Оқытудың принциптері мен заңдылықтары


- Көрнекiлiк заттар мен құбылыстардың өзiн тiкелей көрсетуге мүмкiндiк болмаған жағдайда да қолданылады



бет6/7
Дата29.10.2022
өлшемі0,63 Mb.
#46072
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
3-апта практикалық сабақ

  • - Көрнекiлiк заттар мен құбылыстардың өзiн тiкелей көрсетуге мүмкiндiк болмаған жағдайда да қолданылады.
  • - Көрнекiлiктер оқушының құбылыстарды байқауға, қабылдауға деген ынтасын оятып, iзденiс дағдыларын қалыптастырады.
  • Беріктік принципі.

    • Оқытудың тиiмдiлiгiн, сапасын жақсарту үшiн оқушылардың бiлiмдерiнiң берiк болуы даусыз. Бұл принцип көптеген тəжiрибелiк жəне теориялық заңдылықтарға сүйенедi: оқушылардың бiлiм мазмұнын меңгеруi мен танымдық дамуы, оқу процесiнiң өзара байланысты екi жағы; бiлiм берiктiгi оқушының мұғалiмге, оқу пəнiне, жалпы оқуға деген субъективтi қатынасына тəуелдi; оқушылардың бiлiм берiктiгi оқытудың ұйымдастырылуы, түрi, əдiстерi, уақыты арқылы қамтамасыз етiледi; қызықты жəне маңызды материал ұзақ əрi берiк есте сақталады.

    Осы принциптi iске асыру үшiн мұғалiм бiрнеше ережелердi орындауы қажет.

    • - Оқушылар бiлiмдерiн сабақтар барысында; тақырып, тарауды оқыту аяқталған жағдайда; тоқсан мен оқу жылының басында, соңында қайталауды үнемi ұйымдастыру.
    • - Қазiргi мектеп жаттаудан ойлауға көшуiне байланысты оқушылардың жадын зорламай, бiлiмдi санасы мен сезiмдерiмен қабылдауды үйрету.
    • - Жақсы түсiнбегендi оқушының есiнде сақтауына жол бермей, тек саналы бiлiмдi жадында сақтату.
    • - Басты, негiзгi идеялар мен ұғымдарды есте сақтауды қамтамасыз ету үшiн оқушыларды анықтамалармен, энциклопедиялармен жұмыс iстеуге машықтандыру.
    • - Оқыту жүйесiнде түрлi (ауызша, жазбаша, лабора-ториялық-практикалық жұмыстары) жаттығу жұмыстарын ұйымдастыру.
    • - Оқуға, бiлiмге ынта-ықылас, қызығушылық, мұғалiмнiң өзiне сенiмi болса, оқушылардың оқу-таным əрекетi ерiктi, қуанышты болып, бiлiмдерi ұзақ уақытқа дейiн сақталады. - Бiлiмнiң берiктiлiгiне кедергi жасайтын сабаққа кешiгу, келмеу, сабақ кезiнде бос не басқа нəрселермен шұғыл-данып отыру, жалқаулыққа жол бермеу.
    • - Логикалық түрде берiлген, алынған, қайталанған бiлiмдер мен бiлiктер байланыссыз ақпаратпен салыстырғанда берiк екенiн ұмытпау.


    • Достарыңызбен бөлісу:
    1   2   3   4   5   6   7




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет