Б. Шеткі тежелу Виртуалды физиологиялық эксперимент
Мақсаты: перифериялық тежелу құбылысын бақылау.
Жабдықтар: компьютер, «LuPraFi-Sim» жүйке жұйесінің виртуалды физиологиясына арналған бағдарламасы.
Жұмыс барысы: «LuPraFi-Sim» жүйке жүйесінің интерактивті физиологиясына арналған бағдарламаны қолдана отырып, осы тәжиребені орындаңыз.
Жұмыс нәтижесін қорытындылауға арналған ұсыныстар: бақылау нәтижелерін жазыңыз. Шеткі тежелудің механизмін түсіндіріңіз.
Жұмыс нәтижелері: Көлбақаның іш бөлігі мен жүрегін кесіп ашып қойғаннан кейін ішекті тітіркендірген кезде кезбе нерв арқылы жүрек соғысының баяулап , артынан мүлдем тоқтағанын көруге болады. Себебі электрлік тітіркендіргіштер ішектің рецепторларын тітіркендіріп , содан соң кезеген нервтің сезімтал жүйкелері арқылы импульс кезеген нервтің ядроларына жетеді. Бұл жерде постсинапстық тежелу Реншоу жасушалары болады. Олар кезеген нервтің қозғалтқыш нейрондарына импульс жіберіп , жүректің жұмысын баяулатады.
Қорытынды: Перифериялық тежелу көбінесе вегетативтік жүйке жүйесіне тән тежелу болғандықтан кезеген нерв арқылы жүрек жұмысын баяулатып тұр. №2 тапсырма. Ми қыртысындағы негізгі функцияларды оқшаулау схемасын толтырыңыз (Бродман зоналары мен өрістері). Әр өріс пен аймақтың негізгі функцияларын жазыңыз.
1,2,3 аймақ шүйде бөлікке кіріп, соматосенсорлық қызмет атқарады. 4-6 аймақ моторлық аймақ болып табылады, ерікті қозғалыстарды қамтамасыз етеді. 6, 7, 8 аймақ дәм, иіс, ішкі ағзалардың хеморецепторларының проецкиялары орналасады. 9-11 аймақ абсрактілі ойлау, интеллект, сөйлеуге жауап береді. 17-18-19 аймақта көздің торлы қабығының проециясы орналасқан, яғни көрген ақпаратты талдауға жауап береді. 20-21 аймақ вестибулярлы анализатор орталығы болып табылады. 22 сезімдік сөйлеу мен тіл немесе Вернике орталығы орналасқан.