Қолжазба құқығында


Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негіздеріне



бет4/20
Дата03.01.2023
өлшемі211,5 Kb.
#60318
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негіздеріне А. Байтұрсынов, М. Әуезов, С. Қирабаев, З. Ахметов, М. Базарбаев, Ж. Ысмағұлов, Р. Нұрғали, М. Мырзахметов, Қ. Мәшһүр-Жүсіп, С. Негимов, Қ. Алпысбаев, У. Қалижанұлы, Т. Жұртбай, Р. Тұрысбек, А. Шәріп, Б. Омаров, Д. Қамзабекұлы және т.б. ғалымдардың әдеби-зерттеу еңбектері теориялық және әдістемелік негіз ретінде пайдаланылды. Сонымен бірге М. Бахтин, В. Белянин, Г.-Г. Гадамер еңбектеріндегі мәтінді түсіну мен талдаудағы ғылыми-қисындық пікірлер салыстырмалы басшылыққа алынды.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басындағы қазақ әдебиетіндегі еңбек құндылығын арнайы диссертациялық тақырып ретінде зерттелінбегенімен, совет заманындағы еңбек тақырыбын қарастырған әдебиетшілер аз болған жоқ. Олардың қатарында М. Базарбаевтың «Қазақ совет поэзиясындағы еңбек тақырыбы» (1956), Б. Дәрімбетовтің «50-70 жылдардағы қазақ поэзиясындағы еңбек адамы обаразының көркем сомдалуы» (1988), Ә. Райымбековтің «Жұмысшы табы қазақ совет поэзиясында» (1966), К. Түліковтің «Жұмысшы табы туралы қазіргі қазақ прозасы» (1985), Г. Шалабаеваның «60-80 жылдардағы қазақ прозасындағы жұмысшы бейнесі» (1986) атты диссертациялық жұмыстарын атауға болады . Бұл еңбектерге ортақ сипат – еңбек құндылығы тұрпайы әлеуметтанушылық тұрғыдан байыпталынып, халықтық дүниетаныммен, ұлттық имани-адамгершілік негіздермен байланысы зерттелмеді. Мұның объективті себебі бар. Еліміз тәуелсіздік алып, бұрынғы идеологиялық қондырғылардан азат болған шақта бірқатар зерттеушілер бұл тақырыпты ішнара зерттеу нысанына айналдырды. Осындай еңбектердің қатарына М. Базарбаевтың «Шәкәрім ақын» атты зерттеуін, Қ. Мәшһүр-Жүсіптің «Қазақ лирикасындағы стиль және бейнелілік», У. Қалижанұлының «Қазақ әдебиетіндегі діни-ағартушылық ағым», Амантай Шәріптің «Қазақ поэзиясы және ұлттық идея» атты монографияларын, т.б еңбектерді жатқызуға болады.
Зерттеудің теориялық және практикалық мәні. Қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдері – Абай, Мәшһүр Жүсіп, Шәкәрім шығармаларындағы еңбек құндылығын зерделеу бүгінгі күн талабы биігінен өте-мөте маңызды. Адамның еңбек ете білу қабілеті өзін өзі жеңу, өзін өзі тәрбиелеу негізінде жүзеге асатын болғандықтан да бұл тақырыптың практикалық, тәрбиелік маңызы өте зор. Бұл зерттеудің ғылыми нәтижелері мен тұжырымдарын «абайтану», «шәкәрімтану», «мәшһүртану» арнайы курстарында және сондай-ақ әдебиет тарихындағы ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасыр кезеңіне арналған жалпы курстарда оқытуға болады. Сондай-ақ мектеп пен лицейлерде арнайы немесе факультативтік курс ретінде де ұсынуға болады. Және де зерттеудің ғылыми тұжырымдары мен нәтижелерін қазақ әдебиеті мен дүниетанымына арналған жаңа үлгідегі мектеп оқулықтарын жасауда кәдеге асыруға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет