Қожа Ахмет Яссауидің софылық философиясы



бет10/26
Дата22.12.2022
өлшемі80,5 Kb.
#58878
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   26
14. Герменевтика философиясы
Герменевтика атауы Құдайлардың әмірін адамдарға түсіндіріп, адамдардың тілек-дұғаларын Құдайларға жеткізетін грек Құдайы Герместің атынан бастау алады. Герменевтика дәстүрлері ортағасырлық экзегетикада інжіл мәтіндерін байымдау барысында қалыптастырылған. Олар өздерінің түсіндірілуіне септігін тигізіп, мәтіндерді бір дәуір тілінен басқа дәуір тіліне аудару барысында негізге алынды. Өткен ғасырдан бастап бұл сөз рухани мәдениет феномендерінің алғышарттары, ұғыну және мағынасын түсіну процестерінің мүмкіндіктері мен ерекшеліктері («істің мәні») туралы философиялық ілімді білдіреді. Философиялық герменевтика Ф.Шлейермахер, М.Хайдеггер, әсіресе ХХ ғасыр герменевтикасының классигі – Х.-Г.Гадамердің жұмыстарының арқасында ғылыми-зерттеудің ерекше саласы ретінде қалыптасты. Олардың зерттеулері адамның мінез-құлығы мен әрекеттерін, іс-әрекетті ұйымдастырудың ойын тәсілдерін, коммуникативтік байланыстар мен қатынастар типологиясын құруды, жалпы әлеуметтік-мәдени шындықты ғылыми үлгілеу мәселелерін шешуге мүмкіндік тудырды. Г. Г. Гадамер – герменевтиканың негізін қалаушылардың бірі, өз көзқарастарында Хайдеггерге сүйеніп, герменевтиканы ұғыну әдістері мен механизмдері туралы ілім ретінде емес, болмыс туралы ілім, онтология ретінде қарастыруды ұсынады. Ол үшін ұғыну – әрекет етіп бағалаушы – зерделеуші адамның тіршілік ету тәсілі, адамның әлемді «тіршілік ету тәжірибесінде», «тарих тәжірибесінде» және «өнер тәжірибесінде» меңгеруінің әмбебап тәсілі. Герменевтиканың негізгі идеясы: «тіршілік ету – басқалармен ұғынылу» (В. Дильтей). Зерттеу нысаны ретінде, әдетте, мәтін саналады. Гадамер «Ақиқат пен әдіс», «Диалог пен диалектика» жұмыстарында осы Дильтей тезисін өрбіте түседі.
15. Ф.Ницшенің волюнтаристік ілімі. «Билікке құштарлық» идеясы.
Фридрих Ницшенің билікке құштарлық теориясын екі бөлікке бөліп қарастырсақ болады. Біріншіден, Ницше ағын, қозғалыс жағдайында болады, сондықтанда білімнің, ақиқаттың мәні үнемі өзгеріп отырады. Ал бұл өзгерістердің негізін билікке құштарлық құрайды және ғалам осы тәріздес тілектерден тұрады деп пайымдайды. Екіншіден, билікке құштарлық билік етуге деген жеке, іргелі ұмтылыс. Ол үстемдікте және тәуелсіздікте көрініс табады. Билікке деген құштарлық кейде зорлық көрсету мен физикалық басымдық түрінде де көрінуі мүмкін. Дегенмен оны ішімізге қарай бұрсақ, адам өз-өзін басқаруға ұмтылатын болады.Билікке құштарлық – дүниедегі бүкіл бар нәрсенің және болуға тиістінің бастауы. Әлсіз адамдар, тобыр мүшелері – өмірді танып-білуге қабілетсіз. Олар өздерінің одан әрі қарай да, қаша беруіне мүмкіндік жасайтын моральдық қағидаларды қалыптастырады. Бұдан басқа, мораль оларға билікті өз уыстарынан шығармауға мүмкіндік береді. Олар аяушылық, ынтымақтастық және т.б. идеалдарды ұстанған кезде өз әлсіздіктерін дәріптейді және «ләззатқұмарлық, билікқұмарлық және өзімшілдік» заңдарына сәйкес өмір сүруге қабілетсіз. Олар күштілерде ғана бар


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет