Қожа Ахмет Яссауидің софылық философиясы


Р.Декарттың рационалдық философиясы, дедуктивтік әдістемесі



бет13/26
Дата22.12.2022
өлшемі80,5 Kb.
#58878
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   26
Байланысты:
?îæà Àõìåò ßññàóèä³? ñîôûëû? ôèëîñîôèÿñû

20. Р.Декарттың рационалдық философиясы, дедуктивтік әдістемесі.
Негiзiнен алғанда, Р.Декарттың әдiстемесi - ол интеллектуалдық интуиция арқылы алынған негiзгi ұғымдарға сүйене отырып басқа ұғымдарды, тұжырымдарды тудыру. Егер интуицияда ақиқат тiкелей ашық берiлсе, онда дедукцияның дәнекерлiгi арқылы ақиқатқа күрделi жол арқылы жетуге болады. Осы күрделi жолда бiр ұғым байқалмай түсiп қалса, онда нәтижеге жету мүмкiн болмай қалады. Сондықтан, бүкiл дедукция жолын ұқыпты есептеп бақылап отыру қажет. Дедуктивтi әдiстеме арқылы әр-түрлi нәтижелерге жетуге болады. Сондықтан, Р.Декарт оны жасанды тәжiрибе қойып (эксперимент) тексерiп отыру қажет деген пiкiр айтады. Рационалистік – дедуктивті әдісті қолданумен қатар Декарт мынадай зерттеу тәсілдерін ұсынады:Зерттеу барысында бастапқы қағидалар ретінде тек ақиқат, шын, ақылмен және логикамен дәлелденген, ешбір күдік туғызбайтын білімдерді ғана пайдалану; Күрделі мәселені қарапайым бөлшектерге, бөліп қарастыру; Белгілі және дәлелденген сұрақтардан белгісіз, дәлелденбеген сұрақтарға жүйелі түрде өту; Зерттеудің жүйелілігін, логикалық тізбегін қатаң сақтап, сол тізбектегі бірде-бір зерттеу бөлшегін тысқары қалдырмау.
21. Демокриттің атомистік ілімі.
Элеаттардың көтерген мәселелеріне Эмпедокл мен Анаксагорға қарағанда басқаша жауап берген Левкипп пен Демокрит болды.Егер біріншілер Дүниенің негіздерін құрайтын әртүрлі сападағы стихиялар, заттардың тұқымдары т.с.с. деген тұжырымға келсе, Левкипп пен Демокрит өздерінің атомжөніндегі ілімдерінде Дүниенің негізінде жатқан сандық жағынан әртүрлі ұсақ бөлшектер жөніндегі ілімдерін ұсынады. Демокрит (460 б.ғ.д. туған) Левкиптің шәкірті болған.Левкипп пен Демокрит ғылымға атом ұғымын, әрі қарай бөлінбейтін, көзге көрінбейтін, өте ұсақ, сапасыз, тек қана бітімі, көлемі жағынан бір-бірінен айырмашылығы бар ұсақ бөлінектерді ұсынады.Атомистер бейболмыс өмір сүрмейтінін қолдады, өйткені бірдеме Дүниеге келгенде, бар ұсақ бөлшектердің қосындысынан пайда болады, ал ол бөлшектер тарай бастаса, ол зат құриды. Әрине, атомдар қозғалуы үшін кеңістік керек, сондықтан олар Дүниені орасан зор қуыс ретінде карады. Егер біз кеңістіктен атомдарды алып тастасақ, онда ештеңе жоқ, тек қуыс кана қала береді. Олай болса, ештеңе өмір сүреді.Дүниедегі атомдардың саны шексіз болғаннан кейін, кеңістік те шексіз, өйткені шектелген кеңістікке шексіз атомдар сыймас еді. Дүниенің кеңістіктегі шексіздігі уақыттың да мәңгілігін, қозғалыстың да бастауының жоқтығын мойындауға мәжбүр етедіАтомистика Дүниенің пайда болуын қозғалыс арқылы түсіндіреді (бірінші сатыда). Алғашында атомдар кеңістікте ешқандай тәртіпсіз түрде өмір сүреді. Олар оны күннің көзі түскен кездегі үй ішінде сәулеге шалынып көзге көрінетін, қалқып жүрген өте ұсақ шаңмен салыстырады. Екінші сатысында ауыр салмақты атомдардың жеңіл бөлшектермен соқтығысуының нәтижесінде пайда болатын дауылға ұқсас қозғалыс туады. Бүл «дауылда» бір-біріне ұқсас атомдар басқалардан бөлініп, Дүние өмірге келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет