Сырбай Мәуленов атындағы гимназиясының тарих
пәні мұғалімі Қалмағанбетова Ақерке Дәулетқызы RWCT бағдарламасы –
ағылшын тілінен аударғанда «Сын тұрғысынан ойлау үшін оқу мен жазу»
дегенді білдіреді. Бұл бағдарлама оқытудың 60 түрлі стратегияларынан:
әдістерінен тұрады. Сын тұрғысынан ойлаудың әдістемелік тәсілдерін оқу
үрдісінде қолданғандағы маңыздылығы мынада: - мотивацияның артуы; -
дербес іс - әрекеттің артуы; - ойлаудың белсенді болуы; - оқушылардың білігі
мен біліктілігінің жан - жақты дамуы; логикалық ойлаудың жүйелілігін
меңгеру. Технологияның басты мақсаты – дамыта оқыту негізінде «Сын
тұрғысынан ойлау арқылы оқу мен жазуды дамыту» бағдарламасын іске асыру,
балаларға терең білім беру. Жаңа технология ретінде ең озық әдістерді дер
кезінде игеру, іздену арқылы бала бойына дарыту, одан өнімді нәтиже шығара
білу. Тарих сабақтарында оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау
технологиясын қолдана отырып тұлға қалыптастыру тәжербиесін сабақтарда
қолданудамын.Сын тұрғысынан ойлауда оқушы болжайды, зерттеп,
106
қорытындылайды. Өз ойын жеткізіп, негізін ашады. Сондай-ақ оқушылар
топпен жұмыс істегенде пікір алмаса отыра, өз пікірін де дәлелдей алады.
Арқалық қаласының М. Әуезов атындағы №5 орта мектебінің тарих пәні
мұғалімі Какенова Әйкерім Тарбақбайқызы: сын тұрғысынан ойлау
бағдарламасының әдістерін сабақтарда қолданудың тиімділігін айтады. Сын
тұрғысынан ойлау стратегияларын пайдалану негізінде оқытудың әр түрлі
формаларын қолдана отырып оқушылардың бір-бірін тыңдай білуге, өз
ойларын анық жеткізуге, өз бетімен жұмыс істеу дағдыларын жетілдіреді.
Ізденіске баулып, естіп көріп білгенін түйіндеп,пайдалана білуге үйретеді. Сын
тұрғысынан ойлау бағдарламасының қазіргі таңдағы талаптарға сай білімді
жеке тұлға тәрбиелеу мақсатында алатын орны ерекше. Сын тұрғысынан ойлау
бағдарламасы қызығушылықтан бастап, болжам жасатып, мақсат қойып, сұрақ
беріп, жауап алуға мазмұндық толық түсінуге жағдай жасалынған. Оны
қолдану нәтижесінде: оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы артып,
олардың бір-бірімен пікір таластырып ашық сөйлеу, еркін сөйлеу дағдылары
қалыптаса бастағанын байқаған.
Жітіқара қаласы №2 орта мектептің тарих пәнінің мұғалімі Сақтағанов
Болат Баязитұлы: сын тұрғысынан ойлау – ашық қоғам негізі. Ол өз алдына
сұрақтар қойып және оларға үнемі жауап іздеу, әр мәселеге байланысты өз
пікірін айтып, оны дәлелдей алу, сонымен қатар басқалардың пікірлерін ділірек
қарастыруды және сол ділелдемелердіі қисынын зерттеу дегенді білдіреді.
Сыни ойлау-адам өмірінің бір саласы. Олай делінетіні – бұл философия
адамдарға көптеген жолдар мен шешімдер ішінен өздері үшін маңызды, әрі
пайдалы екенін, тек қажетті ақпараттарды ғана жинап, жаңа білімді
бұрынғыдан ажырата білуге көмектеседі. Сыни ойлауды дамыту
технологиясяның дәстүрлі оқытудан басты айырмашылығы - білімнің дайын
күйінде берілмеуі. Бұл жобаның мақсаты - демократиялық қоғамда өз
көзқарасы, пайымдауы бар,өзін-өзі жетілдіріп отыратын, айналадағы
үдерістерге сыни көзбен қарап, жауап бере алатын жеке тұлғаны қалыптастыру.
СТО жобасын пән ерекшелігіне қарай қолдана білу-білім беру сапасын
арттырудың, оқыту мақсатына жетудің бірден-бір жолы. «Сын тұрғысынан
ойлау» сынап қарау емес, оқушының шыңдалған ойлау әрекеті. Бұл
технологияның негізінде оқушылар топпен,жұппен,жеке жұмыс істеу арқылы
өзара пікірлесіп, ұтымды жауаптарды тауып айтуға үйренеді, іздене отырып, өз
ойын айтуға, дәлелдеуге мүмкіндік алады. Топпен және жұппен бірігіп жұмыс
жасау тұлға бойында шыдамдылық, мейірімділік, ұжымдық жауапкершілік,
бірігіп бір мәселені шешу секілді жағымды қасиеттерді дамыта алады.
Сабақтарыда Даралық пен ұқсастық, Венн диаграммасы, Бес жолды өлең,
Галереяға саяхат, INSERT кестесі, ББҮ стратегияларын қолданатынын айтады.
«Сын тұрғысынан ойлау технологиясын» тарих пәнін оқытуда қолданатынын
айтады. СТО бағдарламасы негізінде өткізілген сабақтар оқушының тақырыпты
толық меңгеруіне, өз бетінше жұмыс жасауына және уақыт үнемдеуге өте
ыңғайлы болды. Бұл технологияны пайдалану жеке тұлғаның ойлау қабілетін
дамытуға, эстетикалық тәрбие, коммуникативтік қабілеттерін шыңдауға,
107
қолайлы шешім қабылдай алуға, ең бастысы, білім сапасын арттыруға негіз
болды. Нәтижесінде: оқушы еркін сөйлеп, өз ойын жасқанбай айтуға үйренді;
жұппен, топпен жұмыс істей отырып, бірін-бірі сыйлауға, шешімі табылмай
жатқан мәселені ақылдасып шешуге ұмтылды; бірін-бірі оқытуға және
дамытуға үйренді; жағымды қарым-қатынасқа бейімделді; ойы сараланған,
дарынды, шығармашыл тұлға қалыптасты.
Арқалық қаласының Ы. Алтынсарин атындағы гимназияның тарих пәнінің
мұғалімі Жандильдина Балкенже Еламанқызы: сын тұрғысынан ойлау – сынау
емес, шыңдалған ойлау. Бұл деңгейдегі ойлау тек ересек адамдарға, жоғарғы
сынып оқушыларына ғана тән деп ойлау аса дұрыс емес. Жас балалардың да
бұл жұмысты дұрыс ұйымдастырған жағдайда өз даму деңгейіне сәйкес ойы
шыңдалып, белгілі бір жетістіктерге жетері сөзсіз. Оған осы жобамен жұмыс
жасау барысында көз жеткізгенін айтады. Нәтижесінде оқушылар өз ойларын,
өздері байқаған ақпараттарды өз сөздерімен айта алады. Бұл сатыда оқушылар
бір-бірімен әсерлі түрде ой алмастыру, ой түйістіру, өз үйрену жолын, кестесін
жасау мақсатында басқалардың әр түрлі кестесін біліп үйренеді. Бұл үйрену
сатысы – ойды қайта түйіп, жаңа өзгерістер жасайтын кезең болып табылады.
Әр түрлі шығармашылықпен ой түйістіру болашақта қолданылатын мақсатты
құрылымға жетелейді.Сын тұрғысынан ойлау – ашық қоғам негізі. Ол – өз
алдына сұрақтар қойып және оларға жауап іздеу, әр мәселеге байланысты өз
пікірін айтып, оны дәлелдей алу, сонымен қатар басқалардың пікірлерін дәлірек
қарастыруды және сол дәлелдемелердің қисынын зерттеу дегенді білдіреді. Бұл
оқыту «қарапайымнан күрделіге» деп аталады.
Осы мектептің тарих пәнінің мұғалімі Молдахметова Роза Карбозовқызы:
«Сыни ойлау» түсінігіне анықтама бере отырып белгілі ғалым Дайана Халперн
«ол ойлаған нәтижеге жету үшін танымдық техникаларды пайдалану арқылы
шығармашылықпен әрі қарай бағыттай ойлану» деген пікір білдіреді. Сыни
тұрғыдан ойлау-оқушының креативтік қабілетін дамытудағы бірлен-бір негіз
болып табылады. Мақсат-оқушыларға кез келген мазмұнға сыни тұрғыдан
қарап, өзіндік пікір қалыптастырып, саналы шешім қабылдауға сабақта үйрету
деп пайымдайды. Нәтижесінде Сабақтан сын тұрғысынан ойлауды бірлескен
топпен жұмысты, дарынды балалардың қабілетіне лайық күрделі тапсырмалар
бергенін. Оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтарын аңғарғанын.
Қазақстан тарихы сабақтарында жеті модульді ықпалдастыра отырып, сыни
тұрғыдан ойлауды жүзеге асыруды көздейтінін айтады. Оқушылардың берілген
тапсырмаға сын көзбен қарап әрекет етуін. Сынып арасынан тез ойланып,
шешімін тауып, басшылық көрсетіп, ұйымдастырушылық қабілеті бар
оқушылар өздігінен байқалып, бір-бірімен ақылдасып, ой бөлісетіндерін.
Нәтижесінде оқушылар ойнап отырып, ойлау арқылы сабақты бастау
оқушылардың көңіл-күйін көтеріп, қызығушылығын оятқанын айтады. Дайана
Халперн сыни тұрғыдан ойлауды күтілетін түпкі нәтижеге қол жеткізудің
мүмкіндігін ұлғайтатын когнитивтік техникалар мен стратегияларды қолдану
деп қарастырады. Келесі қадам «Ой қозғау» оқушылардың сын тұрғыдан
ойлауы қаншалықты деңгейде екенін анықтау үшін 3-4 топқа бөліп,
108
тапсырмалар беріледі. Мақсаты сыни тұрғыда пікірлесе отырып, әңгімелесу
барысындағы ынтымақтастық әрекетін бақылау. Кері байланысты оқи отырып,
сындарлы оқыту теориясы бойынша өтілген сабағықтың оқушылар үшін
қызықты да, нәтижелі болғанын білген. Сабақтың соңғы бөлігі Рефлексия жазу.
Оқушы өз-өзіне сыни көзбен қарай отырып, «не түсіндім?», «сабақтан не
алдым?» деген сұрақ төңірегінде ой қалыптасады. Сабақ үрдісінде
оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын дамыта отырып, әрбір сабағында басқа
модульдермен ұштасуына ықпал ететінін айтады.
Жітіқара қаласының №9 орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі
Малайдарова Гүлзат Нұрболатқызы: сын тұрғысынан ойлау оқушыларды өз
бетінше ізденуге, ойын толықтыруға, жинақтауға мүмкіндік беретін
технологияның бір түрі деп сипаттайды. Әр сабағында сын тұрғысынан
ойлауды қолдану арқылы келесі нәтижелерге қол жеткізе алған. Сабаққа деген
қызығушылаықтары артты, жүйелеп сөйлеуге дағдыланды, тақырып бойынша
ойын қорытындылауы жетілгенін айтады. Кепілдеме ретінде топтық жұмыстың
түрін дамытуға, түрлендіруге, әдіс-тәсілдерді нақтылауға ат салысу туралы
ұсынысын білдірген.
Арқалық қаласының №6 орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Қарашинова
Алмагүл Серікбайқызы СТО сабақта оқушылардың тарих пәніне деген
қызығушылығын арттырып, оқушының зерттей білуге, оқу мен жазуды
дамытуға, тұжырым жасауда маңызды екендігін айтады. Нәтижесінде
оқушылар мәселеге сыни көзбен қарайды; шешім қабылдайды; сенімге
негізделген қарым-қатынаста болады; белсенді іс-әрекет жасайды; алған білімді
өмірмен байланыстырады. Сын тұрғысынан ойлауды оқушылардың
қызығушылығын ояту, ой толғау кезінде қолданады. Жеке тұлғаның қабілетін
жандандырады, білім прагдимасы қалыптасатынын айтады.
Қостанай қаласының Сосна орта мектебінің тарих пәні мұғалімі
Шайкенова Асима Аманжолқызы: сыни тұрғыдан ойлау бұл саналы мағынаны
іздеу өзінің көзқарасының қандайлық болуымен, басқалардың да пікірін ескеріп
өзіндік қате сенімнен бас тарта білу. Сыни тұрғыдан ойлау жаңа идеяларды
ұсынуға және жаңа мүмкіндіктерді көруге қабілетті, мәселелерді шешу кезінде
маңызы зор. Сыни тұрғыдан ойлау технологиясы арқылы оқушы болжайды,
зерттеп, қорытып, өз ойын жеткізіп негізін ашу, сұрыптайды, талқылайды, сын
көзбен қарайды, дәлелдейді, пікірі алмасады, ортақ пікірге келеді. Мақсатқа
жетеді, өзі басқарады, топпен жұмыс істеуге үйренеді. Ойлауды дамытады,
қызығушылық артады. Кез келген сабақты меңгертеді, оқушы өзін-өзі
тәрбиелеу арқылы нәтижиесіне жетуге мүмкіндік алады. СТО нәтижесі арқылы
оқушы тұлға болып қалыптасады. Ұсыныстары: мұғаліммен еркін сөйлесіп
пікір алмасу; бір-біріне құрметпен қарау; жұмыс жасап отырған технологиямен
дәстүрлі сабақтан шығатын нәтижені салыстыру кесте арқылы мониторинг
жасау; достарының ойын тыңдап, мәселені шешу жолдарын іздей отырып,
қиындықты шешуге көмектесу.
Қарасу ауданының Октябрь орта мектебінің қазақ тілі пәнінің мұғалімі
Наурызбекова Бахыткүл Алпысбайқызы: СТО көп ақпаратты талдай, жинақтай
109
отырып, ішінен қажеттісін алуға үйретеді. Осы технологияларды сабақта
пайдалана отырып, жетістіктерге қол жеткізген. Оқушылар түрлі сайыстарға
қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Облыстық «Астана-менің
мақтанышым» атты шығарма сайысы; аудандық ғылыми жоба; аудандық
олимпиада; аудандық Абай оқулары; Педагогикалық технология оқу үрдісімен
–
мұғалім мен оқушының іс-әрекетімен тығыз байланысты. Сабақ барысында
жаңа педагогикалық технологияларды қолдану оқушылардың сабақтағы
белсенділігін арттырып, сабақтың көрнекі өтуін қамтамасыз етеді. Бұлай
оқытудың бастапқы идеясы оқушыларды дайын, жаттанды білімменен
сусындату емес, керісінше механикалық деңгейдегі сұрақтардан туындайтын
жоғары деңгейдегі яғни сыни тұрғыдан ойлануға түрткі болатын «… не болар
еді?», «қалай өзгертуге болады?», «егер де … сен не істер едің?» деген сияқты
сұрақтарға оқушылар жауап бере отырып, өзі ізденіп, өзі қызыға оқитын
өздерінің ойын пікірталаста еркiн айта білетін, өз біліміне өзі жауап беретін
жеке тұлғаны елімізде тәрбиелеп шығару.
Қостанай қаласының №115 орта мектебінің қазақ тілі пәнінің мұғалімі
Абдуллина Зоя Мағзымқызы: сын тұрғысынан ойлау технологиясы бастауыш
сынып оқушыларымен қолдануға өте тиімді. Себебі жаңа өсіп келе жатқан
буынның білімге деген құштарлығын жан-жақты дамытуға септігін тигізеді деп
пайымдайды. Бұл технологияны қолдану барысында бірінші сынып
оқушыларының әріп тануға, жазып үйренуге, танымдық қабілеттерін арттыруға
көп көмегін тигізгенін айтады. Бұл технологияны мектеп қабырғасындағы
барлық оқушыларға қолданған тиімді. Бірақ өсіп келе жатқан жаңа буынға
мұның әсері зор. Сондықтан да сын тұрғысынан ойлау технологиясын әлі де
жетілдірп, болашақта қолдану туралы ұсыныс білдірген.
Қостанай қаласының №115 орта мектебінің қазақ тілі мұғалімі Исембаева
Сандуғаш Болатқызы: оқушылардың сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін
дамыту. Оқушыларды шапшаң ойлауға, шығармашылыққа бейімдеу.
Балалардың білімге деген қызығушылығын оятады деп пайымдайды.
Нәтижесінде балалардың сабаққа деген қызығушылығы артты. Зейіні төмен
оқушылардың өзі сабаққа белсене қатыса бастағанын байқаған. Сын
тұрғысынан ойлау технологиясын сабақта кеңінен қолдану туралы
ұсынысын білдірген.
Қостанай қаласындағы №1 мектеп-лицейінің қазақ тілі пәнінің мұғалімі
Рахымова Эльмира Ерсәлімқызы: 1. Сын тұрғысынан ойлау технологиясы -
оқушының өз бетімен оқу, өз-өзін тәрбиелеу, өздігінен дамуын қамтамасыз
етеді, кез келген мазмұнға, түсінікке сыни тұрғыдан қарап, алған білімдерінен
сапалы шешім қабылдау дағдыларын дамытуға үлкен ықпалын тигізетін
педагогикалық технологиялардың бірі. 2. Интерберлсенді әдіс технологиясы -
таным әрекетін ұйымдастыруға,оқушының істі ұйымдастыра білу қабілетін
дамытуға,барлық үйренушілерге бірлескен таным процесіне белсенді араласуға
мүмкіндік жасауға, әрбір үйренушінің өзінің үйренгені мен өз білімі туралы
түсініктерін ортаға салып, бірлесе талққылап, олар туралы ой толғауына
мүмкіндік жасауға ықпал ететін технологиялардың бірі деп пайымдайды.
110
Нәтижесінде Сын тұрғысынан ойлау технологиясын орыс тілді мектептерде
қазақ
тілін
оқыту
үрдісінде
қолдану
барысында
оқушыларды
шығармашылықпен әрекет етуге, іздемпаздылыққа баулиды, оқушының еркін
және терең ойлауына үлкен мүмкіндік ашады,берілген мәселе бойынша жан-
жақты ойлауына, үздіксіз жұмыс жасауына мүмкіндік береді. Қазақ тіліне деген
қызығушылықты оятуда тиімді, оңтайлы әдіс-тәсілдердің молдығы. СТО әдіс-
тәсілдерін сабақта жүйелі түрде қолданылса, оқуышлардың пәнге деген
қызығушылықтары артады,сөздік қорлары молаяды, бір-бірімен пікірлесе
отырып еркін сөйлеу, өз ойын жеткізе алу дағдылары қалыптасады.
Берілген технологияларды қолдану барысында әр мұғалім келесі
ұсынымдарға назар аударғаны жөн: 1. Бұл технологияларды жүйелі қолдану
үшін уақыт керек. 2. Оқушыларға ойланып-толғануға, ойын ашық айтуға рұқсат
беру. 3. Әр түрлі идеялар мен пікірлерді қабылдау. 4. Үйрену барысында
оқушылардың белсенді іс-әрекетін қолдау. 5. Кейбір оқушылардың бір-бірінің
жауабына жасаған сынының дәлелді, дәйекті болуын талап ету. 6. Сын
тұрғысынан ойлауды бағалау.
Қарасу ауданы Шелғашын орта мектебінің қазақ тілі пәнінің мұғалімі
Жәнібекова Балжан Әбдікәрімқызы: Сын тұрғысынан ойлауды үйренген оқушы
«Оқушы-компьютер-мұғалім» жүйесін қалыптастырады. СТО-ның әдіс-
тәсілдерінің қазақ тілі пәніне ықпалы, әсері шексіз. Ол баланың еркін ойлауына,
үздіксіз жұмыс жасауына жол ашады. Осы технологияны сабақта қолданудан
күтетін нәтижелерді: өз қабілеттеріне қарай сапалы білім; еркін әрі сыни ойлай
білетін, белсенді және білікті; өзін-өзі тани алатын, өзіне сене отырып, біліміне
жауапкершілікпен қарайтын; өз мүмкіндігінше сенімді және жоғары баға
беретін; танымдық белсенділігі жоғары, өз ісіне сыни тұрғыдан қарай білетін
тұлға қалыптастыру. Маған бұл жаңа ойлар қаншалықты әсер етті деген
сауалдар төңірегінде ойлауға үйренеді. Өз іс тәжірибесінде ана тілі сабағынан
өткізген В.А. Сухомлинскийдің «Ақ шаш» деген сабағында: оқушыларды әр
түсті фишкалар арқылы топқа бөлу, балалар фишка түстес көрсеткіші бар
партаға барып отырады. Сабақта қолданылатын стратегиялар: «Болжау»
стратегиясы; «Екі жақты күнделік» стратегиясы; «Топтастыру» стратегиясы;
«Әдебиет үйірмесі»; «Бес жолды өлең» стратегиясы. Сабақ – ұстаздың көп
ізденуінен, көп еңбектенуінен туатын педагогикалық шығарма. Модульдің
негізгі мақсаты сабаққа жаппай оқушының қатысуы арқылы дәрісті, негізінен
диалог түрінде ұйымдастырады, есте сақтау, қайталау мен оқушының сөздік
қорын молайтуды оң жолға қою. Әсіресе, оқушылардың сөйлеу тілін дамытуда
бұл модульдардың берері көп. Жалпы қазіргі заманғы әдіс-тәсілдер бойынша
баланың өзі ізденіп, өз бетінше білім алуы үшін әрекет жасаушы болса, мұғалім
тек бағыттаушы, дұрыс жол нұсқаушы, ұйымдастырушы. Топпен жұмыс
барысында ынтымақтастық атмосферасының құрылғаны да байқалды. Мұндай
жұмыстар барысында «Автор орындығы», РАФТ, ИНСЕРТ, дискуссиялық
карта, Венн диаграммасы, Блум өлшемдері, Жигсо әдісі, т.б. әдістерін
қолданған. Сонымен қатар, сын тұрғысынан ойлау әдісі бойынша өтілген
сабақтарында қалған модульдерді де еркін енгізуге болатынына көз жеткізген.
111
Сабақ барысында, әсіресе 4 деңгей тапсырмасын орындағанда, дарынды
балалар көзделеді.Олар аудандық, облыстық олимпиадаларға, байқауларға
қатысып жүлделі орындарға ие болды.
Қостанай қаласының №9 орта мектебінің қазақ тілі пәнінің мұғалімі
Скендирова Гүлбейне Айтбайқызы: сын тұрғысынан ойлау жобасы мынадай үш
құрылымнан тұрады. Қызығушылығын ояту; мағынаны тану; ой толғаныс. Бұл
технологияда бұрынғы білім мен жаңа ұғым ұштастырылады. Ал соңғы кезеңде
оқушы өз шығармашылығынан қабілетін таныта алады. Мұнда оқушыға
ойланып толғануға уақыт берілуі керек, ойын айтуға оқушы шығармашылығын
қалыптастыратынын атап өту керек. «Қызығушылығын ояту» кезеңінде
алдыңғы өткен тақырыпты тексеру мақсатында тест жұмыстарын өткізу
арқылы оқушы білім деңгейін қадағалап, жаңа сабақты бастар алдында
«Топтастыру» стратегиясы арқылы оқушылармен бірлесе жұмыс жасауға
болады. Сабақтың қай құрылымында болмасын осындай стратегияларды
қолданғанда «Мен не ұтам?», және «Оқушы не ұтады? деген сұрақтарды есінен
шығармауы керек. «Мағынаны тану» кезеңінде оқушыларды топқа бөлу
арқылы сұрақтар дайындап оны «Куббизм» стратегиясы арқылы жүзеге
асыруға болады. Сұрақтар үш деңгейде әзірленеді. Дайындаған сұрақтарға
оқушылар өз ойларын білдіріп жауап береді. Бұл технологияның келесі бір
кезеңі – ой толғаныс. Мұнда «Венн» диаграммасын қолдану арқылы
тақырыптардың ұқсастығымен мен айырмашылығын көрсетуге болады. Осы
кезеңде пікір-сайыс немесе «5 минуттық эссе» жаздыруға болады. Мұндағы
мақсат оқушылардың өзіндік көзқарасын қалыптастыру. Эссе жазғанда сабаққа
қабілеті төмен деген оқушылардың 5-6 сөйлемнен тұратын ойын жазса, соның
өзі оқушыны сабаққа тарта білгендік болып табылады. Осы технологияның
арқасында оқушылылары облыстық ғылыми жұмыстан (1-орын), қалалық
пәндік олимпиададан (3-орын), облыстық жыр мүшайрасынан (бас жүлде),
қалалық Абай оқуларынан (2-орын) жүлделі орындар алып жүргенін айтты.
Сыни тұрғысынан ойлау қалыптасқан ортада оқушы: нақты мақсат қоюға
дағдыланады. Өзіне деген сенімі артады. Оқу процесіне белсенді қатысады.
Жолдастарының пікірін сыйлайды. Өзін толғандыратын, проблемалық сұрақтар
қоя біледі. Сараптауға, бағалауға дағдыланады. Пәнге деген қызығушылығы
артатынын өз тәжірибесінде байқаған.
Қостанай ауданы Совхозный орта мектебінің қазақ тілі пәнінің мұғалімі
Дүйсекова Тулеухан Ауезханқызы: сыни тұрғыдан ойлауды дамыту үшін
сыныбында Ө. Қанахиннің «Туған жер» деген әңгімесін алған. Оларға жұппен
елес жетегіне еріп көрейікші. Туған жер дегенде көз алдымызға не елестейді?
Оны алдарында жатқан қағазға түсірулеріне болады деп үш топқа бөліп
тапсырма берген. Бірінші топ: мәтіннен «Жарық дүниеге келген сәтіңнен
бастап, тәйтай басып жүріп кеткеніне» дейін жазған жолдарын тауып оқу.
Екінші топ. Мәтіннен автордың жазғы ауыл табиғатын суреттеген жерін тауып
оқу. Үшінші топ: автордың «Әрбір адам үшін туған жерден ыстық, қадірлі,
қымбат ештене жоқ» деген жерін тауып оқиды. Олардың ойында тез тауып оқу
және басқа топтан бұрын айту, бәсекелестік мәселесі туындаған. Туған жер
112
туралы қойылған жалпы сұраққа толық жауап берген. Тіпті Айғаным туған жері
қала болсада ауылды жақсы көретінін айтқан. Мұғалім оған кері байланыста
сұрақ қойған. Неге саған қала ұнамайды? Ол қаланың үйі тар, көшеге шығып,
достарымен еркін ойнай алмайтынын айтқан. Қалған балалар ауылда
тұратындарына қуанатындарын айтса, Мирас «маған қаланың суының іште
ағып тұратыны, су тасымайтындығы ғана ұнайды» деп өз ойын білдірді. үш
топқа тағы тапсырма берілген. Бірінші топ: туған жер туралы өлең, екінші топ:
отан, ел, жер туралы мақал-мәтел. Үшінші топ: сурет салу. Сыни тұрғыдан
ойлау стратегиясы бойынша оқушылар ойларын тиянақтап, басқаларды
бақылап, қатысушылардың ойларын төзіммен тыңдауы жайлы сезім қалдырды.
Оларға да осылай жұмыс істеу, ақылға қонымды мәселелер шешуге
көмектесетініне көздері жетті. Балалар өздерінің пікірлерінің қаншалықты
құнды екенін сезінді. Сабақта өз ойларын қорқа айтатын оқушыларға ойларын
айтуға сенім туғызды. Бұл стратегия оқушылардың пікірлерін жеткізуге
көмектескенін айтады.
Арқалық қаласы М. Әуезов атындағы №5 орта мектептің қазақ тілі пәнінің
мұғалімі Нұрбалиева Гауһар Сағынтайқызы: сын тұрғысынан ойлау
бағдарламасының тиімді жақтары: 1. Оқушылардың өздігінен жан-жақты білім
алуға жағдай жасалады. 2. Сабақ кезінде уақытты ұтымды пайдалану
мүмкіншілігі молаяды. 3. Оқушылардыңөзара пікір алмасуына мүмкіндік
туғызылады. 4. Мұғалім мен оқушылар арасында ізгілік қарым-қатынастар
орнайды деп атап көрсеткен. Өз тәжірибесінде байқағандай, сыни ойлауды
дамытатын оқу шарттары: 1. Оқушыларға ойланып-толғануға, ойын ашық
айтуға рұқсат беру. 2. Әр түрлі идеялар мен пікірлерді қабылдау.
3.
Оқушылардың оқу үрдісіндегі белсенділіктерін мадақтау. 4. Оқушыларға
мысқылсыз еркін атмосферада жұмыс істейтіндіктеріне кепілдік беру. 5. Сыни
ойлау тәжірибесі үшін уақыт пен мүмкіндіктер қамтамасыз ету. 6. Кез-келген
оқушының сыни шешімді қабылдай алатын қабілетіне сенімдік білдіру. 7. Сыни
ойлауды бағалау. 8. Тиімді сыни ойлауға қатысу үшін оқушылар өздеріне деген
сенімдерін және өз пікірлері мен идеяларының құндылықтарын түсінуін
арттыруға, оқыту үрдісіне белсенді қатысуға, басқалардың пікірлерін сыйлауға,
пікірді қолдауға және құрастыруға дайын болулары керек екенін айтады.
Арқалық қаласы №4 орта мектептің қазақ тілі пәнінің мұғалімі
Қойшұғылова Закария Қойшығұлқызы: «Жалпы сыни тұрғыдан ойлайтын
оқушылар белсенді болады, олар сұрақ қойып, дәлелдерді талдайды, мағынаны
анықтау үшін саналы түрде стратегиялар қолданады; олар ауызша, жазбаша,
көзбен шолу дәлелдеріне сенімсіздікпен қарай отырып, ештеңеге сенбейді,
мұндай адамдар жанашыл идеялар мен келешекке ашық болады» деп
сипаттайды. Олар өздерінің жобаларын талқылайды, ұсыныстарын білдіреді әрі
нәтижесін жариялайды, сөйтіп «кері байланыс»жасайды. Бұл әдіс
оқушылардың сөз саптау шеберлігін арттырады, сыни тұрғыдан ойлауға
төселдіреді, шығармашылық әрі танымдылық қабілетін ұштауға мүмкіндік
береді. Сонымен қатар оқушылар өзара ынтымақтастық атмосферасында
жұмыс жасауға дағдыланып қана қоймай, бірін-бірі өзара бағалауға төселеді.
113
Уақытты ұтымды қолдана білуге қалыптастыратынын байқаған.
Арқалық қаласы № 4 мектептің қазақ тілі пәнінің мұғалімі Смағұлова
Көпей Файзоллинқызы: СТО нәтижесінде сабақта оқушылар ізденіс
жұмыстарына төселе отырып, білімдерін тереңдетуге қызығушылық танытады.
Нәтижесінде 2-3 оқушы ғылыми жоба жұмысымен айналысы бастады, қалалық,
облыстық олипиада жүлдегері атанды. Халықаралық олимпиадаға қатысуға
ниет білдірген. Көпшілігі шығармалар сайысына қатысатын болған.
Жұмыстарын баспасөзге бере бастағанын байқаған.
Жетіқара қаласы № 2 орта мектептің қазақ тілі пәнінің мұғалімі Байменова
Сара Бекбаулқызы Сыни тұрғыдан ойлай білетін адам сұрақтар қоя біледі: -Мен
не білемін? Мен жаңадан нені білдім? Менің білімім қалай өзгерді? Мен осы
біліммен не істей аламын? Осындай сұрақтарды өзіне үнемі қойған адам өз ісін
сараптайды деп атап көрсеткен. Нәтижесінде: «Зерде»өңірлік ғылыми жобалар
сайысында Қадірбекова Камила 1 орын, «Живое слово» аудандық прозалар
сайысында 1 орын алып, облысқа өткенін айтады. Бала өз қылықтарын сынға
салуға, жақсы жаманды айыра білуге үйренеді.
Осы техологияны қолданатын Федоров ауданы №2 орта мектебінің қазақ
тілі пәнінің мұғалімі Өтегенова Айнұр Жақсылыққызы: Сын тұрғысынан
ойлауда оқушы болжайды, зерттеп, қорытып, өз ойын жеткізеді, негізін ашады,
сұрыптайды, талқылайды, сын көзбен қарайды, пікірін дәлелдейді, пікір
алмасады, ортақ пікірге келеді, мақсатқа жетеді, өзін-өзі басқарады, топпен
жұмыс істеуге үйренеді, жан дүниесін өзгертеді, ойлауды дамытады,
қызығушылықты дамытады, қызығушылықты артырады, кез келген сабақты
меңгертеді, оқушы өзін-өзі тәрбиелейді дейді.
Арқалық қаласы №4 орта мектептің қазақ тілі мұғалімі Саматова Гүлжанат
Шағалиқызы: осы технологияны қолдану қушылардың ойлау мен жазу арқылы
ой-өрісін дамытады. Шығармашылыққа баулиды. Шағын ой толғаулар жазуға
машықтандырады. Өз пікірі мен қоғамға деген көзқарасы қалыптасады.
Тұлғаның өз «менін» дамытады. Сонымен қатар оқушы жас ерекшелігін де
ескерген дұрыс. Жеңілден күрделіге адымдау керек: Сөйлем құрау, сурет
арқылы әңгіме ойлау оны жазу. Кейіпкерлерге түр, мінез беру. Талдау, ой
толғау, хат жазу, құттықтау жазу, шығарма жазу. Шығарма тақырыбына
байланысты көркемсөз іздену, оны мәнерлеп оқу, жаттау деп ұсыныс айтады.
Қостанай облысы Арқалық қаласы Ш. Уәлиханов атындағы №1 орта мектебінің
қазақ тілі пәнінің мұғалімі Ахметжанова Гүлдерай Хамидоллақызы сын
тұрғысынан ойлауды дамыту деген ұғымды кез келген жаңа идеяны сол күйінде
қабылдау немесе оған түбегейлі сенім арту емес, ол идеялардың негізгі
себептерін, жүзеге асыру жолдарын және нәтижесін білу, оларды өз ортаңа, өз
мүмкіндігіңе, өз керегіңе, өз іс-әрекетіңе лайықты кіріктіру, талдау, ой елегінен
өткізу, яғни проблемаға сыни тұрғыдан қарап, өз мақсатына пайдалана білу.
Осы технология бойынша оқушы – ізденуші, ойланушы, өз ойын дәлелдеуші.
Мұғалім – әрекетке бағыттаушы, ұйымдастырушы деп сипаттайды.
Арқалық қаласы Ы. Алтынсарин атындағы орта мектептің қазақ тілі
пәнінің мұғалімі Боқанова Айгүл Ахметсапина: тілдік материалдарды сатылай
114
кешенді талдау технологиясының ерекшелігі - оқушылар түсіндірген
материалды толық түсініп, жүйелі меңгереді, шығармашылық жұмыстарды
өздігінен орындауға бейімделеді. тіл сабақтарында жүргізілетін грамматикалық
талдаулар оқушылардың тіл байлығын, сөйлеу мәдениеттерін арттырып,
шығармашылық ойлауға дағдыландырады деп сипаттайды.
Рудный қаласы №15 орта мектептің қазақ тілі пәнінің мұғалімі Ержігітова
Анар Сабырқызы технологияның мақсаты: Оқушыларды ойын ашық айта алуға,
пікір алмаса білуге үйрету; Мәселені сын тұрғысынан шешуге дағдыландыру;
Ұжымда өз ойын ашық айтып қана қоймай, оны дәлелдей білуге бағыттау; Бір-
біріне сыйластықпен қарап, пікірін құрметтеуге баулу деп сипаттайды.
Нәтижесі: қалалық қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері арасында өтілген
«Ұлы мәртебелі – Ұстаз» байқауында жүлделі І орын (2012 ж.); Қала, облыс
деңгейінде ашық сабақтар мен шеберлік сыныптар; оқушылары қала, облыс,
республика деңгейіндегі пән олимпидалары мен ғылыми конференциялардағы
жетістіктері екенін айтады. Технология бойынша тірек-сызбалар,
шығармашылық жұмыстарға негізделген тапсырмалар мектеп оқулығына, ал
технологияның кейбір элементтері (мысалы консептуалдық кесте, ИНСЕРТ
әдісі, егер де мен...) сияқты түрлері пән олимпиадаларының тапсырмаларына
енгізілсе деген ұсынысын білдіреді.
Жетіқара қаласы № 2 орта мектептің қазақ тілі мұғалімі Қалиева Гүлшат
Елжанқызы бұл технология бойынша оқытудың нәтижелерінде: қазақ тілі және
әдебиет сабағының мазмұны мен сапасы артты; оқушылардың дара
ерекшеліктеріне сай ойлау, сөйлеу қабілеттері дамиды; оқушылар өз бетімен
жұмыс жасауға дағдыланып, шеберлігі шыңдалады; оқушының жауапкершілігі
артады, шығармашылығы қалыптасады; өзін-өзі дамытып, өзін-өзі бағалап,
білім деңгейін өрбіте алады; білім алушы өзі талдау жасайды, қорытынды
шығарады, жаңалыққа ұмтылады; ауызша, жазбаша сөйлеу тілдері дамиды,
лексикалық қоры баиды; қазақ тілін үйренуде қызығушылығы, өз күшіне деген
сенімділігі пайда болады; өз ойын дәлелдей білетін, шағын зерттеулер жүргізе
алатын болады.
Жетіқара қаласы № 2 орта мектептің қазақ тілі мұғалімі Дүйсенова
Назымгүл Бекбаулинқызы: коммуникативтік құзыреттіліктің төрт аспектісін
сабақтың әр кезеңінде, әр түрлі стратегияларды қолдана отырып, дамытуға
болатынын; Мысалы, сабақтың қызығушылықты ояту кезеңінде жазбаша
байланысу аспектісінің 1 деңгейін қалыптастыруда ассоциация жасату. Сондай-
ақ, «Торлы талқылау кестесі», «Құндылық шебі», «Ортақ тізім жасау»,
«Топтастыру» стратегиялары арқылы жүзеге асыруға болады. 2 деңгейді жүзеге
асыруда «Түртіп алу», «Бірлескен жоба», «Еркін жазу», «Т -кестесі»,
«Концепцуальды кесте», «Семантикалық карта», «Бес жолды өлең»
пайдаланудамын. 3-деңгейде «Қос жазба күнделігі», «Дөңгелек стол», «Дәлелді
эссе», «РАФТ» стратегияларын қолдануға болады. Бұл технологияны
пайдалану үшін ұстаз әр тапсырманы қызықты, шығармашылық қабілетін
дамытатын қылып дайындау керек. Тапсырманы берген уақытта оқушылардың
қабілеттерін ескеру керек. Ұстаз бұл технологияны толық меңгерсе сонда ғана
115
оны еңгізуі тиімді болатынын айтады.
Қостанай қаласы №8 орта мектептің қазақ тілі пәнінің мұғалімі Ержанова
Махаббат Маратқызы: жалпы сыни тұрғыдан ойлайтын оқушылар белсенді
болады,олар сұрақ қойып, дәлелдерді талдайды,мағынаны анықтау үшін саналы
түрде стратегиялар қолданады. Сыни тұрғыдан ойлау стратегиясын өз
сабақтарында қолдану арқылы оқушыларда психологиялық ахуал
қалыптасқанын; өзін жеке дара тұлға ретінде танып, бір-біріне құрметпен
қарауға үйренгенін; сыни тұрғыдан ойлау арқылы өзін-өзі бақылау, сөйлеу,
тыңдау қабілеттері, білімді өз бетімен алуға деген ынтасы, шығармашылық
жұмыстарға қабілеттері артқанын байқаған.
Қамысты ауданы Ы. Алтынсарин атындағы орта мектептің қазақ тілі
пәнінің мұғалімі Нұртазина Гүлмира Аманжолқызы бұл технологияны
қолданғанда жағымды нәтижелерге қол жеткізгенін Оқушыларының
шығармашылық қабілеттері артып, ойлау, пайымдау шеберліктері дамыған.
Оқушылары өлең шығарып, шығарма жазумен айналыса бастағанын байқаған.
«Абай әлемі» атты аудандық байқауда оқушылары І, ІІ-орындарды иеленді.
Жеңістің 70 жылдығына арналған шығарма сайысында бір оқушысы ІІІ орын
алғанын айтады.
Қостанай қаласындағы №9 орта мектептің орыс тілі пәнінің мұғалімі
Жүнісова Әлия Ертасқызы: сын тұрғысынан ойлауды дамыту деген ұғым кез
келген жаңа идеяны сол күйінде қабылдау немесе оған түбегейлі сенім арту
емес, ол идеялардың негізгі себептерін, жүзеге асыру жолдарын және нәтижесін
білу, оларды өз ортаңа, өз мүмкіндігіңе, өз керегіңе, өз іс-әрекетіңе лайықты
кіріктіру, талдау, ой елегінен өткізу, яғни проблемаға сыни тұрғыдан қарап, өз
мақсатына пайдалана білу туралы ұсыныс білдіреді. Қостанай облысы Жітіқара
қаласы №2 орта мектептің орыс тілі пәнінің мұғалімі Серғазинова Әсия
Викторқызы орыс тілі мен әдебиет сабақтарында СТО қолдана отырып
оқушыларға шығармашылық бағыт-бағдар бере отырып, үздіксіз іс-әрекетке
жетелегенін. Бағдарлама стратегиялары оқушылардың бірін-бірі тыңдап,
құрметтеуіне үйретті. бұрын үндемей отыратын балалардың сабаққа қызу
араласуы көрінді. Сабақтарды ерекше,сыни тұрғыдан ойлау технология
жобасымен өтуі оларға еркін сөйлеп, ойларын ашық жеткізуге, сыншыл
көзқарас байқатуларына мүмкіншілік туғызғанын айтады.
Арқалық қаласы Б. Майлин атындағы №3 жалпы орта білім беретін
мектебінің қазақ тілі пәнінің мұғалімі Құлжанова Айнұр Хамитқызы Достарыңызбен бөлісу: |