2
2
0
0
Поморь, Еділ (Волга), Сурож, Посульс -қыпшақ пен орыс елдерінің шебіне орналасқан жер аттары.
2
2
1
1
Тмутаракан – оңтүстіктегі орыс қаласы.
264
Орыстар өршеленіп жауға ұмтылды.
Жұмада ертеменен ұрыс қызды,
Қыпшақтың жер қайысқан қолын бұзды.
Жебеден сел жаудырып сұр далаға,
Тұлдыр ғып тонап алды сұлу қызды.
Алқасын, айшолпысын аспанға атып,
Алтынның айдынында еркін жүзді.
Қайтарып жауда кеткен бұрынғы өшті,
Паршалап туырлығын, жібін кесті.
Ақ туды қызыл шашақ, күміс сапты,
Кінәзға тік көтертіп, дүрілдесті.
Олжалап ақша бетті аруларды,
Жасақтар масаттанып күлімдесті.
Олегтің қолы қыпшақ даласында,
Алыста ұшқан ұя, жанашыр да.
Қырандар қатар түзеп қонған жерге,
Сұңқар мен лашын сірә жоласын ба?
Крумкач
22
, қарғыс атқыр дүлей қыпшақ,
Батпайды көрсетуге қарасын да.
Қызақ
23
сұм көк бөрідей анталады,
Күншақ
24
қу қарға құсап жар салады.
Қарқылдап, Донға қарай қанат қағып,
Қорқауға бағыт сілтеп, жол шалады.
Тағы да бір сойқанды білдіргендей
Талаурап таңның жүзі қанталады.
Шатырлап найзағайын жарқылдатқан,
Күркірі аспан астын қалтыратқан,
Дүниенің төрт бұрышын тұтас жауып,
Тас түнек бұлт қаптады теңіз жақтан.
Түксиіп, қабақ түйіп, төне түсті,
Зобалаң қара жерді солқылдатқан.
Дон жақтан көк нөсердей жебе жаумақ,
Үстіне қыршындардың тажал аунап.
Қылыштан не найзадан опат болып,
Аздан соң барлығын да ажал алмақ.
Демеу бол, артта қалған орыс жері,
2
2
2
2
Крумкач – Құрымкач (Құрымқас, Қарақас) – қыпшақ сарбазының есімі болса керек.
2
2
3
3
Қызақ кейде Қозы болып та жазылады. Қыпшақтардың әскербасы, Күншаққа тәуелді.
2
2
4
4
Кончак – Күншақ -Қыпшақтардың сол кезеңдегі ірі әскербасы, ханы.
265
Ұлдарың қырылмақшы далада аулақ.
9. Сілкініп долы дауыл соқты қатты,
Лайлап өзендерді, тас құлатты.
Жүйткіген жел тәңірі ұрпақтары
25
Шаңдатып, шартараптан оқ боратты.
Теңіз жақ ұрымталдан – Дон тұсынан
Ат қойып, қалың қыпшақ ұрандатты.
Қыпшақтың айғайынан жер жаңғырып,
Орыстар қалқан тосты, қорған құрып.
Жарбұқа Всеволод!
26
Алдында сен,
Дұшпанға семсер сілтеп, оқ жаудырып,
Дулығаң шағылысып күн нұрына,
Айқастың ерлігіңе таң қалдырып.
Сермеген қылышына күш қыла алмай,
Бастары қыпшақтардың түсті баудай.
Жарбұқа Всеволод! Жауға төккен
Қаһарың сол сәттегі сұсты қандай!
Қақырап дулығасы аварлардың,
Қаралық
27
семсеріңнен ұшты қалмай.
Сескеніп өлім барын ойланбадың,
Ортасын қан майданның ойрандадың.
Шықты естен, бауырларың, бала-шағаң,
Глебтің
28
ерке қызы – сүйген жарың.
Ұмыттың Черниговты, жақсы өмірді,
Атаның алтын шашақ дастарханын.
Троян
29
ғасырында сонау өткен,
Шағында Ярослав
30
дәурендеткен.
Святослав түлегі батыр Олег
31
Қол бастап, жорық салып дүбірлеткен.
Қан тамып қылышынан, қаһар төгіп,
Жебесін зуылдатып, оқ селдеткен.
Қалың қол кең даланы баса көктей,
2
2
5
5
Стрибог – жел тәңірісі
2
2
6
6
«Бұй – тур» – әдетте бай – төре, бай – бұқа, жар – бұқа болып аударылып жүр. Тур – күш пен
биліктің символы.
2
2
7
7
Каралуг – аса берік болаттың түрі, қазақ тілінде «бір қаралық» деген тұрақты сөз тіркесі бар.
2
2
8
8
Глебтің ерке қызы – Ольга Всеволодтың әйелі.
2
2
9
9
Троян – бұл атауды түсіндіруде әр түрлі пікір бар: көне құдай немесе бұлғарлар жері.
3
3
0
0
Ярослав Ақылгөй («Қарт Ярослав
»
»
)
)
3
3
1
1
Олег – Игорьдың туысы. (1180 ж. өлген)
266
Аттанған Тмутараканға беттей.
Ярославтың ер ұлы Всеволод
32
Мұны естіп тықыршыған кереметтей.
Құлағын тас бекітіп жатып алған
Владимир Черниговта елең етпей.
«Жерімді қайтарам, – деп, – жауда жатқан!»,
Борисі Вячеславтың
33
кеуде қаққан.
Аздырып ел арасын есерсоқтық,
Сандалып сар далада ажал тапқан.
Қырылды нөсер тәңірі өрендері,
Қырқысып, бір-біріне атқан оқтан.
Олег
34
те киді кебін баяғының,
Көрдің бе не болғанын аяғының?
Әкесінің өлігін Святополк
35
Бойынан алып қайтты Құялының
36
.
Шер қозды, отан тозды, заман азды,
Астында қалдық жаудың таяғының.
Туған жер тыныштығы болып арман,
Күйреді, көз ашпады қызыл қаннан.
Диханның үні естілмей маң даладан,
Аңсатты алтын өмір егін орған.
Жемтікке құзғындарды қарық қылды,
Бұл қырғын қарғаны да таң қалдырған.
Ұласып күннен күнге, таңнан таңға,
Оқ жауып, дала бөгіп қара шаңға.
Қаралық найза менен қайқы қылыш
Сартылдап дулығаға, не қалқанға.
Қырында жат қыпшақтың өлік қаптап,
Даланың шөлі қанды аққан қанға.
Беттесті орыс жері қасіретпен,
Шуылдан нені білді талып жеткен?
Саябыр тапты шайқас таң алдында,
Жасағын Игорь бұрды алған беттен.
Жау дендеп, қайран бауыр қалжырады,
3
3
2
2
Всеволод – қыпшақ даласына қол бастап Игорьмен бірге барған алты кінәздің бірі.
3
3
3
3
Борис Вячеславич – Ярослав Ақылгөйдің немересі. 1078 ж. өлген .
3
3
4
4
Олег – Иорьдың баласы (1174 ж. туған).
3
3
5
5
Ярослав Ақылгөйдің немересі. (1113 ж. өлген).
3
3
6
6
Каялы (Каяла) – орыс пен қыпшақ арасындағы 1185 жылғы шайқас осы кішкентай өзеннің
жағасында өткен.
267
Үш күнгі қанды арпалыс әлсіреткен.
Күн бата Құялыда құлады ту,
Игорьдің қолын басып айғай мен шу.
Қанымен құдаларын
37
сусындатып,
Мәңгілік есіл ерлер алды тыншу.
Мерт болды орыс жері, олар үшін
Күрсініп тал мен жусан, жылады су.
Бауырлар! Елімізге зауал төнді,
Ұрпағы Ата-тәңірі
38
қайтпек енді?
Көк Доннан қу боп ұшып ентелеген
Жауыздық босағаға жетіп келді.
Қор болдық, бастан ұшты бақытты шақ,
Даланың дүлей күші бізді жеңді.
Жетті де алауыздық түбімізге,
Зар болдық кешегі өткен күнімізге.
Таластық «менікілеп» болмашыға,
Біріміз көз алартып бірімізге.
Жаныштап жабайылар, той тойлады,
Мәз болып біздің бүйткен түрімізге.
13.Келмеске теңіз асып сұңқар кетті,
Қарғаны көкжелкеден қатты тепті.
Қаһарлы Игорь қолы енді оралмас,
Күңіреніп орыс жері, жасын төкті.
Ұмтылды Карна менен Жля
39
бізге,
Боратып босағадан қасіретті...
Көлдетіп көздің жасын қайғы-шері,
Орыстың зар қақсады әйелдері:
«Сүйікті ерлеріміз келер ме екен,
Сапардан аман-есен қайтып кері.
Тағынып алтын алқа, күміс сырға,
Малынып жүруші едік бір күндері».
Көз жасы дариядай селдеп ақты,
Киевті, Черниговты қайғы жапты.
Орыстың өлкесіне ат ойнатып,
Қыпшақтар салық жинап, дікең қақты.
3
3
7
7
Дастанда қыпшақтар жағы «құда» болып аталады. Орыс пен қыпшақ өзара құдандалы болғаны
тарихи шындық.
3
3
8
8
Ол кездің орыстары өздерін Дажбогтың ұрпағымыз деп есептеген. Дажбог – көне славян дінідегі
Күн құдайы, аспан тәңірі Свароганың баласы.
3
3
9
9
Карна, Жля – мамандардың пікірінше жаза мен жаншу категорияларының кейіптенуі.
268
О, Игорь, тыныш жүрмей, не бүлдірдің?
Күйзеліп қара халық, қанға батты.
Ұмтылып арыстандай айға шаптың,
Соныңнан түбінде не пайда таптың?
Святослав
40
өшірген қасіретті
Қоздырып, өштік отын қайта жақтың.
Киевтік ұлы кінәз қалың қолмен
Даласын шаппап па еді түбі жаттың.
Ойрандап ой мен қырын, белеңдерін,
Лайлап мөлдіреген өзен-көлін,
Көбекті
41
талқандаған, қақыратып,
Қыпшақтың көк болаттай берен қолын.
Киевте ақырында Көбек өлген,
Көруге жазбай қайта туған жерін.
Сол тұста Святославқа саулық тілеп,
Жырлаған морав пенен неміс, грек.
Сөз болса Игорь жайы бас шайқаған:
«Жасақтан айырылды бос тентіреп.
Батырып даңқымызды Қиялыға,
Сыпырылып алтын ерден, құл болды», деп.
14.Киевтің жотасында түнеп жатқан
Святослав түс көрді таңырқатқан:
Қарағай кереуетте жатыр екен,
Ұлдары үстеріне қара жапқан.
Мас болып көк шарапқа білмейді есін,
Дәмінен жусан иісі жұпар атқан.
Маржаннан қыпшақ қалқан шашу шашып,
Мадақтап, қолпаштайды дабырласып.
Кінәз жоқ, құт мекені қаңыраған,
Еңселі алтын шатыр ашық-шашық.
Шулайды Плеснеска шалшығында,
Қарғалар түні бойы қарқылдасып.
Боярлар кінәзға айтты тұрып сонда:
«Басыңа қайғы түсті, баттың сорға.
Қайтпайды Тмутараканға кеткен
Таппақ боп қос сұңқарың оңай олжа.
4
4
0
0
Святослав – Киев кінәзі.
4
4
1
1
Көбек – қыпшақ ханы.
269
Қанатын қиды олардың қайқы қылыш,
Қауіп пен қатері көп алыс жолда.
Дегенде үшінші күн мұнар тұтып,
Қос күнің сөнгендей ме қарауытып,
Құлады тірек болған қос босаға,
Ай күйді екі бірдей алауытып, –
Олег пен Святослав еді ғой ол,
Мерт болған Құялының түбі жұтып.
Өлімі жауға олардың берді қайрат,
Жарықты қара түнек алды жайлап.
Жасқанбай, жолбарысша еркін жортып,
Қыпшақтар жерімізде салды ойнақ.
Дақ түсті даңқымызға, еркіндік жоқ ,
Қаптады шебімізге андағайлап.
Гот қызы көк теңізде ән шырқайды,
Орыстың саф алтыны сыңғырлайды.
Рухын Сарыханның
42
жырмен тербеп,
Еске алып Бус
43
дәуірін армандайды .
Біз болсақ , содан бастап тарттық зәбір,
Еңкейтіп еңсемізді басқан қайғы.
15. Святослав төгілтті алтын сөзін,
Қан жұтып, жасқа бұлап екі көзін;
«Игорь мен Всеволод қос ұланым,
Даңқтың күтпедіңдер келер кезін.
Қыпшаққа ерте найза сілтедіңдер,
Сабырға ырық бермей өр мінезің.
Жауыздың ерте ағызып арам қанын,
Өздерің бостан босқа арандадың.
Атақсыз, абыройсыз жер құштыңдар,
Дұшпанның бұзсаңдар да қамалдарын.
Түсірдің қандай күйге, қарақтарым,
Шашымның білсеңдер ғой ағарғанын.
16. Қайдасың Ярослав жаннан асқан?
Жұртына Черниговтың сәуле шашқан:
Татран, топчак, шельбир, ревут, могут,
Ольбермен топтастырып, басын қосқан
44
.
4
4
2
2
Шарукан (Сарыхан, Шеріхан) – Күншақтың атасы, 1106 ж. Владимир Мономахтан жеңілген.
4
4
3
3
Бус – (Бос, Боус, Бооэ) Ант елінің кінәзі.
270
Аруағын ата-баба аспандатып,
Қолға алып жалаң қылыш майдан ашқан.
17. Қайда әлгі: «Тізе қосып, – ерендерім –
Даңққа бөленеміз!» дегендерің.
Сұңқар да ұя қорғап, қанат бүгіп,
Біледі беттескенде тебер жерін.
Қайратқа қайта мінбей қалай жатам,
Жасарсам, таңданбаңдар, өрендерім.
Жорыққа жиналғанда көптен күткен,
Қасымнан табылмады кінәз біткен.
Римов
45
қаласында қайқы қылыш
Астынан айғай шықты елді үркіткен.
Переясавльде Владимир
46
Жарасын таңды жанын тітіреткен.
18. Немересі даңқты Мономахтың
Всеволод
47
, ойланбай неге жаттың?
Алмас семсер қолыңнан түсті ме әлде,
Алтынды босағаңды қорғамақ кім?
Қимылдасаң ескекпен Еділ шайқап.
Дулығамен Донды да орталаттың.
Күшіңнің керек кезін білемісің?!
Шақ туды қайғы жейтін бір ел үшін.
Дем берген екі жақтан қанаттасып,
Глебтің мықты ұлдары
48
– тіренішің.
Найзаңды қу далада саусылдатып,
Әлде сен бізден бөлек жүремісің?
19. Рюрик
49
пен Давыд
50
ерлер, бер бір хабар!
Қозғалса жасақтарың шөп дір қағар.
Қанында қыпшақтардың қалқымап па,
Алтынды сендер киген дулығалар?
Орыстың жері менен Игорь үшін
Күн туды атқа қонып, дабыл қағар.
4
4
4
4
Сол кездің әр түрлі халықтары мен тайпаларының атаулары.
4
4
5
5
Римов – Сулы өзенінің бойына орналасқан қала.
4
4
6
6
Владимир – Переяславск кінәзі (1187 ж. өлген).
4
4
7
7
Всеволод – Юрий Долгорукийдің ұлы, Владимир Мономахтың немересі.
4
4
8
8
Глебтің «мықты ұлдары» – Рязань кінәздері. Роман мен Игорь.
4
4
9
9
Рюрик – Рюрик Ростиславич (1215 ж. өлген). Орыс жері үшін қыпшақтарға қарсы соғысқан, бірақ
1203 ж. қыпшақтармен одақтасып, Киевті тарпа бас салып, қаланы қатты күйреткен. Рюриктің қанды
жорығы Киев үшін Бату жорығынан еш кем болмаған.
5
5
0
0
Давыд – Рюрикпен бірге туған. (1175 ж. өлген).
271
20. Осмомысл
51
– Ярослав! Үнсіз жатпа!
Отырсың асқақтаған алтын тақта.
Құрсаулы қолыңменен Карпатты алып,
Тігесің қаһарыңды алыс жаққа.
Бұлтқа да аспандағы салық салып,
Дунайға орнаттың сен берік қақпа.
Жаудырдың сұлтандарға оқ боранын,
Сұласын одан енді Күншақ залым.
Зар заман үйірілді де ел басына,
Алды-артты орап алды қайғы қалың.
Орыстың жері менен Игорь үшін
Жазала жауыздарды, тапта бәрін!
21. Роман
52
мен Мстислав
53
ердің ері,
Неге үнсіз жатырсыңдар көптен бері?
Дауылға қарсы ұшып құс ілетін
Сұңқардай ойларың да асқақ еді.
Дулыға, сауытыңнан латын темір,
Көргеннің ұшушы еді зәрелері.
Екеуің қаһарланып сілкінсеңдер,
Қалтырап қоя берер көк пенен жер.
Найзасын тастай қашты Деремела,
Литва, Ятвиги деген елдер.
Қыпшақ та еріксізден басын иіп,
Қайнатты зығырданын кек пенен шер.
Игорьдің күні батты көрдіңдер ме?
Дарақтың жапырағы ұшты желге.
Русь пен Сулы іргесі ажырасты,
Бөлісіп қалаларды алды екіге.
Игорьдің енді ержүрек жасағы жоқ,
Жеңіске үндеді Дон сендерді де.
22. Ингварь мен Всеволод ер қайдасың?
Үш ұлы Мстиславтың
54
не ойдасың?
Едіңдер текті ұядан шыққан қыран,
5
5
1
1
Ярослав Осмомысл – Галицк кінәзі. Юрий Ұзын Қолдың (Долгорукий) күйеу баласы. Игорьдің
қайын атасы (1187 ж. өлген).
5
5
2
2
Роман – Волынь кінәзі.
5
5
3
3
Мстислав – Городень жерінің кінәзі.
5
5
4
4
Ингварь мен Всеволод және Мстиславтың үш ұлы – Владимир Мономахтың әулетінен тарайтын
кінәздер.
272
Ел қорғап аспандатқан көк найзасын.
Қайда сол ляш
55
қалқаның, алтын дулығаң,
Апат зор – асырмақшы жау айласын.
Даладан келер жолды бөгеп оқпен,
Сап құрып кездегідей сонау өткен,
Бірігіп аттаныңдар бәрің бірдей,
Орыстың жері үшін ту көтерткен.
Святославтың ұланы ер Игорьдің
Бітпейтұғын кегі үшін жауда кеткен.
23. Ақпайды күміс Сулы сылдыр қағып,
Переяславльге бағыт алып.
Түнерді Двина да қап-қара боп,
Шуынан топастардың лайланып,
Салды айқас Васильковтың Изяславі
56
,
Қолына литвандардың жеке барып.
Даңқы асып өз атасы Всеславтан
57
,
Жамылып қасіреттен ауыр қалқан,
Қан болып шөп үстінде жатыр енді,
Шөп оған тіл қатады сыбдыр қаққан:
«О, кінәз, жасағыңды құзғын талап,
Жыртқыштар қанға тойды жалаң қаққан».
Кешігіп амал қанша қалды бірақ,
Ағайынды Всеволод, Брачислав
58
.
Маржандай кір шалмаған таза жаны
Айбатты денесінен ұшты жырақ.
Тым-тырыс. Дүние тынды. Дауыс салды
Городень кернейлері зарлап-жылап.
24. Тараған Ярослав пен Всеславтан
Өрендер, бір-біріңді қан жылатқан,
Жетті енді! Жауға ғана өткір болсын,
Қанжарың өздеріңді арандатқан.
Тоздырып ата салтын, дүлейлерді
Мекенге шақырдыңдар бейқам жатқан.
25. Жетінші ғасырда анау күңгірт тартқан,
Жар сүйіп Всеслав думандатқан.
5
5
5
5
Ләш қалқаны – поляк қалқаны.
5
5
6
6
Васильковтың Изяславі – Полоцк кінәзі.
5
5
7
7
Всеслав Василько – Полоцкийдің әкесі (1101 ж. өлген).
5
5
8
8
Ағайынды Всеволод, Брачислав – Всеслав Полоцк кінәзіне жатады. Изяславпен туыс.
273
Қуларға арқа сүйеп, кенет шауып,
Киевтің айналасын қырғындатқан.
Ілдірген ұшы арам найзасына,
Атаның дастарқанын алтындатқан.
Секілді кеш жамылған көкжал бөрі,
Түн ауа Белогородтан қайтты кері.
Таң ата Новгородтың шырқын бұзды,
Қан болып айбалтасы тиген жері.
Қақпасын қақыратып Ярославтың,
Шығарып масқарасын, еркіндеді.
Дудутоктан Немигиге
59
дейін шапты,
Адам басы үйілген тау боп жатты.
Темір шынжыр астында шырылдатып,
Қызыл қырман, қасап қып ойрандатты.
Дән орнына орыстың ұлдарының
Сүйегі бырдай болып жерді жапты.
Всеслав халыққа салды бүлік,
Ойына келгенді істеп дүрліктіріп.
Кінәздерге таратты қалаларды,
Көкжалдай түн ішінде жортып жүріп.
Киевте таң сәріде атқа қонып,
Күн шыға Тмутарақанға кіріп.
Қараңғы, қорқынышты жаны көрдей,
Ата жұрт – Полоцкіден жерігендей,
Әулие Софияның
60
қоңырау үнін
Киевте тыңдады ерте маза бермей.
Болса да Всеславтың жаны сірі,
Өмірден өтті дейсің нені көрмей?
Толғайды ол туралы Баян былай:
«Болса да мейлі дана, мейлі сұмырай,
Көреді не салса да басқа құдай,
Күңіреніп орыс жері шыдай алмай.
Есімін кінәздердің ауызға алып,
Жыламақ заманды аңсап бұрынғыдай.
Киевтің қырына ешкім мықтап таңып,
Қартайған Владимирді
61
қалмас алып.
5
5
9
9
Дудуток, Немиги – Минск маңындағы жер аттары.
6
6
0
0
Әулие София – Киевтегі әйгілі шіркеу.
274
Дәл солай өткен дәуір оралмайды,
Бүгінде орыс туы жығылды анық.
Рюриков, Давидовтар бой көтерді,
Найзасы әрбір тұстан шошаң қағып».
26. Шығады дауыс сыңсып Дунай жақтан,
Беймәлім құс үніндей таңды оятқан:
«Ұшамын Дунай бойлай қиыр шетке,
Жетемін Құялыға толқып аққан.
Суына ақ жеңімді малып, сүртем
Кінәздің жарақатын қанға батқан.
Шығып ап Путивльдің дуалына,
Зарлайды Ярославна
62
таң алдында:
«Жел, неге соғасың сен, құтырынып,
Сорыма әлде менің жаралдың ба?
Жарымның жасағына жаудың оғын
Не жаздым жаудырардай саған мұнда?
Аз ба еді біздің қайғы-қасірет саған,
Даусымды естимісің зар қақсаған?
Достарыңызбен бөлісу: |