Басталуы: Кәріжіліктің алдыңғы бетінің жоғарғы үштен екісі, кәріжілік пен шынтақ сүйегі арасындағы сүйекаралық жарғақша тоқпан жіліктің медиалді айдаршығының бір бөлігі кейін бұлшықет карпалді өзекке жататын төменге бағытталған ұзын сіңірге өтеді, ал одан кейін қол басы үлкен саусағының ұзын бүккішінің қынабымен қапталады.
Бекітілуі: Үлкен саусақтың дисталді бунағының негізін.
Қызыметі: Үлкен саусақтың дисталді бунағын бүгеді.
Саусақтардың терең бүккіші (m. flexor digitorum profundus)
Күшті дамаған жалпағ бұлшықет.
Басталуы: Шынтақ сүйегінің алдыңғы бетінің жоғарғы үштен екі бөлігі сүйекаралық жарғақша бұлшықет төмен бағытталады төрт ұзын сіңірге өтеді олар карпалді өзекте саусақтардың беткейлік бүккіштердің сіңірлер астында орналасады. Кейін саусақтардың терең бүккіштерінің әрбір сіңірі саусақтардың беткейлік бүккіштерінің сіңірлер аяқшаларының арасынан өтеді.
Бекітілуі: II – V саусақтардың дисталді бунақтарының негізі. Саусақтардың беткейлік және терең бүккіштерінің жалпы синовиалді қынабымен қоршалған.
Қызыметі: Білекті ішіке қарай бұрады.
Шаршы пронатор(m. pronator quadratus)
Сүйекаралық жарғақта көлденең орналасқан бұлшықет будаларынан тұратын жұқа төртбұрышты табақша болып табылады, білек сүйегктерінің дисталді шеттері аймағында орналасады:
Басталуы: Шынтақ сүйегі денесінің медиалді жиегі мен алдыңғы беті.
Бекітілуі: Кәрі жіліктің латералді жиегі мен алдыңғы беті.