дәлелдеу үстінде және өзгенің пікіріне 
оң және теріс пікір білдіруде тура пікір айтуға дағдыланғанын байқаған. Сабақ 
жоспарын  жасауда  Блум  таксономиясын  қолдану  ең  жеңіл  әрі  қызықты 
тәсілекендігін:  тақырып  ішінен  тақырып  тауып,  оқушыларға  ұсынылатын 
тапсырмаларды түрлендіруге көмектесетінін сөз етеді.  
Ақтау  қаласының  «Мектепке  дейінгі  шағын  орталығы  және  гимназия 
сыныптары  бар  №28  орта  мектебі»  қазақ  тілі  мұғалімі  Ниязмағанбетова 
Замзагүл  Түленқызы  өз  тәжірибесінде  байқағандай  жеке  тұлғаны  сын 
тұрғысынан ойлауды меңгеруі үшін мынадай қасиеттері болуы шарт екендігін 
айтады:  жоспарлауға  дайын  болуы;  бейімделгіштігі  (басқалардың  идеяларын 
қабылдай алуы); қайсарлығы (қиын тапсырмаларды кейінге қалдырмауы); жете 
түсінуі  (өзінің  және  басқа  адамдардың  пікірін  қадағалау);  ымыралы  келісімді 
іздеуі;  коммуникативтілігі.  Жеке  тұлғаны  сын  тұрғысынан  ойлауды  дамыту 
шарттары:  сын  тұрғысынан  ойлауда  тәжірибе  жинау  үшін  уақыт  және 
мүмкіндік  беру;  оқушылардың  ойлауына  жағдай  туғызу;  әртүрлі  идеялар  мен 
пікірлердің тууына мүмкіндік жасау; оқыту үрдісінде оқушының белсенділігін 
қолдау; әрбір оқушы сын тұрғысынан ойлауға қабілетті; оқушының өз пікірін 
білдіруге жетелеу және оның пікірін бағалау маңызды екендігін айтады.  
Ақтау  қаласы  мектепке  дейінгі  шағын  орталығы  және  гимназия 
сыныптары  бар  №28  жалпы  білім  беру  орта  мектебінің  орыс  тілі  пәнінің 
87 
 

мұғалімі  Ілесбаева  Зиба  Іздібайқызы  өз  тәжірибесінде  оқушылардың 
шығармашылық  қабілеттерін,  сабақта  және  сабақтан  тыс  уақытта  дамытуда 
СТО  жобасының  көптеген  стратегияларын  жүйеліқолданатынын  айтады. 
Мысалы:  Тақырыпты  мазмұнына  қарай  жинақтау,  арнаулы  бір  тақырыпқа 
пікірталас  тудыру,  ой  қозғау,  «инсерт»  кестесі.  Берілген  тапсырманы 
түрлендіру  бағыттағы  жұмыс  эссе,  шығарма,  сауаттылықты  ашатын  хаттар, 
әнгіменің  ұқсастығын  салыстыру,  бөліктерге  бөлу,  ат  қойғызу,  мәтіндегі 
ұқсастық  пен  айырмашылықты  табуға,  Венн  диаграммасы,  аялдамамен  оқу 
стратегиясы, қиялдау арқылы сурет салғызу стратегиясын қолданады.  
Осы технологияны сабақта қолданып жүрген Мұнайлы ауданы, Басқұдық 
селосының  №9  орта  мектебінің  бастауыш  сынып  мұғалімі  Басенова  Ақмарал 
Камалқызы  Венн  диаграммасы  стратегиясы  туралы  –  бұл  стратегияның 
мақсаты  салыстыру,  пайымдау  деп  атап  көрсеткен.  Оқушылардың  ойлары 
ашылып,  салыстыру  сияқты  күрделі  операция  жүзеге  асады.  «БББ»  -  білемін, 
білдім, білгім келеді деген сөздерден алынған. Бұл кестеде үш бөлік. Әр бөлікті 
мәтінді не тақырыпты оқып отырып толтыра отырады. Негізгі қойылатын талап 
– 
оқушылардағы  ойлар,  тезистер,  фактілер  дәл  сол  күйінде  көшірілмейді,  өз 
ойымен  жазылады.  Бұл  әдіс  мұғалімге  әр  оқушыны  бақылауға,  оған  сабақ 
соңында  баға  қоюға  мүмкіндік  береді.  Мүмкін  болса  кесте  сабақ  үстінде 
толтырылады.  Ал,  үлгермеген  жағдайда  әр  бөлікке  бір,  екі  ой  жазылу  керек. 
Толықтыруға үйге беруге болады. Мұғалім тірек сөздер береді. Оқушылар тірек 
сөздердің  ретін  бұзбай  әңгіме  немесе  мәтін  құрастырады.  Мәтіннің  құрамын 
құруға мән беруге мұғалім назар аударады. Мәтін құрастыру кезінде логикалық 
ойлау іске қосылады. Әңгіменің мазмұнын жұпта, топта ақылдасады. Осының 
нәтижесінде оқушының сөздік қоры, тілі, қиялы дамиды. Бұл әдіс мазмұндама 
және  шығарма  жазуға  жақсы  дайындық  болып  табылады.  Т  кестесі 
стратегиясы,  Венн  диаграммасы  стратегиясы,  геометриялық  фигуралар 
стратегиясы  туралы  айтқанда:  1)  Т  кестесі  стратегиясы  –  мақсаты:  қарама  – 
қарсы  нәрселерді  сөздерді  тере  білу.  Бұл  жұмыста  салыстыру,  салыстыра 
отырып  топтастыру  сияқты  процестер  жүзеге  асады.  Оқушылардың  ойлау 
қабілетін,  есте  сақтау  қабілеттерін  дамытады.  Т  кестесін  тақырыпты  ашарда 
пайдаланылса,  жаңа  материалды  түсінуге  дайындық  болады.  Бұл  стратегия 
жұпта,  топта,  жеке  де  орындала  береді.  Іс-тәжірибеде  үй  тапсырмасына  да 
беріліп  жүр.  Кіші жас  оқушыларына кескін,  сурет  түрінде  орындауға  болады. 
2) 
Венн  диаграммасы  стратегиясы  –  Бұл  стратегияның  мақсаты  салыстыру, 
пайымдау. Екі зат немесе мезгілдің (объектінің) айырмашылығы мен ұқсастығы 
жазылады.  Бір  біріне  айқасқан  екі  немесе  үш  шеңбер.(тек  шеңбер  ғана  болу 
керек деген қате түсінік) Екі жағына салыстырылады, ал айқасқан жеріне ортақ 
қасиеті жазылады. Оқушылардың ойлары аршылып, салыстыру сияқты күрделі 
операция  жүзеге  асады.  3)  Геометриялық  фигуралар  стратегиясы  –  бұл 
стратегияның  құралдары  геометриялық  пішіндер.  Мақсаты:  оқушының  сөздік 
қорын, әдеби, мәдени сөйлеу тілін, күрделі ойлау қабілетін дамыту. Себебі бала 
оқылып  отырған  мәтіннің  кейіпкерлерінің  мінез-құлқына,  сипаттама  бере 
отырып  қорытынды  жасайды.  Кейіпкерлерді  түрлі  фигуралардың  сипатына 
88 
 

қарай  ұқсастығын  табады.  Жұмыс  жұпта  немесе  топта  орындалады.  Алғашқы 
кездерде бүкіл сынып ұжымымен өткізуге болады.  
Ақмарал  Камалқызы  İNSERT  немесе  түртіп  алу  стратегиясы  -  түртіп  алу 
әдісі  екендігін  айтады.  Қолдарына  қарындаш  алып,  «v»-  білемін,  «+»  - 
білмеймін, «-» - мен үшін жаңа білім (ақпарат), «?» – мені таң қалдырды - деген 
белгілерді  қойып  отырып  мәтіннің  мазмұнын  түсінеді.  Бұл  әдіс  оқығанын 
саналы түсінуге, өз ойын басшылыққа алуға, ойын білдіруге үйрететін ұтымды 
әдіс.  Оқушылар  білгендерін  анықтап,  білмейтіндерін  сұрауға  әзірленеді.  Бұл 
әрекет арқылы жаңаны түсіну үшін бұрынғы білетіндерімен жаңа материалды 
байланыстыруға дағдыланады. Кесте толтырылады. Sinkuein немесе бес жолды 
өлең стратегиясы – оқушы берілген тапсырма бойынша өлең құрастырады. Бес 
жолды  өлеңді  құрудың  ережесі  мынадай:  бірінші  жолда  1  зат  есім,  екінші 
жолда  2  сын  есім,  үшінші  жолда  3  етістік,  төртінші  жолда  4  сөзден  тұратын 
сөйлем яғни ойды түйіндеу, бесінші жолда тақырыпқа байланысты 1 синоним 
сөз  жазылады.  Кім?  Ана  Қандай?  Мейірімді,  ақылды  Не  істеді?  Бағады, 
тәрбиелейді,  өсіреді.  Түйін  Ағайын  –  алтау,  ана  –  біреу.  Синоним  Адам. 
Нәтижесінде  оқылған  ақпарат  туралы  өз  түсінігін  қадағалайды.  Бұрыннан 
таныс мәліметті жаңа мәліметпен ұштастырады. Ұсынылған проблема бойынша 
жан-жақты  түйіндеме  жасайды,  ақпаратты  қысқа,  нұсқа  жазбаша  түрде 
тұжырымдай алады деген қорытындыға келеді.  
Ақтау  қаласындағы  №10  орта  мектептің  бірінші  санатты,  информатика 
пәнінің  мұғалімі  Абылова  Қоңырша  Мұхамедиярқызы  өзінің  іс-тәжірибесінде 
СТО технологиясын қолдану арқылы мәтінді есепке ала отырып, бақылау мен 
тыңдау  арқылы  дәлелдер  жинастыру  және  шешім  қабылдау  үшін  талапқа  сай 
өлшемдерді  қолдану  сияқты  дағдыларды  дамытуды  қарастырады.  Мұғалімнің 
қолданатын  әдістері:  «Зерттеушілік  әңгіме»,  «дәйектеу»  және  «диалогтік 
оқыту». Технологияны қолданудың нәтижелілігі: оқушылар топта жұмыс істеу 
дағдыларын игерді; топ психологиясын меңгерді, басқа адамның жауабын және 
пікірін  құрметтеуді,  оның  жауабын  тыңдай  білуді,  пікірталастарға  жоғары 
дайындықпен,  мәдениетті  түрде  қатысуды  үйренді;  бұқаралық  ақпарат 
құралдардарының  ақпаратарымен  жұмыс  істеуді,  керек  материалдарды 
талдауға  қатысуды  үйренді;  ең  жақсы  түсініктемелік  нұсқаларды  табуды 
үйренді;  барлық  қорытындыларды  бағалау,  баламалы  интерпретацияларға 
ашық түрде дайын болуды үйренді; тиянақтылық, жан-жақтылық, сыңаржақты 
болмау, балама жорамалдар мен кейбір деректердің рас еместігін мойындауды, 
өзіндік пікір қалыптастыру, өзіндік сана-сезімнің қалыптасуын білді.  
Қарағанды  облысы  Шет  ауданы  Ақсу-Аюлы  ауылындағы  Ж.  Ақылбаев 
атындағы мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Бургакова Күлжан 
Амирханқызы:  сын  тұрғысынан  ойлау  технологиясын  қадағалау,  тәжірибе, 
ойлану  нәтижесінде  алынған  ақпараттың  мағынасын  тануда,  оны  бағалауда 
және талдауда аналитикалық тәсілдің қолдануын көздейтін ойлау түрі деп атап 
көрсеткен.  Балалардың  сын  тұрғысынан  ойлау  қабілеттерін  дамытуға 
байланысты,  атап  айтқанда:  тыңдау  мен  зерттеу  арқылы  оқу,  мәтінге  көңіл 
бөліп, шешім қабылдау үшін тиісті өлшемдерді қолдана білу сияқты дағдылар 
89 
 

қалыптасады. СТО дағдысы мынадай бөлшектерден құрылады: проблемаларды 
анықтау және оларды шешудің шынайы құралдарын анықтау; тиісті ақпаратты 
жинау;  қорытындылар  мен  шолу  жасау;  алынған  қорытындылар  мен 
шолуларды сипаттау деп атап көрсеткен.  
Ж.Ақылбаев  атындағы  мектеп-гимназияның  бастауыш  сынып  мұғалімі 
Бабаханова  Гүлден  Рахимқызы:  СТО  оқушылардың  да  мұғалімдердің  де  сын 
тұрғысынан  ойлауды  дамытуды  саналы  және  оймен  қабылдауын  көздейді. 
Жаңа  технологияларды  пайдалану  нәтижесінде  оқушылардың  еркін  сөйлеу, 
топта  жұмыс  істеу,  бір-бірін  сыйлау  сияқты  қасиеттері  қалыптасатынын 
айтады.  Кубизм,  кластер,  бес  жолды  өлең,  ой  шақыру,  инсерт,  Венн 
диаграммасы,  ББҮ,болжам,  автор  орындығы  сияқты  стратегияларды сабақтың 
әр  кезеңдерінде  қолдануға  болады.  Осы  технология  бойынша  әдістемеліктер 
көбірек шығарылғаны дұрыс екенін айтады.  
Ж.  Ақылбаев  атындағы  мектеп-гимназияның  бастауыш  сынып  мұғалімі 
Демесінова Рысгүл Үйсынбайқызы осы жаңа педагогикалық технологиялардың 
ішінде сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясының орны ерекше. Оның 
пікірінше оқу міндетті түрде белсенді болуы керек. Оқушының әр нәрседен бір 
мән  табуға  мүдделі  және  білуге  құмарлығы  болса  ғана  белсенділік  пайда 
болады.  Оқытуды  жеке  тұлғаға  бағыттау  арқылы  кез  келген  сабақтың 
дамытушылық,  тәрбиелілік  мүмкіндіктерін  пайдаланып  және  осы  жүйені 
қолдану  барысында  бастауыш  сыныпта  оқушының  шығармашылық 
қабілеттерін  дамыту  ойдағыдай  жүзеге  асырылады.  Оқытуда  жақсы  нәтижеге 
жету  үшін  осы  стратегияларды  оқыту  үрдісінің  әр  кезеңінде  сабақтың 
мазмұнына қарай пайдаланған дұрыс екенін айтады. Нәтижесінде мұғалім және 
сынып оқушылары бірлесіп жұмыс істейді.  
Сын  тұрғысынан  ойлау  технологиясын  қадағалау,  тәжірибе,  ойлану 
нәтижесінде  алынған  ақпараттың  мағынасын  тануда,  оны  бағалауда  және 
талдауда аналитикалық тәсілдің қолданылуын көздейтін ойлау түрі деп білетін 
Ж.  Ақылбаев  атындағы  мектеп-гимназиясының  бастауыш  сынып  мұғалімі 
Аманбекова  Айгүл  Мекенбайқызы  бұл  технологияны  пайдаланғанда  ең 
алдымен  оқушының  жан  дүниесін  жақсы  түсіне  білуге  болатынын  айтады. 
Оқушы тақырып мәнін өз бетімен меңгеріп түсінеді және бағалай алады. Әрбір 
оқушы өзінің жеке ойымен, өмірге деген көзқарасымен және ойлау қабілетімен 
ерекшеленеді.  Жеке  дауысты  (кейіпкер,  жазушы,  бірге  оқитын  оқушы) 
қабылдауға үйренеді. Мағынаны тану кезеңінде ойын жаңа ақпараттар арқылы 
білдіреді.  Өз  ойларын  толық,  дұрыс  тұжырымдайды.  Бұл  технологияның 
стратегияларын сабақтың әр кезеңдерінде пайдалануға болатынын айтады.  
Қарағанды  қаласының  №92  гимназиясының  тарих  пәні  мұғалімі 
Түсіпханов  Асет  Әбілханұлы:  сыни  тұрғыдан  ойлау  ол  адамның  өмірге  көз 
қарасы.  Сын  тұрғысынан  ойлай  білген  оқушының  бойында  өз 
шығармашылығын  дамытуға  сабаққа  деген  қызығушылығын,  белсенділігін 
арттыруға болады деген сенім және бұл үдеріс білім сапасының жоғары нәтиже 
көрісетуіне  жақсы  әсерін  тигізетінін  айтады.  Нәтижесінде  сын  тұрғысынан 
ойлау  арқылы  оқушылар  Қазақстан  тарихы  сабағында  ұлы  тұлғалардың 
90 
 

қызметін  әлемдік  тұрғырдағы  қайраткерлер  қызметімен  байланыстара  талдай 
отырып,  жан-жақты  талдай  білуге  үйренеді.  Оқушылардың  бойында  өзіндік 
пікір, бағалау үрдісі қалыптасып, тұлғанының болмысын тануда ізденушілікке 
жетелейді. Сол арқылы мен әр сабағымда оқушының сындарлы ойлата отырып, 
қоғам  қатып  қалған  догмадан  тұратын  емес,  керісінше  көп  пікірлі  ой 
жаңашылдыққа  жетелейтін  түсінеді  және  әр  айтылған  пікірлердің  құнды 
екеніне  көзі  жететінін  байқаған.  Қазіргі  кезде  баланың  жан-жақты  дамуына 
сындарлы ойлаудың маңызы зор.  
Қарағанды  қаласының  №92  гимназиясының  шет  тілі  пәнінің  мұғалімі 
Зейнеғабылдина  Жансая  Асхатқызы  үш  деңгейлі  курс  бағдарламасының 
технологияларынан  «Сын  тұрғысынан  ойлауды  оқыту»,  «Диалогтік  оқыту», 
«АКТ», «Оқытуды басқару және көшбасшылық» Оқыту үшін бағалау оқытуды 
бағалау  т.б  технология  тәсілдерін  сабағында  тиімді  қолданады.  Нәтижесінде 
орташа  оқитын  оқушылар  сабаққа  белсене  қатысып,  өздерін  басқа  қырынан 
көрсетті.  Пәнге  деген  қызығушылығы  артты.  Осы  техналогияларды  ағылшын 
тілі  сабағында  қолданған  тиімді.  Оқушы  бойында  жатқан  терең  қабілетін 
жарыққа шығаруға көмектеседі.  
Қарағанды  қаласының  М.  Жұмабаев  атындағы  №39  гимназияның  тарих 
пәні  мұғалімі  Хасенова  Баршагүл  Өміржанқызы:  Сын  тұрғысынан  ойлау 
дегеніміз  –  сабақта  оқушылардың  қызығушылығын  арттыра  отырып,  өз  ойын 
еркін  және  зерттей  талпындырып,  тұжырым  жасау  деп  сипаттайды. 
Нәтижесінде:  мотивацияның  артуы;  дербес  іс-әрекеттің  артуы;  ойлаудың 
белсенді  болуы;  оқушылардың  білігі  мен  біліктілігінің  жан-жақты  дамуы; 
логикалық  ойлаудың  жүйелілігін  меңгеру  қалыптасады.  Сын  тұрғысынан 
ойлауда  тәжірибе  жинау  үшін  уақыт  және  мүмкіндік  беру;  оқушылардың 
ойлауына  жағдай  туғызу;  әртүрлі  идеялар  мен  пікірлердің  тууына  мүмкіндік 
жасау;  оқыту  үрдісінде  оқушының  белсенділігін  қолдау;  әрбір  оқушы  сын 
тұрғысынан  ойлауға  қабілетті;  оқушының  өз  пікірін  білдіруге  жетелеу  және 
оның пікірін бағалау қажет деген ұсынысын айтады.  
Шет  ауданының  Жамбыл  Ақылбаев  атындағы  мектеп-гимназиясының 
қазақ  әдебиеті  пәнінің  мұғалімі  Түсіпханова  Бану  Аманқызы:  СТО 
оқушылардың  ойлау  қабілеттерін  арттырады.  Ізденеді.  өзіндік  пікір 
қалыптастырады.  Теорияда  алғанын  практикада  жүзеге  қолдана  алатынын, 
нәтижесінде оқушылар осы технологиямен жұмыс жасай алады. Сонымен қатар 
грант  иегерлері  мен  мамандыққа  бейімделетіндігін  байқаған.  Осы 
технологияны  қолдану,  нәтижелі  жұмыстарға  қол  жеткізуге  септігін  тигізеді. 
Сапалы білім алуға бағыт береді дейді.  
Абай  қаласының  Абай  Құнанбаев  атындағы  №5  мектеп-гимназиясының 
қазақ  тілі  пәнінің  мұғалімі  Онтаева  Алтын  Қайырбекқызы:  сын  тұрғысынан 
ойлау  дегеніміз-сабақта  оқушылардың  қызығушылығын  арттыра  отырып,  өз 
ойыңды  еркін  және  зерттей  талпындырып,  тұжырым  жасау.  Технологияны 
жетік меңгеру үшін бірнеше тәсілдер қолданылады. Оқытуда жақсы нәтижеге 
жету  үшін  осы  стратегияларды  оқыту  үрдісінің  әр  кезеңінде  сабақтың 
мазмұнына  қарай  пайдаланған  жөн.  Кластер  (топтастыру)  тәсілінің  авторы 
91 
 

американдық  Гудлат.  Стратегияның  мәні  оқу  материалын  график  түрінде 
жүйелеу,  яғни  мәтіннің  маңызды  бөлігін  бөліп,  график  түрінде  белгілі  бір 
тәртіппен  шоқ  тәрізді  орналастыру.  Мұнда  оқушыларға  аз  таныс, 
қызықтыратын,  энциклопедиялық  сипаттағы,  яғни  құбылыстар  туралы 
мәліметтер  жинауға  болады.  Бұл  тәсіл  дәстүрлі  оқытудағы  «оқулықтан  пәлен 
парагрофты оқыңдар» деген тапсырмаға қарағанда тиімді. Венн диаграммасы – 
екі  затты  алып,  олардың  ерекшеліктері  мен  ұқсастықтарын  салыстыру.  Эссе 
стратегиясын  ой  толғау  кезеңінде  қолданған  тиімді.  Мұнда  оқушылар 
тақырыптық ішкі сырын терең түсініп, өз пікірін, өз ойын дұрыс жеткізіп, оқу 
материалының  негізін  анықтап,  сол  арқылы  оларды  өмірмен  байланысын 
жазады.  Сонымен  қатар  Кубизм  стратегиясы  –  кубик  жасалынып,  оның  6 
қырына  6  түрлі  тапсырма  жазылады.  Мұғалім  кубті  ортаға  тастап,  қай  қыры 
түссе,  оқушы  сол  қырындағы  тапсырмаға  жауап  береді.  Білемін.  Үйрендім. 
Білгім келеді. Бұл стратегияны 1984 жылы Чикаго университетінің профессоры 
Донна  Огл  шығарған.  Оның  мақсаты  –  таным  үрдісінде  рефлексивтілікті 
дамыту.  Ол  үшін  төмендегі  кестені  толтыру  керек.  Білемін.  Үйрендім.Білгім 
келеді.  Топтың  мүшелерін  дамыту  мақсатында  уақытты  үнемдеу  арқылы 
оқушылардың  барлығын  тыңдауға  мүмкіндік  береді.  Кестені  толтыру 
барысында  ұсыныстар  және  жаңа  ойлар  қосуға  болады.  Концептуалдық 
дөңгелек стратегиясы кластерге ұқсас, бірақ мұнда бір шоқтан таралуы керек. 
Оқушылардың  танып  білу  қызметін  арттыру  үшін  қолданылады.  Мұғалім 
алдын  ала  мәтінді  мағынасына  қарай  бөліктерге  бөліп  тастайды.  Бүкіл 
сыныптағы оқушыларды топқа бөліп, әр топқа мәтін үзінділерін береді. Әр топ 
сынып оқушыларға, өздеріне берілген мәтіндерін түсіндіріп шығады. Мұндағы 
басты  мақсат  –  әр  оқушы  осы  тақырыпты  түгелдей  қамтуында.  Осы  орайда 
«Бұлар  қайдан  шығады?»  тақырыбын  топ  бойынша  бөліктерге  бөліп  тастап 
және  интереактивті  тақтадан  жайлаудың  суретін  көрсету  арқылы  мәтін 
құрастыруына  жол  сілтедім.  «Болжам»  стратегиясы.  Оқиға  мазмұны  арқылы 
баланы қиялдату, ойын, сыни көзқарасын дамыту, проблемалық мәселе туғызу. 
Осы  орайда  әр  топқа  тапсырмалар  бере  отырып  қиялдауына  еркіндік  берген. 
Оқушылар  арасынан  қиялы  жүйрік  бала  дараланып  шығатыны  сөзсіз.  «Пікір 
алысу» стратегиясы. Оқушылар бір қорытындыға келетін мәселеге байланысты 
пікір таластырады, пайдалы, пайдасыз жақтарын шешеді.  
Абай  ауданы  №9  мектеп-балабақшаның  қазақ  тілі  мұғалімі  Оспантаева 
Раушан  Қайроллақызы:  Сыни  тұрғыдан  ойлау  -  шыңдалған  ойлау  немесе 
ғалымдардың  айтуынша,  «ойлау  туралы  ойлану»  деп  те  айтуға  болады.  Ол 
баланың  маңызды  мәселелерді  талқылап,  тәжірибені  ой  елегінен  өткізуіне 
баулиды.  Оқушыға  тиімді  ақпаратты  жинауға,  дәлелдерді  талдап,  бағалауға, 
өзіндік болжам жасауға, оны қайта қарауға көмектеседі, үйретеді. Сыни ойлай 
білетін  бала  үнемі  сұрақтар  қойып  отырады,  жаңаны  іздейді,  сол  мәселені 
шешуге тиімді стратегияларды өзі таңдайды. СТО стратегияларын тұрақты әрі 
жүйелі  түрде  пайдаланатын  мұғалім  әркез  шәкірттеріне  тың  ақпарат  береді, 
өйткені  олар  пәннің  кең  және  нақты  білімін  ұсынады.  Олар  басқа  ақпарат 
көздеріне назар  аударады, сол арқылы алдындағы  оқушылары  оқуға  өздігінен 
92 
 

келеді. Ал, оқуды өзі қалап, асқан құлшыныспен келген бала белгілі мақсатты 
көздейді және ол үлкен табыстарға қол жеткізеді. Нәтижесінде сыни тұрғыдан 
ойлау  технологиясының  стратегияларын  тұрақты  қолдану  оқушылардың 
«
Менін»  ашуға  түрткі  болды.  Олай  дейтінім,  ауылдық  жерде  балалар  тұйық, 
ұяң,  ұялшақ  болып  келеді.  Өз  пікірін  еркін  айтуға  қысылады.  Кей  балалар 
ауызша сөйлеуден гөрі өз ой-пікірін жазбаша білдіргенді ұнатады. Осындайда 
«
Еркін  жазу», «Синквейн»  стратегияларын  пайдалануы  олардың  шығарма 
жазуға,  өлең  шығаруға  бейім  екендігін  байқатты.  «Рөлдік  ойындар»,  «Оқуды 
драмалау»  әдістері  арқылы  оқушылардың  әртістік  қабілеттерін  көріп  білуге 
болады.  Оқушылары  облыстық,  республикалық  көркем  оқу  байқауларына 
қатысып  жүлделі  орындарға  ие  болып  жүр.  Бала  өзі  үшін  маңызды  болып 
табылатын  мәселені  талқылап,  бағалауының  әсерінен  ғылыми-зерттеушілік 
жоба  жұмыстарын  жасады.  Бұл  мақсатқа  қол  жеткізу  кезінде  оқушылары 
оқшауланып  қалған  жоқ,  керісінше  олар  «оқу  қоғамдастығын»  құра  отырып, 
білім  алды,  табысқа  жеткенін  айтады.  Бұл  оқушылардың  күнделікті  қарым-
қатынас  кезінде  мұғаліммен  әңгімелері,  сұрақтар  қойып,  оларға  жауап  бере 
алуы,  мәтіндерді  түсініп,  олардан  қажетті  ақпаратты  ала  білуі,  хабарламалар 
мен  тұсаукесерлер  дайындап  жаза  білуі,  т.б.  Балалармен  пікірталастар 
ұйымдастыру  арқылы  олардың  ойлау  және  сөйлеу  тілін  дамытады,  өз 
болжамын  жасай  білуге  үйретеді,  жазбаша  жұмыстары  арқылы  бала  қиялын 
шарықтатады.  Ең  бастысы,  оқу  материалын  таңдау  кезінде  оқушылардың  жас 
ерекшеліктері  мен  дайындық  деңгейлерін  басты  назарда  ұстаған  жөн.  Ал 
тапсырмалар  сөйлеу  дағдыларын  ғана  емес,  танымдық  дағдыларын  да 
қалыптастыруы  керек.  Ол  үшін  мұғалім  сабаққа  дайындалу  барысында  өзіне 
мынадай  сұрақтар  қоюы  абзал:  «Сабақтың  мақсаты  мен  міндеті  қандай? 
Оқушыларға  не  үйрете  аламын?  Сабағымнан  қандай  нәтиже  күтемін? 
Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын дамыту үшін қандай сұрақтар 
қоюым керек? Ол үшін қандай тапсырмалар дайындауым қажет?» Үнемі өзіне 
осындай сұрақтар қойып, үздіксіз ізденіс үстінде болуы қажет екенін айтады.  
Абай  ауданы  Абай  атындағы  жалпы  білім  беретін  мектептің  қазақ  тілі 
пәнінің  мұғалімі Мұқашева  Қорлан  Маралқызы  сыни  тұрғыдан ойлау  арқылы 
оқушылар шығармашылықпен жұмыс жасауға, және өз алдына оқып сыни пікір 
жасауға үйренетінін айтады. Бұл технология арқылы оқушылар еркін ойлайды, 
жан-жақты 
ізденеді, 
тіл 
байлығы 
дамиды, 
белсенділігі 
асады, 
шығармашылықпен жұмыс жасауы артады, бір-бірін тыңдау, сөйлеу мәдениеті 
қалыптасады. Сын тұрғысынан ойлау технологиясын қолдану нәтижесінде жеке 
тұлғаның қабілеттері жандана түседі және білім прагдимасы қалыптасады.  
Қарағанды қаласы №45 гимназияның қазақ тілі пәнінің мұғалімі Әлімбаева 
Зауреш  Рақышқызы:  «Сын  тұрғысынан  ойлау  стратегияларын»  өз 
тәжірибесінде  қазақ  тілі  мен  әдебиет  сабақтарында  жаңа  сабақты  өз  бетінше 
меңгеру,  мағынаны  тану  кезінде  түртіп  алу  немесе  INSERT  стратегиясын 
пайдаланады.  Ой  қозғау  стратегиясында  «Бұл  туралы  не  білетін  едік,  есімізге 
түсірейікші?»  -  деп  2-3  минут  оқушыларды  ойлана  білуге  бағыттайтынын 
айтады. Ой-толғанысында оқушылар өтілген мәтіннен не әсер еткенін, қандай 
93 
 

ой  түйгенін  жазуға  үйренеді.  Алғашқыда  оқушылар  мәтіннің  мазмұнын 
қысқаша жазып келіп жүрді. Бірте-бірте мәтіндегі өзін толғандырған нәрсені де 
айта  алатын  болған.  «ДЖИКСО»  әдісінде  мәтінді  топқа  бөліп  оқу 
оқушылардың  жауапкершілігін  арттырады.  Мұғалім  оқушыларға  белгілі  бір 
тақырыпты ашу үшін, мәселені шешуде бірігіп топқа қарай кубиктің әр қырын 
таңдап алады. Өтілетін тақырып әр қырынан ашылады, жан-жақты сипатталып, 
қорытындыланады.  Сабақтарында  жиі  қолданатын  «Галлерияны  аралауда» 
суреттерді оқушылардың өздері салатын болды, эссе мен 5 жол өлең жазуда да 
шығармашылық қабілеттері дамығанын байқаған.  
Қарағанды  облысы,  Абай  қаласы,  №5  Абай  Құнанбаев  атындағы  орта 
мектебінің  5-11  сыныптары  математика  пәні  мұғалімі  Оразбекова  Рауана 
Төлеукутовна:  «Сын  тұрғысынан  ойлау»  технологиясын  шығармашылықпен 
падалануда. Қазіргі акпараттық технологияның озық жетістіктерін математика 
сабағында  қолдану  арқылы  танымдылық  іс-әрекеттерін  ұйымдастыра  отырып 
оқушылардын  құзіреттілігін  дамытуға  болады.  Математика  сабағында  сын 
тұрғыдан  әр  түрлі  стратегияларды,  жаңа  акпараттық  технологияларды, 
(интерактивті  тақтаны)  қолдана  отырып,  өз  бетінше  жұмыс  істеу  факторы  - 
есептерді  шығара  білу,  шапшаңдылық,  шеберлік  дағдыларын  ұйымдастыра 
отырып,  оқушылардың  кұзыреттілігін  арттыру  арқылы  шығармашылықтарын 
дамыту.  Математика  сабағында  оқушылар  өз  бетінше  жұмыс  жасау 
дағыдыларын  дамыту,  баға  жетпес  құндылыктардың  бірі.  Яғни  сыни 
тұрғысынан ойлаудың «Ақылды доп» стратегиясы арқылы С деңгейлі оқушыны 
сабаққа  араластыруға  және  ол  оқушының  жауапкершілікті  сезінуіне  қол 
жеткізуге, үлестірме қағаздар арқылы өз бетінше ойланып, жұбымен ойласып, 
ой  түйіндеуіне  мүмкіндік  беріледі.  Сабаққа  рефлексия  жасауда  «ББҮ» 
стратегиясына  оқушылардың  жазған  жазбаларына  қарап  оқуды  қаншалықты 
игергені  және  әрі  қарай  не  істеу  керектігі  анықталады.  «Алтын  медальмен» 
марапаттау  арқылы  қызығушылығын  арттырып,  бағдаршам,  қол  сигналы  ,  екі 
жұлдыз бір тілек айту арқылы оқушыларды бағалау барысында шынайылыққа 
тәрбиелуге  болады.  С  деңгейлі  оқушылар  үшін  қиынды  қағаздармен  жұмыс 
ұйымдастырылып,  олардың  жеке  сыни  тұрғыда  ойлануына  жағдай  жасалады. 
Нәтижесінде  сыныптағы  12  С  деңгейлі  оқушылар  саны  тоқсан  соңында  10-ға 
төмендеді.  Осындай  сабақтар  нәтижесінде:  оқушылардың  қызығушылығы 
артады;  С  деңгейлі  оқушы  жауапкершілікті  сезінді,  өздігінен  жұмыс  істеуді, 
кері  есеп  құрастырып,  сұрақ  қоюды  үйренді;  оқушылар  өз-өздерін 
смайликтермен  бағалау  арқылы  деңгейлерін  анықтайды,  әрі  қарай  қалай  оқу 
керектігін білуге қалыптасады.  
Қостанай  облысы  Қостанай  қаласы  М.  Хакімжанова  атындағы  №20  орта 
мектебінің  бастауыш  сынып  мұғалімі  Ахметова  Шолпан  Бурабайқызы  СТО 
технологиясының  негізгі  мақсаты  –  барлық  жастағы,  соның  ішінде  бастауыш 
сынып оқушыларының кез келген мазмұнын түсінікке сыни тұрғыдан қарап, бір 
пікірдің  беруін  таңдауға,  сабақтарда  сапалы  шешім  қабылдауға  үйрететінін 
айтады.  Сын  тұрғысынан  ойлау-сынау  емес,  шыңдалған,  бірін-бірі 
толықтыратын ойлау деп білемін. Бұл технология 3 деңгейден тұратын оқу мен 
94 
 

үйренудің  үлгісі.  Көп  ақпаратты,  талдай,  жинақтай  отырып  ішінен  қажеттісін 
алуға  үйретеді.  Осы  технологияны  қолданудың  жетістігі  сабақ  барысында 
«кубизм»,  «эссе»,  «Жигсо-1,  -2»,  «топтастыру»,  «болжау»  стратегияларын 
пайдаланудың  нәтижесінде  оқушылардың  сабаққа  деген  қызығушылығы 
оянып,  сабаққа  толық  қатысып,  жауапкершіліктері  артты.  Осындай 
жұмыстардың  түрленіп  жүру  нәтижесінде  оқушылардың  ойлау  қабілеті, 
шығармашылық қабілеті, өз пікірін айта алуы жоғары деңгейге көтерілді. СТО 
технологиясын  қолданудағы  нәтиже:  оқушыларға  ойлана отырып,  ойын  ашық 
айтуға еркін ойлауға мүмкіндіктер берілді; әр түрлі пікірлер тыңдалды; үйрену 
барысында  оқушылардың  белсенді  іс-әрекеттері  байқалды;  оқушылар 
сенімділікпен  жұмыс  жасады;  топпен  жұмыста  бір-бірін  құрметтей  білгенін 
айтады.  Сонымен  қатар,  шәкірттері  пәндік  олимпиадаларға,  ғылыми  зерттеу 
жұмыстарына қатысып, жүлделі орындарды иеленіп жүр. Сондай-ақ, ұстаздар 
үшін  де  өте  тиімді  деп  санайды.  Өзінің  конференцияларға  баяндамалар 
дайындауда,  әдістемелік  тақырыпты  қорғауда,  әдістемелік  байқауларға 
қатысуда осы жобаның идеяларын қолана отырып, нәтижеге жеткенін айтады.  
Осы  мектептің  бастауыш  сынып  мұғалімі  Түлекина  Ханзада  Сариновна 
дамыта  оқыту  негізінде,  СТО  технологиясы  бойынша  балаларға  терең  білім 
беруді көздейді. Озық әдістерді игеру, іздену арқылы бала бойына дарыту, одан 
өнімді  нәтиже  шығара  білу  әрбір  ұстаздың  міндеті  деп  есептейді.  СТО 
технологиясының  бағдарламасы  қызығушылықты  ояту,  мағынаны  тану,  ой 
толғаныс кезеңдерінен тұрады. Дұрыс ұйымдастырылған сабақта оқушылардың 
даму деңгейіне сәйкес ойы да шыңдалады, белгілі бір жетістіктерге жетеді.  
Сыни  тұрғыдан  ойлау  тәсілін  іс-тәжірибесіне  енгізу  нәтижесі  оқушылар 
бойында  мынадай  іскерліктер  мен  дағдыларды  қалыптастыруға  болатынын 
байқатты: әрбір  оқушы бір-бірінің  пікірімен  санасады,  құрметпен  қарайды; өз 
ойын еркін айтады, сыни ойлайды, пікір алмасуға үйренеді; мүғаліммен еркін 
сөйлеседі,  мәселелерді  шешудің  жолдарын  іздестіреді,  басқаға  сын  көзбен 
қарап,  баға  беруге  үйренеді.  Нәтижесінде  оқушылары  қалалық,  аймақтық 
ғылыми «Зерде» конференцияларында, олимпиадаларда жүлделі орындарға ие 
болып  өзі  қалалық,  аймақтық  «Зерттеуші-мұғалім»  сайысына  қатысқандығын 
айтады.  Осы  технологияны  қолдануда  сабақта  мұғалім  тек  білімділік 
мақсаттарды  шешіп  қоймай,  балаладың  жеке  қасиеттерін,  қабілеттерін 
дамытып; үнемі оқушының даму деңгейін бақылап, зерттеп отыруы тиіс деген 
ұсыныс айтады.  
Қостанай  қаласының  №30  орта  мектебінің  бастауыш  сынып  мұғалімі 
Галиева 
Кульжанат 
Жүнісқызы 
бұл 
стратегиялар 
оқушыларды 
шығармашылықпен әрекет етуге, іздемпаздыққа баулиды. Бұл стратегияда оқу 
мен  жазу  қатар  жүреді,  оқушы  оқығанын  қағаз  бетіне  түсіреді,  осыдан 
оқушының  қаншалықты  білімді  екені  байқалады.  Осы  технологияны  қолдану 
нәтижесі  көрсеткендей  оқушылар  бұл  стратегияларды  әдебиеттік,  дүниетану, 
қазақ тілі пәндерінде жиі қолданғандықтан, өз бетінше кейіпкерлерге хат жаза 
алады, хабарландыру  құрастырады,  жарнама  жасай  алады. 3-сыныптан бастап 
оқушылар берілген оқиғаларға пікір жаза алады, мәтіндегі кейіпкерлердің жан -
95 
 

дүниесін  түсінуге  тырысады.  Осы  технологияны  пайдалана  отырып,  қалалық 
мәнерлеп  оқу,  шығармалар  сайысында  оқушылар  жетістіктерге  жеткені. 
«Зерде»  ғылыми-зерттеу  жұмыстарында  оқушылар  ортаға  шығып  сөз  саптау 
шеберлігімен,  сөздік  қорларының  молдығымен  көзге  түскені,  жүлделі 
орындарды  иеленгені  айтылады.  Осындай  жаңа  технологияларды  оқу-тәрбие 
үрдісінде  пайдаланудың  арқасында  оқушылардың  белсенділігі  артып,  жан-
жақты  дамиды,  пәнге  деген  қызығушылықтары  арта  түседі.  Осындай 
жұмыстардың нәтижесінде бүгінгі күн талабына сай сауатты, білімді де, білікті 
оқушыларды  тәрбиелеуге  болады.  Ол  үшін  ең  бастысы  мұғалім  үнемі  ізденіс 
үстінде болуы қажеттігін ескертеді.  
Сын  тұрғысынан  ойлау  –  бақылау,  тәжірибе,  толғану  және  пайымдау 
нәтижесінде  алынған  ақпаратты  ұғыну,  бағалау,  талдау  және  синтездеуде 
қолданылатын  әдіс  деп  сипаттайды  Қостанай  қаласы  №122  орта  мектебінің 
бастауыш  сынып  мұғалімі  Майшина  Анар  Қасымбекқызы.  СТО  балаларды  өз 
тәжірибесіндегі  дәлелдерге  мән  беріп  ынталандыратынын,  қызығушылығын 
оятып,  олардың  сын  тұрғысынан  ойлау  дағдыларын  дамытатынын  айтады. 
технологияны қолдануда оқушыларға бақылау, талдау, қорытынды жасау және 
интерпретациялау дағдыларын дамытуға мүмкіндік жасау қажеттігін ұсынады.  
Осы  технологияны  сабағында  кеңінен  қолданатын  Қостанай  қаласы  №10 
орта  мектебінің  бастауыш  сынып  мұғалімі  Ещанова  Раушан  Тапековна  сын 
тұрғысынан  ойлау  дегеніміз  педагогтің  бағыттауымен  оқушының  өз  бетінше 
білімді  игеруі.  Сын  тұрғысынан  ойлау  бағдарламасы  қызығушылықты  ояту, 
мағынаны  ашу,  ой  толғаныс  кезеңдерінен  түзіледі:  І  –  қызығушылықты  ояту 
фазасында ой қозғау (шақыру). ІІ – мағынаны ажыратуда түртіп алу жүйесі, 5 
жолды өлең, кластер т.б. ІІІ - ой толғаныс фазасында Венн диаграммасы, еркін 
жазу  т.б.  стратегиялар  арқылы  баланың  дамуына,  оның  бойындағы  жеке 
қабілеттердің  ашылуына,  шығармашылықпен  ізденуіне  жол  ашылады  деп 
пайымдайды.  Осы  технологияны  қолдану  нәтижесінде:  оқушылардың  бір-
бірінің 
пікірін 
тыңдау, 
сыйлауға 
ынтымақты 
қарым-қатынастың 
қалыптасқанын,  өзін  жеке  дара  тұлға  ретінде  тануға  жол  ашуға;  бір-біріне 
құрметпен қарауға; өз ойын ашық, еркін айтуға, пікір алмасуға; өзін-өзі, бірін-
бірі бағалауға; мұғаліммен еркін сөйлесіп, пікір алмастыруға; достарының ойын 
тыңдай  отырып,  проблеманы  шешу  жолдарын  іздей  отырып,  қиындықты 
шешуге  көмектесуге;  белсенді  шығармашылықты  ойлауға  негіз  қаланғаны 
айтылады.  
Лисаковск  қаласы  әкімдігі  білім  бөлімінің  №3  орта  мектебінің  бастауыш 
сынып мұғалімі Досмұхамедова Айгуль Айтжановна ана тілі сабақтарында сын 
тұрғысынан  ойлау  жобасын  қолдану  арқылы  оқушылардың  тілін  дамытудың 
теориялық  тұжырымдарын,  әдістерін,  қорытындысын  бастауыш  мектеп  іс-
тәжірибесінде, жоғары оқу орындарында, студенттер курстық жұмыс, баяндама 
жазу  барысында,  ғылыми  конференцияларда  осы  саладан  білім,  білік, 
дағдыларын  жетілдіру  мақсатында  пайдалануға  болатындығын  айтады.  Сын 
тұрғысынан ойлау  жобасын оқу-тәрбие  үрдісіне  енгізетін  болсақ, онда:  оқыту 
үрдісін  ұйымдастырудың  жаңа  әдіс,  тәсілдері  мен  формаларын  тиімді 
96 
 

пайдалануға;  оқушыларды  өз  бетімен  ізденуге,  олардың  ойлау  қабілеттерін 
арттыруға;  берілген  оқу  материалын  толық  меңгеруге,  өз  бетімен білім  алуға, 
сөйтіп  білім  сапасын  арттыруға  және  тілін  дамытуға  қол  жеткізуге  болады 
деген өз пікірін білдірген.  
Қостанай  ауданы,  Заречное  селосындағы  мемлекеттік  тілде  оқытатын 
Заречный  орта  мектебінің  бастауыш  сынып  мұғалімі  Мамытова  Гүлжанат 
Рыскелдіқызы  өз  сабағындағы  oқy  үшін  бaғaлay  мeн  oқытyды  бaғaлay  тәсілі 
арқылы оқыту өтe мaңызды қaдaм бoлды. Oқyшылap жaңaшa бaғaлayғa көбіpeк 
қызығa  қapaйды.  Өздepін  бacқa  түpдeн  тaниды.  Білімдepін  бaғaлay 
oқyшылapдың  тaңғaлыcын  тyдыpaды.  Ceбeбі,  бұpын  тeк  мұғaлім  ғaнa  бaғaлaп 
кeлгeн oқyшылap, eнді oқyшылap өздepі біp - біpінe бaғa қoюғa бoлaтындapын 
білгeндe  қызығyшылықпeн  қapaды.  Oқyшылap  біp  біpінің  жұмыcынa  тaлдay 
жacaп,  oның  жaқcы,  жaмaн  жaғын  aйтып,  бaғa  қoю  oқyшылap  apacындaғы 
тығыз  қapым  қaтынacты  нығaйтты.  Бaғaлayдa  oқyшылap  өз-өздepін,  біp-біpін 
бaғaлayды, тoптық, жұптық бaғaлay түpлepін мeңгepeді. Caбaқтa oқyшылapдың 
білімдepін біpлece бaғaлay  өтe  тиімді әpі пaйдaлы  екендігін  айтады.  Сонымен 
қатар сабақ барысында жаңа әдіс-тәсілдерді тиімді қолдана білу. Критериалды 
бағалауды тереңірек түсіну туралы ұсыныс білдірді.  
Осы мектептің бастауыш сынып мұғалімі Саржанова Аягөз Серікқызы осы 
технологияны  қолданудың  нәтижесінде  сынып  оқушыларына  зерттеушілік 
әңгіме  тиімді  болғанын  түсінеді.  Себебі  оқушылар  ақылға  қонымды  мәлімет 
ұсынып қана қоймай, бір-біріне сұрақ қойып, айтқандарын дәлелдей білді. Ең 
бастысы келісімге келу, келмеу емес, сол келісімге ұмтылу екендігін байқайды. 
Жаңаша  оқытуда  сыныбында  топтық  оқыту  әдісі  арқылы  оқушылардың  бір-
біріне  көмектесуге,  бірінің  ойын  бірі  бөлмей  тыңдауға,  біреудің  пікірімен 
санасып,  өз  пікірін  де  білдіре  білуге,  бір-бірін  бағалауға  үйреткенін  айтады. 
Сондықтан  оқушылардың  бойында  сабаққа  деген  жауапкершіліктері  арта 
түскені  байқалған.  Осы  технология  бойынша  ұсыныстары:  өз-өздерін, 
сыныптастарын  дұрыс  бағалай  білуді  қалыптастыру;  Оқушылардың  сөйлеу 
тілін  диалог,  жұппен  жұмыс  арқылы  дамыту;  Критериалды  бағалауды 
кеңінен қолдану.  
Қостанай  ауданының  Заречное ауылындағы  мемелекеттік тілде оқытатын 
Заречное  орта  мектебінің  бастауыш  сынып  мұғалімі  Шорманова  Амина 
Мүсірқызы  сабақта  «Оқу  мен  жазу  арқылы  сын  тұрғысынан  ойлауды  дамыту 
технологиясын»  қолданады.  Ол  «Қарама-қайшылықты  табу».  «Иә»  немесе 
«Жоқ», «Ыммен сөз жасыру», «Жақсы тілек – жан жылуы», «Менің көршімнің 
жетістіктері», «Мен өзіме және басқаларға тілеймін» деген жұптық жұмыстар 
арқылы  іске  асады.  Сабақта  қарастырылғалы  тұрған  жағдай  жайлы  оқушы  не 
біледі, не айта алатындығын анықтаудан басталады. Осы арқылы ойды қозғату, 
ояту,  ми  қыртысына  тітіркенгіш  арқылы  әсер  ету  жүзеге  асады.  Осы  кезеңге 
қызмет  ететін  «Топтау»,  «Түртіп  алу»,  «Ойлану»,  «Жұпта  талқылау», 
«Болжау»,  «Әлемді  шарлау»  т.б.  деген  әдістерді  (стратегиялар)  қолданады. 
Оқудағы  өзгеріске  жетелейтін  оқушыларға  қалай  оқу  керектігін  үйрететін 
бірден  бір  тәсіл  ол  –  топтық  жұмыстарды  ұйымдастыру  екендігі  айтады. 
97 
 

Топтағы  талқылау,  топтағы  пікірлер,  оқушылар  арасында  ынтымақтастық 
атмосферасын  қалыптастыра  отырып,  оқу  мен  оқудағы  болып  жатқан 
өзгерістер  туралы  пікір  алмасуға  үйренді.  Төрт  топқа  бөліп  отыру,  топтың 
ережесін  айту,  топтық  жұмыс  жасау  (қажетті  құралдар:  ватман,  түрлі-түсті 
маркерлерді қолданып, әр топ өз фантазияларына қарай суретпен, қара сөзбен, 
схемамен  жазып  шығарады).  Жұмысты  ортада  қорғау,  бағалау  (бағалау 
түрлерін көрсету), қорытынды жасау. Қазір модуль бойынша оқытуда бағалау, 
оқушы  сабақта  не  үйренгеніне  байланысты.  Формативті  бағалау:  қолпаштау, 
бағдаршам,  смайликтер  арқылы,  басбармақ,  екі  жұлдыз,  бір  тілек  арқылы 
бағалау. Рефлексия қолайлы оқу үшін оқушыларға кері байланыс пен мадақтау 
қажет, сондықтан бағалау ізгі болуы керектігін айтады. Нәтижесінде оқушылар 
жаңа  ұғымдарды,  түсініктерді,  өзінің  бұрынғы  білімін  жаңа  ақпаратпен 
толықтырады, кеңейте түседі.  
Жітіқара  қаласы  Естай  Есжанов  атындағы  №9  орта  мектептің  бастауыш 
сынып мұғалімі Қазанбаева Жанна Жамантайқызы: сындарлы оқыту теориясы 
оқушылардың  ойларын  дамытып,  бұрыңғы  алған  білімдерін,  жаңа  алған 
білімдерімен астастыра жүзеге асауына мүмкіндік беретінін айтады. Бұл теория 
оқушыларды алған білімдерін өмірде пайдалануға дағдыландырады. Сындарлы 
оқыту теориясы ұстаздар үшін де өте тиімді. Осы бағытта жұмыс істегені өзінің 
жемістерін әкеле бастады. Оқушылар дайын білім алмай өздері үнемі ізденуге 
дағдыланып  кетті.  Сабақтар  дәстүрлі  түрде  өтпейді,  оқушылар  үшін  өте 
қуанышты, өйткені олар сабаққа асыға келеді, жай келмей үй тапсырмаларын 
шығармашылықпен  орындап  келеді.  Оқушылардың  бойында  білім  терең 
қалыптасады.  Олар  өздерінің  көзқарастарын  дұрыс  өзгерте  алады. 
Құрдастардың  арасында  бірін-біріне  көмектесіп  жұмыс  жасауға  үйренді. 
Оқушылары өздеріне және өзгелерге баға қойып оларды дәлелдеп бере алады. 
Өзін  -өзі  реттеу  үдерісі  жақсы  өтеді.Үндемейтін  оқушылар  ашылып,  нақты 
өзгерді,  енді  олар  ойларын  жеткізе  біледі,  пікір  алмасады,  қорытындылайды, 
себебі, өзі күнделікті әр сабағына рефлексия жасап, әріптестерімен ақылдасып, 
сабақтар құрастыратынын; Оқушыларын сыни тұрғыдан ойлануға үйретіп, жан-
жақты ойластыру, проблеманы шешуге жол табуға бағыттайтындығын айтады. 
Сондықтан  сындарлы  оқыту  теориясы  бойынша  оқытқан  мұғалім  өзі  де  сыни 
тұрғыдан ойлауы керек,ө йткені әр қадамға алдын ала болжам жасап отырғанда 
ғана  сапалы  жүйелі  түрде  сабақтарын құруға  болатыны,  нәтижесінде  білім  де 
сапалы болатынын өз тәжірибесінде байқаған.  
Осы  технологияны  өз  сабағында  тиімді  қолданатын  Арқалық  қаласы  №4 
орта  мектепттің  Егінбаева  Айнұр  Қаппаровна  сыни  тұрғыдан  ойлау  – 
бақылаудың,  тәжірибенің,  ойлау  мен  талқылаудың  нәтижесінде  алынған 
ақпаратты  ойлауға,  бағалауға,  талдауға  және  синтездеуге  бағытталған  пәндік 
шешім. Ол болашақта әрекет жасауға негіз бола алады. Сыни тұрғыдан ойлау 
көбінесе қарсы пікір айтуға, баламалы шешімдерді қабылдауға, ойлау және іс-
әрекетімізге  жаңа  немесе  түрлендірілген  тәсілдерді  енгізуге  дайын  болуға, 
ұйымдастырылған  қоғамдық  әрекеттерге  және  басқаларды  сыни  тұрғыдан 
ойлауға  баулуды  білдіреді  деп  сипаттайды.  Оны  тиімді  қолдануда 
98 
 

оқушылардың  сабаққа  деген  қызығушылықтары  артып,  кейбір  оқушылардың 
шығармашылыға  да  арта  түскен.  Сыни  тұрғыдан  ойлау  оқушыға  еркін, нақты 
ой айта алуға үйретеді. Сондай ақ оқушы сыныптасымен жұптық жұмыста да, 
топтық  жұмыста  да  өз  ойын  айтып  дәлелдей  алады,  өз-өзіне  баға  беріп, 
сыныптастарын  да  бағалай  алады.  Оқушыларды  шығармашылық  жұмысқа 
баулып,  олардың  белсенділіктерін,  қызығушылығын  арттыра  түсу  үшін, 
шығармашылық қабілеттерін сабаққа және сабақтан тыс уақытта дамытуда әр 
түрлі әдіс-тәсілдерді қолдану тиімді екенін айтады.  
Сын тұрғысынан ойлау – оқу мен жазуды дамыту бағдарламасы. Оқушыны 
мұғаліммен,  сыныптастарымен  еркін  сөйлесуге,  пікір  таластыруға,  бір-бірінің 
ойын  тыңдауға,  құрметтеуге,  өзекті  мәселені  шешу  жолдарын  іздей  отырып, 
қиындықты жеңуге баулитын бағдарлама деп пайымдайтын Қостанай облысы, 
Арқалық қаласы №4 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Жүнісова Анар 
Талапқызы  мұғалім  бұл  жүйемен  жұмыс  жасағанда,  үнемі  оқушы  санасында 
болып жатқан өзгерістерді бақылап, оның дамуын жан-жақты зерттей отырып, 
өз сабақтарын соған сай өзгертіп отыруы тиіс. Сыни тұрғыдан ойлау маңызды 
мәселелерді  талқылауды  және  тәжірибені  ой  елегінен  өткізуді  қамтиды. 
Сондықтан да бұл әдіс-тәсілді үнемі сабақта қолданып отырған дұрыс екеніне 
көз жеткізген.  
Сын  тұрғысынан  ойлау  –  бақылаудың  тәжірибенің  ойлау  мен  талқылдау 
нәтижесінде  алынған  ақпаратты  ойлауға,  талдауға  бағытталған  пәндік  шешім 
деп  білетін  Арқалық  қаласының  №10  жалпы  орта  білім  беретін  мектебінің 
бастауыш  сынып  мұғалімі  Аймағамбетова  Күлшат  Татранқызы  Бұл 
технологияны  пайдалану  оқушылардың  білім  деңгейін  арттыруда,  ізденуге, 
ойларын  дамытуға  тұлғаның  бағыттарын  қалыптастыруға  ықпал  еткенін.  Оқу 
және  жазу  арқылы  сын  тұрғысынан  ойлауды  дамыту  технологиясы  – 
оқушыларды  өз  беттерінше  шығармалар  жазуға,  шығармашылықтарын 
дамытуға  септігін  тигізгенін  байқаған.  Сонымен  қатар  бұл  технологияның 
барлық  түрлері  оқушылардың  белсенділігін  арттыруға,  шығармашылықтарын 
дамытуға, өз ойларын еркін айту біліктерін қалыптастырады.  
Осы технологияны сабағында тиімді қолданатын Жетіқара қаласының №2 
орта мектебінің астауыш сынып мұғалімі Құсайнова Нұрсұлу Қылышбайқызы 
сын  тұрғысынан  ойлау  технологиясы  да  дамыта  оқытуды  көздейді  деп 
сипаттайды.  Оқушы  өз  ойын  айтып,  дәлелдейді,  әр-түрлі  пікірлер  айтады, 
идеялар  ұсынады.  Өз  түсінігін  басқамен  бөлісіп,  ортаға  салынған  деректерді 
талқылайды, ойын кеңейтіп даму жолына түседі. Оқушы сыныптасының ойын 
тыңдап, санасады, құрметтейді. Түрлі сызбалар сызып дұрыс ойды дәлелдейді, 
жинақтайды. Дәптермен жұмыс жасаудың орын алғаны жөн. Оқушылар мақал-
мәтелдер, өлең, әңгімелер, мінездемелер, хат жазып өз ойларын, көзқарастарын 
жеткізеді.  Ережелерді  жазып,  мысалдармен  бекітіп  отыратынын  айтады.  Осы 
технологияны  қолдану  нәтижесінде  «Атамекен»  облыстық  интеллектуалдық 
ойынынан 7 оқушы 2 орын алды.  
Сыни  тұрғыдан  ойлау  технологиясын  2014-2015  оқу  жылының  басынан 
бастап  пайдаланған  Жетіқара  ауданы  Забеловка  орта  мектебінің  бастауыш 
99 
 

сынып  мұғалімі  Күшебаева  Зәуре  Қабдырахманқызы  осы  технология:  балаға 
белгілі бір тақырып бойынша сұрақ қоюға, ең бастысы салыстыра білу, себепті 
байланыстарды  білу  және  нәтиже  шығара  білуге,  ақпаратты  шығармашылық 
қайта  өңдеу,  оқушылардың  ізденіс  қабілетін  дамытуға  көмектеседі.  Осы 
педагогикалық технологияның ерекшелігі, оқушы оқу кезінде осы процесті өзі 
бақылай  алады,  өзі  соңғы  нәтежені  белгілейді.  Оны  сабақта  тиімді  пайдалану 
оқушылардың таңдауын дамытуға ықпал етеді, олар оны өз бетімен жасайды. 
Қатысушылардың  бір-біріне  сенімін  қалыптастырады.  Оқушылардың  жаңа 
сапалы сыни тұрғыдан ойлауы, оқуға деген қызығушылығы пайда болады. Әр 
сабақты әр жағынан көрсетуге ықпал етеді және оқушылар үшін жемісті болып 
табылады.  
Осы  технологияны  өз  сабағында  тиімді  қолданып  жүрген  Лисаковск 
қаласы  орта  мектебінің  бастауыш  сынып  мұғалімі  Кубенова  Гүлнара 
Жұмабекқызы  бастауыш  сыныптарда  сыни  тұрғыдан  ойлауды  қалыптастыру, 
оқушы  бойындағы  талпынысты  қолдау,  ізденіс  жұмыстарына  баулу, 
оқушылардың  пәнге  деген  қызығушылығын  арттыру,  білімге  деген 
құштарлықтары,  жасаған  жұмыстарына  талдау  жасап,  өз  ойларын  ойлап 
қорытындыға  келуіне  мүмкіндік  береді.  Құзыреттілікке  бағытталған  қызықты 
тапсырмалар  арқылы  оқушылардың  шығармашылық  қабілеттерін  дамыту, 
оқушының  құзыреттілігін  арттырып  ғана  қоймайды,  сонымен  қатар  жеке 
тұлғаның  жетілуіне,  дамуына  бағытталатынын  көрсетеді.  Осы  технологияны 
қолдану  нәтижесінде  «мұғалім  мансабы:  кәсібилік  және  көшбасшылық» 
аймақтық  ғылыми-практикалық  конференцияға  қатысып  «Сын  тұрғысынан 
ойлаудың  жаңашыл  көзқарасы»  тақырыбында  үздік  баяндамасы  үшін  3 
дәрежелі дипломмен марапатталғанын айтады.  
Сабақ  барысында  оқушының  ізденуі  мен  зерттеу  дағдыларын 
қалыптастыра  отырып,  пәнге  деген  қызығушылықтарын  арттыру  мақсатында 
қолданылатын  технологиялар  баршылық.  Солардың  бірі  сыни  тұрғысынан 
ойлау  технологиясы.  Сыни  тұрғыдан  ойлау  «ойлау  туралы  ойлануға»  деп 
сипатталған.  Ол  маңызды  мәселелерді  талқылау  және  тәжірибені  ой  елегінен 
өткізуді  қамтиды  деп  білетін  Рудный  қаласы  №18  орта  мектептің  бастауыш 
сынып мұғалімі Букаева Шынар Калиаскеровна сыни тұрғыдан ойлау модулін 
пайдалану  келесі  нәтижелерге  қол  жеткізуге  мүмкіндік  беретінін:  білім 
саласында  үнемі  жаңартып  тұратын  ақпараттар  ағынымен  жұмыс  жасай  білу, 
айналасындағылармен  анық,  нақты,  сенімді  қарым-қатынас  жасай  білу,  түрлі 
тәжірибелерге,  идеяларға  және  ұсыныстарға  өз  пікірін  пайымдау  негізінде 
жеткізу,  проблемаларды  шеше  білу,  өз  бетінше  білім  алу,  топта  бірлесе 
еңбектену  және  жұмыс  жасау,  басқа  адамдармен  сындарлы  қарым-қатынас 
жасауға  қабілеттілік.  Сонымен  қатар  болашақ  ұрпақтың  жеке  тұлға  болып 
қалыптасуында  білім  беру  жүйесін  ізгілендіру,  инновациялық  үрдісте  тиімді 
пайдалану қазіргі заман талабы екендігін айтады.  
Рудный қаласы №15 орта мектептің 15 жылдық еңбек өтілі бар бастауыш 
сынып мұғалімі Салтенова Нургуль Сақтағанқызы СТО технолгиясы дегеніміз 
– 
бұл  ең  алдымен  оқушының  өз  ойы.  Яғни  оқушыларға  өз  беттерімен  ойлап, 
100 
 

әртүрлі  сұрақтарға  шешім  қабылдауға  уақыт  беру.  Екіншіден  оқушыларды 
сыни  ойлануға  жол  ашады.  Үшіншіден  қандайда  бір  мәселені  шешуге 
бағытталады.  Төртіншіден  оқушылар  оқи  отырып,  пікірталаса  отырып,  өз 
ойларын  анық  жеткізуге  нақты  бағытталады  деп  сипаттама  берген.  Баланы 
бастауыш сыныптан бастап шығармашылық ойлауға, өз бетіне шешім қабылдай 
алуға,  оларды  шығармашылық  бағытта  жан-жақты  дамыту  -  бүгінгі  күннің 
басты  талабы.  Осы  мақсатпен  «Сын  тұрғысынан  ойлау  технологиясын»  2011-
жылдан бастап сабақтарында қолдана бастағанын. Осы технологиямен жұмыс 
жүргізу  үшін  алдына  белгілі  міндеттер  қойғанын.  Олар:  технологияны  оқып 
меңгеру; тәжірибеде қолдану; нәтижесін анықтау. Бұл технология несімен өзіне 
баурап  алғандығын  сұрақ-  жауап  ретінде  көрсетеді:  «СТО-ды  дамыту» 
технологиясы  немен  қызықтырады?  Кез  келген  ұстазға  сапалы  сабақ  беруге 
мүмкіндік  беретіндігімен.  Оқыту  мен  ұйымдастырудың  тиімді  әдістерінің 
көптігімен.  «СТО  дамыту»  технологиясының  өзге  технологиялардан  қандай 
ерекшеліктері  бар?  Сын  тұрғысынан  ойлау  сабақтарының  құрылымы 
(қызығышылықты ояту, мағынаны ажырату, ой толғаныс).  
1-
кезең  -  Қызығушылықты  ояту.  Бұл  үйрену  үрдісі.  Оқушының  бұрынғы 
білетіні  мен  жаңа  білімді  ұштастырудан  тұрады.  Сондықтанда  сабақта 
қарастырғалы  тұрған  мәселе  жайлы  оқушы  не  біледі,  не  айта  алатындығын 
анықтаудан  басталады.  Қызығушылықты  ояту  кезеңінің  екінші  мақсаты  - 
үйренушінің  белсенділігін,  ынта-жігерін  арттыру.  Оқушы  өз  білетінін  еске 
түсіреді,  қағазға  жазады.  Жұбымен,  тобымен  талқылайды.  Оқушы  ойын 
осылайша шыңдауға мүмкіндік туады. Жаңа білім жайлы ақпарат жинап, оны 
бұрынғы  алған  біліммен  ұштастырады.  Мысал  үшін  әдебиеттік  оқу  пәні 
бойынша  қазақтың  ұлы  ақыны  А.  Құнанбаевтың  Крыловтан  аударған 
аудармасы  «Шегіртке  мен  құмырсқа»  мысалы  туралы.  Қызығушылықты  ояту 
сатысы  бойынша:  -  шегіртке  мен  құмырсқа  туралы  не  білетіндерін  сұрадым. 
Мұнда  оқушылар  екеуінің  де  жәндік  екенін,  далалық  жерде  тіршілік  ететінін 
айтып,  ойларын  дәптерге  жазып  алды,  жұпта  талқылады,  осылайша  ойлары 
ашылып, жаңа білім жайлы ақпарат жинады.  
Ойлану мен үйренуге бағытталған бұл бағдарламаның 2-кезеңі «Мағынаны 
тану».  Бұл  кезеңде  үйренуші  жаңа  ақпаратпен  танысады,  тақырып  бойынша 
жұмыс  істейді,  тапсырмалар  орындайды.  Оның  өз  бетінше  жұмыс  жасап, 
белсенділік  көрсетуіне  жағдай  жасалады.  Оқушылардың  тақырып  бойынша 
жұмыс  жасауға  көмектесетін  оқу  стратегиялары  бар.  Соның  бірі  ІNSERT.  Ол 
бойынша оқу тақырыбымен яғни «Шегіртке мен құмырсқа» мысалымен танысу 
барысында,  Y  -  білемін;  -  -  білмеймін;  +  -  мен  үшін  жаңалық;  ?  –мені  таң 
қалдырды;  белгілерін  қоя  отырып,  мысал  өлеңді  оқу  тапсырылады.  ІNSERT
оқығанын  түсінуге,  өз  ойына  басшылық  етуге,  ойын  білдіруге  үйрететін 
ұтымды құрал. Сонымен, педагогикалық жаңа технологиялардың барлығы жеке 
тұлғаның  өзін-өзі  дамытуына,  өздігінен  шығармашылықпен  жұмыс  істей  білу 
қабілетін  және  біліктері  мен  дағдыларын  қалыптастыруға  бағытталған  алға 
қойған мақсатқа жетудің тиімділігін, нәтижелілігін қамтамасыз етуді көздейтін, 
берілген  материалды  жедел,  әрі  сапалы  меңгертуге  бағытталған  әдіс-тәсілдер. 
101 
 

Бұл  технологияны  пайдалану  жеке  тұлғаның  ойлау  қабілетін  дамытуға, 
эстетикалық тәрбие, коммуникативтік қабілеттерін шыңдауға, қолайлы шешім 
қабылдай  алуға,  ең  бастысы,  білім  сапасын  арттыруға  негіз  болады. 
Нәтижесінде: оқушы еркін сөйлеп, өз ойын жасқанбай айтуға үйренеді; жұппен, 
топпен  жұмыс  істей  отырып,  бірін-бірі  сыйлауға,  шешімі  табылмай  жатқан 
мәселені  ақылдасып  шешуге  ұмтылады;  бірін-бірі  оқытуға  және  дамытуға 
үйренеді;  жағымды  қарым-қатынасқа  бейімделеді;  ойы  сараланған,  дарынды, 
шығармашыл тұлға қалыптасады.  
Жітіқара қаласы №2 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Ұзақбаева 
Жүзүмгүл  Жеткергенқызы  «Сын  тұрғысынан  ойлау»  технологиясы 
стратегиялары  негізінде  құрып  оқыту,  яғни  сыни  тұрғыдан  ойлау  тәсілін  іс-
тәжірибесіне  енгізу  нәтижесі  оқушылар  бойында  іскерліктер  мен  дағдыларды 
қалыптастыруға  болатынын  байқатты  деп  атап  көрсеткен.Сын  тұрғысынан 
ойлау  технологиясы  бойынша  үйрету  барысында  мынадай  қорытыныдыға 
келгенін  айтады:  Оқушы  өмірге  деген  өз  ойын  білдіретін  жазу  стилін  тапты. 
Жаңа білім бойынша өз жобалары, модельдері, болжамдарын тыңдап, талқылау 
(өздері  талдайды,  бір-бірін  тыңдайды).  Өзіндік  қорытыныдылары,  оның 
қаншалықты  ғылыми,  шындыққа  жақын  екенін  саралайды.  Білімді  өз  бетімен 
алуға  деген  ынтасын,  шығармашылық  жұмыстарға  қабілетін,  танымпаздық 
белсенділіктерін  арттыратынын.  Білім  дәрежесі  деңгейін  саралау  өзіндік 
анализ, 
синтез, 
бағалауының 
деңгейі 
қалыптасады. 
Бір-бірімен 
ынтымақтастығы,  пікірлерін  айта  білуі,  қорғай  білуі,  айтыса  білуге 
дағдыланады. Оқушыларда жазу кезінде ғажайып ойлар пайда болады, онымен 
қатар  өзінің  және  өзгеледің  пікірі  мен  тәжірибесіне  құрметпен  қарауға 
үйренеді.  Оқушы  әрекеті  адамның  ойлау  қабілетін  дамытады  және  ол  кітап 
оқыған кезде өз ойын тұжырымдайды. Оқушылар өз ойымен, іс-тәжірибесімен, 
пікірелрмен  бөлісуге  үйренеді,  бұл  бағыт  топпен  жұмыс  істеуге  мүмкіндік 
береді.  Жұмыс  барыстарын  алмасу  арқылы  оқушының  өз  ойын  ашық, 
жасқандай айтуға, басқа адамның ойын дұрыс қабылдауға үйренеді. Оқушылар 
көбінесе  қарсы  пікір  айтуға,  баламалы  шешімдерді  қабылдай  отырып,  өзіндік 
ой мен пікірді қалыптастыруды көздейтінін айтады.  
Қостанай  қаласының  №5  мектеп-гимназиясының  жоғары  санатты 
бастауыш  сынып  мұғалімі  Жақанова  Майра  Сапарбекқызы  оқушының  сыни 
ойлауын  қалыптастыруда,  оқушының  ойлай  және  ауызша  сөйлеу  тілін 
дамытуда  Кембридж  бағдарламасы  бойынша  7  модуль  идеясын  ұштастырып, 
топтық  жұмыс  арқылы  білім  беріп  жүргенін  айтады.  Бұл  технология  заман 
талабына  сай  білім  беруді  ұйымдастыруда  оқушының  сыни  ойлауын,  өзін-өзі 
бағалауын, өзіне деген сенімділігін, өзіндік білім алу дағдысын қалыптастырып, 
өзіндік  жеке  пікірі  бар  тұлға  болуып  қалыптасуына  оң  нәтиже  беретіндігін 
байқаған.  
Сонымен  қатар  нәтижесінде  Коучинг,  тәлімгерлік  үдерісі,  мастер  класс 
арқылы  әріптестерінің  тәжірибесінің  дамуына  өзгерістер  енгізу  шараларын: 
1. 
Республикалық  ұстаздар  сайтына  «Дүниетану»  пәнінен  «Құстар» 
тақырыбында;  2.  Халықаралық  ИНФО-урок  сайтына  «Қазақ  тілі»  пәнінен 
102 
 

қайталау  сабағы;  3.  қалалық  семинарда  инклюзивті  оқытудан  мастер  класс; 
Облыстық  «Қостанай  дарыны»  электоронды  басылымына  «Лессон  стади 
сабақта зерттеу тәсілінің тиімділігі зерттеу» мақаласы жарық көргенін айтады.  
Сондай-ақ  осы  мектептің  бастауыш  сынып  мұғалімі  Нургожина  Гүлбану 
Әбикенқызы  сын  тұрғысынан  ойлау  технологиясының  элементтерін  ЖИГСО, 
ассоциация,  ВЕНН  диаграммасы,  семантикалық  карта,  эссені  негізгі  пәндерді 
оқыту  барысында  қолданып  жүргенін  айтады.  Осы  технологияларды  қолдану 
барысында  оқушылардың  ойлау  қабілеттерін  дамытылып,  жеке  жұмыс  істей 
білуге  мүмкіншілік  туғаны;  Оқушылар  өзара  бірі-бірін  бағалай  біліп,  сөздік 
қорлары  дамығанын  байқаған.  Бастауыш  сынып  оқушыларына  бұл 
технологияны қолдану өте тиімді, өйткені оқушының жеке жұмыс істей білуіне 
көп мүмкіндіктер бар екенін айтады.  
Бұл  технологияны  қолданып  жүрген  Қостанай  қаласы  №1  мектеп-
лицейінің бастауыш сынып мұғалімі Кожухова Анар Бакытбекқызы күнделікті 
сабақта  сын  тұрғысынан  ойлау  технологиясын  қолданады.  Сын  тұрғысынан 
ойлауды  дамыту  технологиясының  негізгі  мақсат-міндеттері:  сын  тұрғысынан 
ойлау  өзіндік  және  жеке  ойлау  болып  табылады.  Екіншіден,  сын  тұрғысынан 
оқыту жаттанды қағидаларды дәлелдеп айта беру емес, оқушы оқып, оны еске 
сақтап айту қаблеті жоқ, керсінше терең ойлау арқылы ескіге жаңаша көзқарас 
қалыптастыру  мүмкін,  тың  идеялар  ойлап  табуы  мүмкін.  Үшіншіден,  сын 
тұрғысынан  ойлау  сұрақтар  қойып,  шешімін  табуды  қажет  ететін  мәселені 
анықтаудан  басталады.  RWCT  бағдарламасы  –  ағылшын  тілінен  аударғанда 
«Сын тұрғысынан ойлау үшін оқу мен жазу» дегенді білдіреді. Бұл бағдарлама 
оқытудың  60  түрлі  стратегияларынан:  әдістерінен  тұрады.  Мақсаты  – 
шығармашылық  ойлауды,  сын  тұрғысынан  ойлауды  дамыту.  Сабақтың 
мақсаты:  қызығушылықты  ояту  –  сұрақ  қою;  мағынаны  ажырату  –  жауаптар 
іздеу, мәселені зерттеу; ой толғаныс – ойлау процесінің ең жоғарғы сатысында 
мәселені талқылау, яғни үш фазада сабақты бөліп өту, оқыту мен оқу процесін 
осындай  үш  сатыда  ұйымдастыру.  Сын  тұрғысынан  ойлауды  дамыту 
технологиясы арқылы жеке тұлғаны әлеуметтендіру және зерттеу; «Мағынаны 
ашу»  кезеңнің  мақсаты:  жаңа  ақпаратпен  танысу;  жаңа  ақпараттармен  өз 
білімімен  ара-қатынас  белгілеу.  Жеке  тұлғаның  іс-әрекеті  қолдануға  болатын 
әдістер мен тәсілдер мұғалім ұсынған белсенді оқыту әдістерін қолданып, жаңа 
тақырып  материалдарын  тыңдайды,  оқиды;  жаңа  ақпараттардың  мәнін  түсіну 
барысында  мәтін  шетіне  белгі  қояды  немесе  жазып  алады;  қарастырылған 
материалдармен  жұмыс  істеу  барысында  өз  түсінгенін  қадағалайды,  алдына 
қойған  мақсаттарына  жету  үшін  белсенді  әрекет  етеді.  Белсенді  оқу  әдістерін 
қолдану:  инсерт;  екі  жақты  күнделік;  қосымша  журнал;  сабақтың  бірінші 
кезеңінде  қойылған  сұрақтарға  белсенді  түрде  жауап  іздеу  және  т.б.  Бұл 
кезеңде  жаңа  ақпараттармен,  ойлармен  танысады,  тиісті  тақырыпқа 
байланысты  кино  көру,  дәріс,  әңгіме,  тыңдау  немесе  тәжірибе-эксперимент 
жасау,  мультимедиялық  құралдарды  пайдаланады.  Сабақта  жұмыс  дара  және 
жұп  түрінде  жүргізіледі.  Үшінші  кезең  «Ой  толғау».  Кезеңнің  мақсаты: 
қабылданған  жаңа  және  ескі  түсініктердің  ара  қатынасын  ашу.  Оқылған 
103 
 

материалды  талдау  және  қорытындылау.  Тақырыпты  мұнан  әрі  меңгеру 
бағытын  анықтау.  Мағынаны  тану  кезеңінде  білімге  сүйене  отырып,  бұрын 
және  сабақ барысында  не  үйренгенін салыстырады.  Қарастырған  тақырыптың 
мәнін  толық  түсіну  және  өзіне  қойылған  мақсатты  іске  асыру  үшін  жаңа 
тақырыпты  талдайды,  қажеттісін  іріктеп  алады.  Өзіне  қойған  сұрақтарға 
мағыналы  жауап  алғандарын  бағалайды.  Алған  білімдерін  өмірмен 
байланыстырады,  қорытынды  нәтиже  шығарады,  өз  бетімен  жаңа  идеяларды 
ойластырады.  Топта  оқылған  ақпаратты  талдау,  түсіндіру,  шығарманы  өңдеу 
жұмысын жүргізеді. Осы технологияны қолдану бойынша ұсыныстар: оқытуда 
жақсы нәтижеге жету үшін оқыту стратегияларын оқыту үрдісінің әр кезеңінде 
сабақтың  мазмұнына  қарай  пайдаланған  жөн.  Сын  тұрғысынан  ойлаудың 
әдістемелік  тәсілдерін  оқу  үрдісінде  қолданғандағы  маңыздылығы  мынада: 
мотивацияның  артуы;  дербес  іс-әрекеттің  артуы;  ойлаудың  белсенді  болуы; 
оқушылардың білігі мен біліктілігінің жан-жақты дамуы; логикалық ойлаудың 
жүйелілігін  меңгеру.  Сын  тұрғысынан  ойлау  технологиясын  қолдану 
нәтижесінде  жеке  тұлғаның  қабілеттері  жандана  түседі,  білімді  игеруі  әрі 
қарай дамиды.  
Жетіқара  қаласы  №2  орта  мектепбінң  бастауыш  сынып  мұғалімі 
Мұнарбаева  Амангүл  Мырзабайқызы  оқу  мен  жазу  арқылы  сын  тұғысынан 
ойлауды дамыту технолгиясының стратегияларын сабақтарда қолдану дегеніміз 
оқушының  тереңінен  әрі  жан-жақты  ойлауына,  шығармашылыққа, 
ізденімпаздыққа тәрбиелеп, үздіксіз жұмыс жасауына жол ашады. Оқу мен жазу 
арқылы  сын  тұғысынан  ойлауды  дамыту  технолгиясы  –  бұл  ең  алдымен 
оқушының өз ойы. Яғни  оқушыларға  өз  беттерімен ойлап,  әртүрлі сұрақтарға 
шешім  қабылдауға  уақыт  беру.  Бұл  технологиясының  мақсаты  балалардың 
келешек өміріне қажет қимыл әрекеттері яғни жан- жақты ойлау арқылы дұрыс 
шешім  қабылдай  алуға  үйретеді.  Осы  технологияның  стратегияларын  сабақта 
тиімді  қолдану  нәтижесінде  оқушылары  аудандық  олимпиадаға  қатысып 
жүлделі  орындарға  ие  болды.  Соңғы  уақытта  оқушылары  ғылыми  жобаларға 
белсене  қатысып  жүргенін,  нәтижесі  «Қасиетті  қара  сабын»  тақырыбымен 
облыстық ғылыми жобалар сайысында 3 орынға ие болғандығын айтады.  
Арқалық  қаласының  Ы.  Алтынсарин  атындағы  гимназияның  шет  тілі 
пәнінің мұғалімі Оспанова Айым Мұратқалиқызы ағылшын тілі сабақтарында 
оқу  мен  жазу  арқылы  сын  тұрғысынан  ойлау  технологиясын  қолдана  отырып 
тұлға  қалыптастыру  тәжірибесін  сабақтарда  қолданады.  Нәтижесінде  сын 
тұрғысынан  ойлауда  оқушы  болжайды,  зерттеп,  қорытып,  өз  ойын  жеткізеді, 
негізін  ашады,  сұрыптайды,  талқылайды,  сын  көзбен  қарайды,  пікірін 
дәлелдейді,  пікір  алмасады,  ортақ  пікірге  келеді,  мақсатқа  жетеді,  өзін-өзі 
басқарады,  топпен  жұмыс  істеуге  үйренеді,  жан  дүниесін  өзгертеді,  ойлауды 
дамытады, қызығушылықты дамытады, қызығушылықты артырады, кез келген 
сабақты меңгертеді, оқушы өзін-өзі тәрбиелейтінін байқаған.  
Арқалық қаласының Ш. Уәлиханов атындағы №1 жалпы орта білім беретін 
мектебінің  шет  тілі  пәнінің  мұғалімі  Мамырбаева  Әсел  Қуатқызы 
оқушылардың  да,  мұғалімдердің  де  білім  алу  және  білім  беру  процесінде  кез 
104 
 

келген мәселені талқылауды, басқалардың идеяларын ой елегінен өткізіп, сыни 
тұрғыдан  қарау  болып  табылады.  Нәтижесінде оқушыларды  сыни ойлап,  Кез-
келген мәселені талқылайтынына көз жеткізген. Әр оқушының деңгейіне қарай 
бағдарлама дайындау қажет. Ол үшін әр оқушының жас ерекшеліктерін ескере 
отырып, әртүрлі бағыттағы бағдарлама құруды ұсынады.  
Арқалық  қаласы  Ш.Уәлиханов  атындағы  №1  орта  мектептің  шет  тілі 
пәнінің  мұғалімі  Кожина  Фарида  Қойшыбайқызы  оқушылар  сыни  тұрғыдан 
ойлай отырып, сабақты зерттейді, бақылайды, талдайды, әр түрлі стратегиялар 
арқылы  өзінің  ойлау  негіздерін  сыни  тұрғыдан  дамытады.  Сын  тұрғысынан 
ойлау  технологиясын  ойлаумен  ұштастыра  білім  алуды  бағыттайтын  оқыту 
технологиясы  деп  сипаттайды.  Осы  технологияны  қолданғаннан  бері  әр 
оқушының  сабағында  алға  қарай  ілгерілеушілік  байқалғанын,  сонымен  қатар 
оқушылар  үнемі  белсенділік  танытып,  оқушылар  арасында  көшбасшылық 
пайда  болғанын  айтады.  Нәтижесінде:  оқушылар  күні  бұрын  берілген 
тапсырмамен де, сабақ үстінде берілген тапсырмалармен қосымша ізденеді, өз 
бетімен  дайындалады.  Оқушы  өз  қиялының  дамуына,  пікір  айтуына  еркіндік 
беріледі.  Өз  өміріне,  қоршаған  ортаға  сын  көзбен  қарауға  үйренеді.  Өзгенің 
пікірін  тыңдап,  оған  өз  көзқарасын  қоса  білуге  үйренеді.  Топпен  жұмыс 
істеуге үйренеді.  
Жітіқара қаласы №9 орта мектептің шет тілі пәнінің мұғалімі Махшатова 
Айбала Абылқасымқызы «Сындарлы оқыту теориясы» бағдарламасында - білім 
беру әдістемелері арасында сындарлы оқытуға негізделген тәсілдер кең тараған. 
Сындарлы  оқытуға  негізделген  сабақтар  оқушыларға  өз  білімдері  мен 
ұстанымдары жайында ойланып, сұрақтар қойып, білімін толықтырып, белгілі 
бір тақырыпты оқып білу кезеңінде өз түсінігін өзгертуге мүмкіндік береді. Бұл 
үдеріс оқушының өз болжамдарына күмәнмен, сын тұрғысынан қарай отырып, 
сол  арқылы  әлем,  тіршілік,  жаратылыс  туралы  өзінің  түсінігін  тереңдетіп, 
кеңейтуге  ұмтылу  мүмкіндігін  ұлғайтатынын  айтады.  Сонымен  қатар  бұл 
мақсат  күрделі  болуымен  қатар,  көп  еңбек  етуді  талап  етеді,  алайда  дұрыс 
тәсілдер  қолданылған  жағдайда  бүкіл  мектеп  шеңберінде  өзгеріс  жүргізілуіне 
ықпал  ете  алады.  Заманауи  тәсілдің  ең  негізгі  ерекшелігі  оқушылардың  алған 
білімдерін  жай  ғана  иеленіп  қоймай,  оларды  орынды  жерде  қолдана  білуіне 
басты  назар  аудару  болып  табылады,  ал  ХХІ  ғасырда  талап  етілетін 
дағдылардың мәні осында. Бағдарлама нәтижесі мұғалімдер оқушыларға қалай 
оқу  керектігін  үйреніп,  соның  нәтижесінде  еркін,  өзіндік  дәлел  уәждерін 
нанымды  жеткізе  білетін,  ынталы,  сенімді,  сыни  пікір  көзқарастары  жүйелі 
дамыған,  сандық  технологияларда  құзырлылық  танытатын  оқушы 
қалыптастыруға даярлау болып табылады.  
Осы  мектептің  шет  тілі  пәнінің  мұғалімі  Қожахметова  Қымбат 
Сейтчанқызы  сабақта  қолдану  нәтижесінде  оқушылар  жұппен,  топпен  бірігіп 
жұмыс  жасауға  дағдылану  арқылы  пәнге  деген  қызығушылығы  артады,  тұлға 
бойында  шыдамдылық,  мейірімділік,  ұжымдық  жауапкершілік,  бірігіп  бір 
мәселені  шешу  секілді  қасиеттерді  дамытады.  Мысалы:  белгілі  бір  тақырып 
бойынша  әр  оқушы  өз  ойын  айта  біліп,  топ  мүшелері  оған  топтық  көмек 
105 
 

қарекетін  жасайды.  Оқушыларды  сыни  тұрғыдан  ойландыра  алатындай  ашық 
сұрақтар,  деңгейлік  тапсырмалар  және  оқушыны  сыни  тұрғыдан  ойландыра 
отырып,  оқуының  қай  деңгейде  екендігін  анықтауға  болады.  Топта  жоғары 
және  төмен  оқитын  оқушы  бірге  жұмыс  істесе,  төмен  оқитын  оқушыға 
түсініксіз  жерлерін,  ақыл-кенес  сұрауға  мүмкіншілік  беріледі.  ағылшын  тілі 
сабағында  2  оқушы  бірге  топта  жұмыс  істеп,  төмен  оқитын  оқушының  білім 
сапасы  көтерілді,сабақтан  қорытынды  шығарғанда  өзін-өзі  бағалайды.  Өзіне 
анализ жасап, келесі сабаққа өзіне жоспар құрайтынын айтады.  
Рудный қаласының №7 орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Сүгірбаева 
Таңшолпан  Мейрамқызы:  сын  тұрғысынан  ойлау  мәселелерді  талқылау  және 
тәжірибені  ой  елегінен  өткізуді  қамтиды  деп  атап  көрсеткен.  Нәтижесінде 
оқушылардың  шығармашылығы,  қызығушылығы  артып,  соның  арқасында 
халықаралық  пәндік  қашықтық  олимпиадалардың  жүлделі  орындар  иегері 
атанды.  Қалалық  пән  олимпиадаларының  жеңімпаздары  атанғанын  айтады. 
Жұмыс талдау кезінде оқушылар мұғалімдермен пікір таласқа қатыса отырып, 
өздерінің  бастапқы  қорытындыларын  талдау  және  қайта  қарау  арқылы  өзінің 
оқу  үдерісін,  соның  ішінде  бағалау,  түсіндіру  және  метатану  үдерістерін 
барынша түсінуге ұмтылатындығын байқаған.  
Қостанай  ауданының  Н.  Наушабаев  атындағы  Затобол  орта  мектебінің 
тарих пәнінің мұғалімі Жарлыков Қайсар Қуанышұлы: сыни тұрғыдан ойлауға 
үйрету  модулі  оқушының  еркін  сөйлеуге,  пікір  алмасуға,  сыныптастарының 
ойын  тыңдауға,  проблеманың  шешу  жолдарын  іздей  отырып,  қиындықты 
шешуге бағытталған. Сыни тұрғыдан ойлау – бақылаудың, тәжірибенің, ойлау 
мен талқылаудың нәтижесінде алынған ақпаратты ойлауға, бағалауға, талдауға 
және  синтездеуге  бағытталған  пәндік  шешім.  Ол  болашақта  әрекет  жасауға 
негіз бола алады. Сыни тұрғыдан ойлау көбінесе қарсы пікір айтуға, баламалы 
шешімдерді қабылдауға, ойлау және іс-әрекетімізге жаңа немесе түрлендірілген 
тәсілдерді  енгізуге  дайын  болуға,  ұйымдастырылған  қоғамдық  әрекеттерге 
және басқаларды сыни тұрғыдан ойлауға баулуды білдіреді деп сипаттайды.  
Қостанай  қаласының

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет