Сопақша мида орналасқан қандай негізгі орталықтарды білесіз?
Жауап: Сопақша мида жүрек соғысының жиілігіне, тыныс алу, қорғаныс және асқорытуға қатысатын орталықтар бар.
Сопақша ми зақымдануының белгілері қандай?
Жауап: Тыныс алудың қиындауы , жүректің тез немесе баяу соғуы , құсу , лоқсу , қақалу , т.б. Егер эмбрион сатысында жұту орталығы дамымай қалса , балада бульбарлы паралич орын алады. Сопақша мидің зақымдану қаупі қандай?
Жауап:Сопақша ми зақымданса , адам өліп кетуі мүмкін.
4 есеп. Тәжірибеде жануардың ми қыртысын әлсіз электр тоғымен тітіркендіргенде дене мен аяқ-қолдың жеке бұлшықеттерінің жиырылуы байқалады.
Сұрақтар:
Ми қыртысының қай бөліктерін тітіркендірген?
Жауап: Алдыңғы орталық қатпарда моторлық аймақ тітіркендірілген.
Бұл жағдайда қандай қозғалыс диапазоны байқалады (жеке бұлшықет талшықтары, бүтін бұлшық еттер, буындағы қимылдар)?
Жауап: Жеке бұлшықет талшықтарымен қатар, бүтін бұлшықеттер де қозғалысқа келеді. Ми қыртысындағы аяқ өкілдігінің өлшемдері нені көрсетеді?
Жауап: Ми қыртысының моторлы аймағындағы аяқ өкілдігінің өлшемдері ми қыртысының нейрондарының аксондары мен аяқты нервтендіретін мотонейрондар арасындағы моносинапстық байланыспен түсіндіріледі.
5 есеп. Қоянға жасалған тәжірибеде гипоталамустың, таламустың және ретикулярлық формацияның электрлік тітіркенуі ми қыртысының электрлік белсенділігіне тән өзгерістер тудырады.
Сұрақтар:
Гипоталамусты тітіркендіргенде қандай өзгерістер байқалады?
Жауап: Гипоталамусты тітіркендіргенде ішкі секрециялық бездердің қызметі өзгеруі мүмкін.Гиперорагия, гипофагия, полидепсия да көрініс береді.
Таламус тітіркенгенде қандай өзгерістер байқалады?
Жауап: Таламус тітіркенген кезде қозғалыс бұзылып , көру мен естуде де өзгерістер байқалатын болады.
Торлы формация тітіркенуі кезінде қандай өзгерістер байқалады? Жауап: Торлы формация тітіркенсе , ми қыртысында альфа және бета толқындар пайда болып, ми қыртысының белсенділігі артады. Ал ұйқыдағы жануардыкін тітіркендірсе, ол оянып кетеді.