Өлеңдер, толғаулар, балаларға



Pdf көрінісі
бет17/18
Дата15.03.2017
өлшемі1,33 Mb.
#9689
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
 
Жазылған Құран неге оңнан-солға
Тиегі тіршіліктің аңғар, сонда! 
Жырымда шарапаты жатыр оның, 
Өзің біл, қызғансаң да, таң қалсаң да!.. 
 
ТҮҢГІ МҰХИТ ЖАҒАСЫНДА 
 
Әндетіп, өксіп, билеп, тулап сонша, 
Салады түнгі мұхит әлек қанша? 
Асыққан салт аттыдай сүйгеніне, 
Шапқылап көк тұманда таң атқанша. 
 
Құрлықты қаһарымен түршіктіріп, 
Жағаны соққылайды ыршып шығып. 
Толқын ба, бұлдыраған гүл бақша ма, 
Көзіме елестейді ынтықтырып. 
 
Талайды бастан кешкен құмды жаға, 
Ойларға жетелейді мұңды ғана. 
Ақ толқын арсы-гүрсі болып жатқан, 
Жанымды жабырқатқан сырды ұға ма? 
 
Осынау ғажап сәтте жел сапырған, 
Арманға жеткендейсің сан шақырған. 
Шегіне кең әлемнің шыққандайсың, 
Мұхиттай аласұрып қарсы атылған. 
 
Бұл сәтте мүмкін емес тебіренбей, 
Көңілің құлазыған кеңігендей. 
Құбылған көз алдыңда ғажап дүние, 
Жүректі сұлулыққа телігендей. 
 
ДАЛА СЫРЫ 
 
Тағы да жалаң аяқ жалғыз-жарым, 
Қаңғырып қара түнде, мен мұздадым. 
Сусыған сыбызғыдай құм дауысы, 
Естідім құпия әнін салғызғанын. 
 

331 
 
Батпастан жас күнгідей қайғы-мұңға, 
Кеземін құмды дала айдынында. 
Арайлы аймаласып ай нұрымен, 
Ғажайып кенелемін бай ғұмырға. 
 
Көңілдің көк тұлпарын тұсамастан, 
Керемет дүние қандай құшақ ашқан. 
Қиырға бір сағыныш шақырады, 
Жаныңды, жүрегіңді қысамастан. 
 
Кеңістік бұлдыраған әлде қандай, 
Жүректі қандырады әнге балдай. 
Өмірге қайта туып келгендейсің, 
Жаратқан ойда жоқта қолдағандай. 
 
Мен сенемін 
 
Мен сенемін орындалып арманым, 
Ақша бұлттай самғап, көкте қалықтар. 
Жүректегі ауыр жара салмағын, 
Жылдар емдеп, көрер көзге анықтар. 
 
Мен сенемін қайта толып қазаным
Ауылымда таң атқанша той болар. 
Аққу-жүрек биік шырқап өз әнін, 
Ақ тұлпарым жарыстарда бәйге алар. 
 
Мен сенемін ұмытылмас махаббат, 
Жұлдызы оның адастырмас жолымнан. 
Айналама шашып өтем шапағат, 
Аз ғұмырда келгенімше қолымнан!  
 
СӨНБЕЙДІ НҰРЫМ 
 
Ашады гүлдер ажарын жердің, 
Шапағын шашқан шұғылалы таңда. 
Өксумен тозып өтінде желдің, 
Қапырық жұтып, қалады шаңда. 
 
Ұқсайды менің жас гүлге жаным, 
Жайнамай жатып, жылатқан тағдыр. 
Сөнбейді нұрым, өзіме мәлім, 
Тәңірім баста жаратқан сол бір... 
 

332 
 
ТІЛЕК 
 
Жараңдар, биігіңнен түспеңдерші, 
Болыңдар қанаттасып құспен көрші. 
Боранын бұрқыратып жылдар өтер, 
Тірлікте татулықтан күспеңдерші. 
 
Шығыңдар махаббаттың заңғарына, 
Жұлдызын түн жаяды алдарыңа. 
Сөнбейтін нұр сыйлайды сырын ұқсаң, 
Жәми мен Сағди жыры жандарыңа! 
 
ШЫНАР 
 
Құмдағы шынардаймын жалғыз өскен, 
Сырласып ай нұрымен ғұмыр кешкен. 
Тоқимын тыныш түнде жыр кілемін, 
Ұмытып базар шуын гуілдескен. 
 
Не түрлі өрнек салғыш бір шебермін, 
Тамсантып тәтті сөзден гүл төгермін.  
Жанымның сәулесімен жаратылған, 
Дақ түссе асылыма, мұң шегермін. 
 
Байланған тағдырым тұр менің сонда, 
Ешқашан көмілмейді жолым шаңға. 
Мен үшін әр жолының орны бөлек, 
Өзіңе керегіңді өзің таңда! 
 
ҚОНАЙ БАТЫР ТУРАЛЫ БАЛЛАДА 
 
Тулайды қыпшақ қаны өң-бойымда, 
Даланың бал шырыны таңдайымда. 
Жүректе сөнбейтұғын махаббатпен, 
Көненің аңызын бір толғайын да. 
 
Қонай ер өткен Қоқан хандығында, 
Ерлігі өзек болған мәңгі жырға. 
Кешегі ел қорғаған сол батырдың, 
Ұрпағы сайрап отыр енді мұнда. 
 
Дүние төңкерілер қалай-қалай, 
Тегімді тұрамын ба мен аңдамай? 
Бойымда қалмақ қаны бар тағы да, 

333 
 
Алыпты қалмақ қызын бабам Қонай. 
 
Ғажайып сұлу екен қалыңдығы, 
Жайнаған патша гүлдей оның нұры. 
Лебізі хор қызындай тамылжыған, 
Ежелден арттағыға мәлім жыры. 
 
Сұлу қыз түскен екен шабындыдан, 
Салыпты батыр бабам жанын бұған. 
Жорықтан олжалы боп оралғанмен, 
Жүрегін қанды жара қабындырған. 
 
Көңілінде жүрді бірақ арман-мұңы
Біреудің обалына қалғандығы. 
Аруды еңіретіп сойқан соғыс, 
Қанды жас қара көзден тамғандығы. 
 
Кей кезде түсіне еніп толғанады, 
Жесірдің күңіреніп зарлағаны. 
Соғысқа қарғыс айтып қапаланып, 
Үздігіп сағыныштан салған әні. 
 
Келгенмен мұның бәрін ұмытқысы, 
Көңілін алаңдатып үміт құсы. 
Есінен шығар емес қалың қырғын, 
Майданның қан жамылған суық түсі. 
 
Батыр да батты терең ауыр ойға, 
Бөленген ерлігімен абыройға. 
Өкініп өміріне жорықта өткен, 
Налыды жайып тұрып қолын айға: 
 
 – Ей, жалған, ұстатпайсың, сусылдайсың, 
Сағым боп сылдыраған құр судайсың. 
Қолым қан, жолымды да қырсық шалған, 
Түбі жоқ жұтып қояр тылсымдайсың. 
 
Жақсылық кім күтеді қанды қолдан, 
Отаған тіршілікті шалғы болған. 
Құдай-ау, қуат беріп, арылта гөр, 
Күнәмнан аз ғұмырда енді қалған?! 
 
Батырдың жан дауысы жалынғандай, 
Құдайдың құлағына шалынғандай. 

334 
 
Сол түні бір ғажайып түс көріпті, 
Шарқ ұрып іздегені табылғандай. 
 
Кең жайлау екен дейді қой мыңғырған, 
Сабаты самал ескен ой мен қырдан. 
Күбірлеп намаз оқып отыр екен, 
Әкесі құбылаға мойнын бұрған. 
 
Қасында жаңа туған екен қозы, 
Жас төлді аймалайды күннің көзі. 
Сол сәтте тілегінің бәрін беріп, 
Төбеден тіл қатқандай тәңір өзі. 
 
Өңінде көрген түсі келді айнымай, 
Разы жұлдызына жанған бұлай. 
Түскен соң тәубасына, пендесіне 
Жарылқап тілегенін берген құдай. 
 
Көп өтпей келіншегі тапты егіз ұл, 
Таусылмас тіршіліктің қызығы бұл. 
 
Адамға бұдан артық бақыт бар ма, 
Өмірдің бақшасында жайнады гүл. 
 
Секілді домбыраның қос ішегі, 
Қонайдың өсіп-жетті жеткіншегі. 
Үсенбек, Асанбек боп аты шығып, 
Тарқады ағайындас көптің шері. 
 
Үсенбек – бұрын туған менің бабам
Аруға үйленіпті жалындаған. 
Сол ұлы шешеміздің аты – Жаңыл, 
Жолынан адамдықтың жаңылмаған. 
 
-Өмірде болып дәйім тілектерің, 
Әрқашан бірге соқсын жүректерің. 
Шаттықтың нұры шалқып шаңырақта, 
Қырандай шарықтасын түлектерің! 
 
Осылай бата берді қайран шеше, 
Жүрегін жарып берген бала десе. 
Атақты Қонай батыр бәйбішесі –  
Діні жат жаудың қызы болған кеше. 
 

335 
 
КӨКТЕМДЕ 
 
Көктемде жиде гүлдеген шақта, 
Жұпарын балдай шашады маңға. 
Тартады көңіл туған үй жаққа, 
Сағынып жап-жас анамды сонда. 
 
Тұрғандай бізді шақырып кері, 
Балалық сонау – базарлы күндер. 
Бақытқа толы шаттықтың төрі, 
Жайнаған бақтар, ажарлы гүлдер! 
 
Уа, қайран ана, сол үйге көне, 
Сағынып сені оралдым қанша! 
Өзіңнен, шіркін, бөліндім неге, 
Жанымды менің баураған сонша!? 
 
КҮН АСТЫНДА 
 
Маған әлі жаз жүргендей серуендеп, 
Күн астында сұлу қыздай көлбеңдеп. 
Бұрымымды жуып мөлдір таң шығы, 
Асыр салам етек-жеңім желбеңдеп. 
 
Маған әлі күн шуағы молдай-ақ,  
Тамыз, бірақ басқалы тұр төрге аяқ. 
Ынтығамын жібек перде астынан, 
Таң нұрына ақ жүзімді мен бояп. 
 
Маған әлі созылардай күз күні, 
Мұңаяды шөліркеген түз гүлі. 
Өтінгенмен аялдамас асау жел, 
Ырық бермес аққан уақыт тізгіні. 
 
Маған әлі қыс келместей алқымдап, 
Бақтар бірақ сарғыш тартты салқындап. 
Алтын кілем төсегендей табанға, 
Жапырақтар судырлайды жарқылдап. 
 
БАҚЫТТЫМЫН ӘЙТЕУІР 
 
Аз ба, көп пе, бақыттымын әйтеуір, 
Мәнсіз тірлік мазалауын қойса бір. 
Тыным алмас толқындармен тілдесіп, 

336 
 
Кеңге қанат жайып, тапса ой сабыр. 
 
Жаным менің жалын атсын жайнасын, 
О, рухтың гүл-бақшасы, қайдасың? 
Шексіздіктің шетіне бір шығайын, 
Быт-шыт қылып бұл әлемнің айнасын! 
 
ҰЛЫМА 
 
Дүниеде сөзден қымбат асыл бар ма, 
Жалғасқан ғасырлардан ғасырларға. 
 
Шындықтың сырына үңіл бала шақта, 
Байлық сол апаратын болашаққа. 
 
Дұға қып қасиетті сан бабаға
Есіңде жүргеніміз шөл далада. 
 
Сыйынып жаратқанға жалғыз ғана, 
Телмірдік көз жетпейтін жұлдызға да. 
 
Киелі Түркістанның әр мекенін, 
Меккедей көргеніңе тәубе етемін! 
 
Сонда сен тілдескендей ғаламменен, 
Жүздестің алғаш туған далаңменен. 
 
Ән салып қамысы да туған жердің, 
Құлыным, керемет бір думан көрдің. 
 
Жүргендей өң мен түстің арасында, 
Шаттықтан қанат қақтың нанасың ба? 
 
Тамсандық ғажайыпқа есік ашқан, 
Айлы түн, аясында ашық аспан! 
 
Қасында ескі күмбез таң атқанша, 
Оқыдық аруақтарға аят қанша! 
 
Рухы разы боп өткендердің, 
Арасы жалғасқандай көк пен жердің. 
 
Сүйгендей жас сәбиін жаңа ғана, 
Айналып еміренгендей Жер-Ана да! 

337 
 
 
Бір сәтке құшақ ашып оған ғарыш, 
Қол бұлғап шақырғандай ғаламға алыс. 
 
Қиялға батырғандай қылып аң-таң, 
Құдық та көпті көрген суы сортаң. 
 
Түбінде шындық тұнып сол құдықтың, 
Тұрғандай жырын жырлап мәңгіліктің. 
 
Еске ұста: бақыт-сағым алдаған бір, 
Шөліңді шыңыраудан сен де қандыр. 
 
Жұтқандар қасиеттің құдығынан, 
Жүректің маржан төгер тұнығынан! 
 
 
АҚБОТА 
 
Сен болмасаң маған бақыт жоққа тән, 
Күрсінесің неге сонша, ақ ботам? 
Ақмая – ол ақ қанаты жаныңның, 
Жүрегіңде қасиетін сақтасаң! 
 
Ақмаяда мәні жатыр атыңның, 
Түсіне біл, жырын махабатымның. 
Ертең өсіп, ұзын жолға шыққанда, 
Шығыс жаққа көзіңді сал, ақылдым! 
 
Ұмытпағай шыққан ата-тегіңді, 
Бар арманым бір өзіңе телінді. 
Жүрегіңді таза сақта, сол жүрек, 
Аяласын Отаныңды, еліңді! 
 
АЛМАТЫМ 
 
Бұл қаланы жұлдыз біткен жырлайды, 
Кең даланы тамсандырып сырнайлы. 
Бұл қалада тоқсан тағдыр түйіскен, 
Тоғысқанда бір қуаныш, бір қайғы. 
 
Бұл қалада от сөнбейді мың жылда
Көктегі күн құламаса құрдымға. 
Махаббаттың гүлге оранған бақшасы, 

338 
 
Күндіз-түні шешек атып тұр мұнда. 
 
Сырын сақтап талай – талай ғасырдың, 
Бұл қалада ізі жатыр асылдың. 
Мұқалмаған жігері бар жастықтың, 
Жарқылдаған сәулесі бар жасынның. 
 
Беу, Алматым, аузында атың шыңдардың, 
Өзендермен ән-күйіңді тыңдармын. 
Сенің даңқың аясында аспанның, 
Сенің даңқың қанатында жылдардың. 
 
Қайда жүрсем аңсап саған жетемін, 
Жүрегімді тербетпейді бөтен үн. 
Мақтан етіп сенің аяулы атыңды, 
Өле-өлгенше асқақтатып өтемін! 
 
ЫНТЫҒЫП ЕКІ ДҮНИЕ 
 
Теңіздің толқыны бар жүрегінде, 
Көзінде сағынышы торықтырған, 
Ойнайды алтын сағым білегіңде, 
Аспанға үлбіретіп созып тұрған. 
 
Ернінде күллі әлемнің бар күлкісі, 
Ақ жүзі боямасыз әсем қандай! 
Құбылып көйлегінің күлгін түсі, 
Мөлдір, пәк осы сәтте жасанғандай. 
 
Күні жоқ жердегіден жерімеген, 
Жанына періштедей шаң жуытпас. 
Мүлгіген тыныштықта лебіменен, 
Күткені желпіп өтсе мәңгі ұмытпас. 
 
Жете алмай, бір-біріне жасқаншақтап, 
Ынтығып екі дүние табысқанда, 
Көзінен қуаныштан жас моншақтап, 
Армансыз қанат қағар алыстарға. 
 
БІР АҢЫЗ БАР 
 
Бірге көшіп ғасырлардың желімен, 
Бір аңыз бар келе жатқан заманнан: 
Мұхаммедтің жалғыз тамшы терінен 

339 
 
Екен дейді Раушан гүл жаралған. 
 
Раушанды Иранбақтың бағбаны, 
Барлық гүлдің патшасына теңеген. 
Ғашық жандар бір көрмесе сағынады, 
Осы гүлді тәңір өзі жебеген. 
 
Сұлулықтың нәзік сыры, білдің бе, 
Раушан мен рауандаған таңдарда. 
Құдірет пен қасиетті бұл гүлде, 
Мәңгі өлмейді десем оны таң қалма. 
 
Раушандай құлпырады әр күні, 
Жаным сүйген менің нәзік гүлім де. 
Махаббаттың тұрады ойнап жарқылы, 
Мөлдіреген жанарының түбінде. 
 
АТА ДӘСТҮР 
 
Дәстүр қалған түбіміз түріктерден, 
Қонаққа құшақ жаю кіріп келген. 
Алдымен кім болса да ақ ұсынып, 
Дәм-тұзын жеті түнде тұрып берген. 
 
Келген жан жомарттыққа жадыраған, 
Төккен соң мейірімін Тәңір оған. 
Бұл дәстүр бізден басқа еш елде жоқ, 
Қонақты мұнша сыйлау танымаған. 
 
Қонғалы үш күн өтпей сірә да оған
Қонақтың жөн-жосығын сұрамаған. 
Даланың дегдарлары қандай дана, 
Жолынан сыйластықтың құламаған. 
 
Үйіңе қонақ келсе, қонады аруақ –  
Дегенді ырым еткен бабам әр уақ. 
Ежелден ата көрген біздің қазақ, 
Сақтайды бар мәзірін соған арнап. 
 
Алдымен қонағының елім бастан, 
Айранмен, қымызымен шөлін басқан. 
Белгісі адалдықтың – ақ ұсыну, 
Келеміз сол дәстүрден жаңылмастан!.. 
 

340 
 
Төріңнің қуанышы келген қонақ, 
Сыйлай біл құрақ ұшып көргеннен-ақ. 
Қақпасын жүрегіңнің айқара ашып, 
Барыңды үйіп-төгіп берген жөн-ақ. 
 
Қонақпыз бәріміз де түбін ойла, 
Аз ғұмыр өте шығар күліп-ойна. 
Түседі қара жердің құндағына, 
Ақын да, алпауыт та, сұмырай да. 
 
Жәдігөй жағымпазға жалбаңдаған, 
Пенде жоқ арбалмаған, алданбаған. 
Адамзат жаралғалы жер бетінде, 
Шынайы сыйластықты армандаған. 
 
Күте біл қонағыңды бүгінгі бір, 
Өткізбей тіршілікте күніңді құр. 
Оның да орны тұрар үңірейіп, 
Үзгенде ойда жоқта жібін ғұмыр... 
 
 
 Римма КАЗАКОВАДАН 
(Орыс ақыны) 
 
ТАБЫНЫП ӘУЕЛ БАСТАН 
 
Өзіңді сүйемін мен, Олжас жолдас, 
Жаныңды ешкім оңай жаулай алмас. 
Жырыңа қаншама рет жанып-күйгем, 
Жалынға лаулап тұрған кім шарпылмас? 
 
Табынып әуел бастан талантыңа, 
Балағам әр сөзіңді саф алтынға. 
Өмір-шың, шыңға қорқақ шыға алмайды, 
Батырға жеңіс те бар, жоғалту да. 
 
Әрі пәк, әрі жомарт, әрі күшті, 
Жырыңнан жас жүрегім қанып ішті. 
Бірбеткей мінезің бе – сол да сөз бе, 
Тұтқының болғам сенің бағынышты. 
 
Ақынсың өзгелерден жырың бөлек, 
Сүйемін, сені сүйе білу керек. 
Сен тіпті қоңырлатып ән салсаң да, 

341 
 
Қиырдан ел таниды үніңді ерек. 
 
Айнымас әділдіктен, бетін бұрмас, 
Өмірге сендей ақын қайта тумас. 
Сүйесің көп нәрсені бұл дүниеде, 
Сүйемін сол үшін де өзіңді, Олжас! 
 
Білемін дұшпаныңды алыс-жуық, 
Ыстықсың тартқан сайын олар суық. 
Бір рет былғанған соң көкірегің, 
Ешкім де тазарта алмас кірін жуып. 
 
Ұнатам, тіпті шалыс басқаныңды, 
Самғасаң сапырасың аспаныңды. 
Пір тұтам еңсеңді де елден биік, 
Жылуын жүрегіңнің шашқаныңды. 
 
Шаршамай шартарапты шарладым мен, 
Тартыстым талай-талай жауларыңмен. 
Сырымды жайып салғам, алғаш сені, 
Өмірдей сүйіп тұрып бар жаныммен.
 
Балаларға арналған аударма өлеңдер
 
 
Джанни РОДАРИДЕН  
(Итальян ақыны) 
 
 КӘСІПТЕР ТҮСІ 
 
Айдан анық бір қараған кісіге, 
Әр кәсіптің әр басқа ғой түсі де: 
 
Наубайшыға назар салып қарап бақ, 
Басы-көзі, 
Кірпік-қасы – бәрі аппақ. 
 
От жағушы тұрады пеш жанында, 
Қап-қара боп, оранып от-жалынға. 
 
Құбылады алуан бояу түстері, 
Бояушының киімінде үстегі. 
 
Киім киген аспан түстес көкпеңбек, 
Жұмысшылар маңдай терін төккен көп. 
Жүреді олар алып завод ішінде, 

342 
 
Мұржалары тұратұғын көкке өрлеп. 
 
Жұмысшының шымыр қолы үнемі, 
Май-май болып, күс-күс болып жүреді. 
Байлар қолы үлбіреген жұп-жұмсақ, 
Кір шалмаған ақша қардай білегі. 
 
Саусақтары қандай нәзік жіңішке, 
Тырнақтары малынғандай күміске. 
Май жұқпаған, шаң жұқпаған қолының 
Икемі жоқ игілікті бір іске. 
 
Білемісің, тоғышардың терісі аппақ болса да, 
Ал істеген қылықтары қап-қара ғой соншама! 
 
 
 
 
 
 
 
Генадь КЛЕВКОДАН 
(Беларусь ақыны) 
 
ҚЫЗЫЛ ГАЛСТУК ТУРАЛЫ БАЛЛАДА 
 
Қарт жауынгер секілді 
Қан майданнан оралған, 
Сыр шертеді не түрлі, 
Көпті көрген көк орман. 
 
Отан үшін жан қиған, 
Ерлер қанша сол маңда?! 
Кіп-кішкентай партизан 
Келе жатты орманда. 
 
Сырма киген жыртылған, 
Түте-түте мақтасы. 
Көрген жанға сыртынан, 
Балақандай бақташы. 
 
Шыға орман ішінен, 
Сәл ойланды дағдарып: 
«Жаудың бекінісінен 

343 
 
Өту керек қақ жарып. 
 
Орындаса жарады, - 
Тапсырма да маңызды. 
Мұздай қару-жарағы, 
Жау аңдып тұр әр ізді. 
 
Галстугі қалайда 
Көзге түспей қоймайды. 
Мұны осы маңайға 
Жасырмаса болмайды». 
 
Ең қымбатты дүние –  
Мойнындағы галстук. 
Бір ағаштың түбіне 
Тығып кетті – табыс қып. 
 
Сақтықпенен алға аттап, 
«Бақташымыз» барады. 
Қайта-қайта жалтақтап, 
Арт жағына қарады: 
«Биік шынар белгілі, 
Шеттегі – анау күнесте. 
Ұмытпан, – деп, – мен мұны, 
Бәрі, бәрі тұр есте»... 
 
Алып шынар ақырын 
Бұтақтарын қалды ырғап. 
Жолың болсын, батырым, 
Дегендей бір қол бұлғап. 
 
Атты қанша жаңа таң, 
Үмітімен тербеткен. 
Ал барлаушы балақан 
Оралмады сол беттен. 
 
Қарақшылар жабылып, 
Азапатады масқара. 
Тап берсе де тағылық, 
Тайынбады жас бала. 
 
Болып шықты шын мықты, 
Бір ауыз тіл қатпады. 
Көрсе де бар сұмдықты, 

344 
 
Жолдастарын сатпады. 
 
Көп өтпей-ақ арада, 
Жаудың шебі қирады. 
Әскери емханада 
Бала есін жинады. 
 
Әр жауынгер – ағасы, 
Бауыр басты ол мүлдем. 
Сөйтіп полк баласы 
Қайтты сонау Берлиннен. 
 
Артта қалды қия-бел, 
Өтті жылдар селдеткен. 
Кешегі өжет пионер 
Әлдеқашан ержеткен. 
 
Есте соғыс сүреңі, 
Салған талай қысымға. 
Партбилеті жүреді 
Жүрегінің тұсында. 
 
Көзіне оттай басылған, 
Сол жерге көп соғады. 
Галстугін жасырған, 
Еш ұмытқан жоқ әлі. 
 
Галстуктей жалаулап, 
Сол баяғы шынары –  
Қайда барса алаулап, 
Қарсы алдынан шығады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

345 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Тоқтасын САМУДИНОВТАН 
(Қырғыз ақыны) 
 
ТАУДА ТҰРЫП ҚАРАСАҢ... 
 
Тау басынан қарап ем, 
Сулар тоқтап қалғандай. 
Көрінеді бар әлем 
Алақанға салғандай. 
 
Айналаға таңырқап, 
Қайта-қайта қарадым. 
Қозы-лақ жүр асыр сап, 
Төбесінде қораның. 
 
Машина анау заулаған, 
Бидай толы қорабы: 
Құйрығындай аумаған 
Шаңы шұбап барады. 
 
Көз жіберген заңғардан 
Біз тұрған жер биік-ті. 
Гүлдері де сан алуан, 

346 
 
Қыздарындай сүйікті. 
 
Бұлтпен көрші секілді 
Биіктеміз – көктеміз. 
От айнатса не түрлі, 
Сірә, шошып кетпеңіз. 
 
 КӨКТЕМ ЖЫРЫ 
 
Көктем қашан келер деп, 
Қашан нұрға бөлер деп: 
Жан-жануар, өсімдік 
Сағынады елеңдеп. 
 
Зеңгір аспан төсінде 
Аппақ бұлттар көшуде. 
Қайда бара жатқаны 
Жоқ сияқты есінде. 
 
Көктемде жер құлпырар, 
Күлім қағып күн тұрар. 
Құшақ-құшақ гүл сыйлап, 
Жүректерден жыр туар. 
 
 ШЫБЫҚ АТ 
 
Менің өзім жақсырақ 
Білетұғын, 
Бір бала бар шапқылап 
Жүретұғын. 
 
Арғымағын баптайды, 
Мәпелейді. 
Жүрмесе ұрып-соқпайды, 
Жетелейді. 
 
Су ішкізіп бірақ та, 
Жем бермейді. 
Мінуге оны сұрап та 
Ел келмейді. 
 
Атын іздеп жүгірер 
Тұрысымен. 
Мінгесіп ап, жөнелер 

347 
 
Інісімен. 
 
Судан өтіп тасқындап 
Ағып жатқан, 
Бір-ақ шықпақ, 
Астында ат, 
Арғы жақтан. 
 
Тебіді атын, жүрмеді, 
Ұрмады аса. 
Шыбық екен мінгені –  
Бір қараса... 
 
 
 КҮШІГІМ 
 
Әйбат ала күшігім –  
Зыр жүгірген пысығым. 
Көп тақымдап жатпайды
Мазасын ап кісінің. 
 
Жақсы көрем мен өзін, 
Бейне құйттай көжегім. 
Өздігінен ішпейді 
Жуындысын көженің. 
 
Оянады ертелеп, 
Бұлаңдайды еркелеп. 
Ойланған боп жатады, 
Шіркін, тамақ берсе деп. 
 
Допты көрсе ал егер, 
Домаланып жөнелер. 
Айыра алмай екеуін, 
Балалар да бөгелер. 
 
Бар дегенге барады, 
Қал дегенде қалады. 
Бұлаңдатып құйрығын, 
Неше түрге салады. 
 
Кейде өзімді табалап, 
Тап береді абалап: 
Жаңа көйлек кигенде 

348 
 
Танымауы жаман-ақ! 
 
ҚАНША БАСТЫ АЙДАҺАР? 
 
Ерте, ерте, ертеде, 
Белгісіз бір өлкеде. 
Мың жыл өткен кемінде, 
Қанша санап көрсе де. 
 
Болыпты бір жалмауыз, 
Тоймайтұғын қанды ауыз. 
Атаныпты айдаһар 
Неше басты сол жауыз. 
 
Қылғиды екен бір басы, 
Бар жемісті шырынды. 
Жұтады екен бір басы, 
Екі-ақ толғап піліңді. 
 
Қақшып алып бір басы, 
Құс біткенді жалмайды. 
Ұрттағанда бір басы, 
Көлдің суы қалмайды. 
 
Сөйтіп жүріп бір басы, 
Бір басына байланып, 
Кеткен екен сұлбасы 
Қара тасқа айналып. 
 
Білеміз ғой бұл бәле, 
Ертегіде жетерін. 
Айтады екен кім кәне, 
Қанша басты екенін? 
 
ҰЙЫҚТАМАСАМ МЕН ЕГЕР 
 
Әпкем менің оралар 
Күнде кешке ісінен. 
Үй шаруасы және бар, 
Шаршайтынын түсінем. 
 
Дем алсын деп, –  
Ол бүгін, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет