Ожж физиологиясы бойынша



бет11/11
Дата02.11.2023
өлшемі52,59 Kb.
#121420
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Ожж физиологиясы бойынша-emirsaba.org

Нейронның дамуы


Жүйке талшықтарының миелинизациясы


Бас мидың дамуы


Ми қыртысының дамуы

Ұрықтық кезеңнің 20-24 аптасында нейрондар саны максимальды шамаға жетіп , қарттық кезге дейін тұрақты болып қалады.Туылғаннан соң тек нейрондар денесінің көлемі мен дендриттер саны ұлғаяды. Балалардың нейрондарының қозғыштығы мен лабильдігі төмен болғандықтан , олардың тез ұйықтауы байқалады. Ми қыртысы жасушаларының қарқынды өсуі туылғаннан кейін екі айға дейін байқалады. Екі жастан соң қарқынды өсу тоқтайды.


Жүйке талшықтарының миелинациясы гетерохронды жүреді. Ол антенатальды кезеңде бет нервінің тармақтарынан 21-24 аптада басталады, 1,5-2 жылға қарай миелинизацияланған бассүйек - ми нервтерінің негізгі бөлігі, 2 жылға қарай - есту, 3-4 жылға қарай-көру және тіл-жұтқыншақ, мида 2 жылға қарай өткізгіш құрылымдардың негізгі бөлігі миелинизацияланған болады .


Сопақша ми туған бойда өте жетілген болып келеді:онда жұту , тыныс алу , түшкіру сияқты қорғаныс рефлекстері болады.5-6 жасқа қарай сопақша ми нейрондарының миелинезациясы аяқталады.


Мишық жаңа туылған балаларда аса дамымаған , алғашқы бір жылда қарқынды өсіп , жеті жасқа қарай толық жетіледі.
Аралық мидан таламустың кейбір ядролары жетіледі: бала туылған сәтте дәмді айыра алады және температуралық , ауырлық тітіркендіргіштерді сезеді. Ал гипоталамус дұрыс жетілмеген , терморегуляция , зат алмасу , мотивация толық емес. Ми жарты шарларының белсенді қалыптасуы эмбриогенездің 12-ші аптасынан басталады және босанғаннан кейінгі дамудың алғашқы жылдарында, әсіресе 2 жасқа дейін қарқынды жалғасады.

Ұрықтың 7-8 айында ми қыртысының үлкендігі ересек адамның ми қыртысының 10-11% құрайды.Ал туғаннан кейінгі 2-4 айда 50% құраса , 2 жаста ересек адамның ми қыртысына жақын болады . жалпы балалардың ми қыртысы денесінің пропорциясымен салыстырғанда біршама үлкен.




Орындаған студент: Тоқтар Аяжан тобы: П21-009 факультет: Педиатрия



Тақырып қаралды, күні


_________________ оқытушының қолы


http://emirsaba.org

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет