Қолжазба құқығында


Қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар



бет5/20
Дата03.01.2023
өлшемі211,5 Kb.
#60318
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар. Қазақ әдебиетінің алтын ғасыры саналуға лайық ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басындағы әдебиетте Абай бастаған даналар еңбегінің маңызы мен мәнін зерттеушілер әлі де болса кешенді пайымдай қойған жоқ. Ағартушылар негізін қалаған жаңа сападағы әдебиет ұлттың көркемдік, эстетикалық танымын қалыптастырумен бірге, оның дүниетанымы мен тіршілік даналығын да бірізге салды. Сол тіршілік даналығының алтын арқауы – еңбек ете білу өнері. Еңбек ұғымының мәні мен мағынасының ұлт санасында берік орнығуы - аталған кезең әдебиет алыптарының жан қиярлық ісі деп білеміз. Олардың еңбек құндылығын зерделеудегі ұлтқа сіңірген айрықша шығармашылық жұмысын зерделей келе, қорғауға мынадай тұжырымдар ұсынылады:
- Абай бастаған әдебиет өкілдері ұлт, қоғам сұранысын толығымен қанағаттандыра білді: олар туған халқының дәстүрі мен мәдениетіне сүйене отырып, көркемөнер арқылы жаңа еңбек құндылығын, этикасын ұсынды. Өйткені, ұлт басына қиындықтар мен сынақтарды үйіре әкелген ХІХ ғасырда отаршылдық кепке түскен қазақ халқын моралдық азғындау мен құнсызданудан сақтап қалатын жаңа еңбек қағидасы аса қажет еді;
- ағартушы ақындар шығармаларында адамның адамшылығын сақтап қалатын – «арың сатпа, терің сат!» (Шәкәрім) қағидасы таразыланып, насихатталды;
- аталған кезең шығармашыл тұлғаларының жазғандарында «жанкешті еңбек» ұстанымы көрініс тапты. Мұны «Жігіттікте жаннан кеш те, іс қыл // Өлсең, өлесің; өлмесең кісі боласың!» (Мәшһүр Жүсіп) сынды пайымдар салаландыра түсті;
- дәстүр мен жаңашылдықты қатар ұстаған ақындар «баянды еңбек» тұжырымдамасына да ерекше ден қойып, зерделеді. Адам өмірінің тым қысқалығын, өткіншілігін жан дүниесімен сезінген тұлғалар тіршілікте сан алданып, сан рет санын соққан пендені аз ғана ғұмырда алданбауға шақырды;
- әлеуметшіл-қоғамшыл ақындар дүние кілтін табар еңбекті (оқу-білім, өнер) де, әл-ауқатты көтерер шаруашыл еңбекті (егін салу, қыстау, қора-қопсы салу) де қатар байыптап, замананың тынысын дөп басты;
- қоғам сұранысын жіті саралап, ұлт келешегін айқын бағдарлаған туындыларда «қор жинау» мәселесі қарастырылды. Барын шашып жіберіп, артынан құрығын сүйретіп қалатын бейқам мінез сыналып, «Адалдан тапқан тиынды сал да сақта қапшыққа» (Абай) қағидаты алғаш рет дүниеге келді;
- білім мен зерде құндылығын жоғары қойған ақындар ғылымды - еңбектің ең жоғарғы формасы ретінде бағалады: «Дүние де өзі, мал да өзі // Ғылымға көңіл берсеңіз» (Абай). Ғылым - әрі адамшылықтың, әрі ақиқаттың жолы ретінде айқындалып, оны меңгеру мен дамыту діни-имани қағидаттарға негізделіп түсіндірілді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет