6 есеп. Науқаста қарашық рефлекстерінің өзгергені байқалады. Қарашық рефлекстері қандай мақсатта анықталады? Жауап:Қалыпты жағдайда жарық түскен кезде қарашық тарылады. Қарашықтың жарыққа әсер етпеуі , қарашық рефлексінің бұзылғанын, ОЖЖ зақымданғанын көрсетеді. Қарашықтың тарылуы немесе миоз кезінде көздің торлы қабығына жарық түскен кезде онда қозу процесі жүреді. Ол импульстарын көру жүйкесі арқылы төрт төмпешіктің алдыңғы төмпешігіне , одан көз алмасын қозғайтын жүйкенің ядросына жібереді. Көз алмасын қозғайтын жүйкенің ядросы өз кезегінде көз қарашығын тарылтатын сфинк бұлшықеттеріне әсер етеді де , көздің қарашығы тарылады.
БӨӨЖ ТАПСЫРМАЛАРЫ № 1 тапсырма. «LuPraFi-Sim» жүйке жүйесінің интерактивті физиологиясы бойынша бағдарламамен жұмыс жасау. (Орыс тілінде орындаңыздар).
А. Жұлын рефлекстерінің орталық тежелуі - (Сеченов И.М. тәжірибесі) Виртуалды физиологиялық эксперимент Мақсаты: орталық тежелу құбылысын бақылау.
Жабдықтар:компьютер, «LuPraFi-Sim» жүйке жұйесінің виртуалды физиологиясына арналған бағдарламасы.
Жұмыс барысы: «LuPraFi-Sim» жүйке жүйесінің интерактивті физиологиясына арналған бағдарламаны қолдана отырып, виртуалды режимде Сеченов тәжиребесін орындаңыз.
Жұмыс нәтижесін қорытындылауға арналған ұсыныстар:эксперименттің әр түрлі жағдайындағы рефлекстік уақытты анықтаңыз, бақылау нәтижелерін жазыңыз.Орталық тежелу механизмін түсіндіріңіз.
Жұмыс нәтижелері:Көлбақаның аяғына электрлі тітіркендіргіш қойғанда , рефлекторлы реакция байқалады. Ал оның миын көру төмпешігінен жоғарырақ кесіп тастап , үстіне бірнеше тұз кристалдарын қойғанда рефлекторлы реакция байқалмайды. Бірақ , біраздан соң тұз криссталдарын Рингер ерітіндісімен жуып тастап , қайтадан электрлі тітітркендіргішпен әсер еткенде рефлекторлы реакция байқалды. Яғни, орталықта тұз кристаллының әсерінен тежелу болып , ол шеткі ағзалардың да қызметін тежеп тұр .
Қорытынды: Көлбақаның орталық жүйке жүйесінде нейрондарды біз тұз кристаллы арқылы қоздырып , шеткі ағзалардың қызметін күшейтіп , олардағы тежелу қозу үрдісін тоқтатып , қозудың тууына кедергі жасайды. Бірақ , біз тұз кристаллын Рингер ерітіндісімен шайып тастаған соң нейрондарда зат алмасуы бастапқы қалпына келіп , нейрондар қызметі дұрысталды.