Өлеңдер, толғаулар, балаларға



жүктеу 5.01 Kb.

бет16/18
Дата15.03.2017
өлшемі5.01 Kb.
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
 
Балалық шаққа оралып, 
Жалтылдап айдай орағым, 
Шұғыласын көктің оранып, 
Қайтадан егін орамын. 
 
Ғайып боп мынау сұрқай күн, 
Жанса үміт арман әніндей. 
Жаныммен сонда шырқаймын
Бидайдың алтын дәніндей. 
 
Сарғайдым әбден сағынып, 
Уа, менің туған, мекенім. 
Іштегі дерттен арылып, 
Қойныңа қашан жетемін? 
 
КІМ ҮШІН КЕЛДІМ ӨМІРГЕ? 
 
Ойларым еркін, қуатты, 
Жаһанды тынбай шарлайды. 
Сапырып көкті шуақты, 
Қырандай биік самғайды. 
 
Шырқаймын асқақ дауыспен,  
Көргем жоқ жасып, қорғалап. 
Жалғайтын мені ғарышпен, 
Табиғат берген бар қанат. 
 
Әлемді түнек тұр басып, 
Несіне бірақ опынам. 
Жөнелер қара түн қашып, 
Көзімнің сөнбес отынан. 
 

312 
 
Күні-түн арай төгемін, 
Ел үшін түсіп тартысқа. 
Жаңғыртып дүние көлемін, 
Дауысым жетті әр тұсқа. 
 
Жетелеп нұрлы көктемге, 
Ойларға толы шақ мына: 
Үңіліп терең өткенге, 
Болжаймын болашақты да. 
 
Қуамын түнді қараңғы, 
Бастаймын таңғы жарыққа- 
Қуантып мұңлы адамды, 
Шашамын шұғыла халыққа. 
 
Ойларым еркін, қуатты, 
Жаһанды тынбай шарлайды. 
Сапырып көкті шауқты, 
Қырандай биік самғайды. 
 
 
Омар СҰЛТАНОВТАН  
(Қырғыз ақыны) 
 
 ЕСКІ ҚАЙЫҚ 
 
Қаңсыған ескі қайық жағада тұр, 
Қаусаған шалдай шөгіп бара жатыр. 
Қасынан өткендерге күңіренеді, 
Басына орнағандай заманақыр: 
 
Білмеймін қандай тағдыр өмір берген, 
Жайым бар судан шығып зәбір көрген! 
Жатқаным көлге шөкпей, құмға шөгіп, 
Бірдей ғой шалажансар көмілгенмен. 
 
Толқында күні кеше жарқылдадым, 
Қайғыдан енді міне қалтылдадым. 
Тірідей көрге кірді деген осы –  
Көрген соң айдын көлдің тартылғанын. 
 
Бір кезде көл төрінде сайрандадым, 
Тереңнен жұлдыз бенен ай қармадым. 
Үмітім ескек болды өміріме, 

313 
 
Көл барда орындалып ойға алғаным. 
 
Толқындар буырқанып шалқығанда, 
Зуладым үміт-ескек тартып алға. 
Өмірім иірімдей терең еді, 
Көл барда көңіліме шаң тұрар ма? 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 Валерий АНТОНОВТАН 
(Орыс ақыны) 
 
  АЙ 
 
Құдайынан бір жола түңілді адам, 
Тұңғиыққа тесіле үңілді адам. 
Секпіл бетті ай дөңгелек жарқын жүзбен, 
Дәл сол сәтте жалт етіп бұрылды оған. 
 
Ай сәулесін түсірді шартарапқа, 
Көлеңкелер тығылды қалқа жаққа. 
Түйе өркешті шыңдар да, шатқалдар да, 
Жанарына ілікті жарқабақ та. 
 
Ұйықтап жатыр саздардың ми батпағы, 
Ұйықтап жатыр таулар да, қыр қатпары. 
Бірақ, өмір туралы сазарған ай 
Тіс жармады адамға, тіл қатпады. 
 
Адам аймен арбасып, келекелеп, 
Қасарысты егесін он еселеп. 
Мұхиттар да, 

314 
 
Теңіздер, 
Нөсерлер де –  
Үзілмейтін ұлы өмір, 
Береке деп. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Амрита ПРИТАМНАН  
(Үнді ақыны) 
 
 АРМАН КҮЛШЕСІ 
 
Өткен түні арманның 
Күлшесінің шетінен 
Бір сындырып алғанмын. 
 
Қалай көрді түнгі, аспан, 
Қайдан білді мекенін?- 
Бұл күлшенің о бастан 
Маған қымбат екенін. 
 
Білді мұны қанаттар да қаңғыған
Тұмсықтар да жемтіктерді аңдыған, 
Тырнақтар да шеңгелдері мәңгі қан. 
Мен ғана тек білмедім, 
Арман-дағы тұтқыны екен тұрменің. 
 
Нәзік еді күлшем көрер көзімдей, 
Нан иісін тұрар кім бар сезінбей!? 
Қасиетті еді соншама –  

315 
 
Асық жүрек сөзіндей, 
Ашық сырдың өзіндей. 
 
Құзғын-қанат соқты-дағы құйындай, 
Әлгі наным қалды өзіме бұйырмай. 
Қорқыныштың ізі бетті торлады, 
Қарға түскен шырма-шату шиырдай. 
 
Тата алмадым арман-нанның түйірін, 
Қастандық кеп соқтырды да құйынын. 
Қара түнде құзғындар да қаншама, 
Аңдушылар айырмас көз қиығын... 
 
Өткен түні арманның 
Күлшесінің шетінен 
Бір сындырып алғанмын. 
Қара түннің кесірі-ай, 
Тұншықтырған бәрін де... 
Арманымның осылай,  
Тата алмадым дәмін де... 
 
 
Джонни Б. ИСОТАММНАН  
(Эстон ақыны) 
 
 БӘДӘУИДІҢ АРУЫ
69
 
 
о бәдәуи ару қызы бұралып 
жетші маған гүл алып 
мен сүйемін барлығын 
шөл даланың нар гүлін 
қызыл теңіз құз-жарының қан гүлін 
заңғарлардан ақ маржандай тау гүлін 
сұрғылт қабырғалар төккен зар мұңын 
сүлейменнің сарайынан гүл алып 
о сұлу қыз жетші маған бұралып 
снарядтар сынығынан аумаған 
қызыл өрттей лаулаған 
қайнарлардай ыстық қандай тулаған 
әкел қызыл гүл маған 
гүлге қарап ойға батып мұңданам 
сенің елің, сенің бейнең сол шақта 
о ару қыз көз алдымда тұрды әмән. 
                                                           
6
6
9
9
 
 
 
 Автордың түпнұсқасында ешқандай бас әріп пен тыныс белгі қолданылмаған
 
 

316 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Доржийн ДАРЖААДАН 
(Моңғол ақыны) 
 
 ОТАНДЫ САҒЫНУ 
 
Алыс қап туған ауылың
Жет жердің жұтсаң ауасын
Елжіреп іші-бауырың, 
Отанды еске аласың. 
 
Хат-хабар күтіп сарыла, 
Батасың мұңға жабыға. 
Егерде жақын-жерлесің 
Кезіге қалса бағыңа, 
Сырласып туған ағаңдай, 
Сөйлейсің таңға ағыла. 
 
Алдына көзің келеді: 
Далаңның байтақ көлемі. 
Көлбеңдеп ұшқан көк түтін, 
Көк орай шалғын желегі. 
Алғашқы махаббатың да 
Қайтадан елес береді. 

317 
 
Аңсатып уыз, сүт дәмі. 
Кезеріп ернің кебеді. 
Кеудеңе келіп сыйғандай 
Жеріңнің тауы, белеңі. 
Аспаны қандай көк еді, 
Гүлдері қандай көп еді. 
Келеді көзге, келеді... 
Құлыны, тайы, дөнені. 
 
Қозы-лақ қуған төскейде, 
Бала күн қандай шат көңіл!? 
Жарқ етіп қайта от бейне, 
Оралар жастық сәтке бір. 
 
Оралар ойлар қайтадан, 
Жүректің шамын жаққандай. 
Қайғысыз-қамсыз, 
Шалқадан 
Шалғында сонау жатқандай. 
 
 
Алыс қап туған ауылың, 
Жет жердің жұтсаң ауасын, 
Езіліп іші-бауырың, 
Отанды еске аласың. 
 
Қадірін елдің ұғасың, 
Жанасың ойдан от болып. 
Аунақшып таңға шығасың, 
Өткенді көзден өткеріп... 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

318 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Санжаажавын ОЮУННАН  
(Моңғол ақыны) 
 
 ТАМАШАСЫҢ, ӨМІР, СЕН! 
 
 
О, көк аспан! Сүйемін мен өзіңді, 
Кең дүниеге төңкересің көзіңді. 
Көрдің ғой сен қолыма ұстап жүректі, 
Сүйіктіме алып-ұшқан кезімді. 
О, көк аспан! Сүйемін мен өзіңді. 
 
О, туған жер! Сенсің сүйіп-құшарым, 
Елін сүйген ерге дайын құшағым. 
Тас қараңғы түнде де іздеп табамын, 
Саған жету үшін талмай ұшамын. 
О, туған жер! Сенсің сүйіп-құшарым! 
 
О, құрдастар, Қуат берген, дем берген, 
Өмір маған қымбатты ғой сендермен. 
Іштеріңнен таптым жарды, досты да, 
Махаббатқа еш нәрсені теңгермен. 
О, құрдастар, қуат берген, дем берген! 

319 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Темір ДАУАМАТТАН  
(Ұйғыр ақыны) 
 
  АЛТАЙ 
 
Өр Алтай көк тіреген басың биік, 
Алыстан көз тартасың жасыл киіп. 
Қойныңда қыран өзен толқын атып, 
Жан-жақтан сансыз бұлақ жатыр құйып. 
 
Табылмас жер бетінен сендей мекен, 
Қалайша көзбен көріп сенбей кетем. 
Гүлденген құшағыңда әсем қала, 
Керемет көкіректі тербейді екен. 
 
Ежелгі еркін елдің аймағысың, 
Сары қымыз, балдай тәтті қаймағысың. 
Ән күйдің, өлең-жырдың жайлауысың, 
Мәңгілік жаралғансың жайнау үшін. 
 
Баурайың секілденген гүлді кілем, 
Жарасқан шадыман ел тірлігімен. 
Жиналмас дастарханы ақ отаудың, 

320 
 
Бейбіт күн түтіні ұшқан түндігінен. 
 
Қойнауың сарқылмайды жақұт толы
Алса да қанша көсіп уақыт қолы. 
Таралып шартарапқа жатыр шалқып, 
Өзіңнен басталған бір бақыт жолы. 
 
Елестеп көз алдыма болашағың, 
Арманға мен де құшақ кең ашамын. 
Ғажап-ақ, алтын тәжді асқарыңнан, 
Күлімдеп дүниеге қараса Күн!.. 
 
 ҒАЖАЙЫП ҚАНАС КӨЛІ 
 
Қанастай ғажайып сен көл көрдің бе? 
Таңдандым қаншама рет мен келдім де. 
Балықтай еркін жүзіп, асыр салып, 
Тұп-тұнық толқынында тербелдім де. 
 
Айдыны күбірлейді тіл қатқандай, 
Балығы жалт-жұлт етер тулап тайдай. 
Шомылып күннің өзі Қанас көлге, 
Бір, шығып тереңіне бір батқандай. 
 
Шағылып сәуле шашқан айға дәйім, 
Қанас көл жарқырайды айнадайын. 
Жасыл тау, жасыл орман айналасы, 
Тұрғандай сауық пенен тойға дайын. 
 
Қалайша ғажайыпты жыр етпейін
Толқыны дірілдейді жібектейін. 
Ақырын аймалайды лебі тартып, 
Нәп-нәзік лүпілдеген жүректейін. 
 
Қол созып қарағайлар көкке қарай, 
Аспанмен сөйлеседі төккен арай. 
Құлпырған жағасында сансыз гүлдер, 
Секілді қыз қадаған көп танадай. 
 
Елтідім есім кетіп Қанас саған, 
Сырларың әлі де көп жан ашпаған. 
Көркіңе көз қуанттым керметтей, 
Өзіңнен жер бетінде көл аспаған. 
 

321 
 
Келгендер шыға алмайды шырайналып, 
Тамсанып тамашаңа мың ойланып. 
Көктемгі жыл құсындай асығады, 
Соққанша қайта саған бір айналып. 
 
Қанас көл, моншақтайсың мөлдіреген, 
Сағынсам түсімде де көлді көрем. 
Өмірлік жүрегімді мекендеген, 
Тұп-тұнық көз жасындай сен бір өлең! 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Эльза УЛЬМЕРДЕН  
(Неміс ақыны) 
 
  ТІЛЕК 
  
Сол тойды әлі күнге ұмыта алман, 
Ән шалқып, есік ашқан үміт алдан. 
Қалыңдық алма ағаштың ақ гүліндей, 
Бозбала ажарынан нұры тамған. 
 
Жылдардың содан бері ақты легі, 
Өзі іздеп сан қуаныш тапты мені. 
Төрінде жүрегімнің келеді әлі, 
Сондағы бір қазақтың ақ тілегі. 
 
Өткенді сағынғанда сәл мұң қажап, 
Кетпейді көкейімнен сол бір қазақ.  
«Альберттің қызы менің қызым» деді, 
Көзінен мейірім нұрын көрдім ғажап. 
 
Әкемнің жан жолдасы болған адам, 
Көңілі айнымаған кең даладан. 
Қазақтың әрбір үйі өз үйімдей, 

322 
 
Секілді елестеді сонда маған. 
 
Қызықты өмірімнің сол бір шағы, 
Түкпірін жүрегімнің жаңғыртады. 
Көзіме өз әкемдей елестейді, 
Қазақтың жаны жайсаң әрбір шалы. 
 
Қашанда шын достықтың сыры мәлім, 
Күн сайын шуағына жылынамын. 
Ұғынар тірлігімнің мағынасын, 
Үңілсе тереңірек жырыма кім! 
 
Жарқырап адамзаттың асыл жаны
Жастықтың мәңгі жайнар жасыл бағы. 
Қонса деп тілеймін мен ұрпақтарға, 
Осынау бақыт құсы басымдағы. 
 
 
 
 
 
Әкпар РЫСҚҰЛОВТАН  
(Қырғыз ақыны) 
 
 ЕЛШІ БОЛДЫМ 
(Ұлықбек Есдәулетовке) 
 
Өкілетті елші болдым, 
Екі ел-егіз бауырға. 
Келші, досым, келші бір күн –  
Кетіп барам ауылға. 
 
Не жасадым қос ғасырға, 
Не таптым, не жоғалттым? 
Алаулайды қоштасарда, 
Жүректегі шоғы оттың. 
 
Орындалмас көп арманың, 
Өтесің де өшесің. 
Ортасынан Елорданың, 
Ойдық Манас көшесін. 
 
Бірге кешкен бір өмірді, 
Біздің мақсат, ар тұнық. 

323 
 
Астанаға жүрегімді, 
Кетіп барам қалдырып. 
 
Алатауға жөнелгесін, 
Арқада сен қаласың. 
Тау бөлсе де жау бөлмесін, 
Қырғыз-қазақ арасын! 
 
Егіз елге елші болдым, 
Ат үстінен түспедім. 
Келші, досым, келші бір күн –  
Сағынады Бішкегің!.. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Сәуле ҮСЕНБЕКОВАДАН 
(Қазақ ақыны) 
 
 ӨЗ ОЙЫМ 
  
Еркімнен қалып азап тыс, 
Болсам-ау, шіркін, азат құс. 
Бойдағы ақыл-қайратты
Шалқытар бітіп ғажап күш. 
 
Ұшығы жоқ қой арманның, 
Жұмбағы көп қой жалғанның. 
Санамда дүние дөңгелеп, 
Толғансам жігер жанған күн. 
 
Қол үзіп күйкі тірліктен, 
Қиырға кетсек бір күткен. 
Жершары бірақ айнымас, 
Айналып тұрған кіндіктен. 
 
Әркімнің жүйрік қиялы, 
Ешкімге тимес зияны. 
Жаһанды жеңсе өз ойым, 

324 
 
Өзіме ғана сияды. 
 
Болмасын күдік ойыңда, 
Мұны да бір сәт мойында. 
Өзіңе берген Құдайдың 
Қуаты барда бойыңда! 
 
 ТҰРАН АРУЛАРЫ 
 
Уа, ғажайып арулары Тұранның, 
Нұр дидары таң қалдырған ғаламды. 
Арасынан бұлдыраған тұманның, 
Елестейсің баурап ақыл-санамды. 
 
Күпірлікпен құдіретін сезбесе, 
Әркімге де Құдай қаһар шашқандай. 
Құс жолы да бүгін тіпті өзгеше, 
Сырлы дүние көктен құшақ ашқандай. 
 
Ешкім ғайып болған емес, барлығы 
Көрінбестен ортада жүр әлде осы. 
Секіденіп Жаратқанның жарлығы, 
Құйылады мәңгіліктің сәулесі. 
 
Киелі нұр Ай астында дірілдеп, 
Толқындайды құмның беті ақ сүттей. 
Домбыраның ішегіндей күбірлеп, 
Көкіректің шерін төккен өксіктей. 
 
Алқалары, шашбаулары сылдырлап, 
Сырғалары, жүзіктері сыңғырлап, 
Торғын, жібек көйлектері судырлап, 
Төбемізден тұрады олар сыбырлап. 
 
Қандай асыл арулары даланың, 
Есіне алып күрсінеді қорғандар. 
Нұрға бөлеп бүкіл Тұран алабын, 
Қайдасыңдар, қайғы жұтқан сол жандар?! 
 
  II 
 
Жалған даңқ елесіне желігіп, 
Шайқасқан жоқ сақтың патша қыздары. 
Сатқындықтан, сайқалдықтан жерініп, 

325 
 
Гүлден нәзік жүректері мұздады. 
 
Ал, еркіндік түсті ауадан қымбатқа, 
Сақтау үшін ұл-қыздарын, жан жарын. 
Сақ қыздары атой салып мінді атқа
Қоршағанда қалың дұшпан жан-жағын. 
 
Қаһарланып жауға қарсы шапқанда, 
Жарқылдады найзағайдай қақ тіліп. 
Соларда еді бейбітшілік шақтарда, 
Нәзіктік пен тіл үйірген тәттілік. 
 
...Енді түнгі ақ нұрынан Алланың, 
Домбыраның қоңыр үні төгіліп, 
Әлдилейді арулардың аруағын, 
Мазарлар да мұңға батып, егіліп. 
 
Күндіз-түні қоңыраулатып ерінбей, 
Керуендер арлы берлі өтеді. 
Ғасырлардың шаң боратқан желіндей, 
Бір қиырдан бір қиырға кетеді. 
 
Қалды қанша қазынасы Тұранның, 
Тарихтың қойнауында шаң басып. 
Дұғасындай қасиетті Құранның, 
Арулардың рухы көкпен жалғасып!.. 
 
  *** 
 
Жанымның сөнді жалыны, 
Қызығын күндер тиғандай. 
Тарылды дүние жарығы, 
Уысқа ғана сыйғандай. 
 
Көкжиек тартты қараңғы, 
Өмірдің оты маздамай. 
Қапасқа жүрек қамалды, 
Көңілдің сырын қозғамай. 
 
Бұлдырап сонау алыстан
Бір үміт қанат қаққандай. 
Тірліктен мынау алысқан, 
Ол қанша опа тапқандай? 
 

326 
 
Құмарлық желі жоғалған, 
Қай жақта жүрсің гулеумен? 
Шоқ тастап көзге қадалған, 
Сезімнің отын үрлеумен! 
 
  САЙҚАЛ ТАҒДЫР 
 
Тағдыр бейне шығыстың базарындай құбылған, 
Мұнда келіп қалтасын қағады жұрт шұбырған. 
 
Іздегенін ертерек алуға әркім асығар, 
Түстен кейін қайнаған сауда буы басылар. 
 
Қоржыны тоқ саудагер – сайқал тағдыр-кәрі қыз, 
Жаутаңдаймыз қолына қайышыдай бәріміз. 
 
Қойны-қоншын ақтарып-төңкеруге қақың жоқ, 
Місе тұтып бергенін, бас изейміз мақұл боп. 
 
Жапырақтар жамырап алақандай жайылған, 
Мазағына көнеді меселдесін қайырған. 
Өмір оған ойыншық, өз білгенін істейді
Ойлағаның болмайды, от пен суға түс мейлі. 
 
Қай жағыңа қарасаң бір қуаныш, бір қайғы, 
Кейде алғаның төлеген жармағыңа тұрмайды. 
 
Несиеге бермейді, саудасы оның – айырбас, 
Қалтасына түскенді қайта саған қайырмас. 
 
Дихан сорлар су тегін зая кетіп еңбегі, 
Бір мысқалы өтелмей бейнетінің ең кемі. 
 
Ұясындай араның шуылдайды айналаң, 
Қызған базар құжынап құмырсқадай қайнаған. 
 
Әуеніне зурнаның айдай ару билейді, 
Шыркөбелек айналса, жерге етегі тимейді. 
 
Гуілдейді дутар да сазды судай сапырып, 
Базар кезіп сабылған жұртты өзіне шақырып. 
 
Күнделікті базардың қызығына кім тоймақ, 
Алыпсатар, дүкенші бақалшы да жүр тойлап. 

327 
 
 
Мұнарадан айғайлап шақырғанша азаншы, 
Күн астында саудасын қыздырады базаршы. 
 
Пәранжалы мыстанның алтын толы қапшығы, 
Көптің көзін қызартып, қуырады апшыны. 
 
Перде астынан зымиян жымияды ұрланып, 
Тәлкегіне үйренген мыңқ етпейді бұл халық. 
 
Топ ішінде бір аңқау қулықтан жоқ хабары
Бәлкім соқыр тиынға бақыт сатып алады. 
 
Сайқал тағдыр ойнайды, ойнағанын қоймайды, 
Жынды болған пақырдың қызығына тоймайды. 
 
Тағдыр бейне шығыстың базарындай құбылған, 
Мұнда келіп қалтасын қағады жұрт шұбырған. 
 
Іздегенін ертерек алуға әркім асығар, 
Түстен кейін қайнаған сауда буы басылар... 
  САХАРАДАҒЫ САҒЫМ 
 
   1 
 
Қызылқұмда – көне Отырар іргесінде қираған, 
Ай астында бір кезбе жүр түн қойнына сыймаған. 
Күңгірт тартқан құшағында тербеледі тылсымның. 
Тыныштыққа тағзым етіп Хақтағала сыйлаған. 
 
Шарлағанмен не табады шөл даладан құм басқан, 
Шырқын бұзып, шақырады жамыраған түнгі аспан. 
Оған алыс аласұрған тіршілктің теңізі, 
Дәл қасында жатқанымен бұрқ-сарқ қайнап тынбастан. 
 
Мұнда өзгеше мүлгіп тұрған мұхит – әлем әуені, 
Құм суырған жел қанаты сусылдайды әдемі. 
Құс таңдайлы бедер салып, тұман басқан бұйратқа, 
Бас аяғы белгісіз бір із тастайды әуелі. 
 
Қызыл шақа құмның жоны, жадау жусан айнала, 
Сырлы дүние сүрлеуіне жетелейді ойлана. 
Керуендер түн жамылып қалқып бара жатқандай
Көлеңкесі көлбең етіп көңілдегі айнаға. 

328 
 
 
Қайта оянып көне дәуір қалған сонау жырақта, 
Күмбірлеген қоңырау үні жететіндей құлаққа. 
Керуеннің көркі болған бір кездегі бозтайлақ, 
Қос өркешті кәрі аруаққа айналғандай бірақ та. 
 
Құдіреттің кереметі көрінбейді жәй көзге, 
Екі дүние ортасында көшіп жүрер әр кезде. 
Олар мәңгі мызғымайтын алтын сарай төрінде, 
Пенделіктен аулақ қашып, күй кешесің сен де өзге! 
 
 
   2 
 
Жер де өзінің тартылысын жоғалтып қас-қағымда, 
Зулағандай түсіп алып, түпсіз-терең ағынға. 
Махаббатқа мінәжат қып, мәңгі – бақи тозбайтын, 
Бүркенішін сыпырғандай бұлдыраған сағым да. 
 
Қалықтаған жердің шары бір алып құс ғаламат, 
Адамзаттың тіршілігі қанатына аманат. 
Сансыз ғалам ортасында айналады ұршықтай, 
Шексіз-шетсіз кеңістікті қуалаған аралап. 
 
Кең әлемнің аясында жайнап тұрған үзілмей, 
Қалың жұлдыз төбеңдегі мөлдіреген жүзімдей. 
Керемететей көріктенген көк аспанның шырайы
Шапағаттан шұғыла шашқан Жаратқанның жүзіндей. 
 
Пейіш төрін мекендерсің, шыбын жаным, бүгін сен, 
Көк мұхиттай дүниенің көкірегіне үңілсем. 
Рахаттың бесігінде тербелемін тынығып, 
Бұл жалғанның арылмайтын азабынан түңілсем. 
 
Көз алдымда көлбеп жатыр гүлге оранған кең жазық, 
Жетсем деймін қиырына қанатымды мен жазып. 
Шақырады шалғай шетте үміт оты алаулап, 
Өмір бойы армандаған осы болар жанға азық. 
 
Айқара ашқан көкірегін мұндай аспан бар қайда, 
Жүрегіңді жетелейді қиял жетпес шалғайға. 
Аузыңды ашсаң көмейіңе алтын самал құйылып, 
Жердің нәрі, шөптің шығы таматындай таңдайға. 
 

329 
 
Бозғылт тұман құшағында ұшқын атып түнгі арай, 
Құстай ұшқан нәзік көңіл алабұртып тұрғаны-ай! 
Сілекейді шұбартады көк аспанның төрінде, 
Сары қауын секілденіп дөңгеленіп туған Ай! 
 
 ӘЙЕЛ АРУАҒЫНЫҢ ҮНІ 
 
Қайта, міне, көріндім пәни-жалған шегінен, 
Қасиеттің кесесін толтыруға тегі мен. 
Байтақ дала тынысын жүрегіммен сезініп, 
Сәби күнді іздеймін туған үйдің төрінен. 
 
Шұғылаға шомылған көз жеткісіз кең дала
Қарлы шыңдар мұнартып, тебіренген толғана, 
Гүлге оранған мамырдың шаттығы да шалқыған, 
Өмірді еске салады жалын атқан жап-жаңа. 
 
Алып келдім әлдилеп бесігінде ғасырдың, 
Аңыз, дастан, ән-күйді сынығындай асылдың. 
Әйел де емес, пері емес, періштедей затым бар, 
Опасы жоқ жалғанға жұмбағымды жасырдым. 
 
Мойнымдағы алқамда аруағымның нұры бар, 
Пенделерге белгісіз, өзім ғана ұғынар. 
Асығыңдар бауырлар, бір тілдесіп қалуға
Өң мен түстің арасы қас-қағымда құбылар. 
 
Жалғыз ғана жүздесу бұйырады мың жылда, 
Оралмаймын қайтадан түсіп кетсем құрдымға. 
Жарық дүние думаны ынтықтырып жанымды, 
Айдың сүттей сәулесі қызықтырып тұр мұнда. 
 
Мұндай сәтті жалғанда менен кейін көрмек кім? 
Қызыл-жасыл әлемде рухымды тербеттім. 
Қолымдағы кесеге мен толтырып әкелдім, 
Мөлдіретіп махаббат, мейірімін жер көктің! 
 
ШАРАПАТ 
 
Шығыстан күн шығуы деме бекер, 
Мәні бар әр нәрсенің елең етер. 
Алланың жарық күні жарылқаса, 
Аспаннан алтын нұрын себелетер. 
 

330 
 
Ол бізге мәңгі-бақи бұйырғандай, 
Пайғамбар кітабына құйылғандай. 
Киелі әр жолына зерлеп өрген, 
Табынып пенде біткен сыйынғандай. 


1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18


©emirsaba.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал