«Қолжетімді тұрғын үй 2020» бағдарламасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 маусымдағы №821



Pdf көрінісі
бет4/7
Дата07.02.2017
өлшемі405,32 Kb.
#3593
1   2   3   4   5   6   7

  

  

2) Жас отбасыларға арналған тұрғын үйлер 

  

Бұл  Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Ә.Назарбаевтың  2012 



жылғы  27  қаңтардағы  «Әлеуметтік  экономикалық  жаңғырту  -  Қазақстан 

дамуының  басты  бағыты»  атты  Қазақстан  халқына  Жолдауында  берген 

тапсырмаларын  іске  асыру  шеңберінде  әзірленген  тұрғын  үй  құрылысының 

жаңа бағыты. 

Жас  отбасылар  үшін  жалға  берілетін  тұрғын  үйдің  жайлылық  деңгейі  3 

және 4-сыныпты болуға тиіс. 

ЖАО-ның  жас  отбасылар  үшін  тұрғын  үй  құрылыс  жинақтар  жүйесі 

арқылы сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үй салу тетігі мынадай: 

1. Жалға берілетін тұрғын үй салуды және (немесе) дайынын сатып алуды 

жүзеге  асыру  үшін  республикалық  бюджеттен  ЖАО-ға  нысаналы 

трансферттер бөлу. Жоба әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар арқылы іске 

асырылған жағдайда, ЖАО тұрғын үй құрылысын жүзеге асыру үшін ӘКК-ға 

трансферттер бөледі. 

2.  Тұрғын  үй  құрылыс  жинақтары  жүйесі  арқылы  сатып  алу  құқығымен 

жалға  берілетін  тұрғын  үй  салу  және  сату  жөніндегі  жобалар  шеңберінде 

ЖАО мен ҚТҚЖБ-ның ынтымақтастық ниеті туралы келісімге қол қоюы. 

ЖАО және ҚТҚЖБ тұрғын үйді жалға алу, сатып алу-сату шарттарының 

үлгі нысандарын келіседі. 

3. ЖАО-ның жалға берілетін тұрғын үй салуды қамтамасыз етуі. 

4. 


ЖАО-ның 

Бағдарламаға 

қатысуға 

үміткерлердің 

тізімін 

қалыптастыруы. 

5. Бағдарламаға қатысушыларды іріктеу үшін ЖАО-ға қойылатын негізгі 

талаптардың  1)-7)  тармақшаларында  баяндалған  талаптарға  сай  келетін 

Бағдарламаға  қатысуға  үміткерлерге  ЖАО-ның  ҚТҚЖБ-ға  пәтердің  (үй-

жайдың)  алаңын,  1  шаршы  метрдің  құнын  көрсете  отырып,  жолдамалар 

беруі. Бұл бағыттарды Бағдарламаға қатысуға үміткерлер ҚТҚЖБ-ға береді. 

Берілген жолдамалар саны салынған пәтерлер санына сәйкес болуы тиіс. 

6.  Бағдарламаға  қатысу  үшін  ҚТҚЖБ-ның  төлем  қабілетін  бағалауы 

банктің  ішкі  құжаттарына  сәйкес  жүзеге  асырылады,  Бағдарламаға  қатысу 

үшін төлем қабілетінен өту туралы растау ұсынуы. 

7. ЖАО-ның жалға берілетін тұрғын үйді бөлу үшін өтініш берушілердің 

төлем қабілетін растаған азаматтардың түпкілікті тізімін қалыптастыруы. 

8.  ҚТҚЖБ-ның  Бағдарламаға  қатысушылармен  тұрғын  үй  құрылыс 

жинақтары  туралы  шартқа  Бағдарлама  (жалға  берілетін  тұрғын  үйді  сатып 

алу) қатысу шарттар бар қосымша келісім жасауы, 3 және одан көп ай ішінде 

төлемдер  енгізілмеген  жағдайда  жалдаушыдан  тұрғын  үй  құрылыс 


жинақтары бойынша айын сайынғы төлемнің 6 еселеген мөлшерінде кепілдік 

жарнаны қабылдауы. 

9.  Тұрғын  үйді  пайдалануға  бергеннен  кейін  ЖАО-ның  Бағдарламаға 

қатысушылармен жалдау шартын жасауы, онда мыналар көзделген: 

1)  жалдаушылардың  8  жылдан  көп  емес  кезеңге  нөлдік  ставка  бойынша 

жалдау  төлемдерін  төлеуі  (коммуналдық  қызметтерге:  электр  энергиясына, 

суға, жылуға, тұрғын үйді күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарға төлемдері 

және т.б. қамтылады); 

2)  тұрғын  үйді  сатып  алу  үшін  8  жылға  дейін  мерзім  ішінде  тұрғын  үй 

құрылыс жинақтары жарналарын міндетті жинақтау

3)  3  және  одан  көп  ай  ішінде  тұрғын  үй  құрылыс  жинақтарына 

жарналарды  жинау  жөніндегі  төлемдердің  болмауы  туралы  ҚТҚЖБ-дан 

ақпарат  түскен  кезде  ЖАО-ның  жалдаушы  мен  оның  отбасы  мүшелерін 

жалға  алған  пәтерден  шығару  тәртібі.  ҚТҚЖБ  тұрғын  үй  құрылыс 

жинақтарына  жарна  салу  мониторингін  жалға  алу  шартын  жасаған  күннен 

бастап жүзеге асырады. 

Мұндай жағдайда жалдаушыны ЖАО пәтерден шығарады, ҚТҚЖБ ЖАО-

ға  тұрғын  үй  құрылыс  жинақтарында  жинақталған  жарналар  және 

қатысушының  кепілдік  жарналары  есебінен  Бағдарламаға  қатысушының 

пәтерде тұрғаны үшін өтемақы аударады. Өтемақы сомасы жалға алу шарты 

жасалған  күннен  бастап  тұрған  әрбір  ай  үшін  8  жыл  ішінде  қаражат 

жинақтаудың  стандарттық  талаптарына  сай  есептелген  салымға  ай  сайынғы 

жарнаның бір реттік мөлшері шамасында есептеледі. 

ЖАО  ҚТҚЖБ-ге  жалға  алушыныны  пәтерден  шығару,  соның  ішінде 

өтемақы аудару үшін тұрған айларының саны туралы ақпарат береді. 

Бұдан  кейін  ЖАО  жоғарыдағы  көзделген  тәртіппен  ҚТҚЖБ  белгілеген 

мерзімде  Бағдарламаға  қатысушыны  ауыстыруды  жүзеге  асырады.  ЖАО 

жаңа жалға алушы үшін тұрғын үй құнын алдыңғы жалға алушының нақты 

тұрғаны үшін алынған өтемақы мөлшеріне азайтады; 

4) жалға берілген тұрғын үйде тұру тәртібі мен шарттары және т.б. 

Жалдау  шартының  және/немесе  тұрғын  үй  құрылыс  жинақтары  туралы 

шарттың  талаптары  орындалмаған  жағдайда  Бағдарламаға  қатысушыны 

жалға  берілген  тұрғын  үйден  шығару  және  ауыстыру  рәсімін  ЖАО  жүзеге 

асырады. 

10.  Жалдаушының  пәтерге  қоныстануы,  тұрғын  үй  құрылыс  жинақтары 

туралы жасалған шартқа сәйкес тұрғын үй құрылыс жинақтарын жинауы. 

11.  Жалдаушы  өз  еркімен  жалға  алған  тұрғын  үйден  шыққан  жағдайда 

оның  жалға  берілетін  тұрғын  үйді  сатып  алу  үшін  тұрғын  үй  құрылыс 

жинақтарындағы  жарнасын  ҚТҚЖБ  жалға  берілетін  тұрғын  үйде 

жалдаушының  нақты  тұрған  мерзімі  үшін  жалдау  төлемдерінің  ақысы 

ретінде  ЖАО-ға  аударады.  Өтемақы  сомасы  жалға  алу  шарты  жасалған 

күннен  бастап  тұрған  әрбір  ай  үшін  8  жыл  ішінде  қаражат  жинақтаудың 

стандарттық талаптарына сай есептелген салымға ай сайынғы жарнаның бір 

реттік мөлшері шамасында есептеледі. 



ЖАО  ҚТҚЖБ-ге  жалға  алушыныны  пәтерден  шығуы,  соның  ішінде 

өтемақы аудару үшін тұрған айларының саны туралы ақпарат береді. 

Бұдан  кейін  ЖАО  жоғарыдағы  тәртіпте  көзделген  ҚТҚЖБ  белгіленген 

мерзімде  Бағдарламаның  қатысушысын  ауыстыруды  жүзеге  асырады.  ЖАО 

жаңа жалға алушы үшін тұрғын үй құнын алдыңғы жалға алушының нақты 

тұрғаны үшін алынған өтемақы мөлшеріне азайтады. 

12.  Жалға  берілетін  тұрғын  үйді  сатып  алу  үшін  тұрғын  үй  құрылыс 

жинақтарын жинау мерзімі мен шарттары аяқталғаннан кейін жалға алынған 

пәтерлерді сатып алу-сату шарттарын жасау үшін ҚТҚЖБ-ның ЖАО-ға тізім 

ұсынуы. 


13.  ЖАО-ның  Бағдарламаға  қатысушылармен  пәтерлерді  сатып  алу-сату 

шарттарын жасауды ресімдеуі және қол қоюы, оларды банктік қарыздар мен 

кепілдік шарттарын ресімдеу үшін ҚТҚЖБ-ға беруі. 

14.  «Қазақстан  Республикасындағы  тұрғын  үй  құрылыс  жинақ  ақшасы 

туралы»  Қазақстан  Республикасының  Заңының  талаптарына,  Банктің  ішкі 

құжаттарына сәйкес 15 жыл мерзімге дейін тұрғын үй қарыздарын беру. 

Сатып алынатын жалға берілетін тұрғын үй Банкке кепілге беріледі. 

Жас  отбасыларға  таза  әрленген  тұрғын  үйдің  1  шаршы  метрі  үшін  сату 

бағасы мынаны құрайтын болады: 

1)  жайлылығы  4-сыныпты  Астана  және  Алматы  қалаларында  120  мың 

теңге  шегінде  (инженерлік  желілердің  құнын  есептемегенде),  Атырау, 

Өскемен  және  Ақтау  қалаларында  100  мың  теңге  (инженерлік  желілердің 

құнын  есептемегенде),  қалған  өңірлерде  80  мың  теңге  (инженерлік 

желілердің құнын есептемегенде); 

2)  жайлылығы  3-сыныпты  Астана  және  Алматы  қалаларында  142,5  мың 

теңге  шегінде  (инженерлік  желілердің  құнын  есептемегенде),  Атырау, 

Өскемен  және  Ақтау  қалаларында  120  мың  теңге  (инженерлік  желілердің 

құнын  есептемегенде),  қалған  өңірлерде  90  мың  теңге  (инженерлік 

желілердің құнын есептемегенде); 

3) Алматы қаласының маңындағы Алматы облысының аумақтарында таза 

әрленген тұрғын үйдің бір шаршы метрі үшін баға Алматы қаласы бойынша 

жайлылығы 3 және 4-сыныпты тұрғын үйдің бағасы сияқты көзделеді. 

Өңірлер  бойынша  пәтердің  жалпы  алаңының  бір  шаршы  метрінің 

түпкілікті құны тұрғын үйдің жобалау-сметалық құжаттамасына Мемлекеттік 

сараптаманың оң қорытындысының негізінде анықталатын болады. 

Тұрғын үй салуға және (немесе) жеке құрылыс салушылардан сатып алуға 

арналған  шығындар  салу  құнынан  асып  кеткен  жағдайда,  ол  жергілікті 

бюджеттің  есебінен  жүргізілуі  мүмкін.  Ол  үшін  ЖАО  тиісті  жылға 

республикалық  бюджеттен  бөлінген  қаражаттың  сомасынан  10  %-ға  дейін 

резерв жасауы қажет. 

2015  жылдан  бастап  құрылыстың  құнына  инфляция  коэффициентін 

қолдана отырып, жыл сайын жас отбасылар үшін тұрғын үй салуға қаражат 

бөлу көзделіп отыр. 

Осы  схеманы  практика  жүзінде  іске  асыру  үшін  ЖАО  инженерлік-

коммуникациялық инфрақұрылым жеткізілген жер учаскелерін бөлуге тиіс. 


Тетіктің  басты  артықшылығы  -  тұрғын  үй  сатып  алуды  мемлекет 

қаржыландыруының 

қажет 

болмауы. 



Тұрғын 

үйді 


сатып 

алу 


жалдаушылардың  тұрғын  үй  құрылыс  жинақтарының  және  ҚТҚЖБ  берген 

тұрғын  үй  қарыздарының  есебінен  жүргізіледі.  Мемлекеттік  үшін  екінші 

маңызды басымдық бұл түскен қаражатты жалға берілетін тұрғын үй салуға 

қайта  жұмсау,  яғни  ресурстарды  20  жылдың  ішінде  екі  есе  пайдалану  және 

Бағдарламаның  осы  тетігімен  жас  отбасыларын  кеңінен  қамту  мүмкіндігі 

болып табылады. Үшінші маңызды фактор - жалдау төлемдердің толықтығы 

мен уақтылығына ЖАО-ның мониторинг жүргізу қажеттілігінің болмауы. 

Жеңілдетілген  талаптарда  жалдамалы  тұрғын  үйде  тұра  отырып,  8  жыл 

ішінде тұрғын үй сатып алу үшін қаражат жинау, содан кейін 15 жылға дейін 

мерзімге  тұрғын  үй  карыз  алу  мүмкіндігі  жас  отбасылар  үшін  күмәнсіз 

артықшылық болып табылады. 

Жалдамалы  тұрғын  үй  салу  мен  жүзеге  асырудың  аталған  тетігі  жас 

отбасылар үшін тұрғын үйдің қолжетімділігін арттырады. 

Бағдарламаға  қатысушыларды  іріктеу  және  тұрғын  үйді  беру 

кезектілігінің тәртібін ЖАО белгілейді. 

Тұрғын  үй  қарыздарын  алу  үшін  Бағдарламаларға  қатысушыларға 

қойылатын негізгі талаптар: 

1)  Бағдарламаға  қатысу  үшін  өтініш  берген  кезде  ерлі-зайыптылардың 

екеуінің де жасы 29 жастан аспауы қажет; 

2) өтініш берген сәтте кемінде 2 жыл тіркелген некеде болуы

3)  отбасының  құрамына  ерлі-зайыптылар,  кәмелетке  толмаған  және 

еңбекке  жарамсыз  балалар,  ерлі-зайыптылардың  еңбекке  жарамсыз  ата-

аналары қосылады; 

4) ерлі-зайыптылардың екеуінің де Бағдарламаға қатысуға өтініш берілген 

елді мекенде тіркелуі

5)  Бағдарламаға  қатысушыда  және  оның  отбасы  мүшелерінде  сатып  алу 

құқығымен  жалға  берілетін  тұрғын  үйге  қоныстану  үшін  Бағдарламаға 

қатысу  үшін  өтініш  берген  елді  мекенде  меншік  құқығында  тұрғын  үйінің 

болмауы; 

6)  соңғы  5  жыл  ішінде  ерлі-зайыптылардың  және  олардың  отбасы 

мүшелерінің  тұрғын  үй  жағдайларын  қасақана  төмендету  фактілерінің 

болмауы; 

7)  өтініш  берердің  алдындағы  соңғы  6  ай  үшін  отбасының  ай  сайынғы 

жиынтық таза табысы (зейнетақы аударымдарын, жеке табыс салығын және 

басқа да аударымдарды есептемегенде), мынадай шекте: 

а)  ең  төменгі  -  Алматы,  Астана  қалалары  үшін  төменгі  күнкөріс 

деңгейінің 4 есе мөлшері, басқа қалалар үшін - төменгі күнкөріс деңгейінің 3 

есе мөлшері; 

б)  ең  жоғарғы  -  төменгі  күнкөріс  деңгейінің  12  есе  мөлшерінен  артық 

емес. 


ЖАО  өтінішті  қабылдаудың  басталғаны  туралы  хабарландыру  берген 

күннен бастап, бірақ жалға берілетін тұрғын үйдің құрылыс басталған күннен 

бастап  3  айдан  кешіктірмей  Бағдарламаға  қатысу  үшін  өтініштерді 


қабылдауды  бастайды  және  жалға  берілетін  тұрғын  үйді  іске  қосуға  6  ай 

қалғанда аяқтайды. 

Бағдарламаға қатысу үшін үміткерлер аз болған жағдайда ЖАО өтінішті 

қабылдау мерзімін ұзартуға құқылы. 

Бағдарламаға  қатысу  үшін  өтінішті  қабылдаған  кезде  ЖАО  өтініш 

иелерінің жоғарыда көрсетілген талаптарға сәйкестігіне тексеру жүргізеді. 

Жалға  берілетін  тұрғын  үйді  бөлу  үшін  төлем  қабілетін  растаған  өтініш 

берушілерді  іріктеуді  ЖАО  балдық  жүйе  бойынша  (балдың  ең  көп  саны 

бойынша) жүргізеді: 

1) тіркелген некенің әрбір жылы үшін - 5 балл; 

2) тұңғыш бала үшін - 20 балл, келесі екінші және кейінгі балалар үшін 30 

балл; 


3)  мүгедек  болып  табылатын  және  Қазақстан  Республикасының  Үкіметі 

бекіткен  созылмалы  аурулардың  кейбір  ауыр  түрлерімен  ауыратын 

отбасының әрбір мүшесі үшін - 10 балл; 

4)  мемлекеттік  бағдарламалар  шеңберінде  алдағы  іріктеу  кезінде 

салынған  тұрғын  үйдің  тізіміне  қосылмаған  үміткерлер  үшін  -  қосымша  5 

балл. 


Жалға  берілетін  тұрғын  үйді  бөлу  кезегін  жинаған  балдың  саны 

анықтайды. 

Тұрғын үй қарыздарын алу үшін Бағдарламаға қатысушыларға қойылатын 

негізгі өлшемдер: 

1)  «Қазақстан  Республикасындағы  тұрғын  үй  құрылысы  жинақ  ақшасы 

туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 7 желтоқсандағы Заңының 

нормаларын,  қарыздар  алу  үшін  тұрғын  үй  құрылыс  жинақтары  туралы 

шарттың талаптарын және ҚТҚЖБ-ның ішкі құжаттарын орындау; 

2)  ҚТҚЖБ  талаптарына  сәйкес  қарызға  қызмет  көрсету  үшін  төлем 

қабілетін растау; 

3)  ҚТҚЖБ-ның  ішкі  талаптарына  сәйкес  сатып  алынатын  тұрғын  үйді 

кепілдік қамтамасыз етуге беру. 

Осы  бағытты  іске  асыру  -  жас  отбасылар  үшін  тұрғын  үй  салу  2012 

жылдан басталады. 

Азаматтардың  барлық  санаттары  және  жас  отбасылар  үшін  ҚТҚЖБ 

салымшыларының  тарифтік  бағдарламасына  байланысты  тұрғын  үй 

қарыздары бойынша сыйақылар ставкалары жылына 4 % бастап 6,5 % дейін 

құрайды. 



  

  

«ҚИК» ИҰ» АҚ-тың тұрғын үйі 

  

Жаңа  бағыт  -  «Қазақстандық  ипотекалық  компаниясы»  ипотекалық 



ұйым»  акционерлік  қоғамының  («ҚИК»  ИҰ»  АҚ)  тұрғын  үй  салуы  -  2030 

жылға  дейін  сату  мерзімімен  сату  сатып  алу  құқығы  бар  жалға  берілетін 

тұрғын үй. 


 «ҚИК» ИҰ» АҚ-ының сатып алу құқығы бар әлеуметтік жалға берілетін 

тұрғын  үйді салу  және беру  (бұдан  әрі  -  сатып алу  құқығы  бар жалға беру) 

бойынша мынадай тетіктер ұсынылады: 

1. Қазақстан Республикасының Үкіметі: 

1) инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым жүргізу үшін жергілікті 

атқарушы органдарға мақсатты трансферттер бөледі

2) 2013 жылдан бастап 2020 жылға дейін республикалық қаражат есебінен 

107,754  млрд.  теңге  мөлшерінде  «ҚИК»  ИҰ»  АҚ-ны  капиталдандыруды 

жүзеге асырады; 

3) «ҚИК» ИҰ» АҚ-ына облигация шығару үшін 2013 жылдан бастап 2020 

жылға дейін 56,504 млрд. теңге мөлшерінде мемлекеттік кепілдік береді. 

2. ЖАО: 


1)  «ҚИК»  ИҰ»  АҚ-тың  меншігіне  инженерлік-коммуникациялық 

инфрақұрылымы  салынған  жалға  берілетін  тұрғын  үй  салу  үшін  өтеусіз 

негізде жер учаскелерін береді; 

2)  жалға  тұрғын  үй  берілуі  мүмкін  Бағдарламаға  қатысушыларды 

іріктейді және олардың есебін жүргізеді. 

Сатып  алу  құқығымен  жалға  берілетін  тұрғын  үйді  алуға  үміткер 

Бағдарламаға  қатысушылар  оны  бөлу  кезінде  Қазақстан  Республикасының 

азаматтары болуы қажет. 

Жалға 

берілетін 



тұрғын 

үйге 


мұқтаж 

азаматтардың 

тізімін 

қалыптастыруды (бұдан әрі - тізім) ЖАО жүзеге асырады. 

Құжаттарды қарау мерзімі олар тапсырылған сәттен бастап күнтізбелік 30 

күннен аспайды. 

Тізімге енгізу үшін мынадай құжаттарды ұсыну қажет: 

1) ЖАО белгілеген нысан бойынша тізімге енгізу туралы өтініш

2)  Қазақстан  Республикасы  Әділет  министрлігінің  аумақтық  органының 

анықтамасы  (өтініш  берушінің  және  онымен  бірге  тұратын  отбасы 

мүшелерінің меншік құқығында тұрғын үйінің болмауы туралы); 

3) өтініш берушінің (отбасының) әлеуметтік қорғалатын азаматтарға, жас 

отбасыларға  жататындығын  растайтын  әлеуметтік  қорғау  органынан 

анықтама не жұмыс орнынан, оның ішінде мемлекеттік қызметшінің қызмет 

орнынан, бюджеттік ұйым қызметкерінің, әскери қызметшінің, құқық қорғау 

органдары қызметкерінің және басқаларының жұмыс орнынан анықтама; 

4)  тұрақты  тұратын  орны  бойынша  тіркелгенін  растайтын  құжат 

(мекенжай  анықтамасы  не  селолық  және/немесе  ауылдық  әкімдердің 

анықтамасы). 

Қажет  болған  жағдайда  өтініш  беруші  қосымша  тұрғын  бөлмеге  құқық 

беретін  отбасында  аурудың  ауыр  түрімен  ауыратын  адамның  бар  екені 

туралы мемлекеттік денсаулық сақтау мекемесінен анықтаманы да ұсынады. 

Құжаттар  қабылдауды  құжаттардың  толық  екендігін  тексеретін  ЖАО 

бөлімшелері  қызметкерлері  жүзеге  асырады,  олар  журналға  өтініштерді 

тіркейді  және  құжаттарды  ЖАО-ның  тиісті  бөлімшелеріне  береді,  онда 

өтініш берушінің талаптарға және тиісті санатқа сәйкестігі тексеріледі. 



Тізімге  енгізу  үшін  құжаттарды  қараудың  оң  нәтижесі  болғанда,  реттік 

саны  мен  тізімге  енгізілетін  күні  көрсетілген  жазбаша  жауап  беріледі. 

Белгіленген  талаптарға және  тиісті  санаттарға  сәйкес  келмеген  кезде өтініш 

берушіге бас тартуды негіздей отырып, жазбаша жауап беріледі. 

Тізім  ЖАО  стенділерінде,  интернет-ресурстарда  орналастырылады, 

сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады және қажеттілігіне 

қарай,  бірақ  жылына  кемінде  бір  рет,  сондай-ақ  осы  тізімдегі  тұрған 

тұлғалардың талабы бойынша жазбаша түрде жаңартылып отырады. 

Азаматтардың басым құқық берілген санаттарына мыналар жатады: 

1) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары; 

2)  мемлекеттік  қызметшілер,  бюджеттік  ұйымдардың  қызметкерлері, 

әскери  қызметшілер,  ғарышкерлікке  үміткерлер,  ғарышкерлер  және 

мемлекеттік сайланбалы қызмет атқаратын адамдар

3)  жалғыз  тұрғын  үйі  Қазақстан  Республикасының  заңнамасында 

белгіленген  тәртіппен  авариялық  жағдайда  деп  танылған  Қазақстан 

Республикасының азаматтары; 

4) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына теңестірілген 

тұлғалар; 

5) 1 және 2-топтағы мүгедектер; 

6) мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеуші отбасылары; 

7)  Қазақстан  Республикасының  Үкіметі  бекітетін  аурулар  тізімінде 

аталған кейбір созылмалы аурулардың ауыр түрлерімен ауыратын адамдар; 

8) жасы бойынша зейнеткерлер

9)  кәмелетке  толғанға  дейін  ата-аналарынан  айырылған  жиырма  тоғыз 

жасқа  толмаған  жетім  балалар  мен  ата-анасының  қамқорлығынсыз  қалған 

балалар  жатады.  Мұндай  адамдардың  жасы  әскери  қызметке  шақырылған 

кезде мерзімді әскери қызметтен өту мерзіміне ұзартылады; 

10) оралмандар; 

11)  экологиялық  зілзалалар,  табиғи  және  техногенді  сипаттағы  төтенше 

жағдайлар салдарынан тұрғын үйінен айырылған адамдар; 

12) көп балалы отбасылар; 

13)  мемлекеттік  немесе  қоғамдық  міндеттерін,  әскери  қызметін  орындау 

кезінде,  ғарыш  кеңістігіне  ұшуды  дайындау  немесе  жүзеге  асыру  кезінде, 

адам  өмірін  құтқару  кезінде,  құқық  тәртібін  қорғау  кезінде  қаза  тапқан 

(қайтыс болған) адамдардың отбасылары

14) толық емес отбасылар; 

15) құқық қорғау органдарының қызметкерлері; 

16) мемлекеттік заңды тұлғалардың қызметкерлері; 

17)  мемлекетке  тиесілі  емес  әлеуметтік  саланың  қызметкерлері, 

мемлекеттік  және  (немесе)  жеке  оқу  мекемелерінің  және  денсаулық  сақтау 

кәсіпорындарының қызметкерлері; 

18)  жоғары  және  (немесе)  техникалық,  кәсіптік,  орта  білімнен  кейінгі 

білімдері  бар  және  аталған  білімдерін  алған  кезеңнен  бастап  9  жылдан 

аспайтын уақыт өткен 29 жасқа дейінгі азаматтар жатады. 



Бағдарламаға  мемлекеттік  тұрғын  үй  қорынан  тұрғын  үй  алуға  немесе 

жеке  тұрғын  үй  қорынан  ЖАО  жалдаған  тұрғын  үйге  мұқтаждар  ретінде 

ЖАО-да есепте тұрған, сондай-ақ ЖАО-да есепте тұрмаған азаматтар қатыса 

алады. 


3.  Бағдарламаның  шеңберінде  қойылған  міндеттерді  іске  асыру 

мақсатында «ҚИК» ИҰ» АҚ қолданыстағы құрылымдық бөлімше базасында 

төлемдерді  автоматтандыру  мен  жүйелендіру  бойынша  компания  құрады, 

оған  әлеуетті  жалға  алушылармен  жұмыс  бойынша  қызметтер,  жалға  беру 

және  коммуналдық  (пайдалану)  шарттарды  жасау,  ипотека  бойынша 

ағымдағы  операциялар  бойынша  қызмет  көрсетуге,  сонымен  қатар  ақша 

легін  уақтылы  және  толық  қамтамасыз  етуге  байланысты  төлемдерді  және 

жалдау  төлемдерін  жүйелендіру  мен  алым  қызметтері  беріледі.  Көрсетілген 

еншілес  ұйым  өз  кезегінде  мамандандырылған  тұрғын-үй  құрылыс 

компаниясын (бұдан әрі  - тәуелді ұйым) құрады, оның атқаратын қызметіне 

қажетті  тендерлерді  өткізу,  ҚТКШІА-мен  қатар  құрылыстың  барлық 

сатылары бойынша техникалық қадағалау, және жалға берілетін тұрғын үйді 

қабылдау алу мен енгізу, ал ол аяқталғанда «ҚИК» ИҰ» АҚ-ына тапсыруды 

қамтамасыз  ету  кіреді.  Осы  еншілес/тәуелді  ұйым  оның  қызметінің 

айқындылығын  қамтамасыз  ету  үшін  акционерлік  қоғам  түрінде  құрылады 

және  кейіннен  соның  ішінде  мемлекеттік  жеке  меншік  әріптестік  аясында 

тәуелсіз заңды тұлға болып бөлінеді. 

 «ҚИК» ИҰ» АҚ және (немесе) оның еншілес/тәуелді ұйымдары: 

1)  жобалау-сметалық  құжаттаманы  (ЖСҚ)  әзірлеуге  және  оның 

мемлекеттік сараптамасын жүргізуге тендер өткізеді

2) құрылыс-монтаж жұмыстарын (ҚМЖ) жүргізуге, мердігерлік құрылыс-

монтаж ұйымдарын (бұдан әрі  - мердігер) анықтауға тендер өткізеді. Қажет 

болған  жағдайда  мердігерге  қойылатын  біліктілік  талаптары  ҚТКШІА-мен 

келісіледі. 

3)  өткізілген  тендерлердің  қорытындылары  бойынша  жалға  берілетін 

тұрғын үй салуға мердігерлермен тиісті шарттар жасайды; 

4)  мердігерлердің  есебінен  транш  түрінде  қаражат  бөлу  арқылы  жалға 

берілетін тұрғын үйдің құрылысын қаржыландырады; 

5)  жалға  берілетін  тұрғын  үй  құрылысының  барысын  және  кезеңдерін 

бақылайды; 

6) Бағдарламаны іске асыру барысында пайда болатын өзге іс-шараларды 

жүзеге асырады. 

4.  Құрылыс  аяқталғаннан  кейін  құрылыс  объектілерін  пайдалануға  беру 

және  құқық  белгілейтін  құжаттарды  ресімдеу  ЖАО  мен  (немесе)  ҚТКШІА-

ның қатысуымен жүргізіледі. 

5.  Жалға  берілетін  тұрғын  үйдің  құрылысы  аяқталғаннан  кейін  «ҚИК» 

ИҰ» АҚ және (немесе) оның еншілес/тәуелді ұйымдары ҚТКШІА-мен және 

(немесе)  ЖАО-ның  қатысуымен  құрылыс  объектілерін  пайдалануға 

қабылдауды/беруді  және  құқық  белгілейтін  құжаттарды  ресімдеуді  жүзеге 

асырады. 



Жалға  берілетін  тұрғын  үй  пайдалануға  берілгеннен  кейін  «ҚИК»  ИҰ» 

АҚ және (немесе) оның еншілес/тәуелді ұйымдары ЖАО-ны жалға берілген 

тұрғын үйлердің саны туралы хабардар етеді. 

6.  ЖАО  төлем  қабілетін  бағалау  үшін  іріктеуден  өткен  Бағдарламаға 

қатысушылардың  тізімін  «ҚИК»  ИҰ»  АҚ-ға  жолдайды.  Бағдарламаға 

қатысушылар  төлем  қабілетін  анықтау  үшін  «ҚИК»  ИҰ»  АҚ-ға  тиісті 

құжаттарды ұсынады. 

7.  «ҚИК»  ИҰ»  АҚ  Бағдарламаға  қатысушылардың  төлем  қабілетін 

бағалауды жүргізеді. ЖАО сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үй 

алуға арналған тізімдерге «ҚИК» ИҰ» АҚ-та төлем қабілеті расталғандарды 

енгізеді және Бағдарламаға қатысушылардың - «ҚИК» ИҰ» АҚ-ның әлеуетті 

жалдаушыларын осы тізімдерін жалдау шарттарын  жасау  үшін «ҚИК» ИҰ» 

АҚ-қа жолдайды. 

Үміткерлерді  қанағаттандыру  үшін  тұрғын  үйлер  (пәтерлер)  жетпеген 

жағдайда олар: 

1) жұмыс өтілі бойынша; 

2) осы елді мекенде тұру ұзақтығы бойынша іріктеледі. 

8. «ҚИК» ИҰ» АҚ  және (немесе) оның еншілес/тәуелді ұйымдары  ЖАО 

жалға  берілетін  тұрғын  үйді  бөлгеннен  кейін  және  ЖАО  Бағдарламаға 

қатысушылар  -  әлеуетті  жалдаушылардың  бекітілген  тізімдерін  ұсынғаннан 

кейін  олармен  сатып  алу  құқығы  бар,  оның  ішінде  ай  сайынғы  жалдау 

төлемдерінің  қалған  сомасына  тең  келетін  қалдық  құны  бойынша  10  жыл 

жалдау  мерзімі  өткеннен  кейін  мерзімінен  бұрын  сатып  алу  құқығы  бар 

жалдау  шарттарын  мемлекеттік  тіркеуге  байланысты  тиісті  іс-шараларды 

жүргізе отырып, жалдау шарттарын жасайды. 

9. «ҚИК» ИҰ» АҚ және (немесе) оның еншілес/тәуелді ұйымдары: 

1) ай сайынғы жалдау төлемдерін қабылдауды және оларға мониторингті 

жүзеге асырады; 

2)  Жалдаушы  жалға  алу  шарты  бойынша  өз  міндеттемелерін  орындаған 

жағдайда жалға берілетін тұрғын үй оның меншігіне өтеді. 

1. Бағдарламаға қатысушылар: 

1)  төлем  қабілетін  растағаннан  кейін  әлеуетті  жалдаушылардың  тізіміне 

енгізу  кезінде  «ҚИК»  ИҰ»  АҚ-мен  және  (немесе)  оның  еншілес/тәуелді 

ұйымдарымен  сатып  алу  құқығы  бар  тұрғын  үйді  жалдау  шарттарын 

жасайды; 

2)  6  айлық  жалдау  төлемінің  мөлшеріне  тең  келетін  бастапқы  кепілдік 

жарнаны енгізуді қамтамасыз етеді; 

3) «ҚИНКҚ» АҚ-ты немесе сақтандыру ұйымдарын тарта отырып, жалдау 

сомасын төлемеу тәуекелін сақтандыруды қамтамасыз етеді. 

11.  «ҚИКБҚ»  ИҰ»  АҚ  инвесторлардың  шектелмеген  тобы  арасындағы 

сыртқы  және  ішкі  қор  нарығында  мемлекеттік  кепілдігі  бар  қамтамасыз 

етілген  облигацияларды,  секьюриттелген  облигацияларды  орналастыру 

арқылы  жеке  иннвестицияларды,  халықаралық  қаржы  институттарының 

қарыздарын және исламдық қаржыландыру құралдарын тартады. 2015 - 2030 

жылдар алалығында жалпы сомасы 1 080,456 млрд. теңге, оның ішінде: 2015 


-  2020  жылдары  -  318,452  млрд.  теңге  және  2021-2030  жылдары  -  762,004 

млрд.теңге болатын жеке инвестицияларды тарту жоспарланып отыр. 

12. Қазақстан Республикасының Үкіметі «ҚИК» ИҰ» АҚ-тың 2021 - 2030 

жылдарға арналған сатып алу құқығы бар әлеуметтік жалға берілетін тұрғын 

үй  бағдарламасының  тетігін  әрі  қарай  іске  асыру  үшін  іс-шаралар 

қабылдайды, олар: 

1)  2021  жылдан  бастап  2030  жылға  дейін  республикалық  бюджеттің 

есебінен  167,160  млрд.  теңге  мөлшерінде  «ҚИК»  ИҰ»  АҚ-ыны 

капиталдандыруға; 

2) 2021 жылдан бастап 2030 жылға дейін облигация шығару үшін 87,655 

млрд.  теңге  көлемінде  «ҚИК»  ИҰ»  АҚ-ға  мемлекеттік  кепілдік  беруге 

байланысты. 

 «ҚИК»  ИҰ»  АҚ-тың  жарғылық  капиталын  толтыру  және  жеке 

инвестицияларды тарту арқылы 2013 - 2030 жылдары Бағдарламаның аталған 

тетігіне  қаржылық  құйылымдардың  жалпы  сомасы  1  355,369  млрд.  теңгені, 

оның  ішінде  2013-2020  жылдары  -  426,205  млрд.  теңгені,  2021  -  2030 

жылдары - 929, 164 млрд. теңгені құрайды. 

Сатып алу құқығымен жалдау мынадай негізгі шарттарды көздейді: 

1) сатып алу құқығы бар жалдау шартының мерзімі 15 жыл; 

2)  қоныстанған  кезде  ең  аз  бастапқы  жарна  6  айлық  жалдау  төлемінің 

мөлшерінде; 

3)  «ҚИК»  ИҰ»  АҚ-тың  және  (немесе)  оның  еншілес/тәуелді 

ұйымдарының келісімімен сатып алу құқығы бар жалға алу құқығын үшінші 

тұлғаға беру мүмкіндігі; 

4)  ағымдағы  қаржылық  жағдайға  байланысты  үлкен/шағын  алаңы  бар 

жалға берілетін тұрғын үйге қоныстану мүмкіндігі; 

5) ай сайынғы жалдау төлемдерінің қалған сомасына тең келетін қалдық 

құны бойынша 10 жыл жалдау мерзімі өткеннен кейін жалға берілген тұрғын 

үйді сатып алу мүмкіндігі; 

6)  кіріс  жеткілікті  болмаған  жағдайда  отбасы  мүшелерінің  құрамынан 

қосымша жалдаушыларды тарту мүмкіндігі. 

Жалға  берілетін  таза  әзірленген  тұрғын  үйлердің  1  шаршы  метрі  үшін 

сату бағасы мынаны құрайды: 

1) Астана және Алматы қалаларындағы 4-сыныптағы үйлер 132 мың теңге 

көлемінде болады, Атырау, Өскемен және Ақтау қалаларында 110 мың теңге 

көлемінде  болады,  ал  қалған  аймақтарда  88  мың  теңге  болады  (инженерлік 

желілер төлемдері мен сейсмикалық аймақтарды қоспағанда); 

2) Астана және Алматы қалаларындағы 3-сыныптағы үйлер 157 мың теңге 

көлемінде болады, Атырау, Өскемен және Ақтау қалаларында 124 мың теңге 

көлемінде  болады,  ал  қалған  өңірлерде  99  мың  теңге  болады  (инженерлік 

желілер төлемдері мен сейсмикалық аймақтарды қоспағанда); 

3)  Алматы  қаласына  жақын  орналасқан  Алматы  облысының 

аумақтарында сату бағасы 1 шаршы метр үшін таза әрленген Алматы қаласы 

бойынша  жайлылығы  3  және  4-сыныпты  тұрғын  үй  бағаларымен  бірдей 

болады. 


Өңірлер  бойынша  пәтердің  жалпы  алаңының  бір  шаршы  метрінің 

түркілікті  құны  тұрғын  үйлердің  жобалау-сметалық  құжаттамасына 

Мемлекеттік  сараптаманың  оң  қорытындысының  негізінде  белгіленетін 

болады. 


Жоғары  сейсмикалық  аудандар  үшін  жалға  берілетін  тұрғын  үйдің  бір 

шаршы  метрін  салу  құнына  түзету  коэффициенттері  рұқсат  етіледі,  ол 

«Сейсмикалық  аудандардағы  құрылыс»  2.03-30-2006  ҚР  ҚНжЕ  сәйкес 

анықталады. 

Жалға  берілетін  тұрғын  үйлердің  1  шаршы  метрін  салу  құны  жылдар 

бойынша инфляцияның коэффициентіне сәйкес қайта қарастырылуы мүмкін. 

Аталған  тетікті  іске  асыру  үшін  Қазақстан  Республикасының 

қолданыстағы  заңнамаларына  (Салықтар  мен  бюджетке  төленетін  басқа  да 

міндетті  төлемдер  туралы  Қазақстан  Республикасының  Кодексіне  (Салық 

кодексі),  Қазақстан  Республикасының  Бюджет  кодексіне,  Қазақстан 

Республикасының  Жер  кодексіне,  Қазақстан  Республикасының  қаржы 

лизингі,  жылжымайтын  мүлік  ипотекасы  туралы,  бағалы  қағаздар  нарығы 

туралы,  Қазақстан  Республикасы  заңдарына,  басқа  да  Қазақстан 

Республикасының  заңға  тәуелді  актілеріне)  өзгертулер  мен  толықтырулар 

енгізу қажет. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет