Қожа ахмет ясауи атындағы халықаралық


Газ шығару: жеңіл, аз мөлшерде, иіссіз, өте жағымсыз иісті, көптеп. 4. НЕСЕП БӨЛУ ЖҮЙЕСІ



бет4/18
Дата07.05.2023
өлшемі175 Kb.
#90950
түріНұсқаулар
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Байланысты:
АУРУТАРИХЫСХЕМАСЫ.каз

Газ шығару: жеңіл, аз мөлшерде, иіссіз, өте жағымсыз иісті, көптеп.


4. НЕСЕП БӨЛУ ЖҮЙЕСІ:
Бел аймағының ауыруы: оң жағы, сол жағы, тұрақты немесе ұстамалы, аурудың түрі-жәй, сурып, сыздап, пайда болатын жағдайы көп жүргенде, секіргенде, дене селкілдегенде, салқылдағанда. Ауруы неден басылады. Аурудың тарауы: несеп ағар бойымен, қуыққа, әрпіге.
Несеп шығаруы: қалыпты, қиналып, жиіленіп, несеп шыққанда қуықтың немесе үрпінің ауыруы. Несепке отырудың күндіз немесе түнде жиілеуі. Ауырғандықтан несеп жіберудің басында немесе соңында пайда болуы. Несеп ағысының өзгерісі үзіліп-үзіліп, тамшылап жайлап ағуы несепті ұстай алмау. Несептің тәуліктің мөлшері. Гематурия (несеп жіберудің басында жіберген мезгілде, аяғында).
Несеп: түсі, мөлдірлігі, тұнбасы, қосындылары: ірің, кілегей, қан, микроскопиялық құрамы.
Ісінуі: қабақтарының, бетінің, жалпы дене бойының: көз көруінің нашарлауы, жүрегінің соғуы, демігуі.


5. ТІРЕК-ҚИМЫЛ ЖҮЙЕСІ.
Аяқ-қолының, бұлшық еттерінің, сүйектерінің, буындарының ауыруы, буындарының қимылдау көлемі (шектелген, шектелмеген). Аурудың жиілігі және пайда болу себебі: көп жѕргеннен кейін. Көбірек ауыратын мезгілі (ертеңгілікте, кешке қарай, түнге қарай). Механикалық ырғақта буындардың ауруы көп жүргеннен кешке қарай ауырады. Қабыну ырғағында-ертеңгілік көбірек білінеді. Ертеңгілікте буындар қозғалысы қиындамайды ма (сіресіп қалуы)? Сірескенде қанша уақытқа дейін буындар қозғалысы қиындайды? Бұлшық еттерінің әлсізденуі, қол-аяқтарының салы және семуін анықтау.


6. НЕРВ ЖҮЙЕСІ.
Науқастың өзінің мінез-құлғын бағалауы: салмақты, күйгелек, тынышсыз, ашушаң, анық мінезді (тіл табысқыш), тұйық.
Ұйқысы: қалыпты, жиі оянады, ұйқысыз, ұйқышыл.
Бас ауруы: қай жері ауырады, қай мезгілде ауырады, аурудың түрі, ұзақтығы, жиілігі.
Бас айналуы: жиілігі, себебі (мойынның оқыс қозғалысында, жүрек ырғағының бұзылуы т.б. (көз алдының қарауытуы, өзара шіркейлердің ашуың, талып қалуы)
Тырысуы: түрі (тонустық немесе клонустық). Жайы санасы, күмәнданғыштығы, сандырақ болуы және олардың сипаттамалары.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет