Қожа Ахмет Яссауидің софылық философиясы



бет16/26
Дата22.12.2022
өлшемі80,5 Kb.
#58878
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   26
Байланысты:
?îæà Àõìåò ßññàóèä³? ñîôûëû? ôèëîñîôèÿñû

26. Шәкәрім философиясы.
Қазақтың рухани мәдениеті мен зор үлес қосқан ойшылдардың бірі - Шәкәрім Құдайбердіұлы. Шәкәрімнің философиялық көзқарасы - ұлттық философияның қалыптасуына зор ықпалын тигізген құбылыс. «Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі», «Мұсылмандық шарты», «Үш анық» аталатын еңбектерін, поэзиясын гуманистік және адамгершілік мұраттарды, демократиялық ағартушылық идеяларды уағыздаған мұра деп бағалау керек. Шәкәрімнің философиялық ойларында өзі өмір сүрген дәуірдің қоғамдық көріністері, ақыл – ой ізденістері, талғамды тұжырымдары із қалдырды. Ол қазақ қоғамының рухани өсуіне көмектесуді, жастарды ғылым – білім, өнерге баулуды мұрат тұтты. Ұлы ойшыл, гуманистік қайшылыққа толы қоғамда өмір сүрді. Шәкәрімнің дүниеге, өмірге, табиғатқа, сан – сала құбылыс көріністерге, дінге көзқарастарында кейбір қайшылықтар кездескенімен, ол ешқашан дінге берілген фанатик, барлығын жоққа шығартып пессимист болған емес. Шәкәрім көбінесе рационализмге, деизмге бейім болды. Бұл философиялық бағыт бойынша дүниені жаратушы бір күш бар дегенді мойындау, оның дәлелі табиғаттың жарасымдылығы, қозғалысы, өмірде ақиқат, шындық, білім – ғылым, ақыл мен сезім дамуы арқылы іске асатынын, адамның болмысты танып білуі адам өзін - өзі жетілдіру арқылы жүзеге асатынын түсінуге болды Шәкәрім қазақ поэзиясында философиялық лириканың бұрын өріс алмаған жаңа түрлерін қалыптастырып, бұл салада үлкен жаңалық тапты. Ойшыл ақын адамның ақыл парасатына айрықша зор мән береді. Ол адамның сезу, сезіну, дүние болмысты, өмір құбылыстарын сезім арқылы қабылдау, әсерленгіштік қабілет пен не нәрсенің болсын ішкі сырын көзге көрінбейтін, қолмен ұстауға келмейтін нәрселердің қасиет – сипаттарын, оймен, ақылмен, логиканың күшімен танып – білу қабілетінің арасын ажыратып, болмыстың, дүниетану мен моральдың негізгі ақылы деп санайды. Ақыл, парасатты ақыл қандай да нәрсені, құбылысты дұрыс түсініп бағалауға, ақ–қараны айыра білуге мүмкіндік береді. Сондықтан, «ақылмен сыналмаған іс болдырмау» деп түйіндейді.
27. Томизм – Ф.Аквинскийдің философиялық ілімі.
Томизм – ортағасырлық батысеуропалық философияның көрнекті теологы, доминикиандық монах, схоластиканы жүйеге келтіруші Фома Аквинскийдің (лат. Томас Аквинат) көзқарастарының жүйесі, кейін ол (жүйе) католиктік шіркеудің ресми доктринасына айналды.Томизмнің негізгі идеялары Фома Аквинскийдің «Теология суммасы», «Философия суммасы» («Пұтқа табынушыларға қарсы») шығармаларында, сол сияқты Інжілге (Библияға), Аристотель еңбектеріне түсіндірмелерінде баяндалды.
Томизм жүйесі өзіне метафизиканы, таным теориясын, этиканы, антропологияны және мемлекет теориясын қамтиды. Томизмнің метафизикасы тірлік, болмыс туралы ілімнен және негізін Құдайдың бар екендігінің 5 дәлел құрайтын табиғи теологиядан тұрады.Фома Құдайды әлемде барлық бардың бірінші себебі және соңғы мақсаты деп есептеді. Сенім мен ақылдың арақатынасы мәселесінде олардың әртүрлі ұғымдар екендігі көрсетіледі.Екеуі де таным процесіне қатынасады, бірақ олардың объектілері бөлек: философия тек ақылмен танылатынды ғана түсіндіре алады, ал өзгенің бәрін теология (құдаи аян) тани біле алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет