Қолжазба құқығында



бет3/20
Дата03.01.2023
өлшемі211,5 Kb.
#60318
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Зерттеу нысаны. Зерттеу нысанына арқау етіп Абай Құнанбайұлының ғақлиялары (қара сөздері) мен өлеңдері, Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының ғылым-білім туралы әңгімелері мен өлеңдері, Шәкәрім Құдайбердіұлының сыр сөздері алынды.
Зерттеудің мақсаттары мен міндеттері. Диссертациялық жұмыстың негізгі мақсаты – ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басындағы қазақ әдебиетіндегі еңбек құндылығының зерделенуін жан-жақты ашып көрсету болғандықтан да алдымызға төмендегідей міндеттерді қойдық:
- қазақ әдебиетінің үлгілі нұсқаларын саралай отырып адамның кісілік келбетінің сақталып қалуындағы еңбектің рөлін байыптау;
- еңбектің тікелей нәтижесі болып есептелетін «байлық», «кедейлік» ұғымдарының мән-мағынасын Абай, Мәшһүр Жүсіп, Шәкәрімнің әдеби мұралары негізінде зерделеу;
- капиталистік қатынастар дендеп ене бастаған ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ әлеуметі үшін қалыптасқан өмір шындығын ескере отырып әдебиетте көтерілген «қор жинау» мәселесін жан-жақты ашып көрсету;
- қазақ әдебиетіндегі еңбек құндылығын байыптай келіп, оның ислам діні қағидаларымен байланысын қарастыру;
- қазақ мәдениеті нәр алатын бастау көздерді ізерлей отырып, ғылымның еңбектің негізі екендігіне баса назар аудару;
- аталмыш кезең әдебиетін арқау ете отырып «дүние де өзі, мал да өзі» (Абай) болып табылатын ғылымның қазақ қоғамындағы құндылықар жүйесіндегі алатын орнын зерттеу.
Зерттеудің әдістері. Зерттеу жұмысының барысында талдау, баяндау, жүйелеу, салыстырмалы-салғастырмалы, салыстырмалы-тарихи талдау, жинақтау, даралау әдістері қолданылды.
Зерттеудің жаңалығы. Диссертациялық жұмыстың негізгі жаңалығы -ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басындағы қазақ әдебиетінің белді өкілдері Абай, Мәшһүр Жүсіп, Шәкәрім шығармашылығы арқылы еңбек пен адам қадір-қасиетінің тікелей байланысты екендігін арнайы ғылыми тақырып ретінде қарастыру.
Қазақ жұртшылығы Ресей империясының отарына айналған кезеңде адамның еңбексіздіктің салдарынан қадірсізденуі, құлдырауы әдебиетте айрықша көрініс бергендігін жаңаша пайымдау да – осы жұмыстың елеулі табыстарының бірі. Сондай-ақ диссертациялық жұмыста қазақ әдебиеті тарихында бірінші рет еңбек - құндылық ретінде ғылыми-теориялық тұрғыдан бағаланып, рухани өмірдегі жайы айқындалды. Аталған кезеңде еңбек – адамның адамшылығы негізі, жаңа жағдайда қайта бағаланғаны, отаршылдыққа қарсы күресте халықтың өзін өзі сақтап қалу жолы ретінде байыпталғаны дәйекті түрде талқыланады.
Диссертациялық жұмыстың тағы бір жаңалығы – осы кезеңде қазақ әдебиетінде ғылымның ең жоғарғы еңбек формасы ретінде бағаланғандығын зерделеу. Ғылым-білімнің қазақ дүниетанымындағы алар айрықша рөлі мен орнын анықтай отырып, бұл феноменнің әдебиеттегі көрініс беру ерекшелігін айшықтай зерттеу де маңызды. ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастау алатын ғылым-білімге деген ерекше ұмтылыс, ғылым-білімді өмірлік мұратқа айналдыру үдерісінің әдебиетте көрініс беруін қазақ руханиятындағы ағартушылық кезеңмен салғастыра зерттеу де – диссертациялық жұмыстың қол жеткізген жетістіктерінің бірі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет