Омарова А. Т., Мамытканов Д. К. ӘЛеуметтік жұмыстың этикалық негіздері алматы 2018



бет9/27
Дата13.03.2023
өлшемі0,76 Mb.
#73675
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   27
Әділдік. Әлеуметтік қызметкер клиентпен қарым-қатынасқа түскенде адами факторларды толығымен жоюға болмайды, бірақ та клиенттің мәселелерін бағалауы бойынша және оның сапасын әлеуметтік қызметкер өзінің эмоцияларынан босатуда әділдікті сақтау керек. Қиын жағдайда ол клиентті қайта бағалап, одан мүмкін емес нәрсені талап етеді; оны бағаламай, клиентті жұмысқа салқындық күйіне келтіреді. Әділдік клиенттерге көмек көрсету топтарында бағалануы қажет. Әлеуметтік қызметкердің қайта бағалауға және біреуге көмек көрсету туралы шешім қабылдауға құқығы жоқ.
Әділеттілік әлеуметтік қызметкер мен клиент арасында қарым-қатынасқа түскенде болу керек. Әлеуметтік қызметкердің клиентті ұнатуы немесе ұнатпауы мүмкін, бірақ әр түрлі клиентпен жұмыс істегенде оны көрсетпеуі тиіс; клиенттің әлеуметтік қызметкерге қандай сезімі болса да, әлеуметтік қызметкердің оған деген қарым-қатынасы бірдей, әділетті және ілтипатты болуы керек. Ал оның мәселелері адекватты болуы керек. Клиенттің әлеуметтік қызметкерге ұнатуын немесе ұнатпауын білдіруі оның игілікті ісі мен қызметтегі сапасы мен санына әсер етпеу керек. Әділеттілік әріптестермен қарым-қатынаста көрсетілуі тиіс, әріптестің әрбір әрекеті адалдықпен бағалануы керек. Әлеуметтік жұмыстың практикасы – әділеттілік принципі әлеуметтік қызметкерді клиенттің, ұжымның сөзінен сақтайды. Әділдік – этиканың жалпы ғылымдарының бірі. Әділдік туралы ұсыныс, оның негізгі принципі тұрақты болса да, тарихи дамуда ауыстырылған. Әділдіктің жалпы ұғымы прогрессивті идеяға жауап бермейді немесе жауап береді, қоғам, социум немесе нақты жағдай өміріндегі қоғамдық институттар, әлеуметтік топ, жеке адамдар арасындағы сәйкестікті көрсетеді. Сонымен бірге әділдік – қоғамның пайдасына негізделген, тәртіпті бағалауға деген бетбұрыс. Әділдіктің категориялары – әлеуметтік жұмыскерлердің өздері тани алмайтын әрекет пен қылықтар.
Тактикалық (әдемі, өнегелі) – бұл сапа әлеуметтік қызметкердің өзінің ісін және әрекетін, барлық объективті салдарын алдын ала болжайды және олар клиентті, әріптестер мен басқа адамдарды субъективті қабылдайды. Тактика әлеуметтік қызметкердің тұлғалық сапасы ретінде адамгершілікті талап етуде әрқашан да бірқалыпты бақылауды қажет етеді, яғни бір-біріне қарама-қарсы болады. Өзінің әрекетімен ыңғайсыз жағдайға түспеу, тұлғаның ар-намысына тимеу, оны қорламау жағдайына қарама-қарсы жолмен жетеді, сонымен бірге оның дамуындағы тенденцияны және динамиканы құра біледі. Тұлғаның сапасы ретінде тактика әлеуметтік қызметкерге де қажет, яғни ол қорланған, ауру, әлсіз адамдармен амалсыздан жұмыс істейді.
Көңіл аудару және байқау әлеуметтік қызметкердің күнделікті практикалық қызметіне қажет. Әлеуметтік қызметкер клиентпен жұмыс істегенде оның көңіл-күйіне жағымды және жағымсыз жағының өзгеруіне көңіл бөлуге міндетті, жақсы маман әрқашанда клиенттің сенімсіздігін және абыржуын, жаман сезінуін білуі крек. Әлеуметтік қызметкердің көңіл аудару және байқау сапасы уақыт өткізуге, өзінің дұрыстығын дәлелдеуге, клиентті қолдауға мүмкіндік береді. Соңында көңіл аудару және байқау клиенттің арам ойын байқауға және алынған ақпаратты тексеруге көмектеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет