«Қолжетімді тұрғын үй 2020» бағдарламасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 маусымдағы №821



Pdf көрінісі
бет1/7
Дата07.02.2017
өлшемі405,32 Kb.
#3593
  1   2   3   4   5   6   7

Источник: ИС ПАРАГРАФ, 31.08.2012 12:56:16  

 

«Қолжетімді тұрғын үй - 2020» бағдарламасын бекіту туралы 



Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 маусымдағы № 821 

Қаулысы 

  

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 



1.  Қоса  беріліп  отырған  «Қолжетімді  тұрғын  үй  -  2020»  бағдарламасы 

бекітілсін. 

2. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар, Қаржы, 

Экономикалық  даму  және  сауда,  Еңбек  және  халықты  әлеуметтік  қорғау 

министрліктері, Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі, облыстардың, 

Астана  және  Алматы  қалаларының  әкімдіктері,  «Самұрық-Қазына»  ұлттық 

әл-ауқат  қоры»  акционерлік  қоғамы  (келісім  бойынша)  Қазақстан 

Республикасы  Құрылыс  және  тұрғын  үй-коммуналдық  шаруашылық  істері 

агенттігімен  бірлесіп,  заңнамада  белгіленген  тәртіппен  осы  қаулыдан 

туындайтын шараларды қабылдасын. 

3.  Осы  қаулыға  қосымшаға  сәйкес  Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің 

кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын. 

4. Осы қаулы 2012 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі. 

  

  



Қазақстан Республикасының 

Премьер-Министрі  

  

К. Мәсімов 

  

Қазақстан Республикасы 



Үкіметінің 

2012 жылғы 21 маусымдағы 

№ 821 қаулысымен 

бекітілген 



  

  

«Қолжетімді тұрғын үй - 2020» бағдарламасы 

  

1. Бағдарламаның паспорты 

  

Атауы  



«Қолжетімді тұрғын үй - 2020» бағдарламасы 

  

Әзірлеу үшін 



негіздеме 

Қазақстан 

Республикасының 

Президенті 

Н.Ә.Назарбаевтың  2012  жылғы  27  қаңтардағы 

«Әлеуметтік  экономикалық  жаңғырту  -  Қазақстан 

дамуының  басты  бағыты»  атты  Қазақстан  халқына 

Жолдауында  берген  тапсырмаларын  іске  асыру 

мақсатында 

  


Бағдарламаны 

әзірлеуге және іске 

асыруға жауапты 

мемлекеттік орган 

  

Қазақстан  Республикасы  Құрылыс  және  тұрғын  үй-



коммуналдық шаруашылық істері агенттігі 

  

Мақсаты 



Халықтың  тұрғын  үйге  қолжетімділігін  қамтамасыз 

ететін  тұрғын үй құрылысын дамыту  проблемаларын 

кешенді түрде шешу 

  

Міндеттері 



Толыққанды  теңгерімді  тұрғын  үй  құрылысы 

нарығын жасау; 

тұрғын  үй  құрылысына  жеке  инвестицияларды  тарту 

және 


мемлекеттік-жеке 

меншік 


әріптестікті 

ынталандыру; 

тұрғын  үй  құрылысы  салынатын  аудандардың 

инженерлік-коммуникациялық 

инфрақұрылымын 

дамыту; 


жеке тұрғын үй құрылысын дамыту; 

авариялық тұрғын үйлерді бұзу мәселесін шешу; 

азаматтардың  коммерциялық  емес  бірлестіктерінің, 

оның  ішінде  тұрғын  үй  құрылыс  кооперативтерінің, 

сондай-ақ  жеке  құрылыс  салушылардың  тұрғын  үй 

салуын қолдау; 

Қазақстан  Республикасында  құрылыс  индустриясын 

дамыту 


  

Іске асыру 

мерзімдері 

2012 - 2020 жылдар 

  

Нысаналы 



индикаторлар 

2012  -  2020  жылдары  жалпы  алаңы  69050,0  мың 

шаршы  метр,  оның  ішінде  2012  жылы  -  6050,0  мың 

шаршы  метр,  2013  жылы  -  6600,0  мың  шаршы  метр, 

2014  жылы  -  6900,0  мың  шаршы  метр,  2015  жылы  - 

7200,0  мың  шаршы  метр,  2016  жылы  -  7600,0  мың 

шаршы  метр,  2017  жылы  -  7700,0  мың  шаршы  метр, 

2018  жылы  -  8000,0  мың  шаршы  метр,  2019  жылы  - 

9000,0  мың  шаршы  метр,  2020  жылы  -  10000,0  мың 

шаршы метр тұрғын үй салу 

  

Қаржыландыру 



көздері және көлемі 

1. Бюджеттен шығын қажеттілігі мынаны құрайды: 

1951454 миллион теңге (бұдан әрі - млн. теңге), оның 

ішінде  2012  жылы  -  146200  млн.  теңге,  2013  жылы  - 

197900  млн.  теңге,  2014  жылы  -  250750  млн.  теңге, 

2015 жылы - 232963 млн. теңге, 2016 жылы  - 241741 

млн.  теңге,  2017  жылы  -  212200  млн.  теңге,  2018 

жылы -  216000  млн.  теңге, 2019  жылы  -  220500 млн. 



теңге, 2020 жылы - 233200 млн. теңге, соның ішінде: 

  

бюджеттік  кредит  беру  -  437200  млн.  теңге,  оның 



ішінде: 

  

облыстардың,  Астана  және  Алматы  қалаларының 



жергілікті  атқарушы  органдарына  жылдық  0,01  % 

ставка  бойынша  тұрғын  үй  құрылыс  жинақтары 

жүйесі  арқылы  тұрғын  үй  жобалауға,  салуға  және 

(немесе) сатып алуға - 375000 млн. теңге, оның ішінде 

2012  жылы  -  42400  млн.  теңге,  2013  жылы  -  34600 

млн. теңге, 2014 жылы - 35000 млн. теңге, 2015 жылы 

-  37000  млн.  теңге,  2016  жылы  -  40000  млн.  теңге, 

2017  жылы  -  42000  млн.  теңге,  2018  жылы  -  45000 

млн. теңге, 2019 жылы - 48000 млн. теңге, 2020 жылы 

- 51000 млн. теңге; 

  

Астана  қаласының  жергілікті  атқарушы  органына 



жылдық  0,01  %  ставка  бойынша  авариялық  тұрғын 

үйлерді бұзу жөніндегі пилоттық жобалар шеңберінде 

тұрғын үй жобалауға және салуға - 40000 млн. теңге, 

оның  ішінде  2013  жылы  -  20000  млн.  теңге,  2014 

жылы - 20000 млн. теңге; 

  

Маңғыстау 



облысының 

жергілікті 

атқарушы 

органына жылдық 0,01 % ставка бойынша авариялық 

тұрғын  үйлерді  бұзу  жөніндегі  пилоттық  жобалар 

шеңберінде тұрғын үй жобалауға және салуға - 10000 

млн. теңге, оның ішінде 2013 жылы - 5000 млн. теңге, 

2014 жылы - 5000 млн. теңге; 

  

2012 жылы «Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ 



банкі»  акционерлік  қоғамын  жылдық  1  %  ставка 

бойынша 12200 млн. теңге; 

  

нысаналы  трансферттер  -  1514254  млн.  теңге,  оның 



ішінде: 

облыстардың, 

Астана 

және 


Алматы 

қалаларының  жергілікті  атқарушы  органдарына 

әкімдіктерде  кезекте  тұрған  азаматтар  үшін  жалға 

берілетін  үйлерді  жобалауға,  салуға  және  (немесе) 

жеке  құрылыс  салушылардан  сатып  алуға  -  263600 

млн.  теңге,  оның  ішінде  2012  жылы  -  19600  млн. 

теңге,  2013  жылы  -  25000  млн.  теңге,  2014  жылы  - 

25000 млн. теңге, 2015 жылы - 27000 млн. теңге, 2016 

жылы  -  30000  млн.  теңге,  2017  жылы  -  31000  млн. 


теңге,  2018  жылы  -  33000  млн.  теңге,  2019  жылы  - 

35000 млн. теңге, 2020 жылы - 38000 млн. теңге; 

  

облыстардың,  Астана  және  Алматы  қалаларының 



жергілікті  атқарушы  органдарына  жас  отбасылар 

үшін  жалға  берілетін  тұрғын  үй  жобалауға,  салуға 

және  (немесе)  сатып  алуға  және  оны  тұрғын  үй 

құрылыс  жинақтары  жүйесі  арқылы  сатуға  -  210000 

млн.  теңге,  оның  ішінде  2012  жылы  -  15000  млн. 

теңге,  2013  жылы  -  15000  млн.  теңге,  2014  жылы  - 

20000 млн. теңге, 2015 жылы - 23000 млн. теңге, 2016 

жылы  -  24000  млн.  теңге,  2017  жылы  -  26000  млн. 

теңге,  2018  жылы  -  27000  млн.  теңге,  2019  жылы  - 

29000 млн. теңге, 2020 жылы - 31000 млн. теңге; 

  

облыстардың,  Астана  және  Алматы  қалаларының 



жергілікті  атқарушы  органдарына  тұрғын  үй 

құрылысы 

салынатын 

аудандарда 

инженерлік-

коммуникациялық 

инфрақұрылымды 

жобалауға, 

дамытуға, жайластыруға және (немесе) жеке құрылыс 

салушылардан сатып алуға - 811000 млн. теңге, оның 

ішінде  2012  жылы  -  51000  млн.  теңге,  2013  жылы  - 

60000  млн.  теңге,  2014  -  2020  жылдары  жыл  сайын 

100000 млн. теңге; 

  

Алматы облысында Алматы қаласының төрт серіктес 



қаласын  дамыту  жөнінде  алдын  ала  жұмыстар 

жүргізуге - 73500 млн. теңге, оның ішінде 2012 жылы 

- 4000 млн. теңге, 2013 жылы - 10100 млн. теңге, 2014 

жылы - 9100 млн. теңге, 2015 жылы - 9300 млн. теңге, 

2016 жылы - 9100 млн. теңге, 2017 жылы - 9700 млн. 

теңге, 2018 жылы - 7500 млн. теңге, 2019 жылы - 5000 

млн. теңге, 2020 жылы - 9700 млн. теңге;  

  

Алматы  облысында  Алматы  қаласының  бесінші 



«Алтын сай» серіктес қаласын дамыту жөнінде алдын 

ала  жұмыстар  жүргізуге  -  19500  млн.  теңге,  оның 

ішінде 2013 жылы - 900 млн. теңге, 2014 жылы - 6200 

млн. теңге, 2015 жылы - 6200 млн. теңге, 2016 жылы - 

6200 млн. теңге; 

  

Ақмола  облысында  Астана  қаласының  серіктес 



қаласы  ретінде  Қосшы  селосын  дамыту  жөнінде 

алдын  ала  жұмыстар  жүргізуге  -  28900  млн.  теңге, 

оның ішінде 2012 жылы - 2000 млн. теңге, 2013 жылы 


- 2300 млн. теңге, 2014 жылы  - 4200 млн. теңге, 2015 

жылы - 2900 млн. теңге, 2016 жылы - 3500 млн. теңге, 

2017 жылы - 3500 млн. теңге, 2018 жылы - 3500 млн. 

теңге, 2019 жылы - 3500 млн. теңге, 2020 жылы - 3500 

млн. теңге; 

  

жалға  берілетін  тұрғын  үй  салу  үшін  «Қазақстандық 



ипотекалық  компания»  ипотекалық  ұйым»  АҚ-ның 

жарғылық  капиталын  ұлғайтуға  -  107754  млн.  теңге, 

оның  ішінде  2013  жылы  -  25000  млн.  теңге,  2014 

жылы  -  26250  млн.  теңге,  2015  жылы  -  27563  млн. 

теңге, 2016 жылы - 28941 млн. теңге. 

  

2.  Тұрғын  үй  салу  үшін  «Самұрық-Қазына» 



жылжымайтын  мүлік  қоры  арқылы   «Самұрық-

Қазына» 


АҚ-тың 

кредиттік 

қаражатын 

және 


Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын 

пайдалану  көзделіп  отыр:  2013  жылы  -  39  621  млн. 

теңге, 2014 жылы - 59 432 млн. теңге. 

  

Бағдарламаны  2012  -  2020  жылдары  қаржыландыру 



көлемі тиісті қаржы жылына арналған республикалық 

бюджеттің  болжамды  көрсеткіштері  шеңберінде 

нақтыланатын болады. 

  

Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы 



ҚРҮ - Қазақстан Республикасының Үкіметі; 

ЭДСМ  -  Қазақстан  Республикасы  Экономикалық  даму  және  сауда 

министрлігі; 

ИЖТМ  -  Қазақстан  Республикасы  Индустрия  және  жаңа  технологиялар 

министрлігі; 

Қаржымині - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі

ҚР ҰБ - Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі; 

ҚТҮШІА  -  Қазақстан  Республикасы  Құрылыс  және  тұрғын  үй-

коммуналдық шаруашылық істері агенттігі; 

ЖАО - жергілікті атқарушы органдар

«Самұрық-Қазына»  ҰӘҚ»  АҚ  -  «Самұрық-Қазына»  ұлттық  әл-ауқат 

қоры» акционерлік қоғамы; 

ҚТҚЖБ  -  «Қазақстанның  тұрғын  үй  құрылыс  жинақ  банкі»  акционерлік 

қоғамы; 


«ҚИК»  ИҰ»  АҚ  -  «Қазақстандық  ипотекалық  компания»  ипотекалық 

ұйым» акционерлік қоғамы; 

«Жылжымайтын  мүлік  қоры»  АҚ  -  «Самұрық-Қазына»  жылжымайтын 

мүлік қоры» акционерлік қоғамы;  

ЖТҚ - жеке тұрғын үй құрылысы; 


ӘКК - әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация; 

ҚР  ҚНжЕ  -  Қазақстан  Республикасының  Құрылыс  нормалары  және 

ережелері; 

ТҚК - тұрғын үй құрылысы кооперативтері;  

Құрылыс  салушы  -  тұрғын  үй  салуды  жүзеге  асыру  үшін  белгіленген 

тәртіппен жер учаскесі берілген заңды тұлға. 



  

  

2. Кіріспе 

  

Қазақстан  Республикасының  тәуелсіздігі  жылдары  ішінде  тұрғын  үй 



құрылысы  Қазақстанның  2030  жылға  дейінгі  даму  стратегиясының  басым 

бағыттарының  бірі  болып  танылды  және  жалпыұлттық  сипаттағы  ең 

маңызды міндеттердің бірі болып табылады. 

Екі мыңыншы жылдардың ортасынан бастап Қазақстан Республикасының 

Үкіметі  тұрғын  үй  құрылысын  дамыту  бойынша  бірқатар  құжаттарды 

қабылдады, олардың ішіндегі негізгілері: 

1) Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 11 маусымдағы № 

1388  Жарлығымен  бекітілген  Қазақстан  Республикасында  тұрғын  үй 

құрылысын  дамытудың  2005  -  2007  жылдарға  арналған  мемлекеттік 

бағдарламасы (бұдан әрі - 2005 - 2007 жылдардағы бағдарлама); 

2)  Қазақстан  Республикасы  Президентінің  2007  жылғы  20  тамыздағы  № 

383  Жарлығымен  бекітілген  Қазақстан  Республикасындағы  тұрғын  үй 

құрылысының  2008  -  2010  жылдарға  арналған  мемлекеттік  бағдарламасы 

(бұдан әрі - 2008 - 2010 жылдардағы мемлекеттік бағдарлама); 

3)  Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің  2010  жылғы  30  қыркүйектегі  № 

1004  қаулысымен  бекітілген  Қазақстан  Республикасындағы  тұрғын  үй 

құрылысының 2011 - 2014 жылдарға арналған бағдарламасы

4) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 329 

қаулысымен  бекітілген  Қазақстан  Республикасындағы  тұрғын  үй 

құрылысының 2011 - 2014 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрі - 2011 

- 2014 жылдардағы бағдарлама). 

2005  -  2007  жылдардағы  мемлекеттік  бағдарламаның  негізгі  бағыттары 

тұрғын үйдің құнын арзандату арқылы халықтың қалың жігі үшін қолжетімді 

тұрғын үй құрылысының тұрақты өсу қарқынын қамтамасыз ету, тұрғын үйге 

кредит  беру  мерзімдерін  ұзарту,  кредит  берудің  бастапқы  жарнасы  мен 

ставкаларын азайту болып табылады. 

2005-  2007  жылдардағы  мемлекеттік  бағдарламаны  іске  асыру  орта  тап 

пен  халықтың  әлеуеттік  қорғалған  жігі  үшін  тұрғын  үй  салуды 

ынталандыруға:  азаматтардың  басым  құқық  берілген  санаттары  (балалары 

бар жас отбасылары, мемлекеттік органдар мен мекемелердің қызметкерлері 

және  әлеуметтік  саланың  мемлекеттік  кәсіпорындары  қызметкерлері)  үшін 

мемлекеттік  қаражат  есебінен  сату  құны  бір  шаршы  метр  үшін  56515 

теңгеден аспайтын коммуналдық және қолжетімді тұрғын үй салуға, сондай-

ақ  жеке  тұрғын  үй  құрылысын  дамытуға,  жеке  капитал  инвестицияларын 



тарту  есебінен  тұрғын  үй  салуға  бағытталған  шараларды  қабылдау  арқылы 

жүзеге асырылды. 

2005  -  2007  жылдарға  арналған  мемлекеттік  бағдарламаның  шеңберінде 

Ипотекалық кредит берудің арнайы бағдарламасы әзірленді және ипотекалық 

кредит берудің мынадай мақсатты шарттарына қол жеткізілді: 

1) сыйақы ставкасының көлемі - 10 %; 

2) бастапқы жарна көлемі - 10 %; 

3) ипотекалық кредит мерзімі - 20 жыл. 

Тұрғын үй құрылысын дамыту проблемаларын кешенді шешу мақсатында 

республикада  жер  учаскелерін  беру  рәсімдерін  жетілдіруге  және  тұрғын  үй 

құрылысы 

салынатын 

аудандарды 

инженерлік-коммуналдық 

инфрақұрылыммен қамтамасыз етуге бағытталған жұмыс жүргізілді. 

2006  -  2007  жылдары  инженерлік-коммуналдық  инфрақұрылымды 

дамытуға  жергілікті  атқарушы  органдардың  бюджеттеріне  50,5  млрд.  теңге 

сомасында  нысаналы  трансферттер  бөлінді.  Нәтижесінде  3,3  мың  км 

инженерлік 

желі 


салынды. 

Бұдан 


басқа, 

көптеген 

өңірлерде 

трансформаторлық  қосалқы  станциялар,  күш  трансформаторлары,  жылу 

камералары, шаруашылық-нәжістік кәріз коллекторлары, сорғы станциялары 

пайдалануға берілді. 

Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің  2006  жылғы  1  тамыздағы  №  726 

қаулысымен жер учаскелерін бөлудің жеңілдетілген тәртібін көздейтін Жеке 

тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелеріне құқық беру ережесі бекітілді. 

2005 жылғы 1 қаңтардан бастап 221594 учаске бөлінді, оның ішінде жас 

отбасыларына 

59599 


учаске 

(33 


%), 

мемлекеттік 

органдардың 

қызметкерлеріне  -  13942  (28  %),  әлеуметтік  сала  кәсіпорындарының 

қызметкерлеріне - 30874 (35 %) бөлінді. 

2005  -  2007  жылдардағы  мемлекеттік  бағдарламаның  шеңберінде 

өткізілген іс-шаралардың арқасында тұрғын үй құрылысының қарқыны өсті, 

инвестиция  үшін  тұрғын  үй  құрылысының  тартымдылығын  арттыратын 

жағдай  және  қолжетімді  тұрғын  үй  салу,  кейін  басым  құқық  берілген 

азаматтарға  сату  үшін  жергілікті  атқарушы  органдарға  кредит  беру  тетігі 

жасалды, ипотекалық кредит беру құралдары, тұрғын үй құрылыс жинақтары 

жүйесі,  ипотекалық  кредиттерге  кепілдік  беру  жүйесі  пайдаланылды, 

коммуналдық тұрғын үй салу қайтадан басталды. 

Қазақстан Республикасының мынадай заңдары қабылданды: 

1) тұрғын үйдің жалдау секторын дамыту үшін жағдай жасауды көздейтін 

«Қазақстан  Республикасының  кейбір  заңнамалық  актілеріне  тұрғын  үйдің 

жалға  берілетін  секторын  дамыту  мәселелері  бойынша  өзгерістер  мен 

толықтырулар енгізу туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі № 182 Заң

Осы  Заң  республикада  жалға  берілетін  үйлердің  құқықтық  мәртебесін, 

жалдау  шартын,  жергілікті  атқарушы  органдардың  тұрғын  үйді  жалдау 

тетігін,  жалға  берілетін  тұрғын  үй  құрылысын  салықтық  ынталандыруды 

белгілейді,  сондай-ақ  Қазақстан  Республикасында  жылжымайтын  мүлік 

қорларының құқықтық ережесін, жұмыс істеу ерекшелігін айқындайды; 


2)  Тұрғын  үй  құрылысына  үлестік  қатысу  туралы  шарт  тараптарының 

құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау кепілдігін белгілейтін, «Тұрғын үй 

құрылысына үлестік қатысу туралы» 2006 жылғы 7 шілдеде № 180 Заң. 

2005 - 2007 жылдары қаржыландырудың барлық көздері бойынша тұрғын 

үй құрылысына 1113 млрд. теңге инвестиция жұмсалды. 

2005  -  2007  жылдардағы  мемлекеттік  бағдарламаны  іске  асырудың 

қорытындысы  бойынша  15,8  млн.  шаршы  метр  тұрғын  үйді  іске  қосу 

жоспарланған, іс жүзінде жалпы алаңы 17,9 млн. шаршы метр тұрғын үй іске 

қосылды  (жария  етумен  -  19,3  млн.  шаршы  метр),  тапсырманы  асыра 

орындау 13 % (жария етумен - 22 %). 

Сонымен, 2005  - 2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама өзінің 

тұрғын үй құрылысын ынталандыру деген негізгі міндетін орындады. 

2008  -  2010  жылдардағы  мемлекеттік  бағдарламадада  аз  қамтамасыз 

етілген  азаматтарды  және  басым  құқық  берілген  санатқа  жататын 

азаматтарды тұрғын үйдің жалпы алаңының 1 шаршы метрі үшін 56515 теңге 

деген бағада тұрғын үймен қамтамасыз етуге басты назар аударылды. 

Азаматтардың  көпшілігінде  бастапқы  жарнаны  төлеуге  қаражат  жоқ 

екенін  ескере  отырып,  оларға  кредит  беру  тұрғын  үй  құрылыс  жинақтары 

жүйесі арқылы алдын ала қарыздарды пайдаланып жүзеге асырылып жатыр. 

Сонымен  қатар,  республикалық  бюджеттің  қаражаты  есебінен 

коммуналдық  (жалға  берілетін)  тұрғын  үй  және  тұрғын  үй  құрылысы 

салынатын  аудандарда  инженерлік-коммуникациялық  инфрақұрылым  салу 

жалғасып жатыр. 

Бұдан  басқа,  Алматы  облысында  Алматы  қаласының  төрт  серіктес 

қаласын және Ақмола облысында Астана қаласының серіктес қаласы ретінде 

Қосшы селосын дамыту жөніндегі алдын ала жұмыстар басталды. 

Мемлекеттік-жеке  меншік  серіктестікті  ынталандыру  үшін  тұрғын  үй 

құрылысында әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияны пайдалану көзделген. 

2008  -  2010  жылдардағы  мемлекеттік  бағдарламаны  іске  асырудың 

қорытындысы  бойынша  19,3  млн.  шаршы  метр  тұрғын  үйді  іске  қосу 

жоспарланған,  іс  жүзінде  жалпы  алаңы  19,7  млн.  шаршы  метр  тұрғын  үй 

немесе жоспардың 102 % пайдалануға берілді. 

2008  -  2010  жылдары  тұрғын  үйді  іске  қосу  жоспары  орындалғанына 

қарамастан,  дүниежүзілік  қаржы  дағдарысы  тұрғын  үй  құрылысына  да,  ең 

алдымен үлескерлер қатысқан құрылысқа да әсер етті. 

Үкімет әлеуметтік-экономикалық дамудың тұрақтылығын қамтамасыз ету 

жөніндегі  бірінші  кезектегі  іс-қимылдар  жоспарын  бекіткен  болатын,  оған 

еліміздің 

ипотекалық 

нарығында 

тұрақтылықты 

қамтамасыз 

ету, 

үлескерлердің  құқықтарын  қорғау  және  құрылыс  объектілерін  аяқтау 



жөніндегі шаралар кірді. 

Үлескерлерді  қолдау  үшін  Қазақстан  Республикасының  Үкіметі  үлестік 

құрылысты 263,4 млрд. теңге сомасында бюджеттік қаржыландыру бойынша 

кешенді шаралар қабылдады (01.01.2011 жылғы жағдай). 

Нәтижесінде,  егер  2007  жылғы  4-тоқсанда,  дүниежүзілік  дағдарыс 

басталған сәтте республикада 450 тұрғын үй кешені (62889 үлескер) салынып 



жатса,  енді  2011  жылғы  1  қаңтардағы  жағдай  бойынша  58  объектіні  (13650 

үлескер) салып бітіру қажет болды. 

Бюджет  қаражатын  үлестік  құрылысқа  құю  -  бұл  қоғамдағы  әлеуметтік 

шиеленістің алдын алу қажеттілігінен туындаған бір жолғы акция екенін атап 

өту керек. 

Үлестік  құрылыста  өзара  қатынастарды  реттеу  үшін  одан  әрі  бюджеттік 

шығындарға  жол  бермейтін  жүйелі  шара  ретінде  үлестік  құрылысты 

регламенттейтін  қолданыстағы  заңнама  қатаңдатылды  -  2009  жылғы  11 

шілдеде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын 

үй  құрылысына  үлестік  қатысу  мәселелері  бойынша  өзгерістер  мен 

толықтырулар 

енгізу 


туралы» 

Қазақстан 

Республикасының 

Заңы 


қабылданды. 

Қазақстан  Республикасының  Үкіметі  қабылдаған  шаралардың  арқасында 

коммерциялық  тұрғын  үй  объектілерінің  құрылысы  аяқталды,  бұл  2008  - 

2010 жылдары жеке меншік нысанындағы кәсіпорындардың тұрғын үйді іске 

қосу қарқынының өсуін қамтамасыз етті. 

2011  жылдан  бастап  тұрғын  үй  құрылысын  одан  әрі  дамыту  бастапқыда 

Қазақстан  Республикасында  құрылыс  индустриясын  және  құрылыс 

материалдары  өндірісін  дамыту  жөніндегі  2010  -  2014  жылдарға  арналған 

бағдарламаның шеңберінде көзделген болатын. оның негізгі мақсаты елімізде 

құрылыс индустриясының индустриялық-инновациялық дамуын қамтамасыз 

ету,  тұрақты  және  теңгерімделген  құрылыс  материалдарын  өндіру  болып 

табылады.  Бұл  ретте  тұрғын  үй  құрылысының  мәселелері  кейінге 

қалдырылды.  Сонымен  бірге,  2008  жылдан  бастап  тұрғын  үй  құрылысына 

жеке инвестициялардың төмендегені байқалды, олардың есебінен дағдарысқа 

дейінгі кезең ішінде тұрғын үйдің 87 % салынған болатын (оның ішінде ЖТҚ 

60 %). Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі 

жүргізген  талдау  2012  жылы  тұрғын  үй  құрылысының  көлемі  күрт 

төмендейді  деп  күтіліп  отырғанын,  бұл  өз  кезегінде  тұрғын  үй  бағасының 

өсуіне алып келетінін көрсетті. 

Тұрғын үй құрылысының көлемін сақтап қалу, оған жеке инвестициялар 

тартуды  ынталандыру,  тұрғын  үй  құрылыс  жинақтары  жүйесін 

мүмкіндігінше 

кеңінен 

пайдалану, 

инженерлік-коммуникациялық 

инфрақұрылым салуды жалғастыру, сондай-ақ басқа міндеттерді шешу үшін 

2011  жылғы  31  наурызда  Үкімет  Қазақстан  Республикасындағы  тұрғын  үй 

құрылысының 2011 - 2014 жылдарға арналған бағдарламасын бекітті. 

Қазақстан  Республикасындағы  тұрғын  үй  құрылысының  2011  -  2014 

жылдарға  арналған  бағдарламасының  шеңберінде  жергілікті  атқарушы 

органдардың  халықтың  негізгі  топтары  үшін  тұрғын  үйдің  қолжетімділігін 

арттыра отырып, ҚТҚЖБ арқылы сатылатын кредиттік тұрғын үй салуының 

жаңа  схемасы,  ЖТҚ  дамыту,  екінші  деңгейдегі  банктерді  (бұдан  әрі  -  ЕДБ) 

қорландыру  жолымен  коммерциялық  тұрғын  үйді  қолдау,  «Самұрық-

Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ-ның тұрғын үй салуы, тұрғын үйдің 

қолжетімділігін  арттырудың  басқа  да  бағыттары  және  тұрғын  үй 



құрылысының  көлемін  ұлғайту  үшін  қосымша  ынталандыру  шараларын 

жасау көзделген. 

Қабылданған  шаралардың  нәтижесінде  2011  жылы  қаржыландырудың 

барлық  көздері  бойынша  6,5  млн.  шаршы  метр  тұрғын  үй  пайдалануға 

берілді, бұл жоспарланған іске қосу көлемінен 8,3 % артық. 

Осылайша, 

тұрғын 

үй 


құрылысының 

жоғарыда 

көрсетілген 

бағдарламасын  іске  асырудың  нәтижесі  туралы  айтсақ,  жүргізілген 

талдаудың  нәтижесінде  алға  қойылған  міндеттер  толық  орындалды  деп 

айтуға болады. 

Сонымен бірге, талдау бағдарламада көрсетілген әлсіз жақтарды көрсетті: 

1)  халықтың  экономикалық  жағынан  белсенді  негізгі  топтары  үшін 

тұрғын үйдің қолжетімділігін толық қамтамасыз етуге мүмкіндік болмады; 

2)  мемлекет  олардың  алдында  белгілі  бір  міндеттемелер  алған 

азаматтарды,  сондай-ақ  жас  отбасыларын  тұрғын  үймен  қамтамасыз  ету 

жылдамдатылған жоқ. 

Осы  міндеттерді  шешу  үшін  Қазақстан  Республикасының  Президенті 

Н.Ә.Назарбаев  2012  жылғы  27  қаңтардағы  «Әлеуметтік  экономикалық 

жаңғырту  -  Қазақстан  дамуының  басты  бағыты»  атты  Қазақстан  халқына 

жолдауында  құрылыс  саласында  қолданылып  жүрген  бағдарламаларға 

тексеру және талдау жүргізуді, олардың негізінде жыл сайын жалға берілетін 

тұрғын  үйдің  көлемін  1  млн.  шаршы  метрге  жеткізуді  және  сатып  алу 

құқығымен  жалдау  тетігін,  сондай-ақ  құрылыс  индустриясын  дамыту 

жөніндегі  кешенді  шараларды  көздейтін  бірыңғай  «Қолжетімді  тұрғын  үй  - 

2020» бағдарламасын әзірлеуді және бекітуді тапсырды. 



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет