Қожа ахмет ясауи атындағы халықаралық



Pdf көрінісі
бет39/132
Дата14.10.2023
өлшемі3,13 Mb.
#115145
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   132
Өзін-өзі күштеу

Кейбір зерттеушілер (мысалы, А. Я. Арет) 
өзін-өзі тәрбиелеуде 
өзін-өзі күштеу
- адамның өз бойында қажетті 
қасиеттерді қалыптастыруға көмек беретінен басты әдісі деп 
есептейді. Олардың ойынша, өзін-өзі күштеу арқылы адам белгілі 
бір іс-әрекетке кіріседі, өзін-өзі жеңеді. 
Өзіне-өзі бағыну
- өзін-өзі 
күштеудің бір түрі болып есептеледі. Өзіне-өзі бағыну - өзін-өзі 
тәртіпке тәрбиелеудің, міндеттерді адал орындаудың, ұжымның, 
басқарушының, қоғамның еркіне бағынудың мәні мен мазмұны. 
Өзін-өзі күштеу қабілеті ешкімге туғаннан берілмейді, ол 
өмірлік тәжірибенің жинақталу үдерісінде қалыптасады. Студенттік 
шаққа дейін ол жеткілікті толық және тұрақты қалыптасуы керек. 
Бұл қабілеттің қалыптасуы борыш пен жауапкершілік сезімінің 
қалыптасуымен сәйкес келеді. Өзін-өзі күштеудің тағы бір түрі 
өзін-өзі меңгеру. Өзін-өзі күштеу мен өзін-өзі меңгеру өзін-өзі 
тәрбиелеудің құралдары мен тәсілдері ретінде нақты әдістерде 
жүзеге асады. Олардың жіктелуін бұл құбылыстардың тұлға 
қасиеттері ретіндегі психикалық мазмұнының логикасы бойынша 
құруға болады. 
Біріншіден,
интеллектке бағытталған тәсілдерді 
бөлуге болады: адам өзінің мінез-құлқын реттейтін жеке қағидалар 
мен ұрандар, ескертулер т.б. 
Екіншіден
- сезімдерге бағытталған 
тәсілдер: өзін-өзі құптау, өзін-өзі мадақтау, өзін-өзі жұбату, өзін-өзі 
сынау және өзін-өзі жазалау және т.б. 
Үшіншіден
- ерікке және іс-
әрекет тәжірибесіне бағытталған тәсілдер: өзіне-өзі уәде беру, 
ниеттелу, өзін-өзі міндеттеу, ант ішу, өзіне-өзі қадағалау. 
4

Өзін-өзі иландыру
.
Өзін-өзі иландыру - бұл сөздік ықпал құралдары арқылы өзінің 
психикалық жағдайларын өзін-өзі реттеу тәсілі. Өзін-өзі иландыру 
ауру немесе түзелудің, кейде адам өлімінің себепшісі болуы 
мүмкін. Оған істің бастамасы да, барысы да, табысы да, адамның 
қарым-қатынас сипатына да тәуелді болады. 
Адам шынымен де егер өзінің әлі жүзеге аспаған 
мүмкіндіктеріне сенсе күштірек болады, ал өмір қиындықтарын 
жеңе алмаймын деп ойлап қол қусырып отырса, керісінше әлсіреп 
қалады. 
Өзін-өзі иландыруда тұлға өзін-өзі кез-келген қасиеттер мен 
қабілеттерге тәрбиелеу үдерісінде, соның ішінде педагогикалық 
шеберлік негіздерін игеруде қолдануға болады. Дегенмен, өзін-өзі 


91 
иландыру болашақ мұғалімге эмоциялық-еріктік жағдайларын 
реттеуде нәтиже береді. 
Өзін-өзі тәрбиелеудің барлық тәсілдері мен әдістерінің 
негізінде өз еркімен өткізілетін, тұлғаның өзіне бағытталған 
жаттығулары жатыр. Осы жаттығулар адамның өзіннің «Мендік» 
тілектерін, мінез бітістерін нақты қасиеттерге айналдыруды 
қамтамасыз етеді. 
Адам әрқашан да нақты іс-әрекетте көрсететін мүмкіндігінен 
артық істей алады. Үнемі алда жүзеге асырылмаған резервтер 
болады. Педагогикалық міндеттерді шешу, оқу-педагогикалық 
ойындарға қатысу, әлеуметтік-психологиялық тренинг - болашақ 
мұғалімнің өздерінің педагогикалық құзіреттілігін арттыру, 
педагогикалық икемділіктерін дамыту мақсатымен жүргізетін 
жұмыстарының құралдары мен әдістері болып табылады 
Бойымызға сенімділікті қайтарайық 
Өзімізге деген сенімді жоғалту арқылы көп қиыншылыққа тап 
болуымыз мүмкін. Бұл қиыншылықтар сабақтан, жұмыстан, тіпті 
достармен бірге өткізген қызықты сәттерден ләззат алуға кедергі 
келтіреді. Осындай жағдайға тап болмас үшін, өзіңізге сенімділікті 
қайтарудың жолдарын іздеңіз (Сурет 13). 
Өзіңізді бағалаңыз. Әдетте өткен өмірге өкпесі бар адамдар 
сенімсіздік танытады. Өзіңіздің осал тұстарыңызды мойындай 
отырып, қай жағынан мықты екеніңізді де анықтағаныңыз жөн. Не 
нәрсені ұнатып, ұнатпайтындығыңызды білу арқылы мінезіңізге 
толық сипаттама бере аласыз. 
Салмақ салуды қояйық.
Жер бетінде қаншама адам бар. Ал, біз 
болсақ бар ауыртпалықты әлемде өзіміз ғана көтеріп жүргендей 
сезінеміз. Қанша жерден мықты болсақ та, әйтеуір бір салада жеңіс 
табуымыз мүмкін екенін ұмытпайық. Бастысы қателіктерден сабақ 
алу.
Жасаған істеріңіз үшін еш уақытта ақталмаңыз (егер ешкімге 
қатысы болмаса). 
Шамаңызды біліңіз
. Қателіктеріміз бен сәтсіздіктерімізді 
ұмыту мүмкін емес, дәл қазір жетістіктеріңізді есіңізге түсіріңізші. 
Өзгелер мен жайында не ойлайды деген ойдан аулақ болыңыз. 
Өзіңізді мақтан тұтуға құқыңыз бар. 
Мұнымен қатар ол жетістіктеріңізді қағаз бетіне түсіре аласыз. 
Нақтырақ жазуға тырысыңыз. 
Өткен өміріңізге көз жіберіңіз
. Балалық шағыңыздан бастап 
осы күнге дейін өміріңізді көз алдыңызға елестетіңіз. Бұрын-соңды 


92 
Сурет 13 – Сенімділік түрлері 
не нәрсені мақтан тұтып, тамсанатын едіңіз? Бойыңыздағы 
сенімділігіңізді қандай оқиғадан кейін жоғалттым деп ойлайсыз? 
Өткен уақытта өте белсенді болғандығыңызды еске түсіру арқылы 
қалпыңызға келе аласыз. 
Мүмкін бала күніңізде көршінің балаларымен бірге ойнап 
жүрген кезде аз сөйлеп, үйге келген кезде ашылатын болған 
шығарсыз. Мүмкін мектеп қабырғасында нашар оқыған боларсыз? 
Психолог мамандардың айтуынша, бойымыздағы сенімділік біз 
туралы елдер не ойлайды деп ойлай бастағанымызда жоғалады 
екен. Сол себепті өзгелердің пікірі туралы аз ойланыңыз. 
Жетістікке жетпейінше ұмтыла беріңіз.
Бойымызға 
сенімділіктің бір күнде келе салмайтыны анық. Бірақ оны қайтаруға 
бағытталған іс-әрекетке бүгіннен бастап кірісе аламыз.
Бойыңыздағы 
сенімділікті 
көрсетуге 
ым-ишара 
тілін 
пайдаланыңыз. Отырған кезде тік отырыңыз. Жүрісіңіз барынша 
сенімді, ал адымдарыңыз жеңіл болсын. Жан-жағыңызға жалтақтап 
қарай берудің орнына күлімсіреңіз. Сөйлесіп отырған адамыңның 
көзіне тік қараңыз. Психолог мамандардың айтуынша, күлкі де 
есінеу секілді жұқпалы; көркем киініп, жақсы әдеттерді 
қалыптастырыңыз; көбірек қарым-қатынаста болыңыз.


93 
Дауысыңыз анық әрі сазды шықсын.
Қобалжып тұрсаңыз да 
көбірек сөйлеуге тырысыңыз. Сөзшең адам болып көрінуден 
қорықпаңыз. Адамдар мұндай жандарды ашық жарқын әрі өзіне 
сенімді адам екен деп қабылдайды.
Нар-тәуекелге 
барыңыз

Кейбір 
істердің 
қолыңыздан 
келмейтінін білесіз. Әр күн сайын жаңа дүниелердің дәмін татып 
көріңіз. «Табыс сенімді адамдарды ұнатады». Қандай жолды 
таңдасаңыз да нар-тәуекелге барып, жаңа істермен айналысыңыз; 
өзіңізге жайлылық сезімін сыйлайтын істермен айналысып 
үйреніңіз. Мысалы, бұрын-соңды сізге ғашық болған жандармен 
мазаңызды алған кезде қашатын болсаңыз, бұл жолы қарсы жауап 
қайтарып көріңіз. 
Сенім түрлері жүзеге асырыңыз.
Сенімділікті қайтару көп 
уақытты талап етеді. Әрдайым жаттығумен болыңыз. Позитив 
әрдайым негатив эмоцияларды жеңіп отырады. Яғни, бастапқы 
көрініс табатын жасандылық, артынша әдетке айналып, мінез 
болып қалыптасады.
Бүкіл өзгелермен ұқсастық
. Сіздің қарапайым екеніңізді 
көрсетеді. Бірақ Сіздің барлық өзгелермен ұқсастығыңызды саналы 
түрде білу әдеттен тыс нәрсе. Барлығы және соған орай сонымен 
үйлесімдегі әрекет қалай істейтінін білу Сіздің күшіңіздің көзі, 
Сіздің өзіңізге сенімділігіңіз бен өзіңіздің өзгелерден биік 
тұруыңыз болып табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет