Омарова А. Т., Мамытканов Д. К. ӘЛеуметтік жұмыстың этикалық негіздері алматы 2018



бет7/27
Дата13.03.2023
өлшемі0,76 Mb.
#73675
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   27
Адамгершіліктік білім. Этика, мораль және адамгершілік туралы білім негізін, соның ішінде маманданған қызмет аясында әлеуметтік қызметкер оқыту процесі кезінде орташа мамандықта, жоғарғы білім мекемесінде және біліктілікті жоғарылату факультетінде, сонымен қатар курстарда білім алады. Болашақ маман адамгершілік мәнін ұғынады, ол қоғам туралы, мазмұны және функциясы жайлы мәлімет алады, өзіндік адамгершілік нормаларын қызметкерлермен салыстырады, өзінің адамгершілік позициясын түзетеді. Жоғарғы оқу орындарында курс өтпеген әлеуметтік қызметкер өзінің интуициялық түсінігін басшылыққа алады. Кәсіби этика қажеттіліктеріне сәйкес оған өзіндік моральдік қолдауға мүмкіндік береді; бірақ бұл күнделікті бола бермейді.
Моральдік білім нормасы моральдік әрекетті білдірмейді, сондықтан кәсіби қызмет іс-тәжірибесіне қатысты өзбеттілігін сақтайды, оларды кәсіби қызметте қолдануы мүмкін. Мұндай жағдайда тұлғамен бірге «екі мораль» бар, бұл кәсіби мораль де теориялық түрде адамгершілік сұрақтарына бағдар бере алады, бірақ оның қажеттіліктерінің соңынан еру міндетті емес.
Адамгершіліктік сендіру – әлеуметтік қызметкердің кәсіби адамгершілігінің әділеттілік қажеттілігіне, тәжірибеге және білімге сенімділік негізі. Адамгершіліктік сендіру бұл маманның жеке дамудың жоғары сатысы болып табылады. Оған маманның сезімі, олардың әлеуметтік практикадағы тексерісі, өмірлік және кәсіби тәжірибесі жатады. Адамгершіліктік сендіру маманнан өзінің еңбегіне жауапкершілікпен қарай білуді, клиент пен қоғам үшін не істеді, не істеу керектігін қажет етеді. Адамгершіліктік сендіру кәсіби қызметке маманның теориялық және практикалық дайындығын анықтайды, яғни әлеуметтік жұмыс практикасында өзінің мінезі мен әрекетіне саналы түрде қарым-қатынасы болып табылады.
Сонымен қатар адамгершіліктік сендіру өз бетімен ерекшеленеді, солай болғандықтан практикалық қызметте мәселе туындауы мүмкін, яғни тұлға өзінің сеніміне қарамастан әрекет етеді, солай болғандықтан мәселе пайда болады. Мұндай жағдайда тұлға өзімен, өзінің принциптерімен алауыздықта болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет