Абай Құнанбаевтың адамгершілік қағидалары
Абайдың адамгершілік қағидалары Шоқан Уәлихановтың және Ыбырай Алтынсариннің көзқарастары секілді ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақтардың адамгершілік өмірінің көрінісі болып табылады, ал қарапайым шаруаға деген сүйіспеншілік ағартушының жасаған прогрессивтік адамгершілік-этикалық идеяларының негізін қалаған азаматтық және адамгершілік кредосын анықтады:
- Өмір сүру барысында адамгершілік ұстанымдары мен адамгшершілік нормаларын «моральды құдайшыл алдын ала анықтаушылық» туралы діни ілімге қарсы құру.
- Ағартушылықсыз сенім де, игілік те жоқ. Білімсіз намаз да, ораза да, қажылық та мақсатына жетпейді.
әртүрлі әлеуметтік жағдайға – біреулердің байлығы мен екіншілердің кедейлігіне қарамастан, - адамдар тең: бұл әлемде туу және өсу, тоюшылық пен ашаршылық, қайғы мен өлім, дене мен орынның құрылымы, адам қайдан шықты және қайда барады – бәрі бірдей.
Бірақ туа біткен теңдікке қарамастан, адамдар адамгершілік жағынан бір бірімен тең емес: біреулерде адамгершілік жоқ, басқалары - рақымшыл, ақылды, қарапайым.
- Орта, дәуір, азаматтық заңнама мен адамдардың өмір салты - адамгершіліктің жалпы алғышартының көзі.
Абай жеке тұлғаның адамгершілігінің қалыптасуының әлеуметтік ортаға тікелей тәуелділігін түсінеді.
- «Адамды дәуір қалыптастырады. Егер кімде кім адамгаршілігінен айырылса, бұған кінәлі оның замандастары».
- бақыт мораль өлшемі секілді. Адамның бақытқа деген ұмтылысы - өмір мәнін ашатын маңызды фактор, ол – білім, еңбек, халық пайдасына игілікті істер.
Қазақ ағартушыларының педагогикалық этикасының мәні жеке тұлға тәрбиесіне ерекше көңіл аударуында:
- Абай Құнанбаевтың жоғары этикалық идеалы «Адам бол!», «Адам деген даңқым бар!»- адамгершілік формуласымен көрінеді.
Абайдың «Адам бол!» формуласының этикалық мәні – ақыл-парасат пен адамгершілікті, еңбексүйгіштікті және білімділікті, достық пен махабатты бойына сіңірген адамның өмірдегі алар орны мен мәнін жоғары бағалауда.
Қазақ ағартушы-демократтары Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев, бүгінгі күні де, қоғам олардың біржарым ғасырлық мерейтойларын атап өтсе де, тек қана өздерінің адамгершілік шығармашылығының объектвиті мазмұнымен ғана емес, жеке тұлғалық адамгершілік ұстанымдарымен де ұрпақты адамгершілікке тәрбиелеуін жалғастыруда.
ХІХ ғасырдың 60-шы жылдары Ш.Уәлихановпен, Ы.Алтынсаринмен, А.Құнанбаевпен аталған, бір жағынан оңбағандықты, адалсыздықты, бұзықтықты, қажырсыздықты, жалқаулықты, ашуды айыптайтын, ал екінші жағынан - еңбексүйгіштікті, халық мүддесі үшін қажырлы күресті, адалдықты, шыншылдықты, ғылымды меңгерудегі қажырлылықты көтеру, моральдық нормалар қазіргі кезде тек өздерінің мәнін жоғалтқан жоқ, керісінше жаңа мәнге ие болды және мұқият зерттеуді және меңгеруді қажет етеді. Атап айтқанда оқушы жастармен де, болашақ оқытушылармен де.
Қазақ ағартушыларының адамгершілік-этикалық тұжырымы жоғары оқу орнында оқу-тәрбие жұмысында өзінің лайықты орнын табуы тиіс: арнайы сабақтар, арнайы курстар (бір арнайы курстың үлгілік бағдарламасы қосымша беріледі) және педагогикалық оқулар жүйесінде, студенттердің курстық және дипломдық жұмыстарында - оқудан тыс және аудиториядан тыс жұмыстардың әртүрлі формаларында жүзеге асырылуы тиіс: әңгімелесулерде, пікірсайыстарда, дөңгелек үстелдерде. Конференцияларда, әдеби-музыкалық кештерде (үлгілік тақырыптары қосымша берілген).
«Абай және Қазақстанның қазіргі заманғы педагогикалық ойлары» арнайы курсының
Достарыңызбен бөлісу: |