- «айқасқан қолдар немесе Наполеон тұрысы» сынағы - жетекші қол - шынтағы жоғары тұрған қол;
- «қол шапалақтау» сынағы - жетекші қол – қол шапалақтау кезінде доминантты емес қолдың алақанына белсенді тұрде шапалақ ұрған қол.
- «сағаттың тілін бұрау» сынағы -жетекші қол белсенді, дәл дозаланған қимылдарды орындайды, оның көмегімен сағаттың тілін бұрап сағатты жүргізеді; жетекші емес қол сағатты құр үстап тұрады.
Б.Аяқтың асимметриясын анықтау.
Жетекші аяқты анықтайтын моторлық сынақтар: - «аяқты аяққа айқастырып отыру» сынағы – үстіңгі жағындағы аяқ жетекші аяқ болып саналады.
- «арқанды секіру» тесті: сыналушыдан арқаннан бірнеше рет секіру сұралады. Жетекші аяғы бірінші болып көтеріліп, басым емес аяғының алдында тұрады.
- «доппен сынақтар» координацияда, қимылдардың дәлдігінде және оларды іске асырудағы бағдарламаларындағы үлесіне бір аяқтың басымдылығын анықтауға бағытталған. Зерттелушіге оң және сол аяғымен допты нысанаға тигізу сұралады. Зерттелуші допты бір аяғымен экспериментатордың қолына лақтыруы керек.
- «жазу қимылдарын» тексеру сынағы. Тексерілушіден әріптер мен сөздерді жазу үшін қажетті оң және сол аяқ қимылдарын жүргізу ұсынылады. Мұны отырып та тұрыпта орындауға болады. Жетекші аяқ «дәлірек» және «жеңілірек» жазады.
Сіз арнайы құрылғыларды қажет етпейтін оңай қол жетімді тестілерді пайдалана аласыз: бір аяғыңыздан секіру, орындыққа тізерлеп отыру, орындықтан түсу, артқа шегініп, алға адымдау; барлық осы әрекеттерде бірінші қимыл жасаған аяқ жетекші болып саналады.
Жұмыс нәтижелер:Зерттелуші адамның қол саусақтарын айқастарғанда жетекші қол оң қол болды және Наполеон тұрысында жетекші қол оң қол болды. Ал қол шапалақтау кезінде жетекші қол сол қол болғанымен, сағаттың тілін бұрағандай қимылында оң қол белсенділік көрсетті . Аяқ ассиметриясын анықтау кезінде аяқты айқастырғанда үстіңгі жақта оң аяқ жетекші болды, арқаннан секірген сәтте де оң аяғы бірінші болып көтерілді. Допты тепкен кезде де оң аяғын, аяқпен жазғанда да көбінесе оң аяғын қозғады.
Қорытынды:Зерттелушінің оң аяқ және қолдары белсенділік көрсеткіндіктен, оның сол жақ жарты шары жетекші деп айта аламыз. Сол жақ жарты шары жақсы дамыған адамдарда логикалық, абстрактілік ойлау, сөйлеу, пікір тудыру сияқты құбылыстар орын алады. Оны көбінесе оптимист ми деп атайды. №4 тапсырма. Орталық жүйке жүйесіндегі тежелу түрлерінің сызбаларын салыңыз. Орталық жүйке жүйесіндегі тежелу механизмдерін түсіндіріңіз