4. Бағдарламаның мақсаты, міндеттері, нысаналы индикаторлары және
іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері
Бағдарламаның мақсаты
Халықтың тұрғын үйге қолжетімділігін қамтамасыз ететін тұрғын үй
құрылысын дамыту проблемаларын кешенді түрде шешу.
Бағдарламаның міндеттері
1. Ұсыныс тарапынан да, сұраныс тарапынан да толыққанды теңгерімді
тұрғын үй нарығын жасау.
2. «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының
Заңында белгіленген азаматтардың санаттарын, сондай-ақ жас отбасыларын
және халықтың қалың жігін тұрғын үй құрылыс жинақтары желісі және
«Қазақстандық ипотекалық компания» ипотекалық ұйым» АҚ бойынша
жайлылығы 3 және 4 сыныпты, оның ішінде аз қабатты бағасы қолжетімді,
энергия тиімділін және экологиялық талаптарына жауап беретін тұрғын үй
салу жолымен тұрғын үймен қамтамасыз ету.
3. Жаппай тұрғын үй салу мақсатында, ең алдымен экономикалық сынып
үшін аумақты кешенді игеру және құрылыс салынған аумақты дамыту.
4. Тұрғын үй құрылысына жеке инвестицияларды тарту және
мемлекеттік-жеке меншік әріптестікті ынталандыру.
5. Тұрғын үй құрылысы салынатын аудандардың инженерлік-
коммуникациялық инфрақұрылымын дамыту.
6. Жеке тұрғын үй құрылысын дамыту.
7. Тозған және авариялық тұрғын үйлерді бұзу мәселесін шешу.
8. Азаматтардың коммерциялық емес бірлестіктерінің, оның ішінде
тұрғын үй құрылысы кооперативтерінің, сондай-ақ жеке құрылыс
салушылардың тұрғын үй салуын қолдау.
9. Энергия үнемдеу және экология талаптарына сәйкес келетін қазіргі
заманғы жаңа технологиялар енгізу, құрылыс материалдарының, бұйымдары
мен конструкцияларының өндірісін ұлғайту, тұрғын үй құрылысындағы
қазақстандық
қамтудың
үлесін
арттыру
жолымен
Қазақстан
Республикасында құрылыс индустриясын дамыту.
Бағдарламаның нысаналы индикаторлары және іске асыру
нәтижелерінің көрсеткіштері
Өлш
ем
бірлі
Жауапт
ы
мемлеке
201
2
20
13
20
14
20
15
20
16
20
17
20
18
20
19
20
20
гі
ттік
орган
Қаржыланды
рудың
барлық
көздері
есебінен
тұрғын үй
салу
мың
шар
шы
метр
ҚТКШІ
А, ЖАО
6
050
6
60
0
6
90
0
7
20
0
7
60
0
7
70
0
8
00
0
9
00
0
10
00
0
ЖАО-да
кезекте
тұрған
азаматтар
үшін тұрғын
үй
мың
шар
шы
метр
ҚТКШІ
А, ЖАО
136
,4
22
5
27
5
27
5
27
5
27
5
27
5
27
5
27
5
ҚТҚЖБ
желісі
бойынша
халықтың
барлық
санаттары
үшін тұрғын
үй
мың
шар
шы
метр
ҚТКШІ
А, ЖАО
313 32
0
33
0
33
0
33
0
33
0
33
0
33
0
33
0
Жас
отбасылар
үшін тұрғын
үй
мың
шар
шы
метр
ҚТКШІ
А, ЖАО
-
15
5
15
5
20
0
20
0
20
0
20
0
20
0
20
0
«ҚИК» АҚ
Қорының
тұрғын үйі -
сатып алу
құқығымен
жалдау
мың
шар
шы
метр
ҚТКШІ
А,
«ҚИК»
АҚ
-
-
21
0
25
0
54
5
53
0
53
0
53
0
53
0
«Самұрық-
Қазына»
жылжымайты
н мүлік
қорының
жалға беретін
тұрғын үйі
мың
шар
шы
метр
«Самұр
ық-
Қазына»
ҰӘҚ»
АҚ,
ҚТКШІ
А, ЖАО
-
60
90
15
0
15
0
15
0
15
0
15
0
15
0
Авариялық
тұрғын
үйлерді бұзу
жөніндегі
мың
шар
шы
метр
ҚТКШІ
А,
Маңғыс
тау
-
25
25
30
35
50
50
50
50
пилоттық
жобалар
шеңберінде
тұрғын үй
салу
облысы
ның
және
Астана
қаласын
ың
әкімдікт
ері
Жұмыспен
қамту 2020
бағдарламас
ының
шеңберінде
тұрғын үй
салу
мың
шар
шы
метр
ҚТКШІ
А, ЖАО
102
,6
11
5
11
5
16
5
16
5
16
5
16
5
16
5
16
5
ЖТҚ
мың
шар
шы
метр
ЖАО
3
000
3
20
0
3
20
0
3
25
0
3
30
0
3
35
0
3
40
0
3
80
0
4
30
0
Коммерциял
ық тұрғын үй
мың
шар
шы
метр
ЖАО
2
498
2
50
0
2
50
0
2
55
0
2
60
0
2
65
0
2
90
0
3
50
0
4
00
0
5. Бағдарламаны іске асыру кезеңдері
Бағдарламаның шеңберінде мынадай негізгі бағыттар көзделіп отыр:
1. ЖАО-да кезекте тұрған азаматтар үшін тұрғын үй салу.
2. ҚТҚЖБ желісі бойынша:
1) халықтың барлық санаттары үшін;
2) жас отбасылар үшін тұрғын үй салу.
3. «ҚИК» АҚ-тың тұрғын үй салуы.
4. Қазақстан Республикасының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын
жаңғыртудың 2011 - 2020 жылдарға арналған бағдарламасы бойынша тұрғын
үй қорын жөндеу (қайталама тұрғын үй).
5. Авариялық тұрғын үйлерді бұзу жөніндегі пилоттық жобалар
шеңберінде тұрғын үй салу.
6. ЖТҚ.
7. Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым салу.
8. Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының шеңберінде тұрғын үй салу.
9. «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ-тың тұрғын үй
салуы.
Бағдарламаға қатысушы Бағдарламаның барлық бағыттары бойынша бір
елді мекенде жеке меншігіне бір тұрғын үй сатып алуға құқылы. Осы
талаптың орындалуын бақылау ЖАО-ға және Бағдарламаның операторына
жүктеледі.
ЖАО-да кезекте тұрғандар үшін тұрғын үй
Коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға кезекте тұрған
азаматтар үшін республикалық бюджет қаражатының есебінен әрбір облыста,
Астана және Алматы қалаларында мемлекеттік жалға берілетін үйлерді
(пәтерлерді) жобалау және жыл сайын салу және (немесе) жеке құрылыс
салушылардан сатып алу көзделеді.
Мемлекеттік жалға берілетін үйдегі пәтерлер «Тұрғын үй қатынастары
туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ЖАО-да кезекте
тұрғандарға беріледі.
Бюджет қаражаты есебінен тек жайлылығы 4-сыныпты жалға берілетін
тұрғын үйлерді жобалау және салу және (немесе) дайынын сатып алу
жүргізілетін болады.
Жайлылығы 4-сыныпты мемлекеттік жалға берілетін үйдің 1 шаршы
метрін салудың және (немесе) жеке құрылыс салушылардан сатып алудың
құны өңірлерде 80 мың теңгеден артық болмайды (инженерлік желілердің
құнын және өңірдің сейсмикалығын есептемегенде) және Астана мен Алматы
қалаларында 120 мың теңге мөлшерінде (инженерлік желілердің құнын
есептемегенде).
Бұл ретте өңірлер бойынша пәтердің жалпы алаңының бір шаршы
метрінің құны тұрғын үйлердің жобалау-сметалық құжаттамасына
Мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысының негізінде анықталатын
болады.
Жоғары сейсмикалық аудандар үшін тұрғын үйдің бір шаршы метрін салу
құнына:
1) 10 балл - 1,27;
2) 9 балл - 1,22;
3) 8 балл - 1,16;
4) 7 балл - 1,1 түзету коэффициенттері рұқсат етіледі.
Тұрғын үй құрылысы ауданының сейсмикалығы «Сейсмикалық
аудандардағы құрылыс» 2.03-30-2006 Қазақстан Республикасының ҚНжЕ
сәйкес анықталады.
Тұрғын үй салуға және (немесе) жеке құрылыс салушылардан тұрғын үй
сатып алуға құрылыс құнынан асатын шығындар жергілікті бюджет
қаражатының есебінен төленуі мүмкін. Ол үшін ЖАО жергілікті бюджетте
тиісті жылға республикалық бюджеттен бөлінген қаражаттың сомасынан 10
%-ға дейін резерв ұстауы қажет. Осы қаражатты, қажет болған жағдайда
ЖАО кезекте тұрғандар үшін тұрғын үй салған кезде қоса қаржыландыруға
ғана емес, сондай-ақ тұрғын үй құрылысың басқа бағыттарына да - халықтың
барлық санаттары мен жас отбасылар үшін тұрғын үй салуға да пайдалана
алады.
2015 жылдан бастап кезекте тұрған азаматтар үшін тұрғын үй салу
бағыты бойынша, сондай-ақ халықтың барлық санаттары мен жас отбасылар
үшін тұрғын үй салу деген басқа бағыттар бойынша құрылыстың құнына
инфляция коэффициентін қолдана отырып жыл сайын қаражат бөлу көзделіп
отыр.
Тұрғын үйді уақытында іске қосу және құрылыстың құнын төмендету
үшін ЖАО инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым жеткізілген жер
учаскелерін бөлуге тиіс.
Жалға берілетін (коммуналдық) тұрғын үй салу және сату тетігінің өзі
мынадай:
1) Қазақстан Республикасының Үкіметі жалға берілетін үйлерді және
инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жобалауға және салуға
және/немесе сатуға бюджет қаражатын бөледі;
2) ЖАО жалға берілетін тұрғын үй құрылысына жер учаскелерін бөледі,
инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен қамтамасыз етеді, жалға
берілетін үйлерді жобалайды және салады және (немесе) жеке құрылыс
салушылардан пәтерлерді (үйлерді) сатып алады, құрылыс жұмыстарының
барысына және сапасына бақылау жасайды, салынған тұрғын үйлерді
балансқа қабылдайды, жоғарыда көрсетілген санаттардағы азаматтарға
пәтерлерді бөледі, жалдау ақысын өндіріп алады;
3) жалдау төлемі түріндегі қаражат бюджетке қайтарылады.
Жалға
берілетін
(коммуналдық)
үйлер
және
инженерлік-
коммуникациялық инфрақұрылым салған кезде ЖАО әлеуметтік-кәсіпкерлік
корпорацияларын тартуы мүмкін.
Жалға берілетін тұрғын үй құрылысы құнының өсуіне жол бермеу және
бюджет қаражатын үнемдеу мақсатында Агенттік Қазақстанның барлық
өңірлері үшін энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі
мемлекеттік нормативтердің талаптарын ескере отырып, тұрғын үйлердің
үлгі жобалары әзірленетін болады. Энергия үнемдеу шараларын қолдану
жалға берілетін (коммуналдық) тұрған үйлерді күтіп-ұстауға арналған
пайдалану шығыстарын төмендетуге мүмкіндік береді.
ҚТҚЖБ желісі бойынша тұрғын үй
1) Халықтың барлық санаттары үшін тұрғын үй
Тұрғын үй құрылысының бұл бағыты 2010 жылғы 29 қаңтардағы
Елбасының Қазақстан халқына арнаған «Жаңа онжылдық - Жаңа
экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауына
сәйкес басталған тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін дамыту жұмыстары
аясында әзірленген және 2011 - 2014 жылдарға арналған Қазақстан
Республикасындағы тұрғын үй құрылысы бағдарламасының аясында іске
асырылады.
Көрсетілген 2011-2014 жылдарға арналған бағдарламаны іске асыруды
талдау бұл тұрғын үйдің халық тарапынан сұранысқа ие екенін көрсетті. 2011
- 2014 жылдарға арналған бағдарламаны іске асыру басталғанда банктің 17
мыңға жуық салымшысы осы бағыт бойынша тұрғын үй сатып алуға ниет
білдірсе, бүгінде 75 мың адамнан асып түсті. Сонымен қатар 2011- 2014
жылдарға арналған бағдарлама аясында шамамен 10 мың пәтер (орташа -
жыл сайын 2,5 мың пәтер) салу жоспарланып отыр. Бұл мұқтаждықтан 7,5
есе аз.
Осыған орай осы бағыт бойынша тұрғын үй құрылысын жалғастырып
қана қоймай, оны қаржыландыруды көбейту қажет.
Тұрғын үйді ЖАО-ның салу және оны тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі
арқылы іске асыру тетігі мынадай:
1. ЖАО-ның жобалау, салу және/немесе дайын тұрғын үйді сатып алуды
жүзеге асыруы үшін республикалық бюджеттен кредиттер беру. Жоба
әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар арқылы іске асырылған жағдайда,
ЖАО тұрғын үй құрылысын жүзеге асыру үшін ӘКК-ге бюджеттік кредит
бөледі.
2. ЖАО мен ҚТҚЖБ-ның тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы
тұрғын үй салу және іске асыру жобасының аясында ынтымақтастық
бойынша ниеттері туралы келісімге қол қоюы.
ЖАО және ҚТҚЖБ келіскен жобалар таңдап алынған соң әрбір құрылыс
объектісі бойынша тұрғын үй салу және іске асыру бойынша ЖАО және
ҚТҚЖБ ынтымақтастығы туралы шартқа қол қойылады.
ЖАО және ҚТҚЖБ тұрғын үйді сатып алу-сату, жалға алу шарттарының
үлгі нысандарын келіседі.
3. ҚТҚЖБ-ның сатып алушылар мен жалға алушылар пулдарын құрып,
олардың арасында пәтерлерді бөлуі.
ҚТҚЖБ пулдардың қатысушыларымен тұрғын үй құрылыс жинақ
шарттарына қосымша келісімдер жасайды, онда пулға қатысу талаптары,
оның ішінде 3 ай ішінде тұрғын үй құрылыс жинағына жарналар жинақтау
бойынша төлемдер салынбаған жағдайда ҚТҚЖБ-ның пул қатысушысын
ауыстыру құқығы қамтылады. Тұрғын үй құрылыс жинақ шартына қосымша
келісім жасалған күүннен бастап төлемдерге монтиронг жүргізіледі. ҚТҚЖБ
пул қатысушыларын ауыстыруды пулдарды құру үшін белгіленген тәртіппен
жасайды.
4. Пулға қатысушылардың тұрғын үйді сатып алуы мынадай бағыттар
бойынша:
1) тұрғын үй құрылысы аяқталған соң тұрғын үй, алдын ала әрі аралық
тұрғын үй қарыздары және меншікті қаражат есебінен;
2) тұрғын үйді жалдау арқылы кейіннен тұрғын үй қарыздары есебінен
жүзеге асырылуы мүмкін. Ең жоғарғы жалдау мерзімі - тұрғын үй
пайдалануға берілген күннен бастап 8 жылдан артық емес;
5. ЖАО-ның тұрғын үй құрылысын және оны пайдалануға берілуін
қамтамасыз етуі.
6. ЖАО-ның тұрғын үй сатып алатын сатып алушылар пулына
қатысушылармен пәтерлерді сатып алу-сату шарттарын жасауы немесе
тұрғын үй құрылыс жинағын жинақтау мерзімі аяқталған соң тұрғын үйді
сатып алуды көздеп отырған пулға қатысушылармен кейіннен сатып ала
отырып жалдау шарттарын жасауы.
7. Бөлінген пәтерлерді сатып алу үшін ҚТҚЖБ-ның пулға қатысушыларға
қарыздар беруі.
Пулға қатысушы кепілді қамтамасыз ету ретінде сатып алынған пәтерді
ҚТҚЖБ-ға береді.
ҚТҚЖБ сатып алушылар пулына қатысушылардың қарыздары мен
жинақтарының және меншікті қаражатының сомасын ЖАО-ға сатып
алынатын пәтер төлеміне есебіне аударады.
8. ЖАО-ның бюджеттік кредитті өтеуі.
Құрылыс кезінде сатып алушылар пулына қатысушылардың өкілі ретінде
ҚТҚЖБ
тұрғын
үйдің
әрбір
объектісі
құрылысының
барысын
мониторингілеуді жүзеге асырады. Құрылыс аяқталғаннан кейін ЖАО
салынған тұрғын үй объектісінің, пайдалануға қабылдауға қатысу үшін
тұрғын үй объектісі пайдалануға беруге дайын екендігі туралы ҚТҚЖБ-ға
жазбаша хабарлайды.
Тұрғын үй объектісі пайдалануға берілгеннен кейін:
ЖАО ҚТҚЖБ берген әрбір тұрғын үй объектісі бойынша пул
қатысушыларының тізімі негізінде сатып алу-сату (не тұрғын үйді жалдау)
шарттарын жасайды, Бағдарлама қатысушысының қаражаты есебінен тұрғын
үйге меншік құқығын рәсімдеу мен тіркеуді жүзеге асырады.
Бағдарламаға қатысушының қаражаты есебінен ҚТҚЖБ кепіл шартын
тіркеуді қамтамасыз етеді.
Осы бағыт бойынша тұрғын үй - халықтың барлық санаттары үшін
жайлылық деңгейі 3 және 4-сыныпты болуға тиіс.
Таза әрленген тұрғын үйдің 1 шаршы метрі үшін сату бағасы мынаны
құрайтын болады:
1) жайлылығы 4-сыныпты Астана және Алматы қалаларында 120 мың
теңге шегінде (инженерлік желілердің құнын есептемегенде), Атырау,
Өскемен және Ақтау қалаларында 100 мың теңге (инженерлік желілердің
құнын есептемегенде), қалған өңірлерде 80 мың теңге (инженерлік
желілердің құнын есептемегенде);
2) жайлылығы 3-сыныпты Астана және Алматы қалаларында 142,5 мың
теңге шегінде (инженерлік желілердің құнын есептемегенде), Атырау,
Өскемен және Ақтау қалаларында 112,5 мың теңге (инженерлік желілердің
құнын есептемегенде), қалған өңірлерде 90 мың теңге (инженерлік
желілердің құнын есептемегенде);
3) Алматы қаласының маңындағы Алматы облысының аумақтарында таза
әрленген тұрғын үйдің бір шаршы метрі үшін баға Алматы қаласы бойынша
жайлылығы 3 және 4-сыныпты тұрғын үйдің бағасы сияқты көзделеді.
Бұл ретте, өңірлер бойынша пәтердің жалпы алаңының бір шаршы
метрінің құны тұрғын үйдің жобалау-сметалық құжаттамасына Мемлекеттік
сараптаманың оң қорытындысының негізінде анықталатын болады.
Тұрғын үй салуға және (немесе) жеке құрылыс салушылардан тұрғын
сатып алуға құрылыс құнынан асатын шығындар ЖАО құрған резервтен
жергілікті бюджет қаражатының есебінен төленуі мүмкін.
2015 жылдан бастап халықтың барлық санаттары үшін тұрғын үй салу
бағыты бойынша құрылыстың құнына инфляция коэффициентін қолдана
отырып, жыл сайын қаражат бөлу көзделіп отыр.
Осы схеманы практика жүзінде іске асыру үшін жергілікті атқарушы
органдар инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым жеткізілген жер
учаскелерін бөлуге тиіс.
Осы схема халықтың қалың жігі үшін тұрғын үйге қолжетімділікті
арттырады.
Тетіктің басты артықшылығы - тұрғын үй сатып алуды мемлекет
қаржыландыруының қажет болмауы. Тұрғын үйді сатып алу жалдаушының
тұрғын үй құрылыс жинақтарының және ҚТҚЖБ берген тұрғын үй
қарыздарының есебінен жүргізіледі.
Жалға берілетін тұрғын үйде тұрып жатып 8 жылдан көп емес мерзім
ішінде тұрғын үйді сатып алу үшін қаражат жинақтау мүмкіндігі
жалдаушылар үшін басым артықшылық болып табылады, мұнда тек
коммуналдық төлемдерге, содан кейін 15 жылға дейін мерзімге тұрғын үй
қарызын алу.
Пулдар құру және тұрғын үйді бөлу тәртібін ҚТҚЖБ басқару органы
анықтайды.
Тұрғын үйді сатып алушылардың және кейін сатып алу құқығымен
тұрғын үйлерді жалдау пулын қалыптастыруға қойылатын негізгі талаптар:
1. Тұрғын үйді сатып алушылардың және кейін сатып алу құқығымен
тұрғын үйді жалдаушылардың пулдары «Халықтың барлық санаттарына
арналған тұрғын үй» бағыты бойынша Бағдарламаға қатысу үшін берген
өтініштердің негізінде ҚТҚЖБ салымшыларының ішінен қалыптастырады;
2. Пулдарды қалыптастырған кезде пулға қосудың басым құқығы
төмендегі көрсеткіштер ескеріле отырып, ең жоғары балл жинаған ҚТҚЖБ
салымшыларында болады: бағалау көрсеткішінің мәні (көлемі), тұрғын үй
құрылыс жинағының ең төменгі қажетті көлемін жинақтау, тұрғын үй
құрылыс жинағын жинақтау мерзімі. Баллды есептеу өтініш берушілердің
пулдарға қатысуға өтініштерін қабылдау аяқталған күннен бастап келесі
жұмыс күніндегі жағдай бойынша жасалады.
3. Балл есептеліп болған соң тұрғын үй сатып алушылар пулына
қатысушыларды іріктеу үшін өтініш берушілердің төлем қабілеті
бағаланады.
ҚТҚЖБ қарыздары есебінен тұрығын үй сатып алушылар пулына
қалыптастырушыларға қойылатын негізгі өлшемдер:
1) «Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы
туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 7 желтоқсандағы Заңының
нормаларын, қарыздар алу үшін тұрғын үй құрылыс жинақтары туралы
шарттың талаптарын және ҚТҚЖБ-ның ішкі құжаттарын орындау;
2) ҚТҚЖБ талаптарына сәйкес қарызға қызмет көрсету үшін төлем
қабілетін растау;
3) ҚТҚЖБ-ның ішкі талаптарына сәйкес сатып алынатын тұрғын үйді
кепілдік қамтамасыз етуге беру.
Республикалық бюджеттен қаражатты пайдалана отырып, ҚТҚЖБ
қарыздарының есебінен тұрғын үй сатып алу үшін Бағдарламаға қатысушы
мынадай талаптарға сай болуға тиіс:
4) Бағдарламаға қатысушыда және оның отбасының мүшелерінде
(жұбайының, кәмелетке толмаған балаларының) Бағдарламаға қатысуға
өтініш берген елді мекенде меншік құқығында тұрғын үй болмауы немесе
егер Бағдарламаға қатысушының, оның отбасы мүшелерінің (жұбайының,
кәмелетке толмаған балаларының) меншік құқығындағы алып отырған
пайдалы алаңның мөлшері отбасындағы бір адамға шаққанда (жұбайлар,
кәмелетке толмаған балалар, сондай-ақ еңбекке жарамсыз балалар,
жұбайлардың еңбекке жарамсыз немесе зейнет жасына жеткен ата-аналары -
бірге тұрып жатса және еңбекке жарамсыз балалардың, жұбайлардың
еңбекке жарамсыз немесе зейнет жасына жеткен ата-аналарының меншігінде
тұрғын үй жоқ болса) кемінде 15 (он бес) шаршы метрден аз болған жағдайда
Бағдарламаға қатысушының тұрғын үй жағдайын жақсарту қажеттігі;
5) Бағдарламаға қатысушы және оның отбасының мүшелері (жұбайының,
кәмелетке толмаған балаларының) соңғы бес жылдың ішінде тұрғын үй
жағдайларын қасақана нашарлатуы фактілерінің болмауы.
Осы шарттардың орындалуын тексеруді банк жүзеге асыратын болады.
4. Тұрғын үй сатып алушылар пулына қатысу үшін төлем қабілетін
растамаған өтініш берушілер бойынша тұрғын үй жалдаушылар пулына
іріктеу үшін төлем қабілетін бағалау жүргізіледі.
Кейін сатып алумен тұрғын үй жалдаушылар пулына қатысушыларға
қойылатын негізгі талаптар:
1) Бағдарламаға қатысуға өтініш берілетін елді мекенде тіркелу;
2) Бағдарлама қатысушысының және оның отбасы мүшелерінің
(жұбайының, кәмелетке толмаған балаларының) Бағдарламаға қатысуға
өтініш берілетін елді мекенде меншік құқығындағы тұрғын үйінің болмауы;
3) Бағдарламаға қатысуға өтініш берілген елді мекенде Бағдарлама
қатысушысының және оның отбасы мүшелерінің (жұбайының, кәмелетке
толмаған балаларының) соңғы 5 жыл ішінде тұрғын үй жағдайларын әдейі
нашарлату фактілерінің болмауы.
4) ҚТҚЖБ талаптарына сай тұрғын үй жалдау кезеңінде жинақ жинақтау
үшін төлем қабілетін растау;
5) өтініш беру алдындағы соңғы 6 айдағы отбасының айлық ең төменгі
күнкөріс деңгейінің 15 есе мөлшерінен артық емес жиынтық таза табысы
(зейнетақы аударымдары, жеке табыс салығы мен басқа да аударымдар
шегерілген).
5. Пулға қосу үшін басымдылығы мынадай ретпен анықталады:
1) ҚТҚЖБ қарыздары және жинақталған тұрғын үй құрылыс жинақтары
есебінен тұрғын үй сатып алушылар пулдарына қатысушылар;
2) артынан сатып алумен тұрғын үй жалдаушылар пулдарына
қатысушылар.
5-тармақтың 1), 2) тармақшаларында анықталған топтар ішіндегі пулдарға
қатысушылары арасында тұрғын үйді бөлу пулдар құру кезінде жинаған балл
санымен анықталады. Балл тең болған кезде басым пулға қатысу үшін өтініш
берілген күннің неғұрлым ерте болуымен анықталады.
Кейіннен сатып алу құқығымен жалға берудің ерекшелігі:
1. ҚТҚЖБ кейін сатып алу құқығымен тұрғын үй жалдаушылар пулына
қатысушылар тізімін ЖАО-ға береді;
2. ЖАО Бағдарламаға қатысушылармен шарт жасайды, оның ішінде
төмендегілер көзделеді:
1) жалдаушылардың Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-
коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің 2011 жылғы 26 тамыздағы №
306 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік жалдамалы үйлерден алынатын
жалдық төлемді есептеу әдістемесіне сәйкес ЖАО белгілеген, бірақ 8 жылдан
аспайтын кезеңге 1 ш.м. үшін 100 теңгеден артық емес жалдық төлемді
төлеуі;
2) коммуналдық қызметтерді төлеу: электр қуаты, су, жылу, тұрғын үй
күтіміне мақсатты шығыстар және т.б.;
3) тұрғын үй құрылыс жинақ шартында белгіленген жинақтау мерзімі
ішінде тұрғын үй құрылыс жинағына жарналар жинақтау міндеттемесі
(жалдамалы тұрғын үй сатып алу үшін жинақ жинақтаудың ең төменгі
мерзімі - тұрғын үй пайдалануға берілген күннен бастап 8 жылдан артық
емес);
4) ҚТҚЖБ-ден 3 ай бойынша тұрғын үй құрылыс жинағына жарналар
жинақтау бойынша төлемдердің болмауы туралы ақпарат түскен кезде ЖАО-
ның жалға алушыны және оның отбасы мүшелерін шығарып жіберу тәртібі.
Бұл жағдайда ЖАО жалға алушыны пәтерден шығарады, ҚТҚЖБ
қатысушының жинақталған тұрғын үй құрылыс жинағынан және кепілді
жарнасынан ЖАО-ға жалдамалы тұрғын үйде Бағдарлама қатысушысының
нақты тұрғаны үшін өтемақыны аударады. Өтемақы сомасы жалдау шарты
жасалған күннен бастап тұрған әрбір ай үшін 8 жыл ішінде жинақ
жинақтаудың стандарт талаптарында есептелген салымға ай сайынғы жарна
көлемінің бір еселік көлемінде есептеледі.
ЖАО жалға алушыны тұрғын үйден шығару туралы ақпаратты, оның
ішінде ЖАО-ға өтемақы аудару үшін тұрған ай санын ҚТҚЖБ-ге береді.
Жалға алушылар пулына қатысушыларды ауыстыруды ҚТҚЖБ пулдарды
құру үшін белгіленген тәртіппен жүргізеді. Келесі жалға алушы үшін тұрғын
үй құнын ЖАО алдыңғы жалға алушының нақты тұрғаны үшін алған
өтемақы көлемінде азайтады.
5) жалдамалы тұрғын үйде тұру тәртібі мен талаптары және т.б.
Жалдау шартының және/немесе тұрғын үй құрылыс жинақ шартының
талаптарын орындамағаны үшін Бағдарламаға қатысушыны жалдамалы
тұрғын үйден шығару рәсімін ЖАО жүзеге асырады.
ЖАО жасалған жалдау шарттарының көшірмелерін Банкке береді.
3. ҚТҚЖБ-ның Бағдарлама қатысушыларымен кейін сатып алу
құқығымен тұрғын үй жалдау, жарналар жинақтау бойынша төлемдер
жасалмаған жағдайда, жалға алушыдан тұрғын үй құрылыс жинағын
жинақтау бойынша 6 еселік ай сайынғы жарна көлемінде кепілді жарна
қабылдау талаптарын қамтитын тұрғын үй құрылыс жинақ шарттарына
қосымша келісімдер жасау.
4. Жалға алушының пәтерге кіруі, жасалған тұрғын үй құрылыс жинақ
шартына сай тұрғын үй құрылыс жинағын жинақтауды жүзеге асыруы.
5. Жалға алушының ерікті түрде жалдамалы тұрғын үйден шығуы қажет
болған жағдайда, ҚТҚЖБ Бағдарламаға қатысушының жалдамалы тұрғын
үйде нақты тұрған мерзімі үшін қатысушының жинақталған тұрғын үй
құрылыс жинақтарынан және кепілдік жарналарынан ЖАО-ға өтемақы
аударады. Өтемақы сомасы жалға алу шарты жасалған күннен бастап тұрған
әрбір ай үшін 8 жыл ішінде қаражат жинақтаудың стандартты талаптарына
сай есептелген салымға ай сайынғы жарнаның бір реттік мөлшері шамасында
есептеледі.
ЖАО ҚТҚЖБ-ге жалға алушыныны пәтерден шығуы, соның ішінде
өтемақы аудару үшін тұрған айларының саны туралы ақпарат береді.
Бағдарламаға қатысушыны ауыстыруды ҚТҚЖБ пул қалыптастыру үшін
белгіленген мерзімде жүзеге асырады. ЖАО жаңа жалға алушы үшін тұрғын
үй құнын алдыңғы жалға алушының нақты тұрғаны үшін алынған өтемақы
мөлшеріне азайтады.
6. Тұрғын үй құрылыс жинақтарын жинақтау мерзімінің аяқталуына және
жалдамалы тұрғын үйді сатып алу мақсатында тұрғын үй қарызын алу
талаптарына қарай жалдамалы тұрғын үйді сатып алу-сату шарттарын жасау
үшін ҚТҚЖБ ЖАО-ға тізімдер жіберуі.
7. ЖАО Бағдарламаға қатысушылармен сатып алу-сату шарттарын
рәсімдеуі және қол қоюы, банктік қарыз және кепіл шарттарын рәсімдеу үшін
оларды ҚТҚЖБ-ге беруі.
8. «Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылыс жинақтары
туралы» Қазақстан Республикасы Заңының, Банктің ішкі құжаттарының
талаптарына сәйкес 15 жылға дейінгі мерзімге тұрғын үй қарыздарын беру.
Сатып алынатын жалдамалы тұрғын үй Банкке кепілге беріледі.
Тұрғын үй қарыздарын алу үшін негізгі өлшемдер:
1) Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 7 желтоқсандағы «Қазақстан
Республикасындағы тұрғын үй құрылыс жинақтары туралы» Заңының
нормаларын, қарыз алу үшін тұрғын үй құрылыс жинақ шарттарының
талаптарын және ҚТҚЖБ ішкі нормативтік құжаттарын орындау;
2) ҚТҚЖБ талаптарына сай қарызға қызмет көрсету үшін төлем
қабілеттілігін растау;
3) ҚТҚЖБ ішкі құжаттарында белгіленген талаптарға сәйкес келетін
кепілзаттық қамтамасыз етуді беру.
Бағыт бойынша Бағдарламаны (тұрғын үйді кейіннен сатып алумен жалға
алу) жүзеге асыру 2013 жылдан басталады.
Достарыңызбен бөлісу: |