Омарқожаұлы Нұрберген Омарова Қарлығаш мал азықтандыру пәнінің практикумы



бет27/66
Дата21.11.2022
өлшемі1,05 Mb.
#51405
түріПрактикум
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   66
Байланысты:
Омар ожа лы Н рберген Омарова арлы аш мал азы тандыру п ніні п

3.1. Мал азығын жіктеу

Мал азығы шығу немесеөндірілуі бойынша табиғи және синтетикалық топқа бөлінеді. Табиғи азық тегіне сәйкес өсімдік және жануар тектес азыққа, ал синтетикалық азық химиялық және микробиологиялық өнімге жатады. Бұлармен қатар мал азығына түрлі азықтық минералдык, витаминдік қосындыларды пайдаланады. Мал азығын шығу тегі химиялық құрамы мен қоректілігібойынша 2-суреттегі топтарға бөліп, жіктейді



2-сурет - Мал азығын жіктеу


Ескерту. 1) Шырынды және ірі азықтар 1 кг құрғак, затындағы ққорытылатынқоректік заты 0,5 кг, яғни 0,65 а.ө. немесе 7,1 МДж-ден аспайтын, жасұнығы19%-дан жоғары – аумақты азыққа, ал барда, жом, сыра бөртпесі түріндегі техникалық азықтық қалдықтарын – ылғалды, ал кептірілгендерін- сірне, кебек, күнжарамен катар –құнарлы азықтар тобына кіреді.
Құрғақ затындағы жасұнығы 19%-дан асқанмен, физиологиялық қасиетібойыншапішендемені – шырынды, ал қоректілігі бойынша шөп ұнын – құнарлы азыққа жатқызуға болады.
Микроб тектес азыққа ашытқылармеп қатар микробиологиялық аминқышқылдары, антибиотиктер, т.б. жатады. Сүйекұны – кальцийлі, ал азықтық фосфаттар мен преципитаттар – кальций-фосфорлық қоспаға жатады да, ең маңызды минералдыққоспаға ас тұзын жатқызады.
Химиялық азықтыққосындыға карбамид (зәрлік), аммоний сульфаты, секілді азоттық қосындылар жатады.

Келтірілген жіктеу жобасы біздің жағдайдағы малазықтандыру тұрғысынан азық кұнарлылығын айқындайтын физиологиялық-қоректік қасиеттеріне негізделген. Мұнымен қатар азықтардың биохимиялық қасиетін ескеретін жіктеу жобалары бойынша өсімдік тектес азықтар автотрофты яғниқорегіне қажет органикалық қосындыларды өздері (avto. грекше... өзім) түзетін, ал жануар тектес азықтар гетеротрофты, яғни қорегіне басқа (qetero... грекше... басқаорганизмдер дайындаған органикалық қосындылар пайдаланатын азық болып бөлінеді.
Микроб тектес азықтардың анорганикалық қосындылар көміртегінің қостотығы мен энергияны игеретіндерікүн энергиясының органикалық қосындыларды ірі игеретіндері - кейінгі топқа жатқызылады.
Сонымен қатар, мал азығын жеке /дербес/ және қоспа азыққа бөлуге болады. Қоспа азыққа кұрамажем, оның ішінде мал сүтін алмастырушысы ретінде пайданылатын арнайы құрамажем мен минералдық қоспалар кіреді. Жеке азық тегі бойынша анорганикалық (табиғи және химиялық түзу) және органикалық (биологиялық жәңе химиялық түзу) топқа бөлінеді. Химиялық азыққа түзілген аминқышқылдары, карбамид секілді қосындылар жатса, биологиялық түзу өнімдеріне өсімдік, жануар, микроб тектес азықтар жатады.
Әр топтағы азық тегі, түрі, химиялық құрамы, механикалық, зиянды және улы қосындылармен ластануына байланысты бекітілген мемлекеттік /МЕСТ/ не салалық /ССТ/ стандарт талаптарымен салыстырылып, сапалық және құнарлылық қасиеттерін айғақтайтын қоректілік сорты мен классына бөлінеді.
Шаруашылық жағдайында жемшөп сапасын бағалауды қарапайым, күрделі жабдықтарды қажет етпейтін тәсілдермен жүргізеді. Азықты органолептикалық, яғни зерттеушінің сезім жүйелеріне сүйену тәсілдерімен, түрі, түсі, бояуы, иісі, қышқылдығы (рН), негізгі қоректік заттары мен каротині, ласталмағандығы (тазалығы), т.б. көрсеткіштері бойынша мал азығына пайдалануға болатындығы туралы тұжырым жасайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет