Қожа Ахмет Яссауидің софылық философиясы


Таным теориясы (гносеология), теория, метатеория ұғымдары



бет15/26
Дата22.12.2022
өлшемі80,5 Kb.
#58878
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   26
Байланысты:
?îæà Àõìåò ßññàóèä³? ñîôûëû? ôèëîñîôèÿñû

24. Таным теориясы (гносеология), теория, метатеория ұғымдары.
Гносеология — айналадағы әлемді тану туралы философиялық ғылым. Таным теориясы немесе гносеология (грекше gnosis — білім, таным) — философиямен бірге, оның іргелі бөлімдерінің бірі ретінде пайда болды және қалыптасты. Ол адам танымының сипатын, білімінің формаларын, оның жадағай түрінен тереңіне бойлау әдістерін зерттейді. Гносеологиядағы орталық ұғымдарға "таным субъектісі" мен "таным объектісі", "білім", "таным" жатады. Таным субъектісі деп белгілі бір мақсатқа бағытталған танымдық қызметті атқарушыны айтамыз. Ол — бірдеңені танып, білуге тырысушы. Ол адам немесе тұтастай қоғам болуы мүмкін. Таным объектісі деп танымдық қызмет бағытталған нәрсені айтамыз.Метатеория (грек. meta – кейін және theorіа – бақылау, қарастыру, зерттеу) – белгілі бір теорияның құрылымы мен әдісіне талдау жасайтын ілім. Метатеорияның негізгі мақсаты – ғылыми теорияларды формальдандыру шарттарын, сондай-ақ формальдандырылған тілдердің синтаксистік және семантикалық қасиеттерін зерттеу.
25. Материя, қозғалыс, кеңістік, уакыт.
Материя – формасыз, форма материясыз өмір сүре алмайды. Жаңа дәуірде материяның ішкі өзіндік күш-қуатын мойындап, оның белсенділігі менформаның оған тәуелділігін көрсеткен Ф.Бэкон болған-ды. Материя кеңістік пен уақытта өмір сүреді. Уақыт дегеніміз заттар мен құбылыстардың өмір сүруінің ұзындығын, олардың әр түрлі жағдайының ауысуын білдіреді. Ол оқиғалар ағымы. Платонның сөзімен айтсақ “Мәңгіліктің қозғалу бейнесі”. Әр түрлі материалдық обьектінің өз уақыты бар. Сондықтанда физикалық, әлеуметтік уақыт болады. Уақыттың үш өлшемі бар: қазіргі, кешегі және болашақ. Уақыт ұдайы алға ұмтылады , ешнәрсе, ешкім оның обьективті бағытын өзгерте алмайды. Оны тоқтатуға болмайды. Қоғамда уақыт ағысы жылдам және күрделі. Ол адамның іс әрекетімен тығыз байланысты. Уақыт - тіршіліктің мықты да аяусыз өшірушісі, сонымен қатар оны жаратушысы да. Уақытша деген ұғым өткіншілікті жоғалып кетуді білдіреді. Керісінше, мәңгілік ұғымы ұдайылықты, ұдайы болып отыруды меңзейді. Адам өмірі биологиялық тұрғыдан өткінші. Сондықтан да ойлы адам өзінің өмірінің жүгіртпе секундтарына жоғарыдан қарай алмайды. Ол өзінің бұл дүниедегі өткінші жағдайын жақсы түсініп, өз өмірінің мән мағынасы, мақсаты туралы ойланып, толғанады. Әлеуметтік кеңістік пен әлеуметтік уақыт бұл адамның іс - әрекетінің бүкіл дүние жүзілік тарихы. Адам уақыттың есебін жүргізбей өмір сүре алмайды. Мұндай есеп жүргізудің әдістері тым ерте ойлап табылды. Кеңістік - заттар мен құбылыстардың бір - бірімен қатар орналасу, өзара әрекеттесу ретін білдіретін философиялық ұғым. Қозғалыс – заттар мен құбылыстардың жалпы өзгерісін, бір-біріне әсер етуін білдіретін ұғым.Қозғалыссыз өмір болмайды, ол – барлық нәрсенің өмір сүру тәсілі. Қозғалыс – мәңгі, шексіз бола тұра, дүниеге сырттан енгізілмейді, оның құрамдас бөлігі болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет