Өлеңдер, толғаулар, балаларға



Pdf көрінісі
бет7/18
Дата15.03.2017
өлшемі1,33 Mb.
#9689
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   18
118 
 
Ер-тоқымды аудармай 
Ұстап тұрған осы айыл. 
 
Табан тірер узеңгі, 
Талдырмайды тізеңді. 
Екі бауы – таралғы, 
Тебінуге жарамды. 
 
Тауып алған олжаны, 
Атып алған аңды да, 
Азығыңды жолдағы –  
Бөктеретін қанжыға. 
 
Жасалатын теріден, 
Тебінгі орны бір бөлек. 
Аттың ащы терінен 
Сақтау үшін бұл керек. 
 
Ең астында тоқым бар, 
Түгел ойға тоқыңдар! 
Ер-тұрманды біліп өс, 
Бала болсаң отың бар. 
 
 
 АНА 
 
Бесікке бөлеп, 
Жатқызды бөлек. 
Емем деп мама, 
Жылады бөбек. 
 
Аялап ана, 
Емізді мама. 
Пысылдап мұрны, 
Ұйқтады бала. 
 
Ұйқысы қанды, 
Тағы айғай салды. 
Маманың түнде 
Мазасын алды. 
 
Оянып ана,  
Емізді мама. 
Тербелді бесік 

119 
 
Ақырын ғана... 
 
 
КІМ ЕКЕН? 
 
 – Не баттасқан түбіне, 
Неге сонша кір екен? 
Тостағанын күніге 
Он жуатын кім екен? 
 
 – Бұл әжейдің сөзі ғой, 
Жылауықтың өзі ғой. 
Он жуатын күніге 
Тостағаны – көзі ғой! 
 
 
ӘЖЕНІҢ ӘЛДИІ 
 
Ұйықта, бөпем, әлди-ай! 
Жатқаның не қалғымай? 
Қора-қора қой айдап 
Келе жатыр Малдыбай. 
Әлди-әлди-әлди-ай! 
 
Ұйықта, бөпем, әлди-ай! 
Жатқаның не қалғымай? 
Шөп арқалап қозыңа 
Келе жатыр Шалғыбай. 
Әлди-әлди-әлди-ай! 
 
Ұйықта, бөпем, әлди-ай! 
Жатқаның не қалғымай? 
Қарын-қарын май алып 
Келе жатыр Майлыбай. 
Әлди-әлди-әлди-ай! 
 
Ұйықта, бөпем, әлди-ай! 
Жатқаның не қалғымай? 
Бес қаруын асынып 
Келе жатыр Сайлыбай. 
Әлди-әлди-әлди-ай! 
 
Ұйықта, бөпем, әлди-ай! 
Жатқаның не қалғымай? 

120 
 
Мамық жастық арқалап 
Келе жатыр Жайлыбай. 
Әлди-әлди-әлди-ай! 
 
Ұйықта, бөпем, әлди-ай! 
Жатқаның не қалғымай? 
Керегіңнің бәрін ап 
Келе жатыр Барлыбай. 
Әлди-әлди-әлди-ай! 
 
Ұйықта, бөпем, әлди-ай! 
Жатқаның не қалғымай? 
Тоңып қалып жүрерсің, 
Келіп қалса Қарлыбай. 
Әлди-әлди-әлди-ай! 
 
 
 
 ТЕКЕМЕТ 
 
Маған арнап жекелеп, 
Әжем басты текемет. 
Бір топ адам аяқпен 
Теуіп бердік төпелеп. 
 
Басу қызық текемет, 
Үсті-үстіне төпелеп. 
Алда біреу жіппенен 
Саумалайды жетелеп. 
 
Ары біраз аунаттық, 
Бері біраз аунаттық. 
Қабат шидің сыртынан 
Қайнақ суды саулаттық. 
 
Тепкілесе топ кісі, 
Қоя ма аяқ тепкісі. 
Жүн киіз боп бірікті. 
Біріккен соң көп күші. 
 
Шиден сосын түсірдік, 
Үш сап жерге, үш ұрдық. 
Отырдық та қаз-қатар, 
Білекке сап пісірдік. 
 

121 
 
Ақырында кептірдік, 
Тамашалап көп тұрдық. 
Бір шетінде атым тұр: 
«Әжей жазған!» – деп күлдік. 
 
 
МЕНІҢ АПАМ 
 
Әуре болып жатар кім, 
Түссе көйлек түймесі: 
Дайын тұрар апамның 
Оймағы мен инесі. 
 
Тұра алам ба мен қарап, 
Берем жібін сабақтап. 
Көмекшімін қолғанат, 
Бос жүрмеймін салақтап. 
 
«Бақайды аяз шымшыды, 
Тоңдым», – десем, бүрісіп: 
Зырылдайды ұршығы, 
Дереу іске кірісіп. 
 
Мен апамнан жүргенім 
Ажырамай бір елі, 
Ауырса егер бір жерім
Үзілердей жүрегі. 
 
«Айналдым, – деп, – баладан!» –  
Ылғи құрақ ұшады. 
Тоңып келсем даладан, 
Жылытады құшағы. 
 
 
ЖАУҚАЗЫН 
 
Алғаш рет күркіреп, 
Ағыл-тегіл жауса күн, 
Қырға шығар дүркіреп, 
Көктем басы – жауқазын. 
 
Ызғар әлі кеткен жоқ, 
Қырлар әлі кепкен жоқ. 
Жауқазындар көкпеңбек, 

122 
 
Көбейе бер көктем боп! 
 
 
КӨКТЕМ 
 
Көктем келді, қар кетті, 
Тырна көкте әндетті. 
Көк торғынға оранды 
Сеңгір таулар сәулетті. 
 
Сарқырады бұлақтар, 
Жарқырады қыраттар. 
Сағым ойнап, көзді алдап, 
Жақын тартты жырақтар. 
 
Көбелектер көлбеңдеп, 
Құстар сызды көлде өрнек. 
Дала киіп гүл көйлек, 
Жадырады жер мен көк. 
 
Көрсең енді қоянды, 
Көкшіл түске боянды. 
Аюлар мен аралар 
Ұйқысынан оянды. 
 
Аяқтанып төл кетті, 
Мал жайлауға төрлетті. 
Машинаға бөгет жоқ, 
Тау ішінде жол кепті. 
 
Күн қызуы ұласты, 
Жібіді сай, қыр асты. 
Көктемде алғаш күркіреп, 
Жаздың бұлты тіл ашты. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

123 
 
 
 
 
 
ГҮЛ 
 
Нұрын төксе көктен күн, 
Құлпыруды сүйетін, 
Гүл – көйлегі көктемнің, 
Қырға шықса киетін. 
 
Жібігенде жер төсі,  
Жасанып қыр жадырар. 
Гүл – даланың көрпесі, 
Жазғытұрым жамылар. 
 
Гүлдер өссе далада, 
Қуанады бал ара. 
Күлімдейді ана да, 
Шаттанады бала да. 
 
Омарташы сақ тұрар 
Түнді қойып, күндіз де. 
Гүлден шығар тәтті бал, 
Ешқашанда гүлді үзбе! 
 
 
АЛМА АҒАШ 
 
Айдын көлді сағынып, 
Қаздар қанат қақты бір. 
Ақ бантигін тағынып, 
Алма ағаштар атты гүл. 
 
Асқарда жан сақтаған, 
Қарайды қыс сыздана. 
Алма ағаштар қаптаған –  
Ақ бантикті қыз бала. 
 
Басын қосып жиылып, 
Ақылдасып тұрғандай. 
Бұтақтары иіліп, 
Бізге сәлем қылғандай! 
 

124 
 
 
ТАЛ ШЫБЫҚ 
 
Көктемде бір тал шыбық 
Тұра қалды шаншылып. 
Жаңбыр жауса жымиды, 
Мөлдір суға малшынып. 
 
Күннің нұры құйылды, 
Бойына нәр жиылды. 
Қуаныштан би билеп, 
Мың бұралып иілді. 
 
Күнен-күнге су тілеп, 
Күннен-күнге нұр тілеп, 
Жапырағы жамырап, 
Шыға келді дүркіреп. 
 
Кездерінде сусаған, 
Құйып жүрдім су соған. 
Күшім текке кетпеді 
Айлар бойы жұмсаған. 
 
Талай күнді батырды, 
Талай таңды атырды. 
Бұтақ жайып, бой түзеп, 
Саясына шақырды! 
 
 
ҚАРЛЫҒАШ 
 
Амансың ба, қарлығаш, 
Адал досым айнымас! 
Жүдеп қалған жоқсың ба
Болған жоқ па қарның аш? 
 
Жемің дайын, көр, міне! 
Керек саған енді не? 
Қанатыңның астында 
Көктем бұғып келді ме? 
 
Нәзік жүнің үлпілдеп, 
Ақ тамағың бүлкілдеп, 
Отырғандай боласың: 

125 
 
«Су болса екен, шіркін!» – деп. 
 
Мекендей ғой, қарлығаш, 
Бола қоймас қарның аш! 
Сақ болғайсың, момыным, 
Ұяңды кім аңдымас?.. 
 
 
ҚОШАҚАН 
 
Майса жұлып берейін, 
Маңырама, қошақан. 
Өзім жайып келейін, 
Жамырама, қошақан. 
 
Күн шуақты май айы 
Тоңдыра ма, қошақан? 
От қой үйдің маңайы, 
Көп ұзама, қошақан. 
 
Сен өскенше марқайып, 
Күз келеді, қошақан. 
Ай мүйізің қайқайып, 
Сүзбе мені қошақан. 
 
Қанып ішіп қайнардан, 
Көк шалғынға көміліп, 
Қайтасыңдар жайлаудан 
Тоқты болып семіріп. 
 
 
 
АҚСАҚ ҚОЗЫ 
 
Кешкі дала гүл жапқан, 
Тұрды бір сәт нұр атып. 
Көрінді атам қыр жақтан, 
Қойын төмен құлатып. 
 
Шошаң етер таяғы,  
«Шәйт!» дегенде тіл қатып. 
Ат үстінен қояды 
Шалғы мұртын ширатып. 
 
Қойын қоса қайырып, 

126 
 
Майлыаяғы қалмайды. 
Қойторысы жайылып, 
Жерден басын алмайды. 
 
Атам ылғи қол ұшын  
Қошақанға береді. 
Күні бойы сол үшін  
Қой соңына ереді. 
 
Жамбастады батар күн, 
Ол да шаршап қалды ма? 
Ақсақ қозы атамның 
Мініп апты алдына! 
 
 
БҰЗАУҚАН 
 
Сүтке қарның тойынса-ақ, 
Ойнақтайсың ойын сап. 
Шап, құмарың тарқасын, 
Түрулі ғой мойыншақ. 
 
Шапқыламай жүрмейсің, 
Ойлы-қырға бірдейсің. 
Шөпті иіскейсің тұра қап, 
Ал жайыла білмейсің. 
 
Әлі-ақ өсіп толасың, 
Дәу тайынша боласың. 
Сүт емуді қоясың, 
Балаусаға тоясың. 
 
 
ЖАЗ 
 
Жазым келді жарқылдап, 
Қазым келді қаңқылдап. 
Гүлге қонды көбелек, 
Қос қанаты қалтылдап. 
 
Сүйіп күннің шапағын, 
Тау шешті аппақ шапанын. 
Күлтеленді қурайлар, 
Төгіп бұйра шашағын. 

127 
 
 
Көкте қызыл-жасылды 
Кемпірқосақ асылды. 
Жарлауытты жағаны 
Жапырақтар жасырды. 
 
Ат қып мініп сасырды, 
Салдық біз де асырды. 
Бие байлап жылқышы, 
Сары қымыз сапырды. 
 
Жаңбыр жуып жас талды, 
Жоталар гүл жастанды. 
Кең жайлаудың төсінде 
Қызық-думан басталды. 
 
 
ЖАЙЛАУДА 
 
Сүңгіп шүйгін қойнауға, 
Қозы бағам жайлауда. 
Қозы-лақпен жарысып, 
Жайлау жақсы ойнауға. 
 
Іші пысса қозылар, 
Асыр салар кезі бар. 
Қайт дегенге қайтпайды, 
Емес олар сөз ұғар. 
 
Шапқылаумен терлеймін, 
Қашуға ерік бермеймін. 
Таудан түссе, түсемін, 
Тасқа өрлесе, өрлеймін. 
 
Тайым тынбай желістен
Шаршап қайтам өрістен. 
Өзіме өзім риза боп 
Келе жатам мен іштен... 
 
 
 
ОМАРТАШЫ 
 
Омарташы мекені –  
Оңаша тау арасы. 

128 
 
Жаздай еңбек етеді, 
Баққаны – бал арасы. 
 
Аралардың біледі 
Құпиясын ол қанша, 
Бақылайды үнемі  
Бал шелегі толғанша. 
 
Ара қайда барғанын, 
Қандай шырын сорғанын, 
Ажыратар табанда –  
Татса болды бал дәмін. 
 
Нәр алсын деп аралар, 
Гүл өскенін тілейді. 
Бал жесін деп балалар, 
Тауда жалғыз түнейді. 
 
 
ПІШЕНДЕ 
 
Өсті өлкенің шалғыны, 
Атам салды шалғыны. 
 
Көмектеспей атама, 
Апам үйде жата ма?.. 
 
Қолына алып ашаны, 
Апам көпе жасады. 
 
Мен де өзімше тырбанып, 
Шөп жинадым, тырма алып. 
 
Қызықтырды керемет 
Қызыл, жасыл көбелек. 
 
Қусам қырдан әрі асып, 
Кетпес пе екем адасып?! 
 
Атам әлде ұрса ма, 
Жұмыс бар ғой мұншама. 
 
Бос жүріп ем қанша күн, 
Бүгін қатты шаршадым. 

129 
 
 
Сыр бермедім бірақ та
Түсіп шықтым бұлаққа. 
 
Атамды апам шақырып, 
Сары қымызды сапырып, 
 
Ішіп едік қанып біз, 
Көп отырып қалыппыз. 
 
Бесін ауды айналып, 
Жүрмін жіпсіз байланып. 
 
Келді менің ойнағым, 
Достарымды ойладым. 
 
Ойын бар ма асықтай, 
Тұрам қалай асықпай?! 
 
 
Болды, міне, екінді, 
Шегіртке ән сап, секірді. 
 
Ал атам мен апам еш 
Шаршамайтын секілді. 
 
 
КӨКПАР 
 
Ат қып мініп көк талды, 
Ала қаштық көкпарды. 
Достың тартып шылбырын, 
Додаластық шын бүгін. 
 
Шыдамсыздар салды дау, 
Біз дегенің нармыз-ау. 
Жетсек үйге күн бата, 
Жамырапты бар бұзау. 
 
 
 ӘТТЕҢ, ШІРКІН... 
 
Қамшы өтті де етінен, 
Аттар көкке секірді. 
Қарап тұрсаң, шетінен 

130 
 
Бәрі тұлпар секілді. 
 
Кетті дода басталып, 
Керегі осы батылға. 
Бірі лақты бас салып, 
Басты бірі тақымға. 
 
Кірген адам додаға
Болады отқа кіргендей. 
Қалың атты 
Далада  
Құйын болып жүргендей. 
 
Қалың топтан суырылып, 
Шықты бірі сол бір шақ. 
Жер апшысы қуырылып, 
Көтерілді шаң бұрқап. 
 
Жеткізер ме жарау ат, 
Қалып қойдық қалудай. 
Көкпар осы, ғаламат, 
Дүркіреген дауылдай. 
 
Тайымызды шаң басып, 
Артта қиқу саламыз. 
Қалар едік жармасып, 
Әттең, шіркін, баламыз! 
 
 
ӨТКІНШІ 
 
Жалбыр бұлтын сілкілеп, 
Жауын өтті сіркіреп. 
Жасыл орман тұнжырап, 
Жапырақтар тұр жылап. 
 
Туырлыққа іркілген  
Тамшы тұрды үйге өтпей. 
Сұр құлыным сілкінген, 
Судан шыққан үйректей. 
 
 
БҰРШАҚ 
 

131 
 
Төбемізден төнеді, 
Төбемізден төгеді. 
Табиғаттың маржаны  
Тіпті неткен көп еді. 
 
Шалғын ішін аралап, 
Тердім бұлақ жағалап. 
Тізер едім моншақ қып, 
Еритіні жаман-ақ!
 
 
 
ЖАҢБЫР 
 
Жаңбыр жауды, 
Селдетті. 
Дала, тауды 
Көлдетті. 
Бұзауқандар ықтады. 
Үй артынан шықпады. 
Жорғалаған 
Бөдене 
Қорғалады 
Көдеге. 
Бұлақ біткен тулады, 
Бала біткен шулады: 
 – Жаңғыр, жаңғыр, 
Төңірек! 
Жаңбыр, жаңбыр, 
Төгіп өт! 
 
 
ЖАҢБЫРҒА ЕКІ ӨТІНІШ 
 
 

 
Көктем бұлты көңілді, 
Қуантады өңірді. 
Балалар да қарсы алар, 
Былай-былай ән салар: 
 
 – Жау, жау, жаңбыр, көбірек, 
Гүлге орансын төңірек. 
Шалғын өссін жайқалып, 
Егін өнсін тезірек! 
 

132 
 
Біздің жаққа жиі кеп, 
Әлсін-әлсін құйып өт. 
Қазір егер көп жаусаң, 
Жердің берер сыйы көп. 
 
 

 
Күзде болса күн бұлттау, 
Маңай тартар сұрғылттау. 
Балалар да көңілсіз, 
Тілек айтар тек үнсіз: 
 
 – Жаума, жаңбыр, бұл маңға, 
Жауамын деп бұлданба! 
Егін жатыр жиналмай
Бидай ашық қырманда. 
 
Жата алады кім күзде? 
Жұмыс – түн де, күндіз де. 
Жаумай-ақ қой, жаңбыр-ау, 
Қымбат ашық күн бізге. 
 
Не табасың күзде сен, 
Қол ұшын бер бізге сен! 
Қайда көктем, сонда бар, 
Жауатын жер іздесең!.. 
 
 
БАСТАУ 
 
Шөлдеп келіп қаталап, 
Бала жұтты жата қап. 
Бастау бейне тостаған, 
Тұнық суын тосты оған. 
 
Құлын келді шапқылап, 
«Қайдасың, – деп, – ақ бұлақ!» –  
Бастау бейне тостаған, 
Тұнық суын тосты оған. 
 
Қосылғандай жамырап, 
Қозы келді маңырап. 
Бастау бейне тостаған, 
Тұнық суын тосты оған. 

133 
 
 
Аптап ыстық, шөл қысып, 
Балапан да келді ұшып, 
Бастау бейне тостаған, 
Тұнық суын тосты оған. 
 
Бәрі шөлін қандырды, 
Бастауға алғыс жаудырды. 
Ішіп кетті тік тұрып, 
Қалды бастау тұп-тұнық. 
 
Шөлден тілі салақтап, 
Күшік келді алақтап. 
Бастау бейне тостаған. 
Тұнық суын тосты оған. 
 
Шомылғандай астауға, 
Түсті күшік бастауға. 
Шолпылдатып аунады, 
Үстінен кір саулады. 
 
«Жатуыңа шіреніп, 
Берді өзі, – деп, – кім ерік?!» 
Шыға келді ақ бастау, 
Қап-қара боп түнеріп. 
 
 
ТҮН 
 
Төсегіне күн жатты, 
Жердің бетін түн жапты. 
 
Маужырады шың-құздар, 
Көзін ашты жұлдыздар. 
 
Орман күңгірт, күңгірт көк, 
Құстар қалды жым-жырт боп. 
 
Бергеннен соң түн хабар, 
Тәтті ұйқыға кірді олар. 
 
Жылқы жусап далада, 
Қой ұйықтады қорада. 
 

134 
 
Ұясында тауықтар, 
Оған қандай қауіп бар? 
 
Күні бойы безектер
Ұйықтап кетті көжектер. 
 
Мысық пештің түбінде, 
Тышқан терең інінде. 
 
Күшік қана қырағы, 
Көзін ашып-жұмады. 
 
Көнген түннің ырқына, 
Бәрі ұйқыда, ұйқыда. 
 
Бөбектер де мүлгиді, 
Ай ақырын жылжиды. 
 
Көз ілмейтін таңға ұзақ, 
Өзен ояу жалғыз-ақ. 
 
«Ұйықтай алар түрім жоқ!» –  
Дейді қатты гүрілдеп. 
 
Күндіз-түні жарқырап, 
Аға берер сарқырап. 
 
Шаршамайтын себебі: 
Күтіп отыр ел оны... 
  
 
ШАЛҒЫНЫҢ СӨЗІ 
 
Мен шалғымын, шалғымын, 
Алты ай қыста қалғыдым. 
Жазбен бірге менің де 
Оралады ән-жырым. 
 
Жазда тыным жоқ маған, 
Таңнан тұрып шөп шабам. 
Таудай-таудай маялар 
Үйілгенше тоқтаман. 
 
Жүзіп келем шалғында, 

135 
 
Уақытым жоқ қалғуға. 
Қызу іске кірістім, 
Белді буып алдым да. 
 
Көлдей қылдым көпені, 
Шөп дегенің жетеді! 
Басқан тоттан тазарып, 
Жүзім жалт-жұлт етеді. 
 
Ойлайтыным – мал қамы, 
Қыстың жайы алдағы. 
Шөп шабылса әуелі, 
Уайым емес қалғаны! 
 
 
СИЫР БҮЛДІРГЕН 
 
Тілімді сен үйірдің, 
Теруге мен үйірмін. 
Бұжыр бұжыр бүлдірген, 
Бүйрегіндей сиырдың. 
 
Өзен-судың бойында, 
Биікте емес ойында, 
Мәуе болып өсесің, 
Түсің ұқсас мойылға. 
 
 
 
ТАҢҚУРАЙ 
 
Уылжып сарша тамызда, 
Таңқурай толып піседі. 
Үзіп ап салсаң ауызға, 
Таңдайға тати түседі. 
 
Солқылдақ қурай сабағы 
Гүлдейді қаулап көктемде. 
Қуалай сулы жағаны, 
Өседі таулы бөктерде. 
 
Тарқамас жаздың қызығы
Серуенге шықпай қоймайсың. 
Таңқурай – таудың жүзімі, 

136 
 
Жесең де қанша тоймайсың. 
 
 
 
 
ТАУ ГҮЛІ 
 
Асып қиын шатқалды, 
Басып мұзды, ақ қарды. 
Шығамыз біз шаншылған 
Биік шыңға жақпарлы. 
 
Көкке жетіп төбеміз, 
Тау гүлдерін тереміз. 
Тастан-тасқа орғыған, 
Таутекені көреміз. 
 
Қонған ұшпа құздарға, 
Таңырқаймыз мұздарға. 
Нәзік гүлдер шыдаған 
Қайтіп мынау ызғарға? 
 
Қызықтырар көзіңді, 
Тау гүлдері төзімді. 
Қиындыққа дәл сондай, 
Көндіріп бақ өзіңді. 
 
 
КӨБЕЛЕКТІҢ ЖЫРЫ 
 
Көріп жаздың қызығын, 
Гүлден-гүлге самғаймын. 
Гүлдің ерке қызымын, 
Гүлден өзім аумаймын. 
 
Шаршағанда, 
Ырғалып, 
Гүл үстінде демалам. 
Қанатымды бір қағып, 
Демде қайта жоғалам. 
 
Десе гүлді дала бар, 
Қос қанатым талмайды. 
Мені көрсе, балалар 
Қырсоңымнан қалмайды. 

137 
 
 
Сол бір жері дегенмен, 
Қабырғама батады. 
Тақиялар төбемнен 
Төніп келе жатады. 
 
Кейде зәре жоқ мүлдем, 
Балақаннан бас бұғам. 
Сан құтылып кеттім мен 
Алақандар астынан. 
 
Жете алам ба кім білсін, 
Шақырып тұр гүлді алап. 
Тимесе екен бүлдіршін, 
Ойнай берсін қуалап. 
 
 
КҮНБАҒЫС 
 
Келе жатса таң атып, 
Шұғыласын таратып, 
Бетін бұрар күнбағыс, 
Күншығысқа қаратып. 
 
Қалқайып ап құлағы, 
Тосады да тұрады. 
Күн құрғатпай иіліп, 
Күнге сәлем қылады. 
 
Телміреді күнге алыс, 
Күнді ғана тыңдағыш. 
Кіп-кішкентай локатор- 
Аунап тұрған күнбағыс. 
 
 
АҚ ТӨБЕТ 
 
Ақ төбет-ау, ақ төбет, 
Ақылды да сақ төбет. 
Атам түнде тынықсын, 
Қой қораны бақ, төбет. 
 
Ақ төбет-ау, ақ төбет, 
Бар ма сенен сақ төбет? 

138 
 
Қонақ келсе ауылға, 
Абаламай жат, төбет. 
 
Ақ төбет-ау, ақ төбет, 
Сырттан төбет, сақ төбет. 
Қасқыр келсе маңайға, 
Қуып таста, қап, төбет. 
 
  
 
 
СЕРКЕ 
 
Семсер мүйіз серкесің, 
Қой ішінде еркесің. 
Қысы, жазы отарды
Өз соңыңда ертесің. 
 
Жазда жайлау даласын, 
Шарлап шүйгін табасың. 
Қыста омбыны опырып, 
Тебінге жол саласың. 
 
Қара нөсер жауында, 
Қаптай соққан дауылда, 
Адастырмай отарды  
Жеткізесің ауылға. 
 
 
СІРГЕ 
 
Тайыншамның мұрнында 
Қолапайсыз сіргесі. 
Томсырайып тұр мұнда, 
Су көтермей сіркесі. 
 
Енесіне жанасып, 
Болмаған соң мазалап, 
Сиырға атам жаны ашып, 
Қойды мұны жазалап. 
 
 
 
  

139 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
АҚ БОТАМ 
 
Жібек ноқта тақты апам, 
Жабырқама, ақ ботам. 
Бәлкім жүдеп қаларсың, 
Өзім бағып-қақпасам. 
 
Әлде ашығып қалдың ба, 
Жүздірейін шалғынға. 
Тез орныңнан тұра ғой, 
Үйір болма қалғуға. 
 
Болсаң егер шөлдеген, 
Апарайын көлге мен. 
Кәне, кәне, тұра ғой, 
Жатып алмай көлденең. 
 
 
 
БҰҒЫ 
 
Жайылады майсаға, 
Ішіп судың тұнығын. 
Көк орманды сай-сала- 
Кең өрісі бұғының. 
 
Әрқалай күн кешеді, 
Екі түрлі бұғы бар. 
Бірі қолда өседі, 
Бірі түзде шұбырар. 
 
Тундрада, Тайгада 
Одан көлік аспайды. 
Түтеп тұрсын айнала, 
Адаспайды, саспайды. 
 

140 
 
Желдей жүйрік бұғылар 
Жарысады желменен. 
Жалт-жұлт етіп зымырар 
Ойлы-қырлы жерменен. 
 
 
 
ЕШКІЛЕР ӨКІНІШІ 
 
Алдан жайлап есті жел, 
Желдеп кетті ешкілер. 
Тастан-тасқа өрледі, 
Демеді күн кешкірер. 
 
Кете барды биіктеп, 
Кететіндей киік боп. 
Шопан жоқта бар ерік  
Өздеріне тиіп тек. 
 
Қойлар айтты: «Ешкілер, 
Қайтыңдар, күн кешкірер!» –  
Ешкілерге бірақ та, 
Қашан, шіркін, ес кірер. 
 
Тарта берді тау асып, 
Шүйгін шөпке таласып. 
Күн кешкірді, далада 
Қалып қойды адасып. 
 
Қас қарайды, түн болды, 
Аттап басу мұң болды. 
«Ау-у-у!» – деді қасқырлар, 
Қаңғыбастар жым болды. 
 
Жандарынан түңілді, 
Бір-біріне үңілді. 
Енесінің баурына  
Лақтары тығылды. 
 
«Әттеген-ай, көп қойды 
Тыңдамап ек!» – деп қойды... 
 
 
 САБА ПІСТІМ 

141 
 
 
Саба толды іркілдеп, 
Майы шығып кілкілдеп. 
Пісіп едім, жөнелді 
Қос бүйірі бүлкілдеп. 
 
Аққандай бір күркілдек, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет