Омарова А. Т., Мамытканов Д. К. ӘЛеуметтік жұмыстың этикалық негіздері алматы 2018


Құндылықтардың адам және қоғам іс-әрекетіндегі орны мен рөлін айқындаңыз



бет15/27
Дата13.03.2023
өлшемі0,76 Mb.
#73675
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   27
Бақылау сұрақтар мен тапсырмалар.
  1. Құндылықтардың адам және қоғам іс-әрекетіндегі орны мен рөлін айқындаңыз.

  2. Әлеуметтік жұмыстағы моральдік нормалары мен құндылықтар жүйесін ашып көрсетіңіз.

  3. Жалпыадамзаттық және әлеуметтік кәсіби құндылықтар ерекшелігін көрсетіңіз


Әлеуметтік жұмыстағы кәсіби этика түсінігі және оның қызметтері
Кез-келген кәсіби қызметтің іргелі теориялық негіздерінің бірі болып табылатын жалпы адамдық (әмбебеп) этика мен кәсіби этиканы ажырата білу қажет.
Дәріс курсындағы мақсаттар мен міндеттерге негізделе отырып, біз әлеуметтік жұмыс этикасын, оның этикалық негіздерін және принциптерін қарастыратын боламыз.
«Кәсіби этика» термині екі түрлі мағынада қолданылады.
Мысалы, «әлеуметтік қызметкердің этикасы» - бұл әлеуметтік қызметкердің моралының кәсіби ерекшеліктері, оның еңбегінің адамгершілік аспектілері туралы ғылым. Дегенмен, күнделікті өмірде бұл терминнің басқа да мағыналарын жиі естуге болады. Мысалы, профессор Ю.В.Согомонов келесідей анықтама береді: «Кәсіби этика» - кәсіби моральдың ережелері мен нормалары жинағы, яғни, әлеуметтік қызметкердің кәсіби этикасы – бұл әлеуметтік қызметкердің моральдық деңгейі деп тұжырымдауға болады.
Г.П. Медведева келесі тұжырымды ұсынады: «Әлеуметтік қызметкердің кәсіби этикасы, басқа да кәсіби этикалар сияқты – мамандықтың мәнін көрсететін, жеке адам мен кәсіби топтың моральдық сана-сезімін дамытуға жәрдемдесетін, идеалдар, құндылықтар, идеялар, этикалық принциптер мен өзін-өзі ұстау нормаларының жиынтығын құрайтын кәсіби мораль туралы ғылымы».
Кәсіби этика мамандардан қоғамның және кәсіптің мүдделеріне қызмет етуді, резервтерді іздеуді, әлеуметтік және жеке ресурстарды пайдалануды, әлеуметтік қызметкерден де, оның клиентінен де талап етеді. Сондықтан да, Г.П.Медведева анықтағандай, әлеуметтік жұмыс этикасының зерттеу объектісі болып әлеуметтік шынайлықтың, кәсіби қызметтің ықпалымен қалыптасқан және маманның жеке басының, оның қалыптасуы мен дамуына бағытталған маманның кәсіби мораль табылады.
Әлеуметтік қызметкердің кәсіби этикасын зерттеудің пәні - жұмыс процесінде пайда болатын этикалық қарым-қатынас, этикалық сана мен этикалық әрекеттер, сондай-ақ, тұлға мен топ, тұлға мен қоғам арасындағы адамгершілік қатынастарын қалыптастыру мен дамыту заңдылықтары, халықты әлеуметтік қорғау процесінде туындайтын тұлғааралық қатынастар.
Әлеуметтік жұмыс этикасының мақсаты - кәсіби іс-әрекеттің әлеуметтік мақұлданған мазмұнын қамтамасыз ету.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет