7
жүйесінің тарихы Ежелгі Грекия кезеңінің дамуымен өзара
байланысты болды және ол кезеңдерді
зерделеген ғалымдардың
жұмыстарының
мазмұны
дамудың
іргетасы
ретінде
қарастырылады.
Тарихи материалдарды зерделеу негізінде білім беру жүйесінің,
мазмұнының, құрылымының дамуын қоғамның өсіп, өркендеуімен
ондағы өзгерістермен байланыстылығын көруге болады.
Акмеологияның бастау көздері Ежелгі Грекия кезеңінде адам
ақыл-ой және дене дамуының шыңдарының үйлесімі ретінде
кемелдену идеалына ұмтылған болатын. Адамзат қоғамының
дамуының әртүрлі тарихи кезеңдерінде идеалдар алуан түрлі
болды, алайда олар әрдайым интегративті құрылымдар, табиғаты
бойынша гетерогенді үдерістердің шыңдарының үйлесімі нәтижесі
ретінде қарастырылды.
Акмеология бойынша 1990
жылдардағы зерттеулердің
жандануы, жаңа ғылыми бағыттардың пайда болуына әкелді:
жалпы және басқарушы акмеология (О.С.Анисимов, А.А.Деркач,
В.П.Ситников және т.б.), олар адамның іс-әрекетіндегі шыңға жету
жетістіктерінің жалпы заңдылықтарын және олардың басқару
қызметі мен мәнсапқа енуін зерттейді, педагогикалық акмеология
(Н.В.Кузмина, А.А.Реан, Ю.А.Гагин, Н.Ф.Вишнякова және т.б.), ол
ересек адамның кәсіби іс-әрекетіндегі шыңның (акме) көріністері
ретінде кәсібиліктің және креативтіліктің объективті және
субъективті факторларын және осы факторлар қалыптасатын өнімді
педагогикалық жүйелерді модельдеудің шарттарын айқындайды.
Отандық ғалымдар Н.Д.Хмель, А.А.Бейсенбаева, С.Т.Каргин,
Ш.Т.Таубаева, С.А.Ұзақбаева, А.Қ.Рысбаева, Б.А.Тұрғынбаева,
Қ.К.Жанпейісова, Б.А.Оспанова, К.М.Беркимбаев, К.М.Арымбаева
және т.б. ғалымдар болашақ мұғалімдерді
дайындаудағы біртұтас
педагогикалық үдерістің теориясы мен практикасы мәселесінің
әртүрлі аспектілерін зерттеу нысанына алған.
«Акмеология», «акмеологиялық мәдениет» ұғымдарын қазіргі
таңда басылымдарда көптеп кездестіреміз. Ал енді, осы ұғымдарға
тоқтала кетсек. «Акмеология» ұғымы ХХ ғасырдың бас кезеңінде
қолданысқа енген ұғым. Бұл ұғымды ең алғаш рет 1928 жылы
Н.А.Рыбников ұсынған. Кейін Б.Г. Ананьев бұл ұғымға анықтама
беріп, оның ғылымдар жүйесіндегі орнын көрсеткен. Ол адамның
онтогенездік
дамуын
зерттейтін
ғылымдарды
келесідей
орналастырады: эмбриология, морфология, онтология, гнесеология,
8
физиология,
психология, педагогика, аксиология, акмеология,
геронтология және т.б.
Достарыңызбен бөлісу: