ОСӨЖ Тақырыбы:
Үстеулердің сөйлемдегі синтаксистік қызметі. Еліктеу сөздердің фонетика-морфологиялық сипаты .
Мақсаты: Үстеулердің семантикалық және грамматикалық сипатын білу арқылы, оның жеке сөз табы бола алатынын жәнк сөйлемдерден үстеулерді тауып, синтаксистік қызметін ажырата білу. Еліктеу сөздердің семантикалық жағынан айналадағы алуан түрлі дыбыстарға еліктеуден қимыл әрекеттерді бейнелеуден туатын ерекше грамматикалық топ болатын сөздер екенін, еліктеуіш сөздердің дыбыстық ерекшеліктерін меңгеру.
Оқыту әдісі: сұрақ-жауап, баяндау, жаттығу жұмыстары.
Тақырып бойынша тапсырмалар: Көркем әдебиеттегі сөйлемдерден үстеулерді тауып, құрамына, тұлғасына, синтаксистік қызметіне қарай талдаңдар. Еліктеу сөздердің көркем әдебиетте қолданылу ерекшеліктерін талдап, көрсетіңдер.
Бақылау сұрақтары:
1. Үстеу қандай сөз табы?
2. Үстеудің морфемдік құрамы қандай?
3. Үстеудің мағыналық топтары қандай?
4. Үстеулердің сөйлемдегі қызметі қандай?
5. Еліктеуіш сөздердің дербес сөз табы екенін қашан, кім дәлелдеді?
6. Еліктеуіш сөздер дыбыстық құрамы жағынан қалай ерекшеленеді?
7. Еліктеуіш сөздер мағынадық ерекшелігіне қарай қалай ерекшеленеді?
8. Еліктеуіш сөздердің құрамындағы жуан, жіңішке дауыстылардың мағынаға әсері қандай?
9. Екі дыбыстан тұратын еліктеуіш сөздер қандай модельден тұрады?
10. Еліктеуіш сөздердің грамматикалық категориясы бар ма?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Қасым.Б. «Қазақ тілінің сөзжасамы».Оқу құралы. 2019ж.
2.Салқынбай А.Б. Қазақ тілі Сөздік құрам.Сөзжасам: Оқу құралы.
3.Салқынбай А.Б. «Қазақ тілінің сөзжасам сөздігі» 1,2,3-бөлім
4.Әлметова Ә.С., Дәркенбаева Ж.Қ., Хамимульдинова Л.Ж. «Қазақ тілі» (Негізгі стандарттан жоғары) Оқулық.Алматы, 2015ж.
5.Әлкебаева.Д. «Қазақ тілінің прагмастилистикасы» Оқулық. 2017ж.
№14 СӨЖ Тақырыбы: Үстеудің зерттелу тарихынан. Адвербиалдану жəне көнелеу тəсілдерінің қазақ тіліндегі үстеулердегі көрінісі.
Достарыңызбен бөлісу: |