Қожа ахмет ясауи атындағы халықаралық


Демікпе: тыныш жағдайда немесе дене қызметінен кейін, қай қалыпта басылады (



бет3/18
Дата07.05.2023
өлшемі175 Kb.
#90950
түріНұсқаулар
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Байланысты:
АУРУТАРИХЫСХЕМАСЫ.каз

Демікпе: тыныш жағдайда немесе дене қызметінен кейін, қай қалыпта басылады (вертикальды, отырғанында немесе горизонтальды қалыпта).
Ісіну: орналасқан жері, пайда болу уақыты (ертеңгілікте кешке қарай): себебі: сұйықты көп ішу, тұзды тамақтан, ауыр қызметтен кейін, тұрақтылығы.


3.АС ҚОРЫТУ ЖҮЙЕСІ. Тәбеті: жақсы, орташа, төмендеуі, тәбеттің жойылуы, жоғарылауы, астан жиренуі, тамақ емес заттарға зауықтануы (борға, күлге, топыраққа т.б.), бұрмаланған тәбет, тамаққа тез тойуы.
Дәм сезуі: ауызында жағымсыз дәм тату, “жусан” дәмі (ет тату), “қышқыл” тәтті дәм сезу, дәм сезбеу.
Ет дәмінің пайда болу мезгілі және себебі: ертеңгілікте, горизонтальды қалыпта, үлкейгенде, майлы тағамнан кейін.
Ауыздың құрғауы: толқығанда, шөлдегенде, қызу көтерілгенде.
Сілекейдің көп бөлінуі: шылым шеккенде, аскаридозда, жүктілікте.
Жұтыну: кедергісіз ауырғандықтың болуы, жұта алмау. Дисфагияның тұрақтылығы, тұрақты бір қалыпта өңештің тыртықтанып таралуында (бірте-бірте дамуы), өңештің ісігінде. тағамның қандай түрін жұта алмайды (сұйық немесе құрғақ тағам).
Кекіру: құрғақ (ауамен), отпен, қышқыл, шірік жұмыртқа дәмді, тағаммен. Пайда болу уақыты, күші, ұзақтығы қандай.
Қалжырау: жиілігі, күші, ұзақтығы, қандай тағамнан кейін пайда болады. Дене қалыпына байланысты (жатқанда, үлкейгенде).
Жүрек айну: жиілігі, ұзақтығы, тағамның түріне байланысы, аш қарынға, бас айналғанда, дене қалпын өзгерткенде.
Құсу: аш қарында, тамақтан кейін. Тамақтанғаннан кейін (қанша уақыт өткенде). Тамақтың түріне, ішкен дәріге байланыстылығы. Құсықтың мөлшері, дәмі (дәмсіз, қышәыл, ащы). Құсықтың түрі: біраз уақыт бұрын ішкен тағамның бөлшектері, көпіршікті, ет араласқаннан түсінің жасыл-сары болуы, қан араласуы. Құсықтағы қанның мөлшері жёне түрі (өзгермеген, өзгерген), таза қанмен құсу, кофе тұнбасына ұқсастығы, сары немесе қоңыр түсті нәжіс аралас, нәжіс иісі бар құсық. құсқаннан кейін жеңілдіктің болуы.
Төс шеміршегі астында жағымсыз сезінулердің болуы: оның тағам түріне және мөлшеріне байланысы немесе кез-келегн тағамнан кейін пайда болуы.
Эпигастрий аймағындағы ауыру: (ауыру синдромын талдау) орналасуы, ауырудың түрі, күші (күшті, әлсіз, өте күшті).
Аурудың тарауы: омыртқа жотасына тарап тесіп ауыру, оң жақ жауырын астына, оң жақ иыққа тарауы. Пайда болу себебі: тағамның түріне, мөлшеріне байланысты. Тамақтанғаннан кейін қанша уақыттан соң пайда болады? Түнде, аш қарынға білінуі, Сода ішкеннен, құсқаннан кейін басылуы. Дененің қай қалпында басылады? Ауырудың жыл мерзіміне байланысты өршуі (жазғытұрым, күзде, көктемде, қыста).
Ауырғандықпен қатар не жүреді: Аурумен бірге жүрегінің айнуы, құсуы, қызуының көтерілуі, басының ауыруы, газ бен дәретінің тоқтап қалуы немесе шығуы, ішінің өтуі, нәжістің қара майға ұқсас болуы.
Іште жағымсыз сезімнің болуы: кебу, құрылдауы, ауыруы және оның түрі (күшті, кесіп, түйіліп, сыздап, ұтамалы түйіліп ауыру).
Ішектің жұмасы: үлкен дәреттің саны, қатпа болғанда неше күннен кейін жүретіні, қандай шара қолданады (клизма, дәрет жүргізетін дәрілер). Тік ішектің толық болмағанын сезіну. Іштің өтуі, тәулігіне неше рет өтеді. Іштің қатуы әрі өтуінің кезектесуі. Дәретті ұстай алмау. Нәжісті сипаттау: қалыпты, қоймалжың, сұйық, қатты, құмалақ тәрізді.
Қан, кілегей қосындылары. Дәретке отырғанда ауырғандықтың болуы. Тенезмаляр. Тік ішектің айналасының қышуы, айналып түсуі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет