Қожа ахмет ясауи атындағы халықаралық


Галлюциялар: есіту, көру. иіс және дәм сезу елестері



бет5/18
Дата07.05.2023
өлшемі175 Kb.
#90950
түріНұсқаулар
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Байланысты:
АУРУТАРИХЫСХЕМАСЫ.каз

Галлюциялар: есіту, көру. иіс және дәм сезу елестері.


7. СЕЗІМ МҮШЕЛЕРІ.
Көру, есіту, иіскеу, тері мен кілегей қабықтардың дәм сезімдерінің өзгергендігін білдіретін шағымдар.


8. ҚАЗІРГІ АУРУДЫҢ ТАРИХЫ.
Бұл тараудың мақсаты аурудың басталуынан осы кезеңге дейінгі аралығындағы даму барысын анықтау. Тиісті сұрақтар арқылы: аурудың қашан, қалай басталғанын (кенеттен, біртіндеп), алғашқы белгілері қандай болды, әрі қарай барысы: күшеюі немесе үзілмелі (бір қайталауы). өршу немесе басылу (ремиссия) кезеңдерінің ұзақтығы.
Ауырғаннан бері жұмысқа жарамдылығы. Осы аурудың себебінен мүгедек болса, онда қай уақыттан бастап мүгедек және мүгедектің қай тобына жататынын сұрастыру керек.
Мүмкіншілігінше аурудың себебін анықтау: ауру уайым, қайғы травма, ауыр дене қызметі, салқындау, тамақ тәртібін бұзу т.с.с. Әсіресе емханаға осы түсудің алдында болған аурудың өршуінің себебін анықтаған жөн. Дәрігерлерге қаралды ма, емделді ме? Емделсе емнің нәтижесі қандай болды? Қандай қосымша зерттеулер жасалды (қанның, несептің анализі, рентгеноскопия, ЭКГ нәтижелері) Қандай диагноз қойылды?
9. АУРУДЫҢ ӨМІР ТАРИХЫ.
Науқастың өмірі туралы сұрастыруды жалпы биографиялық мәліметтерден бастайды: туған жылы мен жері (географиялық аудан), тұрған жері егерде өзгертілген болса.
Әлеуметтік анамнезі: туған жан ұясының жағдайы; ата-анасының жасы, нешінші бала болып туылды, тұрмысы, тамақтану жағдайы.
Балалық шағы: балалық шағындағы өсіп жетілуі, ден саулығы, ауырған аурулары. Мектепте оқу кезеңі: қанша жаста мектепке барды, сабаққа үлгерімі, неше жыл оқыды? Мектепте дене шыныәтыру сабағына қатысуы, спортпен айналысуы, жалпы жёне арнайы білімі.
Кәсіптік анамнезі: қай жастан бастап жұмысқа кірді, қандай жұмыстарда істейді. Бѕрын болған зиянды кәсіптік әсерлер. Осы кездегі жұмыс жағдайы, жұмыс уақытының ұзақтығы мен немесе дене қызметі, түнгі немесе күндізгі жұмыс орнының сипаттамасы: жарықтығы, температурасы, шаң (оның түрі), басқа зиянды заттардың немесе әсерлердің болуы (шу, вибрация, газ). Демалыс күндерін денсаулыққа тиімді пайдалануы. Тұрмысының жағдайы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет