ОҚытудың педагогикалық технологиялары: ТӘжірибе, инновациялар, енгізу



Pdf көрінісі
бет18/28
Дата29.01.2017
өлшемі2,84 Mb.
#2946
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   28

Модульдік оқыту технологиясы  
 
Модульдік  оқу  технологиясы  АҚШ  пен  Батыс  Еуропада  1960  жылдары 
дәстүрлі  оқуға  балама  ретінде  ұсынылған  білім  игеру  жүйесі.  Бұл 
технологияның мәні – оқушы модульмен жұмыс орындау барысындағы нақты 
мақсатқа  өз  бетінше  (не  белгілі  шамада  мұғалім  жәрдемімен)  жетеді 
(П. Юцявичене,  Т.И.  Шамова).  Модуль  –  мақсатқа  орайластырылған  оқу 
мазмұны  мен  оны  меңгеру  жолдарын  (технологиясын)  біріктірген  түйін, 
топ (блок).  
Бұл  технологияға  орай  оқу  мазмұны  өз  алдына  белгілі  жинақы  құрамға 
келтірілген  ақпараттық  топ  (блок)  күйінде  беріледі.  Ол  ақпарат  оқу 
мазмұнының  көлемін  ғана  емес,  әдістері  мен  олардың  игерілу  деңгейін  де 
көрсететін дидактикалық мақсатқа сәйкес меңгеріледі.  
Модульдік оқуда өзіндік жұмыстарға аса көп уақыт бөлінеді. Бұл оқушыға 
оқу әрекеттеріне кірісумен өз мүмкіндіктерін сезінуге, білім игеру деңгейін өзі 
анықтауына,  өз  білімдері  мен  ептіліктеріндегі  кемшіліктерді  байқауына 
жәрдемдеседі.  
М.  Жанпейісованың  модульдік  оқыту  технологиясының  негізі  баланың 
тұлғасын алға қояды, бұл жаңа білім парадигмасына сай келіп отыр. Модульдік 
технологиясының  басты  ерекшелігі  –  оның  тек  қана  білімді  меңгеруге  емес, 
тұлғаның  танымдық  қабілеттерін  және  танымдық  процестерді,  яғни  жадының 
229 
 

алуан  түрлерін  ойлауды,  ынтаны,  қабылдау  қабілетін  арнайы  жасалған  оқу 
және танымдық жағдайлар арқылы дамытуға, сондай-ақ тұлғаның қауіпсіздігін, 
өзін-өзі  өзентілендіру,  өзін-өзі  бекіту,  қарым-қатынас,  ойын  танымдық  және 
шығармашылық қажеттіліктерін қанағаттануға белсенді сөздік қорын дамытуға 
бағытталады.  
Модульдік оқыту технологиясын қолдану:  

Оқушы тұлғасының танымдық қабілеттерін дамытуға.  

Танымдық процестерді жетілдіру.  

Оқуға жағымды қызығушылық қалыптастыруға.  

Белсенді сөздік қорын, ауызша және жазбаша тілін ұстартуға.  

Тұлғаның  қиындықтарға  даяр  болу  және  оны  білу,  қарым  –  қатынас, 
ойын, танымдық, өзін- өзі бекіту қажеттіліктерін қанағаттандыруға ықпал етеді.  
Модуль дегеніміз – қандайда бір жүйенің, ұйымның нықталатын, біршама 
дербес бөлігі. Модуль – қандай да бір жүйенің, ұйымның анықталатын, бірнеше 
дербес  бөлігі.  Оқытудың  тұтас  технологиясын  жобалау,  алға  қойған  мақсатқа 
жетуді көздейтін педагогикалық процесс түзу.  
Оқушылардың  әрбір  модульде  өткен  тақырыптардан  алған  білімдерін 
тексеру мақсатында тест жұмыстары қолданылады. Тест жұмыстары модульге 
негізделіп  құрастырылады.  Бұл  жұмыс  модульді  қорытындылауда,  нәтиже 
сабақта  жылдық  қайталау  кезінде  қолдануға  өте  ыңғайлы.  Тест  жұмыстары 
оқушылардың білімін пән бойынша аз уақыт аралығында тексеруде мұғалімге 
де, оқушыға да көмектеседі.  
Қазіргі  уақытта  Қазақстанда  білім  берудің  өзіндік  ұлттық  үлгісі 
қалыптастасуда.  Бұл  процесс  білім  парадигмасының  өзгеруімен  қатар  жүреді. 
Білім  берудегі  ескі  мазмұнның  орнына  жаңасы  келуде.  Я.А.  Каменскийдің, 
И. Гербарттың  дәстүрлі  объект–субъектілері  педагогикасының  орнын  басқасы 
басты, ол бала оқу қызметінің субъектісі ретінде, өзін өзі өзектілендіруге, өзін 
тануға  және  өзін-өзі  жүзеге  асыруға  ұмтылатын  тұлға  ретінде  бағытталған. 
Мұндай  жағдайда  педагогикалық  процестің  манызды  құрамы  оқу  ісіндегі 
субъектілер  -  оқытушы  мен  оқушының  тұлғалық  бағытталған  өзара  әрекеті 
болып  табылады.  Жаңа  білім  парадигмасы  бірінші  орынға  баланың  білімін, 
білігі  мен  дағдысын  емес,  оның  тұлғасын,  білім  алу  арқылы,  дамуын  қойып 
отыр. Қазіргі уақытта педагогика ғылымының бір ерекшілігі- баланың тұлғалық 
дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын шығаруға ұмтылуы [9].  
Оқу модулі қайта жаңғыртушы оқу циклі ретінде үш құрылымды бөліктен 
тұрады.  Кіріспеден,  сөйлесу  бөлімінен және қорытынды бөлімнен  тұрады.  Әр 
оқу модулінде сағат саны әр түрлі болады. Бұл оқу бағдарламасы бойынша сол 
тақырыпқа,  тақырыптар  тобына  немесе  тарауға  бөлінген  сағат  санына 
байланысты.  Оқу  модулінің  ерекшілігі  –  жалпы  сағат  санына  қарамастан  , 
кіріспе  және  қорытынды  бөлімдерге  1-2  сағат  беріледі.  Барлық  қалған  уақыт 
сөйлесу бөлімінің меншігінде болады.  
Педагогикалық  технология  негізінде  оқу  циклін  қайта  жаңғырту  идеясы 
алынған. Оның мазмұнына:  
1. Оқытудың жалпы мақсатын қою;  
230 
 

2. Жалпы құрылған мақсатты нақтыландыруға көшу;  
3. Оқушылардың білім деңгейін алдын ала бағалау;  
4. Оқу әрекетінің жиынтығы;  
5. Нәтижені бағалау [10].  
Ақмола  облысы  Жарқайың  ауданы  Тассуат  негізгі  мектебінің  қазақ  тілі 
пәнінің  мұғалімі  Жұмабаева  Сайрангүл  Серікқызы  бұл  технологияның 
тиімділігі  –  оқушылар  өткен  материалдарды  үнемі  қайталап  жаңғыртып 
отырады  және  теориялық  алған  білімдерін  түрлі  ойын  түрлері  арқылы 
тәжірибеде  қолданады.  Ең  бастысы,  сауаттылықтары,  фонетикалық, 
лексикалық, морфологиялық және синтаксистік талдауларды игерді. Модульдік 
оқыту  технологиясының  ерекшелігі  «Тұлғаның  танымдық  қаблеттерін  және 
танымдық процестерді арнайы жасалған оқу және танымдық жағдайлар арқылы 
дамытуға,  тұлғаның  қажеттілігін  қанағаттандаруға  белсенді  сөздік  қорын 
дамытуға  бағытталуы»  деп  сипаттайды.  Сайрангүл  Серікқызы  «Модульдік 
оқыту  технологиясын»  қолдану  арқылы  көптеген  жетістіктерге  жеткен: 
аудандық  қаңтар  оқуларында  «Модульдік  оқыту  технологиясының 
элементтерін сабақта қолдану» деген тақырыпта өз тәжірибесімен бөлісті; 2009 
жылы  «12  жылдық  мектепте  оқушының  тұлғаға  бағдарланған  оқу  процесін 
ұйымдастырудағы мұғалімнің құзіреттілігі» деген баяндамасы «Түпкі нәтижеге 
бағытталған  білім  берудегі  мұғалімнің  құзіреттілігі»  атты  облыстық  ғылыми-
теориялық  конференция  материалдарында  жарық  көрді,  сонымен  қатар  қазақ 
тілі  пәнінің  білім  сапасы  65-70  %  құрайды;  ҰБТ-дің  нәтижесі  жоғарылады; 
аудандық  жарыстарда  жүлделі  орындарға  ие  болды;  өзінің  сабақтарын 
ақпараттық  жүйе  арқылы  «45минут.kz»  және  «ustaz.kz»  сайтына  жіберіп 
отырады;  аудандық  «Инновациялық  ойлар»  байқауынан  ІІ  орынды  иеленіп, 
облыстық байқаудан сертификат алды.  
Ақтөбе облысы  
Ақтөбе  қаласының  №34  орта  мектебінің  бастауыш  сынып  мұғалімі 
Жасағанбергенова Айгүл Назарқызы АҚШ пен Батыс Еуропада 1960 жылдары 
дәстүрлі оқуға балама ретінде ұсынылған білім игеру жүйесі ретіндегі модульді 
оқу  технологиясын  өз  сабағында  қолданатынын  айтады.  Бұл  технологияның 
мәні:  оқушы  модульмен  жұмыс  орындау  барысындағы  нақты  мақсатқа  өз 
бетінше  (не  белгілі  шамада  мұғалім  жәрдемімен)  жетеді.  (П.  Юцявичене, 
Т.И. Шамова). Модульдің құрамы: әрекеттің мақсаттық жоспары, ақпарат қоры, 
дидактикалық  мақсатқа  жетудің  әдістемелік  көрсетпелері.  Бұл  технологияға 
орай,  оқу  мазмұны  өз  алдына  белгілі жинақы  құрамға  келтірілген  ақпараттық 
топ  (блок)  күйінде  беріледі.  Ол  ақпарат  оқу  мазмұнының  көлемін  ғана  емес, 
әдістері  мен  олардың  игерілу  деңгейін  де  көрсететін  дидактикалық  мақсатқа 
сәйкес  меңгеріледі.  Модульдік  оқуда  өзіндік  жұмыстарға  аса  көп  уақыт 
бөлінеді.  Бұл  оқушыға  оқу  әрекеттеріне  кірісумен  өз  мүмкіндіктерін  сезінуге, 
білім  игеру  деңгейін  өзі  анықтауына,  өз  білімдері  мен  ептіліктеріндегі 
кемшіліктерді  байқауына  жәрдемдеседі.  Бұл  технологияны  қолдану  нәтижесі 
оқушыны  эмоциялық  сезімге  бойлап,  әсерлі  сезімде  болуға  жетелейді;  ойын 
түрлері  арқылы  баланың  қиялын  дамытады,  зейінін  тәрбиелейді,  халықтық 
231 
 

педогогикамен  қаруландырады,  терең  білім  береді;  оқушылардың  сөйлеу 
дағдысын  қалыптастырады,  осы  сатыға  жеткізуші  дәнекер-ойдың  модулі  деп 
түйіндеуге  болады.  Бұл  әдіс  оқушыны  ізденімпаздыққа,  өз  бетімен  білімін 
жетілдіруге  баулып,  шығармашылық  қабілетін  дамытады.  Сонымен  қатар 
модульдік  оқыту  білім  мазмұны,  білімді  игеру  қарқыны,  өз  бетінше  жұмыс 
істей  алу  мүмкіндігі,  оқудың  әдістері  мен  тәсілдері  бойынша  оқытудың 
дербестігін  қамтамасыз  етеді.  Бұл  әдіс  оқушыны  ізденімпаздыққа, 
отансүйгіштікке,  өз  бетімен  білімін  жетілдіруге  баулып,  шығармашылық 
қабілетін дамытады. Бұл технология, біріншіден, дамыта оқыту идеясын жүзеге 
асыруға  мүмкіндік  береді,  сондай-ақ  оқушылардың  ойлау,  елестету  мен  есте 
сақтау  қабілетінің,  ынасының,  белсенділігінің,  білім  сапасының  дамуына 
көмектеседі.  Әр  оқушының  кемінде  мемлекеттік  стандарттық  деңгейде  білім 
алуына кепілдік береді.  
Жаңа  форматтағы  технологиялар  -  жеті  модульді  ықпалдастыра  отырып 
оқытуды  қолданатын  Ақтөбе  қаласындағы  №26  орта  мектептің  қазақ  тілі 
пәнінің  мұғалімдері  Алитұрлиева  Тасбике,  Макашова  Дана  Михаилқызы 
нәтижесінде оқушылар өз бетінше, топта достарының ортасында жұмыс істей 
білуге үйренгенін, өзара диалогқа түсіп, өз ойын дәлелді түрде жеткізе білуге 
дағдыланғанын  байқаған.Оқу  үшін  бағалацу  оқушыларды  жауапкершілікке 
үйретті. Олар өзіне де, достарына талап қоя білді. Әр бағаның маңызын түсінді, 
сонымен  қоса,  оның  қойылу  себебін  де  түсіндіре  алды.  Оқушылар  топтасып 
тапсырмалар орындай отырып, өздерінің көшбасшылық қабілеттерін танытты. 
Әсіресе, тұйық балалар көбіне ерекше көрінді. Олар өздерін достарына тыңдата 
білді. Әр сабақтың, әр тапсырманың негізгі мәнін ұғынды, Оқушы үніне құлақ 
сала отырып оқыту арқылы оқушы жанына терең үңілуге болатынын, сонымен 
қатар осы технологиямен жұмыс істейтін мұғалімдер арасында жиі кездесулер, 
дөңгелек  үстелдер  ұйымдастырылып,  идеялар  банкі  құрылса  деп 
ұсыныс айтады.  
Алға  ауданы  Бестамақ  орта  мектебінің  қазақ  тілі  пәнінің  мұғалімі 
Дәулеталин  Қанат  Сағынғалиұлы  саралауға  нақты  критерийлер  мен 
дискриторлар жасақталып ұсынылса деген ұсынысын білдіреді.  
Ақтөбе қаласы №51 гимназияның қазақ тілі пәнінің мұғалімі Базарғалиева 
Жанна Шаймерденқызы модульдік технологияда пән бағдарламасындағы білім 
мазмұны тараулар бойынша жіктеліп, берілетін білім көлеміне қарай сағат саны 
белгіленеді.  Тарау  бойынша  жүйелі  жоспар  жасалады.  Онда  модульдік 
технологияға  тән  3  кезең  сақталады  (кіріспе  сабақ,  екеуара  сөйлесу  кезеңі, 
қорытынды).  Кіріспе  сабақта  тірек-сызбалар  мен  кестелер  арқылы  жаңа  білім 
түсіндіріледі.  Оқушыларға  алдағы  сабақтардың  өтілетін  түрі  кесте  бойынша 
көрсетіледі.  Алдын  ала  тақырып  бойынша  білім  мазмұнын  анықтайтын  10 
сұрақ  беріледі.  Қорытынды  бөлімге  2  сағат  бөлінеді.  Оқушылардың  екеуара 
сөйлесу кезінде алған білімінің деңгейі жазба жұмыстары, тест тапсырмалары, 
деңгейлік тапсырмалар арқылы бақыланады.Қорытынды бөлімде алынған баға 
негізгі баға болып есептеледі.  Екеуара  сөйлесу  кезеңінде өзін-өзі  бағалау  мен 
өзара  бағалау  түрлері  жүреді.  Бұл  оқушылардың  өзіне  деген  сенімділігін 
232 
 

арттырады.  Оқушы  кластасының  алдында  жауап  беруге  талаптанады. 
Сондықтан берілген тапсырманы өз бетінше түсініп оқып алуға тырысатынын 
байқаған. Осы технология бойынша білім алған оқушылар ҰБТ қорытындысы 
бойынша жоғары деңгей көрсетіп жүргенін айтады.  
Ақтөбе қаласы №55 жалпы орта білім беретін мектептің орыс тілі пәнінің 
мұғалімі  Кабенова  Жанат  Абылкайыровна  модульдік  оқыту  технологиясын 
қолдану  арқылы  мынадай  жетістіктерге  қол  жеткізуге  болады:  1.  Уақыт 
үнемделеді.  2.  Сабақтың  сапасын  көтереді.  3.  Оқу  әдісі  мен  құралдарын 
таңдауға  мүмкіндік  тудырады.  4.  Оқушылардың  белсенділігін  мен 
қызығушылығын арттырады, сондықтан оқу үлгерімі көтеріледі.  
Модульдік оқыту технологиясын енгізе отырып, білім беру мен тәрбиелеу 
ерекшелігі  мынада:  1.  Оқу  материалдарын  белгілі  бір  жүйеге  келтіріп,  тірек-
сызба  арқылы  беру.  2.  Жаңа  тақырып  бойынша  алған  білімдерін  бекіту,  еске 
түсіріп үнемі қайталап отыру. 3. Оқушыларды білімге қызықтыру және бірлесе 
отырып  жұмыс  жүргізуге  үйрету.  4.  Оқушылардың  бұрыннан  игерген 
білімдерін тереңдете түсу. 5. Оқушының білім деңгейін дәл анықтау деп атап 
көрсеткен.  
Ақтөбе  қаласының  №37  орта  мектебінің  тәжірибелі  мұғалімі  Кенжебаева 
Ботагөз  Аділғазықызы  химия  сабақтарында  модульдік  әдісті  4  жылдан  бері 
қолданып  келеді.  Ботагөз  Аділғазықызының  модульдік  оқыту  дәстүрлі 
сабақтың  құрылымын  өзгертуге,  оқушылардың  тұрақты  тәжірибелік 
дағдыларын қалыптастыру үшін уақыт үнемдеуге, оқу үрдісінде жеке тұлғалық 
бағдар беру идеясын жүзеге асыруға мүмкіндік береді деп есептейді. Модульдік 
әдіс  оқушыларды  теориялық  білімді  аз  уақытта  меңгеріп,  шығармашылық 
жұмыстарға  баулуға  мүмкіндік  береді.  Жаңа  технологияларды  пайдалану 
мектептегі сабақтарды жаңаша ұйымдастыруға, мұғалімнің рөлі мен қызметінің 
артуына  жағдай  жасайды.  Химия  сабақтарында  модульдік  әдісті  қолдану 
барысында оқушылар теориялық білімді аз уақытта меңгеріп, шығармашылық 
жұмыстармен  айналысуына  мүмкіндік  туды.  Жаңа  педагогикалық  технология 
мұғалімнің  кәсіби  қызметін  жаңартып,  сатыланып  жоспарланған  нәтижеге 
жетуге  мүмкіндік  берді.  Мұғалім  модульдік  технологияны  пайдалана  отырып 
сабақтарды  жүргізу  оқушының  оқу-танымдық  әрекетін  жандана  түсті,  алға 
қойған  мақсатына  толықтай  жетуге  жағдай  туғызды,  шығармашылығын 
арттырып, пәнге деген қызығушылығын оятуға мүмкіндік берді.  
Әйтеке  би  ауданы  Ақкөл  ауылы  Абай  атындағы  орта  мектебінің 
математика 
пәнінің 
мұғалімі 
Мұстафина 
Айнагүл 
Жаншеевна 
М. Жанпейісованың  «Модульдік  оқыту  технологиясының»  элементтерін 
сабағында үнемі пайдаланып келеді. Жаңа заманға бейімделген рухани бағытта 
өзін-өзі  жетілдіре  алатын  тұлғаны  оқытып-тәрбиелеуде  жеке  пәндерді 
меңгертуде бұл технологияның маңызы зор. Математика пәні бойынша сабақта 
жаңа  материалды  жинақтап,  тарауларды  блоктап  түсіндіру  арқылы  уақыт 
ұтымды пайдалынады. Топпен жұмыс жасай отырып, адамгершілік қасиеттері 
қалыптастырылады.  Деңгейлік  тапсырмаларды,  күрделендірілген  деңгейлік 
тапсырмаларды орындау арқылы шығармашылығын дамыту.  
233 
 

Осы  технологияны  сабағында  тиімді  қолданып  жүрген  Алматы  облысы 
Панфилов  ауданы  Үлкеншыған  орта  мектебінің  шет  тілі  пәні  мұғалімі 
Зайнаудинова  Шахибам  Зайнаудиновна  модульдік  оқыту  білім  мазмұны, 
білімді игеру қарқыны, өз бетінше жұмыс істеу алу мүмкіндігі, оқудың әдістері 
мен  тәсілдері  бойынша  оқытудың  дербестігін  қамтамасыз  етеді. 
М.М. Жанпейісованың модульдік оқыту технологиясы – жеке тұлғаның өз-өзін 
дамытуға,  шығармашылық  қабілеттерін  арттыруға  қажетті  іскерліктері  мен 
дағдыларын  қалыптастыратын  бірден-бір  технология.  Оқушыларға  тілдік 
коммуникативтік  білім  беруде  модульдік  оқыту  технологиясы  оқушыны 
дамыту құралы ретінде қолданылады. М.М. Жанпейісованың модульдік оқыту 
жүйесі арқылы тіл дамыту іске асады. Модульдік оқытуда интерактивті тақтаны 
пайдалану  өте  тиімді.  Өйткені,  қажетті  сызбаларды,  электронды  оқулықты, 
зертханалық  тәжірибелерді  керек  болған  жағдайларда  пайдалануға  мүмкіндік 
береді. Модульдік оқытудың ерекшелігі: мұғалім көп сөйлегеннен гөрі, баланы 
көбірек  тыңдауға  мүмкіндік  береді;  Модульдік  оқытуда  тағы  бір  ерекшелік 
бағалау парағын қолдану болып табылады. Сабақ жеке жұмыс, топпен жұмыс 
болуы  мүмкін.  Бала  ескерусіз  қалмас  үшін  әр  жұмысқа  балл  қою  арқылы 
қорытынды баға қойылады деген сипаттама береді.  
Сонымен қатар модульдік оқыту технологиясын қолдану арқылы мынадай 
жетістіктерге қол жеткізуге болады: 1. Уақыт үнемделеді. 2. Сабақтың сапасын 
көтереді.  3.  Оқу  әдісі  мен  құралдарын  таңдауға  мүмкіндік  тудырады. 
4. 
Оқушылардың белсенділігін мен қызығушылығын арттырады. Сондықтан да 
модульдік  оқыту  технологиясын  сабақта  қолдану  ағылшын  тілін  оқытуда 
сабақтың  білім  сапасын  көтерудің  факторы  болып  табылады.  Модульдік 
оқытудың  сөйлесу  бөлімінде  оқушылар  көбінесе  топтарға  бөлініп,  өтілген 
материалды  қайта  жаңғыртып,  терминдерді,  негізгі  ұғым-ережелерді  біледі. 
Модульдік оқыту технологиясын енгізу – оқу материалдарын белгілі бір жүйеге 
келтіріп,  тірек-сызба  арқылы  беру;  жаңа  тақырып  бойынша  алған  білімдерін 
бекіту,  еске  түсіріп  үнемі  қайталап  отыру;  оқушыларды  білімге  қызықтыру 
және бірлесе отырып жұмыс жүргізуге үйрету; оқушылардың бұрыннан игерген 
білімдерін тереңдете түсу; оқушының білім деңгейін дәл анықтау.  
Панфилов  ауданы  Жаркент  орта  мектебінің  қазақ  тілі  пәнінің  мұғалімі 
Тоқтасын Гүлнар Азатбекқызы Коструктивті білім беру технологиясы негізінен 
жеті  модульді  қамтиды.  Бүгінгі  заман  талабына  сай  оқушылардың  өз  бетімен 
білім  алуын,  ақпаратты  өз  бетінше  талқылап,  басқаға  үйрете  отырып  өзі  де 
меңгеруге  жетелейді.  Іс-әрекетте  өзіне  де,  өзгеге  де  сын  тұрғысынан  қарауға, 
ойлауға  мүмкіндік  береді.  Оқушылардың  топта  жұмыс  жасау  кезіндегі  өз 
міндетін,  топ  мүшесі  ретінде  дұрыс  әрі  жауапкершілікпен  атқаруға  жетелейді 
деп  сипаттайды.  Коструктивті  білім  беру  технологиясын  қолданғалы 
оқушылардың  өздігінен  шешім  қабылдап,  білімді  өз  бетінше  алу 
белсенділіктері  артты.  Сонымен қатар,  білім  сапасының артуына  да оң  ықпал 
етті.  Коструктивті  білім  беру  технологиясынын  қолжетімділігі  өте  жоғары 
екендігін айтады.  
Панфилов  ауданының  Үлкеншыған  орта  мектебінің  қазақ  тілі  пәнінің 
234 
 

мұғалімі  Байбатырова  Гүлдана  Игібайқызы  педагогикалық  үрдістің 
тиімділігінің артуына мүмкіндік беретін білім беру мен тәрбие бірлігін сақтай 
отырып,  оқушыға  берілетін  білімнің  үйлесімділігімен  қатар,  әрбір  жеке 
тұлғаның  ерекшелігін  ескере  отырып,  білімділігіне  сәйкес  бағдар  беру, 
танымдық  ізденімпаздығын  дамытудағы  оқытудың  прогрессивтік  қадамының 
бірі – модульдік оқыту деп сипаттайды.  
Модульдік  оқыту  технологиясының  тиімділігі:  1)  қысқаша  сызбалар 
арқылы  түсіндірілуі;  2)  оқушылардың  әрбір  сабақта  іс-әрекетін  бағалау  үшін 
диалогтық  қарым-қатынас  негізінде  танымдық  іс-әрекетін  ұйымдастыру; 
3) 
барлық  тақырыптар  бойынша  тест,  сынақ  жүргізу.  Модульдік  оқыту  білім 
мазмұны,  білімді  игеру  қарқыны,  өз  бетінше  жұмыс  істеу  алу  мүмкіндігі, 
оқудың  әдістері  мен  тәсілдері  бойынша  оқытудың  дербестігін  қамтамасыз 
етеді.  Бұл  технология,  біріншіден,  дамыта  оқыту  идеясын  жүзеге  асыруға 
мүмкіндік  береді,  сондай-ақ  оқушылардың  ойлау,  елестету  мен  есте  сақтау 
қабілетінің, ынтасының, белсенділігінің, білім сапасының дамуына көмектеседі. 
Әр  оқушының  кемінде  мемлекеттік  (стандарттық)  деңгейде  білім  алуына 
кепілдік  береді.  Модельде  3  деңгейлік  тапсырмалар:  тест  сұрағы,  сынақ 
тапсырмасы,  шығармашылық  жұмыс  бойынша  жұмыс  жүргізіледі.  3  деңгей  – 
мемлекеттік  стандарт  деңгейі,  бұны  барлық  оқушылар  орындауы,  білуі 
міндетті. 2 деңгей – бұған қарағанда күрделірек, ал 1 деңгейді – өзіндік пікірін 
жеткізе  алатын,  өз  ойын  шығармашылықпен  дәлелдей  алатын  қабілетті,  озат 
оқушылар  ғана  орындай  алатынын  айтады.  Модульдік  оқыту  технологиясын 
қолдану  арқылы  мынадай  жетістіктерге  қол  жеткізуге  болады:  1.  Уақыт 
үнемделеді.  2.  Сабақтың  сапасын  көтереді.  3.  Оқу  әдісі  мен  құралдарын 
таңдауға  мүмкіндік  тудырады.  4.  Оқушылардың  белсенділігін  мен 
қызығушылығын арттырады деп көрсеткен.  
Талдықорған  қаласының  №20  орта  мектептің  қазақ  тілі  пәнінің  мұғалімі 
Анисова  Үміт  Төлендіқызы  Кембридждің  7  модулі  AQCI-Argument  -  Дәлел 
Question  - 
Сұрақ  Connection  -Байланыс  Implication-Ізденіс.  Қорытынды  PISA - 
әдісінің артықшылығы 1. Жаңа шығарма, мәтінді оқып танысуда, оқушылардың 
іштей  түсініп  оқуын,  түсінгенін  жазбаша  түрде  жеткізе  білу  дағдыларын 
жетілдіруге болады және сыни ойлау көзқарасын қалыптастырады. 2. Өз ойын 
жинақтап, дәлелдер келтіре отырып, сын тұрғысынан ойын жүйелеуге, талдау 
жасауға  үйренеді;  3.  Автор  сөзін,  аргументтеріне,  өз  ойы  мен  түсінігін, 
дүниетанымын қосып талдап, қорытынды жасайды деп пайымдайды. Мәтіндегі 
әр абзац астарлы сұрақ қойып, оған өзі жауап іздейді, сұрақты бір-біріне қоюға 
немесе  сыныпқа  қоюға  болады.  Нәтижесінде  бала  алаған  білімін  өмірмен 
байланыстырады,  мектептен  тыс  өмірде  де  қолдана  алады,  шығармашылыққа 
баулиды.  
Ақтөбе  қаласы  №32  мектеп-гимназиясының  математика  пәнінің  мұғалімі 
Ермағанбетова  Әлия  Ағантайқызы  «Модульдік  оқыту  технологиясын» 
келесідей  сипаттайды.  Модульдік  оқытудың  өзегі  –  оқу  модулі.  Модульдік 
оқыту  –  бұл  тіл  үйренушінің  өздігінен  жұмыс  істей  алу  мүмкіндігі.  Бұл 
технологияның  мақсаты:  1)  тіл  үйренушінің  өзін-өзі  дамытуына  қолайлы 
235 
 

жағдайлар  туғызу;  өздігінен  білім  ала  білуі,  өзін-өзі  басқара  алуы;  2)  өзін-өзі 
анықтай  алуы;  3)  өзін- өзі  реттей білуі;  4)  өзіне-өзі  сенімді  болуға  тәрбиелеу; 
5) 
өзіне-өзі  баға  бере  білуі.  М.М.  Жанпейісованың  модульдік  интерактивтік 
оқыту  технологиясының  тиімділігі:  тіл  үйренушінің  танымдық  қабілетін 
дамыту; танымдық процестерді дамыту; оқуға қызығушылық таныту; белсенді 
сөздік  қорын,  ауызша  және  жазбаша  тілін  дамыту;  «Қазақ  тілін»  пәнін  оқыту 
процесін  жандандыратын,  сапасын  арттыратын  әдістің  бір  түрі  осындай 
технологиялық  оқу  құралдары.  Сонымен,  қорыта  айтқанда,  қазіргі  қоғам 
талабына сай, оқыту процесін тиімді ұйымдастыру үшін жаңа технологияларды 
қолдану  керектігі  сөзсіз.  Оқытушының  әдістеме  түрлерін  әр  сабақтың  қоятын 
мақсатына  сай  шеберлікпен  тиімді  қолдануы  оқушылардың  қызығушылығын 
арттырып,  тілге  қабілетін,  өзіндік  ізденістерін  дамытуға  ықпал  етеді.  Жаңа 
технологияларды  қолдану  барысында  оқушылардың  пәнге  деген  ынтасы, 
белсенділігі  артып,  білім  сапасы  жоғарлайды.  Ізденімпаздық,  дербес  ойлау, 
өзіндік қорытындылау қабілеттері дамиды.  
Жамбыл  облысы  Қордай  ауданының  Дінмұхамед  Қонаев  атындағы  №1 
мектеп-гимназиясының  қазақ  тілі  пәнінің  мұғалімі  Мұңайтбас  Өркен 
Орынбасарұлы модульдік оқыту технологиясы (МОТ) блоктік оқытуға жатады. 
Ол  үш  бөлімнен  тұрады:  1.  Кіріспе  бөліп;  2.  Диалогтік  бөлім;  3.  Қорытынды 
(бақылау) бөлімі. Белгілі бір блокті оқытарда оқушыларды алдымен модульге 
енгізеді:  сол  блоктағы  тақырыптар  жөнінде  қысқаша  мәлімет  беріледі. 
Диалогтік  бөлімге  сағаттың  көбі  беріліп,  оқушылар  әр  түрлі  жұмыстар  жасау 
арқылы  түсінігін  кеңейтеді.  Бұл  жерде  сындарлы  оқытуды  қолдануға  болады. 
Соңғы  бөлімде  1  -  2  бақылау  жұмысы  алынып,  оқушы  білімі  тексеріледі  деп 
сипаттайды.Нәтижесінде  Оқушылар  диалогтік  оқытуда  топтық,  жұптық,  жеке 
жұмыстар  атқарады.  Өздігінен  іздену  қабілеті  артады.  Топтық  жұмыста 
бәсекеге қабілеттіліктің артуымен бірге, бір-біріне үйрету, көмектесу сезімдері 
де  оянып,  өзін-өзі  және  құрбыларын  сыни  тұрғыдан  бағалау  қабілеттері 
дамиды.  Сабақтық  мазмұндылығымен  қатар,  сапасы  көтеріледі,  оқушылар 
қызығушылықпен  жұмыс  жасайды.  Оқытудың  белсенді  тәсілдерін  кеңінен 
қолдануға мұғалімнің мүмкіншілігі артады.  
Қарағанды  облысы  Осакаровка  ауданы  №21  Сарыөзек  орта  мектебінің 
тарих  пәнінің  мұғалімі  Аманжолова  Балжан  Аманжолқызы  модульдіқ  оқыту 
технологиясын сабағында қолданатынын нәтижесінде Сабақ бойынша сапалық 
көрсеткіші артты. ҰБТ бойынша жақсы нәтижеге қол жеткізгенін. Оқушылар өз 
беттерімен шығармашылық ізденістерге талпынғанын байқаған. Сабақта түрлі 
әдіс-тәсілдерді  таңдау  арқылы  уақытты  тиімді  пайдалануға  қол  жеткізуге 
болатынын айтады.  
Осакаровка ауданы №21 орта мектептің музыка пәнінің мұғалімі Тойшан 
Дина  Хуанарқызы  бұл  пәннін  мазмұнын  нақты  білуге  Модульдік  оқыту 
технологиясының  ықпалы  зор  екенін  айтады.  Ол  білім  алушылардың  рухани 
мұраның 
негізгі 
құндылықтарын 
игеру 
арқылы 
шығармашылық 
мүмкіндіктерінің дамуына ықпал етті. Қазақстандық музыка өнерінің шынайы 
құндылықтарын  ажырата  білуге,  қазіргі  қоғамдағы  музыка  өнерінің  маңызы 
236 
 

жайында  көзқарас  қалыптастыруға,  әлем  халықтарының  музыкасының  сан 
алуандығын сезінуге, басқа халықтардың музыкасымен мәдени байланыстарды 
таба  білуге,  музыканы  өз  жақындары  мен  достарына  деген  көзқарасын 
білдіретін  тәсіл  ретінде  пайдалануға,  музыкалық  шығармаларды  талдау 
барысында өз білімдерін пайдалануға көп әсер еткенін айтады.  
Осы  технологияны  өз  сабағында  кеңінен  қолданып  жүрген  Қостанай 
облысы Жітіқара ауданы Забеловка орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі 
Хамитова Гүлдана Әлібекқызы модульдік технологияның мазмұнына:  
1. Оқытудың жалпы мақсатын қою.  
2. Жалпы құрылған мақсатты нақтыландыруға көшу.  
3. Балалардың білім деңгейін алдын-ала бағалау.  
4. Оқу әрекетінің жиынтығы.  
5. Нәтижені бағалау жататынын атап көрсеткен.  
Осының  арқасынды  оқу  процессі  «модульдік»  сипат  алып,  құрылымы 
ортақ, бірақ мазмұны әр түрлі жеке блоктардан жасалады. Қайта жаңғыртатын 
оқу  циклі  ретінде  оқу  модулі  үш  құрылымдық  бөлімнен  тұрады:  кіріспе, 
сөйлесу  бөлімі  және  қорытынды.  Кіріспе  бөлім  (модульге,  тақырыпқа  енгізу). 
Сөйлесу  бөлімі  (оқушылардың  танымдық  қызметін  өзара  сөйлесу  негізінде 
ұйымдастыру).  Қорытынды  бөлім  (бақылау).  Осы  технологияны  сабақтың  әр 
бөлімінде  қолдануға  болады.  Сабақ  тиімді,  нәтижелі.әрі  қызықты  өтуге 
атсалысады.  Модульдік  оқыту  технологиясының  жеке  тұлғаның  өз-өзін 
дамытуға,  шығармашылық  қабілеттерін  арттыруға  қажетті  іскерліктері  мен 
дағдыларын  қалыптастыратын  бірден-бір  технология.  Модульдік  оқытудың 
ерекшелігі: мұғалім көп сөйлегеннен гөрі, баланы көбірек тыңдауға мүмкіндік 
береді; Модульдік оқытуда тағы бір ерекшелік бағалау парағын қолдану болып 
табылады.  Сабақ  жеке  жұмыс,  топпен  жұмыс  болуы  мүмкін.  Бала  ескерусіз 
қалмас үшін әр жұмысқа балл қою арқылы қорытынды баға қойылатындығын 
айтады.  Осы  технологияны  қолдану  нәтижесінде,  яғни  модульдік  оқыту 
технологиясын  қолдану  арқылы  мынадай  жетістіктерге  қол  жеткізуге  болады: 
1.  Уақыт  үнемделеді.  2.  Сабақтың  сапасын  көтереді.  3.  Оқу  әдісі  мен 
құралдарын таңдауға мүмкіндік тудырады. 4. Оқушылардың белсенділігін мен 
қызығушылығын арттырады, сондықтан оқу үлгерімі көтеріледі.  
Қостанай  қаласындағы  №9  орта  мектептің  тарих  пәнінің  мұғалімі 
Жақалақова  Салтанат  Қонақбайқызы  АКТ  оқушыларға  ғылыми  ұғымдарды 
түсіндіруді  және  олардың  қабылдауын,  түсінуін  жеңілдетуге  мүмкіндік  беріп, 
сабақ беруге көмектесетін маңызды құрал болып табылады. АКТ енгізген кезде, 
теориялық  және  тәжірибелік  білімдердің  біртұтастығы  оларды  тиімді 
қолдануды  қамтамасыз  етеді,  ал  бұл  оқыту  және  оқу  үдерістерін  жақсартуға 
жағдай  жасайды.  Сабақта  теориялық  және  тәжірбиелік  білімдерді  қолданған 
кезде  анықтаушы  фактор оқыту  үдерісінің  мазмұны,  әдістемесі,  технологиясы 
саласындағы  білімнің  қалыптасқандығы  болып  табылады.  Сабақтың  басты 
міндеттерінің бірі-пән мазмұнын меңгере отырып, модульдермен жұмыс істеу 
болып  табылады.  Тарих  сабағында  оқытудағы  Кембридж  тәсілі 
бағдарламасының  идеяларын  басшылыққа  алған.  Мұнда  оқушылардың  пәнді 
237 
 

терең  түсіну  қабілетін  дамытып  қана  қоймай,  алған  білімдерін  кез  келген 
жағдайда тиімді пайдалануға жетелейді. Жеті модульді сабаққа енгізу, дәстүрлі 
әдістен  ерекшелігі  оқушыны  қозғалысқа  түсіреді.  Сабақтағы  топтық 
жұмыстардың пайдасы оқушылар жалпы жұмысқа қосатын үлесін анықтайды, 
сондықтан сабаққа бар ықыласымен кіріседі және оқушылардың өздеріне деген 
сенімі  нығаяды.  Жұмыс  істеу  барысында  оқушыларымда  өзгерістер  және  тың 
серпіліс  пайда  болғанын  байқаған.  Талдау,  пікір  бөлісу,  топта  жұмыс 
істеу,ізденуге, әр оқушының пікірін тыңдауға мүмкіндік беретінін.Топта белгілі 
бір сұрақтарды талқылау кезінде көбірек ақпарат алғанын айтады. Балалардың 
сабаққа деген ынтасы артып қана қоймай, белсенділігі, қызығушылығы артады 
әрқайсысы  өзін  тұлға  сезініп,  өзіне  деген  сенімі,  жауапкершілігі  артқаны 
байқалған.  Сондықтан  осы  модульдер  арқылы  балалар  өз  білімін  жан-жақты 
көрсете білді білгенін зерттеген, жұмыстарымен таныстыруға мүмкіндік жасау 
керектігін білген.  
Әр сабақта тапсырмаларды алдын-ала беру арқылы оқушыларға қосымша 
материалдарды алудың, табудың жолын көрсете білген. Жаңа сабақ барысында 
оқушылардың  әкелген  материалдары  негізінде  оқушылардың  ақпараттық 
құзыреттіліктері  дамиды,  пәнге  деген  қызығушылықтары  артады,ақпаратпен 
жұмыс  істеуді  меңгереді,  нақты  мәліметтер  мен  деректерге  сүйеніп, 
материалды  талдауға,  сараптауға,  дәлел  келтіруге  ақпарат  көздерімен  жұмыс 
жүргізе  білуге  дағдыландыра  білген.  Міне,  осындай  оқытудың  жаңа 
технологияларының бірі – интерактивті оқыту әдісінінің тиімділігі оқушының 
өз  ойын  еркін,  жүйелі  айтуына  көз  жеткізген.  Бірлесе  жұмыс  істеу  арқылы 
оқушылардың арасында ынтымақ-бірлікті, әдептілік қасиеттерін қалыптастыра 
білген. Әр топтағы жұмыс нәтижесін бағалайтын бір жүйе дайындап алу шарт, 
оқушылар жолдастарының жұмыстарын талдай отырып, ойларын ашық айтуға 
үйрете  білген.  Жеті  модульді  пайдалану  арқылы  сабақтағы  өзгерістер 
оқушылардың  да  сабаққа  деген  қызығушылығын  арттырғанын  айқындай 
отырып,  оны  сабақтарын  бақылаған.  Сабақта  тапсырмалар  беру  арқылы, 
топтарға  бөлген  кезінде  оқушылар  өз  ойын  толық  жеткізе  біліп,  талқылай 
білген, бірін-бірі бағалай отырып, сыни ойлауы қалыптаса түскен.  
Қостанай  қаласының  Чапаев  орта  мектебінің  қазақ  тілі  пәнінің  мұғалімі 
Жүнісова  Гүлбаршын  Қабылжанқызы  модульдік  оқыту  технологиясы  Негізгі 
зерттеушілері:  Дж.  Блок,  Б.  Блум,  М.М.  Жанпейісова  Мақсаты:  Тұлғаның 
танымдық  қабілеттерін  танымдық  жағдайлар  арқылы  модульдік  сипатта 
дамыту.  Модуль  дегеніміз  –  қандай  да  бір  жүйенің,  ұйымның  нақты  біршама 
дербес бөлігі. Ғылыми идеясы:  
1. 
Модульдік оқыту – іс-әрекет принципіне негізделген: оқушының жүйелі 
түрде жүргізілген белсенді іс-әрекет білім мазмұны сапалы меңгеріледі.  
2. 
Модульдік оқыту – дамыта оқыту идеясына негізделген: бұл мұғалімнің 
оқушыға  беретін  көмегінің  мазмұнын  саралап,  оқу  әртүрлі  формада  (жеке, 
топтық, жұптық) ұйымдастыру арқылы жүзеге асырылады.  
3.  Модульдік  оқыту  негізіне  бағдарламалы  оқыту  алынған:  бұл  іс- 
әрекеттегі  нақтылық  логика,  белсенділік  және  оқушының  жұмыс  мүмкіндігі, 
238 
 

қарқыны,  нәтижелерін  салыстыру,  өзін-өзі  бақылау.  Модульдік  оқыту 
технологиясының  құрылымы:  1.  Кіріспе  кезең  (модульге,  тарауға  ену); 
2. 
Сөйлесу  кезеңі  (диалогты  қарым-қатынас  арқылы  оқушылардың  танымдық 
іс-әрекетін ұйымдастыру); 3. Қорытынды кезең (бақылау, бағалау). Модульдік 
оқыту технологиясы – баланың белсенді оқу қызметін ұйымдастырады, бала өз 
әрекетін жоспарлай, талдай, өзі бақылай білуге үйренеді. Оқу модулін құрудың 
тағы  бір  ерекшілігі  –  мұғалімнің  даярлық  жүйесі.  мұғалім  бір  оқу  модуліне 
бөлінетін сағат санын анықтап алғаннан соң, оның мақсатын, мазмұның  және 
нәтижелерін,  сондай-ақ  осы  модуль  сабақтарын  ұйымдастырудың  формасын 
ойластырып, оқу модулін құрайды. Бұл технология бала тұлғасының танымдық 
қабілеттерін  дамытуға:  танымдық  процестерін  дамытуға;  жағымды 
қызығушылық  қалыптастыруға;  белсенді  сөздік  қорын,  ауызша  және  жазбаша 
тілін  дамытуға:  тұлғаны  қиындықтарға  даяр  болу  және  білу,  қарым-қатынас, 
ойын, танымдық, қауіпсіздік, сыйласу, шығармашылық, өзін-өзі өзектілендіру, 
өзін-өзі  бекіту  қажеттіліктерін  қанағаттандыруа  ықпал  етеді.  Оқу  модулінің 
сөйлесу  бөлімін  даярлағанда  мұғалім  оқу  материалының  негізгі  мазмұнын 
бөліп,  құрастырады.  Мұнда  оқушылар  оқу  материалына  қайта  оралып, 
пысықтап,  бекіту  үшін  оның  әр  сабақта  жеке  бөліктермен  берілетінін  біледі, 
бұл бөліктерде қысқаша сыйымды түрде тұтас тараудың мазмұны беріледі.  
Қостанай қаласы Лисаковск қаласы №3 орта мектебінің қазақ тілі пәнінің 
мұғалімі Қамбарова Ақбаян Болатқызы модульдік оқыту – бұл тіл үйренушінің 
өз бетінше жұмыс істей алу мүмкіндігі. Бұл технологияның мақсаты:  
1. 
Тіл  үйренушінің  өзін-өзі  дамытуына  қолайлы  жағдайлар  туғызу.  Өз 
бетінше білім ала білуі, өзін-өзі басқара алуы.  
2. 
Өзін-өзі анықтай алуы.  
3. 
Өзін-өзі реттей білуі.  
4. 
Өзіне-өзі сенімді болуға тәрбиелеу.  
5. 
Өзіне-өзі баға бере білуі.  
Міндеттері:  1.  Тіл  үйренушілердің  жас  ерекшеліктерін  ескере  отырып, 
кешенді жұмыс жүргізу.  
2. 
Тіл үйренушілерге өзіне сын тұрғысынан қарау түсінігін қалыптастыру. 
Әңгіме,  пікірталас,  іскерлік  ойындарды,  тәрбиелік  жұмыстарды  кеңінен 
пайдалану деп сипаттайды.  
Жітіқара  қаласы,  №9  орта  мектебінің  физика  пәнінің  мұғалімі  Алиева 
Күнжамал  Сәуленқызы  өз  тәжірибесінде  модульдік  оқыту  технологиясын 
қолданады.  Педагогикалық  үрдістің  тиімділігінің  артуына  мүміндік  беретін 
білім  беру  мен  тәрбие  бірлігін  сақтай  отырып,  оқушыға  берілетін  білімнің 
үйлесімділігімен  қатар,  әрбір  жеке  тұлғаның  ерекшелігін  ескере  отырып 
білімділігіне  сәйкес  бағдар  беру,  танымдық  ізденімпаздығын  дамытудағы 
оқытудың  прогрессивтік  қадамының  бірі  –  модульдік  оқыту.  «Модуль»  сөзі 
оқытудың  мазмұны  мен  технологиясын  білдіреді.  Ал  «технология»  гректің 
«шеберлік»  деген  сөзі.  Технологияны  қолданудағы  мақсаты:  модульдік  оқыту 
технологиясы  ұстаздың  интелектуалдық,  кәсіптік  адамгершілік,  рухани 
келбетінің  қалыптасуына  әсер  етеді,  өзін-өзі  дамытып,  оқу  тәрбие  үрдісін 
239 
 

тиімді ұйымдастыра білуге көмек көрсетеді. Модульдік оқыту білім мазмұны, 
білімді  игеру  қарқыны,  өздігінен  жұмыс  істей  алу  мүмкіндігі,  оқытудың 
әдістері  мен  тәсілдері  бойынша  оқытудың  дербестігін  қамтамасыз  етеді.  Ал 
«модуль»  дегеніміз  –  белгіленген  деңгейіне  жету  үшін  сұрыпталған, 
дидактикалық өңделген білім, білік, дағдының белгілі мазмұнының бірлігі және 
оның  әдістемелік  нұсқауы  немесе  аяқталған  оқу  болып  табылатын  модульдік 
бағдарламаның негізгі құралы. Оқу модулі ақпараттардың аяқталған блогынан, 
бағдарламаны табысты жүзеге асыру үшін оқытушының берген нұсқауларынан 
және оқушы іс-әрекетінің мақсатты бағдарламасынан тұрады. Модульдік оқыту 
білім  мазмұны,  білімді  игеру  қарқыны,  өздігінен  жұмыс  істей  алу  мүмкіндігі, 
оқудың  әдістері  мен  тәсілдері  бойынша  оқытудың  дербестігін  қамтамасыз 
етеді.  Бұл  әдіс  оқушыны  ізденімпаздыққа,  отансүйгіштікке,  өздігінен  білімін 
жетілдіруге  баулып,  шығармашылық  қабілетін  дамытады.  Бұл  технология, 
біріншіден, дамыта оқыту идеясын жүзеге асыруға мүмкіндік береді, сондай-ақ 
оқушылардың  ойлау,  елестету  мен  есте  сақтау  қабілетінің,  ынасының, 
белсенділігінің,  білім  сапасының  дамуына  көмектеседі.  Оқушы  білімін 
бақылаудың  формалары  ретінде  тестілік  тапсырмалар,  бақылау  жұмыстары, 
сынақ,  зертханалық  жұмыстар  немесе  эксперименттік  есептер  оқу  пәнінің 
ерекшелігіне  орай,  оқу  модулінің  қорытынды  бөлімінде  беріледі.  Модульдік 
оқыту  технологиясының  жеке  тұлғаның  өз-өзін  дамытуға,  шығармашылық 
қабілеттерін арттыруға қажетті іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыратын 
бірден-бір технология.  
Қызылорда  облысы  Арал  ауданы  №19  орта  мектебінің  шет  тілі  пәні 
мұғалімі  Алденова  Фарида  Конаевна  модульдік  оқыту  технологиясы  оқыта 
отырып,  ойындар  арқылы  оқушы  білімін  нәтижеге  бағыттауға  негізделгенін. 
Оқушы  еркін  ойын  білдіреді,  жеке  топтық  жұмыстар  арқылы  ұжымдастыққа 
тәрбиеленеді деп атап көрсетеді. Соның нәтижесінде үлгірім 100% оқушының 
білім  деңгейі  көтерілді.  Білу  деңгейінен  қолдану  деңгейіне  жеткен  оқушылар 
басым  болғанын  айтады.  Оқушылар  мәтінді  бір-біріне  түсіндіреді,  сондықтан 
ағылшын тілі сабағында қолдану тиімді екендігін айтады.  
Қызылорда  қаласының  Ж.  Нұрсейітов  атындағы  №233  орта  мектептің 
тарих  пәнінің  мұғалімі  Мұсаева  Гүлмира  Шарапатқызы  модульдік  оқыту 
технологиясының  ерекшелігі  ол  тұлғаның  танымдық  қабілеттерін  яғни 
ойлауды, ынтаны, қабылдау қабілеттерін арнайы жасалған оқу және танымдық 
жағдайлар  арқылы  дамытуға  бағытталған  деп  сипаттайды.  Нәтижесінде 
модульдік  оқыту  технологиясының  барысында  оқушылар  жеке  жұмыс  істеу 
мүмкіндігін,  өзара  сөйлесу,  өз  ойларын  ашық  айтуға  болады.  Сөздік  қорын 
дамытады.  Тапсырмаларды  үш  деңгейлік  саралап  беру  әдісі  негізінде 
оқушылардың  білім  деңгейін  арттыруға  болады.  Танымдық  процестер  алады, 
зейіні дамытады. Шығамашылық қажеттілігін қылыптастырады. Өзара қарым-
қатынас  Қиындықтарға  дайын  болу,  оқуға  жағымды  қызығушылығын 
қалыптастырады.  
Жалағаш  ауданы,  Ақсу  ауылының  №116  орта  мектебінің  мұғалімі 
Бақтыбаева Шынар Тайшыққызының модулбдік технологияны қолданудағы іс-
240 
 

тәжірибесін негізге ала отырып, модульдік оқытудың құрылымына жан-жақты 
талқылайды:  Модульдік  оқыту  технологиясы  –  білім  мазмұны,  білімді  игеру 
қарқыны, өз бетінше жұмыс істей алу мүмкіндігі, оқудың әдістері мен тәсілдері 
бойынша оқытудың дербестігін қамтамасыз етеді. Ал «модуль» дегеніміз – іс-
әрекеттің  мақсатты  бағдарламасы  белгілеген  деңгейіне  (жоспарланған  алдағы 
нәтиже)  жету  үшін  сұрыпталған,  дидактикалық  өңделген,  білім,  білік, 
дағдының  белгілі  мазмұнының  бірлігі  және  оның  әдістемелік  нұсқауы  немесе 
аяқталған  оқу  ақпараты  болып  табылатын  модульдік  бағдарламаның  негізгі 
құралы.  Басқаша  айтқанда,  адамның  өзіндік  дамуының  шамасы.  Жалпы 
«модуль»  сөзі  «оқытудың  мазмұны  мен  технологиясын»  білдіреді.  «Модуль 
мазмұны»  өзіндік  мағына  беретін  оқу  материалының  көлемі  ретінде 
ұсынылады.  Модуль  –  оқу  мазмұны  мен  технологияны  біріктіріп  тұрған 
мақсатты  функционалды  байланыстырушы.  Оқу  модулі,  негізінен,  үш 
құрылымды  бөліктен:  кіріспе,  сөйлесу  бөлімі  және  қорытынды  бөлімнен 
тұрады.  Әр  оқу  модулінде  сағат  саны  әртүрлі:ол  оқу  бағдарламасы  бойынша 
сол  тақырыпқа,  тақырыптар  тобына  немесе  тарауға  бөлінген  сағат  санына 
байланысты.  Зерттеулер  нәтижесі  7-12  сағаттан  тұратын  оқу  модулінің 
неғұрлым тиімді екенін көрсетті. Оқу модулінің өзгешілігі: жалпы сағат санына 
қарамастан,  кіріспе  және  қорытынды  бөлімдерге  1-2  сағат  беріледі.  Барлық 
қалған уақыт сөйлесу бөлімінің меншігінде болады. Кіріспе бөлімінде мұғалім 
оқушыларды оқу модулінің жалпы құрылымымен, оның мақсат-міндеттерімен 
таныстырады.  Содан  соң  мұғалім  осы  оқу  модулінің  барлық  уақытына 
есептелген  оқу  материалын  қысқаша  (10-20  минут  ішінде)  сызба,  кесте  және 
т.б.  белгілік  үлгілерге  сүйене  отырып  түсіндіреді.  Оқушылардың  оқу 
материалын  қайта  жаңғырту  деңгейін,  қарапайым  білік  пен  дағдыларды  және 
білімін  іс  жүзінде  бірнеше  рет  қайта  қолдануы  сөйлесу  бөлімі  сабақтарында 
жүзеге асырылады. Сөйлесу бөлімінде танымдық процесс сыныпты 2-6 адамнан 
шағын  топтарға  бөлу  арқылы,  негізінен,  оқушылардың  өзара  әрекет  етуіне 
құрылған. Оқушылар қандай да бір деңгейдегі тапсырмаларды өздері таңдайды. 
Тапсырмаларды  қарапайымнан  кұрделіге  қарай  кезең-кезеңімен  орындау 
міндетті емес. Оқушы тапсырманы өзінің орындау мүмкіндігіне қарай таңдауға 
ерікті. Оқу модулінің сөйлесу бөлімінің тағы бір ерекшелігі бар.  
Зерттеу  көрсеткеніндей,  оқытудың  белсенді  және  ойын  формаларын 
кеңінен қолдану оқушылардың оқу материалына бірнеше мәрте 13-тен 24 ретке 
дейін  қайта  оралып,  жұмыс  істеуіне  мүмкіндік  береді.  Оқу  бөлімінің 
қорытынды  бөлімі  –  бақылау.  Егер  сөйлесу  бөлімінің  барлық  сабақтарында 
оқушылардың  бір-біріне  көмегі,  бірін-бірі  оқытуы,  түрлі  ғылыми  көздерді 
пайдалануы  құпталынып  келсе,  қорытынды  бөлімде  оқушы  өзінің  сөйлесу 
бөлімінде  алған  білімін,  білгі  мен  дағдыларын  ешкімнің  көмегінсіз  көрсетуі 
тиіс.  Оқушы  білімін  бақылаудың  формалары  ретінде  тестілік  тапсырмалар, 
бақылау  жұмыстары,  сынақ,  зертханалық  жұмыстар  немесе  эксперименттік 
есептер  оқу  пәнінің  ерекшелігіне  орай,  оқу  модулінің  қорытынды  бөлімінде 
беріледі. Модульдік оқыту – жеке тұлғаның өз-өзін дамытуға, шығармашылық 
қабілеттерін арттыруға қажетті іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыратын 
241 
 

бірден-бір  технология.  Модульдік  оқыту  технологиясын  қолдану  арқылы 
мынадай жетістіктерге қол жеткізуге болады: 1. Уақыт үнемделеді. 2. Сабақтың 
сапасын көтереді. 3. Оқу әдісі мен құралдарын таңдауға мүмкіндік тудырады. 
4. 
Оқушылардың белсенділігі мен қызығушылығын арттырады, сондықтан оқу 
үлгерімі көтеріледі. Модульдік оқыту технологиясын енгізу арқылы білім беру 
мен  тәрбиелеудің  ерекшеліктері:  Оқу  материалдарын  белгілі  бір  жүйеге 
келтіріп,  тірек-сызба  арқылы  беру;  Жаңа  тақырып  бойынша  алған  білімдерін 
бекіту,  еске  түсіріп  үнемі  қайталап  отыру;  Оқушыларды  білімге  қызықтыру 
және  бірлесе  отырып  жұмыс  жүргізуге  үйрету;  Оқушылардың  бұрыннан 
игерген  білімдерін  тереңдете  түсу;  Оқушының  білім  деңгейін  дәл  анықтау. 
Модульдік  оқытуда  интерактивті  тақтаны  пайдалану  өте  тиімді.  Өйткені  ол 
қажетті  сызбалар,  электрондық  оқулықтар,  зертханалық  тәжірибелерді  қажет 
болған жағдайларда пайдалануға мүмкіндік береді. Модульдік оқытуда мұғалім 
көп  сөйлегеннен  гөрі,  баланы  көбірек  тыңдауға  мүмкіндік  береді;  Модульдік 
оқытудың тағы бір ерекшелігі бағалау парағын қолдану болып табылады. Сабақ 
жеке  жұмыс,  топпен  жұмыс  болуы  мүмкін.  Бала  ескерусіз  қалмас  үшін  әр 
жұмысқа  балл  қою  арқылы  қорытынды  баға  қойылады.  Қазіргі  таңда 
оқушыларға тек білім беріп қана қоймай, сонымен қатар, оларға өмірге қажетті, 
өз болашағына азық болатын тәрбие беруді де мықтап қолға алудамыз.  
Маңғыстау облысы Ақтау қаласы «Мектепке дейінгі шағын орталығы және 
гимназия  сыныптары  бар  №28  жалпы  білім  беру  орта  мектебі»  қазақ  тілі 
пәнінің  мұғалімі  Оразова  Ұлдай  Жексенғалиқызының  осы  бағдарламаны 
қолдану  негізінде  байқаған  өзгерістері:  оқушылардың  белсенділігі  артты; 
сабаққа  қызығушылығы  күшейді;  ізденімпаздық  қабілеті  дамыды;  сыныпта 
ынтымақтастық  атмосфера  қалыптасты;  ойларын  еркін  жеткізуді,  жазуды 
үйренді; ой қорытып, оны қағаз бетіне түсіре білді; рефлексия жазуды үйренді; 
өзін-өзі  шынайы  бағалауды  үйренді;  оқушының  жеке  қабілеті  айқындалды; 
оқушылар  топтық  жұмыстарда  көшбасшы  бола  білді;  өзін-өзі  реттей  және 
бағалай отырып, кез келген тығырықтан шыға алуды үйренді; алған білімдерін 
өмірде  қолдануға  үйренген.  Сонымен  қатар  бұл  бағдарламаны  қолдану 
барысында  әр  оқушының  деңгейін  ескерген  жөн.  Соған  байланысты  сабақта 
деңгейлік  тапсырмаларды  орнымен  ұтымды  қолданып,  берілген  тапсырманы 
орындауға  нақты  уақыт  белгілеу  қажет.  Мұғалім  әрдайым  оқушының 
тақырыпты меңгеруімен қатар, оны күнделікті өмірмен ұштастырып, болашақта 
алған білімін өмірде қолдануына бағыттауы шарт деген ұсынысын білдірген.  
М.  Жанпейісованың  «Модульдік  оқыту  технологиясы»  екінші  тілді 
оқытуда  сөйлеуге  үйретуді  негізге  алады  деп  сипаттайтын  Павлодар  облысы 
Ақсу  қаласындағы  лицейдің  қазақ  тілі  пәнінің  мұғалімі  Мырзабекова  Динара 
Сағиденқызы  сабақта  модульдік  технологияны,  деңгейлік  тапсырмаларды 
қолданатынын.  Сабақтарында  өткен  сабақты  қайталау,  грамматикалық 
тапсырмаларды  меңгеру,  ауызша  бірінші  деңгейлі  сұрақтарға  жауап  беру 
сияқты  жұмыс  түрлерін  орындағанда  оқушылардың  біліктері  жақсы 
қалыптасты.  Деңгейлік  тапсырмалар  орындау  арқылы  әр  оқушы  өз  деңгейіне 
дейін  таспырмалар  орындап,  өзін-өзі  бағалай  біледі,  модульдік  технология 
242 
 

бойынша оқушылардың әр тақырып бойынша білімі, сөздік қоры жақсарғанын 
айтады.  Модульдік  оқытуда  мұғалім  мынадай  жұмыстар  атқаруы  тиіс:  Оқу 
модулінде  сабақтың  мақсаттары  мен  міндеттеріне  қатысты  әрбір  оқушының 
қабілетіне,  түсінуіне  ерекше  көңіл  бөлу.  Тақырыпқа  сай  жаңа  сөздерді  тіл 
үйренушілерге  меңгерту;  Сөздер,  сөз  тіркестері  арқылы  сөйлем  құрау; 
Грамматиканы  тірек  сызба  арқылы  түсінікті  етіп  үйрету;  Деңгей  бойынша 
оқушылардың  қабілетіне  сай  тапсырма  беру.  Тақырып  бойынша  өз  ойларын 
дұрыс  жеткізе  білуге  баулып,  сауатты  жазуға  дағдыландыру.  Оқушылардың 
бір-бірімен  диалог  құру  арқылы  сұхбаттасуына  көмектесу  деп  атап  көрсетеді. 
Мемлекеттік  тілді  оқыту  жүйесіне  модульдік  технологияны  пайдалану  тілді 
саналы  меңгеріп,  байланыстыра  сөйлеуде  ғана  емес,  өскелең  ұрпақтың 
ізденімпаздық  әрі  шығармашылық  қабілеттерін  дамытуда  ықпалы  зор 
екенін айтады.  
Май  ауданы  Малайсары  орта  мектебінің  шет  тілі  пәнінің  мұғалімі 
Құдайбергенова  Ғалия  Қалманқызы  бұл  технология  нәтижесінде  сөйлесу 
бөлімінде  танымдық  процесс  сыныпты  2-6  адамнан  шағын  топтарға  бөлу 
арқылы,  негізінен,  оқушылардың  өзара  әрекет  етуіне  құрылған.  Оқушылар 
қандай  да  бір  деңгейдегі  тапсырмаларды  өздері  таңдайды.  Тапсырмаларды 
қарапайымнан кұрделіге қарай кезең-кезеңімен орындау міндетті емес. Оқушы 
тапсырманы өзінің орындау мүмкіндігіне қарай таңдауға ерікті. Оқу бөлімінің 
қорытынды  бөлімі  –  бақылау.  Егер  сөйлесу  бөлімінің  барлық  сабақтарында 
оқушылардың  бір-біріне  көмегі,  бірін-бірі  оқытуы,  түрлі  ғылыми  көздерді 
пайдалануы құпталынып келсе, енді қорытынды бөлімде оқушы өзінің сөйлесу 
бөлімінде  алған  білімін,  білгі  мен  дағдыларын  ешкімнің  көмегінсіз  көрсетуі 
тиіс екендігін айтады.  
Екібастұз қаласы №11 орта мектебінің математика пәні мұғалімі Архабаева 
Жұпар  Көпбайқызы  2005  жылдан  бастап  «Модульдік  оқыту»  технологиясын 
қолдану  бойынша  насихаттау  жұмысын  жүргізіп  келеді.  Модульдік  оқыту 
технологиясы  оқу  процесінде  оқушылардың  шығармашылығын  дамытуға, 
білімді  өздігінен  меңгеруге  қолайлы  жағдай  туғызады.  Модульдік  оқыту 
технологиясының  бір  ерекшелігі  –  оқушылардың  танымдық  қызметін 
арттырады.  Тағы  бір  ерекшелігі  -  дарынды  балалармен  тұрақты  және  жүйелі 
жұмыс істеу мүмкіндік береді. Оқу модулі қайта жаңғыртушы оқу циклі ретінде 
үш  құрылымды  бөліктен  тұрады:  кіріспе,  сөйлесу  бөлімі,  қорытынды  бөлім. 
Модульдік  оқыту  –  әр  оқушыға  өз  мүмкіндіктерін  пайдалана  отырып,  білім 
алуына  жағдай  жасауға,  өздігінен  білімді  меңгеруге  мүмкіндік  береді. 
Модульдік  оқыту  –  әр  түрлі  категориядағы  балаларға,  олармен  жүйелі  түрде 
жұмыс  істеуге,  әр  оқушыны  назардан  тыс  қалдырмауға  мүмкіндік  береді. 
Модульдік  оқыту  технологиясы  тапсырмалардың  күрделене  түсу  жүйесімен 
берілуін қамтамасыз етеді. Модульдік оқыту технологиясында бірде бір оқушы 
бейтарап  қалмайды,  қойылған  проблеманы  шешуге  әрбір  оқушы  өз  үлесін 
қосады.  Модульдік  оқыту:  тақырыпты  толық  және  терең  оқуға;  өздігінен 
ізденуге;  жүйелі  білім  алуға;  ойды  дамытуға;  оқушылардың  сабаққа  деген 
қызығушылығын  арттыруға;  оқушылардың  функционалдық  сауаттылығын 
243 
 

арттыруға; 
оқушыларды 
шығармашылық 
жұмыстарға 
бағыттауға 
мүмкіндік береді.  
Шығыс  Қазақстан  облысы  Өскемен  қаласы  Дарынды  балаларға  арналған 
Дарынды балаларға арналған №34 арнайы мектеп-лицейінің қазақ тілі пәнінің 
мұғалімі  Матыбаева  Анар  Алпысбайқызы  бұл  модульдарды  қолдану  орыс 
мектептеріндегі  қазақ  тілі  мен  әдебиет  пәнін  жүргізетін  ұстаздар  үшін  үлкен 
мүмкіндік  береді.  Дұрыс  қолдана  білсе,  сөзсіз  оқушылардың  пәнге  деген 
қызығушылықтары,  білімге  ықыласы,  ынтасы  артады.  Сонымен  қатар, 
оқушыларды  белгілі  дәрежеде  қазақша  сөйлеуге,  өз  ойын  басқаға  жеткізе 
алатын  біреудің  сөйлеген  сөзін,  жазғаның  түсіне  алатын  дәрежеге  жеткізеді. 
Оқушылар  басқалармен  қарым-қатынас  жасай  алып,басқаларды  тыңдап,  кез-
келген жауапқа сыйластықпен, түсіністікпен қарап,өз ойын топ алдында ашық 
айта алуға,бір-бірінің жауаптарын бағалауға, өз бетінше ізденуге үйренетінін өз 
тәжірибесінде  байқаған.  Нәтижесінде:  қазақ  тілінен  облыстық,  Қ.  Бітібаева 
атындағы қазақ тілі және әдебиет пәнінен халықаралық олимпиадада, «Жарқын 
болашақ»  конкурсы,  облыстық  «Сәлем,  Наурыз»  сайысында  (өлең  шығару), 
ғылыми  жобалар  сайысы  «Изменение  ориентиров  проффессионального 
развития педагогов новый тренд в образовании» атты Республикалық вебинарға 
қатысып,  өз  ойларын  қазақ  тілінде  жеткізгенін,  қазақ  тілінен  интеллектуалды 
«Айналайын» олимпиадасында жоғары көрсеткішке қол жеткізгенін айтады.  
Астана қаласының Райымбек батыр атындағы №50 «Қазғарыш» мектеп – 
лицейінің  қазақ  тілі  пәнінің  мұғалімі  –  Ермағамбетова  Айдын  Қабдрашқызы 
Модульдік технология бойынша оқыту нәтижесінде оқушылардың еркін сөйлеу 
арқылы  ойын  жүйелі  жеткізуі.  Зерттеу  жұмыстарына  белсене  қатысуы 
нығайғанын.  Оқушылар  олимпиада  аудандық,  қалалық  пән  жарыстарының, 
ғылыми жоба, шығарма жарысы, мәнерлеп оқуларының жүлдегерлері болғанын 
айтады.  Әдістемелік  қоржын  толыға  түседі,  оқыту  шеберлігі  жүйеленеді. 
Мұғалімнің шеберлігі тұрақтанады. Ғылыми жобалар жасауға, өз тәжірибиемен 
алмасуға мүмкіндік туады.  

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет