«Қолжетімді тұрғын үй 2020» бағдарламасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 маусымдағы №821



Pdf көрінісі
бет6/7
Дата07.02.2017
өлшемі405,32 Kb.
#3593
1   2   3   4   5   6   7

  

  

Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы бойынша тұрғын үй салу 

  

Осы  бағыт  Жұмыспен  қамту  2020  бағдарламасының  шеңберінде  тұрғын 



үй және инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым салуды (сатып алуды) 

қөздейді. 

Тұрғын  үй  құрылысы  жүзеге  асырылатын  өңірлер  және  оған  қажетті 

қаражат көлемдері осы Бағдарламаның операторы - Қазақстан Республикасы 

Еңбек  және  халықты  әлеуметтік  қорғау  министрлігі  облыстардың,  Астана 

және  Алматы  қалаларының  жергілікті  атқарушы  органдарымен  келісім 

бойынша белгілейтін болады. 

Республиканың  10  облысында  жалға  берілетін  тұрғын  үйді  салуға  2011 

жылы  11023,7  млн.  теңге  сомада  кредиттік  қаражат  бөлінді.  2011  жылы 

жалпы  алаңы  55,9  шаршы  метр  пәтер  немесе  285  жеке  тұрғын  үй  және  768 

пәтер пайдалануға берілді. 

2012  жылы  жалға  берілетін  тұрғын  үй  салуға  8,9  млрд.  теңге  бөлу 

көзделіп  отыр.  Осы  ақшаға  115,0  мың  шаршы  метр  тұрғын  үй  салынатын 

болады. 


2015 жылдан бастап Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының шеңберінде 

жыл  сайын  165,0  шаршы  метр  жалға  берілетін  тұрғын  салу  жоспарланып 

отыр. 

  

  

«Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ-ның тұрғын үй 

салуы 

  

Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің 2008  жылғы 25  қарашадағы  №  1085 



қаулысымен  бекітілген  Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің,  Қазақстан 

Республикасы  Ұлттық  Банкінің  және  Қазақстан  Республикасы  Қаржы 

нарығын  және  қаржы  ұйымдарын  реттеу  мен  қадағалау  агенттігінің 

Экономиканы  және  қаржы  жүйесін  тұрақтандыру  жөніндегі  2009  -  2010 

жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспарына (бұдан әрі - Бірлескен іс-

қимыл  жоспары)  сәйкес  жылжымайтын  мүлік  нарығындағы  проблемаларды 

шешу жөнінде шаралар көзделген. 

Бұл  үшін  қордың  жарғылық  капиталына  «Самұрық-Қазына»  ұлттық  әл-

ауқат  қоры»  АҚ-ның  жүз  пайыз  қатысуымен  «Самұрық-Қазына» 

жылжымайтын  мүлік  қоры»  АҚ  (бұдан  әрі  -  Жылжымайтын  мүлік  қоры) 

құрылды. 


Жарғылық  міндеттерге  сәйкес  Жылжымайтын  мүлік  қоры  құрылысы 

аяқталған  немесе  салынып  жатқан  тұрғын  үй  объектілерінен  тұрғын  және 

тұрғын  емес  үй-жайлар  сатып  алады.  Объектінің  құрылысы  аяқталып, 

Жылжымайтын  мүлік  қорына  сатып  алынған  үлесіне  меншік  құқығы 

берілгеннен  кейін  «Самұрық-Қазына»  жылжымайтын  мүлік  қоры»  АҚ 

Директорлар кеңесі бекіткен «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» 

АҚ-ның  тұрғын  және  коммерциялық  (тұрғын  емес)  үй-жайларды  өткізу 

ережесіне  (бұдан  әрі  -  Ереже)  сәйкес  тұрғын  және  коммерциялық  (тұрғын 

емес)  үй-жайлар  жалға,  сатып  алу  құқығымен  жалдауға  және  тікелей  сатып 

алуға беріледі. 

Осы  Бағдарламаның  шеңберінде  Жылжымайтын  мүлік  қоры  тұрғын  үй 

объектілерін  салу  жөніндегі  жобаларды,  оның  ішінде  пилоттық  жобаларды 

қаржыландыруды жүзеге асыратын болады. 

Осы бағыт бойынша тұрғын үй құрылысын жүзеге асыру үшін «Самұрық-

Қазына» АҚ-ның меншікті қаражаты және Ұлттық қордың қаражаты болады. 

Тұрғын үй объектілерін салу тетіктері: 

1.  Жеке  құрылыс  салушылардың  (инвесторлардың)  инвестициялық 

өтінімдері бойынша құрылысты ұйымдастыру. 

 «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ-ның ішкі рәсімдеріне 

сәйкес  жеке  құрылыс  салушылар  (инвесторлар)  ұсынған  тұрғын  үй 

объектілерін  салу  жөніндегі  жобаларға  (бұдан  әрі  -  жобалар)  іріктеу 

жүргізіледі. 

Жобалар мынадай талаптарға сәйкес келуі тиіс: 

1) 


ауыртпалықтан 

бос, 


тиісті 

инженерлік-коммуникациялық 

инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген жер учаскелерінің болуы; 

2)  мемлекеттік  сараптаманың  қорытындысы  бар  жобалық-сметалық 

құжаттаманың болуы; 

3) тұрғын үйдің жайлылық сыныбы - «Тұрғын үй ғимараттары» ҚР ҚНжЕ 

3.02-43-2007  бойынша  3-сыныпты  жоғары  емес.  Жылжымайтын  мүлік 

қорының бір пәтерінің жалпы ауданы 120 шаршы метрден және бір пәтерлі аз 

қабатты  үйдің  (коттедждің)  жалпы  ауданы 200  шаршы  метрден  аспауға,  ҚР 

ҚНжЕ талаптарына сәйкес коммерциялық үй-жайлар және машина орындары 

болуға  тиіс.  Тұрғын  үйдің  (пәтердің)  жалпы  алаңының  1  шаршы  метрін 

салудың  базалық  құны  2012  жылғы  бағада  Астана,  Алматы,  Атырау,  Ақтау 

қалалары  мен  қала  маңы  аймақтарында  150  000  теңгеден,  Қазақстан 

Республикасының  басқа  өңірлерінде  -  120  000  теңгеден  аспауы  тиіс.  Одан 

арғы  жылдары  тұрғын  үйдің  (пәтердің)  жалпы  алаңының  1  шаршы  метрін 

салу құны құрылыстағы баға индексінің өзгеруі ескеріле отырып, түзетілетін 

болады; 

4)  құрылыс  салушылардың  (инвестордың)  жобаға  ақша  қаражатымен 

қатысу  үлесі  жер  учаскесін  (кадастрлық  құны  бойынша)  сатып  алуға  және 

ЖСҚ әзірлеуге жұмсаған шығындарын қоса алғанда, жоба құнының кемінде 

20  %-нан  кем  болмауға  және  объектінің  құрылысы  аяқталғанға  дейінгі 

мерзімге  тиісті  кепілдікпен  қамтамасыз  етілуге  не  қаржыландырудың 

расталған көздері болуға тиіс. 


5)  бас  мердігерде  құрылыс-монтаж  жұмыстарын  жүргізуге  мемлекеттік 

лицензиясының  және  басқа  да  рұқсат  құжаттарының,  өндірістік  базасының, 

құрылыста кемінде 3 жыл тәжірибесінің болуы; 

6)  құрылыс  салушыда  кемінде  8  мың  шаршы  метр  ғимарат  салу 

тәжірибесінің болуы; 

Іріктеу  кезінде  құрылыс  салушының  (инвестордың)  қаржыландырудағы 

үлесі көбірек болған жобаларға басымдық беріледі. 

2. ЖАО-ның жер учаскесінде Жылжымайтын мүлік қорының жобаларды 

іске асыруы 

ЖАО Жылжымайтын мүлік қорына тиісті инженерлік-коммуникациялық 

инфрақұрылыммен  қамтамасыз  етілген  жер  учаскелерін  берген  жағдайда 

Жылжымайтын  мүлік  қоры  осы  кіші  бөлімнің  1-тармағында  көрсетілген 

талаптарға  сәйкес  келетін  тұрғын  үй  құрылысына  арналған  ЖСҚ  әзірлеп, 

кейін осы кіші бөлімнің 1-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес келетін 

жобаларды  іске  асыруға  қатыстыру  үшін  жеке  құрылыс  салушыларды 

(инвесторларды) тартады. 

Құрылыс  салушылардан  (инвесторлардан)  тиісті  ұсыныстар  түспеген 

кезде  Жылжымайтын  мүлік  қоры  әзірленген  ЖСҚ-қа  сәйкес  жобаны  өз 

бетімен  іске  асырады,  бұл  жағдайда құрылыс  компаниялары  жоба бойынша 

мердігерлер ретінде тартылады. 

3. Жобаларды нысаналы депозит арқылы іске асыру 

Құрылысты  қаржыландыру  үшін  Жылжымайтын  мүлік  қоры  нысаналы 

жедел  банк  салымдары  туралы  шарттар  жасау  арқылы  екінші  деңгейдегі 

банктерге  нысаналы  депозиттер  орналастыруға  құқылы,  осыған  сәйкес  ЕДБ 

нысаналы  салымның  қаражаты  есебінен  тұрғын  үй  объектілерін  салу  үшін 

құрылыс салушыларға кредит береді. Бұл ретте нысаналы депозит шартында 

нысаналы  депозит  сомасын  өтеу  есебінен  Жылжымайтын  мүлік  қорының 

меншігіне объектілерді (үй-жайларды) өткізу көзделетін болады. 

Нысаналы  депозиттің  сомасын  өтеу  есебінен  Жылжымайтын  мүлік 

қорының  меншігіне  берілетін  тұрғын  үй  осы  кіші  бөлімнің  1-тармағы  6-

абзацында көрсетілген талаптарға сәйкес келуге тиіс. 

Жылжымайтын 

мүлік 

қорының 


ЕДБ-ге 

нысаналы 

депозиттер 

орналастыру  шарттары  мен  тәртібі  Жылжымайтын  мүлік  қорының  ішкі 

ережелеріне сәйкес регламенттелетін болады. 

4.  ЖАО  жобаларды  іске  асыру  үшін  жер  учаскелерін  қажетті  сыртқы 

инженерлік  желілермен  және  сыртқы  көше-жол  инфрақұрылымымен 

қамтамасыз етеді. 

5.  Құрылыс  аяқталып,  объектілер  пайдалануға  берілгеннен  кейін  үй-

жайлар жобаға қатысу үлесіне сәйкес бөлінеді. 

Сонымен  бірге,  құрылыс  салушыға  (инвесторға)  Жылжымайтын  мүлік 

қоры  қаржыландырған  коммерциялық  үй-жайлар  мен  машина  орындарын 

еркін  бағамен,  бірақ  жалпы  алаңның  50%  аспайтындай  етіп  өткізу  құқығы 

берілуі  мүмкін,  бұл  ретте  Жылжымайтын  мүлік  қорына  үй-жайдың  құны 

және тиісті шарт жасалған кездегі Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі 


белгілеген  қайта  қаржыландырудың  қолданыстағы  ставкасымен  кем 

болмайтын мөлшерде сыйақы төленеді. 

Жылжымайтын  мүлік  қоры  салынған  инвестицияның  сақталуы  мен 

қайтарымдылығы  қағидаттарын  басшылыққа  ала  отырып,  объекті 

құрылысының барысына тұрақты мониторингті жүзеге асырады. 

6.  Жылжымайтын  мүлік  қорының  тұрғын  және  коммерциялық  үй-

жайларын  (машина  орындарды)  сатып  алу  құқығымен  жалға  беру  және 

тікелей  сату  арқылы  өткізуді  Жылжымайтын  мүлік  қоры  (Жылжымайтын 

мүлік  қорының  аффилиирленген  компаниясы)  оларға  меншік  құқығы 

ресімделгеннен кейін және Жылжымайтын мүлік қорының ішкі ережелеріне 

сәйкес жүзеге асырады. 

Сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үйді бөлу тұрғын үйі жоқ 

немесе  тұрғын  үй  жағдайларын  жақсартуға  мұқтаж  адамдарға  басым  құқық 

беру қағидаты сақтала отырып, жүргізіледі. 

Жылжымайтын 

мүлік 


қоры 

(Жылжымайтын 

мүлік 

қорының 


аффилиирленген  компаниясы)  мен  жалдаушының  арасында  сатып  алу 

құқығымен жалдау шарты жасалады. Бұл ретте сатып алу құқығымен жалдау 

шартында жалдаушының жеке меншігіне үй-жайды мерзімінен бұрын сатып 

алу құқығы көзделуі мүмкін. 

Жеке  тұлғалар  өздерінің  тұрғын  үйді  сатып  алу,  оның  ішінде  сатып  алу 

құқығымен жалдау шартындағы құқығын бір реттен асырмай қолдана алады. 

Жылжымайтын  мүлік  қорының  сатып  алу  құқығымен  тұрғын  үй-

жайларды  өткізуі  15  жылға  дейін  жүзеге  асырылады.  Жалдау  ақысының 

мөлшері құрылысты қаржыландыруға бөлінген қаражаттың қайтарылу және 

Жылжымайтын  мүлік  қорының  қаржылық  тұрақтылық  қағидаттары  негізге 

алына  отырып,  анықталады.  Пәтердің  (үй-жайдың)  жалпы  алаңының  1 

шаршы  метрін  тікелей  сатудың  базалық  құны  Жылжымайтын  мүлік  қоры 

өткізетін алғашқы жылы Астана, Алматы, Атырау, Ақтау қалаларында және 

қала  маңы  аймақтарында  180  000  теңгеден  аспайды,  Қазақстан 

Республикасының  өңірлерінде  144  мың  теңгеден  аспайды.  Одан  арғы 

жылдары тікелей сатудың құны тұрғын үйдің (пәтердің) жалпы алаңының 1 

шаршы  метрін  салу  құнының  өзгеруі  ескеріле  отырып,  нақтыланатын 

болады. 


Жалдаушы  сатып  алу  құқығымен  тұрғын  үйді  жалдау  шарты  бойынша 

өзінің  міндеттемелерін  толық  орындағаннан  кейін  Жылжымайтын  мүлік 

қоры тұрғын үй-жайды жалдаушының жеке меншігіне беретін болады. 

  

  

Тұрғын үйдің қолжетімділігін арттырудың басқа бағыттары 

  

Тұрғын үй қолжетмділік деңгейін арттыру және тұрғын үй құрылысының 



көлемін  ұлғайту  үшін  қосымша  ынталандыру  шараларын  жасау  жөніндегі 

жоғарыда  көрсетілген  іс-шаралармен  қоса  ЖАО  тұрғын  үй  проблемасын 

дербес  шешетін  азаматтардың  бастамаларына  жәрдем  жасауы  керек.  Осы 

бағытта  тәуекел  деңгейі  үлестік  құрылысына  қарағанда  мейлінше  төмен 



тұрғын  үй  құрылыс  кооперативтерін  өздерін  оң  жағынан  танытты. 

Мемлекеттің  меншігіндегі  және  жер  пайдалануға  берілмеген  жер  учаскесін 

құрылыс  үшін  бөлу  ТҚК  құрудың  міндетті  шарты  болуға  тиіс.  Бұл  ретте 

құрылыс  салынатын  учаскеге  ЖАО  қажетті  инженерлік  желілер  және 

коммуникациялар жүргізуге тиіс. ТҚК-тың меншігіне жер учаскесін ресімдеу 

тұрғын үй пайдалануға берілгеннен кейін жүзеге асырылуға тиіс. 



  

  

Жер ресурстарының қолжетімділігін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар 

туралы 

  

Тұрғын  үй  құрылысына  бөлінген,  инженерлік-коммуникациялық 



инфрақұрылыммен  қамтамасыз  етілген  жер  учаскелерінің  болуы  тұрғын 

үйдің қолжетімділігін құрайтын элементтердің бірі болып табылады. 

Осы мақсат үшін ЖАО: 

1) жаппай құрыс салуға жарамды жер учаскелеріне тексеру жүргізуге; 

2)  бекітілген  бас  жоспарларға,  егжей-тегжейлі  жоспарлау  жобаларына 

және  елді  мекендерде  құрылыс  салу  қағидаларына  сәйкес  жаппай  тұрғын 

үйлер салынатын басым аудандарды анықтауға; 

3)  жер  учаскелерін  дайындау  бойынша  алдын  ала  жұмыстар  жүргізуге 

қамтамасыз етуге; 

4) бос жер учаскелерінің болуы туралы ақпаратқа еркін қол жеткізуді; 

5) құрылыс салушыға жер учаскелерін кадастрлық құны бойынша беруге 

тиіс. 


Құрылысқа  бөлінген  алаптар  тұрғын  үйлердің  құрылысы  басталғанға 

дейін  инженерлік-коммуникациялық  инфрақұрылыммен  қамтамасыз  етілуге 

тиіс. 

  

  

Құрылыс индустриясын және индустриялық үй құрылысын дамыту 

жөніндегі шаралар туралы 

  

Құрылыс материалдарының өнеркәсібі экономиканың ірі құрамдас бөлігі 



болып  табылады  және  құрылыс  үшін  материалдық  негіз  бола  отырып 

қоғамның  экономиканың  басқа  салаларының  өсіміне  және  әлеуметтік 

жағдайға айтарлықтай әсер етеді. 

Бүгінгі  күні  Қазақстанда  саланың  құрамына  592  кәсіпорын,  оның  ішінде 

199  ірі,  393  орта  және  шағын  кәсіпорындар  кіреді.  Барлығы  Қазақстандағы 

құрылыс индустриясында 31,5 мың адам жұмыс істейді. 

Құрылыс  материалдары  өнеркәсібі  -  бұл  шамамен  20  дербес  салаларды 

қамтитын кешенді сала, олардың көпшілігінің құрамында бірнеше өндірістер 

бар,  бұл  ретте  әрбір  сала  жалпы  құрылыс  материалдары  нарығының 

жиынтығын құрай отырып, өз нарығын қалыптастырады. 

Құрылыс  материалдары  нарығының  айрықша  ерекшеліктерінің  бірі 

нарықтың  көпшілік  қосалқы  салалары  үшін  тұтынушылардың  «бірлігі» 



болып  табылады,  бұл  құрылыс  ұйымдары.  Құрылыста  құрылыс 

материалдары өнімдерінің 75 - 80 %-дан астамы, 95 %-дан астам қабырғалық 

материалдар,  90  %  құрылыс  бетонынан  жасалған  бұйымдар,  85  % 

асбестцемент  бұйымдар,  95  %  жиналмалы  темірбетон  тұтынылады.  Осы 

негізге  ала  отырып,  құрылыс  материалдарының  негізгі  түрлерінің  нарығын 

дамытуға  және  құрылыс  индустриясын  дамытуға  құрылыс  индустриясының 

құрылыс көлемі мен дамуы әсер етеді, ал құрылыс көлемінің өзгеру серпінін 

ескере отырып, ол қалыптасады. 

Осы саланың келесі айырмашылығы бірыңғай нарықтың және нарықтық 

кеңістіктің  жеткіліксіз  дамуы,  өңірлерде  құрылыс  материалдарының 

жергілікті нарықтарының жұмыс істеуі, сондай-ақ шикізат шығару көздеріне 

байлаулы  болғандықтан  кәсіпорындардың  біркелкі  және  аумақта  тепе-тең 

орналаспағандығы болып табылады. 

Құрылыс  материалдары  өнеркәсібінің  негізгі  өндірістік  қуаттары 

республиканың  шығыс,  оңтүстік  және  орталық  облыстарында  орналасқан. 

Тиісінше  цемент  және  басқа  құрылыс  материалдары,  бұйымдары  мен 

конструкциялары бойынша негізгі зауыттар осы өңірлерде салынған. Жоғары 

тарифтер  жағдайында  аумақтық  орналастырудағы  сәйкессіздік  өнімдер  мен 

шикізатты жеткізу бойынша үлкен қаржылық шығыстарды туғызады. Үлкен 

қашықтыққа  жеткізу  кезіндегі  сату  бағадағы  көліктік  шығыстардың  үлестік 

салмағы  55  -  65  %  дейін  барады,  бұл  республиканың  облыстары  бойынша 

бағалардың  айтарлықтай  айырмашылығын  туғызады.  Енді  бір  маңызды 

фактор құрылыс материалдарына сұраныс маусымдықпен сипатталатындығы 

болып табылады. 

Соңғы  онжылдықта  Батыс  Қазақстанда  мұнай-газ  секторы  озық  даму 

қарқынын  алды,  Астана,  Алматы  қалаларында  және  Алматы  облысы  мен 

басқаларында тұрғын үй мен басқа азаматтық құрылыс көлемі күрт өсті. 

Тұрғын  үй  қолжетімділігі,  біріншіден,  сапалы,  қымбат  емес  құрылыс 

материалдарын қолдану арқылы, екіншіден, жыл бойы құрылыс салу арқылы 

қамтамасыз  етіледі.  Құрылыс  саласын  базалық  құрылыс  материалдармен 

жаппай  қамтамасыз  ету,  сондай-ақ  олардың  өмір  сүру  қауіпсіздігінің,  өрт 

қауіпсіздігінің және өзге нормалардың талаптарына сәйкес келуі мемлекеттік 

бағдарламаларды сәтті іске асырудың бөлінбейтін факторы болып табылады. 

Осыған  байланысты,  ел  Президентінің  тапсырмасын  орындау  үшін 

«Қолжетімді  тұрғын  үй  -  2020»  бағдарламасының  шеңберінде  құрылыс 

объектілерін  құрылыс  материалдарымен  қамтамасыз  ету  жөніндегі 

мәселелерді шешу үшін Индустриландыру картасының аясында жақын арада 

қосымша жаңа өндірістік қуаттар ашылатын болады. 

 «Қолжетімді тұрғын үй - 2020» бағдарламасын іске асыру үшін Құрылыс 

индустриясын және құрылыс материалдары өндірісін дамыту жөніндегі 2010 

-  2014  жылдарға  арналған  бағдарламасы  түзетілетін  болады,  оның 

шеңберінде  құрылыс  индустриясын  дамыту  жөнінде  шаралар  кешені 

әзірленеді,  «Қолжетімді  тұрғын  үй  -  2020»  бағдарламасы,  «Ақ  бұлақ»  және 

ТКШ 


жаңғырту 

бағдарламалары 

бойынша, 

негізгі 


жол-құрылыс 

материалдары  бойынша  негізгі  құрылыс  жұмыстарының  көлемдерін  ескере 



отырып,  құрылыс  материалдарға  қажеттіліктің  есебі  жүргізіледі,  сондай-ақ 

құрылыс  саласын  қажетті  материалдармен  қамтамасыз  ету  үшін  қосымша 

шаралар пысықталатын болады. 

Құрылыс  индустриясын  дамыту  жөніндегі  бағдарламада  жиналмалы-

қаңқалы  үй  құрылысымен  қоса  тұрғын  үй  құрылысының  мерзімдерін 

қысқарту және құнын төмендету мақсатында басымдық ретінде ірі панельді 

үй құрылысын дамыту көзделген. 

Елімізде  үй  құрылысы  комбинаттарын  ұйымдастыру  үшін  шетелдік 

компаниялардың - индустриялы үй құрылысына арналған жинақты зауыттар 

мен жабдықтар тауар өндірушілердің тәжірибесі зерттелді. 

Өңірлерде  мемлекеттің  қаражаты  есебінен  тұрғын  үйлерді  іске  қосу 

көлемдерін  негізге  ала  отырып,  «Қолжетімді  тұрғын  үй  -  2020» 

бағдарламасының шеңберінде үй құрылыс комбинаттарының оңтайлы саны, 

өте  тиімді  технология,  өндірістің  қуаты,  қаржыландыру  схемасы  мен 

құрылымы,  оның  ішінде  «Өнімділік  2020»  бағдарламасының  құралдары 

немесе  ӘКК-нің  жарғылық  капиталына  кіру  есебінен  қаржыландыру 

белгіленетін болады. 

  

  

6. Қажетті ресурстар 

  

2012 



2020  жылдарға  арналған  Бағдарламаны  іске  асыруға 

республикалық және жергілікті бюджеттің қаражаты, даму институттарының 

қаражаты,  сондай-ақ  жеке  меншік  ішкі  және  шетелдік  инвестициялар 

бағытталатын болады. 

Республикалық  бюджет  есебінен  қаржыландыру  көлемі  мемлекеттік 

кредиттік  тұрғын  үйді,  кезекте  тұрғандар  мен  жас  отбасылар  үшін  жалға 

берілетін  тұрғын  үйлерді  салуға,  тұрғын  үй  құрылысы  жинақтары  жүйесін 

дамытуға, ҚТҚЖБ-ты және «ҚИК» АҚ-ты қорландыруға, авариялық тұрғын 

үйлерді  бұзу  жөніндегі  пилоттық  жобалар  шеңберінде  тұрғын  үй  салуға, 

сондай-ақ  инженерлік-коммуникациялық  инфрақұрылымды,  оның  ішінде 

Астана  және  Алматы  қалаларының  серіктес  қалаларын  дамыту  және 

жайластыруға 1 951,453 млрд. теңгені, оның ішінде 2012 жылы - 146,2 млрд. 

теңгені, 2013 жылы - 197,9 млрд. теңгені, 2014 жылы - 250,75 млрд. теңгені, 

2015  жылы  -  232,963  млрд.  теңгені  2016  жылы  -  241,74  млрд.  теңгені,  2017 

жылы  -  212,2  млрд.  теңгені,  2018  жылы  -  216,0  млрд.  теңгені,  2019  жылы  - 

220,5 млрд. теңгені, 2020 жылы - 232,2 млрд. теңгені құрайды. 

2012  -  2020  жылдарға  арналған  Бағдарламаны  қаржыландыру  көлемі 

тиісті  қаржы  жылына  арналған  республикалық  бюджеттің  болжамды 

көрсеткіштері шеңберінде нақтыланатын болады. 



  

  

Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтиже 

  

Бағдарламаны іске асыру нәтижесінде: 



2012  -  2020  жылдары  қаржыландырудың  барлық  көздері  есебінен  жалпы 

алаңы 69050,0 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беруге жоспарланып 

отыр, оның ішінде 2012 жылы - 6050,0 мың шаршы метр, 2013 жылы - 6600,0 

мың шаршы метр, 2014 жылы - 6900,0 мың шаршы метр, 2015 жылы - 7200,0 

мың шаршы метр, 2016 жылы - 7600,0 мың шаршы метр, 2017 жылы - 7700,0 

мың шаршы метр, 2018 жылы - 8000,0 мың шаршы метр, 2019 жылы - 9000,0 

мың шаршы метр, 2020 жылы - 10000,0 мың шаршы метр. 

2012  -  2020  жылдары  республикалық  бюджеттен  бөлінген  кредиттік 

қаражат есебінен мыналар салынады: 

1)  жергілікті  атқарушы  органдардың  кредиттік  тұрғын  үй  салуы,  кейін 

оны  тұрғын  үй  құрылыс  жинақтары  жүйесі  арқылы  сатуы  -  2940,0  мың 

шаршы метр, оның ішінде 2012 жылы - 313,0 мың шаршы метр, 2013 жылы - 

320,0 мың шаршы метр, 2014 - 2020 жылдары жыл сайын 330,0 мың шаршы 

метр; 


2012  -  2020  жылдары  республикалық  бюджеттен  бөлінген  нысаналы 

трансферттер есебінен мыналар салынады: 

2)  жергілікті  атқарушы  органдардың  кезекте  тұрғандар  үшін  жалға 

берілетін  (кредиттік)  тұрғын  үй  салуы  -  2286,4  мың  шаршы  метр,  оның 

ішінде 2012 жылы - 136,4 мың шаршы метр, 2013 жылы - 225,0 мың шаршы 

метр, 2014 - 2020 жылдары жыл сайын 275,0 мың шаршы метр; 

3) жергілікті атқарушы органдардың жас отбасылар үшін жалға берілетін 

тұрғын үй салуы - 1510,0 мың шаршы метр, оның ішінде 2012 жылы - 155,0 

мың шаршы метр, 2013 жылы  - 155,0 мың шаршы метр, 2014 жылы  - 155,0 

мың шаршы метр, 2015 - 2020 жылдары жыл сайын 200,0 мың шаршы метр; 

4) «ҚИК» АҚ-тың тұрғын үй қоры, халыққа сатып алу құқығымен жалдау 

арқылы сатылады - 3125,0 мың шаршы метр, оның ішінде 2014 жылы - 210,0 

мың шаршы метр, 2015 жылы  - 250,0 мың шаршы метр, 2016 жылы - 545,0 

мың шаршы метр, 2017 - 2020 жылдары жыл сайын 530,0 мың шаршы метр; 

5)  авариялық  тұрғын  үйлерді  бұзу  жөніндегі  пилоттық  жобалар 

шеңберінде тұрғын үй салу - 315,0 мың шаршы метр, оның ішінде 2013 жылы 

-  25,0  мың  шаршы  метр,  2014  жылы  -  25,0  мың  шаршы  метр,  2015  жылы  - 

30,0  мың  шаршы  метр,  2016  жылы  -  35,0  мың  шаршы  метр,  2017  -  2020 

жылдары жыл сайын 50,0 мың шаршы метр. 

 «Самұрық-Қазына»  АҚ-тың  меншікті  қаражаты  және  Қазақстан 

Республикасы  Ұлттық  қорының  қаражаты  есебінен  2013  жылы  -  60,0  мың 

шаршы  метр,  2014  жылы  -  90,0  мың  шаршы  метр,  2015  -  2020  жылдары  - 

150,0 мың шаршы метр тұрғын үй салынатын болады. 

Құрылыс  материалдары  өнеркәсібі,  электротехникалық,  металлургия 

және  химия  өнеркәсібі  өнімдерін,  сондай-ақ  жаңа  тұрғын  үйді  жайластыру 

бұйымдарын 

шығаруды 

арттыру 


есебінен 

сабақтас 

салаларда 

мультипликативтік тиімділік күтілуде. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет