Қожахметова К. Ж. п.ғ. д профессор Алматы қ



Pdf көрінісі
бет20/23
Дата21.01.2017
өлшемі1,61 Mb.
#2406
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23

 
 
 
 
ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕТІМДІКТІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ 
ФАКТОРЛАРЫ 
 
Тойшыбекова М.К.-пс.ғ.магистрі, оқытушы, 
Омарбекова М.К. –магистрант.  (Алматы қ., ҚазмемқызПУ) 
 
Республика  бойынша  жетім  және  ата-анасының  қамқорлығынсыз  қалған 
балаларға  арналған  білім  беру  ҧйымдарының  басшыларынан  сайланған 
Республикалық  директорлар   кеңесінің  мҥшелері,  білім  мекемелерінің 
психологтары мен әлеуметтік педагогтары ҥшін әлеуметтік жетімдікке ҧшыраған 
балалардың  жағдайы  дәл  қазіргі  уақытта  ӛзекті  мәселердің  бірі  ретінде  кеңінен 
талқылау ҥстінде деуге болады.   
Жетім  балалар  мен  ата-анасының  қамқорлығынсыз  қалған  балалардың 
қҧқықтарын қорғау аясындағы  заңнамалардың орындалу барысында   Қазақстан 
Республикасының  Президенті  Н.Ә.Назарбаевтың  2008  жылғы  6  ақпандағы 
«Қазақстан  халқының  әл-ауқатын  арттыру  –  мемлекеттік  саясаттың  басты 
мақсаты»  атты  Қазақстан  халқына  Жолдауында  ӛмір  сапасының  стандарттары 
адам  капиталын  дамытудың  және  Қазақстанды  әлеуметтік  жаңартудың  тиімді 
нарықтық  қҧралына  айналуға  тиіс  деп  атап  кӛрсеткен  болатын.  Осы  орайда 
облыстағы  жетім  және  ата-анасының  қамқорлығынсыз  қалған  балалардың  ӛмір 
сапасын  жақсарту  мәселесі  олардың  қҧқықтарын  қорғау  саласындағы 
заңнамалардың орындалу мәселесіне тікелей қатысты екені анық. 
Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес балаларға қамқорлық 
жасау мен оларды тәрбиелеу ата-аналардың табиғи қҧқығы және борышы болып 
табылады.  Біріккен  Ҧлттар  Ҧйымының  Баланың  қҧқықтары  туралы 
Конвенциясына  сәйкес,  әлем  мемлекеттері  баланың  жеке  тҧлға  ретінде 
толыққанды және ҥйлесімді  дамуы ҥшін отбасында тәрбиеленуі, ата-ананың аялы 
алақанын, шынайы қамқорлығын сезініп ӛсуі қажет екенін растайды /1/.   
Ата-ананың    қарауынсыз    қалған    балалар      ҥлкен    топты  қҧрайды:  бҧлар 
мҥлдем ата-аналары жоқтар және де әлеуметтік  жетім балалар.   

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика университетінің Хабаршысы  №62009. 
 
167 
   Әлеуметтік  жетімдікке    алып  келетін    факторларға  тоқталсақ,    олар 
мыналар: 
   Медициналық әлеуметтік мҥгедек, асқынған  ауыруы бар  балалар, немесе  
гигиена  сақталмағандық. 
 Әлеуметті  -  демографиялық  толық  емес,  кӛп  балалы  жанҧя,  кәмелетке 
толмаған    ата-аналар,    қартайған  ата-аналар,    екінші  рет  ҥйлену    және    ӛгей 
балалар мен ата-аналар. 
  Әлеуметтік - психологиялық,  жанҧяда  тӛбелес, жанжал шығаратын  ерлі -
зайыптылар, ата-аналар мен  балалар. 
  Әлеуметтік - ауытқушылық ҧрып  соғу, сотталған  адамдар, маскҥнемдік,  
нашақорлық. 
 Осы факторлардың әсерінен  балада  психикалық  ауытқушылықтар  пайда 
болады /2/.  
    Бҧл  жҥйенің  нәтижесінде    ата-анасы    жоқ  балалардың    психикасы    мен  
физиологиялық  жағдайы    ата-анасы  бар,  балалардан  ерекшеленіп  тҧратын  
И.В.Дубровина, З.А.Минкова, М.К.Бордышевский  зерттеулерінде  анықталған.  
Сонымен  қатар  аналар  мен  балалық  шақты  қорғау,  отбасыларға  қолдау 
кӛрсету  шараларының  қолданылуына  қарамастан  (атаулы  әлеуметтік  кӛмек, 
сәбидің дҥниеге келуіне байланысты берілетін біржолғы жәрдемақы), отбасының 
әлеуметтік  институтының  рӛлінің  тӛмендеуі  бҥгіндері  ӛзекті  мәселелердің  бірі 
болып қалып отыр.  
 Мҧндай  жағдай  балалардың  қараусыз  қалуына,  жасӛспірімдер  арасында 
қылмыстың  және  басқа  да  жағымсыз  қҧбылыстардың  кӛбеюіне  итермелейді,  ал 
соңында 
– 
әлеуметтік 
жетімдікке 
әкеліп 
соқтырады. 
Сараптаулар  кӛрсеткендей,  әлеуметтік  жетімдіктің  пайда  болуының  тҥрлі 
себептері  бар:  ол  –  отбасының  беделінің  тӛмендеуі,  оның  материалдық  және 
тҧрмыстық  қиыншылығы,  балалар  мен  ата-аналардың  денсаулығының  жай-кҥйі, 
некесіз  туылған  сәбилердің  кӛбеюі,  салауатты  ӛмір  салтын  ҧстанбайтын  ата-
аналардың қатарының артуы /3/.  
Ата-анасының  қамқорлығынсыз  қалған  балаларды  уақытында  анықтап, 
оларды жанҧяға немесе мемлекеттің қамқорлығына беру, олардың қҧқықтары мен 
заңды мҥдделерін қорғаудың ерекше нысаны болып табылады. 
Балалар  ҥйіндегі  кәмелеттік  жасқа  толмағандардың  жас  ерекшеліктерінің 
ӛзіндік  ерекшелігі  –  тҧлғалық  тҧрақсыздық.  Ал  қоршаған  ортаның  ықпалынан 
жасӛспірімдердің мінезінде тҧрақсыздықтың пайда болуы ӛз кезегінде әлеуметтік 
қиындыққа әкеп соғуы мҥмкін /4/.  
Кӛп  жағдайда  жасӛспірімдердің  суицидке  баруы  ата-анасының  ажырасуы 
немесе  отбасындағы  кикілжің  себеп  болып  отыр.  Статистикалық  деректерге 
сәйкес,  ӛзіне-ӛзі  қол  жҧмсағандардың  кӛпшілігі  толық  емес  отбасында 
тәрбиеленген балалар екендігі анықталған. 
Суицидке  итермелеуші  фактор  ретінде  отбасындағы  қолайсыздықты 
кӛрсетуге  болады.  Әлеуметтік  жағынан  әлсіз  отбасындағы  жағдай,  ата-
аналарының спирттік ішімдікке салынуы, жҧмыссыз болуы, балаларына шамадан 
тыс  талап  қоюы  ӛз  кезегінде  жасӛспірімдердің  арасындағы  суицидтің  орын 
алуына  тҥрткі  болатын  себептердің  бірі.  Суицид  оқиғасының  алдын  алуды  ерте 
қолға алу мәселесін жолға қою алдымен осы мәселелерді шешуді талап етеді /5/.  
Қазіргі  таңда  ең  алдымен  кәмелетке  толмағандарды  ӛмірде  кездесетін 
ӛмірдің  әр  тҥрлі  қиын  жағдайларына  тӛтеп  бере  алуы  ҥшін  қоғамда  ӛз  орнын 
табуға, ортаға бейімделуіне қажетті жағдай жасау керек.  

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика университетінің Хабаршысы  №62009. 
 
168 
Ол  ҥшін  балалардың  оқитын  және  тҧрғылықты  жері  бойынша  әлеуметтік-
медициналық,  психологиялық-педагогикалық  қызметтің  біртҧтас  жҥйесін  қҧру 
қажеттілігі туындайды.  
Олар: 
  1.  Кәмелетке  толмағандардың  аутодеструктивті  мінез-қҧлқының  қарқынды 
ӛсуін тӛмендететін және белгілі бір шектен асырмайтын (оқшаулайтын), әр тҥрлі 
қҧралдармен  профилактикалық,  әлеуметтік-психологиялық,  тҥзету-оңалту, 
медициналық-қҧқықтық  міндеттерді  атқаратын  әр  тҥрлі  ведомстволық 
органдардың 
кҥшін 
біріктіретін 
арнайы 
мекеме 
моделін 
қҧру; 
2.  Балалармен  жҧмыс  істеу  ҥшін  кадрларды  іріктеу  жҥйесін  жетілдіру,  осы 
мекемелерде 
жҧмыс 
істейтін 
мамандарды 
даярлауды 
жақсарту; 
ӛмірде  қиын  жағдайға  тап  болған  балалар  ҥйлерінің  тҥлектері  мен 
жасӛспірімдерге кӛмек кӛрсететін интернаттан кейінгі бейімдеу орталығын қҧру; 
   3.  Әлеуметтік  депривация  ҧшырауға  бейім  балаларды  әлеуметтендіру  жҥйесін 
жетілдіру,  ол  балаларды  орналастырудың  отбасылық  ҥлгісін  дамыту,  сондай-ақ 
оңтайлы  психологиялық,  медициналық,  педагогикалық  кеңестер  беру  жҥйесін, 
жасӛспірімдер клубтарын қҧру. 
Бала қҧқығын қорғау балаларды зорлықпен қанауды, соның ішінде  оларды 
шетелге сату,  бала еңбегін,  денсаулыққа зиян келтіретін  жағдайлардың  алдын 
алу  мен  ықпал  етуді  білдіреді.  Бала  қҧқықтарын  қорғау  ең  алдымен    ата  ана 
қамқорлығынан  айрылған    балаларға,    заң  жҥзінде  қақтығысушы    балаларға, 
сонымен  қатар  қарулы қақтығысқа  ҧшыраған балаларға қатысты /6/.  
Қорыта  келгенде    «Ата-анасыз  балалар  ӛмір  сҥруге,  дамуға  керек 
материалды    және  рухани  эмоционалдық  қорлардың  жоқтығын  сезінеді,  бҧл 
олардың қҧқықтарын қолдануға, ӛз  әлеуеттерін толық ашуға не әлеуетті және тең 
қҧқылы мҥше ретінде қоғам ӛміріне қатысуға мҥмкіндік бермейді».             
Кедейлік  баланың    дамуына  кедергі  жасайтын    кҥрделі  фактор  болып 
табылады,    ӛйткені  ең  кедей,  ең  панасыз  балалар  аса  қатерлі  жағдайларға  жиі 
ҧшырайды.  Олардың  кӛбі,  не  кҥнделікті  ӛмір  сҥру  ҥшін,  не  оларға  ҥйдегілердің 
қатал  қарауы    әсерінен,  азаматтық    толғаныстары  немесе  жақсы    ӛмір  іздеу  
нәтижесінде болуы, олардың денсаулығының  нашарлауы, жас ӛспірім кездерінде 
жҥкті болу мҥмкіндігі, нашақорлыққа  ҧшырауы, токсикомания, қылмыстық және 
әлеуметтік    тәрбиеге  наразылық,  тӛмен  жалақы,  жҧмыссыздық    және  әлеуметтік 
қамсыздандыруға  ҧзақ  тәуелді  болудың    арасында  тығыз    қарым-қатынас  бар. 
―Материалдық  кедейлік  пен  табыстар  деңгейі  бойынша  кедейлік‖  бала 
кедейлігінің  ең    қарапайым  кӛрсеткіші  болып  табылған  кезде,  балаға  ҥйде 
кӛрсетілер  мейірім  мен  қамқорлық,    ӛз  отбасындағы  баланың  қорғаныш  сезімі, 
ата-аналардың баланың ӛткізген уақыты  және тәрбиелер мен кҥтудегі дағдылар,  
олар  ӛмір  сҥретін  қоғамдастықтағы  достық    байланыс  пен  баланың  ӛсетін 
әлеуметтік  ортасы  сияқты  кӛптеген  ӛлшеусіз  факторлар  әсер  ететінін  естен 
шығармау керек. 
Әлеуметтік  жетімдіктің  алдын  алу  мәселелерін  сонымен  қатар  кәмелетке 
толмағандардың ӛз қҧқықтары мен заңды мҥдделерін білуін, сондай-ақ ӛзгелердің 
қҧқықтары  мен  бостандықтарын  сыйлауын  және  қҧқық  бҧзған  жағдайда  ӛздерін 
қандай жаза кҥтетіндігі  туралы танымдарын  кӛтеру бойынша кешенді  жҧмыстар 
жҥргізуді  қамтамасыз  етуде  мҥдделі  мекемелердің  бірлесіп  жҧмыс  атқаруын    
белсенді тҥрде ҧйымдастыру  қажет 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика университетінің Хабаршысы  №62009. 
 
169 
ӘДЕБИЕТТЕР 
1. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев (2008 жылғы 6    
ақпандағы      «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың 
басты мақсаты» атты) Қазақстан халқына Жолдауы. /Егемен қазақстан.- Астана, 
2008 ж. 
2. Мухина В.С.  Психологическая  помощь детям, воспитывающимся в 
учреждениях  интернатного типа.  Вопросы психологии.   1989 г. 
3. Дубровина И.В. Психологическое развитие воспитанников детских домов. 
4.  Ежов И.В.Программа психологического обеспечения духовного развития 
личности воспитанников детского дома / И.В Ежов – Москва.,1997-236 с. 
5.  Акажанова А.Т. Девиантология. − Алматы, 2008 ж. 66 –73 с. 
6.  Бала  қҧқықтарын қорғау бойынша  терминдер сӛздігі,  ЮНИСЕФ,            
Қазақстан, 2007 ж. 
 
РЕЗЮМЕ 
 
В  данной  статье  рассматриваются  основные  факторы  и  права  социальных 
сирот.  
 
ТҤЙІНДЕМЕ 
 
Мақалада    әлеуметтік  жетімдіктің  психологиялық    факторлары  мен 
қҧқықтары сипатталған.  
 
 
 
 
ҚИЫН БАЛАЛАРДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН 
АЙҚЫНДАУ 
 
Тоқтағҧлова Г.Б. - оқытушы, Ашекова А.Ж. - ПМНО 3 курс студенті 
 (Алматы қ. ҚазмемқызПУ)  
 
Қиын балалар дегеніміз кім? Бҧл сҧраққа жауап беру оңай емес. Бҧл кім – 
кімді  де  ойландырар  кҥрделі  мәселе.  Осы  қиын  балалармен  кімдер  жҧмыс 
істеуі керек?  Қиын бала қайдан шығады? Бала іштен сондай болып  тумайды 
ғой.  Бәрі  де  тәрбиеге  байланысты.  Адамтану  ғылымының  кҥре  тамыры 
тәрбиеден  кішкентай  ғана  қателік  кетсе,    еңбегінің  еш  кеткені.  Шынын 
айтқанда  ғана  қателіктер  кімнен  болсын  кетіп  жатады.  Бір  қолдағы  бес 
саусақтың әртҥрлілігіндей, мҧғалімдер де бірдей емес.  Бірі қатал, бірі  жҧмсақ 
дегендей. Алайда, кӛбінесе, «қиын оқушы» дегенде тек ҧл балаларды ғана сӛз 
етіп,  сыңаржақтылық  танытып  жҥргенімізді  жасырмаған  жӛн.  Қыз  бала  қаға 
берісте  назардан  тыс  қалып  олардың  ертеңіне  кӛрінер  кӛзге  қиянаттық  жасап 
жҥргенімізді несіне жасырмақпыз. Тҥптің – тҥбінде шариғат заңы бойынша тек 
қыздар  кеңесі  жауапты  деу  мҥлдем  тҥсінбеушілік.  Сӛз  жоқ,  «қиын  оқушы» 
тәрбиесі  ата-анаға  да,  мҧғалімге  де  ортақ.  «Менікі,  сенікі»  деп  бӛлу  әбестік. 
Қиын оқушымен жҧмыс істеу де қиын. Амал қанша бәріне шыдамдылық қажет, 
білімділік  пен  біліктілік    керек,  олармен  жҧмыс  жҥргізгенде,  ең  алдымен, 
олардың  жағымсыз  мінез  –  қҧлықтары  мен  іс  -  әрекеттерін  тізбектеп  қана 
қоймай, жақсы, жағымды істерін де ескеріп, марапаттаудың тәрбиелік мәні бар. 
Мҧғалім баланың ӛз кҥшіне сенімін кҥшейтіп, оның ақыл – ой еңбегінде аз да 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика университетінің Хабаршысы  №62009. 
 
170 
болса алға басқандық байқалатын мезгілді шыдамдылықпен кҥтуі тиіс. Мҧндай 
алғашқы    болымсыз  жетістіктің  ӛзі  де  балаға  қуаныш  әкеледі,  бала  ӛз  ісінің 
сәтті болғанына қуанады. Бҧл жетістігінен ол ӛзіне кҥш жинап, бҧдан  былай да 
оны  жақсарта  беруге  тырысады.  Бала  тәрбиесінің  ортақтастығына  да  ата  – 
аналар  мен  мҧғалімдер  арасында    шынайы  байланыс  керек.  Мәселен,  кӛп 
жағдайда ата – аналар мен мҧғалімдер арасында ӛзара  тҥсінбеушіліктен «қиын 
оқушы» тағдыры қиындай тҥседі. Бір нәрсеге кӛңілім толар емес, ол отыз жыл 
бойы  «Е,  не  қылар  дейсің,  ертең  ӛскесін  ӛзі-  ақ  қояр»  деп  баланы  басынан 
сипау, онсыз да оңбай тҧрғанды ойсырату болмақ. 
Қиын  балалардың  басым  кӛпшілігі  –  бҧлар  мектеп  бағдарламасын  дҧрыс 
меңгере  алмайтындар,  ҧжымнан  тысқары  шығып  қалатын  балалар.  Ҧжымдағы 
жағымды  позициядан  қалу  оларды  теріс  мінез  –  қҧлыққа,  айналасындағы  
адамдармен әсіресе бірге  оқитын қҧрбы – қҧрдастарымен  дҧрыс қарым – қатынас  
жасауына кедергі келтіреді. Қиындықпен тәрбиелену баланың теріс мінез- қҧлқы, 
дау – жанжал. Дау – жанжалдардың тууы негізінде балаларға кӛбінесе мынандай  
мінез  бітістері:  қозушылық,  ҧстамсыздық,  кейде  ақылға  симайтын  қырсықтық, 
кекшілдік, мейірімсіздік тағы басқа пайда болады. Қиын балалармен жҧмыс және 
тәртіп  бҧзушылықтың  алдын  –  алу  мәселесі  қазіргі  кездегі  мектеп  әрекеттерінің 
ішіндегі  маңызды  міндеттерінің  бірі  болып    саналады.  Осы  мәселемен  жҧмыс 
жасай отырып, мектеп психологының қойған мақсаты: «қиын балалармен» жҧмыс 
жҥргізу  жолдарын  жетілдіре  отырып,  оқушыларға  қҧқықтық  білім  беру  мен 
жоғарғы    әлеуметтік-  қҧқықтық  мәдениетін  қалыптастырудың  тиімді  әдіс  – 
тәсілдерін табу. 
Әуелі  мына  терминдерді  ажырата  білгеніміз  жӛн:  «қиын  бала»,  «тәрбиесі 
қиын  бала»,  педагогикалық  назардан  тыс  қалған  бала,  әлеуметтік  назардан  тыс 
қалған бала, адамгершілік дамуында ауытқушылық бар бала. Осы тҧрғыдан қарай 
отырып, тәртіп бҧзушылыққа бейім балалармен дҧрыс тәрбие жҥргізу жолдарын 
анықтаймыз.  «Халық  айтса  қалып  айтпайды»  дегендей  «қиын  балалармен» 
жҧмыста сынып жетекшілерінің қағидасына айналған мақалдар бар. 
«Бала  жастан»  немесе  «баланы  бесігінен  тҥзе».  Баланың  тәрбиесі  жайлы 
алғашқы мәліметтің жоқтығынан бастауыш сынып мҧғалімдеріне бірінші кҥннен 
бастап  баламен  мақсатты  тҥрде  жеке  тәрбие  жҧмысын  жҥргізу  қиынға  соғады. 
Тәртіп бҧзушылыққа бейімділік белгілері кӛріне бастаған баламен бірінші кҥннен  
саналы  тәртіпке  және  мінез  –  қҧлық  мәдениетіне  тәрбиелеудің  жеке  жоспары 
жасалды.  Оқушы  мінез  –  қҧлқындағы  теріс  белгілерін  ең  алғашқы  кӛрініс 
беруінен – ақ байқап ауытқушылықтың алдын – алуға мҥмкіндік береді. 
«Ӛнер ҥйренсең, қор болмайсың». Оқушының бос уақытын әртҥрлі кӛпшілік 
іс  –  шаралармен  толтыру  арқылы  алдын  алу  шараларын  қамтамасыз  еттік  деу, 
бекершілік.  Тек    оқушының    қызығушылығын  туғызған  кӛңілінен  шығатын  іс  – 
шаралар  болса  басқаша.  Мҧндай  істер  қатарында  әр  тҥрлі  ҥйірме  жҧмыстарын 
айтуға болады. Ӛйткені, ҥйірмеге бала ешкімнің зорлығынсыз, ӛз еркімен келеді. 
Ал, «қиын»  балалар кӛбінесе сенім туғызатын әңгімеге мҧқтаж. Жеке назардың, 
қамқорлықтың, мейірімділіктің жеткіліксіздігін ересек қызметкерлер пайдаланып, 
«қиын»  балаларды  ӛз  тобына  қосып  алады.  Тәрбие  жҧмысындағы  тағы  бір 
маңызды  нәрсе  баламен  сӛйлесе  білу…»Жылы  –  жылы  сӛйлесең,  жылан  інінен 
шығады»  демекші,  баланың  кӛңілін  таба  білу,  оның  сенімін  туғызады.  Жас 
ерекшелігін ескере отырып, жеткіншектермен, жасӛспірім балалармен олардың ӛз 
тілінде  сӛйлеу  керек.  Қиын  балаларды  сен  «қиынсың»  деп  кеудесінен  нҧқымай, 
жалпы балалар тобынан бӛлудің қажеті жоқ. Бҧл оларды одан әрі есіртіп жібереді, 
«кӛрдіңдер  ме,  бізге  ерекше  назар  аударылады»  деп  басқалардың  алдында  әдейі 
кӛкірек  қаға  тҥседі  немесе  ӛздері  жайлы  тӛмен  бағаға  ҥйреніп,  бәрібір  мені 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика университетінің Хабаршысы  №62009. 
 
171 
ешқашан  мақтамайды  деп,  еті  ҥйреніп  кетеді.  Осыдан  барып,  ешнәрсеге  қҧлқы 
жоқ, немқҧрайлы болады. 
Қиын  бала  ҥнемі  жақсы  психологиялық  жағдайда  тәрбиеленуі,  оқуы,  ӛсуі 
қажет. Сонда ӛзіне деген   сенімділігі, ӛзіндік сана – сезімі туады. Мҧндай ―мен‖ 
бейнесі кез – келген баланың жақсы жағдайда нәтижеге жетуіне, дҧрыс дамуына 
мҥмкіндік береді. 
Тәрбиеленуі  қиын  балаларды  болдырмау  ҥшін  ҧстаз  бен  шәкірт  арасында 
тартыс  тумауы  қажет.  ―Егер  бала  бҧзақы  болса,  онда  оған  бала  кінәлі  емес, 
педагогикалық  әдістер  кінәлі‖  деген  А.С.Макаренко.  Олай  болса,  мҧғалім, 
біріншіден, сабағына жан  – жақты даярлану арқылы саналы, тиімді қызғылықты 
етіп  ӛткізсе,  оқушылар  сабаққа  зейін  аударады  да,  басқа  нәрсеге  кӛңіл  бӛлмейді 
екіншіден,  оқушының  әрбір  тәртіпсіздігі  мен  мінезінің  жағымсыз  жақтарының 
себебін  анықтап,  кӛз  жеткізіп  алып  барып,  шара  мен  жазаны  оған  лайықтап 
қолдану  керек.  Ҥшіншіден  мҧғалім  кекшіл  болмай,  кешірімді,  кеңпейілді, 
мейірімді,  сабырлы,  ҧстамды  болғаны  жӛн.  Мҧғалімнің  қиын  оқушылармен 
қарым-    қатынасы  әртҥрлі  формада  жҥреді:  сҧрау,  талап  ету,сендіру,  мадақтау, 
жазалау  т.б.  осының  бәрін  қолданып  жҥреміз  бе?  Оны  тек  педагогикалық 
тәсілдерді жете меңгерген адам ғана біледі. 
Қазіргі  уақытта  біздің  негізгі  абыржуымыз  –  ол  жасӛспірім  тағдырының 
қиындығы,  яғни  қиын  балалардың  тәрбиесі,  олардың  мәселелері  қарастырылып  
отырған  мәселелердің  бірі  болып  саналады.  Қазір  де  қиын  балалар  саны  едәуір 
ӛсіп  бара  жатқанын  кӛруге  болады.  Әрине,  қиын  балалардың  пайда  болуы 
кӛптеген  себептерге  байланысты.  Психологтар  мен  педагогтардың  зерттеулері 
бойынша қиын баланың шығуына ҥш фактор себепші болады екен.  
Біріншіден: бҧған қоғамдық жағдай мен ӛмірдегі жағдай себепші болады. 
Екіншіден  :  балалардың  мінез  –  қҧлқындағы  жағымсыз  ерекшеліктері  мен 
психикасының ӛзгеше қалыптасуынан немесе қалыпты нормадан ауытқуы. 
Ҥшіншіден: педагогикалық тәрбиенің дҧрыс болмауы. 
Тағы да  бір себеп, білім және мәдени ӛрісі тӛмен ата  – аналар баласының 
ішкі    жан-дҥниесіне    ҥңілмей,      педагогикалық    заңдылыққа  сыймайтын  талап  – 
тілек  қолданып,  әрі  оны  сӛзсіз  орындалуын  талап  етеді.  Бҧл  жердегі  қателік 
балаға қойылған талаптың оның жасына, қабілетіне, іскерлігіне, мҥмкіндіктеріне 
сай  келу  –  келмеуін  ескермеуде.  Соның  салдарынан  бала  жанҧя  ортасында 
адамгершілік, қадір – қасиеттері мен эстетикалық сезім – талғамдары, логикалық 
ой  -  ӛрісі  жағынан  ӛмір  талабына  сай  ӛріс  ала  алмайды.  Оған  дәлел, 
педагогикалық  зерттеулердің  қорытындысы  бойынша  –  ҥнемі  ҧрыс  –  жанжал, 
тӛбелес, бірін – бірі жәбірлеу кездесіп тҧратын жанҧяларда ӛскен балалардың 40 –
43  %-ы,  ішімдік  орын  алған  ортада  ӛскен  балалардың  30    %-ы,  жезӛкшелік  пен 
моральға  қайшы  әдеттермен  айналысатын  ата  –  ана  ӛсірген  балалардың  12  %-ы 
―қиын  бала‖  атанады.  Оларға  тән  қасиеттер  –  дӛрекілік,  қатігездік,  ҧрлық, 
жалқаулық, қиқарлық т.б. жағымсыз әрекеттер. Кӛптеген  ата – аналар ӛндірістік 
еңбектен бала тәрбиелеуге қолы босамайтын, уақыт аздығын сылтау етеді. Соны 
желеу  ететіндердің  кӛпшілігі  баласының  кешкісін  және  бос  уақытында  немен 
айналысатынын,  кімдермен  бірге  жҥретінін  біле  бермейді.  Елімізде  еңбекпен 
айналыспайтын  адам  кемде  –  кем,  ӛндірістік  міндетін  атқара  жҥріп,  тәрбиелі, 
іскер,  білімді,  мәдениетті  ҧрпақ  ӛсірген  ата  –  аналар  да  мыңдап  саналады. 
Олардан ҥйренетін жақсы дәстҥр  – баланы ӛзі қызығатын нәрсеге қарай баулып, 
бос сенделмеуге жол бермеуі (музыка, ӛнер, спорт, ҥйірме жҧмыстары), әр ҥйдегі 
ҥлкенді  – кішілі  мәселенің бәріне араластырып, ортақ мҥдде ҥшін міндеттілікке, 
жауапкершілікке, тәрбиелеу. 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика университетінің Хабаршысы  №62009. 
 
172 
Педагогикалық  зерттеу  мақсатымен  ата  –  аналарға  кешкісін  баласының 
немен  айналысуы  жайында  анкета  жаздырғанда    олардың  54  %-ы    тҥнде 
баласының қайда жҥретінін білмейтін, 46 % кешкісін жҧмыстан шаршап келуіне 
байланысты  баланы  кҥнделікті  қадағалауға  мҥмкіндігі  жоқтығын  мойындайды. 
Ал, ―қиын‖ бала ретінде есепке % алынғандардың бос уақытын қалай ӛткізетінін 
сҧрағанда,  ҥй  шаруасына  кӛмектесетіндері  5,  сабақ  әзірлейтіндері  3,  спортпен 
айналысатындары  1.5,  театрға  баратындары  13,  кӛркем  әдебиет  оқитындары  9, 
кино кӛретіндері 64, бҧзықтық жасайтындары 3 % болып шықты. Мектептегі оқу 
бағдарламасына ілесе алмай, ҥлгермеушілер санын кӛбейтетін оқушылардың 85 % 
осындай ―қиын‖ балалар екені  анықталды. 
Сонымен,  ойымызды қорыта   келгенде, қандай қиын бала болмасын оның 
ар  –  ожданына  тимей,  жеке  ерекшелігін  ескеріп,  икемі  бар  жаққа  қарай  баулый 
білу,  қоғамдық  пайдалы  істерге  икемдеу,  тындырған  ісіне  беруде  де  қырағылық 
таныту,  оның  алдында  айқын  мақсат  қойдыра  білу  және  оған  жетуге  кӛмектесу 
сияқты саналы, тынымсыз тәрбие жҧмысы арқылы ғана мақсатқа жетуге болады. 
―Баланы бастан‖ демекші, әуел бастан–ақ балаға дҧрыс ықпал, тҥзу бағдар беру, 
тәрбие жҧмысын бір минутта ҧмыт қалдырмау баршамыздың борышымыз. 
Тәрбиесі  қиын  балалар  кӛбіне  берекесіз  жанҧяда  қалыптасады.  Осындай 
жағдайда  сынып  оқушылары,  мектеп  ҧжымының,  сынып  жетекшісінің  ролі  зор. 
Мҧндай  оқушыға  ӛмір  жайлы  кӛп  айту  қажет.  Расында  да  тәрбиесі  қиын  балаға 
тәрбиелеу тәсілі кӛбіне жетіспей жатады. Ал, тәрбиеге қарсылықты болдырмауда 
басты рӛлді мҧғалімнің педагогикалық еңбегі атқарады. 
Мҧғалімнің  моральдық  бейнесі,  беделі  оның  ӛз  ісіне  қызығушылығы, 
балалармен қарым – қатынас педагогикалық ықпал етудің алғы шарты. 
Қиын бала тәрбиесінде неге назар аудару керек?  Қиын бала тәрбиесін  ата –
анаға немесе мектепке жеке тапсыруға болмайды.. Қандай да бір қиын бала болса 
да,  оның  бойында  бір жақсы  қасиет  болады.  Педагогтың  міндеті  соны  кӛре  білу 
және  сол  қасиетті  дамыта  білу.  Тҧлғаның  ӛз  даму  қатарынан  артта  қалуы, 
адамдармен    дҧрыс  қарым-қатынасқа  тҥсе  алмауы.  Баланың  тәрбиесіздігі, 
әдепсіздігі,  дӛрекілігі    және  тағы  басқа  да    жағымсыз    мінез-қҧлық  бітімдері 
олардың  ӛмірін  қиындатады.  Олар  біріншіден            балалар  мен  жасӛспірімдерге 
қоғамдық тәрбие берудегі кемшіліктер мен қателіктер, екіншіден мектептегі және 
отбасындағы  тәрбиедегі  кейбір  жетіспеушіліктер.  Нағыз  тәрбие  алған  тҧлғаның 
бойында  кері  әсерлерге  қарсы  тҧратын  кҥш  болады    және  ӛзінің    мінез-
қҧлқындағы  жетіспеушіліктерге қарсы тҧрып,  оны тҥзетуге  тырысады. Сонымен 
қиыннан тәрбиелеуді алдын алу дегеніміз- бҧл қоғамның нҧсқауымен толыққанды  
ӛмірлік ҧстанған белгілі бір мақсаты бар, мәдениетті тҧлға тәрбиелеу.Сондықтан 
да  олардың    жіберген  қателіктерін  жӛндеп  тҥзей  отырып,  ӛмірге  жаңа  кӛзқарас 
қалыптастыру қажет. 
 
ӘДЕБИЕТТЕР 
 
1.   Тәрбие психологиясы. Ж.Тҥрікпен-ҧлы Алматы 2008 
  2 .  Сыныптағы тәрбие   журналы  №6. 
3 .  Темірбеков А, Балаубаев С. Психология. Алматы, ―Мектеп‖ 
4.   Ҧ. Асылов  Әдептану  Алматы 2001 Мектеп баспасы. 
5.   Мҧқанов М. Ақыл-ой ӛрісі.Алматы, ―Қазақстан‖ 1980 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика университетінің Хабаршысы  №62009. 
 
173 
ТҤЙІНДЕМЕ 
Баланың мінез-қҧлқының қиын  болуының басты себептері,  отбасындағы  
және педагогикалық тәлім-тәрбие мәселелері қарастырылады. 
 
РЕЗЮМЕ 
В статье рассматриваются основные проблемы трудных детей, упущения 
в воспитание родителей и педагогов. 
 
 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет