Бұл принцип философияның ''тəжiрибе - танымның iлкi бұлағы'' қағидасына негiзделген. Оның түбiнде көптеген заңдылықтар жатыр: оқытудың сапасы мен тиiмдiлiгiн тəжiрибе көрсетедi, тексередi, анықтайды; тəжiрибе - ақиқаттың көрсеткiшi; тəрбие өмiрмен, тəжiрибемен тығыз байланысты; теория мен тəжiрибе байланысы оқу мазмұнына, əдiстерiне, түрлерiне тəуелдi; оқушыларды мамандыққа бағдарлау сапасы жоғары болса, олар заманауи өндiрiске тез икемделедi.
Осыған орай мұғалiм орындайтын ережелері:
- Оқу - өмiр қажеттiлiгi екенiн оқушыға түсiндiру, сездiру.
- Үнемi теория мен тəжiрибе байланысын көрсету, адамзат тарихындағы ғылыми бiлiмдердiң маңызын ашу.
- Оқытуда оқушылар жалаң теориялық бiлiм алып қана қоймай, сол алған бiлiмдерiн өмiрде қолдана бiлуiн қамтамасыз ету.
- Шəкiрттерге өз бiлiмдерiн тəжiрибеде қолдануды үйрету.
- Оқушыға проблемалық, iзденiс, зерттеу тапсырмаларын орындатып теория мен тəжiрибе бiрлiгiн дəлелдеу, өзiндiк жұмысты орындауға жəне өз бетiмен бiлiм алуды үйрету.
- Əр сабақта оқушыларға политехникалық бiлiм беру, туған жердiң шаруашылығына лайықты мамандықтарға дайындау.
- Оқушының қоғамдық еңбегi тəлiм-тəрбие, оқу мақсаттарына сай болуы керек.