«Қолжетімді тұрғын үй 2020» бағдарламасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 маусымдағы №821



Pdf көрінісі
бет5/7
Дата07.02.2017
өлшемі405,32 Kb.
#3593
1   2   3   4   5   6   7

  

  

Қазақстан Республикасының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын 

жаңғыртудың 2011 - 2020 жылдарға арналған бағдарламасы бойынша 

тұрғын үй қорын жөндеу 

  

Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің деректері бойынша 2010 



жылы  республиканың  тұрғын  үй  секторының  жалпы  алаңы  270,9  млн. 

шаршы  метрді  құрады,  оның  ішінде  263,9  млн.  шаршы  метр  немесе  97,4  % 

тұрғын үй жеке меншікке тиесілі. 

ЖАО-ның  деректері  бойынша  көп  пәтерлі  тұрғын  үйге  жататын  тұрғын 

үй  қорының  50,1  млн.  шаршы  метрі  немесе  32  %  күрделі  жөндеудің 

жекелеген  түрлерін  жүргізуді  талап  етеді,  ал  3,8  млн.  шаршы  метр  (2  %) 

бұзылуға жататын, одан әрі пайдалануға жарамсыз авариялық тұрғын үйлер. 

Қолда бар тұрғын үй қорын сақтап қалу мақсатында Мемлекет басшысы 

2011  жылғы  28  қаңтардағы  «Болашақтың  іргесін  бірге  қалаймыз!»  атты 

Қазақстан халқына Жолдауында тиісті тапсырма берді, оны іске асыру үшін 

Қазақстан  Республикасының  Үкіметі  «Қазақстан  Республикасының  тұрғын 

үй-коммуналдық  шаруашылығын  жаңғыртудың  2011  -  2020  жылдарға 

арналған  бағдарламасын  бекіту  туралы»  (бұдан  әрі  -  ТКШ  бағдарламасы) 

2011 жылғы 30 сәуірдегі № 473 қаулыны қабылдады. 

ТКШ  бағдарламасы  кондоминиумның  ортақ  мүлкіне  жөндеу  жүргізудің 

екі  тетігін  көздейді  -  күрделі  жөндеу  республиканың  әрбір  өңірінде  жұмыс 

істейтін  әлеуметтік-кәсіпкерлік  корпорациялардың  қатысуымен  жүргізіледі, 

ал  ағымдағы 

жөндеу 



әлеуметтік-кәсіпкерлік  корпорациялардың 



қатысуымен, мемлекеттің қатысуымен жүргізіледі. 

ТКШ  бағдарламасын  іске  асыру  2011  жылы  басталды,  «пилоттық» 

жобалар ретінде 564 көп пәтерлі тұрғын үйді жөндеу жоспарланған. 

Тұрғын үйлерді жөндеу тетіктерін іске асыру үшін 2011 жылы Қазақстан 

Республикасы  Үкіметінің  резервінен  жергілікті  атқарушы  органдарға  7  342 

млн.  теңге,  оның  ішінде  әлеуметтік-кәсіпкерлік  корпорацияларды 

капиталдандыру  үшін  1  842  млн.  теңге  және  мемлекеттің  қатысуымен 

мамандандырылған  уәкілетті  ұйымдарды  капиталдандыру  үшін  5  500  млн. 

теңге сомасында нысаналы трансферттер бөлінді. 

Бүгінгі таңда 380 кондоминиум объектілері бойынша жөндеу жұмыстары 

аяқталды, қалғандары бойынша жұмыстар аяқталуға жақын. 

Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің  2012  жылғы  20  сәуірдегі  №  501 

қаулысымен  «тиімді  меншік  иесін»  қалыптастыруға  бағытталған  ТКШ 

бағдарламасына бірқатар түзетулер енгізілді. 

2013  жылдан  бастап  кондомиумдардың  жалпы  мүлкін  жөндеу  бір  тетік 

бойынша  жүргізілетін  болады  -  республикалық  бюджеттен  облыстарды, 

Астана  және  Алматы  қалаларының  жергілікті  атқарушы  органдарына 

нысаналы  трансферттер  бөлінетін  болады,  олар  мемлекеттің  қатысуымен 

мамандандырылған уәкілетті ұйымды капиталдандыруға бағытталады. 

Қажет болған жағдайда облыстардың, Астана және Алматы қалаларының 

жергілікті  атқарушы  органдары  аталған  тетікті  іске  асыру  үшін  жергілікті 

бюджет қаражатын пайдаланады. 

Кондоминиум  объектісін  басқару  органы  мен  бас  мердігер  болып 

табылатын  мамандандырылған  уәкілетті  ұйым  арасында  кондоминиум 

объектісінің ортақ мүлкін жөндеуге шарт жасалады. 

Мамандандырылған  уәкілетті  ұйым  қосалқы  мердігерлерді  тарту 

мүмкіндігімен жөндеу жұмыстарын жүргізеді. 

ТКШ  бағдарламасына  халықтың  қатысуы  үшін  негіз  үй-жайлардың 

(пәтерлердің)  иелерінің  жалпы  жиналысында  мақұлданған  жөндеу  жүргізу 

туралы  шешім  болып  табылады.  Одан  кейін  шығыстардың  сметасы 

жасалады, ол жеке (бөлек) меншіктегі тұрғын (немесе) тұрғын емес пайдалы 

алаңның  осы  көп  пәтерлі  тұрғын  үйдегі  барлық  тұрғын  пайдалы  алаңның 

және  барлық  тұрғын  емес  алаңның  сомасына  қатынасы  бойынша 

анықталады. 

Шартта  белгіленген  мерзім  ішінде  үй-жайлардың  (пәтерлердің)  иелері 

екінші деңгейдегі банктегі өз кондоминиум объектісінің жинақтау шотына ай 

сайынғы жарналарды төлейді. 

Жергілікті  атқарушы  органдар  жөндеу  жұмыстарын  жүргізу  және  үй-

жайлар  (пәтерлер)  иелерінің  қаражатын  қайтаруға  мониторинг  жүргізу 

барысына бақылауды қамтамасыз етеді. 

Орындалған  жұмыстарды  қабылдауға  тұрғын  үй  инспекциялары, 

кондоминиум 

объектісін 

басқару 

органдары 

және 

үй-жайлардың 



(пәтерлердің) иелерінің өкілдері қатысады. 

Бағдарлама 2011 - 2020 жылдарға есептелген, бұл орайда қаржыландыру 

көздері  республикалық  және  жергілікті  бюджеттердің,  сондай-ақ  халықтың 

алдағы күрделі жөндеуге арналған жинақтар түріндегі қаражатын көздейді. 



Аз  қамтылған  отбасыларға  (азаматтарға)  тұрғын  үй  көмегі  Қазақстан 

Республикасы  Үкіметінің  2009  жылғы  30  желтоқсандағы  №  2314 

қаулысымен  бекітілген  Тұрғын  үй  көмегін  көрсету  ережесіне  сәйкес 

кондоминиум  объектісінің  жалпы  мүлкін  күрделі  жөндеу  және  (және) 

күрделі  жөндеуге  қаражат  жинақтауға  жарналарды  төлеу  үшін  берілетін 

болады. 


Қолданыстағы  тұрғын  үй  қорын  жөндеу  бойынша  ТКШ  бағдарламасын 

іске асыру күрделі жөндеуді талап ететін кондоминиум объектілерінің үлесін 

2015  жылға  қарай  32  %-дан  22  %-ға  дейін  және  2020  жылға  қарай  10  %-ға 

дейін төмендетуге бағытталған. 



  

  

Авариялық тұрғын үйді бұзу жөніндегі пилоттық жобалар шеңберіндегі 

тұрғын үй 

  

Осы  Бағдарламаның  шеңберінде  Астана  қаласында  және  Маңғыстау 



облысында авариялық тұрғын үйді бұзу жөніндегі пилоттық жобаларды іске 

асыру көзделген. 

1. Астана қаласы бойынша. 

Аталған бағытты әзірлеу кезінде авариялық және тозған тұрғын үйді бұза 

отырып,  әлеуметтік  тұрғын  үй  салуға  негізделген  «ТОКІ»  мемлекеттік 

кәсіпорнының  қатысуымен  қалалық  ортаны  жаңарту  бағдарламасын  іске 

асыру бойынша Анкара қаласының тәжірибесі қолданылды. 

Қазақстан  Республикасы  Құрылыс  және  тұрғын  үй-коммуналдық 

шаруашылық істері агенттік мүдделі мемлекеттік органдардың және Астана 

қаласы  мен  Маңғыстау  облысы  әкімдіктерінің  қатысуымен  көрсетілген 

өңірлерде авариялық тұрғын үйді бұзу схемасының нұсқаларын қарады және 

аталған мәселе бойынша заңнамаға талдау жүргізді. 

Қарау  қорытындылары  бойынша  қалыптасқан  жағдайды  жергілікті 

ауқымдағы  техногендік  сипаттағы  төтенше  жағдай  деп  жіктей  отырып, 

авариялық  тұрғын  үйді  бұзу  және  тұрғын  үйді  және  үй  орналасқан  жер 

учаскесін реквизициялау тәртібінде одан азаматтарды көшіру туралы шешім 

қабылданды. 

Астана  қаласының  қалыптасқан  бөлігін  қайта  жаңартудың  пилоттық 

жобасы мемлекеттік инвестицияларды қайтару және авариялық  тұрғын үйді 

бұзу  қағидаттары  негізінде  Астана  қаласы  әкімдігінің  уәкілетті  органы 

тұрғын  үй  салуды  ұйымдастыруды,  қаланың  «ескі  кварталдарын»  кешенді 

қайта жаңартуды көздейді. 

Астана қаласының қалыптасқан бөлігінде 2978 үй, 588 мың шаршы метр, 

немесе  11264  пәтер  қайта  жаңартуды  және  бұзуды  талап  етеді,  олар  қайта 

жаңартылатын 42 ауданға, 315,6 га аумаққа бөлінген. Оның: 

1) 5-қабатты - 66 үй; 

2) 4-қабатты - 13 үй; 

3) 3-қабатты - 19 үй; 

4) 2-қабатты - 174 үй; 


5) 1-қабатты (барак) - 127 үй; 

6) усадьбалық типтегі үйлер - 2579 үй. 

Бұзылатын тұрғын үйдің орнына жобаланып жатқан тұрғын үй алаңы 3,1 

млн. шаршы метрді құрайды. 

Астана қаласында авариялық тұрғын үйді бұзуды және қолжетімді тұрғын 

үйді  салуды  ұйымдастыру  жөніндегі  жұмысты  мынадай  тетіктер  бойынша 

ұйымдастыру ұсынылып отыр: 

1. Қаланың қайта жаңарту аудандары мен кезеңдерін анықтау. 

2. Қайта жаңарту аудандарында меншікті талдау. 

3. Заңнамада белгіленген тәртіппен авариялық деп танылған және бұзуға 

жататын үйлердің иелерімен уағдаластыққа қол жеткізу. 

4. Жергілікті төтенше жағдайды айқындау. 

5.  Бұзуға  жататын  үйлердің  тұрғындарын  көшіру  немесе  заңнамада 

белгіленген тәртіппен ақшалай өтемақы төлеу. 

6. Авариялық тұрғын үйді бұзу. 

7.  Жаңа  үйлерді  және  инженерлік-коммуникациялық  инфрақұрылымды 

жобалау және салу. 

8.  2013  жылдан  2020  жылға  дейінгі  кезеңде  тұрғын  үй  құрылысының 

жалпы  көлемінен  жергілікті  атқарушы  органның  қажеттілігіне  сәйкес 

бұзылып  жатқан  объектілердің  иелерін  тұрғын  үймен  қамтамасыз  ету  үшін 

пайдалануға енгізілген алаңдардың үлесін беруді қамтамасыз ету. 

9. Жаңадан салынған үйлерде: 

1) ҚТҚЖБ жүйесі, екінші деңгейдегі банктер арқылы; 

2)  тікелей  тұрғын  және  тұрғын  емес  үй-жайлардың  белгіленген  үлесін 

сату. 

Қаржыландыру көздері мен көлемдері: 



Қаржыландыру қажеттілігі 40 млрд. теңгені құрайды, оның ішінде: 2013-

2014  жылдары  -  «Қолжетімді  тұрғын  үй  -  2020»  бағдарламасын  іске  асыру 

шеңберінде  республикалық  бюджеттен  Астана  қаласының  уәкілетті  ұйымы 

үшін жыл сайын 20 млрд. теңге мөлшерінде қарыз беру. 

Кейіннен  жобаны  басқа  көздер  есебінен  -  жеке  инвестицияларды  тарту, 

ЕДБ  қарыздар,  уәкілетті  ұйымның  жарғылық  капиталын  толтыру  үшін 

республикалық  және  жергілікті  бюджеттен  нысаналы  трансферттер, 

коммерциялық жылжымайтын мүлікті сатудан түскен кіріс және жобаны іске 

асыру  барысында  тиісті  қызметтер  көрсету  есебінен  қаржыландыру 

жоспарланып отыр. 

Авариялық тұрғын үйді бұзу және азаматтарды көшіру тетігін іске асыру. 

Астана қаласының әкімдігі: 

1)  Астана  қаласының  қалалық  ортасын  қайта  жаңарту  жобасын, 

авариялық  тұрғын  үйді  бұзуды  және  тұрғын  үй  қорын  салуды  іске  асыру 

үшін уәкілетті ұйымды құрады; 

2)  үй  құрылыстарын  комиссиямен  тексеруді  жүргізеді,  оның  нәтижелері 

бойынша  олардың  табиғи  тозуын  көрсете  отырып  және  тұрғын  үйді 

авариялық  деп  тану  үшін  негіздерді  белгілей  отырып,  техникалық 

тексерулердің актілері жасалады; 


3) заңнамада белгіленген тәртіппен жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай 

шеңберінде жер учаскелерін алып қояды және босатады; 

4)  қайта  жаңарту  аудандарын  белгілейді,  құрылысты  жүзеге  асыру  үшін 

жер учаскелерін бөледі; 

5) магистралдық инженерлік желілердің құрылысын қамтамасыз етеді; 

6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қолда бар және кейін 

уәкілетті  ұйым  коммуналдық  тұрғын  үй  қорынан  берген  үлестер  есебінен 

авариялық  үй  құрылыстарының  иелерін  тұрғын  үймен  қамтамасыз  етуді 

ұйымдастырады. 

Уәкілетті ұйым (Астана қаласы әкімдігінің 100 % қатысуымен): 

1) тұрғын үйлерді жобалайды және салады; 

2) салынған тұрғын үйдің бөлігін нарықта сатады; 

3)  тұрғын  және  тұрғын  емес  үй-жайларды  сатудан  түскен  табыстарды 

қайта инвестициялау арқылы одан кейінгі құрылысты ұйымдастырады; 

4)  2021  жылдан  бастап  бюджетке  40,0  млрд.  теңге  мөлшерінде  қарыз 

қайтаруды қамтамасыз етеді. 

Негізгі  міндеті  пилоттық  жобада  ұсынылған  шараларды  іске  асыру 

болатын уәкілетті ұйымның қызметі қалалық ортаны қайта жаңарту, тұрғын 

үйді  бұзу,  мемлекеттік  тұрғын  үй  қорын  салу  мәселелерін  кешенді  шешуге 

мүмкіндік береді. 

Пилоттық жобаның шеңберінде жобаны қайта қаржыландыру және қарыз 

қаражатын  бюджетке  қайтару  үшін  жылжымайтын  мүлік  нарығында  сату 

үшін  жайлылығы  3-4-сыныптағы  тұрғын  үй  және  элиталық  және  бизнес 

сыныпты  кеңсе  үй-жайлары  мен  паркингтері  бар  коммерциялық  тұрғын  үй 

салу көзделіп отыр. 

Тұрғын үйдің 1 шаршы метрін салу құны 142 500 теңгені құрайды. 

Тұрғын  үйдің  1  шаршы  метрін  сату  құны  шамамен  192  400  теңге  деп 

көзделіп  отыр,  бұл  орайда  сату  бағасы  салынып  жатқан  тұрғын  үйдің 

жайлылығы дәрежесіне байланысты болады. 

Астананың  «ескі»  кварталдарын  қайта  жаңартудың  ұсынылып  отырған 

тетігі тұрғын үй салу үшін бөлінген қаражатты қайтаруды қамтамасыз етуге 

мүмкіндік  береді,  құрылыс  индустриясын  дамытуға  қарқын  береді,  жалпы 

тұрғын үй құрылысын дамытуда қуатты мультипликативтік тиімділік береді. 

Осының бәрі, нәтижесінде, халықтың қалың жігін қолжетімді тұрғын үймен 

қамтамасыз етеді. 

Осы  шаралар  тұрғын  үйді  қолжетімді  жасауға  мүмкінді  береді,  қаланың 

сәулеттік келбетін жақсартады, астананың сол және оң жағалауы арасындағы 

айырмашылықты азайтуға мүмкіндік береді. 

Пилоттық жобаны іске асыру: 

1)  авариялық  тұрғын  үйді  бұзу  жөнінде  іс-шараларды  орындауды  -  2017 

жылдың аяғына қарай алаңы 150,0 мың шаршы метр 228 авариялық үйді бұзу 

және 3519 отбасының Астана қаласында жайлы жағдайда тұруын қамтамасыз 

ету жоспарланып отыр; 

2)  коммерциялық  тұрғын  үйді  сатудан  қаражатты  қайта  қаржыландыру 

арқылы  авариялық  тұрғын  үйді  бұзу  және  тұрғын  үй  салу  жөніндегі 


жергілікті  атқарушы  органнан  авариялық  үй  құрылыстарының  иелерін 

көшіру үшін бюджеттік ауыртпашылықты алуды; 

3)  жобаның  коммерциялық  бағыты  есебінен  2021  жылдан  бастап 

бюджетке 40,0 млрд. теңге сомасында қарызды қайтаруды; 

4)  кредиттік  қаражатты  қайтарғаннан  кейін  уәкілетті  ұйымның 

мемлекеттік  тұрғын  үй  қорын  10  %  мемлекеттік  қорға,  90  %  сатуға  деген 

арақатынаста толтыру үшін тұрғын үй құрылысын салуды жалғастыруды; 

5) астананың дәрежесіне сәйкес келетін сәулеттің қазіргі заманғы келбетін 

жасай  отырып,  астананың  «ескі»  кварталдарын  кешенді  қайта  жаңартуды 

қамтамасыз етеді. 

Пилоттық жобаны іске асыру тиімділігі: 

1) ескі кварталдардың құрылыстарын кешенді қайта жаңартудың негізінде 

қаланың  қалыптасқан  бөлігінде  сәулеттің  қазіргі  заманғы  келбетін 

қалыптастыру; 

2) халықтың қалың жігіне тұрғын үйдің қолжетімлігін қамтамасыз ететін 

тұрғын үй құрылысын дамыту проблемаларын кешенді шешу; 

3) астананың әлеуметтік әлсіз топтарын тұрғын үймен қамтамасыз ету; 

4) кварталішілік аумақтарда жиі құрылыс салуды және тығыздықты жою; 

5)  тұрғындарға  бұзылған  тұрғын  үйдің  орнына  алаңы  бойынша  барабар 

көлемде жаңа пәтерлер беру; 

6) мемлекеттік тұрғын үй қорының үйлерін салу; 

7) тұрғын үйдің теңгерімді нарығын құру; 

8) құрылыс индустриясының тиімді нарығын қалыптастыру; 

9)  Бағдарламаны  іске  асыру  барысында  объектілерді  жобалау  және  салу 

спасына бақылауды қамтамасыз ету. Қала құрылысы нормаларын сақтау. 

2. Маңғыстау облысы бойынша 

Пилоттық жобаларда Ақтау және Жаңаөзен екі қаланың қатысуы көзделіп 

отыр. 


Ақтау  қаласында  авариялық  тұрғын  үйді  бұзу  және  одан  азаматтарды 

көшіру  Астана  қаласы  бойынша  пилоттық  жобаның  пилоттық  схемасын 

қолдана  отырып,  қалыптасқан  жағдайды  жергілікті  ауқымдағы  техногендік 

сиппатағы  төтенше  жағдай  деп  жіктей  отырып,  тұрғын  үйді  бұзу  және  үй 

орналасқан жер учаскесін реквизициялау тәртібінде жүргізіледі. 

Ақтау  қаласында  тығыз  кешенді  құрылыс  салынған  және  жаңа 

объектілерді  салу  үшін  қаланың  әкімдігі  қажетті  инфрақұрылым  жоқ  жаңа 

аумақты игеруге мәжбүр. 

Сонымен бірге, қалада 14 үй (224 пәтер) авариялық деп танылған және бір 

шағын ауданда орналасқан. 

Үйлерді  бұзу  міндеттін  шешу  және  қаражаттың  қайтарылымын 

қамтамасыз  ету  үшін  қаржыландыру  қажеттілігі  10  млрд.  теңгені  құрайды 

(2013 және 2014 жылдары жыл сайын 5 млрд. теңгеден). 

Үйлері  бұзылатын  тұрғындар  үшін  және  Жаңаөзен  қаласының 

тұрғындарын  Ақтау  қаласына  көшіру  үшін  тұрғын  үй  салу  жоспарланып 

отыр. 


  

  

ЖТҚ салу 

  

Қазақстанда  тұрғын  үй  құрылысының  жалпы  көлеміндегі  негізгі  үлесті 



(50 % - 60 % дейін) жеке тұрғын үй құрылысы (ЖТҚ) алады. 

ЖТҚ-ны ынталандыру үшін мыналарды көздеу қажет: 

1)  үйлерді  жаңа  технологиялар  бойынша  тұрғызу  үшін  жергілікті 

құрылыс материалдарының өндірісін дамыту; 

2)  ақ  қабатты  тұрғын  үйлер  салудың  үлгі  жобаларын  тарату  бойынша 

ЖАО-ның  қызметін  ұйымдастыру.  Осы  жобалар  азаматтарға  тегін  берілуі 

тиіс; 

3)  ЖТҚ-ға  арналған  алаңдар  бекітілген  бас  жоспарларға,  егжей-тегжейлі 



жоспарлау  жобаларына  және  елді  мекендерде  құрылыс  салу  қағидаларына 

сәйкес алаптармен бөлінуге тиіс; 

4) ЖТҚ-ға бөлінген алаптар тұрғын үйлердің құрылысы басталғанға дейін 

инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен қамтамасыз етілуге тиіс; 

5) ЖАО азаматтарға жер учаскелерін беру. 

  

  

Тұрғын үй құрылысы салынатын аудандарда инженерлік-

коммуникациялық инфрақұрылым салу 

  

Салынып жатқан тұрғын үйдің уақтылы пайдалануға берілуін қамтамасыз 



ететін  негізгі  фактор  құрылыс  салынатын  аудандарда  тиісті  инженерлік-

коммуникациялық  инфрақұрылымның:  жылумен,  сумен,  газбен  және 

электрмен жабдықтаудың ішкі кварталдық инженерлік желілерінің, кәріздің, 

инженерлік  құрылыстардың,  жолдар  мен  өтетін  жерлердің  болуы  болып 

табылады. 

Тұрғын 


үй 

құрылысы 

салынатын 

аудандарда 

инженерлік-

коммуникациялық  инфрақұрылымды  дамытуды  аула  ішіндегі  аумақтарды, 

ішкі  кварталдық  жолдар  мен  өтетін  жерлерді  абаттандыруды  қоса  алғанда, 

тұрғын  үй  құрылысы  салынатын  аудандарда  инженерлік-коммуникациялық 

инфрақұрылымды  жобалауға,  дамытуға  және  (немесе)  сметалық  құн 

бойынша жеке құрылыс салушылардан сатып алуға бөлінетін республикалық 

бюджеттің қаражаты есебінен жүзеге асыру ұйғарылып отыр. Бұл ретте жеке 

құрылыс 


салушылар 

инженерлік-коммуникациялық 

инфрақұрылым 

құрылысының  сметалық  құны  бойынша  Мемлекеттік  сараптаманың  оң 

қорытындысын алуға тиіс. 

  

  

Серіктес қалаларда инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымдар 

салу 

  

Қазақстан  Республикасы  Президентінің  2011  жылғы  21  шілдедегі № 118 



Жарлығымен  бекітілген  Елді  аумақтық-кеңістіктік  дамытудың  2020  жылға 

дейінгі  болжамды  схемасының  басты  мақсаты  -  елдің  әрбір  өңірінің 

әлеуметтік-экономикалық  әлеуетін  дамыту  мен  тиімді  пайдалану  негізінде 

халықтың  әл-ауқатының  өсуін  қамтамасыз  ететін  жағдайлар  жасау  болып 

табылады. Еліміздің экономикалық әлеуетінің жартысы (47,2 %) төрт өңірде 

шоғырланған  (Астана  және  Алматы  қалаларында,  Атырау  және  Қарағанды 

облыстарында).  Өңірлер  бөлінісінде  көші-қонның  оң  сальдосы  2020  жылға 

қарай  Астана  (15,2  мың  адам)  және  Алматы  (13,4  мың  адам)  қалаларында 

көрініс  табады.  Болашақта  Астана  қаласы  Қазақстанның  ірі  инновациялық 

және  басқарушылық  орталығы,  іргелес  облыстардың  экономикалық 

белсенділігін  топтастырған  және  елдің  өзге  аумақтары  үшін  «қозғаушы 

күшке»  айналатын  көшбасшы-қала  ретінде  қарастырылады.  Алматы 

келешегінің  әлеуеті  оны  бизнес  жүргізуге,  адамдардың  өмір  сүруі  мен 

демалысы  үшін  орнықты  инновациялық  дамыған,  озық  технологиялы, 

қолайлы 


әлеуметтік 

және 


экологиялық 

ортасы 


қалыптасқан 

инфрақұрылымды қала ретінде орнын анықтауға мүмкіндік береді. 

Қазақстанның  агломерациялық  процестерін  талдау  Қазақстанның  аса  ірі 

қалаларының айналасында агломерациялардың құрыла бастағанын көрсетеді. 

Сонымен  қатар,  осы  үш  агломерация  орталықтары  үшін,  әсіресе,  Алматы 

қаласы  үшін,  халық  санының  бақылаудан  тыс  өсуін  шектеу  және  дамудың 

жаңа  қағидаттарына  ауысу  туралы  мәселе  өзекті  болып  табылады:  қолайлы 

өмір  сүру  ортасын  құруға  негізделген.  Сондықтан  тұрақты  кеңістікте  даму 

принциптеріне  ауысу  қажет:  аумақтарын  кеңейтудің  орнына  қалалардың 

өсуі;  орталық-қала  мен  оның  экономикалық  еңбекпен  қамтылған  өз  алдына 

жеке  орталықтарға  айналатын  қала  маңы  арасындағы  функциялар  мен 

маманданудың  бөлінісі.  Қала  агломерацияларының  артықшылықтарын 

пайдалануда  олардың  қала  маңы  аймақтарын  қалыптастыру  мен  дамыту 

процестері үлкен маңызға ие. 

Белгіленген  мақсатқа  қол  жеткізу  жолдарының  бірі  Қазақстан 

Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2008 - 2010 жылдарға арналған 

мемлекеттік  бағдарламасынан  бастау  алған  Алматы  және  Астана 

қалаларының  серіктес  қалаларын  дамыту  жөніндегі  инвестициялық 

жобаларды одан әрі іске асыру болып табылады. 

Алматы 


қаласының 

«G4 


City» 

серіктес 

қалаларын 

дамыту 


тұжырымдамасының негізінде адам саны 300 мыңнан асатын халқы бар төрт 

серіктес  қала  құру  қажет.  Жобаны  аяқтау  кезінде  осында  жетекші 

қазақстандық және шетел клмпаниялары салатын 9 млн. шаршы метр тұрғын 

алаңдарын пайдалануға беру жоспарланып отыр. 

Бірінші қала «Gate City» ұлттық және өңірлік деңгейдің іскер және қаржы 

орталығы  ретінде  болады,  Алматы  қаласының  шегінен  солтүстік  бағытта 

халықаралық аэропорттан 8 километр қашықта орналасқан. Бұл аймақ көлік 

торабы және келешекте Алматы қаласы үшін жаңа қосалқы орталық болады. 

Екінші  қала  «Golden  City»  -  мәдени  ойын-сауық  және білім  беру  орталығы. 

Үшінші  қала  «Growing  City»  логистка  объектілері  және  ғылыми-өндірістік 

кешені  бар  ғылым  және  қазіргі  заманғы  технологиялары  қаласы  ретінде 


болады.  Төртінші  қала  «Green  City»  -  демалыс,  ойын-сауық  және  туризм 

қаласы. 


 «Gate 

City» 


аумағында 

тұрғын 


үй 

құрылысына 

шетелдік 

инвестицияларды 

тарту 

мақсатында 



инженерлік-коммуникациялық 

инфрақұрылым  объектілерін  салуды  қаржыландыру  бойынша  жұмысты 

жалғастыру  қажет.  2020  жылға  дейінгі  кезеңде  бюджеттік  қаражатқа 

қажеттілік  120  млрд.  теңгені  құрайды.  Қалған  серіктес  қалалардың 

инженерлік  коммуникацияларын  салуға  шығындары  айтарлықтай  аз,  себебі 

негізгі жабдықтау көздері (сумен, жылумен және энергиямен қамтамасыз ету, 

сондай-ақ тазарту құрылыстары) бірінші қалада шоғырланатын болады. 

 «Gate  City»  құрылысының  бірінші  кезегі  бойынша  негізінен  жеке 

инвесторлардың  есебінен  650  мың  шаршы  метр  тұрғын  үй  алаңын 

пайдалануға беру көзделіп отыр. 

Алматы  облысының  Талғар  ауданында  үйлесімді  сәулет  ансамблі, 

дамыған  инфрақұрылымы  мен  адамның  жайлы  өмір  сүруі  үшін  барлық 

қажетті  жағдайларымен  сапалы  басқару  жүйелері  бар  халықаралық 

стандарттың  «Алтын  Сай»  серіктес  қаласын  салу  (Құлжа  трактысынан 

батысқа  қарай  Алматы  қаласының  Рысқұлов даңғылынан әуежайға  баратын 

автомагистралды ортасында) жоспарланып отыр. Жалпы құрылыс салынатын 

жалпы  алаң  2  млн.  шаршы  метрді  құрайды,  оның  жоспарланған  тұрғын  үй 

қоры  -  1,3  млн.  шаршы  метрді  құрайды.  Тұрақты  тұратын  халықтың  саны 

48,3  мың  адамды  құрайды.  Жобаны  іске  асыру  құны  230  млрд.  теңге,  бұл 

орайда  инженерлік  инфрақұрылымды  салуға  болжамды  бюджеттік 

қаржыландыру  сомасы  19,4  млрд.  теңгені  (8,4  %)  құрайды,  бұл  Алматы 

қаласына  жақын  болғандықтан  және  қалалық  магистралдық  желілерге  қосу 

мүмкіндігімен  байланысты.  10  жыл  ішінде  15  мың  қазақстандық  отбасыны 

жаңа  тұрғын  үймен  қамтамасыз  ету  жоспарланып  отыр.  Тұрғын  үй  салуға 

жеке  инвесторлардың  қаражаты,  мемлекеттік  кредиттер  («ҚТҚЖБ»  АҚ, 

«Самұрық-Қазына»  жылжымайтын  мүлік  қоры»  АҚ  тұрғын  үй  қарыздары) 

тартылатын  болады.  Жеке  тұрғын  үй  құрылысын  дамыту  үшін  жағдайлар 

жасалатын болады (коттедждік тұрғын үй). 

Бүгінгі таңда Астана қаласының қарқынды дамуына байланысты астанаға 

жақын орналасқан Ақмола облысы аудандарының дамуына ерекше талаптар 

туындап  жатыр.  Ерекше  қала  құрылысын  реттеу  аймағында  орналасқан 

Целиноград  ауданы  Қосшы  ауылының  астана  қаласына  жақын 

орналасқандығы  тұрғын  үй  құрылысы  салу  жағынан  оны  инвесторлар  үшін 

тартымды етеді. Қосшы ауылының жобалау саны 70 мың тұрғынды құрайды. 

Қазақстан  Республикасындағы  тұрғын  үй  құрылысының  2008  -  2010 

жылдарға  арналған  мемлекеттік  бағдарламасын  іске  асыру  қорытындылары 

бойынша Астаны қаласының серіктес қаласы ретінде Қосшы ауылын дамыту 

жөніндегі  жобаның  шеңберінде  инженерлік  инфрақұрылымның  негізгі 

объектілерін  салу  аяқталды  (қазандық,  трансформаторлық  кіші  станция, 

тазарту  құрылыстары).  Үш  жыл  ішінде  (2013  -  2015)  сумен  жабдықтау,  су 

бұру,  электрмен  жабдықтау  желілерін  және  жол  инфрақұрылымын  салу 

жөніндегі жұмыстарды аяқтау жоспарланып отыр. 



Қосшы  ауылын  инженерлік  инфрақұрылыммен  қамтамасыз  ету 

үлескерлердің  қатысуымен  салынып  жатқан  тұрғын  үй  кешендерінің 

құрылысын  аяқтауға,  жеке  тұрғын  үй  құрылысын  дамытуға,  тұрғын  үй 

құрылысна  жеке  құрылыс  салушыларды  тартуға,  тұру  үшін  қолайлы 

жағдайлар жасауға мүмкіндік береді. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет