- Оқушылардың ерiктi жəне ерiксiз зейiнiн тиiмдi пайдалану: тiкелей ұсыныстың орнына қызықты тапсырма, тəртiпке шақыру орнына мысал, мақал-мəтелдердi қолдану.
- Оқушылардың алған бiлiмдерiнiң берiктiлiгiн нығайту-дың əр түрлi əдiс-тəсiлдерiн (сезiмге толы əңгiме, заманауи көрнекiлiктер, техникалық құралдар, оқу ойындары, пiкiр таластар) iске асыру.
Сəйкестік принципі.
Бұл принцип ғасырлар бойы жинақталған педагогтық тəжiрибеге негiзделiп, оқушыларға жеке-дара қарауды талап етедi.
Демек бұл оқушының бойында бар бiлiм, бiлiк, дағдылар деңгейiне сай жаңа ақпаратты ғана меңгере алады. Сəйкестiк принципiн дəлелдейтiн заңдылықтар: оқыту жас жəне дара ерекшелiктерге, оқу процесiнiң ұйымдастырылуы мен əдiстерiне тəуелдi; ақыл-ой дамуы мен алғашқы бiлiмдерi жетiк оқушы жаңа материалды тез меңгередi, оқудағы қиыншылықтарды жою баланың мiнез-құлқына, қабiлеттерiнiң қалыптасуына, бiлiмiнiң сапасы мен нəтижелiлiгiне оң /дұрыс/ ықпал етедi.
Сəйкестiк принципiн жүзеге асыру үшiн орындалатын ережелер:
- Бiлiм беруде оқушы əрқашан дара, өзiнше ерекше екенiн ұмытпау.
- Балалардың ақыл-ойы, қабiлеттерi мен мүмкiндiктерi əртүрлiлiгiн ескере оқыту.
- Оқуда барлық оқушылар табысқа бiрдей жетуiн талап етпеу, алдыңғы дайындық деңгейiне сүйену.
- Оқушының жас ерекшелiктерiне сəйкес əдiстердi анықтау.
- Оқушылардан мүмкiн еместi талап етпеу, тапсырма өте жеңiл де, өте қиын да болмауын
ойластыру.
- Оқыту жылдамдығы озат оқушыны тоқтатпай, əлсiз оқушыны iлгерi тарту мақсатын көздеу.
- Жаңа күрделi материалды өткенде озат оқушыға, қайталағанда орташа жəне нашар оқушыға сүйенiп оқыту.
Əрбiр мұғалiм оқыту процесiне байланысты бiлiм беру, тəрбиелеу жəне дамыту қызметiнде үнемi дидактикалық принциптердi басшылыққа алуы шарт.
Жалпы заңдар мен заңдылықтарды түсiндiру қиын болғандықтан, əртүрлi пəнаралық байланыстар арқылы сол заңдылықтардың көрiнiсiн айқындау, методологиялық бiлiмдердi сiңiрту.