«Қолжетімді тұрғын үй 2020» бағдарламасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 маусымдағы №821



Pdf көрінісі
бет2/7
Дата07.02.2017
өлшемі405,32 Kb.
#3593
1   2   3   4   5   6   7

  

  

3. Ағымдағы жағдайды талдау 

  

Бүгінгі  күні  тұрғын  үй  құрылысында  Қазақстан  Республикасындағы 



тұрғын үй құрылысының 2011  - 2014 жылдарға арналған бағдарламасы іске 

асырылып жатыр. 

2011  -  2014  жылдарға  арналған  бағдарламада  тұрғын  үй  құрылысының 

негізгі  қағидаттары  және жергілікті  атқарушы органдардың  және  тұрғын үй 

құрылыс  жннақтары  жүйесінің  қатысуымен  тұрғын  үй  салуы  және  сатуы, 

құрылысты  қаржыландыру  үшін  екінші  деңгейдегі  банктерді  қорландыру 

бағыттары  белгіленген,  жалға  берілетін  тұрғын  үйді  салу  және  инженерлік-

коммуникациялық  инфрақұрылымды  дамыту,  сондай-ақ  тұрғын  үй 

құрылысына жеке инвестицияларды тартуды ынталандыру жалғасып жатыр. 

Тұрғын  үй  құрылысының  қарқынын  сақтап  қалуға  мүмкіндік  беретін 

тетіктердің  бірі  тұрғын  үй  құрылыс  жинақтары  жүйесін  дамыту  болып 

табылады.  Мемлекет  басшысының  2010  жылғы  29  қаңтардағы  «Жаңа 

онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» 

атты  Қазақстан  халқына  Жолдауына  сәйкес  тұрғын  үй  құрылыс  жинақтары 

жүйесін  және  жалпы  тұрғын  үйдің  коммерциялық  секторын  дамыту 

жөніндегі  жұмыстар  басталды.  Оның  нәтижелері  бойынша  таза  әрленген 



тұрғын үйдің бір шаршы метрінің құны Алматы қаласында 142,5 мың теңге, 

Астана,  Ақтау,  Атырау  және  Өскемен қалаларында 112,5 мың  теңге,  қалған 

өңірлерде 90 мың теңге шегінде болатын ҚТҚЖБ-ның қатысуымен жергілікті 

атқарушы  органдар  арқылы  кредиттік  тұрғын  үй  салудың  жаңа  схемасы 

әзірленді. 

Осы  схема  халықтың  қалың  жігі  үшін  тұрғын  үйдің  қолжетімділігін 

арттырды. 

Өңірлерде  осы  схеманы  іске  асыру  -  ҚТҚЖБ  әлеуетін  пайдаланудың 

бірінші сатысы ғана екенін атап өткен жөн. 

2011  жылы  жергілікті  атқарушы  органдарға  республикалық  бюджеттен 

тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесі арқылы тұрғын үй салуға және сатуға 

28,8 млрд. теңге бөлінді, 54,1 мың шаршы метр немесе 814 пәтер пайдалануға 

берілді. 

ЖТҚ-мен  қатар  тұрғын  үйді  іске  қосудың  жалпы  көлеміндегі  негізгі 

құрамдаушы  коммерциялық  тұрғын  үй  болып  табылады,  оның  үлесі 

дағдарысқа  дейінгі  кезеңде  шамамен  35-40  %  болғанын  ескере  отырып, 

мемлекет  құрылысты  қаржыландыру  үшін  екінші  деңгейдегі  банктерді 

қорландыруға қолдау көрсетті. 

Бұл  үшін  жарғылық  капиталын  ұлғайту  арқылы  ҚТҚЖБ-ны 

республикалық  бюджеттен  қаржыландыру  жүзеге  асырылатын  болады.  Бұл 

ретте ҚТҚЖБ жылына 3 % сыйақы ставкасы бойынша 5 жыл мерзімге тепе-

тең  мөлшерде  ҚТҚЖБ  тарапынан  50 %  (елу  пайыз)  және  жоба  құнының 50 

%-ын 

(елу  пайызын)  құрайтын  сомада  ЕДБ-ке  шартты  депозит 



орналастыруды  жүзеге  асырады,  мұнда  соңғы  қарыз  алушы  (жобалау 

компаниясы)  үшін  сыйақының  тиімді  ставкасы  жылына  12  %-дан  артық 

болмайды.  Бұдан  басқа,  осы  тетік  бойынша  дайын  тұрғын  үйді  сату 

бекітілген  бағамен  жүргізілуге  тиіс,  мұнда  әрленген  дайын  тұрғын  үйдің  1 

(бір) шаршы метрін сату құны 170 000 (бір жүз жетпіс мың) теңгеден артық 

болмайды. 

2011  жылы  ҚТҚЖБ-ның  жарғылық  капиталын  ұлғайтуға  57  млрд.  теңге 

бөлінді, соның ішінде ЕДБ 2,4 млрд. теңгені немесе 4 % пайдаланды. 

ЖАО-да  кезекте  тұрғандар  үшін  тұрғын  үй  салуға  2011  жылы 

республикалық  бюджеттен  10,9  млрд.  теңге  сомасында  нысаналы 

трансферттер бөлінді. Жалпы алаңы 120,5 мың шаршы метр жалға берілетін 

пәтер (2006 пәтер) пайдалануға берілді. 

Тұрғын 

үй 


құрылысы 

салынатын 

аудандарда 

инженерлік-

коммуникациялық  инфрақұрылымды  дамытуға  және  жайластыруға  2011 

жылы  республикалық  бюджеттен  28,1  млрд.  теңге,  оның  ішінде  Ақмола 

облысында  Астана  қаласының  серіктес  қаласы  ретінде  Қосшы  селосын 

дамыту  жөнінде  алдын  ала  жұмыстар  жүргізуге  -  3,8  млрд.  теңге  және 

Алматы облысында Алматы қаласының төрт серіктес қаласын салу жөнінде 

алдын  ала  жұмыстар  жүргізуге  -  4,0  млрд.  теңге  сомасында  нысаналы 

трансферттер  бөлінді.  Нәтижесінде  республикада  1162,7  км  инженерлік 

желілер,  оның  ішінде  564,3  км  электрмен  жабдықтау  желілері,  50,5  км 



жылумен жабдықтау желілері, 128,5 км сумен жабдықтау желілері, 144,7 км 

кәріз, 217,1 км газ құбыры және 57,6 км кіреберіс жолдар салынды. 

2011  -  2014  жылдарға  арналған  бағдарламаның  шеңберінде  тұрғын үйдің 

қолжетімділігін  арттыру  және  тұрғын  үй  құрылысының  көлемін  ұлғайту 

үшін  қосымша  ынталандыру  шараларын  жасау  жөнінде  басқа  да  бағыттар 

көзделген. 

Тұрғын  үй  құрылысын  дамытуды  жалғастыруға  мүмкіндік  беретін 

қосымша құрал бұл «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-ның жүз 

пайыз  қатысуымен  «Самұрық-Қазына»  жылжымайтын  мүлік  қоры»  АҚ 

(бұдан  әрі  -  Жылжымайтын  мүлік  қоры)  арқылы  құрылыс  салу.  Осы  тетік 

бойынша  «Жылжымайтын  мүлік  қоры»  АҚ  тұрғын  және  коммерциялық 

(тұрғын  емес)  үй-жайларды  жалға,  кейіннен  сатып  алатын  жалға  және 

тікелей  сатып  алуға  береді.  Жылжымайтын  мүлік  қорының  тұрғын  үй  беру 

шарттары мен әдістемесі әзірленген және бекітілген. 

Сондай-ақ,  тұрғын  үй  құрылысының  қарқынын  сақтап  қалуға  мүмкіндік 

беретін бағыттардың бірі ЖАО-ның тұрғын үй проблемасын дербес шешетін 

азаматтардың  бастамаларына,  оның  ішінде  тұрғын  үй  құрылыс 

кооперативтерін  (бұдан  әрі  -  ТҚК) құруға  жәрдем жасауы болып табылады. 

Бұл  ретте,  мемлекеттің  меншігіндегі  және  жер  пайдалануға  берілмеген  жер 

учаскесін  құрылыс  үшін  бөлу  және  құрылыс  салынатын  учаскеге  қажетті 

желілер  мен  коммуникациялар  жүргізілу  ТҚК  құрудың  міндетті  шарты 

болуға тиіс. 

Көрсетілген шаралардан басқа өткен жылдардағыдай, 2011 жылы Үкімет 

үлескерлерді  қолдауды  жалғастырды.  Барлығы  2007  жылдан  бастап  үлестік 

құрылысты  мемлекеттік  қаржыландыру  464,3  млрд.  теңгені  құрады  (415,0 

млрд. теңге немесе 89 % игерілді). 

Нәтижесінде, 450 тұрғын үй кешенінің (62889 үлескер) ішінен өткен кезең 

ішінде  430  объектідегі  62,7  мың  үлескердің  проблемасы  шешілді  (4823 

үлескері бар 4 жаңа объектіні есептегенде). 

2012  жылғы  1  мамырдағы  жағдай  бойынша  республика  бойынша  4891 

үлескері  бар  24  объектіні,  оның  ішінде  құрылыс  салушы  өз  бетімен  салып 

жатқан 1238 үлескері бар 12 объектіні, мемлекеттік қолдаудың есебінен 3653 

үлескері  бар  12  объектіні  (көрсетілген  24  объектінің  ішінен  Астана 

қаласында  1130  үлескері  бар  7  объектіні,  Алматы  қаласында  1025  үлескері 

бар 7 объектіні, басқа өңірлерде 2736 үлескері бар 10 объектіні) салып бітіру 

қажет. 


2011 

жылдың 


қорытындысы 

бойынша 


қабылданған 

шаралар 


қаржыландырудың  барлық  көздері  бойынша  6,5  млн.  шаршы  метр  тұрғын 

үйді  пайдалануға  беруге  мүмкіндік  берді,  бұл  жоспарланған  жылдық 

жоспардан  8,3  %  артық.  55  мыңнан  астам  отбасы  өздерінің  тұрғын  үй 

жағдайларын  жақсартты.  Тұрғын  үй  құрылысына  417,1  млрд.  теңге 

инвестиция жұмсалды немесе 2010 жылғы осындай көрсеткішке 119,2 %. 

2011 жылы мемлекеттік меншік нысанындағы кәсіпорындар мен ұйымдар 

жалпы  алаңы  834,3  мың  шаршы  метр  тұрғын  үйді  пайдалануға  берді. 


Республикада тұрғын үйді іске қосудың жалпы көлемінің 12,8 % мемлекеттік 

сектор алып отыр. 

Есепті  кезең  ішінде  жеке  меншік  нысанындағы  кәсіпорындар,  ұйымдар 

мен халық жалпы алаңы 5,4 млн. шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға берді. 

Соның ішінде халықтың қаражаты есебінен 3,6 млн. шаршы метр тұрғын үй 

немесе  республикада  іске  қосылған  тұрғын  үйдің  жалпы  көлемінің  54,6  % 

салынды. Бұл 2010 жылғы көрсеткіштен 13 % артық. 

2011  -  2014  жылдарға  арналған  бағдарламада  белгіленген  іс-шаралар 

негізінен  құрылысты  қаржыландыру  үшін  екінші  деңгейдегі  банктерді 

қорландыру  деген  бағытты  қоспағанда  орындалып  жатыр.  2011  жылы  осы 

мақсат үшін 57 млрд. теңге бөлінді. Алайда, ЕДБ осы қаражаттың 2,4 млрд. 

теңгесі  немесе  4  %  пайдаланылды.  Барлығы  6  млрд.  теңге  сомасына  өтінім 

түсті.  Осыны  ескере  отырып,  51  млрд.  теңге  сомасындағы  қалған  қаражат 

Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің  2012  жылғы  24  мамырдағы  №  672 

шешімімен мынадай түрде бөлінді: 

1) 26 млрд. теңге Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 20 

тамыздағы  №  383  Жарлығымен  бекітілген  Қазақстан  Республикасындағы 

тұрғын  үй  құрылысының  2008  -  2010  жылдарға  арналған  мемлекеттік 

бағдарламасына  қатысушылар  тұрғын  үй  сатып  алуы  үшін  жылына  4% 

сыйақы ставкасы бойынша алдын ала және аралық қарыз беруге бағытталған

2) 25 млрд. теңге алдын ала және аралық тұрғын үй қарыздары бойынша 

сыйақы ставкаларын төмендетуге бағытталған. 

Көрсетілген  51  млрд.  теңгені  қайта  бөлу,  оның  ішінде  Қазақстан 

Республикасындағы Тұрғын үй құрылысының 2008-2010 жылдарға арналған 

мемлекеттік  бағдарламасына  қатысушылардың  тұрғын  үй  сатып  алуына  26 

млрд.  теңге  және  алдын  ала  және  аралық  тұрғын  үй  қарыздары  бойынша 

сыйақы  ставкаларын  азайтуға  25  млрд.  теңге  және  олардың  одан  әрі  іске 

асырылуы  «Қолжетімді  тұрғын  үй  -  2020»  жаңа  бағдарламасының 

шеңберінде сақталады. 

2011  -  2014  жылдарға  арналған  Бағдарлама  бағытының  іске  асырылуын 

аяқтау  регламенті  -  құрылысты  қаржыландыру  үшін  екінші  деңгейдегі 

банктерді қорландыру осы «Қолжетімді тұрғын үй - 2020» бағдарламасының 

шеңберінде  қалады.  2011  -  2014  жылдардағы  Бағдарламада  бұрын 

жазылғандай  ҚТҚЖБ  6  млрд.  теңге  мөлшерінде  көзделген  қаражат  шегінде 

шартты депозит орналастыруды жүзеге асырады. 

Тұрғын  үйді  сату  ЕДБ-ның  таңдауы  бойынша  төменде  көрсетілген 

схемаларды пайдалану арқылы жүзеге асырылатын болады: 

1) кейіннен ипотека берілетін депозиттік-жинақтау жүйесі; 

2) кейіннен бөліп-бөліп сата отырып депозиттік-жинақтау жүйесі; 

3) тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесі. 

Бұл ретте тұрғын үйді сатудың өзге де схемалары қолданылуы мүмкін. 

Жоғары  сейсмикалық  аудандар  үшін  «Сейсмикалық  аудандардағы 

құрылыс»  2.03-30-2006  ҚР  ҚНжЕ  сәйкес  тұрғын  үйдің  бір  шаршы  метрін 

салу құнына түзету коэффициенттері рұқсат етіледі. 



Құрылыс компанияларына кейіннен кредит беру үшін ЕДБ-ге қаражатты 

шартты  орналастыру  ҚТҚЖБ  пен  ЕДБ  арасындағы  келісімнің  негізінде 

жүзеге асырылатын болады. 

Объектілерді салу жобалау компаниялары арқылы жүзеге асырылуға тиіс. 

Объектіні салу жөніндегі жоба ведомствоаралық комиссияның шешімімен 

мақұлдануға тиіс. Тұрғын үй жайлылық деңгейі бойынша 2 және 3 сыныпты 

болуға тиіс. 

Құрылыс  объектілерінің  тізбесін  ЕДБ  ЖАО-мен  келісім  бойынша 

құрылыс  салушылармен  бірлесіп  айқындайды  және  оны  Қазақстан 

Республикасының 

экономикасын 

жаңғырту 

мәселелері 

жөніндегі 

мемлекеттік комиссия бекітеді. 

Сондай-ақ,  қабылданып  жатқан  шараларға  қарамастан,  бүгінгі  күні 

әлеуметтік бағытқа және 2011 - 2014 жылдарға арналған бағдарламаны тиімді 

іске асыруға әсер ететін мынадай бірқатар проблемалар шешілген жоқ: 

1)  жергілікті  атқарушы  органдарда  есепте  тұрған  азаматтар  үшін  жалға 

берілетін тұрғын үйлердің құрылысын қаржыландырудың жеткіліксіздігі; 

2)  тұрғын  үй  құрылыс  жинақтары  жүйесінің  мүмкіндіктерін 

пайдаланудың жеткіліксіздігі; 

3) құрылыс индустриясының тиімді нарығы қалыптаспаған; 

4)  халықтың  экономикалық  жағынан  белсенді  негізгі  топтарын,  оның 

ішінде  жас  отбасыларын  қолжетімді  тұрғын  үймен  қамтамасыз  етуге 

мүмкіндіктің жоқтығы. 

Көрсетілген  проблемаларды  шешу  үшін  тұрғын  үй  құрылысының 

саласында жаңа бағдарлама әзірлеу қажет. 

Бағдарламаны әзірлеуге кіріспес бұрын, бастапқыда халықтың сатып алу 

қабілетінің,  еңбек  ақысының  және  тұрғын  үйге  бағаның  параметрлерін 

анықтау қажет болды. 

Экономикалық даму және сауда министрлігі жүргізген 2011 жылы еңбек 

және  жылжымайтын  мүлік  нарығын  талдаудың  қорытындылары  бойынша 

халықтың сатып алу қабілетінің, еңбек ақысының және тұрғын үйге бағаның 

параметрлері белгілі болды: 

тұрғын үйдің бір шаршы метрін сатып алу құны: 

1) жаңа тұрғын үйде 156 мың теңге, 

2) қайталама нарықта 113 мың теңге болды. 

Республика бойынша орташа айлық еңбекақы 89 мың теңгені құрайды. 

Нақты  еңбекақы  айына  53  мың  теңгені  құрайды  (орташа  дәулетті 

халықтың  сатып  алу  қабілетін  ескере  отырып  0,6  түзету  коэффициенті 

қолданылды). 

Осы  деректердің  негізінде  4  адамнан  тұратын  орташа  статистикалық 

отбасының  тұрығын  үй  сатып  алу  мүмкіндігі  қарастырылды,  оның  екеуі 

жұмыс істейді және айынша 106 мың теңге нақты табыс табады. 

Осы отбасының шығыстары 64 мың теңге сомасында  - бір адамға айына 

16 мың теңгеден. 

Пәтер сатып алу үшін бос лимит 42 мың теңге (106 - 64 = 42). 



4  адамнан  тұратын  отбасы  үшін  алаңы  40  шаршы  метр  пәтерге  ай 

сайынғы төлем ипотекалық қарыз бойынша 15 жыл мерзімге, жылдық 12 % 

бойынша: 

1) жаңа үйде - 86 мың теңге, бұл 42 мың теңге деген қолжетімді лимиттен 

2,2 есе артық

2)  осындай  шартпен  қайталама  нарықта  -  63  мың  теңге,  бұл  қолжетімді 

лимиттен 1,6 есе артық. 

Көрсетілген  есептен  көріп  отырғанымыздай,  табысы  көрсетілген 

деңгейдегі отбасы жеке меншікке тұрғын үй салып ала алмайды. 

Осылайша,  халықтың  экономикалық  жағынан  белсенді  8,4  млн.  адамы, 

жұмыс  істемейтін  6  млн.  астам  адам  нарықтық  жағдайларда  тұрғын  үйді 

сатып  ала  алмайды.  Осы  топтарды  тұрғын  үймен  қамтамасыз  ету  бойынша 

жағдай  жасау  және  шара  қабылдау  -  Үкіметтің  жуық  арадағы 

перспективадағы негізгі міндеті болып табылады. 

Осы  міндеттерді  шешу  үшін,  ең  алдымен  тұрғын  үй  құрылысының 

бұрынғы  6,0  млн.  шаршы  метр  деген  көлемін  2020  жылға  қарай  10  млн. 

шаршы  метрге  дейін  ұлғайту  қажет.  Құрылыстың  осы  көлеміне 

индустриялық  әдістерді:  ірі  панельді  үй  құрылысы  (ІПҮҚ),  қалыбы 

алынбайтын  конструкциялар  және  жиналмалы-қаңқалы  үй  құрылысын 

қолдану арқылы ғана қол жеткізуге болады. Үй құрылысының индустриялық 

әдістерін  пайдалану  тұрғын  үйдің  құнын  төмендетуге  және  құрылыстың 

мерзімін қысқартуға мүмкіндік береді. 

Елімізде  индустриялық  әдістерді  енгізу  үшін  тұрғын  үй  құрылысы 

саласында  айтарлықтай  табысқа  жеткен  жақын  және  алыс  шетелдерге  - 

Түркияға, Белоруссияға, Ресейге, Германия мен Араб Әмірліктеріне шығып, 

олардың тәжірибесі зерттелді. 

Шетелдік  тәжірибені  талдау  осы  елдерде  тұрғын  үй  құрылыс  саласына 

қолдау көрсетілетінін көрсетті: 

  

1. Беларусь Республикасы (бұдан әрі - БР) 

БР-да құрылысты ынталандыру үшін мынадай жағдайлар жасалған: 

1) құрылыс компанияларын ҚҚС-тан босату; 

2) жер учаскелерін тегін беру; 

3) құрылыс материалдардың бекітілген бағасы; 

4) құрылыс компанияларының бекітілген маржасы - 5 % артық емес; 

5) үлестік құрылыс мемлекеттік құрылыс компаниялары арқылы. 

БР-да тұрғын үйді салу негізінен тұрғын үй-құрылыс кооперативтері мен 

үлестік  құрылыс  жүйелері  арқылы  халықтың  қаражаты  есебінен  жүзеге 

асырылады.  Мемлекет  халыққа  жеңілдікті  кредит  беру  арқылы  тұрғын  үй 

құрылысына  қатысады  (сыйақы  ставкасы  жылдық  1  %-дан  5  %-ға  дейін, 

мерзімі 20 жылдан 40 жылға дейін) және азаматтардың басым құқық берілген 

санаттары  үшін  аз  көлемде  әлеуметтік  тұрғын  үй  салады,  ол  мемлекеттің 

меншігінде қалады. 

БР-да  2006  -  2010  жылдары  8  үй  құрылысы  комбинаттарын  (бұдан  әрі  - 

ҮҚК)  қайта  жаңарту  бойынша  жұмыс  жүргізілді.  ҮҚК  индустриялық 



әдістерді:  ірі  панельді  үй  құрылысы  (ІПҮҚ),  қалыбы  алынбайтын 

конструкциялар  және  жиналмалы-қаңқалы  үй  құрылысы  қолдану  арқылы 

құрылысты  жүзеге  асырады.  Үй  құрылысының  индустриялық  әдістерін 

пайдалану  тұрғын  үйдің  құнын  төмендетуге  және  құрылыстың  мерзімін 

қысқартуға мүмкіндік береді. 

ІПҮҚ  пайдалану  тұрғын  үйдің  құнын  төмендетуге  және  құрылыстың 

мерзімін  қысқартуға  мүмкіндік  береді  және  ІПҮҚ  есебінен  қазіргі  заманғы 

технологияларды  пайдаланып  тұрғын  үйді  жылдам  және  сапалы  салуға 

болады. 

  

2. Ресей Федерациясы (бұдан әрі - РФ) 

Бүгінгі  күні  РФ-да  РФ  Үкіметінің  қаулысымен  бекітілген  2011  -  2015 

жылдарға  арналған  «Жилище»  федералдық  мақсатты  бағдарламасы 

қолданылып жатыр. 

Бағдарламаны  іске  асыруға  мемлекеттік  даму  институтары  қатысады. 

Тұрғын  үй  құрылысындағы  олардың  қызметі  ипотеканың  қолжетімділігіне 

(Внешэкономбанк, Тұрғын үйге ипотекалық кредит беру жөніндегі агенттік); 

тұрғын  ғимараттарды  күрделі жөндеу  проблемаларын ішінара  шешуге  және 

авариялық  қордан  азаматтарды  көшіруге  (Тұрғын  үй-коммуналдық 

шаруашылығын  реформалауға  көмек  көрсету  қоры)  ықпал  етті;  кешенді 

құрылыс  салудың  озық  жобаларының  инфрақұрылымын  мемлекеттік 

қаржыландырудың  практикалық  тәжірибесі  алынды  (Ресей  өңірмині, 

Внешэкономбанк). 

Қолжетімді 

тұрғын 


үй 

құрылысын 

ынталандыру 

мақсатында 

Внешэкономбанк  тұрғын  үй  құрылысының  өзіндік  құнын  күрт  төмендетуге 

мүмкіндік  беретін  инновациялық  құрылыс  материалдары  өндірісі 

саласындағы жобаларды іске асыруға белсенді қатысып жатыр. 

Жалпы,  құрылыс  материалдары  өнеркәсібін  дамыту  стратегиясының 

шеңберінде тұрғын үйдің қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін Ресейде өткен 

2  жыл  ішінде  құрылыс  материалдарын  шығаратын  700  жаңа  кәсіпорын 

(соның ішінде: 2010 жылы - 300 кәсіпорын, 2011 жылы - 400 кәсіпорын) іске 

қосылды. 

Бүгінгі күні РФ-да 2020 жылға дейінгі жаңа бағдарлама әзірленіп жатыр. 

Мұнда  тұрғын  үйдің  жалға  берілетін  секторын  (мемлекеттік  және  жеке 

меншік) дамытуға ерекше мән беріледі. 

Бүгінгі  күні  негізінен  азаматтарға  тиесілі  тұрғын  үй-жайлардан  жеке 

меншік  жалға  берілетін  тұрғын  үй  нарығы  қалыптасқан  және  сараптамалық 

бағалау бойынша ол тұрғын үй қорының 8 - 10 % болады. (01.01.2012 жылы 

жағдай бойынша РФ тұрғын үй қоры 3,2 млрд. шаршы метр). 

Осы  саладағы  мемлекеттік  саясаттың  басымдығы  тұрғын  үй-жайлар  ең 

алдымен  ұзақ  мерзімді  жалға  берілетін  (бес  жылдан  астам)  жеке  меншік 

тұрғын  үй  қорын  дамыту  үшін  жағдай  жасау  және  нарықтағы  барлық 

қатысушылар  үшін  тең  жағдайды  қамтамасыз  ету  кезінде  жалға  берілетін 

тұрғын  үйдің  сегменттерін  (жеке  жалға  берушілерді  және  бизнес-жалға 

берушілерді) интеграциялау болып табылады. 


Халықтың  жалға  берілетін  тұрғын  үйге  сұранысының  артуы  бойынша 

бизнес-жалға  берушілердің  жалға  беруіне  арналған  жеке  меншік  үйлер 

(табыс  әкелетін  үйлер)  салуға  жағдай  жасалатын  болады.  Бұл  ретте,  даму 

институттарының міндеттері тұрғын үйді жалдау нарығында кредит берудің 

және қайта қаржыландырудың нарықтық тетіктерін жасау болып табылады. 

Жалға  берілетін  тұрғын  үйге  болжамды  сұраныс  РФ  бойынша  700  млн. 

шаршы метр. 

 «Корпоративтік  жалдауды»  дамыту  үшін  өз  қызметкерлері  үшін  жалдау 

қорын қалыптастыратын шаруашылық субъектілерін қолдау ұсынылып отыр. 

Жеке  меншік  компаниялардың  кейін  жалға  беру  үшін  жалға  берілетін 

тұрғын үй салуын мынадай шарттар бойынша жүзеге асыру ұсынылып отыр: 

1) инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген тегін берілген жер 

учаскесінде. Мұнда 1 шаршы метрдің өзіндік құны көпшілік өңірлер үшін 22 

000 рубльден төмен болады (шамамен 110 мың теңге); 

2)  мемлекет  инвесторға  жылына  10  %  кіріске  кепілдік  беруге  тиіс,  бұл 

нарықтағы кірістен сәл жоғары. 

2020 жылға қарай жалға берілетін тұрғын үйдің қоры тұрғын үй қорының 

шамамен  15  %,  оның  ішінде  бизнес-жалға  берушілер  жалға  беретін  тұрғын 

үйдің үлесі - 5 - 7 % болады деп болжанып отыр. 

  

3. Германия 

Бүгінгі күні Германияның тұрғын үй нарығында мынадай тренд байқалып 

отыр:  жалға  берілетін  тұрғын  үйдің  өте  көп  болуы,  ауылдық  тұрғын  үйден 

қалалық тұрғын үйге тұтынушылық басымдықтың араласып кетуі, пәтерлерің 

пайдасына меншікті үйлерге қызығушылықтың төмендеуі. 

Жеке меншік тұрғын үй кез келген адамның мақсаты екеніне қарамастан, 

Германияның  көпшілік  тұрғындарының  оны  іске  асыруға  мүмкіндігі  жоқ. 

Оған  бірнеше  факторлар  кедергі  келтіреді.  Бір  жағынан,  жеке  тұлғалардың 

тұрғын  үйді  сатып  алуын  ынталандырудың  мемлекеттік  бағдарламасы 

тоқтатылатын  болады.  Екінші  жағынан,  жалдау  нарығындағы  бағаны 

мемлекет реттейді және оны төменгі деңгейде ұстап тұрады. 

Демографиялық  алға  жылжу,  төмен  ипотекалық  ставкалар  және  икемді 

кредиттік  саясат  болғанымен  жағдай  үнемі  өзгеріп  отырады,  бүгінгі  күні 

немістердің  43  %-ында  ғана  жеке  меншік  тұрғын  үй  бар.  Осы  көрсеткіш 

Еуроодақ бойынша орташа деңгейден төмен. 

Тұрғын үй саясаты көп балалы отбасылар, жалғыз басты ата-аналар және 

т.с.с.  сияқты  «осал  топтарға»  арналған  мемлекеттік  қолдаумен  тығыз 

байланысты. Мұнда тұрғын үйді жалдау үшін субсидия беруге емес, құрылыс 

салуға  ерекше  назар  аударылады.  Бүгінгі  күні  Германияда  халықтың 

жартысынан көбі тұрғын үйді жалдап тұрады. 

Сонымен  қатар,  Германияда  құрылыс  саласына  және  құрылыс 

материалдары  өндірісіне  жаңа  технологияларды  енгізуге  басты  назар 

аударылады.  Германиядағы  құрылыс  саласындағы  ірі  өнеркәсіптік 

компаниялардың  бірі  бұл  «В.Т.  innovation  GmbH»  және  «EBAWE». 

Компаниялардың негізгі қызметі - ғимараттар құрылысының әртүрлі әдістері 



бойынша  темірбетон  бұйымдарының  зауыттары  үшін  жабдықтар  дайындау 

және жеткізу. 

  

4. Түркия 

Түркияда тұрғын үй саясатын реттеу саласындағы негізгі уәкілетті орган: 

1) Қоғамдық жұмыс және тұрғын үй құрылысы министрлігі (министрлік); 

2)  Түркияның  тұрғын  үй  құрылысын  дамыту  жөніндегі  басқармасы 

(ТОКі). 

Министрліктің негізгі функциясы: 

мемлекеттік  қаражат  есебінен  қаржыланатын  құрылысқа  жетекшілік  ету 

(жоспарлау, тендерлер өткізу, бақылау және пайдалануға қабылдау); 

құрылыс  саласында  лицензия  беру,  осы  саланы  реттеу  және 

стандарттарды бекіту. 

ТОКі  негізгі  функциясы  -  құрылыс  жобаларын  қаржыландыру  арқылы 

табысы  орта  және  төмен  азаматтар  үшін  тұрғын  үй  нарығының  сұранысын 

қамтамасыз ету. 

ТОКі  қызметінің  басты  саласының  бірі  «Кедей  аудандарды  қайта  құру/ 

Түркияның  қалалық  аудандарын  жаңарту  жөніндегі  жобалар».  ТОКі 

жергілікті  әкімшілік  бұзған  үйлерді  немесе  бұзуға  ұсынылған  кедей 

аудандарды қайта салады. 

Қолданыстағы  тұрғын  үй  құрылысы  саясатына  және  тұрғын  үй  сатып 

алуға  қатысты  үкіметтік  шешімді  іске  асыру  үшін  ТОКі  әзірлеген  қаржы 

моделі  қызығушылық  туғызып  отыр.  Бұл  қаржы  моделі  «кірістерді  қайта 

бөлу»  моделі  деп  аталады,  онда  ТОКі  қармағындағы  жер  учаскелеріне 

тұрғын үй салу арқылы жеке сектормен ынтымақтастықта халықтың табысы 

жоғары  топтары  тұрғын  үймен  қамтамасыз  етіледі,  ал  алынған  кіріс 

халықтың  төмен  және  орта  деңгейде  табысы  бар  топтары  үшін  құрылыс 

жобаларына жұмсалады. 

Осы  модель  жеке  серіктеспен  бірлесіп  сатудан  түскен  кірістерді  бөлуге 

негізделген. 

ТОКі-дің  тұрғын  үй  салу  жөніндегі  әлеуметтік  бағдарламасы  қазіргі 

нарық  жағдайларында  тұрғын  үй  сатып  алу  үшін  қаржы  қаражаттары  жоқ 

төмен және орта деңгейде табысы бар отбасыларға арналған. 

ТОКі жүзеге асыратын тұрғын үй жобаларын бөлу: 

1)  14  %  жобалар  «Кірістерді  қайта  бөлу  әдісімен  қаражат  жинау» 

бағдарламасы бойынша; 

2)  86  %  жобалар  «Әлеуметтік  тұрғын үй» бағдарламасы  бойынша.  ТОКі 

әлеуметтік  тұрғын  үй  жобаларының  бенефициарлары  құрылысты  бастауға 

алғашқы жарна төлейді. Көпшілік жобалар үшін осы көрсеткіш мемлекеттік 

сектордағы жалақының индексі болып табылады. 

ТОКі-дің  кредиттерін  төлеу  мерзімдері  нысаналы  топтың  қаржылық 

мүмкіндіктеріне байланысты орта есеппен 10-15-20 жыл деп белгіленеді. 

Түркияда  құрылыс  материалдарының  секторы  өте  жақсы  дамыған  және 

Түркия тауарлары мен материалдарының құрылыстағы үлесі шамамен 95 %. 


Шетелдік  тәжірибені  ескере  отырып,  «Қолжетімді  тұрғын  үй  -  2020» 

бағдарламасын  табысты  іске  асыру  үшін  Қазақстанда  тұрғын  үй  құрылысы 

көлемінің  жоспарланған  өсімін  қамтамасыз  етуге  мүмкіндік  беретін 

құрылысты одан әрі индустрияландыру жөніндегі шаралар көзделіп отыр. 

Беларусь Республикасының «Атаев С.С. атындағы НИПТИС - тұрғын үй 

институты» мемлекеттік кәсіпорнымен келіссөздер жүргізіліп жатыр. Алдын 

ала  келісім  бойынша  біздің  қатысуымызбен  Қазақстанда  осы  институттың 

филиалын  ашуға  шешім  қабылданды.  Бұл  бастапқы  қадам,  одан  кейін 

кадрлар  және  тиісті  база  даярланады,  дербес  институт  ашу  жоспарланып 

отыр. 


Қазақстан  Республикасы  Индустрия  және  жаңа  технологиялар 

министрлігінің,  Құрылыс және  тұрғын үй-коммуналдық  шаруашылық істері 

агенттігінің,  әкімдіктердің  және  Беларусь  Республикасындағы  әріптестердің 

қатысумен  Қазақстанның  аумағында  үй  салу  комбинаттарын  оңтайлы 

орналастыру мәселелері қарастырылып жатыр. 

Индустрия  және  жаңа  технологиялар  министрлігінде  облыстар,  Астана 

және  Алматы  қалалары  әкімдері  орынбасарларының,  мүдделі  мемлекеттік 

органдардың 

және 

заңды 


тұлғалардың 

қатысумен 

неміс 

тауар 


өндірушілермен 

кездесулер 

өтті. 

Осы 


кездесулерде 

үй 


салу 

комбинаттарының  жаңа  технологиялары  таныстырылды  және  Германияның 

тауар өндірушілермен келісімге қол жеткізілді. 

Бұдан  басқа,  импорт  алмастыру  жөніндегі  міндеттерді  шешу  үшін 

Қазақстан  Республикасында  құрылыс  индустриясын  және  құрылыс 

материалдары  өндірісін  дамыту  жөніндегі  2010  -  2014  жылдарға  арналған 

бағдарламаның  шеңберінде  табақты  шыны  және  керамикалық  тақталар 

шығаратын  жаңа  өндірістер  салу,  радиаторлар  және  арматуралар, 

санитарлық-техникалық  бұйымдар  мен  құбырлар,  сондай-ақ  басқа  да 

материалдар мен бұйымдар өндірісін ұлғайту көзделіп отыр. 

Индустриялық үй құрылысын дамыту және импорт алмастыру жөніндегі 

көрсетілген  шаралар  тұрғын  үйдің  қолжетімділігін  арттырудың  маңызды 

факторы болып табылады, өйткені ол тұрғын үйдің құнын төмендетуге және 

құрылыстың сапасын арттыруға мүмкіндік береді. 

Атап  айтқанда,  тұрғын  үйдің  қолжетімділігін  арттыру  арқылы 

«Қолжетімді  тұрғын  үй  -  2020»  бағдарламасының  шеңберінде  еліміздегі 

азаматтардың әртүрлі санаттарын тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін жағдай 

жасау  деген  мемлекеттік  тұрғын  үй  саясатының  басты  мақсаты  шешілетін 

болады. 

Тұрғын  үйдің  қолжетімділігі  мемлекеттік  қолдаудың  мынадай 

шараларымен қамтамасыз етілетін болады: 

1)  мемлекет  басым  параметрлерде  тұрғын  үй  құрылысының  жобаларын 

іске асыруды қолдайды

2)  құрылыс  салушыларға  инженерлік  коммуникация  жүргізілген  жер 

учаскелері беріледі; 

3)  табысы  жоғары  емес  азаматтарға  тетіктер  мен  қаржы  құралдары 

ұсынылатын болады; 


4) 

жобалаушыларға, 

құрылысшыларға, 

құрылыс 


материалдарын 

өндірушілерге  озық  технологияларды  қолдану  үшін  қолайлы  жағдай 

жасалатын болады. 

Мемлекеттік  тұрғын  үй  салудың  және  оның  ақысын  төлеудің  қолдау 

шеңберінде мына басым параметрлері болмақ: 

1) тұрғын үйдің алаңы - 35 шаршы метрден 75 шаршы метрге дейін; 

2)  шекті  құны  -  1  шаршы  метр  үшін  80  мың  теңгеден  100  мың  теңгеге 

дейін; 


3) орташа айлық төлемнің шамасы - 50 мың теңге. 

Осылайша, мемлекет мынадай қолдау көрсетеді: 

1) эконом-сыныпты шағынгабаритті тұрғын үйді жобалау, салу және сату 

(жайлылығы 3 және 4 сыныптан жоғары емес); 

2)  төлемдердің  берілген  деңгейін  қамтамасыз  ету  үшін  Қазақстанның 

Тұрғын  үй  құрылыс  жинақ  банкі  және  Қазақстандық  ипотекалық  компания 

сияқты қаржы институттарын дамыту. 

Сонымен  қатар,  әртүрлі  өңірлердегі  құрылыстың  жағдайын  ескере 

отырып, тұрғын үйдің бұдан да ауқымды параметрлері көзделеді. 

Қазақстанда  дағдарысқа  қарсы  шараларды  және  әлемдік  оң  тәжірибені 

пайдалана  отырып,  тұрғын  үй  құрылысы  саласын  серпінді  дамыту  үшін 

нақты  алғышарттар  бар.  Бұл  үшін  «Қолжетімді  тұрғын  үй  -  2020» 

бағдарламасының  шеңберінде  мынадай  негізгі  іске  асырылып  жатқан  және 

жана бағыттарды мемлекеттік қолдау қажет: 

1.  Мемлекеттік  тұрғын  үй  қорынан  тұрғын  үйге  немесе  жеке  тұрғын  үй 

қорынан  жергілікті  атқарушы  орган  жалдаған  тұрғын  үйге  мұқтаждардың 

есебінде тұрған азаматтар үшін тұрғын үй салу (бүдан әрі - ЖАО-да кезекте 

тұрған азаматтар үшін тұрғын үй). 

2. ҚТҚЖБ желісі бойынша: 

1) халықтың барлық санаттары үшін; 

2) жас отбасылар үшін тұрғын үй салу. 

3. «ҚИК» АҚ-тың тұрғын үй салуы. 

4.  Қазақстан  Республикасының  тұрғын  үй-коммуналдық  шаруашылығын 

жаңғыртудың 2011 - 2020 жылдарға арналған бағдарламасы бойынша тұрғын 

үй қорын жөндеу (қайталама тұрғын үй). 

5.  Авариялық  тұрғын  үйлерді  бұзу  жөніндегі  пилоттық  жобалар 

шеңберінде тұрғын үй салу. 

6. ЖТҚ. 


7. Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым салу. 

8. Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының шеңберінде тұрғын үй салу. 

9.  «Самұрық-Қазына»  жылжымайтын  мүлік  қоры»  АҚ-тың  тұрғын  үй 

салуы. 


 «Қолжетімді  тұрғын  үй  -  2020»  бағдарламасын  іске  асырудың 

нәтижесінде  жалға  берілетін  тұрғын  үйдің  көлемін  1  млн.  шаршы  метрге 

дейін  қолжеткізу  2014  жылы  көзделіп  отыр.  Жалпы,  2020  жылдан  бастап, 

жыл сайын 10 млн. шаршы метр тұрғын үй салу жоспарланып отыр. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет