Қожахметова К. Ж. п.ғ. д профессор Алматы қ



Pdf көрінісі
бет23/23
Дата21.01.2017
өлшемі1,61 Mb.
#2406
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23

 
Бҧл  мақалада  зияты  зақымдалған  балалардың  жазбаша  сӛйлеу  тіліндегі 
қателіктер қарастырылған. 
 
РЕЗЮМЕ 
 
В  статье  рассматривается  характер  письменных  ошибок  учащихся  
вспомогательной  школы. 
 
 
 
 
ӘЛЕУМЕТТІК   ЖЕТІМДІКТІҢ   ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ 
ҚҰҚЫҚТЫҚ  ФАКТОРЛАРЫ 
 
Тойшыбекова М.К. - пс.ғ. магистрі, оқытушы, 
Омарбекова М.К. – магистрант. (Алматы қ., ҚазмемқызПУ) 
 
Республика  бойынша  жетім  және  ата-анасының  қамқорлығынсыз  қалған 
балаларға  арналған  білім  беру  ҧйымдарының  басшыларынан  сайланған 
Республикалық  директорлар   кеңесінің  мҥшелері,  білім  мекемелерінің 
психологтары мен әлеуметтік педагогтары ҥшін әлеуметтік жетімдікке ҧшыраған 
балалардың  жағдайы  дәл  қазіргі  уақытта  ӛзекті  мәселердің  бірі  ретінде  кеңінен 
талқылау ҥстінде деуге болады.   
Жетім  балалар  мен  ата-анасының  қамқорлығынсыз  қалған  балалардың 
қҧқықтарын қорғау аясындағы  заңнамалардың орындалу барысында   Қазақстан 
Республикасының  Президенті  Н.Ә.Назарбаевтың  2008  жылғы  6  ақпандағы 
«Қазақстан  халқының  әл-ауқатын  арттыру  –  мемлекеттік  саясаттың  басты 
мақсаты»  атты  Қазақстан  халқына  Жолдауында  ӛмір  сапасының  стандарттары 
адам  капиталын  дамытудың  және  Қазақстанды  әлеуметтік  жаңартудың  тиімді 
нарықтық  қҧралына  айналуға  тиіс  деп  атап  кӛрсеткен  болатын.  Осы  орайда 
облыстағы  жетім  және  ата-анасының  қамқорлығынсыз  қалған  балалардың  ӛмір 
сапасын  жақсарту  мәселесі  олардың  қҧқықтарын  қорғау  саласындағы 
заңнамалардың орындалу мәселесіне тікелей қатысты екені анық. 
Қазақстан 
Республикасының 
Конституциясына 
сәйкес 
балаларға 
қамқорлық  жасау  мен  оларды  тәрбиелеу  ата-аналардың  табиғи  қҧқығы  және 
борышы  болып  табылады.  Біріккен  Ҧлттар  Ҧйымының  Баланың  қҧқықтары 
туралы  Конвенциясына  сәйкес,  әлем  мемлекеттері  баланың  жеке  тҧлға  ретінде 
толыққанды және ҥйлесімді  дамуы ҥшін отбасында тәрбиеленуі, ата-ананың аялы 
алақанын, шынайы қамқорлығын сезініп ӛсуі қажет екенін растайды /1/.                                                                          

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика университетінің Хабаршысы  №62009. 
 
191 
Ата-ананың  қарауынсыз  қалған  балалар    ҥлкен  топты қҧрайды: бҧлар 
мҥлдем ата-аналары жоқтар және де әлеуметтік  жетім балалар.   
  
Әлеуметтік  жетімдікке    алып  келетін    факторларға  тоқталсақ,    олар 
мыналар: 
  
Медициналық әлеуметтік мҥгедек, асқынған  ауыруы бар  балалар, немесе  
гигиена  сақталмағандық. 
   
Әлеуметті  -  демографиялық  толық  емес,  кӛп  балалы  жанҧя,  кәмелетке 
толмаған    ата-аналар,    қартайған  ата-аналар,    екінші  рет  ҥйлену    және    ӛгей 
балалар мен ата-аналар. 
    
Әлеуметтік - психологиялық,  жанҧяда  тӛбелес, жанжал шығаратын  ерлі -
зайыптылар, ата-аналар мен  балалар. 
     
Әлеуметтік - ауытқушылық ҧрып  соғу, сотталған  адамдар, маскҥнемдік,  
нашақорлық. 
 Осы  факторлардың  әсерінен    балада    психикалық    ауытқушылықтар    пайда 
болады /2/.                                                                          
  
 Бҧл  жҥйенің    нәтижесінде    ата-анасы    жоқ  балалардың    психикасы    мен  
физиологиялық    жағдайы    ата-анасы  бар,  балалардан    ерекшеленіп    тҧратын  
И.В.Дубровина, З.А.Минкова, М.К.Бордышевский  зерттеулерінде  анықталған.  
Сонымен  қатар  аналар  мен  балалық  шақты  қорғау,  отбасыларға  қолдау 
кӛрсету  шараларының  қолданылуына  қарамастан  (атаулы  әлеуметтік  кӛмек, 
сәбидің дҥниеге келуіне байланысты берілетін біржолғы жәрдемақы), отбасының 
әлеуметтік  институтының  рӛлінің  тӛмендеуі  бҥгіндері  ӛзекті  мәселелердің  бірі 
болып қалып отыр.  
      Мҧндай  жағдай  балалардың  қараусыз  қалуына,  жасӛспірімдер  арасында 
қылмыстың  және  басқа  да  жағымсыз  қҧбылыстардың  кӛбеюіне  итермелейді,  ал 
соңында 
– 
әлеуметтік 
жетімдікке 
әкеліп 
соқтырады. 
Сараптаулар  кӛрсеткендей,  әлеуметтік  жетімдіктің  пайда  болуының  тҥрлі 
себептері  бар:  ол  –  отбасының  беделінің  тӛмендеуі,  оның  материалдық  және 
тҧрмыстық  қиыншылығы,  балалар  мен  ата-аналардың  денсаулығының  жай-кҥйі, 
некесіз  туылған  сәбилердің  кӛбеюі,  салауатты  ӛмір  салтын  ҧстанбайтын  ата-
аналардың қатарының артуы /3/.                                                                             
Ата-анасының  қамқорлығынсыз  қалған  балаларды  уақытында  анықтап, 
оларды жанҧяға немесе мемлекеттің қамқорлығына беру, олардың қҧқықтары мен 
заңды мҥдделерін қорғаудың ерекше нысаны болып табылады. 
Балалар  ҥйіндегі  кәмелеттік  жасқа  толмағандардың  жас  ерекшеліктерінің 
ӛзіндік  ерекшелігі  –  тҧлғалық  тҧрақсыздық.  Ал  қоршаған  ортаның  ықпалынан 
жасӛспірімдердің мінезінде тҧрақсыздықтың пайда болуы ӛз кезегінде әлеуметтік 
қиындыққа әкеп соғуы мҥмкін /4/.                                                                          
Кӛп  жағдайда  жасӛспірімдердің  суицидке  баруы  ата-анасының  ажырасуы 
немесе  отбасындағы  кикілжің  себеп  болып  отыр.  Статистикалық  деректерге 
сәйкес,  ӛзіне-ӛзі  қол  жҧмсағандардың  кӛпшілігі  толық  емес  отбасында 
тәрбиеленген балалар екендігі анықталған. 
Суицидке  итермелеуші  фактор  ретінде  отбасындағы  қолайсыздықты 
кӛрсетуге  болады.  Әлеуметтік  жағынан  әлсіз  отбасындағы  жағдай,  ата-
аналарының спирттік ішімдікке салынуы, жҧмыссыз болуы, балаларына шамадан 
тыс  талап  қоюы  ӛз  кезегінде  жасӛспірімдердің  арасындағы  суицидтің  орын 
алуына  тҥрткі  болатын  себептердің  бірі.  Суицид  оқиғасының  алдын  алуды  ерте 
қолға алу мәселесін жолға қою алдымен осы мәселелерді шешуді талап етеді /5/.                                                                          
Қазіргі  таңда  ең  алдымен  кәмелетке  толмағандарды  ӛмірде  кездесетін 
ӛмірдің  әр  тҥрлі  қиын  жағдайларына  тӛтеп  бере  алуы  ҥшін  қоғамда  ӛз  орнын 
табуға, ортаға бейімделуіне қажетті жағдай жасау керек.  

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика университетінің Хабаршысы  №62009. 
 
192 
   Ол  ҥшін  балалардың  оқитын  және  тҧрғылықты  жері  бойынша  әлеуметтік-
медициналық,  психологиялық-педагогикалық  қызметтің  біртҧтас  жҥйесін  қҧру 
қажеттілігі туындайды.  
Олар: 
    
1. Кәмелетке толмағандардың аутодеструктивті мінез-қҧлқының қарқынды 
ӛсуін тӛмендететін және белгілі бір шектен асырмайтын (оқшаулайтын), әр тҥрлі 
қҧралдармен  профилактикалық,  әлеуметтік-психологиялық,  тҥзету-оңалту, 
медициналық-қҧқықтық  міндеттерді  атқаратын  әр  тҥрлі  ведомстволық 
органдардың 
кҥшін 
біріктіретін 
арнайы 
мекеме 
моделін 
қҧру; 
    
2. Балалармен жҧмыс істеу ҥшін кадрларды іріктеу жҥйесін жетілдіру, осы 
мекемелерде 
жҧмыс 
істейтін 
мамандарды 
даярлауды 
жақсарту; 
ӛмірде  қиын  жағдайға  тап  болған  балалар  ҥйлерінің  тҥлектері  мен 
жасӛспірімдерге кӛмек кӛрсететін интернаттан кейінгі бейімдеу орталығын қҧру; 
   
3.  Әлеуметтік  депривация  ҧшырауға  бейім  балаларды  әлеуметтендіру 
жҥйесін  жетілдіру,  ол  балаларды  орналастырудың  отбасылық  ҥлгісін  дамыту, 
сондай-ақ  оңтайлы  психологиялық,  медициналық,  педагогикалық  кеңестер  беру 
жҥйесін, жасӛспірімдер клубтарын қҧру. 
Бала  қҧқығын  қорғау  балаларды  зорлықпен  қанауды,  соның  ішінде    оларды 
шетелге сату,  бала еңбегін,  денсаулыққа зиян келтіретін  жағдайлардың  алдын 
алу  мен  ықпал  етуді  білдіреді.  Бала  қҧқықтарын  қорғау  ең  алдымен    ата  ана 
қамқорлығынан  айрылған    балаларға,    заң  жҥзінде  қақтығысушы    балаларға, 
сонымен  қатар  қарулы қақтығысқа  ҧшыраған балаларға қатысты /6/.                                                                           
Қорыта  келгенде    «Ата-анасыз  балалар  ӛмір  сҥруге,  дамуға  керек 
материалды    және  рухани  эмоционалдық  қорлардың  жоқтығын  сезінеді,  бҧл 
олардың қҧқықтарын қолдануға, ӛз  әлеуеттерін толық ашуға не әлеуетті және тең 
қҧқылы мҥше ретінде қоғам ӛміріне қатысуға мҥмкіндік бермейді».             
Кедейлік  баланың    дамуына  кедергі  жасайтын    кҥрделі  фактор  болып 
табылады,    ӛйткені  ең  кедей,  ең  панасыз  балалар  аса  қатерлі  жағдайларға  жиі 
ҧшырайды.  Олардың  кӛбі,  не  кҥнделікті  ӛмір  сҥру  ҥшін,  не  оларға  ҥйдегілердің 
қатал  қарауы    әсерінен,  азаматтық    толғаныстары  немесе  жақсы    ӛмір  іздеу  
нәтижесінде болуы, олардың денсаулығының  нашарлауы, жас ӛспірім кездерінде 
жҥкті болу мҥмкіндігі, нашақорлыққа  ҧшырауы, токсикомания, қылмыстық және 
әлеуметтік    тәрбиеге  наразылық,  тӛмен  жалақы,  жҧмыссыздық    және  әлеуметтік 
қамсыздандыруға  ҧзақ  тәуелді  болудың    арасында  тығыз    қарым-қатынас  бар. 
―Материалдық  кедейлік  пен  табыстар  деңгейі  бойынша  кедейлік‖  бала 
кедейлігінің  ең    қарапайым  кӛрсеткіші  болып  табылған  кезде,  балаға  ҥйде 
кӛрсетілер  мейірім  мен  қамқорлық,    ӛз  отбасындағы  баланың  қорғаныш  сезімі, 
ата-аналардың баланың ӛткізген уақыты  және тәрбиелер мен кҥтудегі дағдылар,  
олар  ӛмір  сҥретін  қоғамдастықтағы  достық    байланыс  пен  баланың  ӛсетін 
әлеуметтік  ортасы  сияқты  кӛптеген  ӛлшеусіз  факторлар  әсер  ететінін  естен 
шығармау керек. 
Әлеуметтік  жетімдіктің  алдын  алу  мәселелерін  сонымен  қатар  кәмелетке 
толмағандардың ӛз қҧқықтары мен заңды мҥдделерін білуін, сондай-ақ ӛзгелердің 
қҧқықтары  мен  бостандықтарын  сыйлауын  және  қҧқық  бҧзған  жағдайда  ӛздерін 
қандай жаза кҥтетіндігі  туралы танымдарын  кӛтеру бойынша кешенді  жҧмыстар 
жҥргізуді  қамтамасыз  етуде  мҥдделі  мекемелердің  бірлесіп  жҧмыс  атқаруын    
белсенді тҥрде ҧйымдастыру  қажет 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика университетінің Хабаршысы  №62009. 
 
193 
 
ӘДЕБИЕТТЕР 
1. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев (2008 жылғы 6    
ақпандағы      «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың 
басты мақсаты» атты) Қазақстан халқына Жолдауы. /Егемен қазақстан.- Астана, 
2008 ж. 
2. Мухина В.С.  Психологическая  помощь детям, воспитывающимся в 
учреждениях  интернатного типа.  Вопросы психологии.   1989 г. 
3. Дубровина И.В. Психологическое развитие воспитанников детских домов. 
4.  Ежов И.В.Программа психологического обеспечения духовного развития 
личности воспитанников детского дома / И.В Ежов – Москва.,1997-236 с. 
      5.  Акажанова А.Т. Девиантология. − Алматы, 2008 ж. 66 –73 с. 
      6.  Бала  қҧқықтарын қорғау бойынша  терминдер сӛздігі,  ЮНИСЕФ,            
Қазақстан, 2007 ж. 
         
РЕЗЮМЕ 
 
В  данной  статье  рассматриваются  основные  психологические  факторы  и  
права социальных сирот.  
 
 
ТҤЙІНДЕМЕ 
 
Мақалада  әлеуметтік  жетімдіктің  психологиялық  факторлары  мен 
қҧқықтары сипатталған.  
 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет